Этникалық қауымдастықтың тарихи типтері


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

Мәнжазба

Тақырыбы: « Этникалық қауымдастықтың тарихи типтері »

Орындаған: СТ-14 қ/т ст. Өмірбекова Н.

Тексерген: Нартаев М.

Атырау-2016

Мазмұны

Кіріспе. . . …… . . . 3

Этникалық қауымдастықтың тарихи типтері . . . . . 6

Қорытынды. . 15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . 16

Кіріспе

Этностың әртүрлі компоненттерінің өзгеруі (рухани және материалдық мәдениеттің жеке элементтері, тіл, әлеуметтік құрылымдар, сана және т. б. ), тарихи даму барысында этникалық процестер атауына ие болған. Этникалық қоғамның өзгеруі немесе этникалық процестер адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен бірге жүріп бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл өзгерістерді тудыратын процестер этникалық қауымдастықтың жақтарына әсер етуі әр түрлі. Алғашқы қауымдық құрлыстан қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық тарихи формацияның ауысып отыруына байланысты олардың ішінде ең әуелі әлеуметтік-экономикалық процестерді бөліп алуымыз қажет. Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Оның эволюциялық және трансформациялық бағыттары болады. Эволюциялық бағыты этностың негізгі элементерінің, ең алдымен тіл мен мәдениеттің сапалы өзгерісін білдіреді. Трансформациялық этникалық процесс ұлттық тиесілікті алмастыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі этапы этникалық өзіндік сананың алмасуы болып табылады. Трансформациялық біріктіруші процестер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде жүзеге асады. Консолидация - тіл мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Мысалы, XV ғасырда түрік тілдес тайпалардың қазақ этносына бірігуі. Ассимиляция - көбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына сіңіп кетуі, нәтижесіне өзінің этникалық қасиеттерін жоюы. Мысалы, монғол тілдес тайпалардың Алтын Орда заманы тұсында қыпшақтармен ассимиляцияланылуы. Интеграция - тілі мен мәдениеті әртүрлі бірнеше халықтардың ортақ белгілері пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы мен беріктілігі шамалы, ұзақ өмір сүрмейді. Мысалы, Австро-Венгрия, Осман империясы, КСРО, Югославия және т. б. [2, 26-25 б. ] Қазіргі мемлекеттер көп этносты болуына байланысты мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлуді талап ететін этносаралық қатынастар әр алуандығымен ерекшеленеді. Көп ұлтты мемлекеттің маңызды міндеті - ұлтаралық қатынастарды оптимизациялау. Халықаралық қатынастар субъектілерінің өзара әрекет етуінің ең қолайлы нұсқаларын іздестіру және жүзеге асыру болып табылады.

Негізгі бөлім

Қазақстан Кеңес Одағынан кейінгі кеңістікте ғана емес, дүниежүзілік деңгейде де көп этносты және көп конфессиялы елдер қатарына жатады. Тәуелсіз Қазақстанның реформаторлық практикалық дәуірінің кезеңі 90-жылдардың ортасынан бастап мемлекеттік саясаттың ұлтаралық ынтымақтастық пен ішкі тұрақтылыққа қарай бағдар ұстауға көшумен сипатталады. Үкіметтің мәдени саясаты 1996 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тиесілігін қалыптастыру концепциясын ұсынды. 1995 жылдың наурыз айында ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Осыған байланысты тіл мен білім, мәдени мұраларды сақтау, бұқаралық ақпарат құралдарымен үйлесімділік, миграция мәселелері мен сыртқы байланыстар, ұлттық саясат концепцияларын дайындау, сонымен қатар, ұлттық мәдени орталықтар мен кіші ассамблеялар істері мен мәселелері жөнінде комиссиялар құрылды. Белгілі американдық ғалым С. Хантингтон болашақтағы өркениеттер қақтығысы барысында ыдырайтын мемлекеттер қатарына - Түркия, Мексика және Ресейді жатқызады. Бұл дезинтеграцияның себебі ретінде геосаяси жағдайымен қатар ішкі мәдени өртектілігі айтылады. Бұл теорияға сүйенер болсақ американдықтың назарынан тыс қалған Қазақстан бұл қақтығыстың ең қауіпті аймағында тұр. Егер біз қазақтарды ресми түрде түрік өркениетінің құрамдас бөлігі деп қарастырар болсақ, оның территориясын оңтүстіктен ислам әлемі, оңтүстік-шығысынан конфуциандық және солтүстік-батысынан православиелік суперөркениеттер қоршап жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының I сессиясында ұлттық мәселенің шешімін халықтар арасындағы татулық пен сенімді нығайту арқылы табуға болатынын, біздің басты бағытымыз ымыраға келтіретін жолдарды іздестіру және біріктіретін бастамаларды нығайту арқылы барлық ұлттық топтарды дамыту ісіне негізделуге тиіс екенін атап көрсетті. Ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы ең алдымен түрлі ұлттық топтар мүддесін ескеруге байланысты. Ең бастысы - осы мүдделердің үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз ету. Республикада бүкіл қазақтың 80 пайызға жуығы тұрып жатқанымен, негізі этнос - қазақтар ел халқының абсолютті көпшілігін құрамайды. Осыған байланысты Қазақстан халқының ұлттық құрамын 2004 жылғы статистикалық мәліметтермен толықтырып өтемеіз: ҚР тұрғындарының 1 қаңтар 2004 ж этникалық құрамы. Барлық ұлттар 14 951 302 100% Қазақтар 8 550 846 57, 19% Орыстар 4 072 566 27, 24% Украиндіктер 469 423 3, 14% Өзбектер 409 746 2, 74% Немістер 237 672 1, 59% Татарлар 232 744 1, 56% Ұйғырлар 223 007 1, 49% Өзге ұлттар 755 298 5, 05% Орыстардың, немістердің, украиндықтардың тысқа көшіп кетуімен олардың үлес салмағы азайса, оралмандардың елге оралуына байланысты қазақтардың миграциялық қалыпты сальдосының өсуі байқалады. Қазақстандағы мұңдай демографиялық ахуалдың қалыптасуы белгілі демограф Мақаш Тәтімовтің айтуынша солтүстік батыстан ағылған төмендегі миграциялық ағындармен байланысты болса, олардың тарихи хронологиясына жүгінейік: 1) қазақстанның солтүстік-батыс аймақтарыңда бастапқы қазақтардың қоныс тебуі 200 мың адам, яғни XVII ғ. бастап - өлкені отарлаудың басталуы; 2) қазақстан территориясыңда отарлау линиялары бойында (Горький, Ертіс, Жайық линиялары) әскери бекіністерді салу және ол жерлерге жазалаушы әскерді жанұяларымен қоса қоныстандыру (125 мың адам XVIII) ; 3) Ресейдің еуропалық бөлігінен Дала өлкесінің шұрайлы жерлеріне шаруалар мен переселеңдерді жаппай қоныстандыру (XX ғасырдың басына дейін, Столыпиннің жер реформасын қоса жалпы көлемі 1 млн. 150 мың адам) ; 4) Ресейдің ішкі бөлігінен ауған діни қуғындалушылар -староверлер, кержактар және баптястер (150 мың адам, XIX ғ. арты -XX ғ. басы) ; 5) Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы тәркілендіру барысында кедейленген депортанттар (250 мың адам, XX ғ. 20-30-жыддары) ; 6) Азамат соғысы жылдарында Сібір, Орал және Волга аймағынан келген әскери жалдамалылар (100 мың адам) ; 7) Индустрияландыру жылдары маман жинақтауды ұйымдастыру барысында келгендер (1 млн. 250 мың адам XXI ғ. 30-жылдары) ; 8) Ұлы Отан соғысы қарсаңында және барысында зорлықпен жер аударылған халықтар (1 млн. 300 мың адам, 1939-1945 жыддары) ; 9) Соғыс жылдарында оккупацияланған аудаңдардан эвакуацияланған адамдар (350 мың адам, 1941-1945 жылдар) ; 10) Тың игеруге өз еркімен келген "патриоттар" (1 млн. 950 мың адам, 1954-1959 жылдар) ; 11) "Ұйымдаспаған" стихиялық миграциялық ағымның нәтижесінде тұрғылықты көшіп-келгендер (1 млн. адам, 70 жылдардың басына дейін) ; 12) Жабық әскери қалашықтардағы "стратегиялық тұрғындар" (250 мың адам, 1946 жылдан 1991 жылға дейін) . 13) "Екпінді" Бүкілодақтық құрылыстарға еңбек ресурстарының ведомствалық миграциясы (200 мың адам, 1999 жылға дейін) ; 14) Жаңа игерілген кен орындарындағы соңғы вахтовиктер (50 мың адам, 1986-1991 жылдар, демографиялық экспансияның ақыры) ; 15) Закавказье мен Орта Азиядағы азамат соғыстары кезіндегі әскери және этникалық босқындар және Балтық бойы мен Молдовадан келген азаматтық мигранттар (75 мың адам, 1989-1993 жыддар) . Осындай тарихи себептермен Қазақстан Республикасының көпұлтты мемлекетке айналуы оның лоликонфессионалдық сипатын да айқындайды.

Этникалық қауымдастықтың тарихи типтері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этногенез халықтар тарихының бастамасы
Тіл және этникалық бірлік
Этноәлеуметтану
Әлеуметтік психологиядағы ұжым мәселелері
Саяси мәдениет типтері. Мәдениеттегі саясаттың орны
Көпэтносты қоғамдағы дін мәселелерінің баспасөздегі көрінісі
Саяси мәдениетті зерттеудегі әр түрлі бағыттар мен әдістер
Демография және әлеуметтану
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Технократиялық мемлекет теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz