Microsoft Excel жайлы


Microsoft Excel

Еxcel бағдарламасын іске қосу үшін онымен байланысқан шартты белгіні, тауып, тышқанды екі рет басу қажет. Ол іске кіріскенде экрандағы Excel терезесінде мынадай обьектілер орналасқан.

- жоғарғы қатар-басқару қатары терезеге тақырыбы;

- екінші қатар-Excel бағдарламасының меню қатары;

- үшінші және төртінші қатарлар Стандарттау және Форматтау саймандар тақтасы;

- бесінші қатар-енгізу түзету қатары немесе формулалар қатары. Бесінші қатардан терезе соңына дейін электрондық кестенің жұмыс парағы парағы орналасады. Жұмыс парағындағы қатарлар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді;

- алтыншы қатар-қалып күй қатары. Төменгі қатар сол жақ шетінде Excel бағдарламасының жұмыс режимдерінің индикаторы орналасады.

EXCEL бағдарламасының жұмыс кітабы:

- Жұмыс кітабы құжатты бірнеше парақтардан тұрады. Жұмыс кітабына мысал ретінде кадрлар, салықтар, бұйрықтар жинақталған ұйымдық құжаттар жиынтығын айтуға болады.

- Парақтар-жұмыс кітабындағы жеке құжат.

- Қолданылатын парақтардың саны Қызмет-Параметрлер-Жаңа парақтағы кітаптар арқылы, ал Файл-Құрастыру, арқылы жаңа жұмыс кітабы жасалады.

- Парақтың атын өзгерту-Формат-Парақ атауын өзгерту деген бұйрықтармен жаңа ат қою арқылы іске асады.

- Парақтың орын өзгерту -маркер арқылы парақтың атын қоршап, оны жаңа орынға көшіру арқылы орындалады.

- Парақ - бұл деректерді кіргізу алаңы деуге болады. Ал әр парақта A, B, Z, AA, AZ, BA, BB, IU, IV, (барлығы 256 бағана ) 1, 2, 3-тен басталатын (барлығы 65536 ) жол бар. Барлық ұяшықтар жеке торларға бөлінген. Торларды Қызмет-Параметрлер-Түр-Торды басып ең соңында ОК арқылы алып тастауға болады.

- Парақтың жалпы түрін өзгерту, мәселен оны кішірейту немесе үлкейту, түр-түсін өзгерту, Қызмет-Параметр-Түр . . . шарттары арқылы жүзеге асады.

- Формуланың жолдары-кестеге қажет жолдар және онда ұяшықта сақталған немесе енгізген ақпараттар орналасады. Егер тақтада мұндай жолдар жоқ болса, онда Х-қайтару, Enter-арқылы қайта бастап, fx-пен Функция мастерін шақырады.

- Жедел меню-тышқанның оң жағы арқылы, контекстік меню ашылды, ол менюлердің атқаратын қызметін табуын жеңілдетеді.

- Саймандар тақтасын құрастыру-Тур-Саймандар тақтасымен қажет тізімдегі ОК-ді басу арқылы жасалады. Барлық тапсырыс арқылы берілген тақталарды экранға шығаруға және өзгертуге болады.

- Қажет емес тақтаны қабылдау-ол үшін Түр-Саймандар тақтасынан кейін қажет еместі, сосын ОК-ді таңдау қажет. Барлық белгілінген тақталар экранда пайда болады. Немесе қажетсіз жолды қоршап, жабу бұйрығын басуға болады.

- Жеке белгілерді тақтаға шығару-ол ушін Тур-Саймандар тақтасы-қалыпқа келтіру-бағыттауды таңдау керек. Категория бағанасындағы қажетті белгілерді басып, оны тақтадағы бос орынға алып келу керек. Немесе белгіні бетке шығарып, сол арада жабу қажет. Кез келген белгімен танысу тышқанды басып, түсініктемені оқу керек .

- Жеке қажет емес белгілерді тақтадан алып тастау үшін, Түр-Саймандар тақтасын басып, қажетсіз белгінің шекарасын белгілеп, экранның тыс бос орынға тасымалдау керек. Немесе белгіні параққа шығарып, сол арада жабу қажет.

- Жаңа жұмыс кітабын ашу үшін, Файл құру немесесаймандар тақтасындағы сайман құру белгісін басу қажет.

Excel бағдарламасының жұмыс кітабы кестелерден тұратын бірнеше парақтардан тұрады. Жұмыс кітабының парағымен жұмыс барысында бірнеше кестені бірге пайдаланып, кітаптың бірнеше парағын бір уақытта қатарластырып қолдану қажеттілігі туады.

Монитордың төменгі жағында кестелер, яғни парақтар жарлықтары көрініп тұрады. Егер бір жарлықты тышқанмен басса, соған сәйкес кесте екпенді болып, ол ең үстінгі парақ болып шығады. Жарлықта тышқанның оң жағын басу кестені өшіру, оның атын өзгерту тәрізді әрекеттерді орындайтын менюді маниторға шығарады.

Емтихан үлгірімін көрсететін кестені маниторда жасап көрсетуге болады. Көрнекті етіп түсіндіру үшін үш пәнді алайық, олар: әдебиет, тарих, информатика болсын. Әрбір пән үшін бір парақ толтырып, оларға студенттер тізімін (бірнеше студент), олардың алған бағаларын алдыңғы парақтардағы мәлеметтерге сүйене отырып толтыру қажет.

Бір параққа мәлеметтер толтыру керек. Сабақтардың өткізілген мерзімін көрсетіп, ұяға дата формаларын орнату керек, бірінші сессия бағаларының арифметикалық ортасын формула арқылы есептеп, оны сессиялық баға ретінде қабылдау керек.

Осындай парақтарды тарих және информатика пәндері үшін де толтыру керек, ол үшін:

Әдебиет пәнінің кестесін келесі бетке, Правка-Переместить-Скопировать . . . командалары арқылы көшіруге болады. Сондағы Перед листом-деген тізім ішінен 2-парақты белгілеп алып және Создавать копию-деген төменгі қатарда тышөанды бір рет басып, ОК-ға басу керек. Нәтижесінде (<Лист 1[2] >) көшірме беті пайда болады. Осы командаларды тағы да бір рет орындап (<Лист 1[3] >) Да-ға басу керек. Енді 1-парақ кестесі Әдебиет болып қалады да, 1(2) -парақты-Тарих, 1(3) -парақты-Информатика деп олардың аттарын ауыстырамыз. Ол үшін қажетті парақ жарлығында тышқанды екі рет басып, мониторға шықан сұқбат терезесіне жаңа ат еңгізу керек. Немесе жарлықта тұрып тышқанның оң жағын басып, пайда болған менюден Атын өзгерту командасын таңдап, керекті атты еңгізу керек. Осыдан кейін «Тарих» және «Информатика» парақтарының ұяларындағы пәннің атын өзгертіп, бағаларды басқаша қойып, емтихан өткізілген мерзімдерді өзгерту қажет.

Жұмыс парақтарының өзара байланысы.

Excel бағдарламасында бір кестеге басқа парақтардан немесе басқа кестелерден мәліметтерді алып еңгізуге болады. Екі парақ арасындағы байланыс олардың біреуіне екіншісінің адресі көрсетілген формула енгізіп қою арқылы орнатылады.

< 2-парақ > бірінші сессияның қорытынды бағаларын көрсететін нәтижелік кесте жасау үшін:

1. < 2-парақ > атын < 1-сессия > деп өзгерту керек.

2. Оның ұяларына басқа парақтардың белгілі бір ұяларын көрсететін мәліметтерді еңгізу керек.

3. А2 ұясына = Әдебиет! А2-сол парақтан алынатын мәліметтің адресі, ол алдыңғы сөзден “!” таңбасымен міндетті түрде бөлінуі тиіс.

4. Осы формуланы А бағанасының келесі бес ұясына және В бағанасының да сәйкес ұяларына көшіру керек.

5. Тізімдегі < Студенттердің аты-жөні > және < N > C3 ұясына = Әдебиет ! L3 формуласын еңгізу керек.

Осындай тәсілмен < 1-сессия > парағы мен < Әдебиет > парағының ортасында байланыс орнатылады. Дәл осылай етіп < 1-сессия > парағы мен < Тарих >, < Информатика > парақтарының арасында да байланыс орнату керек. Осыдан кейін жұмыс кітабында пайданылмайтын парақтарды өшіріп тастау керек. Ол үшін жарлықтағы контекстік менюден Удалить командасын орындау қажет. Бірнеше жұмыс парақтарын өшіру үшін, оларды Ctrl пернесін басулы күйде ұстап тұрып алдын ала белгілеп алып, соңынан өшіру қажет.

Бірнеше терезелермен жұмыс істеу

Жұмыс парағының мәліметтері мониторды алып тұрса, бір терезе жеткілікті. Егер оның көлемі ұлғайса, онда бірнеше терезе ашуға болады және мониторда бір уақытта файлдың әр түрлі аумақтарын көруге болады. Мысалы, әр терезеге әр түрлі парақтарды орналастырған ыңғайлы.

Кестені толтырудың дұрыстығын тексеру үшін, тағы бір терезені Терезе-Жаңа терезе меню командалары арқылы ашып алу керек. Жаңа терезеде “ Әдебиет ” парағын орналастырып, Окно-расположить меню командаларын орындау керек.

Бұл терезеден тізімдегі Рядом деген белгілеп алса, мониторда екі файл қатар көрінеді.

Мониторда екі терезенің бірі ғана екпінді күйде болады. Екінші терезені екпінді қылу үшін бағыттауышты сол терезеге апарып, тышқанды басса жеткілікті.

Кестелермен байланыс

Әдебиет парағындағы Хакимова Каринаның бір 5-тік бағасын 4-тікке ауыстырса, бірден “ 1-сессия ” парағындағы оның қорытынды бағасы өзгеріп шыға келеді.

Хакимова Каринаның бағасын қайтадан бестікке ауыстырса, онда бұрынғы қалыпқа қайта оралады.

Файлдар арасындағы байланыс

Екі файл арасындағы байланыс бір файлға екінші файылдың ұясындағы мәлемет көрсетілген формуланы еңгізу арқылы жүргізіледі. Оны басқа орыннан мәлемет алатын файл және мәлемет беретін файл деп атайды.

Байланыс орналасқаннан кейін Excel бағдарламасы мәлемет беретін файлдағы ұя мәндерін мәлемет алатын файлға көшіріп алады да, мәлемет алатын файл ұяларындағы мәндер автоматты түрде өзгеріске ұшырайды. әр түрлі жұмыс кітаптарының парақтары арасындағы байланыс орнайды. Жұмыс кітабының екі парағы арасында байланыс орнату үшін, 1-сессия қорытындысында әдебиет сабағының бағаларын jurnal. xls файлынан алып толтыруға болады. Ол үшін Правка-Очистить Все командыларымен әдебиет бағаларын өшірсе, С3 ұясында =, А:/Хакимова/ [jurnal xls] файлына, яғни «Әдебиет» парағына деген жолды көрсетіп тұрады. Бұл жол міндетті түрде жалқы тырнақша (, - апстроф), ал файл аты тік жақшаға алынуы тиіс. Жолда дискінің аты және файл орналасқан каталогы (А:/Хакимова) көрсетіледі.

Сол формуланы бағаның келесі 4 ұясына көбейте отырып көшіоруге болады. Көшіргеннен кейін бұл бағана Әдебиет бағаларымен толтырлып, байланыс орнатылғаны байқалады.

Осындай әрекеттерді тарих пен информатика пәндері үшін де істеуге болады.

Тағы екі терезе жасап, оларда “ Тарих ” және “ Информатика ” парақтарын ашып, сол терезелерді қатарлай реттеп орналастыруға болады. “ Әдебиет ” терезесінен басқаларын жауып, оны мониторға үлкейтіп орналастыруға болады. “ Әдебиет ” парағына 1-сессияда 3, 4, 5-ке аяқтаған студенттер тізімін еңгізуге болады. Ол үшін “ Әдебиет ” парағының А10 ұясына “ 5 бағасын алды: ”, оны А17 және А24 ұяларына көшірсе, А17 ұясына “ 4 бағасын алды ”, ал А24 ұясына “ 3 бағасын алды ” деген сөздерді еңгізуге болады.

Автосүзуді пайдаланып 1-сессиядағы 5 бағасы бар жазуларды таңдап алып, оларды белгілеп В бағасының 11-қатарына көшіруге болады. Көшірілген мәліметтерді қабылдаған ұялардан жақтаулармен фонды алып тастауға болады. Осындай әрекеттерді 3-тік пен 4-тік алған студенттерге жасауға болады. Сонда 5-тік, 4-тік алған студенттер аты-жөндерімен бөлініп көрініп тұратын болады.

Файлды ашу

- Файлды ашу үшін, дискіден буманы тауып алып, оған кіру керек (буманың атын екі рет басу қажет), яғни қажетті файлдың атын басып, АШУ бұйрығын орындау қажет. Сонымен қатар файлдың атын екі рет басып немесе саймандар тақтасындағы АШУ сайманының белгісіне басуға болады.

- Жұмыс кітабын сақтау үшін, Файл-Сақтау командасын таңдау керек. Егер атауы берілмесе файл кітап-1 атымен сақтайды. Немесе файл қалай сақтау белгісін басып, буманы белгілеп, жаңа, тиісті атын теру қажет. Сақталған файл ереже бойынша XLS кеңейтуіне сәйкес келеді.

- Файлды өзге форматта сақтау үшін, қалай сақтауды ашқаннан кейін файл түрлерін терезеден тауып, сақталған файл түрін басу керек. Мысал, Microsoft Exсel-де қажетті файл атын теріп, сақтау бұйрығын орындау керек.

- Жұмыс кітабын жабу үшін, файлды жабу керек.

Excel менюімен жұмыс атқару.

Меню жүйесін екпінді етіп іске қосу, стандартты тәсіл арқылы жүргізіледі, ол үшін Alt не F10 пернесін басу жеткілікті. Сол сәтте меню қатарындағы бір сөз теңбілденіп басқа түске боялады. Керекті меню пункті басқару пернелерінің көмегімен таңдалады. Enter пернесін басқанда, сол таңдап алған менюдің ішкі командылары ашылады, олардың да бірін, пернелерімен белгілеп алып орындау үшін Enter пернесін басу қажет. Меню командасын орындамай, іс-әрекеттер жұмысын доғару үшін Esc пернесі басылады.

Excel менюімен пернеден гөрі тышқан арқылы жұмыс істеу өте ыңғайлы, көректі меню пунктіне тышқан курсорын жеткізіп, оны бір басу керек. Осы тәрізді тәсілмен меню командыларын да белгілеп, оның қатардағы өрістерін, жалаушыларын таңдап жеңіл іске қосуға болады.

Орындалып жатқан әрекетке сәйкес берілетін контекстік тәуелді анықтамалық жүйе орналысқан. Әрбір әрекетке байланысты әрқашан көмек алып отыруға болады.

Excel программасы туралы қысқаша мағұлматтар

« Электрондық кесте » термині мәтін түрінде берілген мәлеметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өңдеуге жататын іс - әрекеттер:

  1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әр түрлі есептеулер жүргізу.
  2. Түрлі - түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.
  3. Тиімді ету мәселелерін шешу.
  4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.
  5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.
  6. Мәлеметтерді статистикалық талдау.

Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады.

Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық дестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі - түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т. б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласындағы ғана емес, сондай - ақ, оқып - үйренуде, ғылыми - зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MS Office пакеті туралы түсінік
Кестені енгізу сұхбаты терезесі
Дерекхана терезесімен танысу
Microsoft Excel (Windows)
Абзацты форматтау тәсілдері
Мәліметтерді сұрыптау
Microsoft Excel
Функцияның парамерлерін енгізу
Delphi-дегі сервер компоненттері
Тараз қаласы экономикалық- әлеуметтік жағдайы бойынша әйел адамдарының жалақы көрсеткішін ехсеl бағдарламасында жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz