Халықаралық тасымалдарды рәсімдеу шарттары



1.Халықаралық тасымалдау
2.Тасымалдау шарты
3.Тасымалдауды ұйымдастыру
4.Халықаралық қатынастағы жолаушылар
Халықаралық тасымалдау дегеніміз – мүліктерді немесе жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу. Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың екі тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі.
Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты жүктер мен адамдарды бір жерден екінші жерге апару қажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының, жүк жөнелтушінің, жүкті алушының, жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауды жүзеге асыруда пайда болатын осы қатынастар тасымалдау шартымен негізделген және осы шартпен реттеледі.
Осы тараптар арасындағы кұкықтык қатынастар ең алдымен, олардың өзара жасасқан шартымен және сонымен қатар, осы шартты реттейтін зандылықтармен анықталады. Жолаушы мен тендеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және тендеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Жол жүру билеті мен теңдеме жүк түбіртегінің нысаны көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте белгіленеді.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Халықаралық тасымалдарды рәсімдеу шарттары

Тексерген: Жумадилова Г.А.
Орындаған: Ахметова А.
Тобы: ОП-215

CЕМЕЙ - 2015
Халықаралық тасымалдау дегеніміз - мүліктерді немесе жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу. Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың екі тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі.
Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты жүктер мен адамдарды бір жерден екінші жерге апару қажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының, жүк жөнелтушінің, жүкті алушының, жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауды жүзеге асыруда пайда болатын осы қатынастар тасымалдау шартымен негізделген және осы шартпен реттеледі.
Осы тараптар арасындағы кұкықтык қатынастар ең алдымен, олардың өзара жасасқан шартымен және сонымен қатар, осы шартты реттейтін зандылықтармен анықталады. Жолаушы мен тендеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және тендеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Жол жүру билеті мен теңдеме жүк түбіртегінің нысаны көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте белгіленеді.
Шарт нақты болып табылады және жүк жөнелтушінің жүкті белгілі мекенге жеткізуге тасымалдаушыға беріп, оның осы максатты жүзеге асыруды қабыддап алған сәтінен жасалған деп танылады. Жолаушыны тасымалдауға қатысты шарт жасасқан кезде келісім қай кезден басталатынын анықтау қажет. Құқықтық доктрина және сот тәжірибесі бұл сұрақты шешудің бірнеше жолын ұсынады (билетті сатып алу сәті, көлік құралына отырғызу басталған сәтте және т.с.с).
Халықаралық жеке көлік құқығында тасымалдау шарты екі жақты сипатқа ие және көліктік жабдықтауды қайтарумен байланысты бола бермейді, сонымен қатар, құқықтық доктрина және сот тәжірибесі тасымалдау шартының қайтарымсыздығын білдіреді. Сондықтан әр мемлекеттердегі тасымалдау шартының нақты анықтамасы өзара ұқсас, дегенмен, өзара айырмашылықтарға ие.
Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық тасымалдау талаптарының субъектісі ереже бойынша жеке және заңды тұлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымалдау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын тұлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады.
Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ тасымалдаушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік қызметтері нарығын дамыту
Халықаралық әуе тасымалдарын ұйымдастыру
Халықаралық тасымалдарды рәсімдеу шарттары туралы ақпарат
Халықаралық тасымалдарды рәсімдеу шарттары туралы
Қазақстандағы контейнерлік тасымалдарды дамыту
Контейнерлік тасымалдарды дамыту
Шымкент-Түркістан бағыты бойынша көліктік-экспедициялық қызмет көрсету технологиясын жетілдіру жобасы
Жаппай тасымалданатын жүктердің тасымалдау технологиясы
Көлік қызметтерін реттеу қажеттілігі
Тасымалдау шартының түсінігі
Пәндер