Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. Мемлекет шығыстарының жалпы түсінігі
1.1 Мемлекет шығыстарының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Мемлекет шығыстарын ұйымдастырылуы және сынып. талуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

II. Мемлекет шығыстарының құрамы
2.1 Мемлекет шығыстарының құрамы, түрлері ... ... ... ... ... .9
2.2 Бюджет шығыстарын қалыптастыру негіздері ... ... ... ...22


III. Бюджет шығыстарын қайта құрылымдаудың негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Бұл курстық жұмыстың мақсаты мемлекет шығыстарының мән-мағынасын, түрлерін және де бюджет шығыстарының құрылымын ажыратып білуге яғни оның мәнін, құрлымын біршама түсіндіруге бағытталады.
Сонымен, курстық жұмыста мемлекет шығыстарының теориялық жағын қарастырып қоймай, практикалық жақтарын қамтиды. Мемлекеттік шығысқа байланысты сауалдардың бәрі, олардың маңыздылығы мен қаншалықты атқарылғандығына байланысты қаралады, себебі әрбір бөлініс үдеріс кезеңінде бұлардың экономикалық қарым-қатынастардағы орны өзгеріп отырған. Нарық жағдайында ақша, несие және қаржы шаруашылығында көптеген құрлымдық өзгерістер болып жатыр. Осының бәрі өндіріс құрал-жабдықтарына әртүрлі меншіктің пайда болуы негізінде іске асырылып жатыр. Осының нәтижесінде мемлекеттік шығындардың өзара салмағы басқаша қалыптасты, әлеуметтік сфералардың жұмыс әрекеттері де өзгерді. Бұрын шаруашылық жүйесінде әр мемлекет әлсіз әлеуметтік сфераларды мүмкіндігінше қаржыландыруды қарастырған, ал қазір сол жүйелердің тиімсіз тармақтарына қаржыны азайтып, тиімді жақтарын қаржыландыру үстінде.
Қазір Қазақстан Республикасы дамыған 50-елдің қатарынан орын алу үшін әр түрлі жүйелерді орындауға тырысуда. Мемлекет шығыстарын ұйымдастырып, орындалуында да біршама нәтижелерге жетті. Соның өзінде әртүрлі қаржыландыру үстіндегі сфералар ішінде жемқорлық жалғасуда. Бұл үшін күреске мемлекет әр түрлі іс-шаралар жүргізуде. Мемлекет өз экономикасын көтеру үшін әр түрлі ресурс (табиғи, ақшалай т.б.) көздерін тиімді пайдалану жақтарын дамытып және олардың бөліну,атқарылу процесінде қатты қадағалаушылық орнатуы қажет.
Осыған орай бұл курстық жұмыста мемлекет шығындарының өзгеруі, қысқартылуы туралы, ҚР Мемлекеттік бюджеттің атқарылу қызметтері мен оларды дамыту жолдары жазылған.
Курстық жұмыс 3-негізгі бөлімнен және бірнеше бөлімшелерден тұрады.
Бірінші бөлімінде мемлекеттік шығыстың мәні, қалыптасуы және де жалпы сыныпталуы туралы қарастырылған.
Екінші бөлімінде мемлекет шығыстарының құрамы, түрлері және бюджеттік шығыстардың қалыптасу негіздері алынады.
Үшінші бөлімінде экономикалық жіктеу ерекшеліктері бойынша мемлекеттік шығындар есебін қалыптастыру тәртібі жазылған.
1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист 2004
2. Қазақстан: қазіргі заманғы аймағы және ғаламдық экономикалық талаптар. Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ –дың Экономика және бизнес факультетінің жас ғалымдардың 6-шы ғылыми теоретикалық конференцияның материалдары: Банктік сектордың даму болашағы.
3. Сейітқасымова Ғ.С. «Ақша, Несие Банктер» Оқулық ; «Экономика» Алматы 2004.
4. «Егемен Қазақстан» Жалпыұлттық Республикалық газет, Сәуір 2005ж
5. Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. «ЖЕДЕЛ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАР» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары \/-бөлім; Алматы 2005 ж.
6. Өтебаев Б.С. /Мемлекеттік бюджет /Оқулық /Алматы «Экономика» 2006ж.
7. М.Н. Нәдіров, Д.Б. Қалыбекова /Шет мемлекеттер қаржысы/ Алматы «Экономика» 2006ж.
8. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев / Қаржы/оқулық – Алматы 2005ж.
9. Ілиясов Қ.Қ., Сатқалиева В.А., ж/е тб. «Государственный Бюджет: оқулық.-Алматы:РИК, 1994ж.
10. Мельников В.Д., Ілиясов Қ.Қ., Қаржы. – Алматы : Қаржы-қаражат, 2001.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. Рысқұлов атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қаржы кафедрасы

КУРС ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы : Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны

Қаржы пәнінен

Орындаған: Рабатов М.Ж
Қаржы мамандығы
2-курс студенті
202а-группа

Тексерген: кафедра
оқытушысы: Әлімжанова Ш

Алматы 2007 ж
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 3

Мемлекет шығыстарының жалпы түсінігі
1.1 Мемлекет шығыстарының
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Мемлекет шығыстарын ұйымдастырылуы және сынып-
талуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...5

Мемлекет шығыстарының құрамы
2.1 Мемлекет шығыстарының құрамы, түрлері ... ... ... ... ... .9
2.2 Бюджет шығыстарын қалыптастыру негіздері ... ... ... ...22

Бюджет шығыстарын қайта құрылымдаудың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...27

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.28

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың мақсаты мемлекет шығыстарының мән-мағынасын,
түрлерін және де бюджет шығыстарының құрылымын ажыратып білуге яғни оның
мәнін, құрлымын біршама түсіндіруге бағытталады.
Сонымен, курстық жұмыста мемлекет шығыстарының теориялық жағын қарастырып
қоймай, практикалық жақтарын қамтиды. Мемлекеттік шығысқа байланысты
сауалдардың бәрі, олардың маңыздылығы мен қаншалықты атқарылғандығына
байланысты қаралады, себебі әрбір бөлініс үдеріс кезеңінде бұлардың
экономикалық қарым-қатынастардағы орны өзгеріп отырған. Нарық жағдайында
ақша, несие және қаржы шаруашылығында көптеген құрлымдық өзгерістер болып
жатыр. Осының бәрі өндіріс құрал-жабдықтарына әртүрлі меншіктің пайда болуы
негізінде іске асырылып жатыр. Осының нәтижесінде мемлекеттік шығындардың
өзара салмағы басқаша қалыптасты, әлеуметтік сфералардың жұмыс әрекеттері
де өзгерді. Бұрын шаруашылық жүйесінде әр мемлекет әлсіз әлеуметтік
сфераларды мүмкіндігінше қаржыландыруды қарастырған, ал қазір сол
жүйелердің тиімсіз тармақтарына қаржыны азайтып, тиімді жақтарын
қаржыландыру үстінде.
Қазір Қазақстан Республикасы дамыған 50-елдің қатарынан орын алу үшін әр
түрлі жүйелерді орындауға тырысуда. Мемлекет шығыстарын ұйымдастырып,
орындалуында да біршама нәтижелерге жетті. Соның өзінде әртүрлі
қаржыландыру үстіндегі сфералар ішінде жемқорлық жалғасуда. Бұл үшін
күреске мемлекет әр түрлі іс-шаралар жүргізуде. Мемлекет өз экономикасын
көтеру үшін әр түрлі ресурс (табиғи, ақшалай т.б.) көздерін тиімді
пайдалану жақтарын дамытып және олардың бөліну,атқарылу процесінде қатты
қадағалаушылық орнатуы қажет.
Осыған орай бұл курстық жұмыста мемлекет шығындарының өзгеруі,
қысқартылуы туралы, ҚР Мемлекеттік бюджеттің атқарылу қызметтері мен оларды
дамыту жолдары жазылған.
Курстық жұмыс 3-негізгі бөлімнен және бірнеше бөлімшелерден тұрады.
Бірінші бөлімінде мемлекеттік шығыстың мәні, қалыптасуы және де жалпы
сыныпталуы туралы қарастырылған.
Екінші бөлімінде мемлекет шығыстарының құрамы, түрлері және бюджеттік
шығыстардың қалыптасу негіздері алынады.
Үшінші бөлімінде экономикалық жіктеу ерекшеліктері бойынша мемлекеттік
шығындар есебін қалыптастыру тәртібі жазылған.

