Шығармашылық дарындылық


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Шығармашылық дарындылық

Жоспар:

  1. Шығармашылық дарындылық жайлы түсінік
  2. Оқушылардың шығармашылық дарындылығыныың құрлымдық - мазмұндық моделі
  3. Дарынды оқушының ғылыми ізденушілік шығармашылық қабілеттерін дамытуда
  4. Шығармашылық дарынды оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы мақсаттар
  5. Шығармашылық дарынды оқушылардың ерекшелігі
  6. Шығармашылық дарындылыққа кездесетін проблема
  7. Шығармашылқ дарынды балалар проблемадан шығу жолдары:
  8. Шығармашылық дарынды балаларға қолдау көрсету
  9. Өмірмен байланыс

10. Қорытынды

Шығармашылық дарындылық

Америкалық психололгтардың анықтамасы бойынша шығармашылық дегеніміз - бұл, тани білу, жаңа бір насені анықтауға ұмтылу нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет . ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз - адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігі мен бағаланады. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет. Осыған орай адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады деген ғалымдардың пікірінің дұрыстығына көз жеткізе түсеміз . Оқушылардың шығармашылық дарындылығының үш деңгейін көрсетті : креативті деңгей, интегративті деңгей, когнитивті деңгей .

Адамның ерекше қабілеттілігі оның жоғары туа біткен жеке қасиеттерімен тығыз байланысты.
Табиғи дарындылық дегеніміз не?
Нышан дегеніміз - қабілеттің дамуының анатомиялық-физиологиялық алғышарты.
Қабілет дегеніміз - тұлғаның кез- келген іс- әрекетті табысты орындауы.
Дарындылық дегеніміз - адамның кез- келген іс- әрекет түріне ерекше қабілетті болуы.
Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін- өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
Данышпандық дегеніміз - қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі.

Шығармашылық дарындылық - бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады. Яғни іс - әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалақ ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың көрнісін байқаған жағдайымен түсіндіріледі.

Оқушылардың шығармашылық дарындылығыныың құрлымдық - мазмұндық моделі:

Бөліктер
Өлшемдер
Көрсеткіштер
Бөліктер: Мотивациялық
Өлшемдер:

Шығармашылық іс -

әрекетке құндылық бағдардың болуы

Көрсеткіштер: Шығармашылық іс - әрекетке тұрақты танымдық қызығушылығы дербес шығармашылық іс - әрекетке тұрақты қажетсіну шығармашылық нәижеге ұмтылыу.
Бөліктер: Интелектуалдық
Өлшемдер: Шығармашылық ой - өрісінің тереңдігі және танымдық интелектуалдық дербестігінің болуы
Көрсеткіштер: Танымдық және интелектуалдық біліктілігінің деңгейі интелектуалдық тапсырмаларды шешу мүмкіндіктері .
Бөліктер: Рефлексиялық
Өлшемдер: Шығармашылық дарындылығының дамытуда рефлексиялық іс - әрекеттің үйлесімділігі және өзі - өзі іреттеу өзін -өзі бағалау жүйесінің меңгеруі .
Көрсеткіштер: Шығармашылық ой - өрісінің рефлексиялық сипаты . танымдық ізденімпаздығының жоғары деңгейі Ұжымдық шығармашылыққа бастамашылдық иедеясын көрсетуі.

Сонымен, ұсынылып отырған шығармашылық дарындылықты дамытудың құрлымдық - мазмұндық моделі оқушылардың танымдық және тұлғалық дамуы мен олардың даралық ерекшеліктерін, айқын қабілеттерін, керативтілігін арттырып, шығармашыл дарынды тұлғаның қалыптасуына негіз болады деп есептейміз. Шығармашыл оқушылардың дарындылығын анықтау кезінде кешенді көзқарас танытқан маңызды болып табылады. Дұрыс оқытылған жағдайда дарынды баладан ғалым, ал кебетті баладан жақсы қызыметкер шығады. Шығармашылық дарындылық ақыл - ой және мотивациялық факторлар ықпалдығына осы құбылыстың түсінігін тұтастай ашып көрсететін жаңа бағдар ретінде қарастырылады. Дарынды тұлғаның сапалық сипаты өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл іс - әрекетке қабілеттілік, креативтілік, танымдық интелектуалдылық қызғыушылығының кеңдігімен және барлық жаңалыққа ашықтықпен анықталады. Білімді өз бетінше игеру, ашу, жаңа жағдайға көшіре білу, мәлені мақсатты шешу, бір сөзбен айтқанда, « интелектуалды дарындылық » ретінде зерттейді.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік-баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтың психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «Сенің қолыңнан бәрі келеді», «Сен қабілеттісің», «Жаз», «Үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру;
- Оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
- Шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін байқау, қамқорлық таныту;
- Ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;
- Оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
- Оқушының қойған сұрақтарына пейілмен жауап беру, олардың психологиялық екпіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді мұғалім білуі тиіс.

Дарынды оқушының ғылыми ізденушілік шығармашылық қабілеттерін дамытуда :

  • Пәнаралық байланыс
  • Факультативті сабақтар
  • Теориялық білімін жан - жақты қолдану
  • Жаңа педагогикалық технологияларды енгізу
  • Шығармашылық топ жұмыстары
  • Олимпияда
  • Есептің бірнеше тәсілдерін қарастыру
  • Стандарт емес есептерді шешуді қарастыру
  • Танымдық ойындар және сыныптан тыс өткізлетін жұмыстардың маңызы зор.

Шығармашылық Дарынды оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы мақсаттар:

  1. Жеке тұлғаның іс - әрекетіне мән беру
  2. Дарындылық қабілетілігін анықтау
  3. Білім деңгейін кеңейту
  4. Жеке тұлғалық іс - әрекетін дасыту
  5. Логикалы ойлау қабілетін дамыту
  6. Әр түрлі шараларға (дебат . олимпияда . ғылыми сайыс ) қатыстыру
  7. Өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету

Шығармашылық Дарынды оқушылардың ерекшелігі:

Шығармашылық дарындылыққа кездесетін проблема

- Ұяңдық, үрейлік болмыс;

-Әлеуметтік жағдай;

-Ортаға бейімделе алмауы;

-Өтпелі кезең;

-Оқуда жетістікке жете алмауы;

-Психофизиологиялық себептер.

Шығармашылық дарынды балалар проблемадан шығу жолдары:

  • -Ұйымдастыру іс-әрекеті(теория, практика) ;
  • -Дарынды баланың психологиялық моделі;
  • -Іздену;
  • -Бағдарлама құру;
  • -Тиімді әдіс -тәсілді қарастыру;
  • -Бақылау, бағалау;
  • Жинақтау, жүйелеу;
  • -Іске асыру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРЫНДЫЛЫҚТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері
Дарынды және талантты балаларды оқыту ерекшеліктері
Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі
Балалардың дарындылығын бақылау
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту мүмкіндіктері
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Дарындылық туралы жалпы түсінік
Дарындылық негізгі түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz