Былғары және мехтің сапасы мен сапаны басқару



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Сапа және сорт
2. Ылғалдылық
3. Ақуызды заттар
4. Майлы заттар
5. Минералды заттар
6. Сумен шайылатын заттар
7. Илегіш заттар
8. Қышқылдылық
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Былғары мен мехтің сапасын анықтайтын қасиеттері төмендегі талаптарға сай болуы керек:
1. Өнімді дайындаған кезде қазіргі заманғы жеңіл өнеркәсіп салалары: тігін, аяқ киім, былғары, былғары галантерея өнімдеріне беріктік термошыдамдылық, белгілі қалыңдық және тығыздық беру керек.
2. Былғары мен мех өндірісінде технологиялық жағынан материал және еңбек, энергия шығындары аз жұмсалуы керек. Тұтынымдық сапасының қасиеттері өнімнің комфорттылығын, эстетиқалық әдемілігін сақтауға және беріктігін қамтамасыз етуі тиіс.

1. Сапа және сорт
Өнімнің сапасын бағалау кезінде оның сорттылығы ескеріледі. Былғары, мех және тондық қой терілерін сорттау, олардың физика-механикалық көрсеткіштерін анықтап, химиялық талдау жасалынғаннан кейін атқарылады.
Б.Қ. Әсенова, Г.Н. Нұрымхан, А.Н. Нұрғазезова. Былғары және мех технологиясы: Оқу құралы. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті - Семей, 2008 – 109 б.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы: Былғары және мехтің сапасы мен сапаны басқару

Орындаған: Орынхан Н.
Тобы: ТК-422
Тексерген: Муслимова Н.Р.

Семей 2015
ЖОСПАРЫ:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Сапа және сорт
Ылғалдылық
Ақуызды заттар
Майлы заттар
Минералды заттар
Сумен шайылатын заттар
Илегіш заттар
Қышқылдылық
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Былғары мен мехтің сапасын анықтайтын қасиеттері төмендегі талаптарға сай болуы керек:
Өнімді дайындаған кезде қазіргі заманғы жеңіл өнеркәсіп салалары: тігін, аяқ киім, былғары, былғары галантерея өнімдеріне беріктік термошыдамдылық, белгілі қалыңдық және тығыздық беру керек.
Былғары мен мех өндірісінде технологиялық жағынан материал және еңбек, энергия шығындары аз жұмсалуы керек. Тұтынымдық сапасының қасиеттері өнімнің комфорттылығын, эстетиқалық әдемілігін сақтауға және беріктігін қамтамасыз етуі тиіс.

Сапа және сорт
Өнімнің сапасын бағалау кезінде оның сорттылығы ескеріледі. Былғары, мех және тондық қой терілерін сорттау, олардың физика-механикалық көрсеткіштерін анықтап, химиялық талдау жасалынғаннан кейін атқарылады.
Сапалық көрсеткіштері болмаған кезде сорттау жүргізілмейді. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің былғарысының сортын анықтау ауданда және ақау кемістігіне байланысты жүргізіледі. Былғары зауыттары жоғары сортты өнімді көп шығарса, өнімнің сорттылық коэффициентті жоғары болады. Сорттылық коэффициентті деп - барлық дайын өнім бағасын ең жоғарғы сортты өнімнің бғасына келтірілген көрсеткішті айтады.
Kc=x1а1+х2а2+х3а3+х4а4х1(а1+а2+а3+а 4)
Мұндағы:
а1 - 1м2 І сортты былғарының бағасы - х;
а2 - 1м2 ІІ сортты былғарының бағасы - х2;
а3 - 1м2 ІІІ сортты былғарының бағасы - х3;
а4 - 1м2 ІV сортты былғарының бағасы - х4.
Мехтің сорты оның түкті жабынының жағдайына байланысты болады. Мехтің сапасын анықтау кезінде сорттан басқа кемістіктері ескеріледі және жеке-жеке есепке алынады. Өнімнің сорттылығын көтеру үлкен маңызды мәселе.
Сапаны бағалау сынақ құралдарына байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Атап айтсақ инструменталды әдіс техникалық құралдардың көмегімен іске асырылса, органолептикалық әдіс керу, ұстап көру арқылы анықталады. Экспертті әдіс мамандардың көзқарасына негізделген де, социологиялық әдіс тұтынушылардың талап тілегін қолдауға негізделген.
Есептеу әдісі басқа әдістерді қолдану арқылы алынған тұжырымдарды есептейді.
Былғары мен мехты, тондық қой терісінің сапасын инструменталды әдіспен бағалаған кезде химиялық талдау жасалынады, микроскопиялық және физикалық- химиялық сынақ жұмыстары жүргізіледі. Бұл әдістердің негізінде терінің химиялық құрамы анықталып, микроқұрылымына сипаттама беріледі және физика-химиялық қасиеттері анықталады. Сапаны тәжірибелік әдіспен бағалау өте сирек қолданылады, себебі бұл әдісті қолдану уақытты көп алады және материал шығынын қажет етеді. Қазіргі кезде былғары мен мехтің сапасын анықтау динамикалық жағдайда сынақтан өткізетін неше түрлі құралдардың көмегімен атқарылады. Бұл құралдар өнімді пайдалану кезіндегі оған әсер ететін күштерді модельдеу арқылы қысқа уақыт ішінде өнімнің сапасын анықтап береді. Оларға былғары мен мехтің беріктігін, созылмалығын, иілгіштігін үйкеліске төзімділігін, су өткізгіштігін және басқа қасиеттерін анықтайтын құралдар жатады.
Лабораториялық жағдайда өнімнің сапасын талдауда, әр өнімнің сапасын жеке-жеке анықтау мүмкін болмағандықтан, математикалық статистика әдісі қолданылады. Сондықтан лабораториялық талдауда оташа сынақ алу үлкен манызға ие. Химиялық талдау жасаған кезде ылғары мен мехтің және тондық қой терісінің ылғалдылығы, минералды және май тектес заттардың мөлшері, көн заты, илегіш заттар, толықтырғыштар, қышқылдылық, талшықтағы негізділік, кей жағдайда ондағы ас тұзы мен ауыр металдар мөлшері анықталады.
Химиялық талдау нәтижесі технологиялық үрдістердің жүру барысы туралы мәлімет береді. Өнімнің химиялық құрамы анықталып болған соң, физикалық-механикалық сыннақ жүргізіледі де сортталады, одан кейін сапасы бойынша категорияларға бөлінеді. Физикалық-механикалық сынақтар, лабораториялық талдаулардың көрсеткіштері өнімнің сапалық негізгі қасиеттерін анықтайды. Мысалы: былғары мен мехтің және қой терісінің киюге төзімділігі, беріктігі, термошыдамдылығы, гигиеналық қасиеттері және басқалары анықталады.
Ылғалдылық
Былғары мен мехтің ылғалдылығын 105-130оС-та кептіргіш щкафта анықтайды. Сол сияқты рентгендік әдіс арқылы, жоғары жиіліктегі электр тоғынын көмегімен де анықтауға болады. Былғары мен мехтің ылғалдылығына ауаның салысырмалы ылғалдылығы әсер етеді жфне ол былғары мен мехтің табиғатына байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Былғары және мехтің сапасы мен оны басқару
Былғары және мехтың сапасы мен оны басқару
Үлбір және тондық терілерінің жартылай фабрикаттарының көрсеткіштері және оларды анықтау және сұрыптау әдістері
Үлбір шикізатын бояу
Қазіргі кезде киім тігу өңдірісінде көптеп қолдаңылатын жануарлардан алынатын шикізаттардың бір түрлері
Аяқ киімге арналған аяқ киімнің сапа көрсеткіштерін бағалау
Қой терісінен жасалған велюрді өңдеу
Сапа және сорт
Мех өңдеу технологиясы оқу құралы
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер