Биосфера - ғаламдық экожүйе туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Орындаған: Шарипханова Забира ПД- 517
Тексерген: Нуржуманова Жанат Мекешовна
Биосфера - ғаламдық экожүйе.
Жер шарындағы ең ірі экожүйе - биосфера. «Биосфера» терминін алғаш тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін XIX ғ. 85 ж. атақты геолог Э. Зюсс (Австрия) қолданған. Биосфера туралы ілімнің негізін XX ғ. 26 ж. В. И. Вернадский салған. В. И. Вернадский биосфера деп ғаламшадың тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын, не ұшыраған бөлігін айтады. Биосфераның тепе-теңдігінің сақталуын гомеостаз деп атайды. Биосфера өздігінен реттелетін кибернетикалық жүйе. Жер биосферасының негізгі алуантүрлілігін тірі ағзалар жасайды, биосфераның өмір сүруі барысында 1 млрд кем емес тірі ағзалар болған. Жер - 9 ғаламшар ішіндегі Күнді эллипс тәрізді орбита бойымен айналатын Күннен кейінгі үшінші ғаламшар. Ол өз өсінен айналып тұрады. Жер пішіні және көлемі бойынша полюстері тұсынан қысыңқы келетін шар тәрізді ғаламшар. Жердің негізгі физикалық қасиеттері - пішіні, көлемі, массасы, тығыздығы, қысымы және температурасы. Массасы 5, 98 * 1024 кг. Жердің экватор бойының ұзындығы 40 мың км. Тығыздығы қысым артқан сайын өседі. Температура әр қабаттар мен тереңдіктерде әртүрлі. Жер бетінің 71% әлемдік мұхит алып жатыр, тек қана 29% құрлықтың үлесіне тиеді. Жер биосферасының пайда болуы мен дамуы оның көлемі мен пішініне және Күннен ара қашықтығына байланысты. Жер ғаламшарының жасы 4, 6 млрд жылды құрайды. Осы уақыт аралығында Жерде материяның айналу және жылжу процестері жүріп жатты. Соның нәтижесінде жер шары қабаттарға немесе геологиялық сфераларға (геосфераларға) жіктелді. Жер түрлі сфералардан тұрады: ядро, мантия, жер қабығы, педосфера, литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера, ноосфера және т. б. Жер қабаттарының химиялық құрамы әртүрлі. Бұл ғаламшардың бастапқы затының жіктелуімен түсіндіріледі. Ғаламшардың қалыптасуы барысында ауыр элементтер (никель, темір, т. б. ) «батып», ядро, ал олардан жеңілдеулері (алюминий, кремниий т. б. ) «қалқып шығып», жер қабатын түзді. Сонымен қатар, балқымалардан бөлінген газдар атмосфераны, ал су булары гидросфераны түзді. Нәтижесінде жерде тіршіліктің дамуына қолайлы жағдайлар қалыптасты. Тірі ағзалар ерекше қабат - биосфераны түзді. Адам пайда болғаннан бастап биосфера дамудың жаңа сатысы - ноосфераға көтерілді. Атмосфера - біздің ғаламшарымызды 3000 км биіктікке дейін түгел жауып жатқан ауа қабаты. Ол ауа қоспалары мен шаң бөлшектерінен тұрады. Атмосфера көлемінің 3% су булары құрайды. Құрғақ, таза ауаның 78% азот, 21% оттегі, 0, 9% аргон, 0, 03% көмірқышқыл газы және шамамен 0, 003% неон, гелий, криптон, ксенон, азот оксидтері, метан, сутегі, су булары мен озон құрайды. Атмосфера арқылы Жер мен ғарыш зат алмасады. Жерге атмосфера арқылы ғарыштан ғарыштық шаң-тозаң, метеорит түсіп жатса, өзі сутегі, гелий сияқты жеңіл газдарды жоғалтып отырады. Атмосферада тіршіліктің таралу шегі 22-25 км. Ауа қабатында тіршілік ететін ағзалар атмобионттар деп аталады. Атмосферадағы оттегінің тірі ағзалар арқылы өтуіне 2000 жыл, ал көмірқышқыл газына - 300 жыл қажет. Атмосфераның әртүрлі биіктіктегі құрамы және қасиеттері бірдей емес, сондықтан оны тропо-, страто-, мезо-, термо- және экзосфераға жіктейді. Соңғы 3 қабатты ионосфера ретінде қарастырады. Тропосфераға (полюстерде 0-7 км, экваторда 18 км дейін) барлық су буы мен атмосфераның 80% жатады. Мұнда барлық табиғат құбылыстары дамиды. Жердегі ауа-райы мен климат атмосферадағы жылу мен қысымның таралуына және су буының құрамына байланысты. Барлық жауын-шашынның көзі болып табылатын су буы күн радиациясын сіңіреді, ауаның тығыздығын көбейтеді. Тропосфераның температурасы биіктеген сайын төмендейді, ал 10-12 км биіктікте -550С-қа жетеді. Тропосферадан кейін 40 км биіктікке дейін стратосфера қабаты орналасқан. Оның температурасы 00С-қа дейін бірқалыпты өседі. 22-24 км биіктікте озонның максималды концентрациясы жинақталып, қалыңдығы 3 мм озон қабаты түзіледі. Ол тірі ағзаларға өте қауіпті болып келетін жер бетіне еркін өтетін ультракүлгін сәулелердің көп бөлігін сіңіріп отырады. Соңғы жылдары «озонның жұқаруы» проблемасы биосфераның ғаламдық экологиялық проблемасына айналды. Оның басты себебі - антропогендік фактор. Озонды фреондар деп аталатын өндірістерде, автокөліктерде, ракеталарда қолданылатын химиялық қосылыстар бүлдіреді. Фреондадның 31% шығаратын ел - АҚШ. Озонның жұқаруы ең алғаш рет Антарктидада 1985 ж. байқалды. Ауа бассейнінің тағы бір өзекті проблемасының бірі - атмосфераның күкірт диоксиді және азот оксидімен ластануына байланысты пайда болатын қышқылды жаңбырлар. Мезосфера (80 км биіктікке дейін) қабатында температура -60-800С-қа дейін жетеді. Мұнда көп мөлшерде поляр шұғылаларының пайда болуына себеп болатын газ иондары болады. Термосфера (800 км биіктікке дейін) қабаты температураның өсуімен сипатталады. Оның құрамында көп мөлшерде сутегі және гелий секілді жеңіл газдар мен зарядталған бөлшектер болады. Экзосферада (1500-2000 (3000) км биіктікке дейін) атмосфера газдарының ғарыш кеңістігіне тарауы (диссипациясы) байқалады. Гидросфера - атмосфера және литосфера арасындағы Жердің үзілмелі су қабаты. Оған барлық мұхиттар, теңіздер көлдер, өзендер, сонымен қатар жер асты сулары, полюстер мен биік таулы жерлердегі мұздар мен қарлар жатады. Ондағы тіршіліктің таралу шегі 11 км. Гидросфераны беткі және жер астындағы деп екіге бөледі. Беткі гидросфера - Жердің беткі бөлігінің су қабаты. Оның құрамына мұхиттардың, теңіздердің, көлдердің, өзендердің, су қоймаларының, батпақтардың, мұздықтардың, қар жамылғыларының және т. б. сулары кіреді. Беткі гидросфера жер бетінің 70, 8% жауып жатыр. Жер астындағы гидросфераға жер қабығының жоғарғы бөлігіндегі сулар кіреді. Оларды жер асты сулары деп атайды. Жоғары жағынан жер астындағы гидросфера жер бетімен шектеледі, ал төменгі шекарасын гидросфера жер қабығына терең еніп жатқандықтан, шектеу мүмкін емес. Су әлемінде алғашқы тіршілік нышаны байқалғаннан бері - гидросфера қабығы ғаламшарның бүкіл тыныс тіршілігін реттеуде негізгі роль атқарып келеді. 94% мұхиттар мен теңіздер, 6% - өзен, көлдер, жерасты сулары, мұздықтардың үлесіне тиіп, оны сарқылмайтын табиғи қоры екені адамзаттың болашаққа деген сенімін мәңгілік етуде. Табиғаттағы тұщы судың мөлшері 2%. Биосферадағы су айналымы 2 млн жылда өтеді.
Биосфераның пайда болуы
Жердің бөлімдері.
Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі ағзалардың қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі азғалар болғаны туралы ешқандай деректер жоқ. Протерозой эрасы - биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн жыл бойына созылған. Протерозойда тірі ағзаның қарапайым түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде тасқа жабысқан қалдықтары әртүрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады. Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 млн жыл бұрын басталып, 300 млн жылға созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді.
- Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларына өскен. Олар көк жасыл балдырлар болатын.
- Силур кезеңінде өсімдіктер құрлыққа біртіндеп шыға бастап, дами түсті.
- Девонның аяқ кезінде бұлардан басқа қырықбуындылар, плаундар және папоротниктер қаулап өсе бастады. Өсімдіктер құрлыққа шыққаннан кейін фотосинтездің ықпалымен атмосфералық ауаның химиялық құрамы өзгеріп, құрлық жануарларының дамуына жағдай туды, өйткені фотосинтез процесі арқылы ауада оттегі көбейе түсті.
- Тас көмір дәуірі (карбон) жылы және ылғалды болды. Мұның өзі құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне мүмкіншілік жасады. Әсіресе сәнді орман ағаштарының көлемі үлкен аймақтарды қамтыды. Бұл дәуірдегі өсімдіктер негізінен плаундар, қырықбуындар және папоротниктер болды. Бұлар псилофиттен таралып, тас көмір дәуірінің басында солардың орнын түгелімен басты.
- Пермь дәуірінің бас кезіндегі өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі өсімдіктерге ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ пермь дәуірінің ортасында жер бетіндегі өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш тәрізді плаундар, каламиттер, папоротниктер мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, цикада тәрізділер және шикгалар өсе бастады.
Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн жыл бұрын басталып, 115 млн жылдан астам уақытқа дейін созылған. Үш дәуірге бөледі: триас, юра, бор.
- Триаста тау құрылу процестері баяуланды. Бұл эраның құрлық өсімдіктері біркелкі болды.
- Юра дәуірі жылы болды. Теңіз жағалауларындағы ормандарда папоротник, қырықбуындылар, жалаңаш тұқымдылар - гинасомер, қылқан жапырақтылар қаулап өсіп, дами түсті.
- Мезозой эрасындағы, әсіресе соңғы кезінде - бор дәуірінде, қазіргі флора қалыптасыдан бұрын, жер бетіндегі органикалық тіршілікке үлкен өзгеріс енді. Осы кезде теңіз сулары азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бор дәуірінің аяғында Шығыс Азия мен Америкадағы Анд аймақтары жоғары көтеріле түсті. Бор дәуірінде климат кенет өзгеріп кеткен. Профессор М. И. Голенкин бұл өзгеріс жерге түсетін күн сәулесінің интенсивті болуымен байланысты деп жорамалдайды.
Ауа райының бір мезгілде кенет өзгеруі өсімдіктер эволюциясында жаңа ароморфоз пайда болуына себеп болды. Бұларда көптеген жаңа прогрессивті белгілер жетіле түсті. Мәселен, аналықтың, сондай-ақ жеміс дамитын жотынның болуы, қосарлы ұрықтану, гүлдің пайда болуы және тағы басқа.
Кайназой эрасы бұдан 70 млн жыл бұрын басталған. Осы уақыттан бері барлық эралар бойынша қазіргі кезден флораның қалыптасу процесі жүрді. Кайнозой эрасы екі дәуірге бөлінеді. Ол үштік және төрттік кезеңдер.
Үштік дәуірде тау құрылу процесі дами түсті. Жер бетіндегі ең биік Альпы-Гималай таулары пайда болды. Осы кезде Қара теңіз бенЖер Орта теңіздері оқшауланып өз алдына бөлініп қалған.
Төрттік дәуір жер бетінде тіршілік дамуының ақырғы және ең қысқа дәуірі болып саналады. Ұзақтығы 1 млн жылдай ғана болды. Бұл дәуірге тән жағдай - сол суық кезеңдер және мұз дәуірі жылы ылғалды ауа райымен алмасып отырғаны байқалады. Өйткені өсімдік әлемі мен жер қыртысының даму процесі біркелкі емес. Мұздар жер бетін басқан кезде жылылықты сүйетін өсімдіктер оңтүстікке қарай ығысып кетті. Бірте-бірте ауа райы жылынып, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар туды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz