Сбербанк Казахстан



КІРІСПЕ
1 БАНК ТУРАЛЫ
1.1 Сбербанк Казахстан
1.2 Сбербанк Тобы
1.3 Карьера
1.4 Әлеуметтік жауапкершілік
2 ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР
2.1 Депозиттер
2.2 Несиелер
2.3 Төлем карталар
2.4 Активтерді басқару
2.5 Басқа қызметтер
3 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР
3.1 Жергілікті және халықаралық компанияларға арналған қызметтер
3.2 Қазынашылық
3.3 Кастодиандық қызметтер
3.4 Саудалық қаржыландыру
3.5 Төлемдер және ақшаны басқару
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан егемендік алғаннан кейін нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың әр түрлі меншік формаларының пайда болуымен байланысты, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі» туралы мәлімет бар.
Ұлттық банк – мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің бірінші деңгейіндегі банк.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктер – коммерциялық банктер.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Еліміздің экономикасының одан әрі қарай дамуын қамтамасыз етудің маңызды жолдарының бірі – болашақ экономист мамандарды қазіргі заман талаптарына сай келетіндей етіп дайындау болып табылады. Кез-келген экономист өз кәсібінің тек теориялық негіздерін біліп қана қоймай, сонымен қатар тәжірибе жүзінде де өз білімі мен кәсіби қабілеттерін мейлінше кеңінен қолдана білу қажет. Осындай дайындықтардың маңызды бір сатысы ретінде біздер сияқты бітіруші студенттерді дипломдық практикалық тәжірибе жұмыстарынан өткізуді қарастыруға болады. Дипломдық іс-тәжірибеден өтудің басты мақсаты- кәсіби маман ретінде қалыптасу үшін қажетті тәжірибелік дағдыларды игеру және өз бетімен қызмет етуге үйрену.
Бүгінгі таңда елімізде банк ісі мамандарын дайындайтын университеттер, институттар, колледждер баршылық. Көптеген қиындықтар да кездеседі, бірақта олар уақыт өте келе біртіндеп өз шешімін табуда.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
1 БАНК ТУРАЛЫ
1.1 Сбербанк Казахстан
1.2 Сбербанк Тобы
1.3 Карьера
1.4 Әлеуметтік жауапкершілік
2 ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР
2.1 Депозиттер
2.2 Несиелер
2.3 Төлем карталар
2.4 Активтерді басқару
2.5 Басқа қызметтер
3 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР
3.1 Жергілікті және халықаралық компанияларға арналған қызметтер
3.2 Қазынашылық
3.3 Кастодиандық қызметтер
3.4 Саудалық қаржыландыру
3.5 Төлемдер және ақшаны басқару
ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ
Қазақстан егемендік алғаннан кейін нарықтық экономика жағдайында
кәсіпорындардың әр түрлі меншік формаларының пайда болуымен байланысты,
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы республика
Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында Қазақстанда
екі деңгейлі банк жүйесі туралы мәлімет бар.
Ұлттық банк – мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің бірінші
деңгейіндегі банк.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктер – коммерциялық
банктер.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Олар банктік ресурстарды
шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік
операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Еліміздің экономикасының одан әрі қарай дамуын қамтамасыз етудің маңызды
жолдарының бірі – болашақ экономист мамандарды қазіргі заман талаптарына
сай келетіндей етіп дайындау болып табылады. Кез-келген экономист өз
кәсібінің тек теориялық негіздерін біліп қана қоймай, сонымен қатар
тәжірибе жүзінде де өз білімі мен кәсіби қабілеттерін мейлінше кеңінен
қолдана білу қажет. Осындай дайындықтардың маңызды бір сатысы ретінде
біздер сияқты бітіруші студенттерді дипломдық практикалық тәжірибе
жұмыстарынан өткізуді қарастыруға болады. Дипломдық іс-тәжірибеден өтудің
басты мақсаты- кәсіби маман ретінде қалыптасу үшін қажетті тәжірибелік
дағдыларды игеру және өз бетімен қызмет етуге үйрену.

Бүгінгі таңда елімізде банк ісі мамандарын дайындайтын университеттер,
институттар, колледждер баршылық. Көптеген қиындықтар да кездеседі, бірақта
олар уақыт өте келе біртіндеп өз шешімін табуда. Әлемдік деңгейдегідей банк
жүйесіндегідей қызмет ету мақсатында, көптеген банктерде терендетіп
оқытатын кадрлар дайындау бөлімшелері құрылуда. Еліміздегі банктердің
дәрежесін дамыған мемлекеттердің банк жүйесімен салыстыруға келмейді.Әрине
шетел банктері технология және маманданды-

рылған қызметкерлері жағынан болсын, қай саласын алып қарасақ та қарқынды
дамыған. Қазақстан банктерінің әлемдік банктердегідей деңгейге жету үшін,
шетел банктерімен тәжірибе алмасу керек, әрқашанда тығыз қарым –қатынаста
болу қажет.

Өзім Сбербанк Қазақстан АҚ ЕБ-інде өттім.

1 БАНК ТУРАЛЫ
1.1 Сбербанк Банк Қазақстан
СБЕРБАНК Банк Қазақстан АҚ ЕБ әлемдегі банктік және қаржылық қызметтерді
ұсынатын ең ірі ұйымдардың бірі -  СБЕРБАНК Тобының еншілес банкі.СБЕРБАНК
Банк Қазақстан Қазақстанда 1998 жылдан бастап жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда
СБЕРБАНК Банк Қазақстан қаржылық қызметтерді ұсынатын танымал жабдықтаушы
болып табылады.
Неге СБЕРБАНК?
Біз жеке тұлғалардан бастап, шағын және орта кәсіпорындарға, корпорациялар
мен кәсіпорындардың басқа түрлеріне дейін қаржылық қызметтер, өнімдер мен
кеңесті ұсына аламыз. СБЕРБАНК Тобының қаржылық ауқымдылығынан және әлемдік
дәрежеде орналасуынан демеу таба отырып, біз әлемдік жергілікті банк болып
табыламыз.
Әлемнің түкпір-түкпірінде болу
Әлемдегі банктік және қаржылық қызметтерді ұсынатын ең ірі ұйымдардың бірі
болып табылатын СБЕРБАНК Тобының мүшесі бола отырып, біз өз клиенттерімізге
дүниенің түкпір-түкпірінде орналасқан филиалдарымыздың кең желісін ұсынамыз
– 85-тен астам мемлекет пен аумақта орналасқан 9 500-ден астам офис. Бұл
Сізге қай жерде біздің қызметіміз қажет болса, біз сол жерде көмектесуге
дайын екендігімізді білдіреді.
Клиенттермен серіктесе отырып жұмыс істеу
СБЕРБАНК-де клиенттермен серіктесе отырып қалай жұмыс істеу керек екендігін
білеміз. Біз сіздің қажеттіліктеріңіз бен мұқтаждықтарыңызды шешуге,
бизнеске деген потенциалды кедергілерді сезінуге көзделгенбіз және сіздің
сұраныстарыңызды ескереміз. Міне, сондықтанда біз сізге икемді және жеке
қызмет, қарапайым рәсімдер мен тыңғылықты шешімдер ұсынамыз.
Қызметтер сапасы
Біздің ең басты артықшылығымыз – көрсетілетін қызметтердің сапасы. Біз
өзіміз бизнес жүргізіп отырған елдерде бірыңғай жоғары стандарттарды
ұстануды көздейміз.
Тәжірибе
СБЕРБАНК-дің қаржы нарығындағы қызметі 1865 жылдан басталды. Жылдар бойы
біз бизнес саласындағы біліміміз бен тәжірибемізді шыңдадық. Енді біз
Қазақстандық тәжірибемізді әлемдік қарым-қатынас және қаржылық шешімдердің
дүниежүзілік жетімділігімен біріктіре отырып ұсынамыз.

1.2 СБЕРБАНК Тобы

Біз әлемдік жергілікті банк болып табыламыз.
СБЕРБАНК - әлемдегі банктік және қаржылық қызметтерді ұсынатын ең ірі
ұйымдардың бірі. Бас офис Маскеу орналасқан. СБЕРБАНК-дің халықаралық
желісі Еуропада, Азия-Тынық мұхит өңірінде, Солтүстік және Латын Америкада,
Таяу Шығыс пен Африкада орналасқан, 86 мемлекет пен аумақта 10 000 офисты
құрайды.

Лондон, Гонконг, Нью-Йорк, Париж және Бермуд қор биржаларындағы тізімдерге
іліккен СБЕРБАНК Holding Plc акциялары 100-ге жуық елдер мен аумақтарда 200
000 шамасындағы акционерлердің иелігінде. Нью-Йорк Қор биржасындағы
акциялар Американдық депозиттік қолхат формасында сатылады.
Заманауи технология көмегімен, қарқынды дамып келе жатқан электрондық сауда
мүмкіндіктерін қоса есептегенде, біріктірілген халықаралық жүйе арқылы
СБЕРБАНК кең ауқымды қаржы қызметтерін ұсынады: жеке тұлғаларға, шағын және
орта кәсіпорындарға, ірі организацияларға, банктерге қаржылық қызмет
көрсету және жеке капиталды басқару.
СБЕРБАНК Тобы бизнестің негізгі бес қағидасын берік ұстанады:
• Клиентке көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалылығы 
• Тиімді де рационалды операциялар 
• Салмақты капитал және жоғары өтімділік  
• Оңтайлы несиелеу саясаты 
• Шығындалудың қатаң тәртібі 
Біздің бизнес қағидаларымызды сенімді және тәжірибелі қызметкерлеріміз
қолдауда, және олар клиенттермен мызғымас қарым-қатынасқа және халықаралық
бірлескен жұмысқа қол жеткізуді жүзеге асыруда.
СБЕРБАНК, сондай-ақ, келесі құндылықтарға сүйене отырып жұмыс істеуде:
• Барлық деңгейде жоғары стандарттар 
• Адал және әділ іс-әрекеттерге сүйену 
• Барлық деңгейде тәжірибелік басқару
• Сапа мен біліктілікке беріктік  
• Бюрократияны минималдау  
• Шапшаң шешім қабылдау және орындау  
• Топ мүддесін жеке мүддеден жоғары қою  
• Жауапкершілік пен өкілеттікті тиісті түрде бөлу 
• Әділ және объективті жұмыс беруші болу міндеті 
• Жұмысқа тұруіріктелумарапатталуға объективті түрде қарайтын білікті
мамандар тобы 
• Өз қызметімізді жүргізетін жердің бәрінде жергілікті заң жүйесіне
сәйкес болу  
• Несие өтініші мен инвестицияларды егжей-тегжейлі бағалау арқылы
корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру   
• Қоршаған орта практикасы мен тұрақты дамуды қолдау 
• Жергілікті қауымдастықтар мен ұйымдардың әл-ауқаттылығы мен дамуына
қолдау көрсету міндеті  
СБЕРБАНК-дың абырайы осы қағидалар мен құндылықтарды ұстануға негізделген.
СБЕРБАНК Тобы мүшесінің немесе штат қызметкерінің Топ атынан жасаған барлық
іс-әрекеттері осы қағидалар мен құндылықтарға сәйкес болуы керек.
Банк басшылығы



Антон Сидоров  - Басқарма Төрағасы
Мюнтер мырзаның СБЕРБАНК Тобында 20 жылдық тәжірибесі бар. Ол
негізінен тез өсіп келе жатқан дамушы нарықтарда жұмыс істеген.
Оның тәжірибе ауқымы сан алуан салаларды қамтиды: операциондық
қызмет, жеке тұлғаларға қаржы қызметтері, инвестицияны басқару,
қазынашылық және саудалық операциялар қызметтері. Қазақстанға
келуден бұрын Мюнтер мырза Үндістанда СБЕРБАНК Басқарма
төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Кайрат Болатов - Басқарма Төрағасының орынбасары
Өзбеков мырзаның 9 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ол осыдан бұрын
Қаржы министрлігінің Вице-Министрі, ҚҚА Басқарма Төрағасының
Орынбасары, Қазына Даму Қорының Басқарма Төрағасының
Орынбасары қызметтерін атқарған. Ол ҚМЭЖИ-дің экономика магистрі
дәрежесін және Лондонның Экономика және Саяси Ғылымдар
мектебінің қаржы нарықтарын реттеу бойынша магистрі дәрежесін
алған. СБЕРБАНК Банк Қазақстанда Өзбеков мырза тәуекелді басқару
бойынша және үкіметтік ұйымдармен байланыс бойынша жұмысты
үйлестіреді.
Ирина Туралиева - Қаржы директоры
Туралиева ханымның түрлі қаржы мекемелерінде 12 жылдық жұмыс
тәжірибесі бар, 2009 жылдан бастап ол СБЕРБАНК Қазақстан
банкінің Қаржы директоры қызметін атқарады. 1999 жылдан 2002
жылға дейін Туралиева ханым Лондонда, European Bank for
Reconstruction and Development (EBRD) және Bank of America,
EMEA банктерінің экономика департаментінде және ғаламдық
қазынашылық басқармасында жұмыс істеді. Ол ҚМЭЖИ-дің және
Ұлыбританияның Ридинг Универститетінің экономика магистрі
дәрежесін және Ұлыбританияның Ридинг Универститетінің экономика
докторы дәрежесін алған.

Марапаттар мен жетістіктер
  Награда Компания Орган Публикация
организация ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жағдайды талдау
Коммерциялық банктердің несие портфелінің сапасын басқару мен бағалау
Банктің атқаратын қызметтері
Қазақстанның банк жүйесі туралы
Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы
Сбербанк АҚ және Қазақстанның қор нарығы:мәселелері, қазіргі кезеңде даму болашағы
Нарықтық экономикада несие мен банктердің мәні және қажеттілігі
РЕСЕЙ СБЕРБАНКІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БІРЛЕСІП КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ
Банкті басқару жүйесіндегі инновациялар
Пәндер