Мониторингтік зерттеу әдісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКАлық психология ФАКУЛЬТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Мониторингтік зерттеу әдісі.
Орындаған: Әбілманова Ә.
П - 225
Тексерген: Серикова Н. У.
Семей 2015ж.
Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
- Мониторингтік зерттеу әдісі.
- Оқу мониторингісінің мақсат - міндеттері мен талаптары.
Қорытынды.
Кіріспе.
Мониторинг дегенiмiз латын тiлiнен аударғанда (еске түсiрушi, қадағалаушы) қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамдау деген мағынаны бiлдiредi.
Жалпы мониторинг дегеніміз:
- Белгілі бір саладағы маңызды мәселелер бойынша жүйелі және үздіксіз ақпарат жинақтау әрекеті.
- Белгілі бір жүйе, оның элементтері жайлы сараптама жасауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі.
- Нақтылау және түзету енгізу үшін жүзеге асырылатын процесс жағдайы, дамуы туралы ғылыми негізде үздіксіз қадағалау жүйесі.
Мониторингтiң түрлерi:
- педагогикалық;
- әлеуметтанымдық;
- психологиялық;
- медициналық;
- экономикалық;
- демографиялық.
Мониторинг - ұзақ уақыт белгiлi бiр мақсат негiзiнде жинақталған, сақталған ақпараттарды өңдеу, субъектiлердi ақпарат нәтижесiмен қамтамасыз ететiн керi байланыс.
Мониторинг қызметi:
- Мақсат.
- Ұйымдастыру.
- Ақпарат өңдеу.
- Шешiм қабылдау.
- Болжам жасау.
Мониторингтiң негiзгi мiндетi - мақсат пен нәтиже арасындағы айырманы азайту.
Педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжам жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.
Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттарда жүзеге асырылады:
1) ақпараттың мазмұны;
2) ақпараттың сапасы;
3) ақпаратты басқаруда пайдалану.
Мониторингтік зерттеу әдісі.
Мониторингтік зерттеудің әдісі: әуелі зерттеуге бағытталған оқу пәндері таңдап алынып, мониторингті жүргізу мерзімі анықталады. Оқушыларға берілетін тесттер мен бақылау қималары мектептің әдістемелік бірлестік жетекшісімен бірлесіп таңдап алынады. Бұл жұмысты жүргізу кестесі алдын ала ілінеді.
Сыныптың білімді игеру дәрежесі арнайы технологиялық карталарға толтырылады. Мониторинг қорытындысы бойынша мұғалімдерге осы элементтер негізінде оқушылардың білім, дағды, іскерлігіндегі кемшіліктерді түзеуге уақыт беріледі.
Білім сапасында көп айтылып жүрген шақта оқу - тәрбие үрдісінің әр түрлі қырларын талдауда мониторингтік зерттеу жақсы құрал болып табылады. Мониторингтік зерттеу нәтижесінде өткен оқу жылындағы оқу - тәрбие үрдісі туралы дәл, әділ, тез ақпарат аламыз. Ол ақпарат оқушылардың оқу әрекеті мен мұғалімдердің іс - әрекетіне түзету жүргізу жайлы уақтылы басқарушылық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Мониторингтік зерттеу жүргізуге педагогтер мен мектеп әкімшілігінің қатысуы дидактикалық құралдарды жаңарту нәтижесі және сапасы жөнінде дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді, теорияның мектеп өмірімен толық байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нысандары мен істі атқару тәртібін анықтауға жол ашады. Мониторингтің нәтижесі мұғалімдерді аттестаттауда, сабаққа қатысу кезінде, мұғалімнің іс-әрекетін және оқушылардың білім, білік, дағдыларын түзетуде қажет.
Оқу мониторингісінің мақсат-міндеттері мен талаптары.
Оқу мониторингісінің мақсат-міндеттері:
- Ұжымның жұмысын мониторингке шоғырландыру;
- Мәліметтер қорын жинау;
- Оқушылардың үлгерімі және білім сапасын көтеру;
- Педагогтардың шеберлігін арттыру, басқару жүйесінің сапасын арттыру;
- Мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін педагогикалық кеңесте ортаға салу:
- Мониторинг бағдарламасын бекіту.
Мониторинг жасаудың бағдарламасы:
- Зерттеу бағыттарын анықтау.
- Мониторинг көрсеткіштерін анықтау.
- Алынған мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ететін әдістерді анықтау.
- Әр бағыт бойынша мәліметтер жинау және оларды өңдеу, сараптау және сақтау технологиясын анықтау.
- Берілген бағыттар бойынша мониторингке қатысатын
мұғалімдердің атқаратын қызметін белгілеу.
Мониторинг жасауда белгілі бір талаптар қойылады, оларды мониторинг жасаудың принциптері деуге де болады. Оларға:
- Мәліметтердің дұрыстығы. Керек мәліметтер нақты және мектеп әкімшілігіне пайдалы болу керек.
- Мәліметтерді салыстыратын мүмкіндіктің болуы. Кез келген үдерістің тек қазіргі деңгейі ғана емес, ондағы өзгерістердің себептерін зерттеу керек болады.
- Болжамдық. Нәтижелерге сүйене отырып, болуы мүмкін өзгерістерге болжам жасау.
Оқу мониторингісі болғандықтан, басты назар білім сапасында болмақ. Білім сапасын көтеруге әсерін тигізетін бірнеше факторларды атауға болады:
1. Оқушылардың денсаулық жағдайы.
2. Мектептің материалдық базасы.
3. Педагогтардың шеберлігі.
4. Үйірмелер, спорт секцияларының жұмысы.
5. Оқушылардың сабаққа қатысуы.
6. Тәрбие жұмысы.
7. Оқушылардың дұрыс тамақтануы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz