Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-4

І - Тарау. Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары

  1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні мен мазмұны . . . 5-6
  2. ҚР-ның Бюджеттен тыс қорларының қалыптасуы мен

жіктелімі . . . 6-8

ІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының

қызметтерін талдау

  1. Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың қызметін ұйымдастыру . . . 9-10
  2. ҚР-да бюджеттен тыс қорларды қолданудың ерекшеліктері . . . 11-13
  3. Бюджеттен тыс қорлар қызметін жетілдіру

аспектілері . . . 13-15

ІІІ - Тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық

қоры . . . 16-19

Қорытынды . . . 20-21

Қолданылған әдебиеттер . . . 22-23

Қосымша . . . 24-27

Кіріспе

Бюджеттен тыс қорлар жүйесі кез келген қазіргі заманғы мемлекет экономикасының маңызды элементтерінің бірінен саналады, ол кез келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді.

Бюджеттен тыс қорлар - мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Ол тек еркін ақша қаражаттарын шоғырландыруды және оны ресми айналымға салуды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге ақша капиталын салалар арасында аймақаралық қайта бөлінуінің тұтқасы, сондай-ақ елдің шаруашылық жүйесінің есеп айырысу және төлем тұтқаларының маңызды элементі болып табылады.

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1996 жылдан бастап қаржы саясатының мемлекеттік қаржы ресурстарын орталықтандыру жағында өзгерумен байланысты мақсатқа сәйкес емес деп мойындалды: қорлардың қаражаттары ремпубликалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік тәжірибе орталықсыздандырудың және қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына кідіртуге болмайтын бақылауды қамтамасыз ету кезіндегі оларды жедел басқару үшін мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін растайды.

Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал, амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын «арнаулы қорлар» термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.

Ұйымдық жағынан қорлар аппараттың немесе министірліктің басқаруында болады, мұның өзі қаржы ресурстарының оқшауланған бөлігін басқаруға, олардың ұтымды, мақсатты пайдалануына бақылау жасауға мүмкіндік туғызады. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың басқарылуында шоғырландырылған мақсатты қаржыларды басқарып ұйымдастыруға жағдай жасайды: дүниежүзілік тәжірибеде қорларды басқару автономды түрде болады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік органдарына мақсатты қаржыландырудың мәселелерін тез шешуге, ахуалдың өзгеруіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.

Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржы ресурстарының едәуір ауқымы қайта бөлінеді: Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы елдің ішкі өнімінің 10 - 12 пайызына жетті.

Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік - экономикалық мұқтаждарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.

І - Тарау. Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары

1. 1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні

Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.

Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.

Бюджеттен тыс қорлар - мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің мақсатты қажеттіліктерін қанағаттандыруды қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын шоғырландыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып табылады.

1991 жылдан бастап бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік - экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функционалдық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттік қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры (кейін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, нарыққа өту кекзінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлужәне оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық - республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың - Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте - мөте тар мақсатты арналымы болды.

Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың одақтық - республикалық қоры уақытша қызмет етті - бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарымен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.

1. 2. ҚР-ның Бюджеттен тыс қорларының қалыптасуы мен жіктелісі

Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізу субъектілеріне қайтарылмайтын тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қосымша міндеті жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнімнің (пайданың, табыстың) құны есебінен төгілсе, онда кәсіпорындардың экономикалық мүдделеріне тиіп өтеді - ұдайы өндіріс пен тұтынудағы олардың мүмкіндіктерін шектейді (мысалы, 1995 жылға дейін қызмет еткен Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту қорында) . Қорларға аударылатын аударымдардың өнімнің өзіндік қорына жатқызған жағдайда құнның бұл бөлігі баға арқылы тұтынушыға аударылады, сөйтіп бұл жүктемені жалпы қоғам шегеді. Сонымен қатар қорларды құру және пайдалану кезінде қайта бөлгіштік процестер пайда болады, бұл процестер шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігі үшін уақыттың белгілі бір межелдемесінде баламасыз болып табылады, яғни олардың экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіреді. Сол бір мезгілде бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлар арқылы әлеуметтік - экономикалық теңгерімділік пен тұрлаулылық қолдап отырылады, өйткені халықтың жеке топтарын әлеуметтік қолдау, бүкіл экономика немесе аймақтың мүдделері үшін белгілі бір мақсатты бағдарламаларды орындау, әлеуметтік - экономикалық дамуды теңестіру жөніндегі жергілікті және жалпымемлекеттік ауқымдағы мәселелерді шешу мүмкін болады. Бұл орайда бюджеттен тыс қорлардың қызметінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама - қайшылығы көрініп, білінеді. Жалпы бюджеттен тыс қорлардың қызмет етуі, сайып келгенде бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының бұл нысанының әлеуметтік - экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тарамдалған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтердің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандырылуына жетуге мүмкіндік береді.

Бюджеттен тыс қорлар өзінің функционалды - мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте сан қилы.

Бюджеттен тыс қорлар мынадай белгілері бойынша жіктеледі:

мақсатты белгісі бойынша - әлеуметтік (зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры), экономикалық (жол қоры, жер қойнауын қорғау және минералды - шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры), ғылыми - зерттеу, таби, ат қорғау (экологиялық), көші - қон, құқық қорғауға жәрдемдесу, мәдени арналым және тағы басқалары;

басқару деңгейі бойынша - мемлекетаралық, мемлекеттік және аймақтық (жергілікті) .

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгілікті, соның ішінде халықаралық қорлар ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай - ақ бюджеттен тыс қорлар және мақсатты қаржыландыру қорлары болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келеді: жер қойнауын қорғау және минералды - шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл - мезгіл, 1992 - 1996 жылдар бойы, мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан швғарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу процесін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді қамтып көрсетеді.

ІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының

қызметтері

  1. Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың қызметін ұйымдастыру

Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысының ерекшеліктері 1995 - 1998 жылдар ішіндегі Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың іс - әрекетінің мысалында қарауға болады.

Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары қатарында:

  • Зейнетақы қоры;
  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
  • Міндетті медициналық сақтандыру қоры;
  • Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры.

Олардың жұмыс істеуі «Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеліп отырады. Оларда міндетті әлеуметтік сақтандырудың қаражаттары жұмыс берушілердің сақтық жарналары және басқа түсімдер есебінен қалыптасады деп белгіленеді. Жарналардың мөлшері жыл сайын бекітілетін «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленіп, қорлар арасында бөлініп отырады. Бұл нормалар 1998 жылға дейін тұрақты болды және шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларды қоса заңды тұлғалар үшін еңбекақы қорының 30 пайызын құрады, ал шетелдік заңды тұлғалар өкілдіктері үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы қорының бөлігінде құрылды. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ай сайын әрбір қызметтерге бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлеп отырды.

Жарналарды төлеу бойынша мүгедектердің ұйымдарына, еңбекке қабілеттілігі шектеулі адамдарға, ардагерлерге, бірқатар ізгілікті, балалар мен басқа ұйымдарға жеңілдіктер белгіленеді, олардың жарнасының мөлшері еңбекақы төлеу қорының 5 пайызын құрайды.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың аударым сомасы мынадай нормативтер бойынша бөлінеді:

Зейнетақы қорына - 85% (немесе еңбекақы қорының 25, 5 %) ;

Міндетті медициналық сақтандыру қорына - 10% (еңбекақы төлеу қорының 1, 5% ) .

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жұмыс берушілердің еңбекақы қорының 2% мөлшерінде міндетті сақтық аударым жарналары есебінен құрылды. Бюджет мекемелері, ауған - мүгедектер қоғамдары, қызыл жарты ай мен қызыл крест қоғамы, бірқатар балалардың қайырымдылық ұйымдары үшін жарналардың мөлшері 1% болып белгіленді. Мылқаулар, зағиптар мен мүгедектер қоғамының ұйымдары қорға жарна төлеуден босатылды.

Жоғарыда аталған қорларды қалыптастыруға аударылған қаражаттардың аударылымдарын заңды және жеке тұлғалар, ұйымдар мен мекемелер өндіріс немесе айналыс шығындарына қосып, өнім, жұмыстар, қызметтер көрсетудің өзіндік құнына жатқызды.

Әлеуметтік арналымның қорларын қалыптастыруға басқа көздердің қаражаттары бағытталып отырды:

мемлекеттік бағалы қағаздарға бос қаражаттарды орналастырудан алынатын кірістер;

белгіленген мерзімде жарналар төленбеген жағдайларда есептелген өсімпұл сомасы;

қажетті жағдайларда - бюджет қаражаттары мен банк кредиттері (ағымдағы төлемақыларға шоғырландырылған қаражаттардың жеткіліксіздігі кезінде) мәселен, мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына жаңа зейнетақы заңнамасы іс-әрекет еткенге дейін зейнеткерлерге зейнетақы төлеу үшін бюджет қаражаттары беріліп тұрды.

  1. ҚР-да бюджеттен тыс қорларды қолданудың ерекшеліктері

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың жарналары салық заңнамасына сәйкес жиынтық жылдық табыстан шегерілетін шығыстарға жатқызылды, ал бюджет және коммерциялық емес ұйымдары үшін оларды ұстауға жұмсалатын жұмыстардың сметасында қарастырылды.

Әлеуметтік қорлардың бюджеттерін республика үкіметі бекітеді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының уақытша бос қаражаттарын мемлекеттік бағалы қағаздарға, Ұлттық Банктің бағалы қағаздарына және мемлекеттік банктердің депозиттеріне инвестициялауға рұқсат етілді.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры:

  • болған зейнеткерлерге және зейнетақы алушыларға мемлекеттік зейнетақыларды;
  • егер зейнетақының мөлшері заңнамамен бекітілген ең төменгі деңгейден аз болса әлеуметтік жәрдемақыны қаржыландырады.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыларды төлеуді, жұмыссыздарды қайта даярлау мен қайта оқытуды, мұқтаж азаматтарды қолдау үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қаржыландырады. Бір кездері қоныс аудару шаруалары жөніндегі шығындарды қаржыландыру осы қор есебінен жүзеге асырылды.

Әлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі, жүктілігі және босану жөніндегі жәрдемақыларды, сауықтыру сипатындағы қызметтер көрсетуді төлеуді қаржыландырады.

Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен келісімшарттарға сәйкес сақтандырушыларға медициналық қызмет көрсету жөнінде медицина ұйымдарының немесе жекеше медициналық тәжірибемен айналысатын жеке адамдардың шығыстары өтеліп отырады. Бұдан басқа қор онда медициналық қызметтер көрсету бойынша келісімшарт жасаспаған міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы шеңберінде медициналық ұйымдарда немесе жекеше медициналық тәжірибемен айналысатын жеке адамда медициналық қызметтер алған жағдайда сақтандырушылардың шығыстарын өтеді.

Қор бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерді үкімет бекітеді.

Мемлекеттік жинақтаушы қорын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорын басқаруды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі жүргізеді. Міндетті әлеуметтік медициналық қор үкімет жанындағы қор болып табылады. Қордың құрылымы облыстық, қалалық бөлімдерді, аудандарда халықты әлеуметтік қорғаудың аудандық бөлімдерін, еңбек және жұмыспен қамту бөлімдерін кіріктірді. Қордың қаражаттарын мақсатты пайдалануға бақылауға жергілікті органдар, қордың жоғарғы органдары, қаржы министірінің қаржылық бақылау комитетінің мамандандырылған бақылау органдары жүзеге асырды.

1999 жылдан бастап халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру мемлекеттік бюджет арқылы әлеуметтік салықты алу және онда шоғырландыру есебінен жүзеге асырылып келеді. Бұдан басқа қаржының едәуір бөлігі мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жүйесінде шоғырландырып, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары арқылы еңбекақы қорының 10% мөлшеріндегі барлық сақтандырушылардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен жұмсалады. Зейнетақымен қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алған тұлғалар үшін де зейнетақы жарналарының осындай мөлшері белгіленген. Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар (барлық шығыстардың 90 пайызындай) көбінесе республикалық бюджеттің есебінен қаржыландырылады.

Халыққа көрсетілетін медициналық көмек кепілді медициналық көмектің нормалары шегінде негізінен жергілікті бюджет есебінен (денсаулықсақтауға жұмсалатын барлық шығынның 86 пайызындай) қаржыланады, әрі нормадан тысқары ақылы жүргізіледі.

Жұмыссыздарға материалдық көмек (табыстың белгіленген ең төменгі шегін ескере отырып) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының орнына бұл мақсатқа тиісті қаражаттарды қарастырған кезде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады.

  1. Бюджеттен тыс қорлар қызметін жетілдіру аспектілері

Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары қоғамдық дамудың кезеңдерінің мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып жасалды. Мұны бұрын іс-әрекет еткен қорлардың тәжірибесі растайды: мысалы әр түрлі мезгілде әр түрлі қорлар іс-әрекет етті: Инвестициялық қор, экономиканы тұрақтандыру қоры, Экономиканы жаңғырту қоры, Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту қоры. Экономикалық қорлар қаржыны орталықтандыру және дамудың белгілі бағыттарын немесе негізгі салаларды, сондай-ақ дамудың салааралық бағыттарын қаржыландыру үшін құрылды. Сөйтіп бүкіл экономиканы теңгерімді, үйлесімді дамытуды қамтамасыз ету міндетін қойды. Мәселен, Инвестициялық қордың қаражаттары негізгі капиталды ұдайы жаңғыртудың қол жеткен ауқымын қолдау, әлеуметтік сфераны одан әрі дамыту үшін пайдаланылды. Күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру республика үкіметі бекіткен жоспарлар мен лимиттер бойынша рентабельді өнімдер шығаруға, оларды қайта құру үшін мүмкіндіктер жасауға, өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта пішіндеу үшін жүргізілді.

Экономиканы жаңарту қоры меншік түрлеріне қарамастан шаруашылық қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар өнімінің (жұмысының, қызмет көрсетуінің) өзіндік құнының 5% мөлшерінде міндетті аударымдар есебінен құрылды және оның қаражаттары салалар мен объектілер бойынша пайдаланылды.

Бюджеттен тыс кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту қоры нарықтық қатынастарды дамыту және баламалы экономикалық құрылымдарды қалыптастыру, меншіктің түрлі нысандарының кәсіпорындары мен ұйымдарына қолдау көрсету, бюджеттік қаржыландыруды кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шараларды несиелендірудің прогрессивті нысандарымен тиімді үйлестіру, бәсекені дамыту және монополиялық қызметті шектеу мақсатында құрылды. Қор қаражаттарын қалыптастырудың көздері мыналар болды:

  • республика аумағында орналасқан кәсіпорындар, бірлестіктер мен ұйымдар меншік нысанына қарамастан, пайдаға салынған салықты төлегеннен кейін өз қарамағында қалатын пайданың 1% мөлшерінде қорға аударатын міндетті аударымдар;
  • республикалық бюджеттен оның кіріс бөлігінің жалпы сомасының 1% мөлшерінде қаржы бөлу;
  • консультациялық, әдістемелік және баспа қызметінен, сондай-ақ бағалы қағаздар қызметінен түсетін табыстар;
  • ерікті жарналар мен қайырымдылық көздерінен.

Жалпыға арналған автомовиль жолдарын, сондай-ақ олардағы ғимараттарды ұстау, жөндеу және салу, қайта құру арнаулы қордың - Жол қоры есебінен жүргізіледі. Осылайша, Жол қоры қаржы жүйесінде ерекшелігі бар шаруашылық қызметпен байланысты тар мамандандырылған буын болып табылады.

Қорды қалыптастырудың көздері төмендегілердей:

  • автомобиль жолдарын пайдаланушылардың (заңды ұйымдардың) аударымдары;
  • Қазақстан аумағы бойынша кіру, шығу және транзиттік өту үшін төлем;
  • бөлшек саудада сатылатын бензин мен дизель отынын сатқаны үшін төлем;
  • ақылы автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін төлемақы.

Жол қорының қаражаттары белгіленген үйлесімде Республикалық жол қоры мен облыстық жол қорлары арасында бөлініп отырады. Республикалық қордан автомобиль желісінің даму деңгейлерін теңестіру үшін облыстық қорларға демеуқаржы бөлініпотырады. Басқарудың жергілікті органдары республикалық автомобиль жолдарын дамытуға қосымша қаражат бөліп отыруы тиіс.

Жол қорын Көлік және коммуникациялар министірлігі, облыстық жол қорларын автомобиль жолдарының қазыналық кәсіпорындары басқарады. Қаражаттардың мақсатты және ұтымды пайдаланылуына бақылауды жергілікті өкілдікті және атқарушы органдар, Қаржы министірлігінің Қаржылық бақылау комитетінің органдары жүзеге асырып отыады.

ІІІ - Тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың жағдайына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында құрылған. Яғни, Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады. Бүгінде қор активтерінің ауқымы 8 миллиард АҚШ долларына жуық болып отыр. Сөйтіп, қор екі функция орындайды: жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары.

2001 жылдың ішінде Қордың жұмыс жасау тетігі іс жүзінде толығымен орнықты және іске қосылды.

Жинақтаушы функциясымен қатар Қор қаражатының қалыптасуы мен пайдаланылуының қолданылып жүрген тетігі ағымдағы экономиканың жағдайына тұрақтандыру ықпалын көрсетеді.

Қордың тұрақтандырушы функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімді жоспарлауға көшуге мүмкіндік берді.

Қордың активтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ұлттық банктегі шотына шоғырландырылады, ол Қорды сенімді басқару туралы келісімшартқа сәйкес инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережелері шеңберінде сенімді басқаруды жүзеге асырады.

Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың тәртібі мынамен анықталады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының бесжылдық индикативтік жоспарының құрамында қазақстан экспортының едәуір үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде Қазақстан тауарөндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оларға сәйкес шикізат секторынан түсетін мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп шығарады. Шикізат тауарларының есептік тұрақты бағалары дүниежүзілік бағалардың серпінін сақтампаздық болжауды негіздей отырып белгіленеді.

Қор республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы процесінде оған шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін салық және өзге міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының, қосылған құнға салынатын салықтың, бонустардың, роялтилердің бекітілген сомаларынан асып түсулерді есепке жатқызу жолымен қалыптасады.

Қор мына түсімдердің есебінен қалыптасады:

  1. республикалық және жергілікті бюджеттерден алынатын ресіми трансферттер, олар бюджетке жоғарыда көрсетілген салықтар мен өзге міндетті төлемдер бойынша түсімдерді республикалық және жергілікті бюджеттерде жоспарланатын сомалардың 10% мөлшерінде есептеледі;
  2. қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер.

Қаражаттарды қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.

Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларын қарастыру және оларды талдау
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары және олардың қызмет ету ерекшеліктерін талдау
Бюджеттен тыс қорлар және олардың қызметі
Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны жайлы
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны
Міндетті медициналық сақтандыру қоры
Мемлекеттікбюджеттен тыс қорлар
Бюджеттен тыс қорлар туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz