Президенттік сайлау жүйесі



«Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құрудың негізі 2003 жылы қаланды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2004 жылғы халыққа жолдауында елімізде сайлаушылар, дауыс беру тізімін құрайтын, дауыс беру нәтижелерін бекіту және сайлау нәтижелерін «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісі мен Сенаты депутаттарын, мәслихаттарды, жергілікті өзін-өзі басқару әкімдері мен мүшелерін, сонымен қатар республикалық референдум сайлауларын жоспарлау, дайындау және өткізуді іске асыратын ақпаратты іс жүргізулерін автоматтандыру үшін арналған.
Қазақстан Республикасы аймағында «Сайлау» ААЖ енгізу, барлық дәрежедегі сайлау комиссиялары жұмыстарының тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуды, сайлау нәтижесіне республика халқының, халықаралық ұйымдардың және саяси қызмет субьектілерінің сенім деңгейін қаматамасыз етуге бағытталған.
2004 жылы 15 қыркүйекте электронды сайлау жүйесін қабылдау Мемлекеттік комиссиясымен «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалануға қабылдау туралы актіге қол қойылды.
«Қазақтелеком» АҚ жүргізген байланыс арналары және «Сайлау» ААЖ құралын алдын ала тестілеу зерттеулерінің нәтижелері бойынша, жүйені Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттарын 2004 жылғы 19 қыркүйектегі сайлауын өткізу барысында 961 сайлау учаскесінде пайдалануға шешім қабылданған болатын.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезінде электронды дауыс беру 1447 сайлау учаскелерінде пайдаланды, ол еліміздегі барлық сайлау учаскелерінің жалпы санынан 15 % құрады. Сонымен, 2005 жылы 4 желтоқсандағы Қазақастан Республикасы Президентін сайлау кезінде электронды дауыс беру жүйесін сайлаушылардың 31 % қолдануға мүмкіншілігі болды.
Бұл ретте сайлаушылар өз еріктерін білдіру үшін дауыстарын өз қалауынша беруге мүмкіндік жасалды, - «Сайлау» ААЖ немесе қағаз бюллетендерін қолдану арқылы.
Жалпы, Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезінде автоматтандырылған ақпарат жүйесі өзінің сенімділігін көрсетіп, сайлаушылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және халықаралық бақылаушылардың өң бағаларын алды.
«Сайлау» ААЖ пайдалану кезінде алынған тәжірибе, оны ары қарай дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстарды құруға мүмкіндік берід.
Дауыс беру үшін құралды үлгілендіру сайлаушылардың оны қолдану кезіндегі қолайлығына жағымды әсер етті.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Президенттік сайлау жүйесі

Сайлау автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құрудың негізі 2003 жылы
қаланды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2004 жылғы халыққа
жолдауында елімізде сайлаушылар, дауыс беру тізімін құрайтын, дауыс беру
нәтижелерін бекіту және сайлау нәтижелерін Сайлау автоматтандырылған
ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісі
мен Сенаты депутаттарын, мәслихаттарды, жергілікті өзін-өзі басқару
әкімдері мен мүшелерін, сонымен қатар республикалық референдум сайлауларын
жоспарлау, дайындау және өткізуді іске асыратын ақпаратты іс жүргізулерін
автоматтандыру үшін арналған.
Қазақстан Республикасы аймағында Сайлау ААЖ енгізу, барлық дәрежедегі
сайлау комиссиялары жұмыстарының тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуды,
сайлау нәтижесіне республика халқының, халықаралық ұйымдардың және саяси
қызмет субьектілерінің сенім деңгейін қаматамасыз етуге бағытталған.
2004 жылы 15 қыркүйекте электронды сайлау жүйесін қабылдау Мемлекеттік
комиссиясымен Сайлау автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалануға
қабылдау туралы актіге қол қойылды.
Қазақтелеком АҚ жүргізген байланыс арналары және Сайлау ААЖ құралын
алдын ала тестілеу зерттеулерінің нәтижелері бойынша, жүйені Қазақстан
Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттарын 2004 жылғы 19 қыркүйектегі
сайлауын өткізу барысында 961 сайлау учаскесінде пайдалануға шешім
қабылданған болатын.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезінде электронды
дауыс беру 1447 сайлау учаскелерінде пайдаланды, ол еліміздегі барлық
сайлау учаскелерінің жалпы санынан 15 % құрады. Сонымен, 2005 жылы 4
желтоқсандағы Қазақастан Республикасы Президентін сайлау кезінде электронды
дауыс беру жүйесін сайлаушылардың 31 % қолдануға мүмкіншілігі болды.
Бұл ретте сайлаушылар өз еріктерін білдіру үшін дауыстарын өз қалауынша
беруге мүмкіндік жасалды, - Сайлау ААЖ немесе қағаз бюллетендерін қолдану
арқылы.
Жалпы, Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезінде
автоматтандырылған ақпарат жүйесі өзінің сенімділігін көрсетіп,
сайлаушылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және халықаралық
бақылаушылардың өң бағаларын алды.
Сайлау ААЖ пайдалану кезінде алынған тәжірибе, оны ары қарай дамыту
және жетілдіру бойынша ұсыныстарды құруға мүмкіндік берід.
Дауыс беру үшін құралды үлгілендіру сайлаушылардың оны қолдану
кезіндегі қолайлығына жағымды әсер етті.
Қысқа мерзім ішінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, ақпараттарды
жинау бойынша міндеттерді жедел орындаушы, дауыстарды санау және сайлау
нәтижелерін ашық және жариялылық шартымен беру аймақтарға-таратылған
бірегей автоматтандырылған ақпарат жүйесі құрылды.
Тұрақты бекітілген техникалық құралдардың, сайлауларды өткізуге,
сайлаушылардың электрондық тізімін әрдайым жаңаландыруға және құруға
тұрақты әзірлігі қалпында сақтау үшін, олардың үзіліссіз толыққанды жүйелі-
техникалық қызметін, суйемелдеуін және әкімшілендіруін қаматамсыз ету қажет
болды.
Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының жанында Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 шілдедегі "Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк-техникалық орталығы" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы Қаулысына сәйкес 2005 жылы 8 тамызда
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-
техникалық орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.
Сіздерге 2007 жылғы 10 тамыз күніне жағдай бойынша жергілікті атқарушы
органдар жасаған сайлаушылар тізімдерінде өз тегіңіздің бар екенін, тексеру
мүмкіндігі беріліп отыр.
Сіз жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе жеке куәлігіңіздің нөмірін
сайттағы арнайы іздеу нысанына енгізу арқылы Қазақстан Республикасының
сайлаушы азаматтарының бірыңғай электрондық тізілімінің деректер қорына
сұрау жасай аласыз.
Егер осындай ЖСН-мен немесе жеке куәліктің нөмірімен сайлаушы табылған
жағдайда, табылған сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты, ол тіркелген сайлау
учаскесінің нөмірі және мекен-жайы туралы ақпарат көрінеді.
Егер іздеу оң нәтижелерді бермесе, іздеу шартының (ЖСН немесе жеке
куәлік нөмірі сандарының) дұрыс енгізілгенін тексеруіңіз немесе тіркелген
жеріңіз бойынша учаскелік сайлау комиссиясына баруыңыз ұсынылады, өйткені
сайлау заңнамасына сәйкес тиісті әкімдіктер сайлаушылар тізімдерін дауыс
беру басталардан 20 күн бұрын сайлау учаскелеріне берді, ол жерде қазіргі
уақытта оларды нақтылау жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Елбасының 2003 жылғы Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес біз электронды
дауыс беру жүйесін  енгізуді қолға алдық. Бұл іс еліміздегі демократиялық
үдерістерді барынша жетілдіру мақсатында жүргізілетінін Президенттің өзі
атап берген еді. Өйткені бұл жүйеде дауыс беру қорытындысы барынша айқын
болады. Осы әдісті енгізу үшін біз басқа елдердің тәжірибесін үйренуді
қолға алдық. Алдымен Ресей Федерациясының электронды дауыс беру жүйесін
қарастырдық. Мемлекеттік автоматтандырылған “Выборы” деп аталған Ресейдің
жүйесі 1995 жылдан бері қолданылады екен. Оның негізгі ерекшелігі – қағаз
сайлау бюллетендерін санауды автоматтандыру. Бұл жүйенің есептеу паркі
федерацияның 3000 қаласы мен аудан орталықтарын бір жүйеге біріктіретін
жалпы саны 10 мыңнан астам компьютерден тұрады. Былайша айтқанда, жүйе
үлкен калькулятор сияқты және тек қана сайлау бюллетендерін есептеу мен
сайлау қорытындысын шығару кезеңіне жұмсалатын уақытты неғұрлым азайтуға
мүмкіндік береді. Бұл әдіс біздің “Сайлау туралы” Конституциялық заңымыздың
кейбір талаптарына келіңкіремейді екен. Біздің негізгі мақсатымыз
сайлаушылардың электрондық әдіспен дауыс беруіне, яғни әрбір сайлаушы қағаз
бюллетенмен емес, өз қолдарымен тетіктерді басып, дауыс бергенін көңілімен
сезінуге қол жеткізу ғой. Ал Ресейдің әдісі сайлауды ұйымдастыру, қаржы
шығынын есептеу секілді қосалқы мәселелерді бірінші орынға қойған екен.
Нақты сайлаушының өзі қолданатын құрал емес. Біз Ресейдің электронды дауыс
беру жүйесін зерттегенде олардың жағдайлары осындай болды. Бірақ артынан
олар да біздегідей сайлаушының дауыс беруін электронды әдіске көшіруге
тырысып жатыр. Сөйтіп, ресейлік жүйе қанағаттандырмағандықтан, біз Батыс
Еуропа елдерінің электронды дауыс беру жүйесін зерттеуді қолға алдық. Осы
мақсатпен 2003 жылғы қазан айында біз Англияға барған едік. Олар бізге
өздерінің жүйесін түсіндіріп, үлкен көмек берді. Осы елде сайлау жүйесін
жетілдіру, оның үдерісін бақылау бойынша құрылған  “Орталық және Шығыс
Еуропа елдерінің бірлестігі”  атты қоғамдық ұйым бар екен. Олар да бізге өз
жәрдемін жасап бақты. Біз осы ұйымға мүшелікке де ендік. Бірақ олардың да
электронды дауыс беру әдісі бір жүйе емес, бөлек-бөлек құралдардан
тұратынын көрдік.  Міне, осы тәжірибелерден және басқа да елдердің
мысалдарын зерделей отырып, біз 2003 жылы “Сайлау” атты автоматты-
ақпараттық жүйені жасауды қолға алдық. Мұнда біз өзіміздің алдымызға
сайлауды ұйымдастыру мен өткізу үдерісін автоматтандыру және оның
технологиялық циклына “адам факторының” араласуын болдырмау арқылы дауыс
беру нәтижесі барынша айқын болуын қамтамасыз ету мақсатын қойдық. Сонымен
бірге сайлау үдерісіндегі дауыстарды санау мен нәтижені анықтауды
автоматтандыру ісі де бұл әдістің негізгі мақсаттарының бірі болды. Ұзаққа
созылған жұмыс барысында біз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРЕЗИДЕНТІК БИЛІК НЫСАНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасы президентінің мәртебесінің конституциялық-құқықтық реттелуі
Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕХАНИЗМІ
ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Қазіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары
Президенттік республиканың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекет басшысы
Қазақстан республикасындағы Президенттік биліктің қалыптасуы мен даму жолдары
Пәндер