Адам өлтіру қылмысын тергеуде арнайы білімдерді қолдану



Кіріспе

1. Қылмыстық сот ісін жүргізуде арнайы білімдерді қолданудың түсінігі
2. Кісі өлтіру қылмысын тергеудегі арнайы білімдерді пайдаланудың нысандары
3. Сот сараптамасы арнайы білімдерді пайдаланудың негізгі нысаны
ретінде
3.1. Криминалистік сараптама
3.2. Сот медициналық сараптама
3.3. Сот психиатриялық сараптама


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеу мәселесінің өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін өзінің жоғарғы құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялаған. Құқықтық мемлекетті құру жолындағы мемлекеттің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі ол құқықтық саясатты дамыту, яғни азаматтардың құқықтарын қорғайтын және олардың жүзеге асырылуына жағдай жасайтын заңдарды дамыту болып табылады.
1. Эйсман А.А. Заключение эксперта (структура и научное обоснование). М.: Юрид. лит., 1967.
2. Орлов Ю.К. Заключение эксперта и его оценка (по уголовным делам):Учебное пособие. М.: Юрист, 1995.
3. Махов В.Н. Использование знаний сведущих лиц при расследовании преступлений. М.: РУДН, 2000.
4. Надгорный Г.М. Соотношение специальных и юридических знаний // Криминалистика и судебная экспертиза. Киев, 1984.
5. Грамович Г.И. Научно-технические средства: современное состояние, эффективность использования в раскрытии и расследовании преступлений. Учебное пособие. Минск, 1989.
6. Селина Е.В. Применение специальных познаний в уголовном процессе. М.: Юрлитинформ, 2002.
7. Шиканов В.И. Актуальные вопросы уголовного судопроизводства и криминалистики в условиях современного научно-технического прогресса. Иркутск, 1978.
8. Владимиров Л.Е. Учение об уголовных доказательствах. Части Общая и Особенная. СПб., 1910.
9. Сорокотягин И.Н. Использование специальных знаний в проверочной и организационной деятельности следователя. Свердловск, 1989.
10. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. В 2 т. Основные положения науки советского уголовного процесса. Т. 1. М.,1968.
11. Петрухин И.Д. Экспертиза как средство доказывания в советском уголовном процессе. М., 1964.
12. Поврезнюк Г.И. Судебная экспертиза, //практическое пособие. Алматы, 1999.
13. Бычкова С.Ф. Организация назначение и производства судебной экспертизы. Алматы: Жеті жарғы,1999.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Адам өлтіру қылмысын тергеуде арнайы білімдерді қолдану.

Жоспар:

Кіріспе

1. Қылмыстық сот ісін жүргізуде арнайы білімдерді қолданудың түсінігі
2. Кісі өлтіру қылмысын тергеудегі арнайы білімдерді пайдаланудың нысандары
3. Сот сараптамасы арнайы білімдерді пайдаланудың негізгі нысаны
ретінде
3.1. Криминалистік сараптама
3.2. Сот медициналық сараптама
3.3. Сот психиатриялық сараптама

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу мәселесінің өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін өзінің жоғарғы құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялаған. Құқықтық мемлекетті құру жолындағы мемлекеттің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі ол құқықтық саясатты дамыту, яғни азаматтардың құқықтарын қорғайтын және олардың жүзеге асырылуына жағдай жасайтын заңдарды дамыту болып табылады. Сондай- ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың игіліктерінің, олардың мүдделерінің толықтай қорғалып, демократиялық құқықтары мен бостандықтарының жан-жақты кепілдендірілуіне бағытталып, оның сақталуын барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың басты міндеті ретінде бекітеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, өмірі мен денсаулығын, өзінің мүлкі мен бостандығын сот тәртібінде қорғау құқығы бекімін тапқан (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы). Осы сот тәртібінде арнайы білімі бар тұлғалардың арнайы білімін пайдалана отырып зерттеу жүргізу арқылы дәлелдемелердің қайнар көзі болып табылатын мәліметтерді алу құқығы да берілген.
Алдын-ала тергеуде және сот процессінде арнайы білім және арнайы ғылыми білім негізінде шешілуге жататын сұрақтар кездесіп жатады. Бұл сұрақтардың шешімі тергеліп жатқан қылмыстық істің шешілу барысына әсер етеді.
Әсіресе кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында арнайы білімдерді қолданудың маңызы зор. Себебі кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында туындайтын сұрақтарға, яғни, адам қай уақытта өлген, өлу себебі не, адамның алғашқы жатқан қалпы өзгерген ба, оны қандай қарудан және қандай қашықтықтан атқан деген сияқты тағы да басқа сұрақтарға жай адамның жауап беруі мүмкін емес, ал бұл сұрақтардың жауабын табу қылмыстық істі шешу үшін өте маңызды, яғни, бұл сезікті тұлғаны кінәлі немесе кінәлі емес деп тануға өз септігін тигізеді. Бұл сұрақтардың жауабын біз арнайы және арнайы ғылыми білімді пайдалану арқылы, яғни сот-медициналық сараптамасын тағайындау арқылы сарапшының берген қорытындысынан аламыз.