Мемлекет шығыстарының жалпы түсінігі
1.1 Мемлекет шығыстарының мәні
Мемлекеттік шығынның маңызы мен сипаты мемлекеттік мақсатпен тығыз
байланыста. Кейбір тарихи кезеңдерде капиталдың дамуы, мемлекеттің рөлі,
оның бағдарламасы өзгеріп, тиісті эволюциялық шығындарға тап болады.
Мемлекет жаулап алу және әскери қорғануда, оған дайындалғанда белгілі бір
экономикалық және әлеуметтік багыттарды атқара отырып, капиталистік қанауға
жағдай жасап, оны қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде қоғамдық өмірдің барлық
салаларында мемлекеттің рөлі өсіп, оның ықпалы артып отыр.
Мемлекеттік-монополистік капиталдың өсуі жаңа тарихи жағдайда мемлекет
алдында жаңа мақсаттар қойып отыр. Мемлекет ірі жекеменшік иелікке,
инвесторға, өндіріске араласуына, тұтыну мен табысты бөлуге айналады. Кең
көлемде қоғамдық мемлекеттің рөлі артып, қаржы олигархтардың мүддесін
экономикаға араласуымен қорғап нығайтып келеді.
Соңғы кездерде мемлекеттің әскери бағыттары белгілі бір эволюцияға
ұшырап, қарусыздандыру процестері бағынышты рөл атқарып отыр.
Мемлекеттің шығыстары — бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша
шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып,
жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты
экономикалық қатынастарды біддіреді.
Мемлекеттің шығыстары — мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға
байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының
өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты
мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б.
функцияларымен тікелей байланысты.
"Шығыстар" ұғымының қос мағынасы бар:
1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни
ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда
шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын
өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының,
халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру
қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы
шығыстарды ажырата білген жөн, бүл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады:
жалпымемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын
мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып
табылады.
Бұл екі аспект "шығыстар" ұғымының оның "шығындар" ұғымына түрленген
кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер "шығыстар"
түпкілікті рәсуаны, тұтынуды ("табыстарға" қарама-қарсы) қажет ететін
болса, "шығындар" "есепке жатқызылатын" алдымен, келешектегі табысты немесе
пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-әміршіл)
және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның
функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес
мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп
отырады.

1.2 Мемлекет шығыстарын ұйымдастырылуы және сынып- талуы
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды
қаржыландыру мен қаражатгарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы
қол жетеді. Сондықтан мемлекетгің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының
бірі жоспарлылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы
дамыту және халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет
жалпы қоғамдық өнім мен ұлтгық табысты өндірістік және өндірістік емес
сфералар, салалар, экономикалық аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге
қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдіс
болып табылады.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің
қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның
негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда
үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті
айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса
маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген
ресурстарды (кредит механизмінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап
етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар
қолданылады (мысалы, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік
қоры); бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.
Даму жоспарларының (болжамдарының) орындалуына қарай қаржыландыру қаржы
ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды
экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде
бөлуді қажет етеді.
Ресурстарды пайдалануда үнем режімін сақтау — мемлекеттің шығыстарын
ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға,
өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет
қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға
бғытталған.
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың
бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып табылады.
Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны
жағынан бірыңғай (бір тексті) емес. Шығындарды қаржыландырудың
көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған
байланысты болады.
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі
материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы
болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны
бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:
1) материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға
жататын шығыстар;
2) қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
3) мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары; Шығыстардың бірінші тобы
мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен
байланысты.
Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттілікгерді қанағаттандыру
үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес сфераға
жұмсалынатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау
мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, түрғын үй және мәдени-
тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге
қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет
сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және
мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.
Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына
түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес
сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның
тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды
даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс
сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
есебінен қол жетеді.
Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу
мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылады.
Қорлану қоры мен түтыну қорының арасалмағы өзгерді: соңғы жылдары тұтыну
қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті. Тұтыну мен
қорлануға пайдаланылатын ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы
Қазақстанда 86 пайызға жуығын құрайды.
Үшінші топтың мемлекет шығыстары — мемлекеттік резервтерді жасау мен
толықтыруға жұмсалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей
апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес сфералардың
қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыптарын өтеуге және кәсіпорындарды,
мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды
қамтамасыз етуге арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған
тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды
жасаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырылмалы
төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді.
Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикаға,
әлеуметтік-мәдени шараларға, гылымға, қарғаныс пен басқаруға жұмсалатын
шығыстарға бөлінеді.
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық аймақтар
бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және
ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға
мүмкіндік береді.
Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мейлекеттің
шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шарушалығына, көлік пен байланысқа,
саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді;
өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене
шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс,
басқару шығындары болып бөлінеді.
Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған
жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс.
Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын
мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі болады:
1. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті
ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджет
қаражаттары есебінен жасалынады;
2. Сметалық-бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен ерекше
құжаттардың — сметалардың негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік
билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары қаржыландырылады.
Сметалық тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп
аталады.
Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және
кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол- ақшасыз) эмиссиялық қаржыландыру
қолданылады.
Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғау-ды қамтамасыз
етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық
көмектің нысаны - бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады:
демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.
Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен
бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-
ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы
өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың
әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың
зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын
ішінара өтеу түрінде тараған болатын.
Субвенциялар — халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөңіндегі
бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің
қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар
қайтарылуға жатады.
Субсидиялар — үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржылаңдыруға
бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша жөне
заттай нысандағы жәрдемақылар.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік
қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен
және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін
қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз жөне қайтарусыз беруді
айтады, Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша
төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және
т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.

Мемлекет шығыстарының құрамы
2.1 Мемлекет шығыстарының құрамы, түрлері
Мемлекеттік бюджеттегі бекітілген шығындар заңды түрде қарастырылады.
Жергілікті қаржыда шығынның негізгі бөлігі әлеуметтік шараларға
бағытталынған. Оның ішіне муниципалдық құрылыстарды қаржыландыру, қоғамдық
автокөліктерді, білімді, денсаулық мекемелеріне, тұрмысқа қажет мекемелерін
қаржыландыру кіреді.
Шығынның бір бөлігі экономикалық процесс кезінде шаруашылықты дамытуға,
капитализмге тән қарама-қайшылықтарға жұмсалады.
Жергілікті қаржыны жалпы мемлекеттік мақсаттарды шешуге тарту, олардың
қаржы олигархтарына бағыныштылығы, жергілікті бюджеттің шығындарын
көбейтуге және оның рөлін арттыруға әкеп соқтырады.
Мемлекеттік кәсіпорынның қаржысына жататын шығын екі шығынның түрін
қамтиды, күнделікті сол кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуіне байланысты және
сол кәсіпорынның дамуына негізгі капиталдың ұлғаюына кететін инвестиция.
Мемлекеттік кәсіпорынның басты бөлігін жоғарғы капиталдық шығыны бар
кәсіпорын құрайды. Мысалы: отын-энергетика, металлургия, байланыс.
Күнделікті шығындарда негізгі орын алатын - ол еңбекақы. Содан кейін өнім
өндіруге кететін шығындардың түрлері және көрсетілген қызмет. Инвестиция
ішінде көп кететін шығындар жататыны құрал-жабдықтарға және құрылыс жөндеу
жұмыстарына кететін шығындар.
Мемлекеттік кәсіпорынның шығындары қоғамдық капиталды дамытуға
монополияның қосымша пайда алынуы ынталандыру үшін бағытталған. Үкіметтің
арнаулы қорлары осы шығындарға да жұмсалады.
Бұған жататындар әлеуметтік қамсыздандыру шығыны, несиелік-заем
айналымдарын қамтамасыз ету шығыны, әр түрлі экономикалық шараларға кететін
шығын. Сонымен қатар мемлекет бұл қорды уақытша қаржы ресурстарға
жетпегенде жабу үшін пайдаланады.
Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік
бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік
және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:
1) өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
2) ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым
капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
3) бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;
4) көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) толық айналымымен
байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру
(өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады

Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет Оқулық :Алматы Экономика 2006ж.
("шығындар" терминінің мағынасы).
Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші
жөне үшінші топтарын қамтиды.
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік
меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен
анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік
процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және
бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет
шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін
қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында
мемлекеттік сектордың үлесі шүғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл
үлес 30-40% шегінде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай
келеді. Сондықтан "мемлекеттің шығыстары" категориясы тұрақты экономикалық
қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.

- Мемлекеттік мекемелердің қызметін
қамтамасыз ету шығ-ры;
- тұрақты сипаты жоқ іс шараларды
ұйымдастыру мен өткізуге байланысты
шығындар;
- мемлекеттік тапсырысқа арналған
шығыстар;
- жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер;
- заңи тұлғаларға субсидиялар;
- ресми трансферттер;

Мемлекеттік
шығындар:

Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және
қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге
бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени
мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің
инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет
көрсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың
нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен
қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін
қанағаттандыруы тиіс.
Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің
жиынтыгы мемлекет шыгыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым
бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік
көсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен
жүргізіледі.

Құлпыбаев С., Қ .Қ. Ілиясов Қаржы Оқулық Алматы 2005 ж. 261-290 б
Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация
сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік
капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады.
Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін
түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет
шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістіқ капиталдарды көбейту және
жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін
банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.

Бюджет кодексіне сәйкес бюджет құрылымы:

кірістер Шығындар;
-салықтық түсімдер операциялық сальдо
-салық-қ емес түсімдер таза бюджеттік кредит беру:
-негізгі капит-ы сатудан - бюджеттік кредиттер
түскен т-р - бюджеттік кредиттерді өтеу
-Ресми трансферттер қаржы активтерімен жасалатын
түсімдері опер-р бойынша сальдо:


- мемлекет-ң қаржы қаржы актив-н сатып алу;
активтерін сатудан түскен
түсімдер
бюджет тап-н қаржыландыру: бюджет тапшылығы
қарыздар түсімі
қарызды өтеу
бюджет қаражаты
қалдықтарының қозғалысы

Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар — бұл өндіріс көлемінің тұрақты
өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын ақша
қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды
жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; арнаулы
қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың
барлық салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын
күрделі жұмсалымдар — материал, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы
алады. Күрделі жұмсалымдардың құрамына:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;
2) жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
3) өзге күрделі жұмыстар мен шығындар (жобалау-іздестіру, геологиялық-
барлау және бұрғылау жұмыстары, жер учаскелерін кесіп беру және қоныс
аудару бойынша және т.б);
4) жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға жұмсалатын
шығындар кіреді.
Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;
2) банктердің ұзақ мерзімді кредиттері;
3) халықтың жинақ ақшасы (тұрғын үй құрылысына);
4) бюджеттен Қаржы бөлу.
Кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының үлесі өсіп келеді, бұл шаруашылық
есеп қаражаттары техникамен қайта жа рақтандыру және қайта құруға арналған
және кәсіпорын ұлғаймалы жаңғырту үшін толық жауап береді. Инвестициялық
саясатты қайта құрудың басты мағынасы осында. Ал бюджет қаражаттары
негізінен басым мемлекеттік маңызы бар ірі өндірістік құрылысты, сондай-ақ
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын қаржыландыру үшін
пайдаланылады.
Жөндеуге жұмсалатын шығыстар табиғи тозған және сапалық ескірген (негізгі
капиталдарды ішінара қалпына келтіру және олардың жұмыс қабілеттілігі
жағдайында болуын қолдап отыру үшін) негізгі капиталдарды жөндеудің арнаулы
қоры есебінен жүргізіледі, бұл қор шығындарды кәсіпорындар мен ұйымдар
өнімінің (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің) өзіндік құнына нормативтер
бойынша қоса отырып жасалынады.
Айналым қаражаттарының өсімі кәсіпорындардың меншікті немесе оған
теңестірілген қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Олар жетіспеген кезде
негізінде жаңа кесіпорындар үшін бюджет қаражаттары бөлінеді немесе кейін
өтелетін кредит беріледі. Бұдан басқа, меншікті айналым қаражаттарының
жетімсіздігін жабуға мақсатты қаржыландырудың қаражаттары бағытталады.
Резервтер жасауга жұмсалатын шығындар қаражаттардың үздіксіз ауыспалы
айналымын және ұлғаймалы ұдайы өндірістің бүкіл процесін, шаруашылықтың
үйлесімдерін сақтаудың, дүлей апаттардан болған ысыраптарды өтеуді
қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Қаржы резервтері ақша
ресурстарын оңтайландыруға, көсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде
пайда болатын уақытша қаржы қиындығын жоюға мүмкіндік береді. Резервтік
капитал шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде жасалады.
Мемлекеттік резервтер — мемлекет жасайтын шикізаттың, материалдардың,
отынның, машиналар мен жабдықтың бірқатар түрлерін, астықтың, азық-түлік
тауарларының, қорғаныс мұқтаждары үшін арналған өнімнің маңызды түрлерінің
босалқы қорлары. Мемлекеттік резервтер үнемі қалпына келтіріліп,
молықтырылып отыратын мемлекеттің айрықша орталықтандырылған қорын құрайды.
Мемлекеттік резервтер мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен жасалынады.
Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға — оқу-
ағартуға, ақпарттық қызметтер көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату.
және теледидар), мәдениетке, өнерге, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен
спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға
жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.
Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:
1) білім беру және кадрларды кәсіпке даярлау;
2) мәдениет, өнер, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары;
3) денсаулық сақтау;
4) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек. Нарықтық
қатынастар жағдайында тұтынудың бұрын қалыптасқан қоғамдық қорлардан
әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландырудан бас тарту
болды. Нарық жағдайында еңбек салымына, харакеттің әр түріндегі адамның
мүмкіндіктеріне қарай тұтыну мөлшерінің тура теуелділігі қалыптасады.
Сондықтан қазіргі жағдайда жеке-дара табыстар адамдардың кәсіпкерлік және
басқа қабілеттіктеріне қарай қалыптасады, сонымен бірге
орталықтандырылмаған қорлар көбейеді, өйткені шаруашылық орган-дарының
қарамағында олардың жұмысының нәтижелеріне қарай табыстың (пайданың) бір
бөлігі қалады.
Соңғы уақытта елімізде әлеуметтік-мөдени шараларды қаржыландырудың жаңа
қағидаттары енгізілді: әлеуметтік сфераның мекемелері ішінара
қаржыландырудың шаруашылық есеп негіздеріне, сақтандырудың қағидаттарына
көшуде. Білім беру сферасында — бұл кепілдендірілген бюджеттік нормаларға
қосымша білім және кәсіби машық үшін ақылы оқуды қолдану, денсаулық
сақтауда — ақылы медициналық қызмет көрсетуді дамыту.
Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім
беретін мектептерге, мектептен тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму
мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы
(түзету) білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіптік білім беру оқу
орындарына, орта кәсіптік білім беру оқу орындарына, жоғары кәсіптік білім
беру орындарына, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау оқу
орындарына бөлінеді. Аталған барлық шығыстар мемлекет кепілдендіретін
деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады. Білім беру
мекемелерін қаржыландыру бұл мекемелердің түрлері мен тұрпаты бойынша әр
