Дереккөздер дегеніміз не. орыс тілдерімен ұқсатығы мен өзгешелігі неде?


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Дереккөздер дегеніміз не. Орыс тілдерімен ұқсатығы мен өзгешелігі неде

Орындаған : Тоқтарова Сая

Тексерген: Ахметова Г. С

Семей 2015 ж

Дереккөздерді жинау және библиографиялық құралды құрастыру мынадай кезеңдерден тұрады:

-дайындық кезеңі;

-негізгі кезең;

-қорытынды кезең.

Дайындық кезеңіне тақырыпты таңдау және зерттеу енеді:

- таңдау және зерттеу. Тақырып әр алуан тұрғыда жаңашылдығы, өзектілігі, оқырман қызығушылығын туғызуы, салаға сәйкес әдебиеттің жеткілікті болуы және кітапхананың мүмкіндіктеріне байланысты.

- жоспар - проспект жасау. Жоспарда: тақырыпты негіздеуді, құралдың жалпы бағыт -бағдарын межелеуді, оның негізгі қоғамдық мәні мен басты міндетін (тарихи, теориялық, тәжірибелік және т. б. жақтарын ашып көрсетуді, сондай -ақ мақсаты мен қандай оқырманға арналатындығының сипатын қамтиды. Соңғысы өте маңызды, өйткені құралдың нақ кімдерге арналғандығы оны құрастырудың нақты ерекшеліктерін анықтайды. Жоспарда құралдың типтік және жанрлық ерекшеліктерін (ғылыми-көмекші, ретроспективалық, жүйелі, ішінара аннотацияланған, қорытындылаушы сипаттағы әдебиет көрсеткіші, шолу түрінде атқарылған ұсыныстық «оқырмандар тобы» және т. т. ) айқын анықтап алу қажет.

- құралдың тақырыбы бойынша әдебиеттерді анықтау.

анықтау - библиографиялық өңдеу мақсатында құжаттарды іздеу. Бұл жерде таңдалған тақырыпқа сәйкес әдебиеттерді қандай картотекада, каталогтан, кітап қорынан іздеу қажеттігін анықтайсыз.

Негізгі кезеңде жазбаларды библиографиялық таңдау және библиографиялық топтау жүзеге асырылады. Ол талдау және жинақтау кезеңдеріне бөлінеді.

Талдау кезеңі. Бұл кезеңнің мақсаты: жоспарда көзделген құрылымы және библиографиялық құралдар құрастырудың әдістемелік талаптарына сәйкес, таңдалып алынған құжаттардың библиографиялық жазбаларын дайындау. Талдау кезеңінде әрбір құжатпен жұмыс жасау қажет.

Бұл кезеңде библиографиялық таңдау жүзеге асырылады, яғни сіз таңдаған тақырып бойынша ең құнды әдебиеттер мақсаты мен оқырманына қарай сұрыпталады:

- әрбір басылым туралы мәлімет карточкаларға жазылады;

- әдебиеттер тақырыпшалар бойынша бөлінеді;

- мүмкіндігінше барлық құжаттарды қарап шығу керек, кейде кітаптың мазмұны мен тақырыбы арасында алшақтық болуы мүмкін, құжаттардың библиографиялық сипаттамасын тексеру керек. Егер кітап көп тақырыпты қамтитын болса, оны жалпы бөлімге орналастырып, өзге бөлімдерде сілтеме жасау керек;

- құжаттарға аннотация жасау (мәніне қарай анықтамалық және ұсыныстық аннотациялар жасалады) қажет.

Анықтамалық аннотация басылымның атауы және авторы, жанры, түрі және кімге арналғаны туралы мәлімет береді және библиографиялық сипаттамада көрсетілмеген өзге де мәліметтерді береді.

Бұл көбіне ғылыми, оқу және анықтамалық басылымдарда кездеседі. Аннотация қысқа және нұсқа болуы тиіс.

Ұсыныстық аннотацияда кітапқа, мақалаға берілген сіздің бағалауыңыз беріледі. Оның басты мақсаты - оқырманды қызықтыру. Ұсыныстық аннотацияның көлемі әдетте анықтамалық аннотация көлемінен үлкен болғанымен, бұл жерде де нақтылық пен қысқа да нұсқа қағидасын ұстанған дұрыс.

Екінші белгі -құжаттарды сипаттау тәсілі бойынша - аннотация жалпы (шығармаға жалпы сипаттама), талдау (егер шығарманың бір тарауы немесе бөліміне зейін аудару қажет болса), топтық(мазмұны жағынан жақын құжаттарды біріктіру) болып бөлінеді.

