Жеңіл атлетика сабағы



КІРІСПЕ

1. Мектептегі жеңіл атлетика сабағының мазмұны және оны ұйымдастырудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 .6 бет

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Жеңіл атлетика туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7. 12 бет
2. Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13 . 27 бет

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28. 33 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34.35 бет

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң әр деңгейінде оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланды. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ – оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өзбетінше шешім қабылдау қабілеттері қалыптасуы тиіс.Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту, педагогикалық мамандардың шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап етілуде. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Мұғалім қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.Бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының біріне жалпы орта білім берудің жоғары деңгейіндегі бағдарлы оқыту жатады. Бұл үдерістің нормативтік жақтары жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында (2002 ж.) көрсетілген.Тұрғындарды салауатты өмір салтына, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарына арнап бейімделген ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу арқылы жүзеге асуға тиіс. Спорттың негізгі түрлерінен, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына конкурстық негізде берілетін әлеуметтік бағдарламалар бойынша гранттарды беру практикасын пайдалану арқылы, теледидар бағдарламаларын жасау, насихаттық және ақпараттық технологиялар әзірлеу керек. Дене шынықтыру және спортты насихаттау атаулы, нақты әлеуметтік топтар мен жіктерге, әрбір адамға бағытталған, дене шынықтыру мен спорттың басымдығын дәлелдей көрсетуге, сондай-ақ жастар арасында нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікті пайдалану және басқа да жат құбылыстардың таралуына қарсы күреске бағытталуға тиіс. Жастардың дене тәрбиесі жөнінде жұмыс жүргізу, олардың ортасында қазақстандық спортшылардың спорттағы жетістіктерін, бұқаралық спортты танымал ету, олардың санасында «тәні саудың - жаны сау» деген қағидатты орнықтыру қажет.Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының міндеттері: азаматтардың спортқа, табиғи дене бітімін жетілдіруге деген қызығушылығын арттыру, спортпен өз бетінше шұғылдануды белсенді түрде таныту, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану қажеттігін көпшіліктің санасына сіңіру болып табылады.
1. Дене тәрбиесі. Әдістемелік құрал Г.Маковецкая, Т.Васильченко, О.Меркель.Алматы кітап 2009ж.
2. Қ.Р. үздіксіз білім беру жүйесінде “Салауатты, денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру” тұжырымдамасы. – Валеология, дене тәрбиесі, 2003. №1.
3. Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994.
4. Брусиловский М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт очерктері". Алматы, "Кітап", 2001.
5. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31.
6. Дене шынықтыру және спорт психологиясы пәні бойынша тесттік тапсырмалар жинағы. Оқу-әдістемелік құралы.-Кентау, 2007. «Еркін и К-ХХІ» ЖШС баспаханасы. -150б.
7. Танекеев М.Т. Қазақстандағы дене тәрбиесі. Алматы, 2001.
8. Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы, 2001.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. Мектептегі жеңіл атлетика сабағының мазмұны және оны ұйымдастырудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .1 -6 бет

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Жеңіл атлетика туралы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7- 12 бет
2. Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 13 - 27 бет

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28- 33 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 34-35 бет

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым
бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу
үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту
әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап
берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады.
Осыған орай мектептiң әр деңгейінде оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм
мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын
бағалау тәсiлдерi нақтыланды. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған
басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып
табылады.Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барлық
педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған
сабақ – оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері
қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының
болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өзбетінше шешім қабылдау
қабілеттері қалыптасуы тиіс.Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту,
педагогикалық мамандардың шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап
етілуде. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін
іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады.
Мұғалім қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі
қажет.Бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған
қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының біріне жалпы орта білім
берудің жоғары деңгейіндегі бағдарлы оқыту жатады. Бұл үдерістің
нормативтік жақтары жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік
стандартында (2002 ж.) көрсетілген.Тұрғындарды салауатты өмір салтына,
дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу халықтың түрлі әлеуметтік-
демографиялық топтарына арнап бейімделген ақпараттық бағдарламаларды
әзірлеу арқылы жүзеге асуға тиіс. Спорттың негізгі түрлерінен, соның
ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына конкурстық негізде берілетін
әлеуметтік бағдарламалар бойынша гранттарды беру практикасын пайдалану
арқылы, теледидар бағдарламаларын жасау, насихаттық және ақпараттық
технологиялар әзірлеу керек. Дене шынықтыру және спортты насихаттау атаулы,
нақты әлеуметтік топтар мен жіктерге, әрбір адамға бағытталған, дене
шынықтыру мен спорттың басымдығын дәлелдей көрсетуге, сондай-ақ жастар
арасында нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікті пайдалану және басқа да
жат құбылыстардың таралуына қарсы күреске бағытталуға тиіс. Жастардың дене
тәрбиесі жөнінде жұмыс жүргізу, олардың ортасында қазақстандық
спортшылардың спорттағы жетістіктерін, бұқаралық спортты танымал ету,
олардың санасында тәні саудың - жаны сау деген қағидатты орнықтыру
қажет.Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының міндеттері: азаматтардың
спортқа, табиғи дене бітімін жетілдіруге деген қызығушылығын арттыру,
спортпен өз бетінше шұғылдануды белсенді түрде таныту, дене шынықтырумен
және спортпен шұғылдану қажеттігін көпшіліктің санасына сіңіру болып
табылады.Дене шынықтыру мен спортты насихаттау адамның жан-жақты спорттық
және дене тәрбиесі даярлығының беделін, гигиена және дене шынықтыру
саласындағы білім деңгейін арттыруға ықпал етуге, ғылыми зерттеулер мен
жаңалықтар ашуға негізделуге тиіс.Дене шынықтыру мен спортты дамытудағы
басты бағыттардың бірі - олардың ізгілікті жағын күшейту. Адамдардың өмірі
мен денсаулығына қауіп төндіретін, қабылданған жалпы этикалық нормалар мен
талаптарға сай келмейтін, зорлық пен зомбылықты үйрететін спорт түрлері мен
дене жаттығуларын дамытуға қолдау көрсетілмеуге тиіс. Қазақстан
Республикасының жалпыға міндетті жалпы орта білімнің мемлекеттік
стандартының негізгі ережелеріне сүйене отырып, Дене шынықтырудың білім
беру саласындағы негізгі мақсаты денсаулықты нығайту, білім, өмірлік
маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік,
еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке тұлғаны үйлесімді
дамыту болып табылады.
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
өмірлік маңызды қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін
арттыруды қалыптастыруға себепкер болатын дене жаттығулардың негізгі
түрлерімен оқушыларды таныстыру;
қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру мен денсаулықты нығайтуға
бағытталған қозғалыс іс-әрекеті және дене жаттығуларының негізгі түрлерін
оқушылардың меңгеруіне көмектесу;
дене тәрбиесі мен салауатты өмір саласындағы білімді қалыптастыру;
бұқаралық спорттың маңызды негізін құрайтын жаттығулар техникасын
жетілдіру есебінен дене қасиеттерін тәрбиелеу.
Әр сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағатты, оқу жылы
ішінде 102 сағатты құрайды және топтардағы оқушылар саны 10-12 ден кем
болмаған жағдайда 5-11 сыныптарда ер балалар мен қыз балалар бөлек
оқытылады (ҚР БҒМ-нің 2001ж. 27.06. №505, 2002ж. 30.04. №352, 2003 ж.
29.05. №351 бұйрықтары).Сабақтарда бәрінен бұрын іс жүзінде педагогикалық
міндеттердің барлық көлемін қамтитын оқу мақсаттары жүзеге асырылады.
Дайындайтын және жетектейтін сипаттағы, сондай-ақ денені арнайы
шынықтыратындай жаттығуларға үйрету технологиясын бөлек-бөлек және жүйелі
түрде құрастыру қажет. Оқушыға білікті түрде жәрдем көрсетілу тиіс. Білім
беру міндеттерін жүзеге асырудың практикалық құрылымы ретінде қателерді
көрсету мен түсіндіру, қателерді жою жолдары ұстаздың оқушымен жүргізетін
жеке жұмысының тиімділігін қамтамасыз етеді, өзінің білімін көтеруге
ынталандыру секілді көп нәрсеге себепкер болады.Дене тәрбиесінің базалық
мазмұнын сапа тұрғысынан жаңарту сабақ берудің дидактикалық, себептілік
және адамгершілік-эстетикалық негіздерін одан әрі нығайтуды, дене тәрбиесін
жетілдіру мақсатында оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып,
дамытуды көздейді.Бағдарламаның өзгермелі мазмұны оқушылардың тұратын
жерлерінің ерекшеліктерін, мектептің материалдық базасын, мұғалім
мүмкіндіктерін және оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып құрылған.
Сондай-ақ оқушылармен жеке сабақтар өткізу мәселесі де қарастырылған.
Бағдарлама материалдарының өзгермелі бөлігін жаңарту мұғалімдерді сабақтың
көлемі мен тақырыптың мазмұнын кеңейте түсуге, оқушыларға функционалды
ықпал етудің оңтайлы стратегиясын жасауға, дамыта оқытудың және оқу
процесін жетілдірудің танымдық мәнін түсіндіруге бағыттайды. Бағдарлама
жеке материалдардың оқыту ерекшелігін ескере отырып, үйретудің неғұрлым
белсенді, ізденісті әдістерін, топқа және жеке тұлғаға түсетін дене
жүктемесін нормалауды, сондай-ақ сабақтардың жеке бөліктерін шебер
қолдануды талап етеді. Мұндай талапты жүзеге асыру үшін мұғалім сабақ
берудің әдеттен тыс тәсілдерін еркін меңгеруі тиіс. Сабақтың әдеттен тыс
түрін ұйымдастыру нұсқасы оның құрылымдық өзгерісінің өзіндік, яғни мән-
мағынасы бойынша ерекшеленуі қажет. Мұнымен бірге оқушылардың оқудағы
саналы белсенділігін, дербестігін қалыптастыруға, жеке мүддесін дамытуға
ықпал ететін сабақтар да ерекше маңызға ие.
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:
– мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс
дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын
өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы.
Оқушыларға қойылатын негізгі талап қалай болса да тәжірибеде жүзеге асуы
тиіс;
– Гимнастика тарауын (Жалпы дамытатын жаттығулар және Ырғақты
гимнастика бөлімдерін) меңгертуде қайсыбір қатаң тәртіпті сақтау міндетті
емес;
– қай сыныпта болмасын балалардың даярлығы мен сабақтың нақты
жағдайына қарай мұғалім өз жұмысын ұйымдастырады;
– оқушылардың тактикалық ойлануын дамытуға, дене қасиеттерін
тәрбиелеуге қозғалыс ойындарының әсерін есептей отырып, ең оңтайлы қозғалыс
ойындарының тізімі мен мазмұны болуы қажет;
– оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау –
сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;
– ырғақты гимнастика кәдімгі аэробика түрінде жеке сабақ ретінде
немесе гимнастика сабағының қосымша бөлімі ретінде де өткізілуі мүмкін;
– дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі мұғалімнің өзі көптеп
қолданылатын жекелеген бақылау нормативтерін және Президент сынамалары
нормативтерін орындау нәтижелерімен бағаланады.Жеңіл атлетика – бүгінгі
таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары – тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде
жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру,
лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.Жүгіру - қысқа, орташа және ұзақ
қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа – 100,200,400 м және 110м
кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа 800,1000,1500,2000,3000м
жүгіру және 3000м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа
-5000,10000,20000,42 шақырым 192м марафондық қашықтық және 50шақырым
кросс(дала жарысы) жатады. Жүру-20 шақырым спорттық жүріс.Лақтыру- диск,
найза, граната, балға, доп және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, үш аттап
секіру. Жеңіл атлетикалық көпсайыс- көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың
жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар – жүгіру, секіру, лақтыру және
кедергілерден өту. Оқушылардың қалыпты дамуында тұлғаны дұрыс ұстау ерекше
орын алады. Ағзаның, ішкі құрылыстың қызметінің қалыпты жағдайда болуы
тұлғаға байланысты. Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру, сонымен қатар
тұлғаға арналған жаттығуларды орындау алға қойған міндеттерді
шешеді.Денсаулықты нығайту, шынықтыру үшін жаратылыстың табиғи күштері
кеңінен қолданылады.Оқушылардың денсаулығын жақсарту барысындағы
міндеттерді орындау үшін, мектеп оқушыларының жүйелі және белсенді түрде
дене жаттығуларымен айналысуын талап етеді. Оқушылларға дене шынықтыру және
спорт жөніндегі білімдерді меңгерту, гигиеналық білімдер мен дағдыларды
қалыптастыру. Аталған міндет оқушыларға дене шынықтыру ждәне спорт
жөніндегі қажетті білімдермен қамтамасыз етеді: дене жаттығулары
сабақтарымен айналысудың пайдасы, гигиеналық ережені сақтау, сонымен қатар
бағдарлама бойынша барлық дене жаттығуларын дұрыс орындау.Мектепте,
отбасында, қоғамдық ортада, балалардың өз бетімен дене жаттығуларын
орындауы жаттығуды дұрысм орындау білімін, гигиеналық талаптарын дұрыс
орындауға деген көзқарасын қалыптастырады. Дене шынықтыру сабағындағы жеңіл
атлетика жатығулары санитарлық – гигиеналық талаптардың орындалуында
мұғалімнің, мектептің барлық қызметкерлерінің жеке басының үлгісі шешуші
орын алады. Алға қойған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен қысқаша
түрде әңгімелесуі .үлкен рөл атқарады. Мұндай түрдегі әңгімелесуді дене
шынықтыру сабағында, сыныптан тыс орындалатын іс-шараларда және тағы басқа
сабақтарда өткізуге болады. Балалар дене шынықтыру сабағындағы жеңіл
атлетика жөніндегі білімді дене шынықтыру сабағында және сыныптан тыс іс-
шараларда алады. Алынған білімді балалардың сабаққа деген қызығушылығын
және саналы көзқарасын туғызады. Мектеп оқушыларының қозғалысты орындай
білу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, жаңа қимылдарға үйрету әдісі.
Мектептегі дене шынықтыру бағдарламасының мазмұны, оқушылардың жүйелі түрде
дене шынықтыру сабағында, отбасындағы дене шынықтыру, үйірмелер мен
спорттық секцияларда өмірге қажетті қимыл дағдыларын: жүру, жүгіру,
лақтыру, секіру, тепе-теңдік сақтау, шаңғымен жүру дағдыларын,
іскерліктерін қалыптастыру болып табылады.Сондай-ақ, балаларды қолданбалы
сипаттағы әр түрлі жаттығуларға үйретуде маңызды рөл атқарады. Б\алалармен
әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастыру-қимыл-қозғалыс түрлерін дамытады.
Жоғарыда аталғандардың барлығы балаладың дене шынықтыруы жөнінен жан-жақты
дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады.Мұғалімнің міндеті оқушылардың
жүйелі және белсенді түрде дене жаттығуымен айналысуын қамтамасыз ету. Жас
ерекшеліктеріне қарай негізгі қимыл сапасын (күш-қуат, жылдамдық, ептілік,
шыдамдылық) дамыту. Әр адамға қажетті қасиеттер - күш-қуат, жылдамдық,
ептілік, шыдамдылық. Дененің сапалық қасиеттері балалардың қимыл-дағдыларын
қалыптастырумен тығыз байланысты. Дене жаттығуларының әр түрлі екпінде
өткізілуі – дененің сапалық қасиеттерін дамытады. Батылдық, табандылық,
әділеттілік, адалдық, жолдастық сезім, ұжымда жұмыс істей білу, мәдени
тәртібін қалыптастыру, еңбекке, қоғам мүлкіне деген жағымды көзқарасын
қалыптастыру. Дене шынықтыру үрдісінде бағалы моральдық және ерік-жігер
қасиеттерін тәрбиелеудің маңызы зор. Көптеген дене жаттығулары және ойын
түрлері арқылы табандылық, өзара достық сезімдері тәрбиеленеді.Оқушылардың
дене шынықтыруы мен спортқа деген қөызығушылығын жүйелі айналысу дағдысын
тәрбиелеу. Мектептің міндеті балаларды әр түрлі дене жаттығуларына тек
мектепте, отбасында ғана емес, күнделікті өмірде маңызды міндетті шешу
балалардың қызығушылығын арттыра отырып, берілетін материалдың өзара қарым-
қатынасына көңіл бөлу керек. Оқу бағдарламасында дене жаттығуларын дұрыс
қолдану, іріктеп алу және өткізу әдістемесі маңызды орын алады.Бастауыш
мектеп жасындағы балаларға дене жаттығуларын іріктеп алуда балалардың
анатомиялық-физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері міндетті түрде
есептелінеді. Бала ағзасының жылдам өсуі мен бүкіл дененің өзгеру сапасы
негізі ерекшелік болып табылады. Адамның ең жылдам өсетін аяғы, сондықтан
ол дене бітімі үйлесімдігін өзгертеді. Адам ағзасы жылына 2 кг салмақ қосып
отырады. Сонымен қатар жылдам сүйектену процесі жүріп отырады, сүйек
тіндерінде минералды тұздар жеткіліксіз, сүйек өзінің икемділігі мен
ерекшеленеді. Сондықтан денеге күштің шамадан тыс түспеуі, статикалық күшті
ұзаққа созбау, үлкен биіктіктен секіртпеу қарастырылады.Үлкенге қарағанда
балалардың бұлшық еттері мен омыртқа иілістерінің байланысы толық
дамымаған, омыртқа аралық шеміршек жіңішке болып келеді. Жеті жастағы
балалардың омыртқа иілісі толық көрінеді. Ал, омыртқа қатаюы 14-15 жаста
басталады. Омыртқа иілісі үлкен икемділікпен ерекшеленеді, кейбір кездейсоқ
жағдайлар омыртқақызметінің жағымсыз жағдайын туғызуы мүмкін. Осы жаста
омыртқаның әр түрлі қисаюын ждиі кездестіруге болады.Балалардың бұлшық ет
тіндерінде су көп, ал ақуыздық заттар аз болып келеді. 7-8 жастағы
балалардың денесінің жалпы салмағының 27% бұлшық ет тіні, ал 18 жаста -40%
жетеді. Ұсақ бұлшық еттерге қарағанда ірі бұлшық еттер жақсы дамыған.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың бұлшық ет күшінің дамуы жағымды
жағдайларлда жылдам дамиды. Бұл жастағы кезеңде балалардың бұлшық ет
қызметінің жұмыс істеуінің төмендегімен сипатталады. Әр түрлі бұлшық ет
топтарының тепе-тең дамуын қажет ететін, үлкен тербелісті жаттығулармен
қамтамасыз ететін нақты жаттығулар қажет. Мектеп оқушыларымен дене
шынықтыру жөнінен ұйымдастырылаитын жұмыс түрлері Мектеп оқушыларымен дене
шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлеріне:
-дене шынықтыру сабағы;
Күн кестесіндегі дене шынықтыру жөніндегі жұмыстар; сабаққа дейінгі
гимнастика, сабақ баорысындағы сергіту жаттығулары, үзіліс кезіндегі
ойындар мен жаттығулар;
-сыныпиан және мектептен тыс дене шынықтыру және спорт жөніндегі
жұмыстар;
-отбасында дене жаттығуларысмен аналысу жатады.
Бұл іс-шаралар оқушылардың оқу сабақтарындағы ақыл-ой әрекетін
арттыруға, анықталған кейбір міндеттерді шешуге дене дайындығын
қалыптастыру үшін қарастырылған.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жеңіл атлетика туралы түсінік

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс
әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам
бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады.
Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776
жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы
жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру
жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке
өткізіліпті. Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр
атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен
өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны
белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда
атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді
бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген
азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет
Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта
жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан
жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да
спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта
жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы
Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан
ел чемпионаты өтті
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет
қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында
алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына
үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл
атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.1896 жылы
өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы
Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді.
Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады.
Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап
олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір
қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің
саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады.
Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней
олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см
ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем 21 ғасырдың
ең биік көрсеткіші деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен
олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс
Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14
жыл қатарынан сақталып тұрды. Жеңіл атлетика - бүгінгі таңда тек біздің
елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың
негізгі жаттығулары - тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру,
кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл
атлетикалық көпсайыс.
Жүгіру - қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа
қашықтыққа - 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа
қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі
қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа - 5000, 10000, 20000, 42 шақырым
192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Жүру - 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру - диск, найза, граната, балға,
доп және ядро. Секіру - орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру,
биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс - көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың
жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар - жүгіру, секіру, лақтыру және
кедергілерден өту.
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және
биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре
жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре
жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін
студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан
оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы - жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық
жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен
шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші - жүрудің спорттық түрі
бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі
ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге
тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі
аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл
жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте
көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады.
Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп
кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың
әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс
әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге
айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде
аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен,
біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің
жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған
орай мынандай жаттығуларды орындауға болады:
белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту
(бірнеше рет қайталау);20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп
өту. 6-8 рет қайталанады;соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000.
3000 м);белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту;аяқтың өкшесімен
ғана жүгіру;аяқтың ұшымен жүгіру;жүреден отырып жүгіру;сыңар аяқтап
секіріп, жүгіру;қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары
жылдамдықпенжүгіру (20, 30, 40 м);қолды жерге тіремей төменгі сөреден
жүгіріп шығу;белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру;белгілі бір
қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту;30-40 м қашықтықты екі аяқтап
секіріп жүгіру;30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту;30-40 м
қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.
Биіктікке секіру.
Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты
анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке
секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен
бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі,
спортшы секіруге дайындалады.Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге
тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі - аттап секіру, екіншісі -алдыға
қарай аунап секіру, үшіншісі - шалқадан жатып өту. Қазір әлем бойынша
ең жоғарғы көрсеткішті -шалқадан жатып өту әдісімен орындап отыр. Оқу
процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі аттап секіру. Сабақта
биіктікке секіруді осы аттап секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-
тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу
керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек.
Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі
мақсат - итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана
жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген
аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң
мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.
Дала жарысы.
Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ
жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы
өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу
орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.
Дала жарысы - кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі.
Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді,
секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске
құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т.б. осындай жер
бедерінің кедергілері жалғаса береді.Дала жарысының негізгі мақсаты -
табиғи жағдайда кездесетін кедергілерден өту. Мәселен, өзен арнасынан қалай
өтуге болады? Егер де секіріп өтуге болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ
киімді шешіп өтуге болады. Екінші бір жағдайда, бір-ақ адам аяқ киімін
шешіп басқаларды көтеріп өткізіп алуына болады.Жарқабақ-өрден шыққанда, ең
алдымен бір бала шығады. Оның шығуына төмендегі тұрғандар көмектеседі. Енді
жоғары шыққан оқушы басқаларға қолын беріп көмектеседі.Жарқабақтан төмен
түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай түскен абзал. Бірақ алғашқы
түскен адам басқалардың жарақат алмай, құлап қалмай дұрыс өтуін
бақылайды.Аспалы көпірден өткенде барлық оқушылар түгелдей көпірге шықпай
бір-бірлеп қана өтуге болады. Ол үшін оқушылардың біреуі көпірден өтіп
екінші жағына барып, көпірдің дұрыстығын білгеннен кейін ғана келесі
оқушының өтуіне болады.
Жалғыз бөренелі көпірден өту. Әрине, көпірдің дұрыс екендігін білгеннен
кейін ғана кезектесіп өте беруге болады.Сазды, томарлы жерден өткенде тек
бір ізбен ғана жүру керек. Алдыдағы жол бастаушы, мұндай жердің бедерін
жақсы білуі қажет. Себебі, сазды-томарлы жер болғаннан кейін міндетті түрде
бұл жер батпақты болып келеді. Сондықтан, негізгі мақсат жүгіріп келе жатып
томарға шалынбай, батпаққа түсіп кетпей, бастаушының талабын мұқият орындау
керек. Қалың қопалы жерден өткенде де осы көрсетілген ереже орындалады. Тік
беттен де саппен жүріп түсуге болады. Өйткені біреуі тайғанап кетсе
екіншісі ұстап қалады. Сазды, шалшықты жерлерді айналып өту керек. Көлденең
құлап жатқан үлкен бөренеден секіріп өтетін мүмкіншілік болмаса, онда бір
аяқты үстіне қойып барып секіріп өтуге болады.Жалпы дала жарысына жолға
шықпас бұрын, мүмкіндік болғанша, дала жарысының жолымен жай жүріп, танысып
алу керек. Содан кейін ғана трассаның қай кезеңінде жүгіріп өтуге, қай
жерінде жай жүріп өтуге болатыны анық. Жаттығу кезінде, мүмкіндік болғанша
жүгіру мен жүруді алмастырып отыру абзал.Дала жарысы сабағын өткізгенде 3
шақырымнан 5,8 шақырымға дейін жүгіріп және жүріп өтуге болады. Дала
жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек. Саппен жүргенде
бірінен-бірінің ұзап, қалуына болмайды.Дала жарысының қауіпсіздік ережесі
Дала жарысы сабағына қойылатын талаптар мұқият орындалады.Артындағы топ
жол бастаушының айтқанымен жүреді.Қандай кедергілер болсын, топтағы
оқушылар кезек күтіп орындайды, болмаса, біріне-бірі көмек
көрсетеді.Кедергілерден өткенде жаттығулардың орындалуына аса мұқият болу
керек.Себебі, жаттығулардың дұрыс орындалмағанының салдарынан жарақаттанып
қалмау керек.Дала жарысы трассасының дұрыс-бұрыстығына жол бастаушы жауап
береді.Жол бойында жарақат алған әріптесіне көмек көрсету.ЖүзуЖанды, жансыз
денелердің тіршілік ететін негізгі факторлары - су, ауа күн сәулесі. Міне,
сусыз тіршілік жоқ. Сондықтан суға түсу адам денсаулығын сақтаудың негізгі
құралы болғандықтан, міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына
кіреді.Дене тәрбиесі сабағында суға түсуді оқытудың негізгі мақсаты жас
ұрпақты суда жүзуге үйрету. Жалпы Республикамызда суға шомылудың толық
жағдайы жасалған жөн. Бірақ, суда жүзуді үйрену кімнің болса да міндеті
болып табылады. Осыдан барып, суға жүзуді бұқаралық міндетке айналдыру,
бүкіл халықтың дене шынықтыру-сауықтыру шараларының бағдарламасына енгізу
қарастырылған. Сонда ғана, халықтың денсаулығын сақтаудағы нәтижелі іс
болмақ.Бүгінгі таңда оқу жүйесіне президенттік тесттің бағдарламасы да
кіріп отыр. Әрине, президенттік тесттің нормативтер көрсеткіштерінен сынама
тапсыру әркімнің міндеті болып табылады.Білім беру жүйесінде суға жүзу
жаттығулары өз алдына спорт түрі ретінде де қолданылады. Суға жүзудің оқыту
жүйесі жабық су бассейндерінде және ашық су қоймаларында ұйымдастырылады.
Әрине, ашық су қоймаларында оқу процесін ұйымдастыру жылдың жылы мезгіліне
байланысты.Суға жүзудің оңу процесін өткізу мен ұйымдастырудың өзіндік
ерекшелігі бар. Бұл процесс, ең әуелі бассейнде және ашық су қоймаларында
сабаң өткізудің ережесімен танысады. Мұғалімнің нұсқауынсыз және
бақылауынсыз ешқандай жаттығуларды орындауға болмайды. Суға түспес бұрын,
жүзуді үйренудің бастапқы дайындық жаттығулары құрлықта орындалады. Одан
кейін, судың тереңдігі тізеден және белден аспайтын жерде орындалады.
Сабақта суға жүзудің барлың ережелері мұқият орындалады.Оқу процесінің
бастапқы жаттығулары судың астында дем шығару және денені су бетінде қалай
ұстау керек, ол үшін қол мен аяқтың қандай қозғалысы болу керек, т.б.
осылайша жалғаса береді. Енді, суда алдыға қозғалу үшін қол-аяқпен қандай
жаттығулар орындалады. Жалпы осы жаттығуларды орындаудың айла-тәсілін
үйренуден бастайды. Жүзу жаттығуларының негізгі түрлерін оқыту процесі,
шұғылданушылардың су бетінде денесін қалай ұстау керектігін әбден
үйренгеннен кейін ғана жалғасады. Бұл оқыту жүйесі тек қана мұғалімнің
басшылығымен, жүргізген нұсқауымен және бақылауымен өтеді.
Суда жүзу негізгі үш жаттығудан тұрады. Құлаштап жүзу, етпеттеп және
шалқалап жатып орындалады. Екінші - брасс, тек етпеттен жатып орындалады.
Баттерфляй әдісімен де етпеттен жатып жүзеді. Бүкіл әлемде суда жүзу
жаттығуларының негізгі тараған түрі - етпеттеп жатып құлаштап жүзу. Кім
болсын, жүзудің қандай жаттығуымен шұғылданса да, ең әуелі міндетті түрде
құлаштап малтау әдісін үйренуі керек. Содан кейін ғана брасс, болмаса
баттерфляй әдісімен малтуға ден қоюға болады.Жалпы жүзуден жарыс
бағдарламасына - етпеттен жатып құлаштап жүзу, шалқадан жатып құлаштап
жүзу, брасс және баттерфляй жаттығулары кіреді.Қозғалмалы ойындар7Спорттың
ойындардың бір түрі - баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі. Осы
ойын түрінен бүгінде құрлық және әлем біріншілігі өткізіліп тұрады.
Халықаралық федерациясы жұмыс істейді.Баскетбол ойынының қозғалысы адам
баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады
- жүгіру, жүру, секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай
жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні
жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады.
Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Бүгінгі
баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге
болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ.
Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы.
Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық
деңгейін көрсетеді.Осындай ойын барысында, нақты қозғалыс нәтижесінде ең
бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болсын, қозғалыс
барысында нақтылы орындалады. Айталық, допты торға түсіру, болмаса допты
әріптесіңе дәл бере білу, допты алып жүргенде қарсыласын алдап өту, т.б.
Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның
бірі.Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының
бағдарламасына кіреді. Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде
баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі.
Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдері, тыныс
алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.Волейбол - спорттың
кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар
өткізіледі. Бүгінде волейболдан әлем және құрлық біріншілігі өткізіліп
тұрады.Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи
қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б.
жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста
болмасын, бәрі ойнай береді. Сондыңтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні
жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады.
Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады. Бүгінгі
волейбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге
болады. Себебі, ойынның бүгінгідей даму жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген
жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы, секіруі, лақтыруы, кілт
тоқтауы, міне мұның барлығы жалпы ойынның жылдамдығын, ойыншылардың
дайындың деңгейін көрсетеді.Осындай ойын барысында нақты қозғалыс
нәтижесінде ең бастысы, адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу
болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, шабуылдау кезінде
допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере
білу, болмаса допты қарсыласының алақанына алдап тастау, т.б. Демек,
адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бірі.Волейбол,
спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оңу орындарының бағдарламасына
кіреді. Арнаулы оңу орындарының студенттері бұл кезеңде волейбол ойынын
ойнап, белгілі бір деңгейде дайындықпен келеді деп есептеледі. Сондықтан,
бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдерімен таныс, ойын
жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.Арқан тартыс. Бұл ойынды жаздыгүні
көгалда ойнауға болады. Ойыншылардың саны 10 баладан аспағаны жөн. Ойынға
ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады. Арқанның тең ортасына
белгі ретінде қызыл мата байлайды. Ойынға қатысушылар бойларына қарай
қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген бұйрығы бойынша бір, екі деп
санап шығады. Содан кейін бір дегендері бір жаққа, екі дегендері екінші
жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге
немесе жерге сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың
ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап
ұстап, тартып тұра қалады. Егер де бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары
сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды. Ойын жүргізушінің
берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі.
Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз
жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы
ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей
ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып
есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға
да болады.
 
 2.Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен әдістері

Дене шынықтыру жан –жақты тәрбие берудің аса маңызды салаларының бірі.
Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге бейімдеуде оқу-тәрбие жұмысында
дене шынықтырудың алатын орны бөлек. Мектептегі дене шынықтыру жөнінен
ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушылардан өз еркімен іс-әрекеттерді
орындауды, құлшына ұйымдастырушылықты, белсенділікті, тапқырлықты талап
етеді. Мектептегі дене шынықтырудың негізгі міндеттері:Денсаулықты нығайту,
дене дамуына дұрыс әсерін тигізу және денесін шынықтыру. Бұл міндеттік дене
шынықтыру, спорт жөнінен ұйымдастырылатын барлық жұмыс түрлеріндегі,
негізгі міндет екенін педагогикалық ұжым мен әр мұғалім білуі қажет.
Мектеп жасы – балалардың жылдам өсуі және денесінің даму кезеңі болып
табылады. Сондықтан мектеп барлық жағдайда, мүмкіндіктерді пайдалана
отырып, оқушылардың денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз етуі қажет. Дене
жаттығулары сабақтары ең алдымен адам ағзасына әсерін тигізе отырып денесін
шынықтыру, денсаулығын нығайту міндеттерін жүзеге асырады. Сондықтан
көптеген сабақтар таза ауада өткізіледі, ал жабық орында өткізілетін
сабақтар қажетті гигиеналық талаптарды қажет етеді. Бұлшық ет топтарының,
тыныс алу, қан-тамыр жолдары, сонымен қатар ағзаның басқа мүшелерінің
қызметін күшейтуде ойын, жүгіру, секіру, лақтыру, шаңғымен жүру жаттығулары
ерекше орын алады.Дене жаттығулары сабақтары мен бірге сабақтағы демалыс
минуттары, сабаққа дейінгі гимнастика, үзілісті ұйымдасқан түрде өткізу,
мектеп тазалығы, ыстық тамақ, мұғалімнің оқушылардың тұлғасына, жүріс-
тұрысына қарауы сияқты іс-шұаралар да қолданылады.Оқушылардың қалыпты
дамуында тұлғаны дұрыс ұстау ерекше орын алады. Ағзаның, ішкі құрылыстың
қызметінің қалыпты жағдайда болуы тұлғаға байланысты. Жоғарыда аталған іс-
шараларды іске асыру, сонымен қатар тұлғаға арналған жаттығуларды орындау
алға қойған міндеттерді шешеді.Денсаулықты нығайту, шынықтыру үшін
жаратылыстың табиғи күштері кеңінен қолданылады.Оқушылардың денсаулығын
жақсарту барысындағы міндеттерді орындау үшін, мектеп оқушыларының жүйелі
және белсенді түрде дене жаттығуларымен айналысуын талап етеді.Оқушылларға
дене шынықтыру және спорт жөніндегі білімдерді меңгерту, гигиеналық
білімдер мен дағдыларды қалыптастыру.Аталған міндет оқушыларға дене
шынықтыру ждәне спорт жөніндегі қажетті білімдермен қамтамасыз етеді: дене
жаттығулары сабақтарымен айналысудың пайдасы, гигиеналық ережені сақтау,
сонымен қатар бағдарлама бойынша барлық дене жаттығуларын дұрыс
орындау.Мектепте, отбасында, қоғамдық ортада, балалардың өз бетімен дене
жаттығуларын орындауы жаттығуды дұрысм орындау білімін, гигиеналық
талаптарын дұрыс орындауға деген көзқарасын қалыптастырады.Дене шынықтыру
сабағында санитарлық – гигиеналық талаптардың орындалуында мұғалімнің,
мектептің барлық қызметкерлерінің жеке басының үлгісі шешуші орын алады.
Алға қойған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен қысқаша түрде
әңгімелесуі .үлкен рөл атқарады. Мұндай түрдегі әңгімелесуді дене шынықтыру
сабағында, сыныптан тыс орындалатын іс-шараларда және тағы басқа сабақтарда
өткізуге болады. Балалар дене шынықтыру жөніндегі білімді дене шынықтыру
сабағында және сыныптан тыс іс-шараларда алады. Алынған білімді балалардың
сабаққа деген қызығушылығын және саналы көзқарасын туғызады.
Мектеп оқушыларының қозғалысты орындай білу іскерлігі мен дағдысын
қалыптастыру, жаңа қимылдарға үйрету әдісі.
Мектептегі дене шынықтыру бағдарламасының мазмұны, оқушылардың жүйелі
түрде дене шынықтыру сабағында, отбасындағы дене шынықтыру, үйірмелер мен
спорттық секцияларда өмірге қажетті қимыл дағдыларын: жүру, жүгіру,
лақтыру, секіру, тепе-теңдік сақтау, шаңғымен жүру дағдыларын,
іскерліктерін қалыптастыру болып табылады.
Сондай-ақ, балаларды қолданбалы сипаттағы әр түрлі жаттығуларға үйретуде
маңызды рөл атқарады. Б\алалармен әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастыру-қимыл-
қозғалыс түрлерін дамытады. Жоғарыда аталғандардың барлығы балаладың дене
шынықтыруы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын
қалыптастырады.Мұғалімнің міндеті оқушылардың жүйелі және белсенді түрде
дене жаттығуымен айналысуын қамтамасыз ету.Жас ерекшеліктеріне қарай
негізгі қимыл сапасын(күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық) дамыту.Әр
адамға қажетті қасиеттер - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық.
Дененің сапалық қасиеттері балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастырумен
тығыз байланысты. Дене жаттығуларының әр түрлі екпінде өткізілуі – дененің
сапалық қасиеттерін дамытады. Батылдық, табандылық, әділеттілік, адалдық,
жолдастық сезім, ұжымда жұмыс істей білу, мәдени тәртібін қалыптастыру,
еңбекке, қоғам мүлкіне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру. Дене
шынықтыру үрдісінде бағалы моральдық және ерік-жігер қасиеттерін
тәрбиелеудің маңызы зор. Көптеген дене жаттығулары және ойын түрлері арқылы
табандылық, өзара достық сезімдері тәрбиеленеді.Оқушылардың дене шынықтыруы
мен спортқа деген қөызығушылығын жүйелі айналысу дағдысын тәрбиелеу.
Мектептің міндеті балаларды әр түрлі дене жаттығуларына тек мектепте,
отбасында ғана емес, күнделікті өмірде маңызды міндетті шешу балалардың
қызығушылығын арттыра отырып, берілетін материалдың өзара қарым-қатынасына
көңіл бөлу керек.Оқушылардың қоғамдық дене шынықтыруы белсенділік
дайындығы, ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптастыру. Мектептегі дене
шынықтыруы бұқаралық және спорттық сипатта. Дене шынықтыру сабағын сыныптан
тыс дене шынықтыру жөніндегі жұмыс шараларын өткізуге мұғалімнге үнемі
көмектесіп отыратын белсенді оқушылар қажет. Осы міндетті іске асыру үшін
оқушыларға әр түрлі жұмыс тьүрлерін ұйымдастыру және өткізу тапсырмалары
беріледі. Оқушылар арасынан сыныптағы дене шыны\қтыру жұмыстарын
ұйымдастырушы, топ басшысы, әділ қазылар, төрешілер сайланады.Дене
шынықтыру белсенділерін дайындаудағы негізгі жағдай: тапсырманы нақты
орындау, ұжымның, жолдастарының алдндағы жауапкершілігі болып табылады. Бұл
жерде дене шынықтырудың міндеттері өзара үйлесімділік қарым-қатынас арқылы
шешіледі. Бұл міндет мектеп жасындағы балалар дене шынықтырудың жүйелі
түрде орындалуы арқылы нәтижеге жетеді. Сондықтан бүкіл мектеп ұжымының
біріккен жұмысында дене шынықтыру құралдары түрлерін, жұмыс түрлерін, дене
жаттығуларын тиімді пайдалануда іске асады.Дене жаттығулары – мектептегі
дене шынықтырудың өзіндік құралы. Оқушылардың дене жаттығуларымен айналысуы
қимыл қозғалыс аппаратының дамуын, қан айналу, зат алмасу мүшелерінің,
тыныс алу жүйесінің қызметін жақсартады. Мектептегі дене шынықтыру
жөніндегі жұмыстарды іс жұзінде қолдану жылдамдық, күш, қуат, икемдлілік,
төзімділік қаситеттерін дамытып, табиғи қимылдар: жүру, жүгіру, тепе-теңдік
сақтау, лақтыру, өрмелеу, т.б. жаттығулары жөніндегі дағдыларын нығайтады.
Оқу бағдарламасында дене жаттығуларын дұрыс қолдану, іріктеп алу және
өткізу әдістемесі маңызды орын алады. Бастауыш мектеп жасындағы балаларға
дене жаттығуларын іріктеп алуда балалардың анатомиялық-физиологиялық,
психологиялық ерекшеліктері міндетті түрде есептелінеді. Бала ағзасының
жылдам өсуі мен бүкіл дененің өзгеру сапасы негізі ерекшелік болып
табылады. Адамны\ң ең жылдам өсетін аяғы, сондықтан ол дене бітімі
үйлсімдігін өзгертеді. Адам ағзасы жылына 2 кг салмақ қосып отырады.
Сонымен қатар жылдам сүйектену процесі жүріп отырады, сүйек тіндерінде
минералды тұздар жеткіліксіз, сүйек өзінің икемділігі мен ерекшеленеді.
Сондықтан денеге күштің шамадан тыс түспеуі, статикалық күшті ұзаққа
созбау, үлкен биіктіктен секіртпеу қарастырылады.Үлкенге қарағанда
балалардың бұлшық еттері мен омыртқа иілістерінің байланысы толық
дамымаған, омыртқа аралық шеміршек жіңішке болып келеді. Жеті жастағы
балалардың омыртқа иілісі толық көрінеді. Ал, омыртқа қатаюы 14-15 жаста
басталады. ОМыртқа иілісі үлкен икемділікпен ерекшеленеді, кейбір кездейсоқ
жағдайлар омыртқақызметінің жағымсыз жағдайын туғызуы мүмкін. Осы жаста
омыртқаның әр түрлі қисаюын ждиі кездестіруге болады.Балалардың бұлшық ет
тіндерінде су көп, ал ақуыздық заттар аз болып келеді. 7-8 жастағы
балалардың денесінің жалпы салмағының 27% бұлшық ет тіні, ал 18 жаста -40%
жетеді. Ұсақ бұлшық еттерге қарағанда ірі бұлшық еттер жақсы дамыған.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың бұлшық ет күшінің дамуы жағымды
жағдайларлда жылдам дамиды. Бұл жастағы кезеңде балалардың бұлшық ет
қызметінің жұмыс істеуінің төмендегімен сипатталады. Әр түрлі бұлшық ет
топтарының тепе-тең дамуын қажет ететін, үлкен тербелісті жаттығулармен
қамтамасыз ететін нақты жаттығулар қажет.Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру
жөнінен ұйымдастырылаитын жұмыс түрлері Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру
жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлеріне:
-дене шынықтыру сабағы;
Күн кестесіндегі дене шынықтыру жөніндегі жұмыстар; сабаққа дейінгі
гимнастика, сабақ баорысындағы сергіту жаттығулары, үзіліс кезіндегі
ойындар мен жаттығулар;
-сыныпиан және мектептен тыс дене шынықтыру және спорт жөніндегі
жұмыстар;
-отбасында дене жаттығуларысмен аналысу жатады.
Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтырумен айналысуы мемлекеттік
бағдарлама бойынша мұғалімнің, оқу жоспарына сәйкес, нақты белгіленген
кестеге сәйкес жүргізіледі.Сабаққа қатысуға оқушылпрдың бәрі де міндетті,
оқушылардың денсаулық жағдайы ескеріледі.Балалардың дене шынықтыру
жөніндегі жұмыс түрін ұйымдастыру, дене дайындығының жан – жақтылығы, дене
шынықтыру жөніндегі қажетті білім оқу сабақтарында қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың күн кестесіндегі дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру
маңызды орын алады. Жұмыстың негізгі түрлеріне: сабақ алдындағы ертеңгілік
гимнастика, үзіліс кезіндегі ойын жаттығулар, сабақ барысындағы балалардлың
шаршағанын басатын сергіту минуттары жатады. Бұл іс-шаралар оқушылардың оқу
сабақтарындағы ақыл-ой әрекетін арттыруға, анықталған кейбір міндеттерді
шешуге дене дайындығын қалыптастыру үшін қарастырылған.Дене шынықұтыруда
жоғарыда аталған іс-шаралардан басқа мектептегі және сыныптан тыс жұмыс
түрлерінің алатын орны ерекше. Сыныптан тыс жұмыс түрлері мектептегі дене
шынықтыру жайындағы оқу жұмысының мазмұнын кеңейтеді, тереңдетеді. Бұл
жұмыс түрлеріне ойындар, серуендер, саяхат, жорықтар, топтарда ұжымдық
секция жұмыстары, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жолдары, жарыстар,
спорттық мерекелер жатады. Сыныптан тыс жұмыс түрлерін оқушылар өз бетімен
өткізеді.Дене тәрбиесіне арналған оқушылпрдың мектиептен тыс жұмыс түрлері
білім беру бөлімдері, мектептен тыс мекемелерде, оқушылар сарайында,
балалар спорт қоғамдарында, демалыс орындарында, стадиондарда, сырғанақ
кешендерінде ұйымдастырылады.Мұндай шаралар балалардлың арасында дене
шынықтыру және спотр жө\ніндегі әр түрлі жұмыс түрлерін кең көлемде
дамытуға, гимнастика, спорт ойын және т.б. жаттығулар түрлеріне
қызығушылықпен қарау қабілеттерін қал\ыптастырады. Сонымен қатар оқудан тыс
бос уақыттарын, қысқы, күзгі, көктемгі демалыстарын ұтымды пайдалануына
көмектеседі.Балалардың дене шынықтырумен отбасында айналысуы маңызды орын
алады, мысалы радио, телехабарлары арқылы гимнастикамен айналысу, таза
ауадағы қимылды ойын, қысқы, жазғы сауықтыру шаралары.
Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Мектептің барлық педагог қызметкерлерінің міндеті – дене шынықтыру
мақсаты, міндеттері, мазмұны, жұмыс түрлері жөніндегі жұмыстарды жүзеге
асыру және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл атлетика жаттығуларының әдістері
Мектеп жасындағы дене тәрбиесінің негіздері
Жеңіл атлетика жаттығуларынының құрылымы
Жеңіл атлетика техника қауіпсіздік ережелері
Жеңіл атлетика түрлері
Жеңіл атлетика спортының даму тарихы
Жүгірудің өзге спорт түрлеріне әсері
Дене тәрбиесі жүйесінде жеңіл атлетика
Жеңіл атлетиканың спорт ретінде қалыптасуы
Дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетиканың ролі
Пәндер