Тұран Әлем Банкі АҚ


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Банк туралы

ТұранӘлем Банкі»АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 24, 0 млрд., ал банктің меншікті капиталы 3, 6 млрд. АҚШ долларына жетті. ТұранӘлем Банкі Қазақстанда саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген. Банк географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерін тұрақты және қарқынды дамытуды көздейді.

ТӘБ-те бүгінде:

  • Шамамен 75 клиенттері;
  • Қазақстан бойынша 22 филиалдар мен 280 есеп-айырысу бөлімдері;
  • Украинада, Ресейде, Біріккен Араб Эмираттарында және Қытайда халықаралық өкілдіктері бар;
  • Ресейде, Украинада, Беларуссияда, Қырғызстанда, Арменияда, Грузияда 9 коммерциялық банктер - стратегиялық әріптестері бар.

Ержан Тәтішев қоры

«Ержан Тәтішев Қоры» Қоғамдық Қоры ТұранӘлем Банкі топ-менеджерлерінің бастамасы бойынша 2005 жылғы 10 ақпанда тіркелді.Қор үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қорды Қазақстандағы, сондай-ақ басқа да елдердегі оның қызметінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін белгілейтін Қамқоршылар Кеңесі басқарады.:

«Ержан Тәтішев Қоры» Қоғамдық Қоры ТұранӘлем Банкі топ-менеджерлерінің бастамасы бойынша 2005 жылғы 10 ақпанда тіркелді.

Қор үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қорды Қазақстандағы, сондай-ақ басқа да елдердегі оның қызметінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін белгілейтін Қамқоршылар Кеңесі басқарады.

:

Марапаттар мен мәртебелер

ТұранӘлем Банкі негізі қаланған уақыттан бері бірнеше марапаттарға ие болды. 2005 жылы аса беделді «Евромани» журналы «ТМД-дағы үздік банк» және «Орта Азиядағы үздік банк» деп таныды, ал ТӘБ-тің мұнай құятын танкерлер импортын Ресейден Қазақстанға ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша мәмілесі «2005 жылдың үздік мәмілесі» деп танылды. 2006 жылы «Euromoney» комиссиясы ТұранӘлем банкі қолданатын технологиялар мен өнімдердің рынок үшін инновациялылығын ескере келе, «Еуропаның дамушы рыногының үздік несие алушысы» атағын берді, ал Ұлттық Тұтынушылар Лигасы Қазақстандағы «үлкен үштік» банктердің арасындағы банктік бөлшек сауда сапасын зерттей келе, «Мінсіз» Ұлттық сапа белгісімен марапаттады.

"The Banker" журналы ТӘБ-ін Қазақстандағы «2005 жылдың үздік банкі» деп атады. Қазақстан Ұлттық Тұтынушылар Лигасы ТұранӘлем банкін екі мәрте «Мінсіз банк» атағымен марапаттады. Банк «Саф алтын» Қоғамдық ұлттық сыйлығының «2006 жылдың үздік банкі» номинациясының «Гран приіне» ие болды. «Итоги» журналы, халықаралық Fitch Ratings рейтингілік агенттігі Ресейдің Өнеркәсіпшілер мен Кәсіпкерлер Одағымен бірлесіп ТӘБ-ті 2006 және 2007 жылдардағы «ТМД-дағы үздік банк» деп таныды.

Тарих

«ТұранӘлем Банкі» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихының тамыры сонау 1925 жылдың 15-ші қазанынан бастау алады. Қазақстан халықтары шаруашылығының Орталық Кеңес Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банктің (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылады.

Уақыт өте келе Өндірістік банктің бөлімшелері әртүрлі қайтақұрылымдарды басынан өткерді.

Республикалық Халық комиссарлары Кеңесінің 1932 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстанның аумағында арнайы ұзақ мерзімді салым банктерін ұйымдастыру туралы» Қаулысына сәйкес, Алматы қаласында Өнеркәсіпбанкінің базасында КСРО электрошаруашылық және құрылысты қаржыландыру мақсатында банктің Қазақ өлкелік конторасы құрылады.

1949 жылғы 11 шілдедегі Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Алматы облысаралық конторасы КСРО Өндірісбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып қайта құрылады. Кейіннен КСРО Құрылысбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып өзгертіледі.

СОКП ОК және КСРО Министрлер кеңесінің 1987 жылғы 17 шілдедегі «Елдегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың экономикасының тиімділігін арттыруға жасайтын ықпалын күшейту туралы» №821 Қаулысына сәйкес үш мемлекеттік банктің (КСРО Құрылысбанкі, КСРО Мемлекеттік банкі, Сыртқы сауда банкі) негізінде 6 банк қалыптасты:

КСРО Мемлекеттік банкі; КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі; КСРО Сыртқы экономика банкі; КСРО Агроөнеркәсіп банкі; КСРО Тұрғын құрылыс банкі; КСРО Жинақ банкі. КСРО Мемлекеттік коммерциялық өнеркәсіп-құрылыс банкінің 1991 жылғы 4 наурыздағы № 126 Қаулысы бойынша Қазақ республикалық КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі - Қазақ республикалық Мемлекеттік коммерциялық өндірістік-құрылыс банкі «Тұранбанк» болып өзгертілді.

ҚазКСР Министрлер кабинетінің 1991 жылғы 24 шілдедегі №444 Қаулысы бойынша «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банк болып құрылды. Акционерлер жиналысында «Тұранбанк» ҚАБ-нің Басқарма Төрағасы болып Бейсенов Ораз Мақайұлы тағайындалады.

«Тұранбанк» ҚАБ-нің филиалдар желісі 66 филиалдан құралды.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы экономикалық банкінің арасында жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісімнің негізінде, КСРО Сыртқы экономикалық қызмет банкінің 1990 жылғы 23 қаңтардағы бұйрығымен Алматы қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі ашылды.

1992 жылғы 14 ақпандағы №3 жиналыс құрылтайшыларының шешімімен 1992 жылы 28 тамыз айында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулысы қабылданады.

№ 710 Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының «Сыртқы экономикалық қызмет» банкі «ALEM BANK KAZAKHSTAN» «Қазақстанның Сыртқы экономикалық қызмет банкі» деп қайта аталады. Басқарма Төрағасы болып Ырысов Берлин Кенжетайұлы тағайындалды.

"Alem Bank Kazakhstan" Акционерлік банкі бірнеше жылдар қатарынан мемлекеттің кепілдендіруі бойынша шетел несиелерін тартуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті болды.

"Alem Bank Kazakhstan" АБ-нің филиалдық желісі 20 филиалдық орталықтан тұрды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 қаңтардағы «ТұранБанк» Қазақ акционерлік банкін және «ӘлемБанкҚазақстан» акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы» №73 қаулысының негізінде «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігіне «ТұранӘлем Банкінің» акциясын қолдануға және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Акционерлердің жалпы отырысында «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Тәтішев Ержан Нұрілдәйімұлы тағайындалады.

«ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы («ТұранӘлем Банк» ЖАҚ) 1998 жылы қазан айының 1 жұлдызында «ТұранӘлем Банк» Ашық акционерлік қоғамы - «ТұранӘлем Банкі» ААҚ болып өзгертіледі .

2003 жылы қыркүйек айының 26 жұлдызында қайта тіркелуіне байланысты «ТұранӘлем Банкі» Акционерлік қоғам болып өзгертіледі.

Акционерлері

2001 жылдан бастап Банк акционерлерінің құрамына аса ірі халықаралық қаржы институттары кіреді:

Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (EBRD), Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), Голландық Даму Банкі (FMO), East Capital. ЕҚДБ

ЕҚДБ-мен ынтымақтастық құру Банк қызметіндегі стратегиялық маңызды элемент болып табылады. Атап айтатын мәселенің бірі - ЕҚДБ-нің 2001 жылы 4 шетелдік инвесторлармен банк акционерлерінің құрамына кіруі. Банктің өкілі Банк Директорлары Кеңесінің қатысушысы болып табылады. ЕҚДБ бөлген қаражаттың жалпы сомасы арнайы жасалған белгілі бағдарламалар аясында 152 миллион АҚШ долларын құрайды.

ЕҚДБ 2003 жылдың бірінші жартысында төрт жылдық синдикатталған қарыз берді. Бұл несие шетелдік коммерциялық банктердің орташа мерзімді қаржыландыру рыногын ашуымен ерекшеленеді. ЕҚДБ үлесі 10 миллион АҚШ долларын құрады, 20 миллион АҚШ доллары Еуропаның аса ірі коммерциялық банктерінің синдикаты жолымен тартылды.

Еуропа Қайта құру және Даму Банкі Банктің еншілес компанияларына бағдарламалық қарыздар беруде. Мысалы, БТА Ипотекаға 15 млн. АҚШ доллары, БТА Лизингке 5 млн. АҚШ доллары қарызға берілді.

ТӘБ мен ЕҚДБ бірлесе отырып ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жалпы сомасы 25 млн. АҚШ долларына астық қолхаты бағдарламасын табысты іске асырды. 2001 жылдан бастап “ТұранӘлем Банкі” АҚ Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің өкілдерімен бірге ЕҚДБ-нің “Астық қолхаттары” бағдарламаларын іске асыру барысында жұмыстар жүргізуде. Бұл Бағдарлама негізгі екі (бірінші және екінші) фаза аясында қаржы тартуды көздейді.

“Несие желісі” деп аталатын бірінші Фаза жыл сайын 25 миллион АҚШ доллары сомасына игеріледі. Ағымдағы қаржыландыру 2003 жылғы 18 шілдедегі Несиелік келісім аясында жүзеге асырылады.

IFC

IFC, банктің акционері бола отырып, жалпы сомасы 15 млн. АҚШ долларына ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыруға қарыз бөлу арқылы ТӘБ-мен кешенді түрде ынтымақтастық құрады. IFC Банктің өзіне, сондай-ақ еншілес компанияларға стратегиялық әріптестер табу және тарту бойынша Банктің серіктесі болып табылады. 2005 жылғы сәуір айында IFC Жапонияның ORIX компаниясы (Япония) және ORIX Лизинг Пәкістан компаниясымен бірлесе отырып БТА Лизинг компаниясының капиталына бірлесе қатысу мәселесіне қатысты келісім жасады, бұдан кейін компанияның атауы БТА ORIX Лизинг болып өзгерді.

FMO

FMO, банктің акционері бола отырып, жобалық қаржыландыру және айналмалы капиталды қаржыландыру бойынша қосалқы қарызгерлерді несиелендіруге қаржы беру аясында Банкпен ынтымақтастық құрады.

East Capital

East Capital Шығыс Еуропа елдерінің қаржы рыногына маманданған активтерді басқару бойынша көшбасшы тәуелсіз компания. East Capital 2, 7 миллиардтан астам еуроны басқарады. Өзінің инвестициялық стратегиясын нарықтың терең білімдеріне, жан-жақты талдауға және менеджерлер мен қор талдаушылары тарапынан жиі инспекциялауға негіздейді. Компанияның бас офисі Стокгольм қаласында, өкілдіктері Париж, Гонконг, Таллин, Мәскеу мен Осло қалаларында орналасқан.

"ТұранӘлем Банкі" АҚ акционерлері туралы ақпарат 01. 02. 2008 жағдай бойынша 5 және одан да жоғары пайыздық үлеспен

Атауы, орналасқан жері: Атауы, орналасқан жері
Орналастырылған акциялар үлесі%-бен: Орналастырылған акциялар үлесі%-бен
Атауы, орналасқан жері: CP-Credit Prive S. A. (Женева, Швейцария)
Орналастырылған акциялар үлесі%-бен: 6. 74
Атауы, орналасқан жері: Strident Energy Limited
Орналастырылған акциялар үлесі%-бен: 9. 56
Атауы, орналасқан жері: Drey Associates Limited (Біріккен Корольдік)
Орналастырылған акциялар үлесі%-бен: 9. 65
Атауы, орналасқан жері: Asia Investment Group B. V. (Нидерланды)
Орналастырылған акциялар үлесі%-бен: 9. 66
Атауы, орналасқан жері: "МақтаАрал" Компаниясы ЖШС (Қазақстан)
Орналастырылған акциялар үлесі%-бен: 6. 96
Атауы, орналасқан жері: "Агроинвест" ЖШС (Қазақстан)
Орналастырылған акциялар үлесі%-бен: 7. 15
Атауы, орналасқан жері: "ЯССЫ-ИНВЕСТ" ЖШС (Қазақстан)
Орналастырылған акциялар үлесі%-бен: 7. 19
Атауы, орналасқан жері: "СМКК" ЖШС (Қазақстан)
Орналастырылған акциялар үлесі%-бен: 7. 54
Атауы, орналасқан жері: "ИнвестКапитал" Компаниясы"ЖШС (Қазақстан)
Орналастырылған акциялар үлесі%-бен: 8. 51
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Үмітсіз активтер және шартты міндеттемелер
Ақ "тұранәлем банкінің" құрылу тарихы
Коммерциялық банктердің несие саясаты туралы
Несие және несие жүйесі
Банктік қызмет маркетингін жетілдіру жолдары («Банк Тұран Әлем» АҚ-ның мысалында)
Коммерциялық банк ұғымы және оның ұйымдық құрылымы
Қазіргі экономикадағы банктік қызметтер
Қазақстанның банктік қызметтер нарығының жағдайын талдау
Тұран әлем банкі ақ қызметін қаржылық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz