Кәсіпорында корпоративтік мәдениетті қалыптастырудың теориялық-әдістемелік аспектілері



КІРІСПЕ
1. КӘСІПОРЫНДА КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
1.2. КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.2.1. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ, МІНЕЗ.ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ



ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер
Корпоративтік мәдениет – бұл пәнаралық зерттеу бағыты. Ол менеджмент, ұйымдық мінез-құлық, әлеуметтану, психология, мәдениеттану секілді бірнеше білім саласының тоғысында тұр. Бұл тұжырымдаманың нақ осы көп пәнділігі оның ерекше интегративті мәнін көрсетеді. Бір жағынан, оны қарастыру барысында танымдық аяда белгілі бір қиындық тудырса, басқа жағынан алып қарасақ, кәсіпорынды сауатты әрі тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Ұйымдық мәдениет мәселесі біздің елімізде және шет елде аз зерттелген, салыстырмалы түрде жаңа болып табылады. Тіпті АҚШ-тың өзінде бұл мәселе бар болғаны 80-90-жылдары ғана зерттеле бастаса, ал ТМД-та бұдан көп кейін қолға алынды. Сондықтан ұйымның қызметін ұйымдық мәдениет тұрғысынан шындап зерттеудің кезі келді. Бұл мәселеге қызығушылықты басшылар мен мамагндардың сұраныстары, сондай-ақ ұйымдардың зерттеу жобаларын орындауға берген нақты тапсырыстары дәлелдейді.
Фирманың мәдениеті – «ауа-райы» ұғымының синонимі емес. Мәдениеттің өзі осы ұйымдағы ауа-райын, құндылықтарды, стильді, өзара қарым-қатынасты білдіреді. Оның ұғымына мыналар кіреді: адамдардың мінез-құлқындағы әйтеуір бір тұрақты қайталанып отыратын сипаттамалар, мысалы: жол-жоралар, құрметтеуді білдіретін формалар, мінез-құлық мәнері, өндірістік топтың нормалары; ұйымның қызметкерлерге немесе тапсырыс берушілерге қатысты саясатын анықтайтын философия; ұйымда табысқа жету үшін сақталуы тиіс «ойын тәртібі».
1. Жұмамбаев С.К. Корпоративтік мәдениет негіздері экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003 – 171 б.
2. Рынок труда. Учебник / под. ред. проф. В.С. Буланова и проф. Н.А. Волгина. – М.: МГУ, 1996 г.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1- КӘСІПОРЫНДА КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. корпоративтік мәдениеттің жалпы түсінігі және мәні
1.2. Корпоративтік мәдениеттің элементтері
1.2.1. құндылықтар жүйесі, мінез-құлық стандарттары

ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Корпоративтік мәдениет - бұл пәнаралық зерттеу бағыты. Ол менеджмент, ұйымдық мінез-құлық, әлеуметтану, психология, мәдениеттану секілді бірнеше білім саласының тоғысында тұр. Бұл тұжырымдаманың нақ осы көп пәнділігі оның ерекше интегративті мәнін көрсетеді. Бір жағынан, оны қарастыру барысында танымдық аяда белгілі бір қиындық тудырса, басқа жағынан алып қарасақ, кәсіпорынды сауатты әрі тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Ұйымдық мәдениет мәселесі біздің елімізде және шет елде аз зерттелген, салыстырмалы түрде жаңа болып табылады. Тіпті АҚШ-тың өзінде бұл мәселе бар болғаны 80-90-жылдары ғана зерттеле бастаса, ал ТМД-та бұдан көп кейін қолға алынды. Сондықтан ұйымның қызметін ұйымдық мәдениет тұрғысынан шындап зерттеудің кезі келді. Бұл мәселеге қызығушылықты басшылар мен мамагндардың сұраныстары, сондай-ақ ұйымдардың зерттеу жобаларын орындауға берген нақты тапсырыстары дәлелдейді.
Фирманың мәдениеті - ауа-райы ұғымының синонимі емес. Мәдениеттің өзі осы ұйымдағы ауа-райын, құндылықтарды, стильді, өзара қарым-қатынасты білдіреді. Оның ұғымына мыналар кіреді: адамдардың мінез-құлқындағы әйтеуір бір тұрақты қайталанып отыратын сипаттамалар, мысалы: жол-жоралар, құрметтеуді білдіретін формалар, мінез-құлық мәнері, өндірістік топтың нормалары; ұйымның қызметкерлерге немесе тапсырыс берушілерге қатысты саясатын анықтайтын философия; ұйымда табысқа жету үшін сақталуы тиіс ойын тәртібі.
Қазақстандық фирмалар мен кәсіпорындар әлі күнге шейін қазіргі кез бен болашақтың мәселелері өткен кездің тәсілдерімен шешіле бермейтінін жете түсіне қойған жоқ. Құндылықтар туралы түсінік қозғалысқа енді. Біздің кәсіпкерлер бұрын барша мойындаған тәртіп, құлақ асу, иерархия, билік секілді құндылықтардың орнына қатысу, өзін-өзі анықтау, ұжым, тұлғалық қасиетті ашу, шығармашылық секілді басқалары келетінін әлі де анық түсіне қоймады.
Көптеген батыстық және қазақстандық кәсіпкерлер ауызбіршілігі мол ұжымы қалыптасқан, қызметтегі сатылық кедергілері аз, әрбір мүшесі ортақ табысқа ұмтылған және мұны өздерінің материалдық жағдайы осыған байланысты деп ұғатын фирма ғана өркендейді деген тұжырымға келді. Ұжымында корпоративтік мәдениеті жақсы дамыған фирма жылдам көтеріліп, дамиды.

. Ұйымдағы корпоративті мәдениетті құрудың теоретика-методологиялық негіздері (аспектілері)
1.1. Корпоративті мәдениеттің жалпы түсінігі және мәні
Ұйымдардағы менеджерлер әр ұлттың мәдениеті болатыны сияқты ұйымның да өз мәдениеті болады деп санайды. Ұйымдық мәдениетті құру процесі компания үшін тиімді болып табылады. Біріншіден, ұйым үшін маңызды құндылықтар жолында (основании) персоналдардың өздерін ұстау ережелерін реттеу мүмкіндігін тудырады.
Қазіргі шыққан әдебиеттерде корпоративтік мәдениетке көптеген түсініктемелер берілген. Басқа да ұжымдық-құқықтық терминдер сияқты бұл да бірегей талдауға ие болмай отыр. Қазіргі заманғы оқу, ғылыми әдебиеттерінде корпоративті мәдениетке 50 анықтама беріледі.Солардың ішіндегі аса кең тарағандарын қарастыруға болады:
... Корпоративті мәдениет - бұл материалдық және рухани құндылықтар жүйесі. Компания ішінде өзара әрекеттігін, әлеуметтік және материалдық (вещественной) ортада өзін қабылдауын және ұйымның даралыған көрсететін құбылыс.
... Корпоративті мәдениет - нақты өндірістік қызмет аясында жүзеге асырылатын жұмысты үйлестіру және жүргізу тәсіліндегі ұйымға лайық, спецификалық, өзара әрекеттер мен қарым-қатынастар жүйесі.
... Корпоративті мәдениет - компаниядағы барлық адамдарына бір бағытта алдыға ұмтылып жұмыс істеуіне негіз болатын принциптер, дәстүр және құндылықтар жүйесі.
... Корпоративті мәдениет - бұл ұйым мүшелерінің және жарияланған құндылықтарды көрсететін, адамдардың мінез-құлқын және іс-әрекетін байқататын аса маңызды қосымшалар жинағы.
... Корпоративті мәдениет - бұл қазіргі жағдайда ұсынылған тарих. (Барри Феган).
... Корпоративті мәдениет - бұл ұйымның жалпы әмбебеп психологиясы (П. Вейл).
... Корпоративті мәдениет - ұйымның барлық мүшелері арасында таралған сендіру, құндылық және нормалар жинағы (Д.Ньюстром, К.Дэвис).
... Корпоративті мәдениет - нақты бір ұйымның мүшелерінің дәлелдеусіз құптаған және ұйымның үлкен бөлігінің қабылдауы бойынша өздерін ұстаудың (поведение) жалпы шеңберін көрсететін күрделі қосымшалар жиынтығы.басқару идеологиясы мен философиясында, маңызды бағытында, сенімінде, күтуінде, өзін ұстау нормаларында байқалады. Адамның өзін ұстауын тағайындайды дағдарыс жағдайында олардың әрекеттерін болжауға мүмкіндік береді. (Т.Ю.Базаров).
... Корпоративті мәдениет - бұл топтардың арасындағы бөлісетін идеялар, қызығушылықтар және құндылықтар. Бұған сіздің немесе әріптесіңіздің басынан өткерген тәжірибе, әдет, дәстүр, коммуникация барысы және шешім қабылдау, мифтер, қорқыныш, үміт, талпыныс сияқты жағдайлар кіреді. Сіздің ұйымдық мәдениетіңіз - бұл адамдар сәтті шыққан жұмысқа қалай қарайтындығын, сондай-ақ персоналдардың құралдармен үйлесімді жұмыс істейтеуіне мүмкіндігін білдіреді. Бұл өзара байланыстырып тұратын аса маңызды құрал. Бұл сондай-ақ адамдардың компания аясында әртүрлі жұмыспен айналысуы. Бұл компанияның бір бөлігі басқа бөліктерін байқай отырып, әр бөлімшелер өздерінің жүріс-тұрыс формаларын таңдайды. Оны компания ішіндегі ашық қалжың мен керегелердегі шарждардан байқауға болады немесе жабық күйде тек өздерінің адамдарына ғана жариялануы мүмкін. Бұны ұйымда басшыдан басқасының бәрінің білуі мүмкін. (Б.Феган)
... Корпоративті мәдениет - бұл компания жұмысында қалыптсақан психологиялық ахуал 3.
Э. Джакус Кәсіпорындағы мәдениет - жұмысшылардың белгілі дәрежеде өзара бөлісіп, коллективтің жаңа мүшелерін өздерінің адамдары ретінде тарту және бұны ұйымға жаңадан келгендердің жайлап қабылдауы үшін әдетке, дәстүрге айналған ойлау және әрекет ету тәсілі.
Д. Элдридж и А. Кромби Ұйымның мәдениетін ұйымның алдына қойған мақсатына жету жолында топтарды және жеке тұлғаларды біріктіру тәсілін анқытайтын ережелердің, құндылықтардың, жүріс-тұрыстың және т.б. жиынтығы деп түсінуі керек.
Х. Шварц и С. Дэвис Мәдениет... ұйым мүшелері арасындағы байқалатын сенім, үміт ету жиынтығын байқатады. Бұл ұйымдағы жеке тұлғалардың және топтардың көлемді деңгейде мінез-құлқын, жүріс-тұрысын анықтайтын ережелерді қалыптастырады.
К. Голд Корпоративтік мәдениет - бұл ұйымның барлық өзге салалардан айрықша қабылданған ерекшеліктерінің сипаттамасы.
М. Пакановский и Н. ОДоннел-Тружиллио Ұйымдасқан мәдениет - ұйымдағы мәселерердің құрайтындардың бірі ғана емес, бұл бүтіндей проблеманың өзі. Біздің көзқарасымызша мәдениет - ұйымның қолында бар нәрсе емес, олардың түсінігінше қандай сипат алуында
В. Сате Мәдениет сол немесе басқа қоғам мүшелері арасында таралған маңызды мақсаттар жиынтығын көрсетеді"
Э. Шайн Ұйымдасқан мәдениет - ішкі бейімделу мен сыртқыы интеграция мәселелерін шешу үшін топпен ойлап табылған және жасалған базалық болжамдар жинағы. Бұл жинақ ұзақ уақыт жұмыс істеп, өзінің маңыздығы мен қиысындылығын дәлелдеу қажет. Сондай-ақ ол ұйымның жаңа мүшелерінің дұрыс ойлау және айтылған мәселелерге қатысты оң көзқарастары ретінде беріліп отыру қажет.

Г. Морган Мәдениет метафоралық маңынада - тіл, фольклор, дәстүр және басқа ұйым қызметін қажетті арнаға бұратын негізгі құндылық, наным, идеология арқылы ұйымдасқан қызметті жүзеге асырудың тәсілдерінің бірі
К. Шольц Корпоративтік мәдениет адамдардың жүріс-тұрысын басқаратын және солардың өзін өзі ұстауы әсерінен қалыптасатын ұйымның анық емес, көрсетілмеген және формалды емес түсінікті білдіреді
П. Добсон, А. Уильямс, М. Уолтерс (1993 ж.): Мәдениет - ұйым ішіндегі баршаға ортақ табанды түрде сендіру, қарым-қатынас және құндылық
Э. Браун Ұйымдастырылған мәдениет - ұйымның жұмыс істеу барысында және түрлі материалдық форма мен ұйым мүшелерінің мінез-құлқында байқалыт үрдісте нандыру, құндылық және нақты мәселелерді шешу тәсілдерін меңгеру дің жиынтығы.
М.Х. Мескон: Ұйымдағы қалыптасқан ахуал оның мәдениеті болып саналады. Мәдениет ұйымдағы дағды, әдет және көрінісінде байқалады.
С. Мишон и П. Штерн: Ұйымдастырылған мәдениет кәсіпорынға қатысты құпталған құндылықтарға сәйкес келетін және ұйым мүшелерінің әрқайсысына өмірлік тәжірибе ретінде беріліп отыратын жүріс-тұрыс, символдар, рәсімдер мен мифтердің жиынтығы.
Е.Н. Штейн: Ұйымдасқан мәдениет - қызметкерлердің ішкі бейімделу мен сыртқы интеграцияны шешу тәсілі мен ережесі. Кезінде өзін ақтаған және актуальдығын дәлелдеген шарттардың бірі.
Н. Лемэтр: Кәсіпорын мәдениеті - ұйымның барлық мүшелері арасындағы таратылған символдар, құндылық және жүріс-тұрыс үлгісін көрсететін жүйе.
Байқағанымыздай ұйымдық мәдениетке әртүрлі анықтаулар мен талқылаулар берілуіне қарамастан, онда бір ортақ бір кезең (түсінік) бар.
Дефинцияларды біріздендіру үшін ұғыымдарды өзара салыстыруға талпыныс жасалды. Бұл контент-талдау арқылы жасалды, сонымен қатар осы сала төңірегінде жұмыс істейтін зерттеушілердің жиі қолданған түсінік пен терминдер анықталды.
Көптеген анықтамаларда авторлар ұйым мүшелері өздерінің жүріс-тұрысында және іс-әркеттерінде ұстанатын базалық болжауларға жүгінеді. Бұл түсіктемелер көбінесе қоршаған ортаға (топтар, ұйымдар, қоғам, әлем) және оның өзгерістерін реттеп отыратын дүниелерге (табиғат, кеңістік, уақыт, жұмыс, қарым-қатынас және т.б.) байланысты. Бұл түсінікті ұйымға байланыстырып құру қиын болмайды.
Жеке тұлғалардың ұстанатын құндылықтар - авторлардың корпортавті мәдениет түсінігіне енгізгендей екінші ортақ категория болып табылады. Құндылықтар тұлғаның рұқсат етген етілмеген дүниелерге мінез-құлқын бағыттап отырады. Кейбір ұйымдар әрқашанда тұтынушыларының пікірін бірігші кезекке қояды. Сондықтан оларда ұйым мүшелерінің жұмысындағы сәтсіздікке кіналауға жол берілмейді. Ал басқаларында мүлде керісінше болуы мүмкін. Әйткенмен қандай жағдайда болмасын қабылданған құндылық тұлғаға нақты жағдайларда қалай әрекет жасау керек екендігін түсінуге көмектеседі.
Корпоративтік мәдениет түсінігінің жалпы үшінші атрибутына символика жатады. Бұл құнды бағыт ұйым мүшелері арқылы беріледі. Көптеген фирмаларда өздерінің құндылық бағдарлар сипаттайтын арнайы, барлық құжаттарда пайдаланылатын символдары болады. Оны әңгімелейді, өзгелерге сипаттап айтып береді, талқылайды. Мұның нәтижесінде компанияның жарнамалық буклетінде жазылған құндылықтардан гөрі тұлғаға үлкен әсер етеді.
Сондықтан үлкен мөлшерде осы феноменді көрсететін корпоративті мәдениет түсінігін қолданған жөн. Біздің зерттеуімізде осы термин қолданылады.
Корпоративтік мәдениет түсінігі XIX ғасырда пайда болды. Оны неміс фельдмаршелі Мольткенің қолдануымен құрылды. Ол офицерлер ортасында өзара әрекетті сипаттада пайдаланды. Ол уақытта өзара әрекет жарғымен, сотпен ғана емес, дуэлмен де реттелді. Жүріс-тұрыс ережесі жазылған, жазылмаған түрде ортағасырлар гильдиясында профессионалды сыбайластықтың ішінде қалыптасты. Қылыштасудан түскен тыртық офицерлер корпорациясына жатынын білдіретін міндетті белгі болып табылды.
Сондықтан ұйымдастырылған мәдениетке байланысты көптеген жалықтырар сұрақтар жаңалық емес. Оған тек белгілі бір бөлігі ғана терең ғылыми аспект болып табылатын көптеген публикациялар дәлел бола алады. Сонымен қатар пәндік зерттеулер, ұйымдық мәдениетке қатынасты талдауға тәжірибелік нұсқаулық, мәдени өзгерістер жобалары туралы хабарлама болады. Соңғы 15-20 жылда осы кезге дейінгі әртүрлі идеялардың қоспасы, теориялар мен үлгілер корпоративтік мәдениет ұғымының аясында бір жерге топтастырылды.
Атап өтсек, негізінен ұйымдастыру мәдениеті саласындағы зерттеудер тарихы тереңде жатыр. Корнель университетінің (АҚШ) профессоры Хариссон Трайс Чикагоның Western Electric компаниясындағы 30 жылдардың басында белгілі Хоуторндық тәжірибесін жүргізудегі американдық ғалым Э. Мэйо басшылық еткен топ жұмысын корпорация қызметін мәдени қырынан зерттеудегі алғашқы қадам деп санайды. Бұл тәжірибе 5 жыл бойы 4 кезеңнен өтті (1927-1932 ж.ж.) және зерттеу жұмыстарына арнайы іріктелген компания жұмысшыларының еңбек өнімділігіне түрлі факторлардың әсерін анықтауды мақсат етті. Екі кезеңнің нәтижелері менеджмент классикалық теориясының кейбір түсіндірмелерінің дәрменсіздігін алға тартты және бұған ертеректе бағаланбай келген жасырын психологиялық және әлеуметтік фактор кінәлі.
Өз гипотезасын бекіту үшін Э. Мэйо мен әріптесі У.Уорнер үшінші кезеңде адамдардың еңбекке қарым-қатынасын, принцип пен пікірлерін, сенімдерін ұжымдағы адамгершілік көңіл-күйін айқындайтын 20 мыңға жуық сұхбат жүргізуді және детальды бақылауларды қажет еткен кең бағдарлама жасап шығарды. Сондықтан Э. Мэйо бастаған ғалымдар тобын ұйымдастырушылық мәдениет салысндағы (бұл ұғым мен тұжырым біршама кеш пайда болса да) зерттеулердің өзіндік қарлығаштары деп есептеуге болады. Компаниядағы индивидум үшін саналы өмір жалпы топтық қатынастылық сезімінің демуы жұмысшылардың қажеттіліктері мен жұріс-тұрысын олардың ұйым мәдениеті көзқарасы тұрғысынан әрі қарай зерттеуге талпынуда өзіндік серпіліс болып табылады.
50-жылдардың атақты американдық социологы М. Далтон жұмысшылардың түрлі қажеттіліктерінен туындайтын мәдениет пен субмәдениеттің табиғи пайда болуы пәнін зерттеуге АҚШ пен Канаданың ондаған ірі және орта фирмаларында зерттеулер жүргізеді және өзінің Басқаратын адам (Человек, который управляет) кітабындағы зерттеудің нәтижелерін жалпылайды.
Далтонмен бір кезеңдее десе де болады (одан тәуелсіз) Тавистонский институтының ағылшын социологтарының тобы ұғымды мәдени жүйе ретінде детальды зерттеулер жүргізіп, бірнеше жұмысшылардың нәтижелерін басып шығарды.
1969 ж. АҚШ-та Х. Тайс басшылығымен Корнель университетінің зерттеушілер тобы жазған түрлі өндірістік әдет пен дәстүрлерге арналған кітап жарық көрді.
80-90 жылдары қарсаңында ұйымдасрыушылық мәдениет феномені үлкен зерттеулер тобының назарын аударды. 80-ші жылдардың басында АҚШ-та сабақ беретін жапондық Оучидің Теория Z және Томас Питерс пен Роберт Уотерманның Тиімді басқару ізденісінде (В поисках эффективного управление) атты бастамалар кітаптары жарық көрді.
1989 жыылы олардың ішінде ұйымдастырушылық мәдениет фирманың экономикалық тиімділігінің, сонымен қатар сыртқы ортаға бейімделудің маңызды факторы болып табылаты жөнінде тезис болғанын атап өту керек.
1982 жылы Бостон кеңесші тобының мамандары Теренс Дил мен Аллан Кеннедидің Корпоративтік мәдениет атты жарық көрген кітабы танымалдыққа ие болды. Тек 1983 жылы наурыз бен 1984 жылдың қазан айы аралығында Канада мен Еуропада ұйымдық мәденет, ұйымдық фольклор мен символизм мәселелері бойынша 5 маңызды конференция өткізді. Олардың үшеуінің ғылыми протоколы жеке кітап болып басылды.
Ғалымдар корпоративтік мәдениет табиғатын біршама өзгеше қалыптастырды. Корпоративтік мәдениет - адамдарға олардың іс-әрекеті мен жүріс-тұрысына бағыт-бағдар беретін ұйым алға қойған құндылықтарда көрініс табатын ұйым мүшелері қабылдаған аса маңызды жорамалдардың жиынтығы. Бұл құндылықты бағыттар ұйым мүшелерінее ұйымның рухани және материалдық, символикалық құралдары арқылы беріледі.
Деньги ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдағы корпоративті мәдениетті құрудың теоретика-методологиялық негіздері
Фирма имиджінің басқарудың тиімділігіне әсері
Кәсіпорынның экспорттық әлеуетін бағалау әдістемесі
Кәсіпорында ұйымда басқару шешімдерін қабылдау процестерінің теориялық аспектілері
КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІНІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері
Салықтық әкімшілік мәселелері
Қаржылық стратегияның түрлері
Коммуникативтік мәдениеттің құрылымы
Пәндер