Қаржы нарығы туралы жалпы түсінік


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР :

  1. Қаржы нарығы туралы жалпы түсінік
  2. ҚР - да қаржы нарығының дамуы
  3. ҚР-ның фискалды саясаты
  4. Пайдаланылған әдебиеттер
  1. Қаржы нарығы туралы жалпы түсінік

Қаржы нарығы - ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі. Мұнда халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік құрылымдардың клиенттерге не бағалы қағаз кепілдігімең немесе несие түрінде берілетін бос ақшалай қаражаты мәміле объектісі болып табылады. Сондықтан ол бағалы қағаздар нарығы ретінде де, несие капиталының нарығы ретінде де әрекет етеді.

Қаржы нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен айналысатын бастапқықаржы нарығы және бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын қайталама қаржы нарығы түрлеріне бөлінеді. Қайталама нарық өз кезегінде биржалық және биржадан тыс нарық түрлеріне бөлінеді. Биржалық нарықта мамандандырылған қор биржалары жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу-сату операцияларын жүргізеді.

Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында дамыған елдердің ұлттық қаржы нарығы әлемдік қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бұған қаржы нарығында сауданы ұйымдастырушылар көрсететін қызметтер ұсынысының ақпараттық технологиялар негізінде ұлтаралық сипаталуы септігін тигізуде. ұлттық несие-қаржы институттарының мүдделерін қорғау үшін мемлекет қаржы нарығына қатысу- шылардың қызметін арнаулы мекемелер арқылы реттеп отырады. Мысалы, Қазақстанда мұндай міндетті Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі орындайды.

  1. ҚР - да қаржы нарығының дамуы

ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы нарығы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.

Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.

Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.

Бүгін де Қазақстанның қаржы нарығының құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

- мемлекеттің бюджет жүйесі;

- арнаулы бюджеттен тыс қорлар;

- мемлекеттік несие;

- жергілікті қаржы;

- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;

- халықтың қаржысы.

Қаржылық бақылау әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық бақылаулармен де қатар жүргізіледі. Шаруашылық органдардың қаржы қызметі шаруашылық қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, оны шаруашылық бақылауынан ажырту қиын, өйткені қаржы операцияларының көпшілігінде шаруашылық қызметінің басқа элементтері бейнеленеді.

Қаржылық бақылаудың ерекшелігі - ол ақша түрінде іске асырылады. Оның тікелей объектісі табыстар мен жинақтарды қалыптастыру процестерінде ақшалай қорларды жасау мен пайдалану табылады. Алайда қаржылық бақылаудың іс-қимылы қаржы қатынастарының әлдеқайда кең ауқымын қамтиды. Өйткені қаржы басқа құн категориялармен: еңбекақымен, өнімнің өзіндік құнымен, пайдамен, өндірістік қорлармен (негізгі және айналым), күрделі қаржы мен тығыз байланысты. Өндірістік емес салалардағы мекемелер мен ұйымдардың бюджеттен бөлінген қаржаттарды дұрыс пайдалануын бақылауы олардың қызметінің барлық жақтарын: - жүйені толық қамтуды, қаржы жұмсаудың белгіленген нормаларының сақталуын қамтиды.

  1. ҚР-ның фискалды саясаты

Фиск (латынның « jiscus») - мемлекеттік қазына деген ұғымды білдірсе, ал фискалдық саясат - үкіметтің халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен инфляцияға қарсы жалпы ұлттық өнім алуына бағытталған салық салу, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік шығындар жайлы саясаты. Бұл мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болса, ал қаржы саясатының өзегі болып табылады. Фискалдық саясатқа мемлекеттің бюджет қорын бөлу қызметі де жатады, яғни бір жағынан салық салу жүйесі арқылы бюджеттің кіріс қорын толықтыратын болса, ал екінші жағынан - оларды жұмсау қызметімен айналысады. Мемлекет дәл осы қорлардың есебінен ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қоғамдық игіліктері мен қызметтерін тұтынуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ саяси, әлеуметтік, экологиялық және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.

Мемлекеттің фискалдық саясатының басты міндеті болып - салық ставкаларын үкіметтің мақсатына сәйкес өзгерту саналады. Фискалдық саясатты жүргізу - еліміздің заңды органдарының ерекше құқы, себебі бұлар мемлекеттік бюджетті қысқарту мен бекіту арқылы салық салуды және олардың жұмсалуын бақылайды.

Мемлекеттік бюджетпен реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салаларына, кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар (субсидия), салық шаралары жатады.

Салықтық реттеу фискалды саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Оның көп тараған түрлеріне мыналар жатады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының құрылым
Бағалы қағаздар туралы мәлімет
ҚР қаржы нарығының дамуы
Бағалы қағаздар нарығы және ҚР айналымы
Нарық жүйесі туралы
Бағалы қағаздар нарығы туралы мәлімет
Қаржы нарығының құрылымы және оның негізгі бөліктері
Екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздар нарығын құрастырудағы және дамытудағы ролі
Қаржы нарығы туралы түсінік
Ұйымдастырудың нарықтық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz