Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы



Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы
Республика Үкiметiн басқару
Үкiмет Бағдарламасын
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi. Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.
Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.
Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.
Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.
Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 1995 жылғы 18 желтоқсан N 2688
3. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық -2001.
4. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы. 2003
5. Қ. Сапарғалиев, А. Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. 1998
6. Қайрат Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негiздерi. 2004
7. А. Ибраева, Н. Ибраева. Теория государства и права А.2000
8. А. В. Малько Теория государства и права М.: «Юрист» 2000
9. В. Н. Хропанюк Теория государства и права М. «Интерстиль» 1997

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы

Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады,
атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық
жасайды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi. Үкiмет Қазақстан
Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың
жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.
Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның,
Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және
оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.
Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының
Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.
Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр
тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi
Республика Президентiне енгiзедi.
Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы
органдар құрайды.
Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi,
оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды
адамдары кiредi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi Қазақстан халқына және
Президентiне мынадай мазмұнда ант бередi:
"Қазақстан Республикасының халқы мен Президентi алдында өз Отаным -
Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-
жiгерiм мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттiң Конституциясы мен заңдарын
қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк,
азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына
адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк
қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант
етемiн.".
Үкiмет мүшелерiнiң антын Республика Президентi өзi белгiлейтiн
тәртiппен қабылдайды.
Республика Үкiметi Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл
жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi алдында өзiнiң
өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн
Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi.
Республиканың жаңадан сайланған Президентiнiң алдында өкiлеттiгiн
доғару Үкiметтiң жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған және
Үкiмет мүшелерi қол қойған жазбаша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады.
Өкiлеттiктi доғару туралы өтiнiш жаңадан сайланған Мемлекет басшысы
қызметке ресми кiрiскеннен кейiн берiледi.
Үкiметтiң өкiлеттiгiн доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi
тоқтатылғанын бiлдiредi.
Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес
деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез-келген мүшесi Республика
Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп
отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi
де орнынан түседi.
Конституцияның 53-бабының 7)-тармақшасында және 61-бабының 7-
тармағында көзделген жағдайларда Парламент үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн
болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Республика Президентiне
мәлiмдейдi.
Республика Президентi орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы
мәселенi он күн мерзiмде қарайды.
Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң
өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн
қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған ретте,
Президент оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыра берудi тапсырады.
Республика Президентi өз бастамасымен үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату
туралы шешiм қабылдауға және оның кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға
хақылы.
Премьер-Министрдiң қызметiнен босатылуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi
тоқтатылғанын бiлдiредi.
Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей
отырған Үкiмет мүшелерi атқарып келген қызметiнен босатылуға тиiс.
Республика Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн бiр ай iшiнде
Парламентке Үкiмет бағдарламасы туралы баяндама табыс етедi.
Үкiмет Бағдарламасы қабылданбаған жағдайда Премьер-Министр екi ай
iшiнде Парламентке Бағдарлама жөнiнде қайталап баяндама табыс етедi.
Республика Парламентiнiң Үкiмет Бағдарламасын қайта қабылдамауы әр
Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен жүзеге
асырылуы мүмкiн және Үкіметке сенімсіздік вотумының білдірілгенін
көрсетеді.
Үкіметтің мәртебесін анықтайтын акт Қазақстан Республикасы
Президентінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" конституциялық заң
күші бар Жарлығы болып табылады. Аталған Жарлықтың 9-бабының 8) тармақшасы
Үкімет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті атқарушы билік органдары туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ең жоғары атқарушы органы ретінде
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫСЫ СИПАТТАМАСЫ, ФУНКЦИЯЛАРЫ
Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыру
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және методологиялық негіздері
Қазақстанның мемлекеттік бюджеті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ
Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері
Шағын және орта бизнесті дамыту
Пәндер