Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті жайлы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік

Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті, Музыкалық-педагогикалық әрекет ізденістерінің түрлері

Орындаған; өндірқан А

Тексерген; Педагогика . Ғ. К доцент, қауымдастырылған профессор. Султанова. Н. К

2015Ж

Кіріспе

Кейінгі уақытта Қазақстан Республикасында әдіснамаға қатысты ғалымдардың көзқарасы мүлде өзгерді, мәселең қарапайым абстракциядан күрделі кең мағынадағы жүйеге қарай және жай ғана фолософтардың қызығушылығы ғана емес тәжирибеде де көзқарас қалыптасты.

Жалпы «педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті» болашақ музыка мұғаліміне бағытталған. Бұл студенттік ізденіс жұмысынан бастап, дәлелдеу және көрсету болып табылады, кәсібилік бағытының әдіснамалық мәдениеті қалыптасуда және де бұл бағыт қызықты да, керекті де және ақиқат.

Біріншіден , әдіснамалық бағыт қалай да болсын педагог - музыканттың өз әрекетінен байқалады. Әр оқушының мінез - құлқын, оның қабілетін, икемділігі мен дағдысын, қызығушылығын музыка мұғалімі қайдан біледі дейміз? Мұны олар өмірлік, кәсібилік тәжірибесінен алады деуге болады.

Екіншіден, оқу құралы қарапайым пікір, кішкене баяндама, басқадай студенттік ғылыми жұмыстарды жазу (курстық, дипломдық) барысында қалыптасады және жай ғана жазып қоймай, мысал арқылы дәлелдеп, қалай жазу керек екенін көрсетеді.

Үшіншіден, оқу пәні оқу құралында берілген қосымшаға назар аударуға, студенттің өзін-өзі тануына, семинарлық сабақтарға дайындалуға көп көмек береді. Және де болашақ музыка мұғалімі музыкалық білім беру педагогикасының басқадай ғылыммен, фолософиямен байланыста болғанын меңгеріп, қадағалайды және ЖОО білім алу процесіндегі қорытынды нәтиже барысындағы шығарушы мамандандыру (дипломыдық) жұмысын жазуына бағытталады. Педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті - ойлау, түрлі көзқарастарды салыстыру, өзінің позициясын ғылыми тұрғыда дәлелдеу қабілеттерінің көрінісі болып табылады. Ең негізі, ол әдіснамалық мәдениетінің музыкалық білім беру педагогикасының тәжірибелік мәнін ашу, білім мен икемділігін қабылдауы мен қалыптасуы

1 Тарау

Музыкалық білім беру педагогикалық әдіснамаисына кіріспе

  1. Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті

«Музыканы оқыту процесінде сіздер ғылыми - ізденіс әрекетімен шұғылданасыздар ма?» - деген сұраққа музыка мұғалімі жауап бере алмайды. «Біз оқытамыз, тәрбиелейміз, ал ізденіс жұмысымен ғалымдар шұғылдансын» - дейді. Әрине, педагог - музыканттың негізгі жұмысы - оқыту. Бірақ тәжірибелі музыкант өз жұмыс - әрекетін, оқушылардың іс-әрекетін, өз нәтижесін қалай талдамайды? Тәжірибелі педагогтан сұрасақ - қандай нәтиже, қандай мүмкіншілік, неге үйрету, неге тәрбиелеу, қандай қызығушылығы, балалардың түрлі әрекеттегі көрінісі, олардың музыкалық дамуына, икемділік пен дағдыларының қалыптасуына қай жерде, әлі де неге көңіл бөлу керек? - деген сұрақ туады. Әрбір педагог - музыканттың өз жұмысында кәсіби жетілдіру деңгейінде неге үйрену керек: өздік жұмысының ізденуін, кәсіби әрекетінің талдауын, оқыту әдісінің нәтижелілігін, музыкалық білім беру мазмұнының нәтижесін қадағалау және өз ізденісінде принциптер мен бағыттылығын қалыптастыруы керек. Осындай іс- әрекет мазмұны әдіснамалық сипаты деп аталады.

Сонда да музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамалығы деген не?

Оны ғылым ретінде қарастырайық :

- музыкалық - педагогикалық іс-әрекетіндегі ғылыми - ізденісін құрастыру принциптерін, формаларын және тәсілдерін білу; - білім алу жолын және тиімділігін ғылыми тұрғыда қарастыру, іс-әрекет жүйесін құрастыру;

- музыкалық - педагогикалық ізденісінің әдіснамалық сипатының маңыздылығын меңгеру;

- музыкалық - педагогикалық мәселені және теориялық маңызындағы ой-түйінін әдіснамалық талдау арқылы шешу; - рецензия, баяндама жазуды ғылыми тұрғыда үйрену;

- музыкалық - педагогикалық саласында тәжірибе - эксперимент жасауын меңгеру, жоспарлауын үйрену;

- музыкалық - педагогикалық ізденіс нәтижесінің алғашқы қадамының тұрақталуы; 5

- дипломдық жұмысын жазу барысында алған әдіснамалық дағдылары мен икемділігі арқылы орындау. Болашақ педагог-музыканттың әдіснамалық мәдениетінің мазмұны:

- музыкалық білім беру әдіснамасына қызығушылықпен қарау, оны тәжірибелік әрекетінде және мұғалімдік тұлға ретінде құндылығын түсіну;

- әдіснамалық білімінің кәсіби деңгейде қалыптасуы; - ізденіс жұмысындағы әдіс - тәсілдерін меңгеру барысында тәжірибеде қолдана білуі және қолданған әдебиетті әдіснамалық тұрғыда талдай білуі.

  1. Музыкалық-педагогикалық әрекет ізденістерінің түрлері Педагогикадағы ізденіс жұмысы- бұл ғылыми әрекетінің нәтижесі мен процесі, қоғамдағы құндылық ретіндегі жаңа білімнің заңдылықтары, құрылысы, оқу-тәрбие механизмі, педагогика тарихы мен теориясы, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдісі, оның мазмұны, принципі, ұйымдастыру формасы және әдістемесі. Сондықтан қандай ізденіс жұмыстарының түрлері болады? Алғашқы қадам - ол студенттің осы саласындағы бейімделуі.

Талдау негізінің қайнар көзі

Мақсаты: әдебиет қайнар көздері әдісімен танысу және педагогикалық практикадан жинақтау фактілерінің әдісі:

1. Ізденіс жұмысын тиімді, өнімді және мамандандыру мақсатында жұмыс жасау, басылымдағы ізденіс жұмыстарын зерттеуін үйрену. Бұл жұмыстың аты «зерттеу - сұрақты талдау қалпы». Сондықтан ізденушінің кітапханаларда, орталықтарда сақталатын ақпараттарға бет бұруы қажет. Онда ғылыми білімінің жетістіктері жазылған, адамзаттың осы бағыттағы жолы көрсетілген. Ізденушінің ақпараттарды дұрыс қолдануы және қайнар көздерді дұрыс таңдауы - бұл ізденушінің кәсіби мамандандануы. Кітап - ондағы бірізділік бойынша авторлардың ғылыми негізде көрсеткен жұмыстары бар, «бір қолдан» жазылған монография болып саналады. Басылым көлемі - кемінде 100 бет. Монографияда ғылыми-зерттеу нәтижесі өте анық және толық мазмұндалады. Монография авторлары көбінесе үлкен ғалымдар болып келеді, себебі олардың ғылыми тәжірибесі мол. Монография тақырыбының негізінде көптеген атаулы әдебиеттердің тізімімен толықтырылады. Әдебиеттер тізімі бір жағынан авторға өз ойының6 дұрыстығына көзін жеткізуге көмектессе, ал екінші жағынан бұл тізімдер автор көзқарасының әрі қарай дамуына үлкен жол ашады.

Мақалалар - бұл арнайы шағын көлемді басылымдар (10-20 басылым парағы), мұнда әр автордың нақты бір сұрақтарды талқылау барысындағы көзқарастары және шектелген зерттеу жұмыстарының нәтижелері мазмұндалады. Мақалалар педагогика мен психологияға арналған ғылыми журналдарда басылады, жарыққа шығады. Журнал бетіне жарияланатын мақалалар - бұл ғылымның қозғалысын, көкейтесті мәселелерін қадағалайтын ақпарат жүйесі, сондықтан күнделікті зерттеу, оқу үрдісінде ақпарат арқылы ғылымның қазіргі кездегі жағдайының қандай дәрежеде екенін білуге мүмкіндік береді. Студент зерттеушілерге арналған ақпарат қайнар көзінің бірі - әртүрлі ғылыми жинақтар болып келеді. Ғылыми жинақтар көбінесе ғылыми журналдарға ұқсас, бірақ олар ғылыми журналдар сияқты басылымға жиі шықпайды. Басқадай ақпарат қайнар көзі, диссертация, қолжазба, есептер сияқты сақтаулы болады. Диссертация - ол да монография сияқты ғылыми жұмыс, бірақ қолжазба ретінде баспадан шықпаған. Кандидаттық диссертацияны қорғаған соң, ғылым кандидаты атағы беріледі. Дәл солай докторлық диссертацияны қорғайды. Әрбір диссертацияға автореферат жазылады, онда қысқаша мазмұны келтіріп, баспадан басылып шығарылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті жайында
Ізденістің әдіснамалық негізі
Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті
Педагог-музыкантты дайындауда музыкалық-тарихи және музыкалық-теория мәселелері
Музыка арқылы адамның ерекше сезіну қабілетін арттыру
Орта топ балаларын музыка тыңдауға үйретудің ерекшеліктері (4-5 жас)
Балалардың музыкалық қабілеттілігін дамыту
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Музыкалық қызмет түрлері
Мектептегі музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz