Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Мемлекеттің экологиялық функциясы, қоршағын табиғи орта құқық объектісі ретінде;
2.2 Экологиялық құқықтың түсінігі, экологиялық қатынастардың жалпы сипаттамы және түрлері. Экологиялық құқықтық қатынсатардың субъектісі мен объектісі;
2.3 Экологиялық құқықытың әдістері, қағидалары;
2.4 Экологиялық құқықтың жүйесі, институттары;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР
Қоршаған табиғи ортаны корғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану — қоғамның экономикалык даму барысын жетілдірудін міндетті шарты.
Біздің елімізде табиғатты корғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялык кағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпыхалыктық міндет болып табылады.
Экологиялық құқық — бұл осы кезен мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. «Эко¬логия» — бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз — «Жер» туралы ғыльм.
Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде қолданылды. Ол өзінің әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-катынасты анықтайтын ілім ретінде қолданылады.
Табиғат — санада және санадан тыс жұретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том;
3. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексі

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Шуланбекова Г.К.

Алматы 2015ж.

МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Мемлекеттің экологиялық функциясы, қоршағын табиғи орта құқық объектісі ретінде;
2.2 Экологиялық құқықтың түсінігі, экологиялық қатынастардың жалпы сипаттамы және түрлері. Экологиялық құқықтық қатынсатардың субъектісі мен объектісі;
2.3 Экологиялық құқықытың әдістері, қағидалары;
2.4 Экологиялық құқықтың жүйесі, институттары;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР

КІРІСПЕ
Қоршаған табиғи ортаны корғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану -- қоғамның экономикалык даму барысын жетілдірудін міндетті шарты.
Біздің елімізде табиғатты корғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялык кағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпыхалыктық міндет болып табылады.
Экологиялық құқық -- бұл осы кезен мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. Эко - логия -- бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз -- Жер туралы ғыльм.
Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде қолданылды. Ол өзінің әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология -- тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-катынасты анықтайтын ілім ретінде қолданылады.
Табиғат -- санада және санадан тыс жұретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:
1.Жердегі өмірге қажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін экологиялық кызмет;
2.Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалық қызмет;
3.Адамның жан дүниесінін қалыптасуына әсер ететін негіз қызмет.
Адам -- табиғаттың эволюциялық даму нәтижесінің өнімі. Табиғатқа қатынасына байланысты ол -- онын әсерін байқайтын, өмірдің жаратылысынан тәуелді болатын, оны қоршаған ортаның объектісі ретінде және табиғи ресурстарды пайдаланатын, өзінің шаруашылық қажеттіліктерін шешу үшін табиғатты бейімдеуші субъект ретінде танылады.
Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы негізі 2 нысандағы қоғамдық қатынастар негізінде -- табиғат ресурстарын пайда - лану мен табиғатты қорғауда көрініс табады. Табиғат ресур - старын пайдалану -- материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған коғамның экономикалық мүддесімен анықталады. Табиғатты қорғау - казіргі кезең және болашақ ұрпақтар үшін қоршаған табиғи ортаның сапасымен байланысты қоғамның, экологиялық даму мүддесі болып табылады. Тірі организмдердің (сонын ішінде адамның да, қоғамның да) жалпы қоршаған ортамен емес, табиғи ортамен байланысты екендігін де көрсету керек.Экологияны сөзбе-сөз түсіну үшін, тек табиғи ортамен ғана өзара қарым-қатынас болған жағдайды айту керек. табиғатты дамыту (жақсарту) туралы, экологиялық зандарды сақтауға аса назар аудару керек. Қоршаған ортада -- бұл әлеуметтік экологияның заты емес. Әлеуметтік экологияға, онын құрамдас болігі ретінде құкықтық экология кіреді. Құқықтық экология деп -- қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын коғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын айтамыз. Құқықтық экологияның анықталуының. бірі болып, экология құқығы танылады. Экология құқығы -- бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану мен қорғауға байланысты қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын анықтайтын қоғамдық (экологиялык) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттік экологиялық қызметінің дамуы -- экология құқығы деген атқа ие болған жана құқықтық бірліктін құрылуына алып келді. Құқық саласының құрылу процесі объективті түрде негізделінеді, яғни табиғатты қорғау немесе қоршаған ортаны қорғау туралы басты реттеуші заңының болуы және болмауына байланысты емес. Бұндай заңның түрлерінің. болуы берілген бірлестіктің ішкі даму процестерінің нәтижесі болып табылады, егер оның өмір сүруі халықтың түбегейлі қажеттіліктерінен туындайтын болса.
Экология құқығы, құқық саласы ретінде біздің ортақ үйіміз -- жерде өмір сүретін адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланыстарға жету мақсатында экологиялық қоғамдық қатынастарды жүзеге асыратын арнайы тәсілдсрді реттейтін құқықтық нормалардың жүйесін құрайды.
Кез келген жүйе -- біріккен, жүйе құрайтын факторларды ретке келтіруші көптеген элементтерден тұрады.
Экология құқығының әдістері -- қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа жетуге бағытгалған, олар табиғатқа да, қоғамға да қатысты зандылықтардың құқықтық реттелуінің сақталуына негізделеді. Экология құқығы 3 негізде оқытылады: пен ретінде, сала ретінде, ғылым ретінде.
Экология құқығы сала ретінде -- экологиялық құқықты сала, пән ретіндегі танудың ғылыми ілімдерінің жүйесін құрайды.
Экологиялық құқықты -- құқық саласы ретінде тану үшін, біз белгілі бір зандарға жүгінеміз, оның нормаларына түсінік береміз.
Экологиялық құқықғы оқу пәні ретінде біз, теориялық және тәжірибелік сұрақтарын қамтитын оқыту әдістемесіне және де құқық нормалары мен олардың тәжірибе жүзінде жүзеге асыру қажеттілігін білуге мән береміз.
2.1 Мемлекеттің экологиялық функциясы, қоршағын табиғи орта құқық объектісі ретінде;
Мемлекет және қоғам түрлі биологиялық химиялық, физикалык, санитарлық-гигиеналық және басқа да әдістерді қолдана отырып қоршаған ортаны корғауды қамтамасыз етеді. Қоршаған табиғи ортаны құқықтық қорғау -- бұл мемлекеттің экологиялық функциясы көрінетін табиғатты қорғау қызметінің бір әдісі. Ол қоршаған табиғи ортаны қоршуға бағытталған зандарды, қаулыларды, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді шығарудан және қолданудан тұрады. Біздің мемлекетімізде Қазакстан Республикасы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы, Қоршаған ортаны қорғау туралы, Эко - логиялық сараптама зандары және басқа да көптеген нормативтік актілер қабылданды.
Қоршаған ортаны қорғау -- бұл табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.
Қоршаған ортаны қорғау - туралы заңда қоршаған ортаны қорғаудың басты қағидалары көрсетілген. Қоршаған ортаны қорғау келесі басты қағидаларды негізге ала отырып жүргізіледі:
1) адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы,
халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған
органы сақтау және қалпына келтіру.
2) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың казіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
3) экологаялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялык қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
4) табиға ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;
5) биологаялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
6) қоршаған ортаны қорғау туралы зандарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшіп жауапкершіліктік ымырасыздығы;
7) қоршаған ортаға нүқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
8) халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі баскару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
9) халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқықтық әдісі дегеніміз экологиялық құқықтық қатынастарды реттеу мақсатында қолданылатын тәсілдердің жиынтығы. Оларға мыналар жатады:
а) қорғауға жататын, табиғи объектілерді белгілеу;
б)табиғат объектілерін қорғауды бекітетін, шектейтін,
рұқсат беретін міндетті ережелері мен талаптарды анықтау;
в) олардың сақталуы мен орындалуын бақылау;
г) қоршаған табиғи орта зандарын бұзғаны үшін жауапкершілік жөне шығындарды өтеу шараларын жүзеге асыру.
Қазакстан Республикасының заңдарына сәйкес жойып жіберуден, бүлінуден, зақымданудан, азып-тозудан, ластанудан, ұтымды пайдаланбаудан және өзге дезиянды ықпал етуден: жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі, табиғи экологиялық жұйелер, климат жәнежердің озонды қабаты қорғалуға тиіс. Эколошялық ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған ортаның объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғиаумақтар да ерекше қорғалуға жатады.
Қоршаған табиғи ортаның, құқықтық нормаларың үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа табиғатты қорғау заңдарының құрамына кіретін құқықтық нормалар жатады. Бұл табиғатты қорғауға арналған зандар мен қаулылар. Олар жерді, ауаны, суды, орманды, жануарларды және т. б. қорғауға байланысты жалпы экологиялық талаптардан тұрады (Мысалы, КР Президентінің Жер туралы, Жер койнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заң күші бар. Жарлықтары, Орман және Су кодекстері, Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары туралы, Жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану туралы зандар және басқа актілер). Мұндай талаптар шаруашылық қатынастарға шаруашылық зандылықтар арқылы оларды экологизациялау жолымен әсер етеді. Сондытан да, екінші топқа экологиялық талаптарды көрсететін шаруашылық заңдылықтары, басқа салалар заңдылықтарының құқытық нормаларынан тұрады. Экологиялық-шаруашылық нормалар негізінде табиғатты қорғау императивтері іске асатын техникалық нормалар мен стандарттар әзірленеді. Көрсетілген нормалар мен стандарттар өндірістік және басқа да объектілерді қолдану, жоспарлау, жобалау, құрылысын жүргізу және пайдалану кезінде қолданылады.
Бұл нормалар тобы қоршаған ортаның құқықтық механизмінін бір жағын ашады, оның басқа жағы кепілдік жүйесі болып табылады. Оған жататындар: экономикалық кепілдіктер (жоспарлау, ьшталандыру), ұйымдық (басқару, бақылау), заңдылық (жауапкершілік), идеологиялық (тәрбиелеу).
Атмосфералық ауа қоршаған табиғи ортаның негізгі өмірлік маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Атмосфера космостық зиянды сәулелерден қорғайды, жалпы планетаның және жергілікті бір жердің климатын анықтайды, адамдардың денсаулығына, еңбек қажеттілігіне, өсімдіктер және жануарлар әлемінің өмір сүруіне манызды әсер етеді. Атмосфералық ауа сонымен қатар геологиялык, экологиялык, қорғаныс және бас - қа да функциялар атқарады. Атмосфералық ауаның өмір үшін маңызы мен қызметін ескере отырып, мемлекет құқықтық, және басқа да әдістерді қолдану арқылы оны қорғауға үлкен көңіл бөледі. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау мешекетпен, коғамдық үйымдармен, мекемелермен, кәсіпорындармен, сонымен қатар азаматтармен құқықтық нормаларды қолдану және зандарды бекіту негізінде жүзеге асырылады. Бұл нормалар қоғамның экологиялық экономикалық мәдени -- сауықтыру қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында атмосфераның оттегі қорын және басқа да пайдалы қасиеттерін ұтымды пайдалану мен өндіруге, ауаның, газ құрамының орнықтылығы мен табиғи жағдайын сақтауға бағытталған ескерту, тыйым салатын, қалпына келтіретін, жазалайтын шаралардан тұрады.
Қазақстан Республикасында 1981 жылы қабылданған Ат - мосфералық ауаны қорғау туралы заңның әлі де зандық күиі бар. Бұл заңда атмосфералық ауаны қорғау шаралары қарастырылған. Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында ластайтын заттарды сыртқа шығарудың шекті нормалары көрсетілген. Атмосфералық ауаны қорғауға байланысты шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру үшін атмосфералық ауаға теріс әсер тигізетін объектілер (мемлекеттік есепке алынады) және атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың түрлері мен молшері мемлекеттік есепке алынады. Заңда атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтың негіздері көрсетілген. Бұндай заң бұзушылықтар үшін тәртіптік, азаматтық әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көрсетілген.ҚР Жер туралы Жарлығына сәйкес меншік және жер пайдалану объектісі (жылжымайтын мүлік) болып табылатын табиғи шаруашылық жүргізу объектісі.
Жер деген түсінікті әртүрлі мағынада қарау керек; ол біріншіден планета ретінде, екіншіден планетаның беткі қабаты ретінде, үшіншіден планетаның жер қыртысы ретінде қарауға болады. Жердің табиғи компонент ретінде ерекше маныздылығын ескере отырып, жерді құқықтық қорғау оның мемлекет меншігінде ме, әлде азаматтардың меншігінде ме оған қарамастан жүзеге асырылады. Жер біртүтас жалпы халықтық байлық ретінде ҚР Конституциясында көрсетілгендей, құқықтық қорғау объектісі болып табылады.
ҚР Президентінің Жер туралы жарлығынын 103-бабында жерді қорғаудың мақсаты мен міңдеттері көрсетілген. Яғни, жерді қорғау қоршаған табиғи ортаның бөлігі ретінде жерді қорғауға,жерді ұтымды пайдалануға, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан жердің негізсіз алынуын болдырмауға, сондай-ақ топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық үйымдық экономикалык, технологиялық және басқа шаралар жүйесін қамтиды.
Жерді қорғаудың мақсаттары:
1) өндірістік экологиялык қауіпсіз технологияларын көтермелеу және орман -- мелиоративтік шараларын жүргізу жолымен жердің тозуы мен бүлінуін, шаруашылық қызметінің басқа да қолайсыз зардаптарың болдырмау;
2) тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
3) жерді ұтымды пайдаланудың экологиялық нормативтерін практикаға енгізу болып табылады.
Жерді құқықтық қорғау ауыл шаруашылык, жерлері қорын сақтауға толырақ кұнарлығын арттыру мен сақтауға бағытталған. Көп жағдайда жерді ұтымды пайдалану жерді қорғаудың ең жақсы әдісі болып табылады. Кең мағынада жерді қорғау, бұл -- жерді ұтымды пайдалану; ландшафтың әдемілігі мен рекрецялық бағалылықтарды сақтау; жерді ауыл шаруашылық емес мақсаттар үшін негізсіз алып қоюдан қорғау; жерге меншік құкығы мен жер пайдалану құқығын қорғаудың біртұтастығы.
Табиғат ортасынын біртұтас жүйесінде жер қойнауы жермен тығыз байланысты элемент болып табылады. Жер қойнауы дегеніміз -- топырақ қабатынан ол жоқ болса -- су бетінен жөне су қоймаларыныа түбінен томен орналаскан, ғылыми-техникалык прогресті ескере отырып жер коіінауын пайдала - ну жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке созылған жер кьтртысыньщ бөлігі. Міне ҚР Президентінің Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлығында осындай анықтама берілген. Осы жарлықта қоршаған табиғи орта мен жер қойнауын қорғау міндеттері көрсетілген. Жер қойнауын және табиғи ортаны қорғау:
1)халықтың денсаулығы мен өмірін қорғау;
2)пайдалы қазбаларды тиімді және кешенді пайдалану;
3)табиғи ландшафтарды сақтау және бүлінген жерлерді,
4)өзге де геоморфологиялық кұрылымдарды қалпына келтіру;
5)жер сілкінуді, көшкінді, су басуды, топырақтың отыруын болдырмау мақсатында жер қойнауының үстіңгі бөліктерінің энергетикалық жайкүйін сақтау бағыттарына негізделген құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық, технологиялык жүйелерді және басқа шараларды қамтиды.
Жер қойнауының экономикалық және халық шаруашылық мәні, оны қорғаудың көптеген бағыттарын белгілейді.
- Жер қойнауын қорғаудың бірінші бағыты, жер қойнауына немқұрайлы қараудын алдын алу, барлау және өндіру кезінде, оны тиімді пайдалану негізінде пайдалы қазбалардың, қорларынын азаюын ескерту болып табылады;
- Жер қойнауын қорғаудың екінші бағыты, олардың ластануына ескерту жасау, сонымен қатар, зиянды қалдықтармен және кір сулармен ластанбаған жер асты сулары, минералды кайнар көздері мен пайдалы қазбалары бар жерлерді ластанудан сақтау;
- Жер қойнауын қорғаудың үшінші бағыты, табиғат ортасына жөне қоршаған ортаның кейбір бөліктеріне зиянды әсерлерден қорғаудан көрінеді, олпайдалы қазбаларды пайдалануда топырактың жоғары қабатының ластануы мен бұзылуынан, жер асты сулары айналымының бұзылуынан көрініс табады;
- Жер қойнауын қорғаудың төртінші бағыты, ерекше жер қойнауының объектілерін, табиғи ескерткіштер және мәдени ескерткіштерін, емдеуге және демалуға арналған жерлерді корғаудан көрініс табады. Жер койнауын құқықтық қорғау жер қойнауын қорғау және тиімдіпайдалану, минералды ресурстардың азаюының алдын алу, жер койнауын қалдықтармен және
басқа да заттармен ластауды құқықтық реттейтін құқық нормаларын шығару мен қолдану негізінде жүзеге асырылады.
Су -- ерекше экологиялық функцияны орындайтын орны толмас табиғат байлығы. Су адам өмір сүруін, табиғаттың тіршілік етуі мен дамуын қамтамасыз ететін табиғат ресурстарына жатады. Ол адамның, барлық аңдар мен өсімдіктердің клетка құрамына кіреді. Су аса маңызды экономкалық орын алады. Біздің мемлекетімізде су пайдаланудан бірінші орында ауыл шаруашылығы, ал екінші орында өндіріс пен энергетика, үшінші -- коммуналдык шаруашылық. ҚР Су кодексіне сәйкес мемлекет аумағындағы барлық су Қазақстан Республикасының су қорын құрайды. Су қоры мыналарды қамтиды: өзендер, көлдер, батпактар, тоғандар, су коймалары, басқа да жер бетіндегі су ресурстары, соддай-ақ каналдар мен магистралды су құбырларының сулары, жер астындағы сулар, мұздықтар.
Барлык су табиғат жүйелерінің экологиялық тұрактылығын бұзуы, халықтың денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ бар - лық қорларының азаюына, судың физикалық, химиялык, биологиялық касиеттерінің өзгеруі, олардың табиғи толығу, тазару қабілетінің төмендеуі, судың гидрологиялық және гидрогеологиялық режймінің бұзылуы салдарынан сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауына және басқа қолайсыз құбылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғалуға тиіс.
Суды қорғау судын ластануын, былғануын және сарқылуын болдырмауға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құкықтық және басқа шаралар жүйесін қамтиды.
Орман -- бір-біріне жақын өсетін бір түрлі немесе көп түрлі ағаш өсімдіктерінен және биологиялық жағынан өзара байланысты, бір-біріне және сыртқы ортаға ықпал жасайтын басқа да көптеген организмдерден тұратын табиғи кешен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылы 23 қаңтарда қабылданған Орман кодексі бойынша орман қоры жерлері құрамында мынадай жерлер болады:
1)орманды жерлер (ағаш өскен, сондай-ақ ағаш өспеген -ағаш кесілген жерлер, өртеңген жерлер, ағашы селдір жерлер,аланқай жерлер, бос жерлер, тұтаспаған орман дақылдары және басқалары);
2)ормансыз жерлер (ауыл шаруашылығынын пайдаланатын жерлері, жолдар, кварталдык орман жолдары, өртке карсы жарма жерлер және басқалары).
Қазақстан Республикасында барлық ормандар сақталуға және қорғалуға жатады, Ормаңдарды сақтау мен қорғаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері мыналар болып табылады:
1) орман өрттерінің алдын алу, одарды дер мезгілінде анықтау және сендіру жөніңдегі шараларды жүргізу;
2) ормандарды заңсыз кесуден, зақымдаудан, талан-таражға салудан және баска орман талаптарын бұзудан сактау, сондай-ақ орман қорының жерлерін сактау;
3) орманның зиянкес жәндіктері мен ауруларының ошақтарын дер кезінде анықтау және оларға қарсы күрес;
4) ормандардың сақталуын, қорғалуын, ұлғайта өсірілуі мен ұтымды лайдаланылуын қамтамасыз ететін баска да іс-әрекеттер.
Құқықтық қорғау -- бұл жануарлар әлемін қорғаудағы міңдеттемелерді орындаудың бір өдісі, құқықтық нормаларды қолдану мен шығарудың еркін білдіру, тұтастығын сактауға бағытталады, жануарлар қауымының табиғи көптүрлілігі, оларды тиімді пайдалану мен ұдайы өндіру болып табылады.
Жануарлар әлемі қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде қоршаған ортаның басқа бөліктерімен тұракты экологиялық байланыстағы және табиғи бостандықтағы барлык жер бетіндегі және судағы жануарларды қамтиды. Жануарлар дүниесін қорғау;
1) жануарлар дүниесін корғау, ұтымды пайдалану мен үдайы
өндіру жөніндегі нормалар мен ережелерді бекіту;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға шек қою және тыйымсалуды бекіту;
3) жануарлар дүниесін өз еркімен пайдаланудан және падалану тәртібін бұзудан корғау;
4) жануарлардың мекен ету ортасын, көбею жағдайларын және жануарлардың көшу жолдарын қорғау;
5) жойылу қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар
түрлерін көбейту;
6) жануарлар ауырған жағдайда, табиғи апаттар және басқа
да салдардан өлім қаупі туған кезде, оларға көмек көрсету:
7) жануарлар дүниесіне адамдардың адамгершілік қатынаспен қарауына тәрбиелеу.
2.2 Экологиялық құқықтың түсінігі, экологиялық қатынастардың жалпы сипаттамы және түрлері. Экологиялық құқықтық қатынсатардың субъектісі мен объектісі;
ҚР-ның экологиялық құқығы -- айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экологиялық құқықтың мәні -- бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Экологиялық қатынастар дегеніміз -- бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.
Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз -- айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.
Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.
2. Шетелдік мемлекеттер -- Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).
3. Заңды тұлғалар.
4. Жеке тұлғалар.
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.
ҚР-ның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқықтық қатынастар
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Аграрлық құқықтық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеу тетігі
Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі
Мамандықтың пәндер каталогы
Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі
Құқық түрлері
Пәндер