Алдын-ала тергеудің мақсаты ол қылмыстық істі толық, жан-жақты және объективті ашу болып табылатыны баршамызға аян, ал сот сараптамасы және іске маманның қатысуы осы мақсаттың жүзеге асуына өз септігін тигізеді.
Бұл жұмыста негізінен қазіргі таңдағы арнайы білім институтын қолдану барысында жіберілетін қателіктер, соған байланысты заңнаманы жетілдіру мәселелері, арнайы білімді қолданудың басқа да нысандарын заң жүзінде бекіту және тағы басқа шешімін таппай жүрген мәселелер қаралады.
Сонымен, зерттеу жұмысының өзектілігін бұл институттың дәләлдемелік маңызы бар мәліметтерді зерттеудің бірден-бір жолы екендігімен және бұл институттың алдын-ала тергеудің және сот отырысының кез келген сатысында істің әділ шешімін табуға септігін тигізе алатындығымен түсіндіруге болады.
Жұмыстың мақсаты туралы айтар болсақ, олар: Қазақстан Республикасындағы кісі өлтіру қылмысын тергеу барысындағы арнайы білімді қолдану институтының мәнін зерттеп, оған құқықтық тұрғыдан баға беру, арнайы білімді қолдануға байланысты заңнамаларды жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.
Зертеу жұмысының негізгі міндеттері:
Арнайы білім институтының мәнін ашу және оның теориялық аспектілерін қарастыру;
Кісі өлтіру қылмысын тергеудегі арнайы білімдерді пайдаланудың нысандарын айқындау;
Кісі өлтіру қылмыстарын тергеуде сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу мәселелерін айқындау;
Кісі өлтіру қылмыстарын тергеуде мамандардың арнайы білімдерін пайдалану мәселесін қарастыру.
Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы арнайы білімге қатысты нормаларға талдау жасау;
Арнайы білімі бар тұлғалардың білімдерін басқа нысандарда пайдалануға байланысты заңнаманы жетілдірудің проблемаларына тоқталу.

1. Қылмыстық сот ісін жүргізуде арнайы білімдерді
қолданудың түсінігі.

"Арнайы білім" дегеннің іс жүргізушілік түсінігі ҚР ҚІЖК-нің 7-бабы 41-пунктінде "адам кәсіби оқудың не белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеудің нәтижесінде алған, қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білім" ретінде анықталған.
Арнайы білімдердің түсінігін саралай отырып,А.А.Эйсман олардың қатарына заң және құқықтық ғылымды қоспайды,ол арнайы білімге тек қана белгілі бір тұлғаларға тиесілі білімдерді ғана жатқызады:"Бұл жалпыға мәлім емес,жалпының қолы жете бермейтін және жалпыға таралмайтын білім, қысқаша айтқанда бұл мамандардың шектелген ортасына ғана тиесілі білім, мәселен,физика саласындағы терең білім,биология саласындағы маман үшін арнайы білім болып табылатындығы сөзсіз және керісінше".
Құқықтық әдебиеттерде арнайы білім мен жалпы білімнің арасындағы айырмашылық тікелей көрсетілмеген.Бұл тұрғыда ғалымдардың арасында дау бар. Ю.К.Орлов арнайы білімді жалпы жұртқа белгілі біліменен келесідей ажыратады: "Арнайы білім ретінде жалпы білім беру және өмірлік тәжірибе саласының шегінен шығатын,тұлғалардың кейбіріне ғана тиесілі білімді танимыз.Арнайы білімдер ерекше дайындық пен кәсіби дағдылардың нәтижесінде қалыптасады.Арнайы білімдердің түсінігі,олардың жалпыға мәлім танымдардан айырмашылығы қоғамның даму деңгейіне,олардың жинаған білімдерінің көлеміне байланысты болып келеді".
Жалпыға мәлім білім ретінде азаматтардың жалпы дайындық нәтижесінде ие болатын білімдерін және әлеуметтік өмірде жиі қолданылатын дәлелденген білімдердің жиынтығын айтамыз. Кәсіп пен мамандықтың ерекшелігі ретінде олардың ғылыми мәліметтерге және тәжірибелік дағдыға негізделгенін айтуға болады.
Осы аталғанның негізінде, соттардың, прокурорлардың, тергеушілер мен анықтаушылардың сот өндірісін жүзеге асырушы білікті мамандар ретінде құқықтық білімдерін пайдалана отырып қалыптасқан жағдайға баға беруінің өзін арнайы білім деп бағалауға болады.
Құқық саласындағы білімдерді қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімге жатқызу даулы мәселелелердің бірі болып табылады.
В.Н.Махов, арнайы білім дегенге түсінік бере отырып, олардың қатарынан тергеуші мен сотқа кәсіби болып табылатын және қылмыстарды тергеу және қылмыстық істерді сотта қарау кезінде қолданатын олардың білімдерін алып тастайды. Дегенменен, В.С.Лисиченко, В.В.Циркаль В.И.Шикановтың, В.Я.Колдиннің, В.И.Гончаренконың "арнайы білімнің қолданылуының анағұрлым маңызды нысаны оны тергеушінің қылмыстық істерді анықтау, бекіту және зерттеуде өзінің процессуалдық құқықтарын пайдалана отырып, заңның талабына сай істің мән-жағдайын зерттеуде анық көрінеді" деген ой-қорытындыларын қолдайды.
