Құс гастроэнтерит ауруы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2013ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2014 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2013ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Аннотация

«Ішкі жұқпалы емес аурулары, балау және рентгенологиясы» пәнінен жазылған «Құс гастроэнтерит ауруы» атты курстық жұмысым 52 беттен тұрады.

Жұмыс кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады. Сонымен қатар өзіндік зерттеумен қамтылған.

Қысқартылған сөздер мен белгілер

нм-нанометр

км-километр

мкм-микрометр

мкл-микролитр

кг-килограмм

г-грамм

мг-миллиграмм

л-литр

мл-миллилитр

ºС-градус

٪ -пайыз

рН-орта қышқылдығы

Анықтамалар

Гастрит (Gastritis) - асқазанның кілгейлі қабығының қабынуымен және оның сөл бөлу, фермент бөлу, эвакуаторлы, экксреторлы, инкреторлы қызметтерінің бұзылуымен өтетін ауру.

Асқазан - омыртқалы жануарлардың, еттері мен жақсы жетілген, ас қорыту түтігінің кеңейген бөлігі.

Асқазаның кілегей қабығының қабынуының жіті түрі - асқазанның кілегей қабығының жіті түрде қабынуы салдарынан оның сөл бөлу, жиырылу қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын ауру.

Диагноз - ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік.

Пальпация - қолдың сезу қабілеті арқылы малды сипап тексеру.

Перкуссия - мал денесінің сыртынан қағып тыңдау.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтама

Қысқартылған сөздер мен белгілер

Кіріспе 8

1 Негізгі бөлім 9

1. 1 Асқазанның кілегей қабығының қабынуы9

1. 2 Гастриттің себептері, дамуы11

1. 3Гастрит ауруының симптомдары және патолоиялық-анатомиялық өзгерістер, балауы12

1. 4 Гастрит ауруының емі, сақтаныру шаралары14

1. 5 Гастроэнтерит15

2 Өзіндік зерттеу 17

3 Техникалық қауіпсіздік50

Қорытынды 51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 52

Кіріспе

Асқазан - омыртқалы жануарлардың, еттері мен жақсы жетілген, ас қорыту түтігінің кеңейген бөлігі.

Оның бездері ешқандай иісі мен түсі жоқ, мөлдір асқазан сөлін бөліп шығарады. Әр құстың ішек қарын құрамы әртүрлі болып келеді. Ол судан, қышқылдардан тұздардан, ферменттерден, витамиңдерден, макро - және микроэлементерден тұрады.

Асқазандағы ас қалдығының 12 тұтам ішекке асқазанның шығар аузындағы сфинктер реттен отырады. Оның ашылып-жабылуы асқазан мен 12 тұтам ішектегі қышқылдықтың мөлшеріне тікелей байланысты. 0, 1-0, 2%-дан жоғарғы қышқылдық асқазанның кілегей қабығындағы нерв талшықтарын тітіркендіріп, сфинктердің тонусын әлсіретеді сондықтан ол ашылады. Ал ол қышқылдық 12 тұтам ішектің кілегей қабығының нерв талшықтарын тітіркендіру арқылы сфинктердің тонусын жақсартады да, ол жабылады. 12 тұтым ішектегі кышқылдық төмен болғанда сфинктер жабылмайды. [1, 2]

Қарын сөлінің жасанды түрі де бар. Оның құрамы химиялық таза тұз қышқылы, 10 г таза медицина пепсині, 1л су. Ең негізгісі фермент пепсин. Оның белсенділігі белоктың ыдыратуына байланысты анықталады. Қалыпты жағдайда 1г пепсин 2 сағаттың ішіңде 50 кг денатурланған жұмыртқаның белогын ыдыратуы керек.

1. Асқазанның негізгі функционалдық қызмсттері бұзылуы;

2. Асқазанда органикалық өзгерістердің болуы.

Асқазанның қандай ауруы болмасын, ол оның қызметтерінің бұзылуына апарып соғады. Ондай бұзылудың кейбір ерекшеліктері болуы мүмкін. Мысалы: бір жерде шоғырланған терең органикалық өзгерістер (ойық жара) асқазанның функционалдық қызметін онша көп бұза қоймауы керісінше, аздаған үстіртін органикалық өзгерістер оны әжептеуір өзгертуі мүмкін. Кей кезде асқазанның пункционалдық қызметтерінің бұзылуы көрші ағзалардың ауруларының әсерлерінен де болуы мүмкін (висцеро- висцералдық рефлекс арқылы) .

Асқазанның функционалдық қызметтерінің бұзылуларының ішіндегі тығыз байланыста тұрған негізгілері:

1. Секреторлық, немесе сөл бөлу функциясы;

2. Жиырлу немесе қозғалғыштық функциясы.

Асқазанның жирылу немесе қозғалғыштық функциясының бұзылуы оның үдеуімен, немесе әлсіреуімен сипатталады. Кей кезде асқазанның етінің тонусы өзгереді, бірақ онда жоғарғы айтылған кұбылыстар тіркеледі.

Асқазанның секреторлық - сөл бөлу функциясының бұзылыуы қышқылдығының не ұлғаюымен, немесе әлсіреуімен сипатталады. Жылқының асқазан сөлінің қышқылдығының бұзылуының 4 түрін, ал иттерде 5 түрін анықтауға болады. [2, 3, 4]

  1. Негізгі бөлімАсқазанның кілегей қабығының қабынуы

Асқазанның кілегей қабығының қабынуының жіті түрі-catarrhalis acuta - Асқазанның кілегей қабығының қабынуы салдарынан оның сөл бөлу, жирылу қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын ауру.

Жалпы асқазанның қабынуының жіті және созылмалы. басалқы және қосалқы; гипер-, гапо- нормоацидтік ажыратады. Көбінесе жылқылар, шощқалар, ет қоректілері ауырады.

Себептері. Көбінесе малдарды азықтандыруды ұйымдастырмаудан болатын ауру.

Ауыз қуысының, тістің аурулары; әртүрлі уланулар бөлінуіне, жирылу процесіне кедергі жасайтын барлық факторлар аурудың себебіне жатады.

Қосалқы ауру ретінде жүректің, бауырдың, ішектердің, бүйректердің, алдыңғы қарыншақтардың ауруларында; сонда-ақ індетті ауруларда жиі кездеседі.

Дамуы . Қабыну процесі асқазанның негізгі қызметтерін бұзады (сөл бөлу, жирылу т. б. ) . Қышқылдығы жоғарлаған уақытта пилорус қатты түйіліп, ауырсынғандықты тудырады. Егер қышқылдығы төмендесе, онда асқазандағы ас қорту процесі бұзылады, қарын сөлінің бактериоцидтік қабілеті жойылады. Сфинктер ашық, асқазанда толық қорытылмаған ас қалдығының ішекке өтуі жылдамдайды, дисбактериоз пайда болады. Ащу-шіру процесінің үдеуі салдарынан улы заттар (зат алмасуының метаболиттері) шоғырланады да, жалпы организмге әсер етеді. Оның үстіне бауырдың усыздандыру қабілеті нашарлайды. Қабыну салдарынан бөлінетін кілегейлі сұйық асқазанның кілегей қабының қалындап жауып, acқазан сөлінің асқа әсеріне кедергі жасайды, керісінше сөлді сұйылтып, оның концентрациясын төмендетіп, әсерін әлсіретеді. Улы заттар қанға сіңеді, дене қызуы көтеріледі, ішекке өтіп оны қабындырады. [2, 3, 4]

Клиникалық белгілері. Ауру құс салғырт, дене қызуы аздап көтеріледі, тынышсыздығының белгілері байқалады. Тәбеті өзгерген төсенішті жеп, ылай сұйықты ішеді; қабырғаны, т. б. бөгде заттарды жалап кеміреді. Көздің кілегей қабықтары бастапқыда қызарады, артынан сарғаяды. Ауыз қуысының кілегей қабықтары қоймалжын сілекеймен қапталған, тілдің үстінгі жағында сарғыш дақ пайда болады, ауыздан жағымсыз иіс сезіледі.

Гепоацитке гастритте ішектердің жирылуы іш өткенге дейін үдей түседі, аурудың бұл түрі ауырлау өтеді: ауру мал жүдейді, тәбеті нашар, аш карында қарын сөлі алынбайды, ал тексеру тітіркендіргішінен кейін алғанда инертті, не субацидті түрі анықталады.

Гиперацидті түрінде нәжіс қатқанға дейін ондай өзгеріс білінбейді. Нәжіс, қара түсті, сырты жалқаякпен қапталған. Іш шаншуының белгілері білінеді. [3, 4, 5]

Тістері дұрыс қажалмаған жағдайда тілі қабықтары жарақаттанады.

Аурудың түріне байланысты асқазан сөлінің кышқылдығы өзгереді; гипер- гипо- және субацидті түрлері анықталады.

Ауруды анықтау үшін тиянақты жиналған анамнез, клиникалық белгілері және асқазан сөлін лабораторияда тексеру қажет.

Барысы . Гастриттің басалқы түрін аурудың себептерін жойып, дұрыстап емдегенде 8-14 күнде жазып алуға болады. Кейде түрі асқынып, қабыну процесі ішектерге таралуы мүмкін. Ондай жағдайда малдың күйі нашарлап, аурудың созылмалы түріне айналады.

Емі . Бірінші кезекте аурудың себептерін дұрыс анықтап, оларды жою керек. Асқазанды жылы сумен, не оған 1-2 % сода, ихтиол ертінділерін қосып, 2-3 күндей қатарынан жуу керек. , Асқазанның қышқылдығын ескере отырып диеталық рацион құрастырады. Бастапқыда жарнақтардан жасалған кілегей тұнбаға 1-2 жұмыртқа қосып берген дұрыс. Гиперацидті түрінде аз тітіркендіретін азықты, ал гапоацидті түрінде керсінше беруді ұйымдастырады. [3, 4, 5]

Нәжіс қатып қалса натрий, магнийдің күкіртті тұздары кастор майын қолданады. Гипоацидті түрінде рационға жусан қышқьшдық тамыр, үшжапырақты өсімдіктің жапыратың, ас тұзын т. б, дәрілерді қосады. Ауыз қуысы арқылы асқазан сөлін береді. Оның жасанды түрін қолдануға да болды. Күніне 15-50 мл-ден 2-3 peт. 3-4 л суға 8-20 г тұз қышқылын өзін ішкізеді.

Гиперацидті түрінде карловар тұзының көмегі жақсы. Құстың түріне байланысты күніне 3 рет, 2-50 г мөлшерінде.

Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын жалпы ережені сақтай отырып қолданады (фталазол, сульгин биомицин, биоветин, мономицин т. б. ) .

Сақтандыру шаралары. Құнарлы азық, дұрыс күтім азықты дұрыс дайындау. Әсіресе төлдерді рационның түрінен екіші түріне дұрыс ауыстыру. Жышқылардың тісті уақытында емдеп отыру және күнделікгі серуендету мәселесін ұйымдастыру керек.

Гастрит (Gastritis) - асқазанның кілгейлі қабығының қабынуымен және оның сөл бөлу, фермент бөлу, эвакуаторлы, экксреторлы, инкреторлы қызметтерінің бұзылуымен өтетін ауру. Туындауына байланысты гастриттер негізгі және туындаған, өтуіне жіті және созылмалы, зақымдану сипатына-экудатвті және альтеративті, қабыну сипатына-ұйымалы, катаральді, геморрагиялық (қанды), фибринозды және іріңді, орын алу мен таралуына байланысты-беткейлі және терең, ошақты және диффузды болып бөлінеді. Альтеративті қабыну эрозиялы және ойық жаралы болады. Қызметтік белгілеріне байланысты гастрит қалыпты сөл бөлетін, (нормацидті), сөлді көп бөлетін, (гиперацидті) және әлсіз сөл бөлетін (субацидті, ахития), морфологиялық белгісіне-атрофиялық және гипертрофиялық болады. [5, 6]

  1. Гастриттің себептері, дамуы

Гастрит (Gastritis) - асқазанның кілгейлі қабығының қабынуымен және оның сөл бөлу, фермент бөлу, эвакуаторлы, эксреторлы, инкреторлы қызметтерінің бұзылуымен өтетін ауру.

Себептері. Көптеген құстардың басының гастритке шалдығуының негізгі себептеріне жататындар: құстың жасына сәйкес емес сапасыз (көгерген, шіріген, ыластанған және ашыған) азықармен азықтандыру, олардың құрамында улы заттардың болуы, бірыңғай және құнарсыз белокты, витаминді және минеральді азықтандыру, азықтандыру режимін бұзу. Этиологиялық себептердің құрамында тітіркендіргіш заттары бар болуы мүмкін: қиын қорытылатын, өте суық немесе ыстық азықпен, асхана қалдықтарымен ұзақ мерзім азықтандыру, дұрыс өңделмеген жем шөп, майлы өсімдіктер дәнінің қалдықтарымен азықтандыру, азықтандыру технологиясының бұзылуынан. Мүмкіндік туғызатын себептерге ылғалды және ылас қораларда ұстау, организмнің күрт салқындауы және ысып кетуі, тығыз ұстап, азық жеткіліксіз болуы жатады. [5, 6, 7]

Асқазанның сөл бөлу, моторлы (қимыл) қызметінің бұзылуы төлдерді өндірістік технологиямен өсіру және бағу кезінде ұзақ мерзімді әртүрлі күшті стресстер әсерінен кілегейлі қабақ талаурап қабынғаннан болады. Туындаған гастрит тіс, ауыз қуысы кілегейлі қабығының, өңеш, ұйқы безі ауруларынан болады. Асқазанның зақымдануы кейбір вирусты обасына, Ауеска ауруына, вирусты гастроэнтеритке, бактериальді инфекцияға, кейбір паразитарлы (токсоплазмоз, гастрофилез) ауруларына тән. Гастриттің этиологиясында аутоиммунды факторлар мен аллергиялық реакциялар айтарлықтай роль атқарады. [5, 6]

Дамуы. Патологиялық процестің дамуы этиологиялық фактордың сипатына, күші мен ұзақ мерзім әсер етуіне, сонымен малдың түріне, жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Ал солардың ішінде жалпысына асқазан бездерінің қозуының өзгеруінен, оның сөл бөлуінің сапасы мен мөлшері жатады. Патаологиялық сөл бөлудің бірнеше түрлері болады: гиперацидті, астеникалық, инертті және субацидті. Біріншісі бұл асқазан қызметінің бұзылуының бастапқы кезеңі, бұл асқазанның жүйке-безді аппартының қозуының күшеюін, ал астеникалық түрі-асқазанның реттеуші қызметінің бұзыла бастағанын көрсетеді. Инертті және субацидті түрлерінде асқазанның сөл бөлуінің реуляторлы механизінің өте күрделі бұзылу деңгейінде екеніне сәйкес келеді.

Тұрақты гиперсөлбөлу, жиі асқазан жыының қышқылдығының жоғарлауына сәйкес келгенімен, ал бұл қалыпты, кейде қышқылдығы төменде болуы мүмкін, сонымен қатар қышқылдылықтың жоғарылауы оның көлеміне байланыссызда болады. Мұндай жағдай кілегейлі қабықтың қабынында ғана емес басқа да ағзалар мен жүйкелер ауруларында рефлекторлы берлуі мүмкін, әсіресе жүйке мен эндокринді бездер ауруларында. Жас малда сөл бөлудің қозғыш түрі болады, ал оларда қабынуға, сыртқы (ішке келетін) және ішкі гормональды-гуморальді тітіркендіргіштерге аденватсыз жауап береді. [8, 9]

Гиперацидті жағдайларда көбінесе пилорустың түйілуінде және кілегейлі қабықтың тосқауылдық қызметі бұзылғанда жынның эвакуациясы кідіреді. Гиперсөл бөлу, эвакуацияның кідіруі, асқазан ішек жынының келіп түсуінен пайда болған газдардан асқазан кеңейеді. Осылардың бәрі және улану болғандықтан мал құсады. Сөл бөлудің тежелуінің асқынуы ахилияға душар етеді, бездердің тұз қышқылы мен пепсинді бөлу қабілеті нашарлайды. Асқазанда пепсиннің протеазды және пепсидазды қасиетін көрсете алмайтын орта пайда болады. Ішекке келешекте ыдырай алмайтын белоктар келіп түседі, ішектің кілегейлі қабығы тітркенеді, сол себепті перистальтика күшейеді, диария болуы мүмкін. сонымен қатар ұйқы безінің сөл бөлуі, ішектің сөлі азаяды, диспепсия күшейе түседі.

Бос тұз қышқылының концентрациясы төмендегендіктен, асқазан сөлінің бактерицидті қасиет азаяды, немесе мүлдем жоғалады. Осылардың бәрі пилорикалық сфинктрдің қызметінің бұзылуына ішектерде ашу және шіру процестерінің басымырақ болуына дисбактериозға душар етеді. Пайда блған улы заттар қанға сіңіп, баыр ұлпасын зақымдап, оның қызметін бұзады. Асқазанның моторлы қызметінің бұзылуы оның сөл бөлуі мен сфинктілердің тонусымен, рефлекторлық әсерімен, сонымен қатар этиологиялық факторлармен тығыз байланысты. [3, 4, 5, 6, 8]

Қышқылдылық төмен болса және ахилияда асқазанның сөл бөлуі күшейеді. 12 елі ішекте жынның нейтралдануынан асқазанның пилорикалық бөлігінің жиырылуы әлсірейді және сфинктер ашық тұрады. Асқазанның сөл бөлуінің күшеюінен ондағы жын жылдам экакуацияланады, химусқа қосылады. Олардың бөліктері әсіресе өт асқазанда тек эксудативті ғана емес альтеретивті қабыну туғызады. Бұлшық ет тонусын басқару бұзылғанда түйілмелі жиырылу пайда болады, сол себепті ауырсыну күшейеді.

Асқазанның негізгі қызметтері түгелдей бұзылғанда, оның орнын ішектегі ас-қорыту толтыра алмайды, ас қорытудың барлық бөліктерінде өзгерістер пайда болады, зат алмасуы бұзылады. Анемия, өзін-өзі уландыру дамийды. құстардың дене массасы және өнімділігі азаяды. Ішекке келешекте ыдырай алмайтын белоктар келіп түседі, ішектің кілегейлі қабығы тітркенеді, сол себепті перистальтика күшейеді, диария болуы мүмкін. Сонымен қатар ұйқы безінің сөл бөлуі, ішектің сөлі азаяды, диспепсия күшейе түседі. [6, 7, 8]

1. 3 Гастрит ауруының симптомдары және паталогиялық-анатомиялық өзгерістер, балау

Асқазанның сөл бөлу және моторлы қызметтерінің бұзылу деңгейі мен оның кілегейлі қабынғында қабыну процесінің қаншалықты бұзылуы мен өтуіне байланысты байқалады. Малдың түрі, жасы және жеке кешеннің функциональді, анатомиялық, морфологиялық өзгерістері үлкен роль атқарады.

Гастрит жіті өткенде симптоматикасы әртүрлі болып келеді: (серозды, ұйымалы) исінумен симптомсыз өтуден, жалпы кейде жергілікті эксудативті және альтеративті қабынуға дейін, гиперсекрецияда дене қызуы айтарлықтай өзгере қоймайды, ал күйзелу және азыққа тәбетітөмендеу біртіндеп дамийды. Құсықта көп мөлшерде азық, сілекей және кілегей көп, ал қайталанған құсуда өт бар. Ішектердің перистальтикасы төмендейді, іші жүрмейді. Нәжісі қатты, қара түсті, сыртына жұқа кілегейлі қабыршақ қаптаған. Асқазанның ахилиялық қабынуында ұйқы безімен ішектің қызмті өзгермесе, онда ауру өзіне тән симптомсыз өтеді. [8, 10, 11]

Азық қорыту бұзылғанда перистальтика күшейеді, нәжісі мол, құрамында қорытылмаған азық бар, гастрогенді химиялық диарея пайда болады. Күйзелу күшейе түседі, дененің қызуы кейде 0, 5-1ºС дейін көтеріледі, азыққа зауқы төмендейді және бұзылады, шошқалар жиі жата береді. Ауыздың кілегей қабығы сарғыш, жабысқақ сілекеймен қабталған, тілінде көкшіл дақ бар, ауыздан тәттінің исі шығады. Улану күшейген сайын малда күйзелу арта түсіп, жүрісі шатқаяқтайды, тахикардия және полипноэ күшейе түседі.

Асқазанның кілегейлі қабығына зақымдану күшті әсер етсе, процесс 2-3 сағаттан соң, ал клиникалық белгілері 6-8 сағаттана соң дамиды. Егерде аурудың себебін тез арада жойса және катаральді гастрқұсты дер кезінде емдесе, онда клиникалық айығу 3-4 күннен соң, ал ересек малда 8-10 күнге созылады.

Геморрагиялық гастрит үдемелі күйзелу синдромымен, уланумен және жүрек әлсіздігімен байқалады. Асқазанды сипап көргенде ауырсынады, құсықта геморрагиялық эксудаттың аздаған мөлшері бар. Нәжісте қан жоқ, жіті уланудан, індетті симптомы жалпы белгілермен бірігіп кетеді. [9, 10, 11]

Гастриттің созылмалы өтуінде симптомдары тұрақсыз. Негізгі синдром-асқазандық іш өту (азыққа зауқы төмендейді, өзгереді, кекіреді, құсу, асқазанның тұрақты ауырсынуы, ауық-ауық шаншу тәрізді пилорус сфинктірінің түйілуінен болған ауырсыну, жылқы қиында клетчатка, ет қоректілердің нәжісінде - дәнекер және ет ұлпасы бар) . Ары қарай ішектік іші өту, болады, ол метеоризммен, перистальтиканың күшеюімен, қатуымен, азық қорытылудың нашарлауымен сипатталады. Сонымен қатар біртіндеп терінің серпімділігі төмендейді, түктері жылтырамайды, кілегейлі қабықтар бозарады, кейде сарғаяды . ауыз қуысының кілегейлі қабығы құрғайды, немесе кілегеймен қапталады, тілде көкшіл-ылас дақ бар, ауыздан жағымсыз иіс шығарады. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Серозд (ұйымалы) гастритке кілегейлі қабықтың ісінуі және гиперемия, кейде асқазанның фундальді бөлігінде қанталау тән. Бұл қабынуыдың бастапқы кезеңі. Оларда геморрагиялық қабыну жиі диффузды түрде болады, асқазанның түбіне дейін тұз қышқылды гематинмен қара-қоңыр түске боялады. [11, 12]

Гистологиялық тексеруде эпителильді қабатта дистрофия, инфильтрация, кілегейлі қабат астында серозды эксудат, қан тамырлары гиперемияланған, безді эпителийдің кейбір жері некрозданған, десквамацияланған (сыпырылып түскен) . Созылмалы гастритте асқазан жыны көп, кілегейлі қабық бетінде тұтқыр, ылайсаң кілегей, кілегейлі қабықта гипертрофикалық кейбір бөліктерде атрофиялық процестер басым. Атрофиялық созылмалы қабынуда кілегейлі қабық жұқарған және жатық. Балау . Малды азықтандыру мен күтуге, рацион құрамына талдау жасайды. Кешендердің, фермалардың, өндірістік топтардың асқзан-ішек ауруларынан сау екендігін ескереді. Азықтарды бактериологиялық, вирусологиялық тексеруден өткізеді., азықтарға микологиялық, токсикологиялық талдау жасайды. Нәжісті тексереді. Сонымен бірге антибиотиктер мен химиялық препараттарды микрофлораға сезімталдғын анықтайды.

Патологиялық - анатомиялық өзгерістерді зерттеуді кілегейлі қабықтың қабыну сипатын анықтайды. Қажет жағдайда диогностикалық мақсатпен ауру аса бағалы емес малды сойып зерттейді. Бұл кезде жалпы қышқылдылықты, бос және байланысқан тұз қышқылын, пролетикалық белсенділікті, жасырын қанды анықтайды. [11]

1. 4 Гастрит ауруының емі, сақтандыру шаралары

Аурудың себептерін жояды. Егер құстың көбі ауыратын болса, онда олардың, соның ішінде азықтарының көбін алып тастайды. Ашықтыру тағайындайды. Жоспарлы ветеринариялық және шаруашылық шаралары.

Келесі бір-екі тәулік құстарды жартылай диетаға қойып, біртіндеп жеңіл сіңетін, көлемі аз және тітіркендірмейтін азықтар береді. құстарды тәулігіне 4-5 рет азқтандырады. Оларға ұсақталған жем шөп, сұлы немесе арпадан жасалған сұйық ботқа береді. Құрамында лизоцим, бейтарап және әлсіз сілтілі протеаза (1 кг азыққа 0, 1 г амилсубтилин және протосубтилин препаратын) қолданады. Соңынан біртіндеп көк шөп ұнын береді.

Асқазанның сөл бөлуін қоздыратын, кең ауқымды әсер ететін өсімдік тектес тамырын және алтын мың жапырақ шөбін тұзбен береді. Қышқылдылық төмендегенде ішке екі рет табиғи және жасанды асқазан сөлін тұз қышқылына ерітіп береді. Жіті өткенде қышқылдылыққа байланыссыз кілегейлі заттар-крахмал, зығыр дәнін, жалбыз тікен тамырын қолданады. [12, 13]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауықтың марек ауруының классикалық түрінің клиникалық белгілері мен диагностикасы
Бауыр ауруларының түрлері
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАЛДАРДА
Тағамдық уланулар. Ботулизм
ЖІИ - Жедел ішек инфекциясы
Жануарлардың патологиялық анатомиясы. Пастереллез
Инфекцияның жұғуы
Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық-санитарилық талаптар
Жануаларды тасымалдау көліктері
Шошқа обасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz