Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар



МҰХТАР ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ РУХАНИ.АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Негізгі бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақ халқы аса күрделі проблемаға маңдай тіреді. Өз ұлтымыздың ішінен орыс және батыс мәдениетімен жете сусындаса да, ана тілінде «екі ауыз сөйлем құрай алмайтын, құраса да күнделікті тіршілік ауқымындағы жүрдім-бардым әңгімеден алыс ұзай қоймайтын және онысын кемшілік деп есептей бермейтін үлкен топ – «Космополит қазақтар» тобы пайда болды». (9. 5 бет). Енді қалыптасқан жағдайға көзді ашып қарайтын мезгіл де жетті деп білеміз. Қайта олардың мемлекеттік тілге бұрылуына, рухани құндылықтарды мойындауына және игеруіне мүмкіндігінше ат салысып, еңбегі сіңген белгілі ақын, қоғам қайраткері М. Шаханов осы орайда бұл мәселеге байланысты «Космополит қазақтар» атты өлеңінде тереңінен ой қозғайды:
«Безбүйрек нарықтың бәсейтіп даңғырын,
Зарланған, қорланған туған тіл тағдырын
Космополит басшылар шешпей ме, шеше ме?
Тіліміз қала бере ме панасыз адамдай көшеде?
Ұлт үшін қазір бұл – Нөмірі бірінші мәселе» (9. 3бет).
М. Шаханов поэзиясы өз халқының тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, бүгінгі таңдағы аса ділгер, жан толқытар проблемаларға жаңа кілт таба білуімен қуантады.
Дарын танылды. Адал күш танылды. Ар-намыс танылды. Бұл ақынымыздың әрбір шығармасын оқығаннан кейін, азды-көпті ойланбай қала алмайсыз. Ой мен сезімге едәуір жүк түседі… Адамзаттың ата жауы адамның
1. М.Шаханов «Эверестке шығу» - Алматы: Атамұра, 2003
2. М.Шаханов «Дәуір дастандары» - Алматы: Жазушы 1992
3. М.Шаханов «Танакөз» - Алматы: Рауан, 1996

4.«Ана тілі» журналы, №9, 2000ж.
5.«Ана тілі» журналы, 28 қазан 2004ж.
6.«Ақиқат» журналы, №2, 1999ж.
7.«Ақиқат» журналы, №3, 2004ж.
8.«Ұлағат» журналы, №1, 2000ж.
9.«Тіл мен дін» журналы, №2, 2005ж.
10.«Тіл мен дін» журналы, №4, 2006ж.
11.«Жас алаш» газеті, 2004ж. 20 мамыр
12.Жас алаш» газеті, 2004ж. 22 мамыр

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 882:929

МҰХТАР ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Ш.А. Өсерова, Н.Ә.Асанбекова
Жамбыл атындағы №5 орта мектеп, Тараз қ.

Қазақ халқы аса күрделі проблемаға маңдай тіреді. Өз ұлтымыздың ішінен
орыс және батыс мәдениетімен жете сусындаса да, ана тілінде екі ауыз
сөйлем құрай алмайтын, құраса да күнделікті тіршілік ауқымындағы жүрдім-
бардым әңгімеден алыс ұзай қоймайтын және онысын кемшілік деп есептей
бермейтін үлкен топ – Космополит қазақтар тобы пайда болды. (9. 5 бет).
Енді қалыптасқан жағдайға көзді ашып қарайтын мезгіл де жетті деп білеміз.
Қайта олардың мемлекеттік тілге бұрылуына, рухани құндылықтарды мойындауына
және игеруіне мүмкіндігінше ат салысып, еңбегі сіңген белгілі ақын, қоғам
қайраткері М. Шаханов осы орайда бұл мәселеге байланысты Космополит
қазақтар атты өлеңінде тереңінен ой қозғайды:

Безбүйрек нарықтың бәсейтіп даңғырын,
Зарланған, қорланған туған тіл тағдырын
Космополит басшылар шешпей ме, шеше ме?
Тіліміз қала бере ме панасыз адамдай көшеде?
Ұлт үшін қазір бұл – Нөмірі бірінші мәселе (9. 3бет).
М. Шаханов поэзиясы өз халқының тарихи тәжірибесіне сүйене отырып,
бүгінгі таңдағы аса ділгер, жан толқытар проблемаларға жаңа кілт таба
білуімен қуантады.
Дарын танылды. Адал күш танылды. Ар-намыс танылды. Бұл ақынымыздың әрбір
шығармасын оқығаннан кейін, азды-көпті ойланбай қала алмайсыз. Ой мен
сезімге едәуір жүк түседі... Адамзаттың ата жауы адамның өзі екені қашаннан
бері айтылып келе жатқан шындық. Мұхтар Шаханов шығармасының басты
жетістігі осы мәңгілік проблемалар хақында ой жарыстыруында.
М. Шахановтың ақындығы мен ойшылдығы бір бөлек әңгіме болса, философтығы
бір басқа дүние. Бізге керегі – М. Шаханов поэзиясының, яғни өлеңдерінің ой-
ілімдері. Оның өзі де, ойы да әлемді шарлап кеткен. Сөйтіп барып ой түйген,
содан барып, адамзат туралы толғанысқа түскен, әлемге жауар бұлттай түнеріп
тұрған зұлымдықтан, апаттан құтқару үшін дабыл қаққан. Мұндай ерлік –
Мұхтар Шаханов сияқты санаулылардың қолынан ғана келмек.
Біздің ойымызша, адамзаттың бүгінгі таңдағы рухани көркем ойының
биігінен қарай отырып, М. Шаханов рухани-адамгершілік құндылықтар
тұрғысынан сан қырлы, еліміздің таза ұлттық рухынан тыныс алған күрделі
туынды – тұлпарларын әлемдік әдебиеттің үйіріне қосты. Поэзия есігін алғаш
ашқанда, М. Шаханов әлі ешкім бастамаған жол іздеуге мақсат ұстанған
болатын. Бұл күнде оның өз жолы бар. Оқырман қауым сол жолдың әлі де болса
кеңи түсіп, ақынның алда талай татымды дүниелер беретініне сенімді.
Қоғам тіршілігін майданға теңесек, Мұхтар ең алдыңғы шепте, оқтың өтінде
өлімге бас тіккен жанкешті жауынгер секілді. Бұл жолда
Мықты болсаң, жарқыным, ізіңді сал елсізге,
Ізсіз жандар өнерде толып жатыр сенсізде - деп, кейінірек жазған
бір өлеңінде жолын қууға талап білдірген бір інісіне айтқандай, Мұхтардың
талай талпынысы, еңбегі зая кетпеді. (16. 45 бет).
Мұхтар шығармаларының негізгі лейтмотиві – адамдықты, адалдықты,
әділдікті, тазалықты, пәктікті паш ету; ездікті, зұлымдықты әшкерелеу.
Тегінде, бұл – бүкіл ақ ниетті өнер атаулының мұраты болса керек. Бірақ,
Мұхтар осы жайларды ешкімге ұқсамай, өз даусымен, өз дәлелімен өрнектеуге
тырысады. Мысалы:
Өмір жайлы сан толқыдым, толғандым,
Достар, достар менен үміт үзбеңдер
Мені кілең адал ойлы жандардың
Қатарынан іздеңдер, - (2. 210 бет)
дейді ақын. Оның өлеңдері бірде осылайша жан сезімін алдыңызға бар
ақиқатымен жайып салған адамның сырындай қабылданса, енді бірде
жігерлендіруші күш танытып отырады:
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес ендеше! (2. 93 бет)
Өмірде өз қабілетіңді дұрыс танып, қоғамның, халқыңның қажетіне жарау
үшін арманды дұрыс таңдай білу керектігін уағыздай отырып, осындай
қорытындыға келді.
Мұхтар Шаханов сонау поэзияға алғаш келген кезінен бастап ел тағдырын
жырлаудан жалыққан жоқ Сейхундария, Күре тамырды іздеу, Сенім
патшалығы секілді философиялық поэмаларында ақиқат пен жалған, сенім мен
күдік, махаббат пен қызғаныш, адалдық пен арамдық, ізгілік пен қиянат,
ерлік пен сатқындық секілді рухани өмір өлшемдерінен болмыс заңдарына
бойлай отырып, бар жақсылықтың басы – туған анаға, туған жерге деген
сүйіспеншіліктен басталатынын дәлелдейді:
Төсінде өзім қызық күндер кешірген,
Дархан далам кетпейді бір есімнен.
Қанша үңілсем, көрінбейді жас шегі,
Сенен шырқау таулар да көп еңселі.
Даңқы сенен биіктер бар.
Солардың барлығынан артық сүйем мен сені.
Ақ қарыңа арманымды түнеткен,
Өзіңсің ғой жүрегіме гүл еккен.
Сол жүрекпен қызды сүйсе несі айып,
Сені сүйем қызды сүйген жүрекпен.
Өміріңде бір адамды беріле
Сүймегендер – сүйе алмайды сені де! (1. 295 бет)
(Туған жермен сырласу)
Мұхтар шығармаларының ерекшелігі, адамды селт еткізер тұсы - өлеңнің
ішкі мазмұны, өлеңдегі ойдың тереңдігі мен көкейкестілігі. Табиғатында
суреткерлік қасиеті басым болғандықтан ол ашынған жүрек, ақырған ашу,
қанжылаған қайғыны мезгіл, мекенсіз өлеңнің өзегіне итере салмайды, соған
әкелген жағдай мен заманды, тарих пен тағдырды баяндап, тұтас бір өмір
келбетін жасайды. Айтар ой, айшықты сезім кейіпкер тағдырымен, ақынның өз
тағдырымен тікелей астасып жатады. Сенім патшалығы поэмасын оқыған адам
осының куәсі болар еді:
Бірдей төзіп ыстыққа да,
Салқынға
Жер астында жатпай ма алтын көзден таса қалпында?
Қашан қазып алғанша күтетін
Шындық кейде ұқсайды сол алтынға!
Сен ақынсың өніп шыққан ертеңге
Қандай өрсі ұсынасың ертеңге?
Қандай жеміс ұсынасың ертеңге?
Ойлан, ойлан...
Әділеттің қылышы
Енді сенің желкеңде,
Енді сенің желкеңде! (2. 294 бет)
Ол ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның басуларын халықтық жырдан
іздейді. Мұхтардың Жеңілген жеңімпаз хандығы Отырар дастаны немесе
Шыңғысханның қателігі атты шағын поэмасындағы қираған қаланың тағдыры
бүгінгі халық тағдырымен тікелей астасып, ұрпаққа ауыр да абыройлы
жауапкершілік жүктелгендей болады. Сатқындықтың құрбаны болған Отырар ойран
болды. Осы кезге дейін дауасы табылмаған сатқындық туралы, адам бойындағы
ең жек көрінішті қасиетті ақын осылайша өз жырына арқау етті.

Қазір адамның ақыл-парасатымен бірге нәпсісі үстемдік құрған кезең.
Нәпсі қуаты бүгінгі жылтырақ бұқаралық мәдениетті туғызады. Адамды
өлтіру, қорлау, зорлау, азаптау, міне қазіргі күннің қызықтырар басты
тақырыптары. Ал, қазір жер жүзі соғыс алаңына (ойындар, кинофильмдер
арқылы) айналды. Мұның бәрі жас ұрпақ санасына мысқалдап сіңе бермек.
Нәпсі философиясынан Рух философиясын жоғары қою адамзат мүддесіне сай
екенін Мұхтар Шаханов тамаша дәлелдеп шыққан және ол Рух болмысын қорғауды
проблема етіп көтерген. Бұл биік гуманистік позиция автордың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқына тән ұлттың рухтың катеориялары
Қазақ поэзиясының адамгершілік, ізгілік дамытудағы рөлі
Мұхтар Шаханов поэзиясы
Бүкіл әлем даму біз үшін ұшы қиырсыз мәселе
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
Мұхтар Шаханов Рух және ыза дауылы немесе бес ғасырлық арман
Қазақ поэзиясының ұлттық сипаты
Ақын Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов жайлы пікірлер
Отаншылдық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер