Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры акционерлiк қоғамын құру туралы


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

"Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысы

"Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi Қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметiнiң негізгi мәнi Қазақстан Республикасында мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгiзу, әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыру, әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыру үшiн қаражатты уақытылы аудару, уақытша бос қаражатты қаржы құралдарына Қазақстан Республикасының Yкiметі белгiлеген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы орналастыру, жыл сайын аудит жүргізу болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi белгiленген тәртiппен Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне берсiн.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Қоғамның құрылтайшы төлейтiн жарғылық капиталының 4595 (қырық бес миллион тоғыз жүз елу мың) теңге мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен қалыптастырылуын;

2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн және Қоғам жарғысының бекiтiлуiн қамтамасыз етсiн.

5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж. N 13, 124-құжат) :

көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:

"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-54-жолмен толықтырылсын:

"21-54. "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" АҚ";

2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:

көрсетiлген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне

279. "Мемлекеттік әлеуметтiк

сақтандыру қоры" АҚ".

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Д. Ахметов

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың бірі болып табылады.

Қор жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Берілген Қаулыға сәйкес Қордың акциялар пакетіне ие болу және қолдану құқы Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. Қор коммерциялық ұйым емес.

Қордың миссиясы Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу.

Қор қызметінің негізгі мәні болып:

 әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру;

 әлеуметтік тәуекел туған жағдайда алушыларға әлеуметтік төлемдер жүргізу үшін «Зейнеақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа» (бұдан әрі - Орталық) уақытында қаржы аудару;

 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына Қор активтерін орналастыру.

 Жылсайынғы аудит жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 25. 04. 2003 ж. № 405-ІІ Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Заң) Қор мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі арасындағы жасалған шарт негізінде Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына Қор активтерін орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүргізеді.

Қордың өз қаражаттары жарғылық капиталдан және активтерден алынатын комиссиялық сыйақыдан тұрады.

Әлеумуттік төлемді алушы
Әлеумуттік төлемді алушы: http://www.gfss.kz/images/for%20index%20page/trudosp.jpg Еңбек ету қабілетінен айрылу


Егер медициналық-әлеуметтік сараптама Сізге еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілесе, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа Сіз еңбек ету қабілетінен айрылуы бойыншаәлеуметтік төлемақы алуға құқылысыз. Еңбек ету қабілетінен айрылуы бойыншаәлеуметтік төлемақы мөлшері орташа еңбек ақы мөлшеріне, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.
Әлеумуттік төлемді алушы: http://www.gfss.kz/images/for%20index%20page/32350133.jpg Асыраушысынан айрылу

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа қайтыс (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған) болған адамның асырауында болған отбасы мүшелеріне асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалуы мүмкін. Асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер орташа еңбек ақысына, асырауында болған адамдар санына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.
Әлеумуттік төлемді алушы: http://www.gfss.kz/images/for%20index%20page/poter%20rabot.jpg Жұмысынан айрылу

Жұмысқа орналастыруға көмектесу, кәсіптік дайындау, жергілікті бюджет есебінен қоғамдық жұмыс беруден басқа егер сіз үшін 6 айдан кем емес уақыт әлеуметтік аударымдар жүргізілсе және Сіз жұмыссыз ретінде ресми тіркелсеңіз, Сіз жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға құқылысыз.
Әлеумуттік төлемді алушы:

http://www.gfss.kz/images/for%20index%20page/ber%20i%20rod.bmp Жүктілігі және босануына

Әлеуметтік төлем бір рет төленеді және ол әйелдің соңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады. Қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс 4, 2 коэффициентке көбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда орташа айлық
табыс 4, 7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5, 7 және 6, 2 коэффициенттер қолданылады. Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент 1, 9 құрайды.

Әлеумуттік төлемді алушы: http://www.gfss.kz/images/for%20index%20page/uxod.bmp Нәресте күтімі үшін

Бала күтіміне төленетін әлеуметтік төлем ай сайын төленеді және әйелдің соңғы 24 айдағы орташа табысының қырық пайызы мөлшерінде тағайындалады. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері ең төменгі еңбек ақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспау керек, ал әлеуметтік
төлемнің ең кіші ері бала күтіміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем емес мөлшерде тағайындалады.

Фонд туралы толықтау

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) - жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және 45 950 000 теңгені құрайды. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз акционердің шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін.

2004 жылдың 21 сәуірінде Қор заңды тұлға ретінде тіркелді (тіркеу туралы куәлік №16157-1901-АО) . 2004 жылдың 01 шілдесіндегі № 10 қабылдау-беру Актісіне сәйкес, Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлiгiне берілді. Жарғылық капиталы 45 950 000 теңге болғанда акция шығару көлемі номиналды құны 1 000 (бір мың) 45 950 мың теңгені құрайды. Шығарылған акциялардың саны 45 950 жай акцияны құрайды KZ1С51240014, шығу формасы құжатсыз. Акция шығару толықтай төленген, Қорда орналастырылмаған акция жоқ.

Қордың құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi атынан ҚР Үкіметі болып табылады.

http://www.gfss.kz/images/kz/1.1_kz.jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
Бюджеттен тыс қорлар
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры»
Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қорының қаржылық қызметіне талдау жасау
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі қалпы мен даму ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымын дамыту
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары: қалыптасуы және даму мәселелері
ҚР жекешелендіру, меншік объектілерін заңдастырудың әлеуметтік және экономикалық мәні, маңызы, нәтижелері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік секторы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz