Синтетикалық талшықтардан жасалған материалдардың киім гигиенасына әсері



І. Кіріспе
1.1. Синтетикалық талшықтар жайлы ақпарат
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Синтетикалық талшықтардан жасалған сыртқы жылы киімдердегі киім гигиенасы
2.2. Синтетикалық материалдардың қасиеттері, киімге әсері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиет
Тоқыма талшықтарына қойылатын негізгі техникалық талап жоғары механикалық беріктік. Ол затта ісер ететін, молекула аралық тартылыс күштеріне байланысты. Молекулалар неғұрлым үлкен және бір біріне жақын орналасқан болса, соғұрлым ол күштер көп болады. Химиялық талшықтар өндірісінде пайдаланылатын полимерлер тәртіпсіз орналасқан сызықты молекулалардан тұрады. Полимерге беріктігі жоғары талшықты структура беру үшін, олардың түзу бойына орналасуын тәртіптеу керек. Полимер макромолекулаларының, олардың қайта орналасу процесінде, көбірек қозғалғыштық пайда болу үшін, алдын ала молекула аралық күштерін кеміту қажет. Бұл заттарды еріту немесе балқыту жолымен іске асырылады. Осыған химиялық талшықтар өндірудің екі әдісі негізделген: ерітіндіден иіру және балқымадан иіру.
Көптеген синтетикалық талшықтарды, пластмассалар қай мономерден алынатын болса, сол мономерден алады (полителен, полипропилен, поливинилхлорид, полистирол және басқа да талшықтар)
1. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002. 344б.
2. Википедия сайты https : //kk.wikipedia.org/wiki
3. Гугл сайттары http://okymaterialdari.com/index.php?newsid=384330
4. Гугл сайты http://sabaqtar.kz/technologiya/3033-matamen-zhmys-steu-r-trl-talshyty-matalarmen-zhmys-steu-matalardy-zhktelu.html

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
Тамақ өндірісі және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Синтетикалық талшықтардан жасалған материалдардың киім гигиенасына әсері

Орындаған: Тортай А. А.
Тексерген: Нұрымхан Г. Н.
Топ: ТК-321

Семей 2015 жыл

Жоспар
І. Кіріспе
1.1. Синтетикалық талшықтар жайлы ақпарат
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Синтетикалық талшықтардан жасалған сыртқы жылы киімдердегі киім гигиенасы
2.2. Синтетикалық материалдардың қасиеттері, киімге әсері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиет

1.1. Синтетикалық талшықтар жайлы ақпарат

Тоқыма талшықтарына қойылатын негізгі техникалық талап жоғары механикалық беріктік. Ол затта ісер ететін, молекула аралық тартылыс күштеріне байланысты. Молекулалар неғұрлым үлкен және бір біріне жақын орналасқан болса, соғұрлым ол күштер көп болады. Химиялық талшықтар өндірісінде пайдаланылатын полимерлер тәртіпсіз орналасқан сызықты молекулалардан тұрады. Полимерге беріктігі жоғары талшықты структура беру үшін, олардың түзу бойына орналасуын тәртіптеу керек. Полимер макромолекулаларының, олардың қайта орналасу процесінде, көбірек қозғалғыштық пайда болу үшін, алдын ала молекула аралық күштерін кеміту қажет. Бұл заттарды еріту немесе балқыту жолымен іске асырылады. Осыған химиялық талшықтар өндірудің екі әдісі негізделген: ерітіндіден иіру және балқымадан иіру.
Көптеген синтетикалық талшықтарды, пластмассалар қай мономерден алынатын болса, сол мономерден алады (полителен, полипропилен, поливинилхлорид, полистирол және басқа да талшықтар)
Синтетикалық маталардың бірқатар жақсы қасиеттері бар: иілімділігі жоғары, берік, жууға, пішінің өзгертетін әсерлерге, химиялық және биологиялық факторлардың әсеріне төзімді. Бірақ, бірқатар кемшіліктері де бар, соларға байланысты іш киімдерді дайындау үшін синтетикалық маталардың қолданылуы шұғыл шектеледі. Бұл кемшіліктеріне ең алдымен, төмен гигроскопиялылығы мен гидрофобтылығы жатады, нәтижесінде су булары мен басқа да бөлінген газ тәрізді заттарды матаның талшықтары сіңірмейтіндіктен, олар саңылауларда жиналып, киім асты кеңістіктің желдетілуіне кедергі жасайды, бұл ондағы ылғалдылықтың жоғарылауына және адам денесінің жаз уақытында тез қызуына, ал қыста - тез салқындауына әкеп соғады.
Бұнымен бірге, синтетикалық маталардың теріс қасиеттеріне статикалық электрлікті жинауға қабілеттілігі және жоғары липофильділігі жатады, осының нәтижесінде, олар жағымсыз иістерді өздеріне ұстап қалады және жуғанда жақсы тазармайды. Матаның бетінде статикалық электрліктің жиналуы адамда шаншу сезімдерін туғызады, қан тамырларының жиырылуы басым жүретінвегетативтік-қан тамырлары қызметінің бұзылуы, тез дамитын қажу, бас ауруын тудырады. Электрленген киім денеге жабысып қалады, өзіне шаң мен микроағзаларды тартады. Полимерлік маталардың химиялық тұрақтылығының төмендеуі, киім асты кеңістігінде бос мономерлердің де, сол сияқты мата дайындау үрдісінде қолданылған басқа да заттардың бөлінуіне әкеп соғады. Олар ағзаға тітіркендіретін, тері арқылы сіңетін және сенсибилизациялаушы әсер етуі мүмкін.

2.1. Синтетикалық талшықтардан жасалған сыртқы жылы киімдердегі киім гигиенасы

Сыртқы жылы киімдер - олардың негізгі міндеті денеге қажетті жылуды сақтау және оны атмосфералық жел мен ылғалдылықтан қорғау болып табылады. Ол 3 қабаттан тұрады. Сыртқы, жабын қабаты ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы және ылғал сіңіргіштігі төмен, яғни, суық атмосфералық ауаның киім астындағы аралыққа дейін өтіп кетуін тежейтін, қар мен жауын суынан сақтайтын, жылу қорғау қасиеті жоғары матадан тігіледі. Балаларға арналған қыстық киімдердің сыртқы қабатын су өткізбейтін заттармен қанықтырылған табиғи талшықтардан жасалған маталардан немесе синтетикалық жолдармен алынған маталардан тігуге болады. Ортаңғы жылусақтағыш қабаты кеуектілігі жоғары, ауаны ұстап қалатын (мақта, ватин, ватилин, синдипон т.б.), табиғи, жасанды немесе синтетикалық талшықтардан жасалған маталардан тігіледі. Бұл қабаттың жылусақтағыш қасиеті жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи және синтетикалық материалдарға сипаттама
Материалдарының түрлерінің құрылымы
Балалар мен жасөспірімдерді еңбекке және политехникаға оқытып, тәрбиелеудің гигиеналық негіздері
Спортқа арналған киім үлгілерін конструкциялау
ЗЫҒЫР ТАЛШЫҚТЫ МАТАЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Тоқыма материалдарының қасиеттері
Текстиль материалдарын өңдеудің технологиялық процестерінің теориялық негіздері
Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының гигиеналық қасиеттерін негіздеу
Полиамидті талшықтарды алу технологиясы
Пәндер