Жас ерекшелік физиологиясы



1.Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні оның даму тарихы.
2. Организмнің өсіп дамуы, жас кезеңдері, антропометрия әдісі.
3. Жүйке жүйесінің физиологиясы, құрылысы, қызметі, вегетативтік жүйке жүйесі. Жүйке жүйесінің дамуы, гигиенасы.
1.Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні оның даму тарихы.
Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің организмінің жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы- жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән, мұның оқытатыны балалар мен жас өспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері, олардың жекеше дамуының қалыптасу заңдылықтары және тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функцияларының ерекшеліктері. Бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигена мен медициналық гигиена, биохимия, психология, педагогика, цитология, генетика т.б. биологиялық және табиғат тану ғылымдарының табыстарына сүйенеді. Жасқа сай физиология мен гигиена- жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты етіп өсірудің негізі. Ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады, еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: 1.Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні оның даму тарихы. 2. Организмнің өсіп дамуы, жас кезеңдері, антропометрия әдісі. 3. Жүйке жүйесінің физиологиясы, құрылысы, қызметі, вегетативтік жүйке жүйесі. Жүйке жүйесінің дамуы, гигиенасы.

Орындаған: Қонысбекова Жадыра қя-413 тобының студенті
Тексерген: Кунанбаева Нургуль Сериковна

Семей қаласы 2015 жыл

1.Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні оның даму тарихы.
Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің организмінің жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы- жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән, мұның оқытатыны балалар мен жас өспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері, олардың жекеше дамуының қалыптасу заңдылықтары және тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функцияларының ерекшеліктері. Бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигена мен медициналық гигиена, биохимия, психология, педагогика, цитология, генетика т.б. биологиялық және табиғат тану ғылымдарының табыстарына сүйенеді. Жасқа сай физиология мен гигиена- жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты етіп өсірудің негізі. Ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады, еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды.
Жас ерекшелігі физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінінің міндеттеріне келесі мәселелер жатады:
1. Педагогтар мен тәрбиешілерге аса қажетті балалар мен жас өспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін беру.
2. Өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру.
3. Оқыту мен тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстыру.
4. Сезім,қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу сияқты функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру.
5. Болашақ мамандарды балалар мен жастардың, жалпы адам организмінің жас ерекшеліктерімен дұрыс білуге үйрету.
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының маңызы- еліміздің болашақ азаматтарын қазақ халқының мүддесін қорғай алатын білімді, өнерлі, еңбекқор, , жан-жақты дұрыс өсіп дамыған балалар мен жастар етіп тәрбиелеу мен оқыту.
Жасқа сай физиология адам және жануарлар физиологиясының үлкен бір саласы. Физиология ғылым организмнің тіршілігін, оның мүшелері мен торшаларының қызметін зерттейтін, олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Физиология ғылымы организмнің жеке мүшелерін белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың қызметтерінің бір-бірімен қарым-қатынастарын сол тұрғыдан қарастырады.
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы пәні педагогика ғылымымен байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің заңдарына сүйене отырып, оқу - тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.
Жасқа байланысты физиология мен гигиена балалар мен жас өспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады. Барлық тірі организмдердің құрылысы мен қызметі тығыз байланыста болады. Дененің, оның мүшелерінің, ұлпаларының жеке клеткаларының құрылысын білмей, олардың қызметін дұрыс анықтап білу мүмкін емес. Сондықтан жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасыадам анатомиясы ның, гистологиясы мен цитологиясының ғылыми жетістіктерін кеңінен пайдаланады. Жасқа сай физиология негізінде анатомия мен физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкен саласы. Алғашқы зерттеулер нәтижелері ауру адамдарды емдеуге байланысты алынған. Ал ауру балаларды дұрыс емдеу үшін оның организмінің қалыпты құрылысы мен қызметін білу керек, яғни жасына сай анатомиялық және физиологиялық байқауларды қажет етеді. Сондықтан көне Греция мен рим империясындағы тәуіптер мен дәрігерлер адам организмінің құрылысына қоса оның қызметін де зерттей бастаған.
Қазақстанда физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан басталады. Бұл жылы профессор А.П. Полосухин Алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес Одағының Қ.И. Сатпаев ашқан Ғылым академиясының қазақ филиалында физиология секторын, 1945 жылы физиология ғылыми-зерттеу институтын ашуға ат салысты. Содан кейін республикамыздың жоғары оқу орындарындағы физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады;
Басқа ғылымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т.б.
Бақылау әдісі- сыртқы ортаны танудағы әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланылады. Бірақ оны лабораториялық және табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса ол бала организміндегі физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И.П.Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды Дегенмен балалардың миының қызметін зерттеген кезде бұл әдіс басқа зерттеу әдістерімен бірге организмнің жас ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.
Табиғи тәжірибе- байқау мен лабораториялық эксперименттің аралық түрі. Мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты табиғи жағдайда қолданады. Айталық, баланың көру қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру талдағышының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтағаннан кейін анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасының дамуы
Өсу мен даму антропометриясы
Көру анализаторының құрылысы
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Көз және оның гигиенасы
Физиология ғылымы
Орталық жүйке жүйесінің жеке физиологиясы
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің оқұ-әдістемелік кешені
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық және ортаның ролі
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Пәндер