Жылу сақтайтын киімдерге пакет қалыңдығының әсері


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

БАӨЖ

Тақырыбы: Жылу сақтайтын киімдерге пакет қалыңдығының әсері.

Орындаған: Даулетұлы Қ.

Тобы : ТК - 321

Тексерген: Нұрымхан Гүлнүр Несіптайқызы

Семей, 2015 жыл

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Киім әр түрлі қызметтерді атқарады. Ол адамды сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды, қолайлы жылылық жағдай қамтамасыз етеді, теріні ластанудан, механикалық зақымдалудан қорғайды. Пайдаланылуына қарай киімнің бірнеше түрлері болады: тұрмыстық, кәсіптік, спорт, балалар, әскери, ауруханалық киімдер. Киімдердің әрбір түріне өзіндік гигиеналық талаптар қойылады, бірақ олар үшін келесі гигиеналық талаптар жалпы болып табылады:

1. Жергілікті жердің белгілі климаты, ауа райы және жыл мезгілі жағдайында қолданылатын киімдердің осы жағдайларда ағзаның қолайлы жылулық жағдайын қамтамасыз ететін жылу сақтайтын қасиеті болу керек.

2. Киімнің ауа өткізгіштігі мен су өткізгіштігі адам жүрген орта жағдайыларына байланысты болуы керек.

3. Киімнің пішімі адамның еркін қимылдауын шектемеуі, тыныс алу мен қан айналымын қиындатпауы, дененің жеке бөліктерін қыспауы керек.

4. Ағзаға қосымша дене жүктемесін түсірмеу үшін, киім шектен тыс ауыр болмауы керек, оның салмағы адамның дене массасының 8-10% аспауы керек.

5. Синтетикалық материалдардан тігілген киім спецификалық иіс шығармайтын, денсаулыққа зиянды химиялық заттар бөлмейтін, сол сияқты, киімнің бетіне статикалық электрлікті жинамайтын болуы тиіс.

6. Киім берік және оңай тазартылатын болуы керек.

Қоршаған ортаның жағдайларына сәйкес киімнің қолайлылығы киім астылық микроклимат пен адамның жылу сезінуі көрсеткіштері бойынша анықталады. Киім астлық микроклимат деп, киім мен тері арасындағы ауа қабатының физико-химиялық сипаттамаларының (температура, ылғалдылығы, көмірқышқыл газының концентрациясы) жиынтығын атайды. Олардың шамасы мен динамикасы ағзаның жылу реттейтін үрдістерімен, метеожағдайлармен және киімнің қасиеттерімен анықталады.

Негізгі бөлім

Іш киімдерді дайындау үшін, сондай- ақ, табиғи жібек пен вискоза да қолданылады. Вискозадан жасалған маталар жоғары гигроскопиялылығымен, ылғал сыйымдылығымен сипатталады, бірақ, матаны ылғалдағанда, ылғалдың ұзақ уақыт булануы нәтижесінде теріден жылу берудің жоғарылауына және дискомфорттық құбылыстардың пайда болуына әкеп соғады. Ацетатты маталарды іш киімдерге қолдануға болмайды, өйткені, вискозаға қарағанда, гигроскопиялылығы мен ылғал сыйымдылығы төмен болады, олар және электрленеді.

Киімнің екінші пакеті болып табылатын, костюмдер мен көйлектерге қойылатын гигиеналық талаптар орындалатын жұмыстың түрі мен жылдың мезгіліне байланысты болады. Жаздық киімдерге арналған маталар жұмсақ, ауа- және бу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғал сыйымдылығы, гидрофильділігі және жылу өткізгіштігі жоғары болуы керек. Мұндай қасиеттер киім астылық кеңістіктің жақсы желдетілуіне және дененің қатты қызуын болдырмауға мүмкіндік береді. Табиғи маталарды (мақта қағазды, жібек, зығыр) басым қолданған орынды. Табиғи және жасанды аралас талшықтардан (вискоза, ацетат) жасалған маталарды да қолдануға болады.

Жылдың суық мезгілінде киетін киімнің 2- қабатының жылу сақтайтын қасиеті жоғары болуы керек. Киімнің мұндай түрлерін дайындау үшін, қоланылатын маталардың ішінде, басқаларға қарағанда, жүннен жасалған маталар жақсы деп саналады. Жүн матасының саңылаулылығы (саңылаулардың көлемі - 92%) мен гигроскопиялылығы жоғары, ауа-және бу өткізгішігі жеткілікті.

Жүннен жасалған маталарды ылғалдаған кездің өзінде де, іші ауаға толы, бос саңаулалары едәуір мөлшерде сақталады. Ылғалданған жүннің бетінен ылғалдың баяу шығуы нәтижесінде, жылуды жоғалтуы едәуір аз болады. Осы қасиеттерінің бәрі жүннен жасалған маталардың жылу өткізгіштігінің төмен және жылу сақтайтын қасиетінің жоғары болуына ықпал етеді. Борпылдақтығы, көлемді массасы аз болуы (0, 07 г/см куб), жеңілдігі және суықтан жақсы қорғайтындығы жүннен тоқылған трикотажды айырқша көңіл тартарлық етеді.

Киім пакетінің 2- қабатын дайындау үшін, таза жүннен жасалған маталарымен қатар, аралас талшықтардан жасалған, табиғи және синтетикалық маталардың артышылықтары үйлестірілген, маталар да кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, химиялық талшықтардан жасалған маталар (орлон, нитрон, полихлорвинил, лавсан) жоғары жылу сақтайтын қасиетімен және аз мыжылатындығымен ерекшеленеді. Синетикалық талшықтарды табиғи талшықтармен араластырып қолдану, мысалы, лавсанды жүнмен, синтетикалық маталардың электрленуі, төмен гигроскопиялылығы және бу өткізгіштігі сияқты, теріс қасиеттерін азайтады, олардың жылу сақтайтын, ұзақ пайдалануға болатын қасиеттерін және матаның сырт көрінісін жақсартады.

Киім пакетінің үшінші қабаты - сыртқы киім (плащтар, пальто, күртелер, тондар) - суықтан, ылғал мен желден қорғауы керек. Әсіресе, солтүстік аудандарда ең жақсы жылу сақтайтын және желден қорғайтын қасиеттері бар киімдерге, табиғи аң терілерінен жасалған киемдер жатады. Оның жалғыз кемшілігі, салмағының едәуір ауыр болуы, кимылдар мен жұмыс істеу кезінде тудыратын кейбір ыңғайсыздықтары, тазарту қиындығы. Күртелер мен пальто тігу кезінде, киімді, әр түрлі маталарды қолданып, 3 қабатты етіп жасау ұтымды.

Сыртқы - жауып тұратын - қабаты, ауа өткізгіштік, бу өткізгіштік, гигроскопиялық және ылғал сыйымдылық көрсеткіштері төмен маталардан жасалуы тиіс, бұл атмосфералық ауаның киім астылық кеңістікке енуіне және киімнің су болуына кедергі жасайды Бұл үшін көбінесе, шұға, су сіңірмейтін табиғи талшықтардан жасалған тоқылған маталар, немесе синтетикалық маталар қолданылады. Екінші қабаты жылу сақтайтын қызмет атқарады, ол үшін табиғи жүні бар тері мен табиғи талшықтардан жасалған материалдар (мақта, ватин, жүн) да, жүні бар жасанды тері мен жасанды және синтетикалық талшықтардан (пенополиуретн, синдепон) жасалған материалдар да қолданылады.

Сырт киімнің ішкі қабаты, яғни, астары қолайлы киім астылық микроклиматты қамтамасыз етуі тиіс, соған байланысты олар дайындалатын маталардың ауа- бу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы және ылғал сыйымдылығы жеткіліткті болуы қажет.

Балалардың жылу реттейтін механизмдерінің жетілмегендігіне байланысты, оларға арналған киімдер қыста жылу сақтайтын қасиеттері, ал жазда - жылу беретін қасиеттері жоғарырақ болуы керек. Киім астылық кеңістікте ең аз ауа айналымын және қоршаған ортамен ең аз ауа алмасуын қысқы киімде киімді тігуге арналған материалмен ғана емес, сонымен қатар, киімнің құрылымдыгымен да қамтамасыз етеді. Киім астында, күләпара (капюшон), манжета, белбеу, белбеу биік шалбарларды қолдану, күртенің төменгі жағын резеңкемен қысып буу т. б. арқылы көп тұйық кеңістіктер жасайды.

Жазғы уақытта, киім астылық кеңістіктің ең жақсы желдетілуін қамтамасыз ететіндей, киім кеңірек пішілуі қажет. Балалардың жаздық киімдерін тігуге арналған ең жақсы маталар - батист, сәтен, табиғи жібек болып табылады. Жасанды және синтетикалық талшықтар да жарым-жартылай қолданылуы мүмкін, бірақ тек табиғи талшықтармен араласқан түрінде. Синтетикалық және жасанды талшықтардың матадағы пайыздық мөлшері гигиеналық нормативтермен бекітіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырт киімдердің оңтайлы пакетінің қалыңдығы
Түрлі климаттық аймақтардағы киімдерге қойылатын гигиеналық талаптар
Сән үлгілерінің теориясын анықтап, шығармашылық іс–әрекетін тәжірбиеден өткізіп, ұтымдылығымен анықтау
Клеопатра киімінің конструкциясы негізінде киімдердің дизайынын жасау және оның жасалу технологиясы
Әйелдер блузка мен белдемшенің сызбасы
Станциялы қосылған жабдықтарды орналастыру бөлмелерінің инженерлеріне арналған арнайы киімге қойылатын талаптар
Аяқ киім гигиенасы жайында
Қазақ қол өнері
Мақта өндірісі
Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz