Дүлдүлдер өткен... дүбірлі даланы тербеп



Жыл сайын ақпанның соңғы күндері Жамбыл мұражайында жыр алыбының туған күніне орай жиын өтеді. Ұлы ақынның ұрпақтары, қаламгерлер бас қосып, ата жайлы, оның телегей теңіз мұрасы жайлы ғибратты сөз, естеліктер айтылады. Дастарқан жайылып, ұлы ақын рухына бас иіп, дұға бағыштаймыз. Біз осы бір шараға қатысқан сайын үнемі бір өзгеше әсерде боламыз. Ең алдымен, жүз жасаған абыздың аруағын тым жақыннан сеземіз. Жаңа ғана шапанын сүйретіп, жай басып жанымыздан өтіп кеткендей. Ол басқан топырақта әлі суымай табан ізінің жылуы жатқандай. Ауада қалқып шалдың шапан исі қалғандай. Сондайда өкініш баурайды. Көзі тірісінде бала болып осы шалдың киелі шапанының шалғайына бір кіріп-шықпағаныңа өкінесің. Сөйте алған ұрпақтың бақытына қы­зығасың. Соның өзі-ақ былайғы өмірде рухани азық, жанға медет болар еді-ау! Осындайда дана тұлға, өмірде көрмегені жоқ шежіре шалдарды сағынасың. Сол шалдар қасиетті ақ дастарқан басында алқа-қотан отырып, әңгіме қозғағанда босаға жақта отырған біздің көз алдымыздан көлбеңдеп күллі дүние өтер еді-ау. Өткен ғасырмен бірге келмеске шапанын сүйретіп, көшпелі дәуір куәсіндей “дария кеуде тау мүсін” қариялар да өтіп кетіпті-ау! Біздің бала кезімізде ондай қариялар әр ауылда болушы еді. Сөйлеп кетсе табан астында тарих тіріліп қоя берер еді... Аузында дұғасы, өн бойында иманы тұнған сол қариялар ауылдың даналық қазынасындай көрінуші еді. Ал енді сол кемеңгер қариялар, арасына домбырасын көтеріп алыстан жырау келер болса, бәрі ысырылып төрден орын беретін. Өйткені, кемеңгер қариялар әр ауылда кездессе де суырыпсалма сайыпқыран жыраулар әр ауылда кездесе бермейтін. Жыраудың орны бөлек. Сондықтан да олар ескі ауылдың сағына күтетін қонағы. Кітапхана, баспасөз, театр, кино, теледидары, радиосы жоқ ол заманда ескі ауыл үшін жырау-жыршының келуі бір мереке болатын. Өнер мерекесі. Тек қана өнер мерекесі емес, сондай-ақ жеткіншек ұрпақ үшін теңдессіз мектеп, елдік пен ерлік мерекесі. Жамбыл ата естелігінен: “Ел менен жыр сұрағанда, кепкен ботаның тұлыбына еміренген маядай, батырларды жырла дейтін. Мен де жұрттың тілегіне сәйкес Өтеген батыр, Саурық батыр, Сұраншы батыр, Көрұғлы батыр, Алатай Жапарқұлдың жырларын айтатын болдым. Ел есіткенде ыңыранып жылайтын...”

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ДҮЛДҮЛДЕР ӨТКЕН... ДҮБІРЛІ ДАЛАНЫ ТЕРБЕП

Жыл сайын ақпанның соңғы күндері Жамбыл мұражайында жыр алыбының туған
күніне орай жиын өтеді. Ұлы ақынның ұрпақтары, қаламгерлер бас қосып, ата
жайлы, оның телегей теңіз мұрасы жайлы ғибратты сөз, естеліктер айтылады.
Дастарқан жайылып, ұлы ақын рухына бас иіп, дұға бағыштаймыз. Біз осы бір
шараға қатысқан сайын үнемі бір өзгеше әсерде боламыз. Ең алдымен, жүз
жасаған абыздың аруағын тым жақыннан сеземіз. Жаңа ғана шапанын сүйретіп,
жай басып жанымыздан өтіп кеткендей. Ол басқан топырақта әлі суымай табан
ізінің жылуы жатқандай. Ауада қалқып шалдың шапан исі қалғандай. Сондайда
өкініш баурайды. Көзі тірісінде бала болып осы шалдың киелі шапанының
шалғайына бір кіріп-шықпағаныңа өкінесің. Сөйте алған ұрпақтың бақытына
қы­зығасың. Соның өзі-ақ былайғы өмірде рухани азық, жанға медет болар еді-
ау! Осындайда дана тұлға, өмірде көрмегені жоқ шежіре шалдарды сағынасың.
Сол шалдар қасиетті ақ дастарқан басында алқа-қотан отырып, әңгіме
қозғағанда босаға жақта отырған біздің көз алдымыздан көлбеңдеп күллі дүние
өтер еді-ау. Өткен ғасырмен бірге келмеске шапанын сүйретіп, көшпелі дәуір
куәсіндей “дария кеуде тау мүсін” қариялар да өтіп кетіпті-ау! Біздің бала
кезімізде ондай қариялар әр ауылда болушы еді. Сөйлеп кетсе табан астында
тарих тіріліп қоя берер еді... Аузында дұғасы, өн бойында иманы тұнған сол
қариялар ауылдың даналық қазынасындай көрінуші еді. Ал енді сол кемеңгер
қариялар, арасына домбырасын көтеріп алыстан жырау келер болса, бәрі
ысырылып төрден орын беретін. Өйткені, кемеңгер қариялар әр ауылда кездессе
де суырыпсалма сайыпқыран жыраулар әр ауылда кездесе бермейтін. Жыраудың
орны бөлек. Сондықтан да олар ескі ауылдың сағына күтетін қонағы.
Кітапхана, баспасөз, театр, кино, теледидары, радиосы жоқ ол заманда ескі
ауыл үшін жырау-жыршының келуі бір мереке болатын. Өнер мерекесі. Тек қана
өнер мерекесі емес, сондай-ақ жеткіншек ұрпақ үшін теңдессіз мектеп, елдік
пен ерлік мерекесі. Жамбыл ата естелігінен: “Ел менен жыр сұрағанда, кепкен
ботаның тұлыбына еміренген маядай, батырларды жырла дейтін. Мен де жұрттың
тілегіне сәйкес Өтеген батыр, Саурық батыр, Сұраншы батыр, Көрұғлы батыр,
Алатай Жапарқұлдың жырларын айтатын болдым. Ел есіткенде ыңыранып
жылайтын...”

Байқайсыз ба?! “Батырларды жырла дейтін”, “Ел есіткенде ыңыранып
жылайтын” дейді Жамбыл ата. Шолақ қайырылған осынау жолдар астарында неткен
ауыр ақиқат, телегей теңіз сыр жатыр! “Ыңыранып жылайтын” дейді.
Астапыралла! Аузына қараған дүйім жұртты “ыңырантып жылатқан” ол неткен
құдірет!? Дүйім жұртты жылатып, жүрегін көздің жасымен шылатқан неткен
құдірет!? Дүйім жұртты аузына қаратып жан-дүниесін дүр сілкінткен ол қандай
сиқыр?! Біздің мынау мүмкіндігінде шек жоқ дамыған заманда, жалт-жұлт еткен
заманауи өнеріміз дәл солай қарақұрым халықты қойдай иіріп қойып ыңыранта
ала ма? Тереңін шайқап тебіренте ала ма?! Ал жалғыз домбыралы жалғыз жырау
сөйте алушы еді ғой. Сонда бұл феноменнің сыры неде? Ол нендей құдірет?
Сөйтсек, ол құдірет — ұлы жырау Жамбылдың көмейінен күмбірлеп құйылған жыр
құдірет екен. Әзелден атамыз қазақ табынған сөз құдірет екен. Оған тағы да
екі құдірет қосылады екен. Домбыраның сазы мен жыраудың әуезі. Осынау үш
құдіретке ие болған жырау ғана бұл өнердің шарықтау шыңына көтеріле алыпты.
Халық сүйіспеншілігіне бөлене алған. Ұлттың рухын қалыптастыруда айрықша
рөл атқарған. Тіптен, шешуші рөл атқарған. Шаршы топта Жамбыл жырау
толғағанда “елдің ыңыранып жылауы” содан. Осынау үш өнер – сұңғыла сөз бен
сылқым саз және күміс көмей әуез дарыған жыр сүлейімен жүздесу қашанда
сананы сілкіп, сұрапыл сезім дауылын қозғаған. Тыңдаған жұртты ыңырантқан.
Ондай жүздесуде қаңсып жатқан шөл аспанын қақыратып найзағай ойнап нұр
жауғандай жанға дауа шипалы сөз-жаңбыр нөсерлейтін болған. Шөліркеген шөл
даланың сусыны қанып, аспаннан райыс нұры құйылатын болған. Тыңдарман қауым
рахат арылу күйін кешкен. Рухтанған, түлеген, жаңғырған, желпінген,
тазарған, ширыққан. Ал енді осы қаумалаған қара құрым қауымның жан
дүниесіне жыр жаңбырын нөсерлеткен құдіретті өнер иесінің өзі қалай
қалыптасты? Бастауын қайдан алды? Мұндай дәстүрлі өнер тек ғасырдан
ғасырға, ұстаздан шәкіртке жалғасу, сабақтасу арқылы жеткені айғақ. Кез
келген жыраудың қайнар көзіне үңілсеңіз, соған көзіңіз жетеді. Бұл өнердің
түп-тамыры көз жетпес көне дүние түкпірінен басталады.

Бұл өнердің бастауы тым әрі, орта ғасырлардағы Сыпыра жырау, Асан
қайғыдан да әрі Қорқыт ата, одан да ежелгі түркі тарихын жырмен тасқа
қашаған Йоллытегін, Тоныкөк жырауларда жатыр, аты қалмаса да соңында
“Ергенекон”, “Алып Ер Тоңға”, “Аттила”, “Томирис” тәрізді жырларының
жаңғырығы қалған ежелгі түрік, ғұн, сақ жырауларында жатыр делінеді.
Ендеше, жыраулық өнер – сабақтас өнер. Алыстан келе жатқан алтын тін –
жібек арқау үзілместен жалғанып жиырмасыншы ғасырға жеткен. “Жалғанып”
дедік. Ендеше, бағзыдан келе жатқан баба жыр-дәстүр, алтын арқаудың келесі
жас ұрпаққа көшер, жалғанар тұсы болғаны. Бұл өзі “Олимпияда отын” көтеріп
жүгірген желтабанның қолындағы мәңгілік алауды өшіріп алмай келесі желтабан
жүйрікке тапсыру сәтін елестетеді. Талантты шәкіртке тарлан ұстаздың
кездесу тұсы. Немесе, жыраулық өнердің жалғануы. Жыраулар тағдырында ол бір
өмірге қайта келгендей таңғажайып сәт. Оны тек бастан кешкен біледі.
Өйткені, ол – шәкірттің анадан қайта туғандай ақын болып оянар сәті.
Санасына ұлы өнер жарқ еткізіп сәуле шашып жарықтандырып, жан дүниесін
астан-кестең еткен сәті. Ол әсерді сөзбен жеткізу қиын. Сезімтал бала
бастан кешкен мұндай сәт адам санасына өшпес із, тозбас таңба салады.
Балғын жастың болашақ тағдыр арнасын өзгертеді. Мұны балауса шағында ұлы
жырау өнерімен жүздескен жан ұға алады. Сондай күйді бала Жамбыл да жасы он
үштен аса бере бастан кешкен. Алатау бөктерінде Сәтімбай жайлауында отырған
өз ауылында ұлы жырау Сүйінбаймен жүздескен. Жапаның үйінде отырып ұлы
жырау қаумалаған халық алдында соны бір мақаммен соны бір дастанды
бастайды. Бұған дейін ауыл арасы әнші, күйші, жыршыларды талай тыңдап
жүрген Жамбыл бала үшін бұл мақам, бұл толғаудың аяқ алысы бөлек, бір тосын
да тылсым жыр әлемі болғаны анық.

Бастайын Көрұғлының хиқаятын,
Түрікмен Текежәуміт дейді затын.
Әкесі Көрұғлының Раушанбек,
Толыбай арғы атасы аталатын

– деп боздай бастаған жырау дастан қақпасын жұртқа соныбір қоңыр
сарын, парасат сабырмен аша түседі. Сол қақпаның арғы жа­ғындағы тылсым
әлемге мына қаумалаған қалың жұртты бастап ертіп жетелеп барады. Бала
құлағы бұрын шалмаған қызылбастың қанқұйлы патшасы мен түріктердің
текетірес заманы көз алдында іңірде пері көшкендей көлбеңдеп өре бастады.
Жырау көмейінен өрбіген кең құлашты зор күңіреніс алыс заманның ащы
шындығын тірілтіп, пияз қабығындай біртіндеп арши түсті. Бұл күңіреніс, зор
күңіреніс бейнебір ұмыт қалған бағзы дәуір бабалар гөй-гөйі. Парасатты.
Сабырлы. Терең толғаулы. Сол үн, күңіренген көне үн жыраудың тәңір дарытқан
таңдайы арқасында алыстан ғасырлар қойнауынан оянып, күмбірлеп бүгінгі тірі
құлаққа талып жетеді. Жамбылдың бала құлағы ұлы жыраудың көмейінен көне
мақаммен өрілген түйдек-түйдек шумақтарды қомағайлана қылғытады. Табиғаты
сирек алтын сөз. Асыл жақұт, маржан сөз. Бірін шашпай, шашау жібермей теріп
отыр. Жырау толғауымен сол сөздерден құралып кең тынысты батырлық дастанның
оқиғасы да өріліп барады. Өрілген сайын елге қалқан болам деген жас батырды
қатал заманның қатыгез тағдыры біресе отқа, біресе суға салады. Шыңдап
ширатады. Сүйінбай жыраудың “Қөрұғлыны” айтқандағы мақамы қандай десеңші!
Кісіні естен тандырады. Көне түркілердің көмей толғауы. Кейде ботадай
боздап желіп отырады. Кейде қайқаң қағып көкке қыранша самғайды. Биіктен
сорғалайды. Құлақтан кіріп бойды алады. Сана сезіміңді солқылдатады.
Сондықтан да сиқырлы, соны. Бала Жамбылдың санасын матап, шырмап, баурады.
Тыңдаған сайын ұстаз тұлғасы көз алдыңда биіктеп, қол жетпес құдірет иесіне
айналып барады. Айберен аруақтанып, айшықталып түседі. Жырау барған сайын
арқаланып, көз жанары шақпақтай жарқылдап арсы-гүрсі өркештеніп барады.
Батыр жауға шапқанда өзі де қалың қамысқа тиген өрттей қаулап дүрілдейді.
Батыр жаумен жағаласқанда бейнебір қарсы келген жаумен өзі бетбе-бет
келгендей өршеленіп, екіленеді. Не болар екен деп оны тыңдап отырған
жұрттың зәресі ұшады. Ал бала Жамбыл болса көз шарасы ұлғайып Қөрұғлының
қасында қан майданда бейне өзі жүргендей ширығып алған. Ұлы дастан таң
сарғайып, тау иығынан жылтырап күн сығалағанша толас таппады. Соған дейін
ана құшағындағы сәбилер болмаса киіз үйдің туырлығын түріп қаумалаған қалың
жұрт кірпік ілген жоқ. Әсіресе, бала Жамбыл әрі-сәрі.

Ұлы өнер сыйлаған ұлы бақыттан есі шығып есеңгіреп қалған. Ұлы жырау
толғаған ұлы дастан әсерінен шыға алар емес. Бала Жамбыл ол әсерден ғұмыр
бойы шыға алмасын ол сәт аңғарған жоқ. Бұдан былай Сүйінбайға сыйынбай сөз
сөйлемейтінін түйсінген. Бұл кездесуден кейін бала Жамбыл ұлы жыраудың
жанынан қарыс қадам қалған жоқ. Баланың айтқыштық талантын аңғарған
ұлағатты ұстаз да ақ батасын беріп, Жамбылды шәкіртім деп жариялады. Шәкірт
баланың төбесі көкке жетті. Осы күннен бастап ұстазы табылған Жамбыл бала
ұлы өнер айдынына шындап құлаш ұрды. Жыраудың атқосшысы болып ел аралады.
Сүйінбай айтатын жыр жалғыз “Көрұғлы” емес екен. Айлап айтса да
таусылмайтын айдын шалқар көл екен. “Мың бір түн”, “Шахнаме”, “Манас”,
“Ләйлі-Мәжнүн”, “Тотыкамал”, “Сейттбаттал”, “Қыз Жібек”, “Орақ-Мамай”,
“Едіге”, “Шора батыр”, “Қабанбай”, “Бөгенбай” “Ерназар – Бекет”, “Садыр
патша – Жамбыл патша”, “Өтеген батыр”, “Сұраншы батыр”. Осылай жыраудың жыр
қоры тізіліп кете береді. Бала Жамбыл осы жырларды құлағына құя берді.
Жаттай берді. Жаттаған сайын өресі де, өрісі де кеңейе берді. Жас Жамбыл
қиядағы ұясында қанатын қомдаған бала қырандай. Қанаты қатайып, күні
келгенде шаңқылдап жыр көгіне көтерілді. Тау қыранының дауысы алысқа жетті.
Ұяда көрген тәлімі жыр додасында жебеді. Қолтығынан демеді. Шаршы топқа
түскенде шалыс қадамнан сақтады. Ақын деп аузыңа қараған қарақұрым халықпен
бетбе-бет қалудың өзі қатал сын – қылкөпір екен. Ол көпір үстінде сен жан-
жақтан, төменнен қадалған мың сан көз ұшында жалғызсың. Әр қимыл, әр
қадамыңды қалт жібермей қадалған көздер. Табаның тайды екен, құладым дей
бер дозақ отына. қылкөпірден қаз-қаз басып, сиынған пірің жар болып, аман-
есен өттің екен... алдыңда абырой, атақ, даңқ күтіп тұр... Жыраудың жәннат
бағы... Халық алдына шыққан сайын немесе мың сан назар ұшында осынау
қылкөпірге көтерілген сайын Жамбыл жырау да шыңдалып өнер шыңына көтеріле
түсті. Тіптен бұл өнердің еш ұстаз айта алмайтын қырық қат­пар қыр-сырына
қанықты. Мысалы, жырдағы батыр ол, ең алдымен, мына қаумалаған жұрт
сенімінен шығуы тиіс. Ол отқа салса күймеуге, суға салса батпауға тиіс.
Қорқу дегенді білмеуге тиіс. Бір өзі он емес, жүз кісі қарсы келсе де
қоғадай жапырып, қырып салуға тиіс. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары
Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері
Біржан Қожағұлұлы және Сарыарқадағы сал – серілік мектебі
Саз әлемінің сардары
Жамбыл Жабаев өлеңдерін мектепте оқыту
І. Жансүгіровтің шығармашылығы
ЖАНСҮГІРОВТІҢ ТАРИХТЫҚ - ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПОЭМАЛАРЫ
Бекзат Саттарханов
Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш
Шешендік - қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері
Пәндер