Бетон және темірбетон өндірісі



І. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
ІІ. Өндіріс туралы мағлұмат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
ІІІ. Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
3.1. Бұйымның номенклатурасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
3.2. Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау . . . . . . . . . . . 11
3.3. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
3.4. Материалдық балансты есептеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
3.5. Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу.21
3.6. Қондырғылардың өнімділігі және саны. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .23
3.7. Сапаны бақылау шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .26
3.8. Жобаның технико . экономикалық көрсеткіштері. . . . . . . . . . . . . . . 29
IV. Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
Қауіпсіздік техника шаралары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
V.Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 33
VI. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34
VII. Графикалық бөлім:
Технологиялық схема.
Қазақстан Республикасының "Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасында" Қазақстан Республикасы Президенті былай деген:
«Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай – ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені тұтастай алғанда ел экономикасына және маңыздылығы жағынан кем түспейтін әлеуметтік сала жағдайына зор әсер етеді.
Құрылыстың басқа саладан ерекшеленетін және құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың айрықша нысандарын қажет ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл – құрылыс объектілерінің қайталанбаушылығы, құрылыс өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс үдерісіне қатысушылардың алуан түрлілігі, капиталдың салыстырмалы түрде баяу айналушылығы мен тәуекелдің жоғары дәрежесі.
1. Қ.Бисенов, А.Кулибаев « Сәулеттік материалтану», Алматы 2006 жыл «ИздатМаркет» 384 - 393 беттер.
2. С.С.Үдербаев «Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі» Қызылорда 2007 жыл, «Тұмар» 89 – 124 б.
3. Баженов Ю.М., Комар А.Г. «Технология бетонных и железобетонных изделий.» Учебник для вузов. – М: Стройиздат, 1984 – 672 б.
4. Цителаури Г.И. «Проектирование предприятий сборного железобетона.» Учебник для вузов. – М: «Высшая школа», 1986 – 312 б.
5. Комар А.Г. «Строительные материалы и изделия.» Москва :«Высшая школа» 1988 – 527 б.
6. Баженов Ю.М. «Технология бетона.» Учебник – М: Издательство Ассоциации строительных вузов, 2002 - 500 б.
7. Орлов Г.Г. Охрана труда в строительстве. М: «Высшая школа», 1984
8. . Соловьев В.И., Есиркепов А.Б., Изжанов М.М., Сейкетов Б.Б. Проектирование предприятий сборного железобетона. Учебное пособие. – Алма-Ата, 1987 – 70 б.
9. « Бетон технологиясы ІІ» пәнінен әдістемелік нұсқау

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
3

Мазмұны

Бет

Жобаға берілген тапсырма . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2

І. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
ІІ. Өндіріс туралы мағлұмат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
ІІІ. Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
3.1. Бұйымның номенклатурасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
3.2. Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау . . . . . . . . . . . 11
3.3. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
3.4. Материалдық балансты есептеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
3.5. Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу.21
3.6. Қондырғылардың өнімділігі және саны. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .23
3.7. Сапаны бақылау шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .26
3.8. Жобаның технико - экономикалық көрсеткіштері. . . . . . . . . . . . . . . 29
IV. Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
Қауіпсіздік техника шаралары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
V.Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 33
VI. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34
VII. Графикалық бөлім:
Технологиялық схема.

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
4

І. Кіріспе Қазақстан Республикасының "Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасында" Қазақстан Республикасы Президенті былай деген:
Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай - ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені тұтастай алғанда ел экономикасына және маңыздылығы жағынан кем түспейтін әлеуметтік сала жағдайына зор әсер етеді.
Құрылыстың басқа саладан ерекшеленетін және құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың айрықша нысандарын қажет ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл - құрылыс объектілерінің қайталанбаушылығы, құрылыс өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс үдерісіне қатысушылардың алуан түрлілігі, капиталдың салыстырмалы түрде баяу айналушылығы мен тәуекелдің жоғары дәрежесі.
Өнеркәсіп және азаматтық құрылыстар мен ғимараттардың сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдануды алдын ала болжайды.
Құрылыс материалдары өнеркәсібі - бұл шамамен 20 дербес салаларды қамтитын кешенді сала, олардың көпшілігінің құрамында бірнеше өндірістер бар, бұл ретте әрбір сала жалпы құрылыс материалдары нарығының жиынтығын құрай отырып, өз нарығын қалыптастырады.
Қазақстанда цемент, құрастыру темірбетонын , керамика тақташаларын, жылу оқшаулағыш материалдарын, лактарды, бояуларды, тұсқағаздар мен басқа да бұйымдарды өндіру бойынша кәсіпорындарды қайта жарақтандыру төмен қарқынмен жүзеге асырылуда. Жеке машина жасау дамымаған, жүк көтеру және құрылыс машиналары, көтеру - көлік тетіктері, технологиялық жабдықтар, санитарлық - техникалық бұйымдар, әйнек өндіру зауыттары жоққа тән.
Бүгінгі күні құрылыс материалдарының отандық өнеркәсібі Қазақстанның құрылыс кешені қажеттіліктерінің бір бөлігін ғана қанағаттандыра алады және осының салдарынан құрылыс материалдарының барлық түрлері бойынша тапшылыққа жол бермей, нарықтағы елеулі үлесті импорт өнімі иеленеді.
Күрделі құрылысты индустриялаудағы айтарлықтай жетістіктер ең алдымен бетон және темірбетон бұйымдарының кеңінен қолданылуымен тікелей байланысты.

Темірбетон ең алғаш Францияда жасалды, бастапқы кезде одан Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
5

қарапайым бұйымдар дайындалды: терезе мен есік маңдайшалары, іргетастық блоктар, жабылым плиталары. Кейінірек ғимараттың кейбір элементтерін темірбетоннан құймалы әдіспен дайындай бастады. Өзінің шығармашылығын темірбетонның эстетикалық қасиеттерін анықтауға арналған тұңғыш сәулетші О. Перре болды.
Қазіргі кезде, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларының толып жатқан номенклатураларын жасап шығаратын көптеген өнеркәсіп орындары бар.
Бетон және темірбетон конструкциялары өнеркәсіптерінің дамуы өнеркәсіп жағынан өркендеген басқа елдердегі даму тәжірибесі мен өрлеу дәрежесіне сәйкес келеді және бірқатар көрсеткіштері бойынша дүниежүзілік жетістіктер деңгейіне жоғарыланған.
Қазір бетон және темірбетон неше түрлі үй және ғимараттарды тұрғызу үшін кеңінен қолданылатын материалдар мен бұйымдар. Бұдан былайғы уақытта да, олар құрылыстың барлық сатысында ең көп қолданылатын маңызды материалдар, бұйымдар және конструкциялар болып қала беруінде күмән жоқ.
Бетон құрылыста кеңінен қолданылудағы бастапқы негіз, ол байланыстырушыны және толтырғыштары өндіруге қажет табиғи шикізаттың таусылмас қорының барлығы; байланыстырушы мен толтырушыны жасау үшін өнеркәсіп өндіріс қалдықтарын пайдаланудың экологиялық маңыздылығы; түрлі толтырғыштарды, оның ішінде жасанды кеуекті толтырғыштарды қолдана отырып, бетон орташа тығыздығын кең аралықта өзгерту мүмкіншілігі; азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстардың , оның ішінде жерастында, суастында және суүстінде пайдаланатыны, ғимараттардың қатаң және түрлі талаптарын қанағаттандыру мүмкіншілігі. Темірбетон конструкцияларына қажетті архитектуралық және пайдаланарлық қасиеттерін беру мақсатында қолданатын көптеген құрылыс және өңдеме материалдарымен бетонның сыйысушылығы.
Бетон және темірбетон конструкцияларының беріктілігі мен мәңгілігінің жоғарылығы, олардың жоғары температура және агрессивтік орта әсерлеріне тұрақтылығының жоғарылығы, су астында бетонның қатайып мықтылығын жоғарылататын қабылеті, бетонның және темірбетонның үйлерді, ғимараттарды және конструкцияларды арналуына және пайдалануына сәйкестендіре салу және тұрғызу мүмкіншілігі құрылысшыларды ертеден қызықтырған.

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
6

ІІ. Өндіріс туралы мағлұмат

Біздің елімізде өндірістік және азаматтық құрылыста 90 % шамасында бірыңғай типті темірбетон конструкциялары қолданылады. Яғни завод талабында технологиясында дайындалған бұйымдар. Бұл талаптарға бұйымның шекті салмағы, оның пішіні және өлшемі, армирлеу түрі және т.б.
Әртүрлі бұйымдар мен конструкцияларды дайындау әдісі номеклатураға, әрбір әдістің технологиялық ерекшеліктеріне және өндіріс көлеміне байланысты таңдалынады. Өндіріс әдісінің ең маңызды көрсеткіші болып бұйым өндірісінің техника-экономикалық көрсеткіші болып табылады.
Темірбетон бұйымының номеклатурасы көп. Өндірістің негізгі шарты болып бұйым түрлерінің максимальді қысқаруы табылады.
Темірбетон конструкциялары келесідей болып жіктелінеді: қолдану аясы бойынша - өндістік, тұрғын-азаматтық және құрылыстың басқа да түрлеріне; ғимараттар мен үймереттерде тағайындалуы бойынша - іргетас, жабын, қабырға және т.б. элементтеріне; геометриялық формасы бойынша - тақталық, блоктық және т.б.; көлденең қимасының құрылымы және формасы бойынша - тұтас, қуысты, қабатты, массивті және т.б.; армирлеу сипатына байланысты - бетонды және темірбетонды, бетон түріне байланысты - ауыр, жеңіл, ұялы.
Біртектес бұйымдар типтік өлшеміне, маркасына байланысты бөлінеді.
Дайындау технологиясы бұйым формасына, оның габаритіне және салмағына, бетон түріне және армирлеу сипатына байланысты анықталады.
Кәсіпорынның рентабельділігін қамтамасыз ететін оптимальді қуаты қаржының жұмсалуымен, өнімнің өзіндік құнымен, транспорт шығынымен онықталады.
Құрылыстың белгілі бір түріне (тұрғын, өндірістік) арналған комплекті өнім шығаратын темірбетон зауыттың өнімнің белгілі бір түрін дайындайтын экономикалық жағынан тиімді бірнеше технологиялық линиясы болады.
Номеклатураға және дайындалатын өнім түріне байланысты құрама темірбетон өнеркәсібі кәсіпорынның келесідей түрлеріне бөлінеді: мамандандырылған - үй құрылысы комбинаттары (ДСК); үй құрылысына арналған іріпанельді цехтар мен заводтар (КПД); үй құрылысына арналған көлемді-блокты зауыттар (ОБД); зауыт құрылысы комбинаттары (ЗСК); ауылдық құрылыс комбинаттары (ССК); тар көлемде мамандандырылған зауыттар және арнайы тағайындалған бұйымдар мен құбыр, ЛЭП опоры, шпал өндіретін цех , темірбетон бұйымдарының универсальды зауыттары, өндіріс кәсіпорындарының комбинаттары, темірбетон бұйымдарының комбинаттары.
Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
7

Мамандандарылған кәсіпорындар типтік ғимараттар мен үймереттерді монтаждау үшін сериялық бұйымдар мен конструкциялар шығарады. Осындай кәсіпорындардың жекеленген технологиялық линиялары толық мамандандырылған. Үй құрылысы комбинаты әр түрлі тұрғын үйлерге арналған комплекті бұйымдар мен конструкциялар шығарады - сыртқы және ішкі қабырға панельдері, жабын тақталары, санитарлық-техникалық кабиналар, баспалдақтар, сондай-ақ олардың монтажын шығарады.
Біздің елде ірі панельді үй құрылыстары өте көп және қуаттылығы жылына 9-16 қабатты үй салуға есептелген 100-140 мың м2 үй ауданы комбинатының жобасы жасалды.
Үй құрылысына арналған көлемді-блокты зауыттар тұрғын және қоғамдық ғимараттарының құрылысы үшін көлемді темірбетон элементтерін дайындайды. Зауыт құрылысы комбинаттары бірыңғайландырылған номеклатурада құрама темірбетон конструкцияларын өнеркәсіптік ғимараттарға өндіруде: фермалар, кранасты бөренелер, бағаналар, қабырға ж әне жабын тақталары және т.б. осындай кәсіпорындардың қуаттылығы жылына 200 мың м3 құрама темірбетон бұйымдары.
Тар көлемде мамандандырылған зауыттар стандартты, бір түрлі темірбетон конструкцияларын шығарады. Мұндай зауыттарға темірбетон шпал зауыты, ЛЭП және т.б. жатады. Мұндай заары сапалы материалдан жасайды.
Универсалды зауыттар мен полигондар кең көлемдегі номеклатурада әр түрлі бұйымдар шығарады. Мұндай зауыттарда жабдықтар аз механизацияланған, мамндандырылған қондырғылар аз болып келеді.

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
8

ІІІ. Технологиялық бөлім
3.1.Бұйымның номенклатурасы

Темірбетон - бетоннан және болатты арматурадан, монолитті жалғанған және конструкцияда тұрақты жұмыс жасаушы бұйым.
Құрама темірбетон бұйымдарын және конструкцияларын негізінен сызықты, жазықты, блокты және көлемді етіп шығарады. Сызықты түріне бағаналар, фермалар, ригельдер, балкалар, прогондар; жазықты түріне - жабын плиталары, қабырға панельдері және қоршаулар, бункерлер мен резервуарлар қабырғалары және т.б.; блокты түріне - массивті іргетастар, үй асты қабырғалары және т.б. жатады.
Көліктік жабдықтаудың шарттары бойынша элементтердің ұзындығы ережеге сәйкес 25м аспауы қажет, ені 3м және массасы 25т. Негізінде бұйымдарды пісірілген торлармен, каркастармен және ірілендірілген арматура блоктарымен армирлейді.
Құрама темірбетон конструкцияларын дайындау үшін кең диапазонды бетон қолданылады. Яғни тығыздығы, беріктігі, аязғатөзілімдігі және сусіңіргіштік қасиеті бойынша мықты. Мысалы, көтергіш темірбетон конструкциялары үшін маркасы М150 - М500, тығыздығы 1200 - 2000 кгм3; қоршау контрукциялары үшін М50 - М100 маркалы жеңіл бетондар қолданылады, тығыздығы 700 - 1000 кгм3.
Негізінен құрама темірбетон бұйымдары мен конструкциялар келесі қасиеттер бойынша жіктеледі: бетон түрі, оның тыңыздығы, армирлеу түрі, ішкі құрылуы және атауы, белгіленуі.
Бетон түріне және байланыстырғыштың қолданылуына байланысты цементті бетондар ауыр кәдімгі тығыз толтырғыш, аса ауыр бетондар және кеуекті толтырғыш негізіндегі жеңіл бетондар, ұялы бетондар және арнайы бетондар - ыстыққа, химиялық төзімді, декаративті болып ажыратылады. Тығыздығы бойынша бетондар аса ауыр 2500 кгм3 көп, ауыр бетон тығыздығы 1800 - 2500 кгм3, жеңіл бетондар 500 - 1800 кгм3 , өте жеңіл 500 кгм3 төмен болып жіктеледі. Армирлеу түріне байланысты алдын ала кернеуленген және кәдімгі арматура болып бөлінеді.
Ішкі құрылымына байланысты бетондар біртұтас және қысты, бір бетоннан дайындаоған түрі - бір, екі немесе көпқабатты әр түрлі шикізат түріне байланысты бөлінеді.

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
9

Сыртқы қабырға панельдерін жаппайлармен немесе терезе және есік ойықтарымен, жеңіл бетоннан бір қабатты етіп жасайды.
Бұйым номенклатурасы.

3.1.2. - кесте.

Бұйымның атауы
Бұйым маркасы
Габаритті өлшемдер,мм
Бетон маркасы
Бетон классы
Бетон көлемі, м³
Болаттың шығыны,
кг
Бұйымның массасы, т

L
B
H

Талшықты
Бухталы
Салынбалы детальді

к
Фк

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Сыртқы қабырға панельдері
ПН - 1
5990
320
2900
50
В2,5
2,7
0,4
31
17,8
2,5
3680

ПН - 2
5990
320
2900
50
В2,5
3,3
0,5
29
17,2
2,5
4470

ПН - 3
5990
320
2900
50
В2,5
2,9
0,4
30
17,4
2,5
3970

ПН - 4
3000
320
2900
50
В2,5
1,6
0,2
16
9,2
1,3
2180

ПН - 5
3000
320
2700
50
В2,5
1,2
0,2
16
9,2
1,3
1610

ПН - 6
5510
340
2900
50
В2,5
3,2
0,5
26
15,3
2,2
4240

ПН - 7
4010
320
2900
50
В2,5
3,1
0,4
17
9,6
1,4
4080

ПН - 8
3000
320
2900
50
В2,5
1,3
0,2
16
9,02
1,3
1780

ПН - 9
1400
320
2540
50
В2,5
1,03
0,1
8,3
4,8
0,7
1280

ПН - 10
3000
320
2900
50
В2,5
1,65
0,2
13
7,8
1,1
2200

ПН - 11
3000
320
1240
50
В2,5
0,98
0,1
4,9
2,8
0,4
1310

ПН - 12
5510
320
900
50
В2,5
1,35
0,2
9,4
5,5
0,78
1800

3.1.1 - сурет . Жеңіл бетоннан жасалған қабырғалық панельдер.

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
10

Жеңіл бетоннан жасалған қабырғалық панельдер
3.1.3 - кесте.


Бұйымның маркасы
Өлшемдері,мм
Бетон маркасы
Материал шығыны
Бұйымның массасы,т

L
b
h

Бетон,м3
Болат,кг

1
ПК12.12.25-1-1
11970
1185
250
Жеңіл бетон М 75 -маркалы
3,55
203,311,3
5,25
2
ПК12.12.25-1-2
11970
1185
250

3,55
203,325,48
5,25
3
ПК12.12.25-2-1
11970
1185
250

3,55
256,323,63
5,25

3.1.2 - сурет . Пенополистиролдан жасалған жылытқышы бар үш қабатты қабырға панельдері.

Пенополистиролдан жасалған жылытқышы бар үш қабатты қабырға панельдері.
3.1.4 - кесте.


Бұйымның маркасы
Өлшемдері,мм
Материал шығыны
Бұйымның массасы,т

L
H
B
b
Бетон В20, м3
п.п.п. М 35, м3, кг
Болат,кг

1
ПҚ30.9.3,5
2980
885
350
200
0,42
0,53
26,3
0,97
2
ПҚ30.12.3,5
2980
1185
350
200
0,55
0,71
32,8
1,28
3
ПҚ30.15.3,5
2980
1485
350
200
0,69
0,89
41,4
1,6

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
11

3.2.Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау
Қабырғалық панельдер өндiрiсiнiң технологиялық үдерiсi жеке процесс бiрлестiрiлетiн дербес операциялардың қатарынан тұрады.
Операциялар негiзгi, қосалқы және көлiкке шартты бөледi. Негiзгi операцияларға: бетонды даярлау, араластыру, құрайтын материалдардың әзiрлеу; арматуралық элементтер және дайын қаңқалардың жасау; олардың арматуралануына кiретiн бұйымдарды қалыптау; жылумен өңдеу, босауы және кезектi циклге формаларының әзiрлеуi; бұйымдардың кейбiр түрлерiнiң беткi бетiнiң өңдеу және тағы сол сияқтылар.
Негiзгi технологиялық операциялардың әрбiр кезеңiнде басқа қосалқы операциялар өндiрiп алады: алу және беру, шикiзат материалдары, шикiзаттар және дайын өнiм, дайын өнiмнiң операциялық бақылау және сапаны бақылауы, су, қысылған ауа, электр энергиясы, жинау негiзгi операциялардың орындауы үшiн қажеттi тағы басқа. Көлiкке олардың күйi және форма материалдар, шикiзаттар және бұйымдардың орын ауыстыруы бойынша операция өзгерiссiз әкетедi.
Құрама темірбетон бұйымдарын бірнеше әдістер бойынша өндіреді: стендтік, агрегатты - ағынды, конвейерлі, кассеталы.
Курстық жобада қабырғалық панельдерді өндіру үшін агрегатты-ағынды әдіс тандалды.
Агрегатты-ағынды деп бір стационарлы орыннан екіншісіне жеке немесе комплексті технологиялық операциялар орындауға арналған ағын бойынша орын ауыстыратын жылжымалы қалыпта бұйымды дайындау технологиясын айтады.
Өндірістің агрегатты-ағынды әдісінде қалып пен бұйым сәйкесінше агрегат қондырғылармен жабдықталған технологиялық орындарға крандар мен рольгангтардың көмегімен орналасады. Агрегатты-ағынды технология өзінің ең негізгі артықшылығы әмбебаптығымен және бұйымның әртүрлі түрлеріне тез қайта жөндеуімен кең сызықтың таралымға түскен. Ол кең көлемді шығарылымда өте тиімді.
Агрегатты-ағынды желіде бұйымды қалыптаудың барлық операциялары орындалады. Желінің негізгі орындары - бұйымдарды алдын ала дайындау, қалыптау, жылуылғалдылықты өңдеу және босату.
Алдын ала даярлау орнында қалыптар мен жабдықтарды тазалау, қалыптарды майлау мен құрастыру, қоятын бөлшектер мен арматуралық қаңқаларды төсеу өндіреді, ал алдын-ала стерженьдерді төсеу мен керу - алдын ала кернеуленген бұйымдарда өндіріледі. Фактуралық қабат пен бетон қоспасын нығыздау мен төсеу - қалыптау орнының негізгі тағайындалуы. Мұнда сонымен қатар жоғары арматуралық торларды төсеу, бұйымның сыртқы бетін тегістеу және оларды әсемдеу өндіріледі. Жылуылғалдылықты өңдеу орнында сәйкесінше жылу қондырғыларында бетонның қатуы болады және камерадан қалыптарды бұйымымен алу және оларды распалубкаға беру пайда болады. Распалубка аумағында қатып қалған бетонның бетіне сәндеп өңдеу, бұйымдарды қарау, ақауларды жөндеу, техникалық бақылау бөліміне қабылдау және қоймаға тасымалдау, сонымен қатар келесі айналымға арналған алдын ала дайындау орнына қалыптарды қайтарып алуды өндіреді.
Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
12

Сыртқы қабырға панелдерін агрегатты әдіспен өндіреді. Агрегатты әдіспен өндіруде өнімді діріл алаңында қалыптайды және арнайы жасақталған қалыптау машинасынан тұратын қондырғы - агрегатта, бетон қамырының формасын анықтайтын машиналарда қалыптайды. Агрегатты-ағынды әдіспен өндіру келесі процесстерден тұрады: босату және бұйымды қарау, қалыпты жинау; қалыпты тазалау және майлау, арматуралық қаңқаны орналастыру; қалыпқа бетон қоспасын салу,тарату және нығыздау; бұйымды камераға орнату, жылумен өңдеу және оларды камерадан түсіру.
Өндіріс агрегат - ағынды әдіс көпірлі кран көмегімен бір посттан екінші постқа жылжытып отыратын жылжымалы қалыптарда бұйымдарды шығаруды қарастырады. Агрегат - ағынды әдісінде технологиялық процесс жеке жұмыс орнында белгілі кезекте өндірілетін жеке өндірістік операциялардан тұрады. Агрегатты - ағынды тәсіл икемді технологиялық нобайлар қатарына жатады, ал операцияларды уақыт аралығында жайғастыратын және машиналары мен механизмдер өнімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Бұйымның бір түрін өндіруден екінші түріне ауысу құрал - жабдықтарды ауыстырмай - ақ қалыпты өзгерту арқылы өтуге болады. Бұл әдіс салыстырмалы аз күрделі шығынды талап етеді. Агрегатты - ағынды әдістің кемшіліктері болып бірқатар қол операцияларын жүргізу қажеттілігі және де шұңқыр камераларда бұйымды жылумен өңдегенде жұмыс режимінің бұзылуы ол өндіріс процестерінің автоматтандырғанда белгілі қиындықтарға әкеліп соғады.

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
13

Технологиялық схеманың жазбасы мен принципиалды схемасы.

Араластыру
Армирлеу
Қалыптан босату
Бұйымды тазалау және майлау
Қалыптау
Арматур қоймасы
Қоймалау

Шикізаттарды дайындау
Жылумен өңдеу

3.2.4. - сурет. Қабырғалық панельді өндірудің технологиялық схемасы

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
14

3.3. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар.
Беріктілік, пайдалану ұзақтылығы және бетонның тағы да басқа қасиеттері шикізат материалдарының сапасына байланысты болады.
Цемент.
Цементтің түрі мен маркасы бетонның беріктілігімен анықталады. Ауыр бетондар үшін келесі цемент маркалары ұсынылады:
Егер цементтің маркасы бетонның маркасынан жоғары болатын болса, онда микротолтырғыштар қолдану керек, яғни майдаланған тау жыныстары мен өндірістік қалдықтар (доменді шлактар, күлдер және тағы басқа).

Бетон маркасы, класы және цемент маркасының бетонға тәуелділігі.

3.3.1. - кесте.

Бетон класы
В 7.5
В 10
В 15
В 25
В 30
В 40
В 45
Бетон маркасы
М
100
М 150
М 200
М 300
М 400
М 500
М 600
Цемент маркасы
300
300
400
400
500
550-600
600

Әртүрлі жылу ылғалдылық жағдайында қатаятын бетондар үшін цемент таңдағанда, цементтің минералогиялық құрамын, майдалау жұқалығы мен құрамындағы минералогиялық және тағы басқа толтырғыштарды ескерген жөн.
Су.
Бетон араласпасын дайындау үшін және бетонға су себу үшін құрамында зиянды химиялыө қоспалар жоқ ауыз су мен табиғи су қолданылады. Зиянды химиялық қоспаларға: сульфаттар, минералды және органикалық қышқылдар, майлар және тағы басқа жатады. Өндірістік, ағынды және шалшықты суларды пайдалануға болмайды. Бетон үшін судың жарамдылығын химиялық анализ арқылы анықтайды, сонымен қатар бетон үлгілерін беріктікке сынау арқылы анықтайды. Егер 28 тәулікте қатайған, бетон үлгісінің беріктілігі, кәдімгі ауыз судан жасалған бетон үлгісінің беріктілігінен жоғаоры болса онда бетон дайындауда пайдаланылатын су жарамды деп есептелінеді.
Құм.
Қатты тау жыныстарының қирау нәтижесінде пайда болған дәндерінің ірілігі

Өз.
Бет
№ құжат
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрама темірбетон бұйымдарымен конструкциясы
Бетон және темірбетон бұйымдары мен құрылымдары
Қабатты сыртқы қыбырғалық панельдерді конвейерлік әдіс бойынша өндіретін цех
Конвейерлі әдіс бойынша аглопориттібетоннан сыртқы бірқабатты панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 20 мың м3
Құрылыста және құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
Жабын тақта цехы
Темірбетон бұйымдарын арматуралау
Бетон және темірбетон бұйымдары мен конструкциялары
Материалдың немесе бұйымның эскизі
Топырақ шығарудың жабық әдістері
Пәндер