Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері



Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.1.Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні
1.2.Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
1.3.Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің
құқықтық негіздері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Ақша жүйесі және оның түсінігі туралы тақырыптың негізгі бөлімінің бірінші бөлігінде,ең алдымен ақшаның түсінігі туралы және ақша қай кезден бастап пайда болды деген сұрақтарға жауап береміз.Бұл сұрақтарға қысқаша тоқталатын болсақ,ақша-бұл барлық өндірістік қатынастардың жиынтығының маңызды буыны және онсыз тауар өндірісі өсір сүре алмайтындығы жайлы мәселе.Сонымен қатар ақша қажеттілігіне байланысты ежелгі дәуір кезеңіндегі ірі ойшыл , ғалым К.Маркстің берген түсінігі және одан бөлек Дж. Доланның,Д.Кэмпбеллдің сызбасымен танысамыз.Бұдан басқа ақшаның рационалистік және эволюциялық түрлерімен танысамыз.
Ал екінші бөлігінде,жалпы әр мемелекетке тән ақша жүйесі туралы түсінік және оның жекелеген элементтері туралы ұғым толықтай ашылып көрсетіледі.Бұнда,ақша жүйесі дегеніміз-тарихи қалыптасқан,әр мемлекеттің заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы болып саналады.Ал негізгі элементтері ол ақша жүйесін ұйымдастыру принципі;ақша бірліктерінің атауы;ақша бірліктерінің түрлері ;ақша айналымын реттеу тетігі және валюта бағамы туралы.Бұдан басқа ақша жүйесінің монометаллизм (алтын немесе күміс) және биметаллизм (алтын мен күміс) деп аталатын екі түрін қарастырамыз.
Үшінші бөлігінде,ақшаның пайда болу тарихына жалпы сипаттама,яғни ақшаның өте көне заманда-ақ ,тіпті мемлекеттер құрылғанға дейін қолданыста болғаны туралы.Ал содан кейін біздің Республикасындағы ақша жүйесінің құқықтық негіздері туралы,яғни белгілі бір құқықтық нормалармен ретке келтірілген,еліміздің ақша айналымын жоспарлы түрде ұйымдастыратын нормалар мен тәсілдердің жиынтығына тереңірек тоқталамыз.Еліміздің ұлттық валютасы - теңге туралы,Республиканың Ұлттық банкі туралы және қазіргі қолданыстағы банкноталар мен тиын ақшалардың түрлері туралы.Сонымен қатар еліміздің Ұлттық банкі ұсынған және қолданысқа түсейін деп жатқан жаңа теңге жайлы.
Пайдаланылған әдебиеттер:


1. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған ҚР-ның Конституциясы

2. 1993 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған «ҚР-ның ақша жүйесі туралы » Заңы
3. 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» Заңы
4. 1993 жылы 14 сәуірде қабылданған «Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы» Заңы
5. Эдвин Дж.Долан,Колин Д.Кэмпбелл,Розмари Дж.Кэмпбелл «Деньги,банковское дело и денежно-кредитная система».
Москва,1991 г.
6. Ғ.С.Сейтқасымов «Ақша,несие,банктер». Оқулық. Алматы, 2005 жыл
7. Е.Ф.Жуков «Деньги,кредит,банки».Москва,1999 г.

8. В.И.Тарасов «Деньги,кредит,банки».Учебное пособие. Минск, 2003 г.
9. Б.А.Көшенова «Ақша,несие,банктер,валюта қатынастары». Алматы,2000 ж.
10. И.Худяков «Финансовое право РК».Общая часть.
Алматы,2001 г.
11.С.С.Найманбаев «Финансовое право».Астана,2005 ж.

12.О.И.Лаврушин «Деньги,кредит,банки».Москва,1999 г.

13.С.М.Найманбаев «Қазақстан Республикасының Қаржы
құқығы».Алматы,1994

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.1.Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні
1.2.Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
1.3.Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің
құқықтық негіздері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Ақша жүйесі және оның түсінігі туралы тақырыптың негізгі бөлімінің
бірінші бөлігінде,ең алдымен ақшаның түсінігі туралы және ақша қай кезден
бастап пайда болды деген сұрақтарға жауап береміз.Бұл сұрақтарға қысқаша
тоқталатын болсақ,ақша-бұл барлық өндірістік қатынастардың жиынтығының
маңызды буыны және онсыз тауар өндірісі өсір сүре алмайтындығы жайлы
мәселе.Сонымен қатар ақша қажеттілігіне байланысты ежелгі дәуір кезеңіндегі
ірі ойшыл , ғалым К.Маркстің берген түсінігі және одан бөлек Дж.
Доланның,Д.Кэмпбеллдің сызбасымен танысамыз.Бұдан басқа ақшаның
рационалистік және эволюциялық түрлерімен танысамыз.
Ал екінші бөлігінде,жалпы әр мемелекетке тән ақша жүйесі туралы
түсінік және оның жекелеген элементтері туралы ұғым толықтай ашылып
көрсетіледі.Бұнда,ақша жүйесі дегеніміз-тарихи қалыптасқан,әр мемлекеттің
заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы болып саналады.Ал негізгі
элементтері ол ақша жүйесін ұйымдастыру принципі;ақша бірліктерінің
атауы;ақша бірліктерінің түрлері ;ақша айналымын реттеу тетігі және
валюта бағамы туралы.Бұдан басқа ақша жүйесінің монометаллизм (алтын
немесе күміс) және биметаллизм (алтын мен күміс) деп аталатын екі түрін
қарастырамыз.
Үшінші бөлігінде,ақшаның пайда болу тарихына жалпы сипаттама,яғни
ақшаның өте көне заманда-ақ ,тіпті мемлекеттер құрылғанға дейін қолданыста
болғаны туралы.Ал содан кейін біздің Республикасындағы ақша жүйесінің
құқықтық негіздері туралы,яғни белгілі бір құқықтық нормалармен ретке
келтірілген,еліміздің ақша айналымын жоспарлы түрде ұйымдастыратын нормалар
мен тәсілдердің жиынтығына тереңірек тоқталамыз.Еліміздің ұлттық валютасы
- теңге туралы,Республиканың Ұлттық банкі туралы және қазіргі қолданыстағы
банкноталар мен тиын ақшалардың түрлері туралы.Сонымен қатар еліміздің
Ұлттық банкі ұсынған және қолданысқа түсейін деп жатқан жаңа теңге жайлы.

1.1 Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні

Нарықтық экономиканың әрекет ету механизмін түсіну үшін ақшаның
мәнін айқын түсіну қажет.Сол себепті ақшаның нарық тілі деп аталуы бекер
емес.Ақша-тауар өндірісінің тарихи категориясы немесе айырбастың ұзақ
мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
٭Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының
дамуынан туындайды.Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті
шарты болып табылады.Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге
айырбасталса,онда ол тауарға айналады.Ал бұл ақшаның қажеттілігін
туындатады,яғни айырбас Маркстің Т-А-Т сызбасы бойынша жүзеге асырылады.Бұл
жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу-сатуда делдал ретінде әрекет
етеді.Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және
осы сомаға басқа тауарды (Т') сатып алу қажет.Жалпыға ортақ балама рөлінде
әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта сұраныс пен
ұсыныстың сәйкессіздігіне байланысты айырбас жүзеге аспай қалуы мүмкін.Ақша
үнемі тауарға қарама-қайшы болады.Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас
категориялар.٭ [ 5.12-бет ]
Сонымен,ақша-бұл тауар өндірісінің тарихи айырбасы процесінің
ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.Ақша жалпыға ортақ
балама ретінде тауар өндірісі тауар айыпбасына қажет,ол еңбектің әр түрлі
жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек
шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.Яғни,ақша өндірістік қатынастардың
барлық жиынтығының маңызды буыны,онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар ,бірақ олардың арасында
маңызды айырмашылық та бар.Егер тауар айналыс аясында уақытша болса, ал
ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады,айналыс аясынан кетпейді.
Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып,ақша бүкіл тауар әлемінен
ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.
Ақша-қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді
және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы.Ол
жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне қосады,тауар өндірушілер
арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.

*Қазіргі кездегі нарықта ақшаның қажеттілігі жоғарыда көрсетілген
Дж.Долан, Д.Кемпбелл, Дж.Кемпбеллдің сызбасынан анық көруге болады.Сызбада
тауарлар мен қызметтер ағымы көрсетілген,оларды үй шаруашылықтары
(кәсіпкерлер) және фирмалар (заңды тұлғалар) айырбастайды,бұл ағым айырбас
кезінде жүзеге асырылған ақшалай төлемдердің қарама-қарсы ағымымен
теңестіріледі.Тауарлар мен қызметтердің ағымдары сағат тілі бойынша
бағытталған;ақшалай төлемдердің ағымдары сағат тіліне қарсы бағытталған.Осы
экономикалық жүйеде жеке кәсіпкерлер және фирмалар өндіретін такарлар мен
қызметтерді сатып алады.сызбаның төменгі бөлігінде көрсетілген фирмалар
нарығындағы өз өндірістері үшін қажетті ресурстарды-жұмысшы күшін,капиталды
және ресурстарды сатып алады.*[ 5.13-бет]
Ал экономикадағы ақшаның пайда болуы мен оның мәнін анықтаудың көп
ғасырлық тарихы бар,атап айтатын болсақ,бұл сұрақтар Аристотель, А.Смит,
К.Маркстің еңбектерінде қарастырылған.Негізінен ақша теориясын XX ғасырдың
бірінші жартысында А.Маршал,П.Самуэльсон, Дж.Тобин,Ф.Мишкин сияқты қазіргі
кездегі экономика ғылым өкілдері дамытқан.
Ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге
болады:рационалистік және эволюциялық. Біріншісі,XIX ғасырдың аяғына дейін
үстемдік етті,ол ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы
келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді,яғни ақшаның туындауы
тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.Ал екіншісі ғылыми көзқарас болып
саналады,ол тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде
түсіндіріледі,ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болады.Айырбастық
құн-бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алушылық құны.Құн
тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі
баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді.Тауар-бұл
сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі.Адам дайындаған зат сату
немесе айырбастау кезінде тауарға айналады.Ал бұл ақшаның туындауы үшін
объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны
болады.Тауарлардың пайдалылығына байланысты құнының әр түрлі формалары
бар,олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады.Тауардың құны оны өндіруші
адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.
Әр түрлі аймақтарда тауар ретінде әр түрлі тауарлар
алынады.Мысалы,солтүстіктің халқы ақша ретінде бағалы аң
терісін,оңтүстіктің мал өсіруші халықтары-малды,егін егуші халықтар-
астықты,қалаларда-металды,яғни темірді, қорғасынды, бағалы металдарды
қолданады.
* Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған
жағдайда ғана,ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады.Мұндай ығыстыру
аяқталған соң,арнайы тауар пайда болады,оның нақты формасымен жалпы балама
формасы бірігеді де,бұл тауар ақша деген атауды алады.
Сондықтан да ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен өрнектеледі:
1.ақшаның жалпы тікелей айырбасталу қасиеті бар;
2.ақша тауардың айырбас құнын белгілейді;
3.ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып
табылады.*[ 8.10-бет]

1.2 Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері

Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады.Ақша жүйесі -
ол тарихи қалыптасқан және мелекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас
ақша айналымы.Алғашқы ақша жүйесі XVI-XVII ғ.ғ.капиталистік өндіріс әдісі
қалыптаса бастаған да пайда болды.Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері
одан да бұрын айналымда жүре бастаған.Капиталистік өндірістің және тауар-
ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.
*Ақша жүйесінің типі: ақша-ерекше тауар ретінде жүруіне,яғни
жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша-құн өлшемі қызметін атқаруына
байланысты қалыптасады.Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей
типтері кездеседі:
• Металл ақша айналысы,бұл жүйеде ақша тауары,яғни толық құны
ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін
орындайды.Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
• Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы,бұл жүйеде атына
сай, айналыстан толық құнды ақша ,яғни алтын біржолата
ығыстырылып,айналыста тек ақша белгілері жүреді.*[ 9.57-бет]
Ал жалпы ақша тарихы негізінен қоғам өмірінің экономикалық және
саяси дамуымен тығыз байланысты.Тарихи даму барысындағы экономикалық
категория ретінде ақша - өндіріс саласында қалыптасатын ,адамдар
арасындағы ақша қатынастарын білдіреді.Яғни,ақша қоғамдық қатынастарды
тасушы және оның негізгі қызметі болып мемлекет қызметін ақшамен қамтамасыз
ету танылады.Сол себепті,қаржы жүйесінің қалыптылығын сақтау үшін ақша
жүйесі қолданылады. Сонымен қатар,мемлекеттің ақша шаруашылығын,яғни, ақша
жүйесін қалыптастыру.
Әлемдік өркениетте ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден
белгілі әрі олар құнның ақшалай формасы-ақшаның пайда болуымен
байланысты.Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша-тауар қатынасының даму
деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады.
*Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар.Ол мынандай элементтерді
қамтиды:
➢ Ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;
➢ Ақша бірліктерінің атауы;
➢ Ақша белгілерінің түрлері,оларды шығарудың тәртібі және
қамтамасыз ету сипаты;
➢ Ақша айналымын ақша-несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
➢ Ұлттық валюта бағамы,оны шетелдік валютаға айырбастаудың
тәртібі.
Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:
1. ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі.Ол көбінесе
шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне негізделген
экономикалық әдістерге жүгінеді.
2. тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау
принципі
3. ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері,ақша
айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету
керек,алайда инфляцияның дамауына жол бермеуі қажет.
4. ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі.Бұл ақша
эмиссиясының несие операциялары негізінде жүзеге асырылатынынн
білдіреді.
5. эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілуі принципі
6. Орталық банк тәуелсіздігінің принципі
Ақша бірліктерінің атауы.Ақша бірлігі-барлық тауар бағаларын
өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін ,заңмен бекітілген ақша
белгісі.Сонымен қатар,ақша бірлігі – бұл ұлттық валюта атауын білдіретін
және мемлекетпен белгіленген ақша белгісі болып саналады.
Ақша бірлігінің атауы – теңге,доллар,рубль,,марка,фунт стерлинг,сом
және тағы басқалары тарихи қалыптасқан.Мысалы, рубль сөзі рубить деген
сөзден шыққан ,себебі ол күміс слитоктан кесіліп алынған және өзінің
белгіленген салмағы гривна деп аталатын бөлікті білдіреді.Ал доллар -
талер деп аталатын неміс тиынының атауынан шыққан,ал ол иоахимсталер
деп аталатын Габсбургтер кезеңіндегі австро-венгриялық тиынның атауынан
пайда болған,ал ол өз кезегінде Чехия еліндегі күміс өндіретін жердің
атауынан алынған.
Монополиялық тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері заңда
төлем құралы болып табылады, яғни бұл Қазақстан аумағында борыштарды
өтеуге заң бойынша міндетті түрде қабылданатын ақша
белгілері.:Ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан Республикасында 100
тиыннан тұратын қазақстандық теңге болып табылады.Теңге алтын немесе басқа
құнды металдар арасында ресми ара қатынас белгілейді
Ақша белгілірінің түрлері,оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз
ету сипаты.Ақша белгілерінің түрлері – ақша массасының құрылысы және ақша
белгілерінің номиналы.Негізінен ақша бірлігінің екі түрі шығарылады:
1.қағаз ақша - әр елдерде әрқалай аталатын купюралар.
Мысалы,Ұлы Француз қозғалысы кезеңіндегі ақшалар ассигнаттар деп
аталған.Қағаз ақшалар екі түрде болуы мүмкін:а)ақшалай тауарға айырбастау
кепілдігімен,яғни эмитент өзіне банкноттарды алтынға немесе күміске
айырбастау міндетін алады;б)жай,яғни бағалы металдарға немесе басқа ақшалай
тауарларға айырбасталмайтын ақша белгілері.
2.темір тиындар – әр түрлі құймалар түрінде.Тиынның
беткі жағы-аверс деп аталады,онда негізінен мемлекеттің туы
суреттеледі.Тиынның артқы жағы-реверс деп аталады,онда мемлекет басшысының
немесе басқа тарихи тұлғалардың бейнесі суреттелуі мүмкін.Ал тиыннның шеті-
гурт деп аталады.
Барлық төлем түрлеріне олардың көрсетілуі құны бойынша міндетті
түрде қабылданатын,банкнот пен тиыннан тұратын айналымдағы мемлекеттің ақша
белгілері.Ақша белгілерін шағаруды олардың айналымнан ұйымдастыруды және
айналымнан алуды Орталық банк қолма-қол ақшасыз балама алу арқылы банкнот
пен монетаны сату түрінде тек бір өзі ғана жүзеге асырады.*Бұл жөнінде
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы Заңында былай делінген :
Қазақстан Республикасы аумағында нақты ақша қаражаттарын шығару,оның
айналасын ұйымдастыру және айналыстан алынып тасталуын, ... Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады . * [ 2.5-бап]
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкноттары мен тиындары Ұлттық
банктің сөзсіз міндеттемелері болып табылады әрі оның барлық активтерімен
қамтамасыз етіледі.Ұлттық банк алтын-валюталық активтердің мөлшерлері
туралы хабарламаларды бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялап
отырады.
Ақшаның түрлеріне:қағаз және несие ақшалар жатады.
Ақша-несие айналымының тетігі.Ақша несиелік реттеу құралдарының,
ақша-несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқықтары мен міндеттерінің
жиынтығын білдіреді.Ақша-несие саясатының негізгі құралдарына мыналар
жатады:
1.ҚР-ның Ұлттық банктің банктерге несиесі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейлері;
2.Ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті
резервтердің нормативі;
3.Мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу
бойынша ашық нарықтағы операциялары;
4.Банктерге несиелер;
5.Валюта нарығындағы интервенция;
6.Айрықша жағдайларға жекелеген түрлерінің несиелік
операциялардың деңгейі мен мөлшеріне тікелей сандық
шектеулерді қою;
7.Ресми есептік мөлшерлеме
Ұлттық валюта бағамы.Оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.Валюта
бағамы-бұл басқа елдің ақша бірлігінде бейнеленген елдің ақша бірілігінің
бағасы.Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі Қазақстан
Республикасының Валюталық реттеу туралы Заңында белгіленген. Валюта
бағамы баға белгілеудің негізінде анықталады.Валютаның ресми және еркін
баға белгілеулері бқліп көрсетіледі.Қазақстанда көбінесе қоржынға кіретін
басқа шетелдік валюта қоржыны негізінде баға белгілеу тәсілі
пайдаланылады.*[ 10.145-152-беттер]
Сонымен,ақша жүйесі мемлекеттің ақша айналымының құрылысын
білдіреді.және ол әрқашанда ұдайы даму үстінде болатындықтан ақша
жүйесінің түрлері өзгеріп отырады.Ақша жүйесін құру формаларындағы
принципттік айырмашылықтары металдық айналым жүйесінде және несие мен қағаз
ақшаларының айналым жүйесінде жатыр.Тарихи даму кезеңінде металдық
айналымда ақша жүйесінің монометаллизм (алтын немесе күміс) және
биметаллизм (алтын мен күміс) деп аталатын екі түрлері қалыптасқан.
Монометаллизм-ақша жүйесі,яғни бір металл жалпыға бірдей балама ретінде
әрі бағасы қымбат металдарға айырбасталған монеталар мен белгілерді
функциялайтын ақша айналымының негізі ретінде қызмет етеді.Күміс
монометаллизмі Ресейде - 1843-1852 жж., Үндістанда - 1852-1893ж.ж., Қытайда
- 1935 жылға дейін қолданылды.Ал алтын монометаллизмі алғаш рет
Ұлыбританияда 1816 жылы, Германияда - 1871-1873жж., Жапонияда - 1897 ж.,
АҚШ-та – 1990ж. белгілейді.
Алтынның құн белгілеріне айырбасталуы сипатына қарай алтын
монометаллизмнің үш түрі бөліп көрсетіледі:алтын монета стандартты,алтын
құйма стандартты,алтын-девиз стандартты.
Алтын монеталы стандартты-еркін бәсекелестік кезеңінің талаптарына көп
сәйкесіп,өндірістің,несие жүйенің,әлемдік сауды-саттықтың дамуына және
капиталдың шетке шығарылуына ықпал етті.оның негізгі белгілеріне мыналар
жатады:толық бағалы алтын монета ел ішінде барлық ақша қызметін
орындап,айналымда болады.
Алтын құйма стандарт-оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы бұнда
алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу жойылды.Алтын құймалы
стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын құймасының белгілі бір
салмағына айырбасталады. Мысалы,Ұлыбританияда салмағы 12,4 кг. стандартты
құма 1700 фунт стерлингке,ал Францияда 12,7 кг.-21,5 мың франгке
теңестіріледі.
Алтын-девиз стандарт –ол банкноттың девиздерге,яғни белгілі бір шетел
валютасына айырбасталатын ақша жүйесі.
Әлемдік дағдарыстың нәтижесінде 1929-1933 жылдары алтын
монометалллизмінің барлық жүйесі жойылып, ұсақталмайтын банкноттық айналым
дәуірі басталды. Барлық елде банкноттың алтынға айырбасталуы тоқтатылды.
Баламаның жалпыға бірдей рөлі-несиелік қағаз ақша белгілері-бірден-бір
төлем құралына айналды.
Биметаллизм-баламаның жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда болатын екі
металл-алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі.Биметалллизм XVI-
XVII ғасырларда кеңінен тараған,ал Батыс Еуропа елдерінде XIX ғасырда пайда
болған.Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықтағы ақша-қос металды
валюта,онда екі металдан да кең көлемде монеталар соғылып,айналыста
шектеусіз қатар жүрген.Биметаллизмнің үш негізгі түрі болған: қосарлы,екі
жақты және ақсақ валюта жүйесі.
Қосарлы валюталар жүйесі –мұнда алтын мен күміс монеталардың арасындағы
ара-қатынасы металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік түрде
белгіленеді.
Екі жақты валюта жүйесі-металдардың сандық ара-қатынасын мемелкет
бекітіп,алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылады.
Ақсақ валюта жүйесі-онда алтын мен күміс бірдей негізде заңды төлем
құралдары болып табылады.
*Сонымен,нарығы дамыған мемлекеттердің ақша жүйесінің мынандай негізгі
ерекшеліктері бар:
✓ Алтынның демонитизациясы,яғни алтынның ақша бірлігі
ретіндегі құрамын алып тастау;
✓ Алтынға айырбасталмайтын несие ақшаларына көшу;
✓ Ақша айналымында кейбір қағаз ақшалардың сақталуы;
✓ Мемлекетті,шаруашылықты несиелеудің тәртібіне байланысты
банкноталар шығару;
✓ Инфляциялық процестерге әкеп соғаты,нақша жүйесінің
қағидаларының бұзылуына байланысты туындайтын ақша айналымын
мемлекеттік реттеу.
Ал ақша жүйесінің қызмет етуінің экономикалық,яғни тауар-ақша
қатынастарының пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша саясаты
Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні
Ақша белгілерінің түрлері мен типтері
Ақша айналысы, оның маңызы мен құрылымы
Валюта жүйе: мәні мен түрлері және негізгі элементтері
Ақша жүйесі жайлы ақпарат
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері, Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Қазақстан Республикасының Президенті валютаны өзгертуге құқылы
Ақшаның қажеттілігі, мәні және қызметтері
ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
Пәндер