Америка Құрама Штаттары жайлы



Аумағы, шекаралары, жағдайы: қолайлы алғышарттар. Мемлекеттің құрылысы. АҚШ аумағы жағынан әлем елдерінің ішінде төртінші орын алады. Ол мыадай үш бөліктен тұрады: 1. негізгі аумағы (немесе АҚШ-тың өзі) – шығыстан батысқа 4,7 мың, ал солтүстіктен оңтүстікке 3 мың шақырымға созылып жатқан үлкен төртбұрыш тәрізді. 2. Аляска: 3. Тынық мұхиттағы Гавая аралдары.
АҚШ ЭГЖ-сі өте қолайлы, ол барлық кезенде де елдің дамуына қолайлы жағдай туғызып отырады. Бұл, ең алдымен, теңіз шекарасының ұзындығымен (12 мың км), тамаша табиғи айлақтарының болуымен және негізгі аумағы екі мұхитын ортасында болуы айырықша ерекшелігімен түсіндіріледі. Канада және Мексикамен шектеседі құрлықтағы шекаралары шартты сызықтар, өзендер мен көлдер арқылы өтіп, сауда және экономикалық байланыстардың дамуына қолайлы жағдай туғызады.
АҚШ мемлекеттік құрылысы жағынан – 50 штаттан тұратын федеративтік Республика. Әрбір штаттың өз конституциясы, өз заң шығару және атқару үкімет органдары, губернаторды сайлап қою билігі, сондай ақ өз рәміздері бар. Бұдан басқа, елдің астанасы - Вашингтон орналасқан Колумбия Федералдық округы өзінше ерекшеленеді.
Елдің саяси өмірінде басты рөлді 2 ірі партия – демократиялық және республикалық партиялар атқарады.

Халқы: саны, өз қарқыны, сыртқы миграция, ұлттық құрамы, орналасуы. АҚШ халқының саны жағынан дүниежүжінде үшінші орынға иеленеді; ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италия халқын қосып есептегенде де АҚШ-тың халқының санына жетпейді. Бұл ғана ХХ ғасырдың ішінде халқының саны 3,5 есе өсті.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Америка Құрама Штаттарына жалпы сипаттама.

Аумағы, шекаралары, жағдайы: қолайлы алғышарттар. Мемлекеттің
құрылысы. АҚШ аумағы жағынан әлем елдерінің ішінде төртінші орын алады. Ол
мыадай үш бөліктен тұрады: 1. негізгі аумағы (немесе АҚШ-тың өзі) –
шығыстан батысқа 4,7 мың, ал солтүстіктен оңтүстікке 3 мың шақырымға
созылып жатқан үлкен төртбұрыш тәрізді. 2. Аляска: 3. Тынық мұхиттағы Гавая
аралдары.
АҚШ ЭГЖ-сі өте қолайлы, ол барлық кезенде де елдің дамуына қолайлы
жағдай туғызып отырады. Бұл, ең алдымен, теңіз шекарасының ұзындығымен (12
мың км), тамаша табиғи айлақтарының болуымен және негізгі аумағы екі
мұхитын ортасында болуы айырықша ерекшелігімен түсіндіріледі. Канада және
Мексикамен шектеседі құрлықтағы шекаралары шартты сызықтар, өзендер мен
көлдер арқылы өтіп, сауда және экономикалық байланыстардың дамуына қолайлы
жағдай туғызады.
АҚШ мемлекеттік құрылысы жағынан – 50 штаттан тұратын федеративтік
Республика. Әрбір штаттың өз конституциясы, өз заң шығару және
атқару үкімет органдары, губернаторды сайлап қою билігі, сондай
ақ өз рәміздері бар. Бұдан басқа, елдің астанасы - Вашингтон
орналасқан Колумбия Федералдық округы өзінше ерекшеленеді.
Елдің саяси өмірінде басты рөлді 2 ірі партия –
демократиялық және республикалық партиялар атқарады.

Халқы: саны, өз қарқыны, сыртқы миграция, ұлттық құрамы, орналасуы.
АҚШ халқының саны жағынан дүниежүжінде үшінші орынға иеленеді; ГФР,
Франция, Ұлыбритания және Италия халқын қосып есептегенде де АҚШ-тың
халқының санына жетпейді. Бұл ғана ХХ ғасырдың ішінде халқының саны
3,5 есе өсті.
Алайда, АҚШ жас ұлт ретіндегі халқының табиғи өсуі бойынша
дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде тұрғын кезі баяғыдан
өтіп кетті. 80-90 - жылдары мұндай өсім айтарлықтай төмендеп
кетті, ол халықтың жасы мен жынысын сипаттайтын пирамидада айқын
көрініс тапқан. Бұл АҚШ тіпті демографиялық өтпелі кезеңнің
үшінші статысында тұрғанын аңғартады. Осыған қарамастан, халқының
абсалюттік жылдық өсімі қазірдің өзінде 2- 2,5 млн. адамды
құрайды.
Алайда, мынаны есте сақтау қажет, бұл өсімнің 30% - ын
халықтың табиғи өсімі емес, иммиграция қамтамасызетіп отыр. Бұл АҚШ
халқының санының өсуіне әр кезде-ақ үлкен әсер еткен және
әсер етіп келеді.
Қазір АҚШ-та жүзден аса этнос өкілдері тұрғанымен, энтограф-
ғылымдар оларды үш негізгі этникалық топқа біріктіреді: 1 АҚШ-
тың американдықтар, яғни қазір ана тілі ағылшын тілі болып
табылатын басқа елдерде қоңыс аударған әр түрлі ұлттардың
ұрпағы; 2 АҚШ-қа таяу жылдары келіп қоныстанған және бұл
елде әлі сіңісті бола қоймаған өтпелі иммигранттар тобына
жататын адамдар; 3 абориген-тұрғындар (үндістер, эскимостар және тағы
басқа.)
АҚШ-тың американдықтар бүтіл халықтың 45 бөлігінен астамын,
аборигендер 1% - ға жуығын құрайды. Осыған қарамастан, АҚШ тағы
көптеген географиялық атаулар үндістерше аталады.
Өздерін білетіндей, ерекше үлкен топ американдықтардың
құрамына қара американдықтар да (африкалық американдықтар,
негірлер) кіреді. АҚШ халқындағы олардың үлесі – 12%. Бұрын
негірлердің негізгі бөлігі XIX ғасырда плантациялық шаруашылықта
үстемдік еткен құлдық жойылғанға дейінгі жерде - қара делдеу
деп аталатын оңтүстікте тұрады. Сонғы оң жылдықтарда негірлердің
жартысы Солтүстік пен Батыстағы қалаларға қоңыс аударды, ал
Оңтүстік штаттағылар қазір негізінен қалаларда тұрады.
Халықтың ұлттық құрамы оның қай дінінің құрамында
екендігімен қығыз байланысты.
АҚШ халқының тығыздығы жағынан дүние жүзіндегі ең халқы
көп 20 елдің ішінде 18 орынды иеленеді. Ел ішінде халықтың
орналасуы шектен тыс әркелкіленген ерекшелінеді.

Шаруашылығының жалпы сипаттамасы: дүниежүзілік экономикадағы
АҚШ-тың жетекшілік орыны. АҚШ XIX ғысырдың өзінде-ақ Ұлыбританияны
қуып шеттіп, өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша дүние
жүзінде бірінші орынға шықты. Қазір өзінің экономикадағы
қарқыны бойынша дүние жүзінің кез келген басқа елін көп
артқа тастап, өзінің индустриялық даму деңгейі жағынан
жетекші елдердің тобына қосылады.
АҚШ-тың ЖҰӨ-і 7 трлн доллардан асады, бұл дүниежүзілік
ЖІӨ-нің 15 бөлігін құрайды. АҚШ өнеркәсіп өндірісі бойынша,
тылыми-техникалық потенциял мен жоғары технологиялық
ғылымның тікелей қатысуымен өндірілген өнімдер деңгейі
бойынша, өндірістік емес салаларының дамуы бойынша, қаржылық
қуаты мен әлем шаруашылығының байланысына әсер ету дәрежесі
бойынша дүние жүзінде бірінші орын алады.
АҚШ-тың ірі ТҰҚ-сы өзінің тікелей шетелдік инвестициясының
көмегімен басқа елдерде АҚШ-тың екінші экономикасы деп
аталып кеткен көптеген әр түрлі өндірістер құрылады.
Осы елге қатысты жалпы ұлттық өнімнің көрсеткішінен жалпы
ішкі өнімнің көрсеткішін ажыратудың маңызы зор болатын себебі
сондықтан.
Қолда бар болжамдарға сәйкес, әлемдік экономикада АҚШ-тың үлес
салмағы төмендеп бара жатқаныны қарамастан, бұл ел XXI ғасырдың
басында негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері бойынша
әлемдегі өзінің жетекшілік рөлін әлі де сақтайтын болады.
АҚШ өнеркәсібі өндірістік және аумаққа шоғырланып орналасуы
жағынан жоғарғы деңгейде екендігімен ерекшеленеді. Ол жаппай,
сериялы, сондай ақ күрделі және аса сирек кездесетін бағалы
бұйымдар шығаруға бейімделген.
АҚШ өнеркәсібінде барлық басты және кіші салалық өндіріс
түрлері түгел бар. Сонымен бірге олардың ішінде дүниежүзілік
шаруашылықтағы бұл елдің тиісті орынын, бет-бейнесін анықтайтын
өнімдер де баршылық. Ол - АҚШ үшін автомобиль жасаудың баяғыдан
келе жатқан орныққан дәстүрі. Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін дүниеге келген әуе-зымыран- ғарыштық өнеркәсіп пен электроника.
Мұнай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы Латын және Солтүстік Америкадағы халықаралық қатынас
1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
АҚШ мемлекеті мен құқығы
Машина жасау өндірісінің салалары
Мексика Құрама Штаты
«Әл - Жазира» телеарнасының хабар беру ерекшелігі
Дамыған мемлекеттер ұғымы. Америка құрама штаттары және оның әлемдiк экономикалық қатынастардағы ролi мен ықпалы
Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер
Отандық телеарнадағы шетел экспанциясы
Мексика
Пәндер