Құқықтық білім ретінде, біздіңше, қылмыстық сот ісін жүргізуші жауапты тұлғалардың жасалған қылмыстарды зерттеу методикасын таңдау бойынша және әрекетті саралау мен іс жүргізушілік нормаларды орындауы бойынша қолданатын білімдері болып табылады. Аталған тізімдегі білімдер тергеу мен сот өндірісін жүргізуші тұлғалардың мамандығын анықтайтын базалық, міндетті білімдері болып табылады.
Г.М.Надгорный арнайы білім мен кәсіптік дайындық пен қызметтің арасындағы байланысқа назар аудартады. Ол зерттеліп жатқан түсінікке қатысты келесідей анықтаманы ұсынады: "Арнайы білім - бұл ғылыми және инженерлік-техникалық мамандықтардың негізін қалыптастыратын ғылым мен техника саласындағы, сонымен қатар басқа да бір мамандықтармен айналысу үшін қажетті білімдердің жиынтығы".
Арнайы білімдердің қылмыстық істерді тергеуде қолданылуының мақсатына байланысты анықтаманы Г.И.Грамович ұсынады. Оған сәйкес "қылмыстық іс жүргізушілік мағынадағы арнайы білімдер дегеніміз адамның белгілі бір қызмет саласындағы жұмыс істеуінің салдарынан қалыптасқан (бұл тұста, материалдық және процессуалдық құқық саласындағы білімдер жатпайды), дәлелдемелерді жинау мен тергеуде қолданылатын және арнайы техниканы пайдалану үшін қажетті жүйеленген ғылыми білімдер".
Жоғарыда айтылған арнайы білім мен жалпы жұртқа белгілі білімнің айырмашылығына қайта тоқталсақ, ғылымда арнайы білімдер мен арнайы емес білімдердің ара жігін ажырату қиын. Адамдардың жалпыға мәлім білімдерінің оның танымдық мүмкіндіктері мен қабілетінің, ғылыми прогрестің нәтижесінде күнделікті кеңеюіне байланысты арнайы білімдер арнайы емес білімдердің қатарына еніп кетіп жатады.
Сонымен қатар ғылымда арнайы білімдер мен арнайы ғылыми білімдердің арасында ешқандай айырмашылықтар жоқ деген пікірлер кездесіп жатады. Бұл пікір тек қана сарапшының қызметіне ғана тән болып келеді. Бірақ та сараптама жүргізу үшін арнайы ғылыми білімдердің бар болуы міндетті шарт болып табылады. Дегенмен маман мен тергеушіге қатысты мұндай шарт даулы болып келеді. Қылмыстық сот өндірісін жүзеге асыру үшін арнайы білімдердің қажет екендігімен дауласпаймыз, бірақ біздіңше ол тұста қолданылатын білімдердің тек ғылыми болу керектігімен келісе алмаймыз. Қылмыстық істерді тергеу кезінде тергеуші немесе сотта кейбір мәселелерді шешу үшін жалпыға мәлім емес білім мен дағдыға ие тұлғаларды тарту қажеттілігі пайда болуы мүмкін.
Ал енді арнайы білімдерді жіктеуге келетін болсақ, бұны да әр автор әр-түрлі жіктейді. Қылмыстық процесте қолданылуға жататын арнайы білімдердің жан-жақтылығын ескере отырып, Е.В.Селина оларды келесідей жіктеуді ұсынады:
1) адамның жай-күйі туралы арнайы ілімдер, бұл дегеніміз қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету заң шығарушының, соттың, құқық қорғау органдарының міндеттерінің ең бастысы болып табылады;
2) әлеуметтік саладағы арнайы білімдер;
3) криминалистік арнайы білімдер, өйткені оларды сот прокурор, тергеуші белгілі бір деңгейде меңгерген деп саналады.
4) басқа салалардағы арнайы білімдер.
Арнайы білімдерді жоғарыда көрсетілгендей зерттеуден бөлек, ол сонымен қатар оның келесідей күрделі құрылымына назар аударады:
1) "жеке өзіндік білім" (алынған мәліметтер) - арнайы білім мекемелерінде, ғылыми әдебиеттерден, әдістемелік нұсқаулардан, түрлі ғылыми, ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен форумдарда және т.б. алынған білімдер;
2) дағдылар, яғни тұрақты қайталану нәтижесінде, динамикалық стереотипке негізделген, санаға аса жүк түсірмей-ақ нәтижеге жетуге болатын, яғни ойлаудың автоматизацияланған деңгейіне жеткен әрекеттердің алгоритмі;
3) шеберлік - арнайы білімді практикалық тұрғыда қолдана білу қабілеттілігі.
Арнайы білімдерді қолданудың өзіндік шарттары да болады. Біздің пікірімізше, қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі және соттағы өндірісте пайда болатын сауалдарды шешуде арнайы білімдерді қолданудың шарттары келесідей болып келеді:
- арнайы білімдер, тек қана нақты фактілік және құқықтық негіздер болған жағдайда ғана қолданылуға жатады. Мәселен, сот сараптамасын тағайындаудың фактілік негізі болып арнайы білімдерді пайдалана отырып, іс бойынша сұрақтарды шешу қажеттілігі табылады. Сараптама тағайындаудың құқықтық негізі болып, сараптама тағайындаудың қажеттілігін негіздеп көрсететін іс материалдары табылады. Сот сараптамасын тағайындаудың міндетті жағдайларына байланысты іс жүргізушілік негіздер болып ҚР ҚІЖК-нің 241-бабы табылады;
- арнайы білімдер заңда көрсетілген қылмыстық-процессуалдық заң нысанында қолданылулары керек. Мысалы, сот сараптамасы секілді мұндай арнайы білімдерді қолдану нысаны ҚР ҚІЖК-нің арнайы 32-тарауы бар. Ал дәлелдеу процесінде арнайы ғылыми-техникалық құрылғыларды қолдану - ҚР ҚІЖК-нің 129-бабында көзделген;
- арнайы білімерді тек қана тиісті тұлғалар (тергеуші, судья, прокурор, анықтаушы, сарапшы, маман, аудармашы) өздерінің процессуалдық функцияларының шегінде ғана пайдаланулары керек. Сонымен қатар аталған тұлғалардың тәжірибеде өздерінің іс жүргізушілік функцияларының шегінен шыға отырып арнайы білімдерді пайдаланулары ҚР ҚІЖК-нің 90, 91, 92, 95, 96 баптарына сәйкес оларды шеттетуге (отвод) негіз болып табылады.
- арнайы білімдерді қолдану бойынша қызметтің өзі қылмыстық іс жүргізудің салалық қағидалары мен ережелерін қамтитын қағидалы ережелерге негізделуі тиіс болып табылады. Мысалға алып қарайтын болсақ, дәлелдеу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану қылмыстық іс жүргізудің жалпы заңдылық, ғылыми маңыздылық, қылмыстық іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз етуі және қауіпсіз болуы тиіс (ҚР ҚІЖК 129-бабы).
- арнайы білімдерді қолдану бойынша қызмет жүргізіліп жатқан процессуалдық әрекеттің шеңберінен шықпауы тиіс. Мәселен, сараптама тағайындаудың тәртібі ҚР ҚІЖК-нің 242-бабымен реттеледі, ал сараптамалық үлгілер алудың тәртібі ҚР ҚІЖК-нің 242-бабының мазмұнымен анықталады;
- арнайы білімді қолдану қызметінің нәтижесі тиісті процессуалдық құжаттарда көрініс табулары тиіс. Жекелеген жағдайларда егер тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында фотосуретке түсіру, киноға түсіру, дыбыс және бейнежазба қолданылса, онда хаттамада оны жүргізу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар, оларды пайдалану жағдайлары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер және алынған нәтижеер көрсетілуге тиіс (ҚР ҚІЖК 203-бабы).
Арнайы білімдерді қолдану бойынша қызметті шектейтін аталған талаптарды сақтағаннан кейін, қылмыстық сот ісін жүргізудегі мұндай білімдер процессуалдық маңызы бар "арнайы" маңызға ие болады және қылмыстық істерді тергеуде және сот қарауында пайда болатын сұрақтарды шешуде қолдануға жатады.

2. Кісі өлтіру қылмысын тергеудегі арнайы білімдерді пайдаланудың нысандары.

Арнайы білімдерді пайдаланудың нысандарын жақсы білу оларды кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында заңнамаға сәйкес және ғылыми ұсыныстарға сай етіп пайдалануға мүмкіндік береді. Арнайы білімдерге қатысты жарияланып жатқан әдебиеттерде бұған ерекше көңіл аударудың болуы бекер емес. Бірақ әдебиеттерде бұл туралы ойлар "шашыраңқы" болып келеді. Кейбір авторлар кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында арнайы білімдерді пайдаланудың нысандары екеу, үшеу ғана деген ойға тоқталады. Оларды бұдан көп дейтін де авторлардың қатары сирек.Бұл авторлардың көбісі арнайы білімдерді пайдаланудың барлық нысанын жіктеусіз көрсетіп отырады. Бұл нысандарды жіктеудің түп негізіне назар аудармаудан келіп шығады. Кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында арнайы білімдерді пайдаланудың нысандарының барлығы бір ғана шекпен шектеледі, ол: тергеушіге қылмыстық істі толық, жан-жақты және объективті түрде тергеуге көмектесу болып табылады. Арнайы білімдерді пайдалану нысанының мазмұны олардың тергеушіге көмек көрсетуінің мақсатымен және нақты әдістеріне байланысты анықталады. Аталған белгілердің жиынтығы нысандарды бірін-бірінен ажыратады. Бөлуге негіз болып қойылған белгіге сәйкес арнайы білімдерді пайдаланудың бірнеше түрлі жіктері болуы мүмкін. Процессуалдық жария етілуіне байланысты барлық нысандарды процессуалдық және процессуалдық емес деп бөлуге болады. Бұл жұмыста негізінен процессуалдық нысандар, яғни олардың пайдаланулары туралы тікелей немесе жанама түрде қылмыстық іс жүргізушілік заңда айтылғандары қарастырылады. Бұл сұрақты зерттеушілердің бірқатарының кемшілігі осы процессуалдық және процессуалдық емес арнайы білімді пайдалану нысандарын ажырата білмеулерінде. Бұл кемшіліктерді заңда кейбір арнайы білімдерді пайдаланудың нысандарының көрсетілмегендігімен түсіндіруге болады. Бұл өз кезегінде тәжірибеде қылмыстық іс жүргізу нормаларының бұзылуына, кейбір мәліметтердің заңда бекітілген тәртіпті сақтамай алынып, дәлелдемелік маңызын жоғалтуына байланысты тергеудің толық жүргізілмеуіне алып келіп жатуы мүмкін.
В.М.Шикановтың айтуынша қазіргі кездегі қылмыстық іс жүргізуге сәйкес сегіз арнайы білімдерді пайдаланудың нысандары бар. Олар: 1) ҚІЖК-не сәйкес дәлелдемелерді жинау қызметі жүктелген тергеушінің, прокурордың, соттың арнайы білімдерді тікелей пайдалануы; 2) арнайы білімге ие адамдардың танымдарын (кеңестер алу, арнайы анықтамалық сұрақтар қою, оларға жауап алу) олардың қылмыстық іске қатыстырусыз-ақ пайдалану; 3) соттық емес тергеудің, сонымен қатар басқа да жағдайларда жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін пайдалану (мысалы, мәйітті патологоанатомиялық зерттеу нәтижелері); 4) маман ретінде іске тартылған арнайы білім иегерлерінің арнайы танымдарын пайдалану; 5) іске сарапшы ретінде тартылған адамның арнайы білімін пайдалану; 6) аудармашының және мылқаудың немесе құлағы кеміс адамның тілін түсінетін адамның білімін пайдалану; 7) ҚІЖК-нің талаптарын сақтай отырып ревизия тағайындау; 8) тергеушінің немесе соттың берген тапсырмасының негізінде техникалық және басқадай зерттеулер жүргізу.
Кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында арнайы білімдерді қолдану нысандарының көптілігіне қарамастан, олардың кейбіреулеріне ғана назар аударылады, егер: оларды істі жүргізуші тұлға қолданатын болса; сараптама тағайындалса; сот және тергеу әрекеттеріне маман қатыстырылатын болса.
Сонымен қатар В.И.Шиканов пен тағы да басқа бірқатар авторлар "арнайы білімдерді пайдаланудың анағұрлым маңызды процессуалдық нысаны болып, оны алдын ала тергеуде тергеушінің пайдалануы" деп көрсетіп береді.
Айтылған ойды айтулы процессуалистер мен криминалистер бірнеше рет мойындаған. Мәселен, Л.Е.Владимировтың пайымдауынша, "тергеуші техникалық зерттеумен өте жақын таныс болуы керек, өйткені ол зерттеу сәтті аяқталу үшін қажетті қауіпсіздік шараларын дер кезінде қабылдап, зерттеудің қандай тұсына ғылыми тұрғыдан баға берілуі керек екендігін алдын ала білуі тиіс. Бұл тұста тергеушінің сот медицинасымен және де химиямен де жақын таныс болуы керек екендігін айтпай кетуге болмас. Тергеушінің мұндай білімдермен таныс болмауы іс үшін маңызы бар бірталай мәселелердің ашылмай қалып жатқандығына себеп болады, өйткені көпшілік жағдайларда сарапшылар олардың алдына қойылған сауалдардың шегінен шығып зерттеу жүргізіп жатпайды".
Автормен келісе отырып, танымдық тұрғыдан алатын болсақ, кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында дәлелдемелер құқықтық білімдер мен арнайы білімдердің жиынтығының және олардың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде қалыптасады. Сонымен қатар арнайы білімдерді иеленуші тұлғалар ретінде біз тек маман мен сарапшыны емес, сонымен қатар тергеуді жүзеге асырушы субъектілерді де тануымыз керек.
Процесті жүргізуші органдар үшін арнайы болып табылатын білімдердің мазмұнын анықтау үшін олардың міндетті кәсіптік білімдерін қарастырып өтейік. Мұндай өзекті білімдердің қатарына материалдық және қылмыстық іс жүргізушілік құқықты білу, қылмыстарды тергеу әдіс-тәсілін меңгеру, сот пен прокуратура органдарында іс өндірісін білу жатады. Қылмыстық сот ісін жүргізуші тұлғалардың қолданатын басқа білімдері (мысалы, сот медицинасы, жалпы және сот психологиясы, криминалистік техника және т.б. саласындағы білімдер) арнайы білімдердің қатарына жатқызылуы мүмкін және бұлар мамандық бойынша қызмет істеп, кәсіптік дайындық пен біліктілікті жоғарылату барысында пайда болады.
Кісі өлтіру қылмысын тергеуді жүзеге асырушы субъектілердің арнайы білімді пайдалануларының айқын көрінісі ретінде олардың криминалистік техника құралдарын пайдаланулары болып табылады.
Көпшілік жағдайларда заң тергеушіге тергеу жағдайы мен объективті мүмкіндіктерді басшылыққа ала отырып, белгілі бір ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану мүмкіндігін береді. Арнайы білімдерді қолданудағы оның құзыреті тиісті процессуалдық функциямен және де арнайы білімдерді пайдаланудың мақсаттарына - дәлелдемелік ақпараттарды алу, зертеу және бағалауға сәйкес анықталады.
Бұл тұста тергеуші өзі тікелей пайдаланатын арнайы білімдерді қарастыру өте маңызды болып табылады.
Құқықтық ғылыми әдебиеттерде тергеушінің арнайы білімді пайдалануы тиісінше реттелген болып табылады. Мәселен, И.Н.Сороктягиннің жіктеуіне сәйкес оларға: а) криминалистік техника саласындағы (трасология, сот баллистикасы, құжаттарды криминалистік зерттеу және т.б.) білімдер; б) сот медицинасы, сот психиатриясы, заң психологиясы, сот бухгалтериясы мен ғылымның басқа да салаларындағы білімдер; в) ғылыми-техникалық құралдармен (фото- және кино-құрылғылары, қол-аяқ іздерін зерттейтін құралдар, және басқа да іздеу құралдары және т.б.) жұмыс істеудегі дағдылар.
Тергеушінің өзінің мамандығы бойынша жұмыс істеп, кәсіптік дайындығы барысында иеленген арнайы білімдерінің арасында криминалистік білімге, қылмыстық істі зерттеуде қолданылатын техникалық және гуманитарлық ғылымдарға ерекше мән беріледі. Бұл білімдер кісі өлтіру қылмыстарын зерттеуде дәлелдемелерді алу, зерттеу және бағалаудың тиісті жолдарын және әдістерін анықтауға қажет болып табылатын ғылыми негізделген және логикалық тұрғыдан байланысқан тактикалық әдістердің жүйесі болып табылады. Сонымен қатар оларды пайдаланудың тиісті нәтижелері тергеу әрекеттерінің тиісті хаттамаларында, фототүсірілімдер, іздердің құймалары, сызбалар түрінде өз бекімін тауып жатады және өз кезегінде дәлелдемелік сипатқа ие болады.
Сонымен, тергеушінің өзі жеке өзінің арнайы білімдерін пайдалануы тек қана пайда болған жағдай мен қолданылатын білімнің, құралдар мен әдістердің толық сәйкес болған жағдайда ғана мүмкін болып табылады. Бұл жағдайда қылмыстық сот өндірісінің мақсатына жету үшін қолданылатын барлық техникалық құралдардың және әдістердің, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес пайдаланылатын білімдердің өзара сәйкестендірілуі міндетті шарт болып табылады.
Арнайы білімдер мен ғылыми-техникалық құралдарды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың, соттың пайдалануына байланысты сауалдар теория мен тәжірибеде ешқандай қиыншылықтар туғызбайды. Егер де осы көрсетілген тұлғалардың қайсыбірі болсын арнайы білімдерге ие болатын болса, олар заңда міндетті деп көрсетілгендерден басқа жағдайларда маманды қатыстырмай-ақ сауалдарды шеше берулеріне болады.
Дегенменен, кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында аталған субъектілердің, әсіресе тергеушінің, арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып алынған дәлелдемелерді тікелей зерттеуі бірқатар проблемалы болып келеді.
Құқықтық әдебиеттерде тергеушінің техникалық-криминалистік құралдарды пайдалануына қатысты бірқатар пікірлер айтылған. Атап айтар болсақ, тергеушінің заттай дәлелдемелерді алдын ала зерттеуі, оның нәтижелерінің процессуалдық маңыздылығының болуы даулы мәселе болып табылады.
Тергеушінің өзінің арнайы білімінің аясы туралы сөз қозғайтын болсақ, онда қазіргі замандағы арнайы білім мен жалпыға арналған білімдердің барынша кеңеюіне емес, ол білімдерді тергеушінің меңгеруіне және дәлелдемелерді бағалауда пайдалануына назар аударуымыз қажет болып табылады.
Арнайы білімдерге ие адамдардың арнайы білімді пайдалану нысандарын саралау сұрақтарын қарастырмастан бұрын, екі қарастыратын шекті атап кеткен жөн: біріншісінде - тек қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен көзделген нысандар, ал екінші жағдайда қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделмеген арнайы білімдерді пайдалану нысандары жөнінде сөз қозғалады. Аталған нысандарды топтастырудың кемшіл тұстарын байқай отырып, біз олардың қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген дәрежелеріне қарай барынша топтастырып қарастыруға тырыстық.
Бірінші топ: Заңды тікелей көрсетілген нысандар. Кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында тергеушілер білімдеріне жүгінетін арнайы білім иелері бұл жағдайда белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болып табылады. Бұл тұрғыдан арнайы білімдерді пайдаланудың келесі нысандары туралы сөз қозғалып отыр: сот сараптамасын жүргізу, мамандарды (сонымен қатар педагогтерді) тергеу әрекеттеріне тарту, қылмыстық іс бойынша өндіріске аудармашыны шақыру.
Сарапшының қызметі - кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында тергеушінің берген объектілерінің негізінде іс үшін дәлелдемелік маңызы бар сараптамалық қорытынды беру мақсатында жүргізілетін зерттеу жұмыстары.
Маманның қызметінің мазмұны - кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында тергеушіге дәлелдемелерді табу, алу, бекіту бойынша көмек көрсету болып табылады.
Жекелеген авторлардың көзқарастарымен келіспейтіндігімізді айта отырып, кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында кәмелетке толмаған тұлғадан жауап алу барысында педагогтің қатысуы - арнайы білімді пайдаланудың жеке бір нысаны еместігін, оның тергеу әрекеттерінде маманның қатысуының бір түрі екендігін айтамыз. Шындығында да педагогтің жауап алу барысында іске қатысуы кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша көмек көрсету мақсатына ие екендігі айқын. Дәл осындай жолмен тергеу әрекеттеріне басқа да бір мамандардың қатысуы тек қана тергеудің толықтығына емес, сонымен қатар оның жан-жақты зерттелуіне, іске қатысушы тұлғалардың құқықтарының қорғалуына алып келеді. Педагогтың рұқсатын ала отырып тергеушінің жауап алынып жатқан тұлғаға сұрақ қоюы оны маманнан ерекшелемейді. Бұл құқық тек қана педагогқа ғана емес, сонымен қатар жауап алуға қатысатын сарапшыға да берілген құқық. Басқа мамандар жауап алу тергеу әрекеттеріне қатыспайтын болғандықтарынан ғана мұндай құқықтарға ие болып табылмайды.
Кейбір авторлар кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында арнайы білімдерді пайдаланудың процессуалдық нысандарын көрсете отырып, жеткілікті негіздерсіз аудармашының қызметі туралы айтпай кетеді. Кейбіреулері аудармашының мамандардың қатарына жатқызады. Бірақ аудармашы маман секілді арнайы бір білімге ие тұлға болып табылады.
Бірақ аудармашы маманнан бірқатар белгілердің негізінде айырмаланады: ол тергеуге тартылатын тәуелсіз субъект болып табылады. Аудармашы маманмен салыстырғанда тек қана тергеушіге емес, сонымен қатар іске қатысушы басқа да тұлғаларға, яғни заңның негізінде аудармашының көмегін алу құқығы бар адамдарға да көмек көрсетеді. Бірақ бұл қызметтің нәтижесінде де аудармашы тергеушіге қылмыстық істі жан-жақты және толық қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аудармашы тергеу әрекеттеріне қатысудан бөлек, айыптау қорытындысын да аударуға көмектеседі. Маманның қатысу міндеттілігі жоқ жағдайларда тергеуші өзінің арнайы білімдерін пайдаланып-ақ тергеу әрекеттерін жасауға (фотосуретке түсіруге, сызбаларды дайындауға) құқылы болып табылатындығын жоғарыда айттық. Бірақ тергеуші тілді меңгеру деңгейіне қарамастан аудармашының қызметін алмастыра алмайды.
Екінші топ нысандарын сипаттамастан бұрын, келесілерді атап өтейік. Кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында арнайы білім иелерінің білімдерін басқа нысандарда пайдалану қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен реттелмеген. Бірақ ҚР ҚІЖК-нің нормаларына сәйкес дәлелдеме ретінде куәлардың көрсетуімен, сот және тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сонымен қатар басқа да құжаттармен анықталған кез келген фактілік айғақтар танылады. Тергеушіде құжаттарды, соның ішінде арнайы білімдері бар тұлғалар жасаған құжаттарды талап ету құқығын иеленеді. Тергеуші үшін мұндай құжаттардың құндылық деңгейін кейде бағалау тіптен қиын болып табылады. Оларды дайындау қылмыстық іс жүргізу заңнамасының шегінен шығатын болса да, бекітілген тәртіпте, кейде құқық қорғау органдарымен келісіле отырып дайындалады. Осы талаптар мен тәртіптерді сақтай отырып алынған, іске тігілген құжаттар дәлелдемелік маңызға ие бола бастайды. Осы айтылғанның негізінде мазмұны процессуалдық заңға сәйкес анықталған және сол бойынша тұлғалардың арнайы білімдерін пайдалану жүзеге асырылған нысан процессуалдық нысан деп анық айта аламыз. Мұндай құжаттарды дайындаудың мақсаты: оны қылмыстық іске қатысты болғандықтан дәлелдеме ретінде қылмыстық іске тіркеу мақсатын көздеген тергеушінің талабы болып табылады.
Осы айтылғанның негізінде екінші топқа ең бастысы заңда көрсетілген нысандарды жатқызу керек. Қазіргі заңнамаға сәйкес олардың қатарына:
- ұйым, мекеме, кәсіпорынның өз қаражаты есебінен бухгалтерлік құжаттарын қалпына келтіруі;
- ревизиядан бөлек, оның шеңберінен шығатын құжаттық тексерулер жүргізу.
Екінші топқа сонымен қатар тұлғаны алкоголизмнен мәжбүрлеп емдетуге жіберу туралы қорытынды беру үшін медициналық куәландыруды жатқызуға болады.
Осы топқа қылмыстық іс қозғалғанға дейін арнайы білімі бар тұлғалар қылмыс жағдайлары туралы белгілеген құжаттарды жатқызуға болады. Олар: а) тергеушінң тапсырмасы бойынша мәйітті оның өлу себебін анықтау мақсатында жүргізілетін сот-медициналық сараптамасы. Мұндай сот-медициналық зерттеулер Қазақстан Республикасында сот-медициналық сараптамасын жүргізу туралы Инструкцияға сәйкес жүргізіледі;
б) ревизиялар, оның нәтижелері бойынша қылмысты жасаумен байланысты белгілі бір тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінде бұзушылықтар анықталады;
в) ауыр салдарға алып келіп соққан көліктегі авариялар мен өндірістегі кездейсоқ жағдайларды арнайы ведомстволық зерттеу;
г) қорытындысы бойынша қылмыс белгілері айқындалған тауарларды сараптамадан өткізу;
д) автоқозғалыс оқиғасы нәтижесінде көлікке келген зардаптың мөлшерін анықтау мақсатында жүргізілетін арнайы тауар сараптамасы;
е) тергеліп жатқан іс бойынша маңызды болып табылатын, арнайы білімдерді қолдана отырып құрастырылған құжаттарды туындатқан басқа да процессуалдық емес әрекеттер.
Егер де мұндай құжаттарда кісі өлтіру қылмысының қандай да бір белгілері анықталатын болса, онда қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына жіберілуі тиіс. Бірақ қылмыстық істі тергеу барысында да, егер олар уақытылы ұсынылмаған жағдайда тергеуші оны талап етіп алдыртуға құқылы болып табылады.
Әрине, бұл тексерудің барлығы тергеушінің қатысуынсыз жүргізілетіндігін атап кеткен жөн. Егер кісі өлтіру қылмысы жасалды деп есептеуге негіздер бар болатын болса, тергеуші мұндай ведомстволық тергеудің нәтижелерін сұратып алуы тиіс болып табылады. Егер де аталған тергеу болмаған болса, тергеуші, керек жағдайларда прокурордың көмегімен оның жүргізілуін талап етуі тиіс. Ведосмтволық тергеу нәтижелері туралы құжаттар іске тігілгеннен кейін дәлелдемелік маңызға ие болады.
Үшінші топ: Белгілі бір талаптарды сақтай отырып жасалған сарапшының қорытындысын ауыстыра алмайтын, арнайы білімге ие адамдардың білімдерін пайдалана отырып алынған іске қатысты құжаттарды тергеушінің талап етуімен байланысты нысандар. Екінші топтағы нысандармен салыстырғанда бұл топтың құжаттарында кісі өлтіру қылмысы туралы ақпараттар көрсетілмейді. Негізінен бұл тергеушінің сауалдарына жауап ретінде қайтарылған бір реттік сипатқа ие анықтама қағаздары болып табылады. Олар, мәселен, арнайы білімдерді қажет ететін воедомстволық бұйрықтар мен инструкциялардың мазмұынын түсіндіреді немесе оның куәландырады. Бұл топтың құжаттары екі топқа, тергеушінің сауалы бойынша жасалған және оның сауалына дейін құралған болып бөлінеді.
Бірақ арнайы сипаттағы ақпараттары бар құжаттардың кең ауқымынан сақтану үшін келесідей екі жағдайды басшылыққа алу керек.
1. ҚІЖК-нің 123-бабының 1-тармағына сәйкес құжаттар, егер оларды ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар баяндалған немесе куәландырған мәліметтердің қылмыстық іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып танылады.
2. Құжаттың мақсаты - қандай да бір фактінің немесе қандай да бір нәрсеге құқықты заңды тұрғыдан куәландыру. Кейбір құжаттар нақты бір жағдайларда және белгіленген тәртіптерде жасалады. Бұл жағдайлар мен тәртіптерді тиісінше сақтамау құжаттың заңдық күшін жоққа шығарады. Атап айтатын болсақ, сарапшының өз бетінше, тіптен тергеушінің сұрауы бойынша заттай дәлелдемені зерттеуі туралы анықтама қағазының заңдық күші жоқ, себебі заң талабына сәйкес арнайы білімі бар адамның - сарапшының зерттеулерінің нәтижесі, егер олар сот сараптамасы өндірісі кезінде алынса ғана дәлелдемелік заң күші болады. Дәл осы негіздерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам өлтіру қылмысын тергеуде арнайы білімдерді қолдану туралы ақпарат
Қорқытып алушылық қылмысының қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері
Адам өміріне қарсы қылмыстардың түсінігі
Адам өлтіруді және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы
Мәйітті жерленген жерінен қазып алудың жалпы ұғымы
Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы
Адам өлтірудің объективтік белгілері
Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмысының құрамы және тергеу
Мәйіт эксгумациясы (процессуалдық, ұйымдастырушылық және криминалистикалық мәселелері)
Пәндер