оқушыға анықталатын мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлер мен өндірістегі басқа кадрларды даярлау жөне олардың
біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстар өнімінің (жұмыстардың, қызметтер
көрсетудің) өзіндік құнына кіріктіріледі.
Білім беру мекемелері бюджеттен тыс қаражаттарды және ресурстарды, соның
ішінде валюталық ресурстарды, ақылы оқыту қызметтерін көрсету есебінен
тартады; қаражаттардың бір бөлігін кәсіпорындар мен үйымдар — демеушілер
береді.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес гранттар және
кредиттер негізінде жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа механизмі
қолданылады: бірінші жағдайда қаражаттар қажетті профилдің мамандарын
даярлау үшін мемлекеттік бюджет есебінен өтеусіз бөлінеді, екіншісінде
оқитындарға келісімшарт негізінде коммерциялық банк құрылымдары тара-пынан
ұзақ мерзімді кредит беріледі (банк мекемесі — студент — жоғары оқуы
орындары — Білім және ғылым министрлігі)
Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет
үйлерін, мұражайлар мен көрмелерді, театрларды, филармонияларды, сазгерлік
ұйымдарды, ансамблдерді, киностудияларды ұстауды қамтиды; олар бюджеттен,
сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебінен
қаржыландырылады. Мәдениет пен шығармашылықтың бірқатар мекемелері
(театрлар, цирктер) шаруашылық есепте тұрады және олар бойынша меншікті
табыстарымен жабылмайтын шығыстардың мөлшерінде бюджеттен демеу қаржының
сомасы белгіленеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауга жұмсалатын шығыстар мемлекет
құрылтайшысы болып келетін мемлекеттік радио хабарын таратуды, теледидарды,
баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруға бағытталады.
Халыққа арналған бірқатар медициналық қызметтер бұрыннан ақылы жүйеде
көрсетіліп жүргендігі белгілі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы қаңтардың 27-сіндегі № 135
қаулысына орай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі
белгіленген. Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттік — Республикалық
бюджеттің қаражаттары есебінен, аумақтық денсаулық сақтау органдары —
жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен көрсетілетін медициналық
қызметтерге ақы төлеу жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады.
Азаматтарға республикалық бюджеттің есебінен орындалатын тегін
медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасы бойынша ересектер мен балаларға
оңалту көмегін қоса алғанда: хирургиялық, нейрохирургиялық,
уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық және радиологиялық, тері-
венерологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық, акушерлік-гинекологиялық
және зиянды әрі қауіпті өндірістік факторларға байланысты аурулар,
туберкулез, лепра кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге;
2) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған ауруларға медициналық көмек көрсетуге;
3) шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болған аурулар кезінде медициналық
көмек көрсетуге;
4) сот-медициналық сараптамаға бағытталады. Азаматтарға жергілікті
бюджеттің есебінен орындалатын тегін медициналық көмек:
1) алғашқы медициналық-санитарлық көмекті; алғашқы медициналық-
санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы бойынша мамандандырылған
амбулаториялық-емханалық ұйымдар жүзеге асыратын консультациялық-
диагностикалық көмекті; ортодонтикалық көмектен басқа 18 жасқа дейінгі
балаларға, жүкті әйелдерге және тісі қатты ауырған науқастарга
стоматологиялық көмекті;
18 жасқа дейінгі балаларға физиотерапевтік көмекті;
2) жедел және шұғыл жәрдем көрсетуді;
3) шұғыл көмек көрсетуді;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы
бойынша аурулардың барлық түрлері, соның ішінде: онкологиялық,
психоневрологиялық, инфекциялық, офтальмологиялық, хирургиялық,
нейрохирургиялық, ортопедиялық, уронефрологиялық, терапевтік,
травмотологиялық, тері-венерологиялық, жүкті әйелдер мен аурулардың
гинекологиялық ауруларына, алкоголизммен және нашақорлықпен, туберкулезбен,
қант диабетімен, тыныс жолы-өкпе ауруларымен ауыратындар бойынша жоспарлы
көмек көрсетуді қоса алғанда, жергілікті деңгейде ересектер мен балаларға
стационарлық медициналық, соның ішінде оңалтушылық көмек көрсетуді;
4) шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болған аурулар кезінде медициналық
кемек көрсетуді;
5) ВИЧ-инфекциясын жүқтырған ауруларға медициналық көмек көрсетуді
қамтиды.
Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің, Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің әскери қызметшілеріне
заңдарда белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмек көрсетіледі.
Басқа қалғандарының бері ақылы нысанда көрсетілуі тиіс, бұл дұрыс
нарықтық медициналық қызметтер көрсетудің дамуына жеткізеді.
Мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландырудың көздері мыналар болып
табылады:
ұзақ мерзімді экономикалық нормативтер бойынша бөлінетін республикалық
және жергілікті бюджеттердің қаражаттары;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерінен аударылатын аударымдар,
министрліктің, ведомстволардың және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны
Республикалық және жергілікті шығыстарды талдау арқылы ондағы туындаған мәселелерді анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру
Қазақстанның бюджет жүйесі
Әлеуметтік сфераны бюджеттік қаржыландыру
Мемлекет шығыстарының мазмұны
Мемлекеттік шығыстардың түрлері және қызметі
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Мемлекеттік бюджет шығындары және оны реттеу механизмі
Мемлекет шығындарын шектеудің аса маңызды критерийлері
Салықтық емес түсімдер
Пәндер