Өндірістегі газды ылғалды түрде тазарту процесінін автоматтандырылуды жобалау



Кіріспе
І. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Автоматтандырылатын технологиялық процесс
туралы мәлімет беру
1.2. Бақыланатын, реттелетін және сигналдайтын
параметрлерін таңдау
II. АРНАЙЫ БӨЛІМ
2.1 Технологиялық процесті автоматтандырудың функционалдық схемасын қарастыру
2.2 Принципалды электрлік схеманы қарастыру
ІІІ. ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
3.1 Стандартты тарылтылған қондырғылардағы қысымның шамасының түсу бойыншы газ шығынын анықтау
IV. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
4.1 Автоматтандыру құрылғыларын пайдалану кезіндегі
техника қауіпсіздігі
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі таңда мұнай-газ өндірісі шикізат бағасына және оны сату шарттарына байланысты қатаң бәсекелестік жағдайда қарқынды түрде дамып келе жатыр. Сондықтан мұнай-газ кәсіпорынының болашағы жоғары сапалы өнімге байланысты болады. Кәсіпорын тиімді түрде жұмыс жасап, бәсекеге қабілетті өнім алу үшін қатаң бақылау және кәсіпорынды шебер басқару қажет. Қазіргі заман талабына байланысты мұнай-газ өндірісінің кәсіпорындарында басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу қажет. Басқарудың автоматтандырылған жүйесі кәсіпорынның тиімділігін жоғарылатады, шығаратын өнім сапасын жақсартып, сенімді және толассыз өндірісті қамтамасыз етеді.
Мұнай-газ өндірісіндегі барлық дәстүрлі технологиялық үрдістер үш бағытқа бөлінеді:
мұнайды және газды өндіру үрдістерінің автоматикасы;
мұнай-газ шикізаттарын өңдеу үрдістерінің автоматикасы;
мұнайды және газды тасымалдау автоматикасы.
Автоматтандыру деп адамды тікелей технологиялық процеске қатысудан босататын автоматтық құрылғыларды пайдалануды және ендіруді айтады.
Автомат (грекше) «өздігінен әрекет ету» деген сөзді білдіреді, ол өндірістік процесті адамның қатысуынсыз тек оның бақылауымен жүзеге асыратын құрылғы (машина, аппарат, аспап, тетік).
Автоматтандырудың мақсаты - әр түрлі технологиялық процестерді басқаруды жүзеге асыру. Өндірісті автоматтандыру жұмыс орындарын түбегейлі түрлендіру, еңбекті өнімді ету, адамды ауыр жұмыстардан босату болып табылады. Қазіргі уақытта өндірістің кез-келген саласы автоматтандырылған (мысалы: машина жасау зауыты, жеңіл өнеркәсіп, нан комбинаты, мұнай және газ өңдеу зауыты т.с.с.), өйткені автоматтандырусыз өндірісті басқару қиын. Өте жоғары температуралар, қысымдар, химиялық реакциялар, құрылғылардың өте көптігі, міне осылардың барлығы өндірісті автоматтандыруға алып келді. еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстан адамды босату. Автоматтандыру ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты саналады
Автоматтандыру екі режимнен тұрады: автоматты режим және автоматтандырылған режим. Адамды материалдар, энергия және ақпарат қабылдау, жеткізу,сақтау,өңдеу және пайдалану процестеріне тікелей араласудан толық немесе жартылай босату үшін техникалық, программалық және баска құралдар мен әдістер кешенін пайдалану процесі
Автоматтандырылған режимде – басты тізгінді адам (оператор), көмекші жұмысты компьютер атқарады, яғни компьютерге келіп түскен ақпаратты адам қабылдайды, оны өңдейді, шешім қабылдайды да процеске бұйрық (команда) жібереді.
1) А.Ф Комягин « Автоматизация производственных процесов и АСУТП газонефтепроводов»1990
2) В.И Мичков, А.Г Арнополин « Электро-оборудование насосных и компрессорных станций» Москва «Недра» 1991
3) В.Г Зезин, В.А Лазуков « Определение росхода сплошных сред методом переменного перепада давления» Челябинск 2007
4) М.Ю Трахова « Автоматизация производственных процесов в трубопровдном транспорте» Часть 2002

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда мұнай-газ өндірісі шикізат бағасына және оны сату шарттарына байланысты қатаң бәсекелестік жағдайда қарқынды түрде дамып келе жатыр. Сондықтан мұнай-газ кәсіпорынының болашағы жоғары сапалы өнімге байланысты болады. Кәсіпорын тиімді түрде жұмыс жасап, бәсекеге қабілетті өнім алу үшін қатаң бақылау және кәсіпорынды шебер басқару қажет. Қазіргі заман талабына байланысты мұнай-газ өндірісінің кәсіпорындарында басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу қажет. Басқарудың автоматтандырылған жүйесі кәсіпорынның тиімділігін жоғарылатады, шығаратын өнім сапасын жақсартып, сенімді және толассыз өндірісті қамтамасыз етеді.
Мұнай-газ өндірісіндегі барлық дәстүрлі технологиялық үрдістер үш бағытқа бөлінеді:
мұнайды және газды өндіру үрдістерінің автоматикасы;
мұнай-газ шикізаттарын өңдеу үрдістерінің автоматикасы;
мұнайды және газды тасымалдау автоматикасы.
Автоматтандыру деп адамды тікелей технологиялық процеске қатысудан босататын автоматтық құрылғыларды пайдалануды және ендіруді айтады.
Автомат (грекше) өздігінен әрекет ету деген сөзді білдіреді, ол өндірістік процесті адамның қатысуынсыз тек оның бақылауымен жүзеге асыратын құрылғы (машина, аппарат, аспап, тетік).
Автоматтандырудың мақсаты - әр түрлі технологиялық процестерді басқаруды жүзеге асыру. Өндірісті автоматтандыру жұмыс орындарын түбегейлі түрлендіру, еңбекті өнімді ету, адамды ауыр жұмыстардан босату болып табылады. Қазіргі уақытта өндірістің кез-келген саласы автоматтандырылған (мысалы: машина жасау зауыты, жеңіл өнеркәсіп, нан комбинаты, мұнай және газ өңдеу зауыты т.с.с.), өйткені автоматтандырусыз өндірісті басқару қиын. Өте жоғары температуралар, қысымдар, химиялық реакциялар, құрылғылардың өте көптігі, міне осылардың барлығы өндірісті автоматтандыруға алып келді. еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстан адамды босату. Автоматтандыру ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты саналады
Автоматтандыру екі режимнен тұрады: автоматты режим және автоматтандырылған режим. Адамды материалдар, энергия және ақпарат қабылдау, жеткізу,сақтау,өңдеу және пайдалану процестеріне тікелей араласудан толық немесе жартылай босату үшін техникалық, программалық және баска құралдар мен әдістер кешенін пайдалану процесі
Автоматтандырылған режимде - басты тізгінді адам (оператор), көмекші жұмысты компьютер атқарады, яғни компьютерге келіп түскен ақпаратты адам қабылдайды, оны өңдейді, шешім қабылдайды да процеске бұйрық (команда) жібереді.
Автоматты режимде басты тізгінді компьютер, адам бақылаушы жұмысын атқарады, тек қана апаттық жағдайда ғана адам процеске араласады, яғни келіп түскен ақпараттың барлығын компьютер өзі қабылдап, өңдеп, шешім шығарады, процеске бұйрық жібереді.
Ақпаратты ең бірінші қабылдап және оны электрлік сигналға түрлендіретін сезімтал элемент датчик деп аталады.
Автоматтандыруда қолданылатын барлық аспаптар үлкен бес топқа бөлінеді: ақпаратты қабылдайтын аспаптар; ақпаратты өндейтін аспаптар; ақпаратты реттейтін аспаптар; орындаушы механизмдер; дабыл беру (сигнализация), құлыптау (блокировка) аспаптары.
Онда: технологиялық, энергетикалық, көліктік, өндірістік процестер;күрделі агрегаттарды, кемелерді, өндірістік құрылыстармен кешендерді жобалау; цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару; ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеу т.б. автоматтандырылады.
Автоматтандыру - энергияны, материал мен ақпарат түрлерін өндіру, тасымалдау және пайдалану үрдісінде адамның тікелей қатысуын толығынан немесе жартылай босатып, оның орнына басқару жүйесін, экономика-математикалық әдістер мен техникалық құралдарды қолдану.
Өндірістік автоматтандыру
Өндірістік автоматтандыру - машиналық өндірістің дамуы барысында бұрын адам атқарып келген басқару және бақылау жұмыстарын приборлар мен автомат құрылғыларға жүктеу процесі. Өндірістік автоматтандыру - осы заманғы өндірісті дамытудың негізі әрі техникалық прогрестің ең басты бағыты. Өндірістік автоматтандырудың жарым-жартылай, кешенді және толықтай автоматтандырылған түрлері бар. Өндірісті жарым-жартылай автоматтандыру өте күрделі әрі тез өтетін процестерді адамның тікелей басқаруы мүмкін болмайтын жағдайларда пайдаланылады. Басқару жұмыстарын автоматтандыру өндірісті жарым-жартылай автоматтандыруға жатады. Өндірістік автоматтандыру процесі кезеңінде телім, цех, зауыт, электр станциялар өзара бір-бірімен байланысқан автоматты кешен ретінде жұмыс істейді. Кешенді автоматтандыру

І. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Автоматтандырылатын технологиялық процесс
туралы мәлімет беру

Шаң ұстаушы құрылғының классификациясы қатты бөлшектерді газды фазадан бөліп алу механизм принципіне негізделген. Шаң ұстаушы құрылғы әр қилы болып келеді және де ол 4 типке бөлінеді. Ауа мен газды жабыспайтын шаңнан тазалайтын қарапайым да кең қолданылатын құрғақ тазартқыш аппараттар жатады. Осылардың қатарына құрылымы әр түрлі циклондар жатады. Тазартылатын газ патрубок арқылы корпустың ішкі бетіне жанасып енеді. Шаң қалдықтары корпус қабырғасына соғылып, бункерге түседі. Шаңнан тазартылған газ 1800 бұрылып, түтікше арқылы циклоннан шығады. Осындай циклондарды газды алдын - ала тазарту үшін қолданады және оларды фильтр және электрофильтр алдына орнату керек. Газды шаңнан тазарту үшін цилиндрлі (ЦН-11, ЦН-15, ЦН-24, ЦП-2) және конусты (СК-ЦН- 34, СК-ЦН-34М және СДК-ЦН-33) циклондар қолданылады. Газдың көп мөлшерін тазарту үшін батарейлі циклондар қолданылады. Батарейлі циклондардың жұмыс істеу эффектілігі циклонды тазартқыштардан 20- 25 % төмен болады.
Ылғалды тазарту құралдарының кең тараған түрі - Вентури скруббері. Ол шашыратқыш форсункадан, Вентури түтіктерінен, тамшы ұстаушылардан құралады. Вентури түтігінде жіңішкеретін алаң (конфузор) және ұлғаятын алаң (диффузор) болады. Форсунок шашыраңқы сұйықтықты жылдамдығы 30-40 мс тамшыларға ыдыратады. Вентури түтігінде шаң бөлшектері сұйықтық тамшыларына қонады. Тазалану дәрежесі тамшының Вентури түтігінің конфузорлы бөлігіне бір қалыпты түсуіне байланысты. Диффузорлы бөлікте ағым жылдамдығы 15 - 20 мс дейін төмендейді де тамшы ұстағышқа түседі. Вентури түтігі өлшемі 1 - 2 мкм аэрозольдерден (99%) тиімді тазартады.
Өндірісте көбінде фильтрлі құрылғылар екі режимде жұмыс істейді : фильтрлеу және регинирлеу. Регенерация тазарту процесін арзандатады. Мұнда қолданылатын маталарды сілкіп, тазартып немесе жуып қайта қолдануға болады. Өндірістегі газды тазарту жүйелерінде рукавты фильтрлер көп қолданылады. Фильтрлеу жылдамдығы 0,02 - 0,2 мс.
Электрофильтрациялы тазарту аппаратары көп көлемдегі газды шаң мен тұманнан (майлы) тазартуға арналған. Жұмыс істеу принципі бірдей (33 - сурет). Тазартылған газ корондаушы және тұнбалы жүйе электродтарынан өтеді. Корондаушы электродтарға кернеуі 60000 В ток өткізілген. Мұнда шаң бөлшектерінің иондалуы жүріп, олар электрлі заряд алады. Электрофильтрлер бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады. Тізбектей жалғанған аппараттар көппольді (многопольные), ал параллель жалғанған аппараттар көп секционды немесе көп камералы деп аталады.
Вентиляционды қалдықтарды шаңнан, минералды май тұманынан, пластификаторлардан тазарту үшін электрлі УУП түрлі (34 - сурет) тұман ұстауыштар құрастырылған. Олар 13 кв кернеу көзімен қоректенетін электровод ФЭ (екі зоналы электрофильтр) блогы бар қораптан тұрады. Электроводқа қорек клеммасы бар жоғары вольтті электроизолятор көмегімен жеткізіледі. УУП тұман ұстауышы жоғары тиімділігімен және төмен гидравликалық кедергісімен ерекшеленеді. Электрофильтрдің тиімді жұмысының шарты болып ауаның ластануын болдырмайтын камералардың ауаның тығыздығы (герметичность) табылады.
Газ тазалау табиғи және өндірістік газдардан ондағы түрлі қоспалардан (қатты, сұйық, газ тәрізді): бағалы (яғни, газдардан бөлек қолдануға болатын), газдарды қолданғанда керек болмайтын немесе жергілікті жерді ластайтын қалдық заттарды айырып алатын технологилық процесс. Қатты және сұйық қоспалар құйынды шаң аулағыштармен, фильтрлермен оның ішінде электрлік фильтрлармен тазалап, газдардан айырып алады. Газ тәрізді заттардан айырып алу үшін физика-химиялық әдістермен (абсобция, адсорбция және хемосорбция) қолданылады.
Газ тазартқыш аппараты таңдау бірнеше факторға байланысты болып табылады. Олардың ішінде ең маңыздысы болып анықталған бөлшектердің өлшемдері және тазартуға берілген газдың дәрежесі табылады.Газ тазалаудың толық дәрежесі тек суланған шаңаулағыштарды, газды фильтр, электрлік фильтрларды ғана қолдануға болады. Суланған шаңқаққыштардағы ( скуббер қондырғылары, серпінді және ағыстық- скубберлер ) және механикалық газтазалағыштарда кездесетін газды ылғалды тазарту ең жоғарғы дәрежеге ие ( 98-99 %) .
Газ тазартудын түйіндері ( бұдан әрі мәтін бойынша -- ГТТ) циклондық шаң тұтқыштар түрі негізінде ЦТШТ негізінде немесе ФС фильтр-сепараторлардан сонымен қатар жіңішке тазарту фильтрлерінен өңделген. ГТТ құрғақ механикалық қоспалардан газ тазартуға конденсатты бөлу және тамшыны ылғалдандыру конденсат жиын сыйымдылығын бұдан әрі жою мақсаттарымен арналған. ГТТ КС компрессорлы станцияларында автоматандырылған газ реттеуші станцияларында АГРС газ даярлау және құрамында блок тазартқшы, ТЭЦЖЭО және ГРЭС газ тұрба қондырғылар үшін және газ даярлау тармақтарында қолданылады.
Пайдаланудын шарттары
ГТТ макроклиматтық аймақтарда шамамен шамамен-салқын климаттарында (УХЛ, NF), сонымен қатар салқын климаттарда (ХЛ, F) пайдалануға арналған.
Газ тазарту түйіндері циклондық түрдің шаң тұтқышы негізіндеГТТ циклондық шаң тұтқыштар бірнеше байлам тиек арматурасымен КИП датчиктердін құрамдардан тұрады, жүк көтергіш рамаларда орналасқан, берілген конструкциялар түрлі көліктермен өнімдерді тасымалдауға мүмкіндік береді.
Тиек байлам арматурасы қолды шүмекпен крандармен және пневможетек жарылыстан қорғалатын электрқозғаыштармен орындалған ол ГТТ үшін қашықтық басқаруға мүмкіншілік береді.
Циклондық шаң ұстағыш түрі конструктивті эллиптикалық түбі мен цикликалық пішінді ыдысымен ПБ 03-576-03 Құрылымдар және қысым жұмыс iстейтiн ыдыстардың қауiпсiз пайдалануының ережелерi талаптарына сәйкес циклонды батарейлік қондырғылармен өңделген.
Конденсатын механикалық қоспалардан толықтай және әсерлі бөлінуін ЦТШТ құрамында екі негізгі секциялары бар: 1.газ тазарту және енгізу секциясы; 2.механикалық премиссей конденсат ұсталған механикалық қоспалардын секция жиыны.
Газ тазарт еңгізу секциямы кіріс түтіктерден тұрады фильтрдін орта жағында орналасқан және циклондық батареяларда тордын төменгі жағында қозғалмастай қондырылған. Сақиналық саңылау циклондығы винт түріндегі 250С бұрышында орналасқан бұрап қоятын қалақты құрылым қондырылған.
Конденса жиын секциясы және механикалық қоспасы ШТЦТ төменгі жағында орналасқан ол айналадағы ауаның жағымсыз температура кезінде сонымен қатар ол, иректелген түрі көмегімен жылытылады. Төменгі түп жағында құрғату түтiгi және конденсат жиынның штуцері орнатылған. Бақылауды қамтамасыз ету үшін секция штуцер датчигі деңгейімен жабдықталған. Конденсаттын құйылуы жоғарғы деңгейін жеткізген кезде Конденсаттын құйылуы жоғарғы деңгей секциясын жеткізу ағыммен конденсат жиын сыйымдылығына орнатылады, газ теңгер сызығы арқылы конденсаттағы ағым сыйымдылығы газқұбырына қайта шығады.
ЦТШТ жоғарғы жағында шығыс түтігі құрастрған сонымен қатар штуцерлер термометрлермен және манометрлермен қондырылған.Дифмантерды қондыру үшін ЦТШТ кіріс және шығысы түтігі штуцерларме жабдықталған. Ішкі қараулар және төменгі бөлімшесінің периодтық тазартуларында қарау люгі бар.
ЦТШТ ТТГ негізінде жасалып дербес жобасымен тапсырыс берушінің сауал парағына және техникалық тапсырысқа сәйкес өңделген (700 мм- 1400 мм) шаң ұстағыш диаметрлер көрсетілген, резерв есебімен газ тазартуына кепілдігі берілген және циклондардын саны сонымен қатар тиек арматурасының диаметр саны.
Газ тазарту түйіні ФС фильтр-сепаратор негізінде
Агресивті емес газ тазартылуы, тамшы ылғамдылығы аэрозольды табиғи газы және басқа да май механикалық жолынан ластануынан;
мезгілсіз тозуынан және ГРС газ реттеуші станция жабдығының сала шығуынан қорғау , газ өлшемнің бөлімшелері ГӨБ, КС газ компрессорлы станциялар жана -рмай өлшемнің тармағы, тармақтардын газ қысымның реттеушісінің ықшамдалуы;
газ есепшінің қорғауының барлық түрі, газ қысымның реттеушінің барлық түрі, датчиктердін және құралдардынавтоматика жүйесінің бақылауы және басқарылуы, және басқа да, ГРС, КС, ГРТ, ПХГ технологиялық жабдықтары жұмыстарынан ортаның ластануы, бейнет тартылуы.Блоктын шамамен массасы 950 кг.
Конденсат құйылының линиясы сызығы тапсырыс берушінің қарауына әрбір жерге көтерілуі қозғалтылуы мүмкін.
Газ түйінің тазартылу кірісінде газқұбырынан кіреді және екі тік фильтр-сепаратордан (жұмыс істейтін және резервті) тұрады.Сұйықтық бөлімшесігаз ағымның бұралуы және оның қозғалыс бағытының қатты өзгерілуіне, сондай ақ сұйық кесінгішті майда жез торында жүзеге асырылады . Фильтр-сепаратордын жоғарғы бөлімшесінде фильтрлік кассета орналасқан ол ауыстырылатын фильтрлік элементтерден тұрады. Пайдаланыған элементердін жуылуы және ауыстырылуы арнайы ауыстырылатын жоғарғы қақпаның фильтр-сепаратор арқылы жүзеге асырылады. Тордын ластану деңгейі қысымның шығыс кіріс құламасында анықталады. Сұйықтық фильтр-сепаратордын төменгі жағына жиналып автоматты түрде толтырылып, толтырылғаннан кейін өзі конденсат сыйымдылық аралығына газ тазарту блок түйін орналасқан жерде құйылады, сондай ақ Через газ теңгер сызығының конденсат ағымның сыйымдылық аралығының ығыстырылуы газқұбырының жоғарғы қысымында шығады. Конденсаттын аралық максималды деңгейі датчиктін жоғарғы деңгейімен анықталады, ол пневмокран шүмек үшін ашу жабу дабылын беріп конденсат жиынның сыйымдылығы лақтырылып жүзеге асырылады.
Конденсаттын аралық сыйымдылық жиыны тиімді құйылу үшін, осы сыйымдылықтарда құлама қысым қажет. Конденсат жиын сыйымдылығы жоғарғы дәрежеге жеткенде, жоғарғы деңгей датчигі жұмыс істейді және басқару блок дабылы беріледі.
Жөндеу және алдын алу жұмыстары кезінде процессты үзбей жұмыстын резервті фильтріне өткелу үшін жұмыс жасамайтын шарттағы кранда шүмекті ашу қажет және шарттағы жұмыс жасап отырған фильтрді қайта жабу керек.
Газ тазартудын жіңішке блогі ФС фильтр-сепаратор түрі және картриджді аксиальды фильтр түрі жоғарғы дәрежедегі (2- 5 мкм ) толықтай сұйық фракцияларды жою тазартуын қамтамасыз етеді. Тиек арматурасымен байланған фильтрлер жарылыстан қорғаныс электрприводпен орындалған қол еріксіз келтіруі ( немесе пневмопривод крандарме шүмектермен), резервті фильтр жұмысы АБЖ ТП қашықтығы өткелуі арқылы жүзеге асырылады. Фильтрлі элементтер (картридждер) - олардын жуылу мүмкіншілігімен көп рет қолдануға болатындай орындалған. Фильтрлер датчик дәрежелерімен және конденсат сыйымдылық жиынын тастау аралық сыиымдылық арқылы жабдықталады.
Газды - механикалық қоспалардан тазалау. Табиғи газдарды механикалық қоспалардан тазалауды негізінен механикалық құралдар көмегімен іске асырады. Газ тазалауды құрғақ және ылғалды әдістерге бөледі. Құрғақ тазалауда құрғақ шаң ұстағыштар қолданылады: циклондар, тұндырғыш апараттар және электро -фильтрлер. Циклондардың әсері сыртқа тепкіш күшті, ластанған газды жоғары жылдамдықпен аппаратқа жанама жолмен енгізудің нәтижесінде және оның одан әрі қозғалысы бұранда түрінде болған жағдайда пайдалануға негізделген. Тозаң сыртқа тепкіш күштің әсерімен қабырғасына лақтырылып, төменгі тесік арқылы бункерге түседі, ал тазаланған газ ағымы циклонның орталық құбыры арқылы шығады. Тазалау коффициенті тозаң бөлшектерінің мөлшеріне және циклон диаметріне байланысты. Сыртқа тепкіш күш циклон диаметрі аз болған сайын, сандары оннан жүзге дейін жететін батарея типтес бір агрегатқа жиналған 4 - 8 - ден тұратын циклондар топтарын пайдаланады.
Тұндырғыш цилиндр тәрізді бос аппараттарда газ қозғалысы жылдам -дығының күрт азаюының нәтижесінде, тозаң бөлшектері салмақ күші әсерімен түбіне қонады. Қысымның көтерілуімен тұндырғыштар, газдардың тығыздығы және тұтқырлығы өседі. Сондықтан бөлшектердің тұтыну жылдамдығы төмен -дейді. Қысымның азаюы және температураның көтерілуі тұндырғыш аппараттағы қатты бөлшектер тұтынуының оптималды жағдайы болып саналады.
Газды тозаңнан тазалаудың ең тиімді әдісі электрсүзгіштер тазалауы болып саналады. Олардың әсері газды иондандыруға, яғни, оның молекуласының оң және теріс иондарға ыдырауына, қарама - қарсы зарядталған электродтар арасында потенциалдар айырмасының бірнеше мың вольтке дейін өсуімен иондар мен электрондар кинетикалық энергиясының күрт көтерілуі нәтижесінде олар кездескен молекулаларды иондарға ыдыртады да, газ толық ионданады. Мұндай жағдайда өткізгіш айналасында газдың әлсіз жарық шығаруы байқалады. Электродпен бірдей белгідегі иондар басқа тұндырғыш - оң полюспен қосылған электродқа жылжиды. Тозаңданған газдағы теріс иондар жылжығанда тозаңға зарядын беріп, оларды тұндырғыш электродтарға бағыттайды

1.2. Бақыланатын, реттелетін және сигналдайтын
параметрлерін таңдау

Газ тазалау- қатты, сұйық, газ тәрізді, газдардан бөліп алып, оларды басқа салаларға қолданысқа керек болатын, газдарды қолданғанда керек болмайтын немесе адамдарға зиянды қалдық заттарды айырып алатын технологилық процесс. Газдарды тазалау яғни, фильтрдан өткізу барысында оның кірісі мен шығысындағы шығынды бақылау үшін және ондағы қысымның түсуін реттеу үшін,ондағы температураны берілген мәнде ұстап тұру үшін, біз қысымды, шығынды және температураны реттеп отыратын бірінші реттік аспаптар (датчиктер) орналастырамыз.
Газ тазалау жүйесінде бақылаушы, реттеуші параметрлерді таңдаған кезде олардың өртке,жарылысқа қауіпті жерлерге жұмыс жасау мүмкіндігі болуы керек. Бақыланатын, реттелетін аспаптар өлшеу дәлдігі, корпустарының ыңғайлылығы, сонымен қатар кбельдерін қорғау жуйесіне да байланысты болады. Сигнализация мен басқару параметрлері ол фильтр істен шыққан жағдайда ондағы қорғаныс қосылып, резерв жұмыс жасай бастайды.
Газ шығынын өлшеу үшін OPTISONIC 7060 маркалы ультрадыбысты шығын өлшегіш аспабы қолданылады. Бұл шығын өлшегіш аспап өзінің тұрақтылығымен, жұмыс жасау мерзімі ұзақтығыменжәне де ондағы басқа параметрлер температура, қысым, тығыздығының өзгеруіне тәуелді еместігімен ерекшелінеді. Аспаптың өлшеуші түтігі қозғалмайды және прибор бөліктерінің ішіне түспейтіндіктен ондағы прибор қысымының түсуі болмайды.
Техникалық характеристикасына:
1. 50мм -600мм шартты диаметр аралығында жұмыс жасайды
2. Өлшеудің динамикалық диапазоны 1:30
3. 10,3 МПа қысымға дейін өлшейді
4. Qmin шамасы мен 0,1Qmax екі каналды оындаудағы қателігі +-2%, ал бірканалды орындауда қателігі +-1% болады
Қысымды анықтау үшін бірнеше приборлар алынады оның біреуі тазалауға келетін газың кірісінде тұрса, екішісі оның шығысындағы қысымын өлшейді. Оларға келесі қысым өлшегіш аспаптар таңдалынды.
EN -232.30 Манометрдің Тұтқалық серіппесі бар, даттанбайтын болатынан дайындалған, депфирленбеген, аса қауіпсіз түрі. Газтәріздес және сұйық, өте жабысқақ емес, мыстың құйындыларына агрессивті емес кристалданбайтын, төзімді бөлгіші бар манометр қолданылатын барлық орталарда пайдаланылады Номиналды өлшемі: 63, 100, 160 мм Дәлдік классы: 63мм - 1.6, 100 и 160мм - 1.0
Өлшем диапазоны: 63мм - 0..1-н 0..1000бар-ға дейін; 100мм - 0..0,6-н 0..1000бар-ға дейін; 160мм - 0..0,6-н 0..1600бар-ға дейін.Тиімді қысым: 63мм тұрақты - ӨЖН, ауыспалы - 0,9 х ӨЖН, қысқа - 1,1 х ӨЖН; 100 және 160мм тұрақты - ӨЖН (өлшемнің жоғарға нүктесі), ауыспалы - 0,9 х ӨЖН, қысқа - 1,3 х ӨЖН
Қолайлы температура: -40 - тан +60 (қоршаған орта), +200 (өлшенетін орта, егерде корпусы гидротолықтырғышпен өамтамасыз етілген болса) Модельдің ерекшеліктері: манометр 233.30 - 99,7% -ке глицеринмен толықтырылған, сондықтан жоғары динамикалық немесе жоғары вибрациялық қысымдарды өлшеуде де қолданылуы мүмкін.
ЕН-311.11 Бурдон тұтқасы бар манометрдің Тесттік сериясы, Класс 0,6 (+-0,5%) НР 250 мм Қолданылуы: Газтәріздес және сұйық, өте жабысқақ емес, мыстың құйындыларына агрессивті емес кристалданбайтын өлшеуіш орталарда қолданылады. Сипаттамасы: Аса дәл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экстракциялық фосфор қышқылы өндірісінің қалдықтарын залалсыздандыратын жүйе құрастыру
Сурик алу кезінде пайда болған газды тазалау жүйесін жобалау
Ақсай-нан» нан-тоқаш комбинатының желдету жүйесі
Химиялық өнеркәсіп
Желдету жүйесі туралы түсінік
Жылу электр станциялары туралы
Жылуалмастырғыштар
Гидротазалаудың физикалық және химиялық негіздері
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.Кәсіби ауру себептері.Өндіріс орындарын желдету әдістері.Желдетуді есептеу тәсілдері
Газдың ылғал құрамдылығын анықтау
Пәндер