Жинақтау кезеңі. Бұл кезеңде сіз жасаған жұмысыңызды тиянақтайсыз. Библиографиялық құралдың құрылымын, материалдардың топтастырылуын қарайсыз, кей бөлімдердің әдебиеті аз болса, оны толықтырасыз, олардың орналасу тәртібін тексересіз.

Номер бересіз, номерлеу қажет.

Әрбір құжаттың бөлімдерде, тақырыптарда өз орнында болуын тексересіз, яғни библиографиялық топтама жүргізесіз.

Бұл оқырманның құралды пайдалану кезінде қажетті материалды тез табуына көмектеседі.

Қорытынды кезең. Библиографиялық құралды дайындаудың қорытынды кезеңіне анықтамалық -әдістемелік аппарат дайындау, түзету, библиографиялық құралды безендіру жұмыстары енеді.

Анықтамалық-әдістемелік аппарат құрамында алғысөз (немесе оқырманға) болады. Шағын құралдың өзін де алғысөзбен ашу керек.

Бұл жерде құралдың кімге арналғаны, қандай құжаттар енгені, материалдардың орналасу тәртібі, тараулар мен бөлімдер атаулары, тақырып атаулары, аннотация түрлері, көмекші құралдар (оқырман назарын құралдың құрылымына аудару қажет), әдебиеттерді таңдаудағы хронологиялық аумақ (жылы, айы, күні) туралы міндетті түрде мәліметтер беріледі.

Кіріспе мақала барлық құралдарға қажет емес. Негізінде ірі арнайы ретроспективті ғылыми -көмекші құралдар немесе жеке тұлғаға арналған көрсеткіштер кіріспе жазылады. Ол көрсеткіштің тақырыбы және негізгі әдебиеттерді сипаттайды және библиографияланып отырған әдебиетті терең білуді талап етеді. Сондықтан кіріспе мақаланы жазуға ғылым салалары бойынша мамандар, ғылыми редакторлар, кеңес берушілер тартылады.

Көмекші көрсеткіштер. Библиографиялық құралдың өзге мазмұндағы қырларын ашады. Танымал көмекші көрсеткіштерге мыналар жатады:

- авторлық мен тақырыптық көрсеткіш (бұл ең қарапайым түрде авторлар және тақырыптық әліпбиімен) ;

- атау көрсеткіші. Оған барлық қатысушы тұлғалар: авторлар, аудармашылар, көркемдеушілер, суретшілер және осы кітапта мәлімет берілген тұлғалар, (бұл жағдайда олар туралы құжаттар жақша ішінде) беріледі. Дербес тұлғалық көмекші көрсеткіш құрастырылуы да мүмкін;

- географиялық көрсеткіш - мұнда құжат мәтінінде кездесетін географиялық атаулар көрсетіледі;

- пәндік көрсеткіш - құжатта кездесетін заттар атауына аннотация болмаса да, оларға пәндік тізім беріледі, бірақ бұл өте еңбекқорлықты қажет ететін жұмыс. Сонымен бірге тақырыптық, жүйелік, хронологиялық көмекші көрсеткіштер де құрастырылады.

Қосымша. Библиографиялық құралдар қосымшасы құрамына каталогтар, картотекалар, кітаптағы және мақалада берілетін әдебиеттер тізімі, библиографиялық құралды құрастырушы жұмыс кезінде қарастырған библиографиялық құралдар, шартты қысқартулар тізімдері, құралды құрастыру жұмыстары аяқталғанннан соң шыққан құжаттар тізімдері және т. б. енеді

Библиографиялық құралға түзетулер енгізу және оны рәсімдеу жұмыстарымен негізгі жұмыс аяқталады.

Түзетулер енгізу кезеңінде библиографиялық сипаттама тексеріледі, стилистикалық қателер, нақты емес мәліметтер, қайталама құжаттар және сөйлем мазмұндары тексеріліп, түзетулер енгізіледі.

Кез - келген басылым секілді, библиографиялық құрал да мұқаба парағымен ашылады. Онда көрсеткіш шығарған мекеменің атауы, бөлім, көрсеткіш аталымы, шығарылу түрі, шығарылу орны және жылы көрсетіледі.

Мұқабаның ішкі бетінде құрастырушылар мен безендірушілерді көрсету қажет. Құралдың құрылымдық бөлімдерін (кіріспе сөз, негізгі мәтін, көмекші көрсеткіштер және т. б. ) әр түрлі шрифтер қолданылады.

Мысалы, библиографиялық сипаттамаға қарағанда аннотациялар майда әріптермен беріліп, библиографиялық жазбамен арасында жол жіберіліп, жаңа жолдан басталып жазылады. Жазбалардың реттік номері де ерекшеленіп көрсетілуі тиіс.

Сонымен бірге тараулар, бөлімдер, айдарлар атауларына да әр алуан шрифтер қолданылады. Библиографиялық құралдарды безендіруге түрлі -түсті фотосуреттер, қызықты бейнелер, алуан түсті карталар және т. б. қолданылады.

Библиографиялық құралдың сыртқы бейнесі оның негізгі мазмұнын ашып тұруы керек.

Библиографиялық басылымдардың жаңа типтері

Библиографиялық антология.

Өлеңдер жинағы, поэтикалық шығармалар, ақындардың таңдамалы өлеңдерінің жинағы немесе өлке туралы өлеңдер жинағына арналады. Ежелгі грек ақындарының таңдаулы өлеңдерінен құрастырылған жинақты осылай атаған.

«Қазақ поэзиясының антологиясы» 1958 жылы Мәскеуде орыс тілінде жарық көрген. Антология негізінен көркем әдебиет оқитын оқырмандарға арналады. Антологияда ақындардың өлеңдері, шығармаларынан үзінді, өмірбаяндары және сыншылардың пікірлері беріледі және мерзімдік жағынан үлкен кезең қамтылады. Библиографиялық ақпарат нақты материалдармен үйлесім тауып, тараулар мен бөлімдердің басында беріліп отырады. Әдебиеттер тізімі тараулардың соңында көрсетіледі, аннотация берілмейді, себебі бөлімдердің мәтіндерінде әдебиеттерге сілтеме жасалады.

Библиографиялық очерк.

Бұл мазмұны жағынан әңгімеге жақын көркем -публицистикалық шығарма. Тарихи оқиғаға, нақты адамның өміріне байланысты мәліметтер береді. Нақты оқиғалармен толық және жан -жақты танысып, өзіндік ой түюге мүмкіндік беретін очерк тақырыбы қызықты және заманауи немесе болған оқиға туралы жаңа мәліметтерге негізделуі қажет. Ол әр алуан материалдардың, сын мақалалардың, рецензиялар, еске алулар, әдеби-көркем шығармалардың және т. б. қысқаша мазмұнын көрсетеді. Дереккөздер саны очерк тақырыбына байланысты, бірақ соның ішінен 7-10 кітап немесе мақаланы таңдау қажет. Әрбір анықтама көзі терең зерттеліп, одан ой -пікірлер, нақты мәселелер, дәйексөздер алынады. Одан соң барлық жиналған мәліметтер очерк мәтініне біріктіріледі.

Очерктің соңында дайындауға қолданылған әдебиеттер тізімі авторлардың аты -жөні әліпбиімен беріледі. Кітаптардың мазмұны очерк мәтінінде көрсетілгендіктен, аннотация берілмейді.

Библиографиялық жадынама -белгілі бір тарихи оқиғаға немесе мерейтойы аталып өтетін тұлғаға арналған шағын нысандағы жарнамалық -библиографиялық ұсыныстық сипаттағы библиографиялық құрал. Тақырып бойынша нақты мәліметтер беретін тізім немесе әңгіме түріндегі библиографиялық ақпарат.

Жадынама мақсаты - нақты тұлғаның негізгі шығармаларымен таныстыру және оның өмірі мен шығармашылығын зерттеуге көмек көрсету. Жадынама құрастыруға ең құнды және қолжетімді дереккөздерін,

көлемі жағынан шағын естеліктер, құжаттар мен биографиялық сипаттағы мәліметтерге сүйенген кітаптар, әр алуан жанрдағы көркем шығармалар, журналдар мен газеттер мақалалар алынады. Жадынама бөлімдері мынадай тәртіппен беріледі: алғысөз (немесе кіріспе) қысқаша библиографиялық анықтамамен, маңызды шығармаларға қысқаша шолу; өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша әдебиеттер тізімі.

Библиографиялық бетбелгі ( закладка) - нақты кітаптар туралы оқырманға ақпарат беретін қысқаша әдебиеттер тізімін ұсынатын библиографиялық құрал және дәстүрлі немесе электрондық түрде құрастырылады. Ол оқырманға оқиғалар, жекелеген тақырыптар бойынша мәліметтер алуға және оқырманды қызықтыратын тақырып бойынша білімін кеңейтуге көмектеседі. «Не оқу керек?» деген бетбелгі таңдалған тақырып бойынша негізгі болып саналатын кітап ішіне салынады және осы тақырып бойынша білімін жетілдіру үшін өзге де әдебиеттер көрсетіледі.

Құрастырушы тізіммен жұмыс кезінде шығарманың мазмұнын жақсы білуі, оқырманға қандай ой туғызатынын болжай білуі, басты шығарма және ұсынылған өзге де кітаптар арасында байланысты көрсете білу қажет.

Кітап бетбелгісінде көптеген мәселелерді қамтитын шығарма алудың қажеті жоқ, себебі ондағы көтерілген мәселелерді бір бетбелгі аясында көрсету мүмкін емес. Бетбелгіде әдетте 10 атауға дейін көрсетіледі. Онда көркем әдебиетпен бірге ғылыми -танымдық әдебиеттерді, очерктер мен публицистиканы оқуға ұсыныстар жасау қажет,

Биобиблиографиялық құрал.

Дәстүрлі биобиблиографиялық құрал мынадай бөлімдерден тұрады: алғысөз, биографиялық очерк (биографиялық анықтама), тұлғаның негізгі өмірдеректері және шығармашылығы, тұлға шығармаларының тізімі, оның өмірі мен қызметі туралы кітаптар.

Биографиялық очеркте биобиблиографиялық құрал арналған адамның кәсіби, шығармашылық, мемлекеттік және қоғамдық қызметіндегі маңызды бағыттарға назар аударылуы тиіс.

Биографиялық очерк тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты болуы керек. Өмірі мен қызметінің негізгі жылдары көрсетілгеннен соң, негізгі оқиғаның қысқаша сипаттамасы беріледі.

Тұлғаға арналған құралдардағы библиографиялық жазбаға аннотация берілмейді. Егер биографиялық анықтамалар шағын, ал әдебиеттер тізімі көлемді болған жағдайда, ең маңызды басылымдарға аноотация беру қажет.

Биобиблиографиялық көрсеткіштің анықтамалық аппараты құрамында атаулық көрсеткіш болуы міндетті.

Дайджест.

Дайджесттің негізгі қызметі - оқырманға ақпарат көзіндегі басты ойлар мен нақты мәселелерді жеткізу. Дайджесттерде нақты тақырыптар бойынша аналитикалық шолулар, статистикалық мәліметтер, мәтіннен үзінділер, ресми және нормативтік құжаттардың мазмұны беріледі. Мәтіннен алынған әрбір үзіндіде құжаттың толық нұсқасына сілтеме жасалады.

Дайджесттің көрсеткіштерден ерекшелігі, көрсеткіш құрастырғанда біз құжаттарды топтастырамыз, ал дайджесте - мәтін үзінділерін топтасады. Дайджесетке тән белгілер; тақырып аясының тарлығы, мәселені әр алуан тұрғыдан қарастыру, авторлар пікірлерінің әр алуандығы және т. б.

Материал іздестіруде кітаптар, мерзімдік басылымдар және Интернет басылымдары да қарастырылады.

Дайджестің құрылымына мұқаба, дайдежст атауы, кіріспе сөз, негізгі мәтін, ( мәтін әдетте параграфтарға бөлінеді), пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Дайджестер қолжазба және электрондық нысанда құралады. Электрондық нұсқада пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін гиперсілтемелер қарастырылады.

Басылымдардың жекелеген түрлерін көрсететін құралдар

Жаңа кітаптардың ақпараттық бюллетендері.

Библиографиялық құралға енгізілетін материалдар ККЖ таблицасына сәйкес орналастырылады. Библиографиялық жазба библиографиялық сипаттамадан тұрады, анықтамалық аннотациялар беріледі, библиографиялық сиптаттамадан соң, тізімде берілген ақпарат көзінің кітапхананың қай бөлімінде екендігі көрсетіледі. Библиографиялық жазбаның сол жағындағы ашық жерде кітаптың сақталу шифры көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дереккөздер туралы ақпарат
Орыс тілдерімен ұқсатығы мен өзгешелігі неде Дереккөздер дегеніміз не
Дереккөздер дегеніміз не? Орыс тілдерімен ұқсастығы мен өзгешелігі неде?
Оқушылардың математикалық білімдерін бақылау және бағалау құралы
Танымның философиялық тұғырнамалары
Көне түркі тілі – түркі халықтарының алғашқы жазба - әдеби тілі
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Түркі тілдерін жіктеу тарихы мен болмысы
Оқушымен байланыс
Зат есімнің көптік тұлғада қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz