Еңбек құқығы қағидаттары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2
І ТАРАУ. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ҚАҒИДАТТАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТОПТАСТЫРУ
1.1. Еңбек құқығы қағидаттарының ұғымы және оны
топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1.2. Еңбек құқығы қағидаларының қызметтік ролі ... ... ... ... .. 9
ІІ ТАРАУ. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ САЛАРАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘНІ
2.1. Жұмыспен қамту саласындағы негізгі қағидалар ... ... ... ... 16
2.2. Әлеуметтік әріптестік саласындағы еңбек құқығының негізгі қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.3. Халықаралық еңбек құқығының негізгі қағидаттары ... ... ... 34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... 44

Еңбек құқығы, қазiргi кезеңде өз алдына дербес құқық саласы ретiнде заңгер ғалымдар арасында, жұмыс берушiлер мен жұмысшылар арасында, кәсіподақтар мен олардың өкілдері арасында, мемлекетпен, еңбек ұжымдары арасында, көптеген қызу пікір-талас туғызуда. Себебі, ең алдымен 10 желтоқсан 1999 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының қабылданған Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы“ , – Заңы ең төменгі кепілдіктер, мерзімдер және стандарттар белгілейді және осы аталған нормативтер тек қана жұмысшының жағдайын жақсарту жағына қарай бағытталады.
Бәрімізге жалпы құқық теориясынан мәлім, әр құқық саласының өзалдына тән пәні, әдісі болады. Осы кезеңге дейін еңбек құқығында көптеген ғылыми еңбектер жарияланды және осы тақырыпты таңдау барысында еңбек құқығының кең зерттелген тақырыптарының бірі – бұлеңбек құқығының қағидалары. Жалпы қағидаларының негізгі еліміздің 30 тамыз 1995 жылғы бүкілхалықтық референдумда қабылданған конституциямыздың 24-бабы негіз болады. Осы аталған бапқа сәйкес, азаматтар еңбек ету бостандығы құқығына ие болған және мамандық кәсіп таңдауға әр азаматтың құқығы бар. Әлеуметтік құқықтардың ішінде конституцияға сәйкес, демалыс, ең төменгі жалақыдан кем алмауға, мемлекет тарапынан жәрдемақы алуға, еңбекке жарамсыз кезінде жәрдемақы алуға, зейнетақы жасына келген кезде зейнетақы алуға құқығы бектілген.
Курстық жұмысын таңдауға тағы бір негіз болған себеп, әр түрлі ғылыми зерттеулерде, оқулықтарда, еңбек құқығының принциптеріне (қағидаларына) сәйкес еңбек құқығының принциптеріне (қағидаларына) сәйкес әр түрлі көзқарастары немесе конституциялық, еңбектік, халықаралық қағидалары немесе еңбек құқығының негізгі конституциялық қағидалары, еңбек құқыының жұмыспен қамту саласындағы және еңбектік қорғау, халықаралық еңбек құқығы саласындағы қағидалар. жұмысын жазу барасында елімізге танымал ғалымдардың ғылыми еңбектері, еңбек құқығы салсында қолданыста жүрген нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Парламенті мақұлдаған (ратификация) Халықаралық Еңбек Ұйымының Конвенциялары негіз болды.

1. Абайдельдинов Т.М. О реализации некоторых принципов трудового права: вопросы теории // человек и право 2001, №4
2. Абайделиьдинов Т.М. Понятие локально-договорного регулирования трудовых отношений // Вестник Гуманитарного университета им. Д.А. Кунаева. 1999. №1
3. Абайдельдинов Т.М. Сеитова Н.З. О приоритетности правовых принципов перед нормами право общественный фонд политико-правовых исследований “интерлигол” в Казахстане 2001.
4. Бухарбаева С.А. Принципы трудовых права в новых условиях. Астана – 2000.
5. Маврин С.П. Принципы трудового права в условиях рыночной экономики // Правоведение. 1992. №2
6. Саданова Ж.К. Принципы турдового права // Вестник КазГУ, серия юридическая. 199. №3 (12)
7. Хамзина Ж.А. К вопросу о понятии принципов трудового права // Фемида. 2000. №3
8. Уваров В.Н. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. Алматы. 2002
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Уваров. Еңбек құқығы. 2002
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 30.08.95
3. Қазақстан Республикасы Еңбек туралы заңы
4. Зайкин Л.М. Еңбек құқығы. Москва. 1991
5. Богуславский М.М. Международное частное право. М., Юрист, 1998, стр.10-73.
6. Кисилев И.Я. Международный труд. Практическое пособие. М., 1997.
7. Довгерт А.С. Правовое регулирование международных трудовых отношений. Киев, 1992.
8. Иванов М.М. США: Правовое регулирование иммиграционного процесса. Москва, 1998.
9. Димитрова С.А. Правовое регулирование труда на предприятиях с иностранными инвестициями. Учебное пособие. Алматы: Независимый Университет “Туран”, 1994 г.
10. Ануфриева Л., Скачков Н. Иностранные фзические лица: правовое положение в России // Российская юстиция, 1997, №6, стр. 45-47.
11. Глазырин В.В. Труд иностранцев в России. М., 1997.
12. Вилкова Н.Г. Унификация коллизионных норм в странах СНГ // Хозяйство и право, 1998, №10, стр.91.
13. Марышева Н.И., Хлестова И.О. Правовое положение российских граждан за границей, М., 1994.
14. Ерпылева Н.Ю. Коллизионные вопросы в современном международном частном праве // Законодательство и экономика, 1998, №2.
15. Муранов А.И. К вопросу об обходе закона // Московской журнал международного права, 1997, №3.
16. 1946 ж. Қазанда Монреальда ХЕҰ конференциясында өзгерту енгізілген ХЕҰ-ң Жарғысы.
17. Қазақстан Республикасын ХЕҰ мүшелікке алу туралы, 1993 ж. 4 маусымдағы Хансеннің хаты.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2
І ТАРАУ. Еңбек құқығы қағидаттарының ұғымы ЖӘНЕ ОНЫ ТОПТАСТЫРУ
1. Еңбек құқығы қағидаттарының ұғымы және оны
топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
2. Еңбек құқығы қағидаларының қызметтік ролі ... ... ... ... .. 9
ІІ ТАРАУ. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ САЛАРАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘНІ
2.1. Жұмыспен қамту саласындағы негізгі қағидалар ... ... ... ... 16
2.2. Әлеуметтік әріптестік саласындағы еңбек құқығының негізгі
қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.3. Халықаралық еңбек құқығының негізгі қағидаттары ... ... ... 34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... 44
КIРIСПЕ
Еңбек құқығы, қазiргi кезеңде өз алдына дербес құқық саласы
ретiнде заңгер ғалымдар арасында, жұмыс берушiлер мен жұмысшылар арасында,
кәсіподақтар мен олардың өкілдері арасында, мемлекетпен, еңбек ұжымдары
арасында, көптеген қызу пікір-талас туғызуда. Себебі, ең алдымен 10
желтоқсан 1999 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының қабылданған
Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы“ , – Заңы ең төменгі кепілдіктер,
мерзімдер және стандарттар белгілейді және осы аталған нормативтер тек қана
жұмысшының жағдайын жақсарту жағына қарай бағытталады.
Бәрімізге жалпы құқық теориясынан мәлім, әр құқық саласының өзалдына
тән пәні, әдісі болады. Осы кезеңге дейін еңбек құқығында көптеген ғылыми
еңбектер жарияланды және осы тақырыпты таңдау барысында еңбек құқығының кең
зерттелген тақырыптарының бірі – бұлеңбек құқығының қағидалары. Жалпы
қағидаларының негізгі еліміздің 30 тамыз 1995 жылғы бүкілхалықтық
референдумда қабылданған конституциямыздың 24-бабы негіз болады. Осы
аталған бапқа сәйкес, азаматтар еңбек ету бостандығы құқығына ие болған
және мамандық кәсіп таңдауға әр азаматтың құқығы бар. Әлеуметтік
құқықтардың ішінде конституцияға сәйкес, демалыс, ең төменгі жалақыдан кем
алмауға, мемлекет тарапынан жәрдемақы алуға, еңбекке жарамсыз кезінде
жәрдемақы алуға, зейнетақы жасына келген кезде зейнетақы алуға құқығы
бектілген.
Курстық жұмысын таңдауға тағы бір негіз болған себеп, әр түрлі ғылыми
зерттеулерде, оқулықтарда, еңбек құқығының принциптеріне (қағидаларына)
сәйкес еңбек құқығының принциптеріне (қағидаларына) сәйкес әр түрлі
көзқарастары немесе конституциялық, еңбектік, халықаралық қағидалары немесе
еңбек құқығының негізгі конституциялық қағидалары, еңбек құқыының жұмыспен
қамту саласындағы және еңбектік қорғау, халықаралық еңбек құқығы
саласындағы қағидалар. жұмысын жазу барасында елімізге танымал ғалымдардың
ғылыми еңбектері, еңбек құқығы салсында қолданыста жүрген нормативтік-
құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Парламенті мақұлдаған
(ратификация) Халықаралық Еңбек Ұйымының Конвенциялары негіз болды.
І ТАРАУ. Еңбек құқығы қағидаттарының ұғымы және оны топтастыру
1. Еңбек құқығы қағидаттарын жіктеуін анықтау
Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу тетігінің мәні мен ішкі бірлігін
білдіретін ғылыми және құқықтық санат ретіндегі еңбек құқығының қағидаттары
туралы мәселеде маңызды теориялық және практикалық мән бар. Қағидаттардың
сақталуы еңбек құқығы нормаларының дұрыс қолданылуының, еңбек
қатынастарының реформалаудың қажетті шарты, олар республикадағы әлеуметтік-
экономикалық қайта құру процесіне парапар болуға тиіс.
“Принцип” ұғымы (латынша principium – басталу, негізі) адамдардың
жүріс – тұрғысындағы бастау басшы идея негізгі ереже дегенді білдіреді.
Құқыққа қатысты алсақ қағидат орталық ұғым болады, себебі ол барлық
құқықтық жүйенің негізіне алынған. Қорытылып жинақталған түрінде қағидат
өзі туындаған құқықтық жүйенің мәндік сипатын өзіне жинақтайды. Осыған
сәйкес еңбек құқығының қағидаты негізге алынатын, бастаушы бастама, ол осы
саланың және оның институттарының құқықтық нормаларының мәні мен ішкі
үйлесімділігін білдіреді.
Қағидат, еңбек құқығы жүйесінің негізге алынатын элементі ретінде
заңнамада міндетті түрде көрсетіліп, бекітілуге тиіс.
Бұл жағдайда ол құқықтық қағидатқа айналады. Заң ғылымында құқық
қағидаттары – құқықтық нормативтік – жетекші бастамасы деген пікір бар.
Ондай пікірлерді Қазақстандық ғалым-заңгерлер де бастайды.
Қағидатты нормативтік бекітуден бас тарту оны құқықтық сана немесе
ғылыми санат саласына ауыстыруға тікелей байланысты. Құқықтық санада адам
ойына баға беру элементі бар, ал ғылыми санат ретінде қағидат идеяларды,
пікірлерді теория жүзінде іске асыру деңгейінде қалады. Бұл екі жағдайда да
қағидат өз міндетін жоғалтады, себебі практика жүзінде іске аса алмайды.
Құқықтық қағидаттар дегеніміз – заңда бекітілген басқарушы ережелер.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабындағы 2-тармақ осы ойымызға
дәлел, онда республика қызметінің негізгі қағидаттары өз бекімін тапқан.
Еңбек құқығы қағидаттарының қызметтік рөлін мына негізгі позициялармен
сипаттауға болады:
а) қағидаттар еңбек құқығы субъектілері үшін арнайы бағдар болады,
себебі олар еңбек құқығы нормаларында бекітілген және қатысушылар әрекетін
мемлекеттік еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы құқықтық саясатын
басқарушы идеяларға сай бағыттайды;
ә) қағидаттар еңбек қатынастарын құқықтық реттеу үшін бастапқы нұсқа
болып табылады. Бұл сапада қағидаттар еңбек туралы күшіндегі заңның мәні
мен мазмұнын және оны қолдану практикасын алдын ала анықтайды, сондай-ақ
еңбек туралы жаңа құқықтық нормалар жасағанда бұл басқарушы идеялардың
жүзеге асырылу тетігін қарастыру жайында заң шығарушыға бағдар береді;
б) қағидаттар еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың құқықтық негіздеріне
тұрақтылық береді. Мұның нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында маңызы
зор. Еңбек ресурстарын даярлау, бөлу және тиімді пайдалану, еңбек қорғауды
ұйымдастыру мен өндіріс қауіпсіздігі және еңбек қоғамдық ұйымдастырудың
басқа элементтері саласындағы басқарушы идеяларды заңда бекіте отырып
мемлекет еңбекті басқарудың барлық тетігі үшін іргелі құқықтық негіз, еңбек
қатынастарының тиянақты формаларын құруды қамтамасыз етеді;
в) қағидаттар, құқықтық реттеудің мәнімен және әдісімен бірге еңбек
құқығын ұлттық құқықтың басқа салаларынан ажыратудың объективтік критерийі
болады, себебі құқықтың осы саласының мәндік ерекшеліктерін білдіреді;
г) қағидаттар азаматтарға, мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдарына
және басқа қызметкерлеріне, кәсіп орындардың, мекемелердің және ұйымдардың
жұмыскерлердің тәрбиелік ықпал жасайды.
д) қағидаттар азаматтарға, мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдарына
және басқа қызметкерлеріне, кәсіп орындардың, мекемелеріне, кәсіп
орындардың мекемелердің және ұйымдардың жұмыскерлеріне тәрбиелік ықпал
жасайды.
Жеке еңбек шартын жасағанда тараптар құқықтық нормалардың
міндеттеулерін және келісім жағдайларын ұстанады, өзін қалай ережесіне
еркімен бағынады, бұл – күшіндегі заңнаманың мәнін анықтау және еңбек
құқықтарының құқық нормаларына кірген қағидаттарын меңгеру деген сөз.
Құқықтық қағидаттар еңбек құқығының теориясында және заң практикасында
даму алған бұл қасиеттері еңбек қатынастарын құқықтық реттеу тетігінің
мәндік негізін құрайды.
Еңбекті ұйымдастыру және қолдану саласындағы қағидаттар өздерінің
мазмұны, әрекет ету саласы және мақсаттық бағыты жағынан алғанда бір
мағыналы емес. Олар жалпы, салалық және еңбек құқығының жекелеген
институттары қағидаттары болып бөлінуі мүмкін. Қағидаттардың бұл топтары
өзара байланысты, бірін бірі толықтырады, олар бірлесіп еңбекті қоғамдық
ұйымдастыруды құқықтық реттеудің іргелі негізін құрайды.
Жалпы қағидаттар еңбекті және тиісінше еңбек құқығы салаларын құқықтық
реттеудің базалық қағидаттары болып табылады. Оларды Қазақстан
Республикасының Конституциясында бекітуі олардың жалпы орталық сипатын
білдіреді.
Жалпы қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:
заңдылық;
азаматтардың құқықтарының бостандығын және заңды мүдделерінің мемлекет
мүдделері алдында басымдығы;
мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу; қоғам пікірін ескерту және
жариялық;
халықаралық қарым-қатынас.
Заңдылықтың қағидаты дегеніміз – Конституцияны, республиканың
күшіндегі заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқығын, бостандығын, ар-
ожданын сыйлау жөнінде мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге және
азаматтарға қойылатын талап. Заң мен сот алдында барлығы бірдей. Шыққан
тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне,
ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, сеніміне, тұрған жеріне немесе кез келген
басқа жағдайларға байланысты ешкім қандай да бір кемсітушілікке ұшырауға
тиіс емес.
Құқықтық қатынастар саласында заңдылық қағидаты еңбекті ұйымдастырудың
және қолданудың барлық практикасы негізделетін тиісті заңдық кепілдіктермен
қамтамасыз етіледі. Заңдылық қағидаттарды сақтау, бірінші кезекте еңбек
туралы күшіндегі заңдардың Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа
мен нарықтық қатынастардың қазіргі шындық жағдайына сәйкес келуін көздейді.
1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы “Еңбек
туралы”, – № 494-1 жаңа Заң азаматтардың еркін еңбек етуге конституциялық
құқығын жүзеге асыру процесінде туындаған еңбек қатынастарын, меншік
түрлері мен шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық формаларының көп
түрлілігі жағдайында еңбекті қоғамдық ұйымдастыру барысында толғағы жеткен
проблемаларды реттеуге арналған. Лауазымда адамдардың құқықтық даярлығына
және оларды аттестациялауға ерекше мән берілуге тиіс, айта келгенде
кәсіпорындардағы мекемелердегі, ұйымдарға заңдылықтың жайы соларға
байланысты.
Азаматтардың құқықтарының, бостандығының және заңды мүдделерінің
мемлекет мүдделері алдында басымдығы – азаматтардың, өздерінің құқықтарын,
бостандықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыруда мемлекеттік органдар
мен олардың лауазымды адамдарының алдындағы артықшылығын білдіретін
қағидат. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады, оның жоғарғы
құндылығы – адам, адам өмірі, құқығы және бостандығы. Соңғысы адамға
туғаннан тән, одан ажыратуға болмайтындығы мойындалады, ол заңдардың және
басқа құқықтық нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды.
Бұл қағидатқа сәйкес азаматтар өздерінің еңбек құқықтарын және заңды
мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттік органдарға және олардың лауазымды
адамдарына жүгінуге құқылы. Олар өз құзыры шеңберінде азаматтар қойған
мәселелерді қарауға, қажетті шара қолдануға және арызданушыға белгіленген
мерзімде жауап беруге тиіс. Азаматтардың бұл құқығын заңдық кепілдіктер
жүйесі қамтамасыз етеді, оған лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне
сотқа шағыну құқығы да кіреді.
Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне тең құқылы қатысуының жалпы
қағидатының еңбек құқығына да қатысы бар. Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес азаматтар мемлекет істерін басқаруға өздері тікелей
де, өздерінің өкілдері арқылы қатысуға, сондай-ақ кез келген мәселе бойынша
оның ішінде еңбек мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен жергілікті өзін
өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық шағым-арыздар жолдауға құқылы.
Азаматтар өздерінің қабілеті мен кәсіби даярлығына қарай мемлекеттік қызмет
атқаруға теңдей құқыққа ие. Мемлекет қызметке үміткер адамға қойылатын
талап тек қызметтік міндеттің сипатынан ғана туындайды, оны заң белгілейді.
Қоғамдық пікірді есепке алу және жариялық – мемлекеттік органдардың,
кәсіпорындардың, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының практикалық
қызметіне кез келген формада, мысалы баспа сөздегі еңбек заңының
бұзылғандығы жайындағы сын материалдар, республикасының еңбек туралы
заңнамасын, еңбек қатынастарын реформалау жөнінде пікірлер немесе ғылыми
ұсыныстар, білдірілген қоғамдық пікірді міндетті түрде есепке алуды талап
ететін қағидат. Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетпен
жұртшылық арасындағы қатынастың жалпы негіздерін анықтайды. Атап айтқанда,
мемлекеттің қоғамдық бірлестіктердің ісіне және керісінше қоғамдық
бірлестіктердің қызметін мемлекеттің қаржыландыруына жол берілмейді.
Дегенмен, күшіндегі заңнамада кәсіподақ сияқты қоғамдық
бірлестіктердің қызметі жүзеге асырылу үшін қажетті негізгі шарттар мен
кепілодіктер көзделген. 1993 жылы 9 сәуірдегі “Кәсіпкерлік одақ туралы”
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық саясатын қалыптастыруға, ұжымдық еңбек дауларын шешуге және
кәсіподақтың қатысуы көзделген. Өз кезегінде мемлекет кәсіподаққа берілген
құқықтың сақталуын қамтамасыз етеді және олардың өздерінің жарғылық
міндеттерін орындауға жағдай тудырады. Мемлекеттік қызметтің әкімшіліктің
бос орындарына баспа сөзде конкурс жариялауы жариялылықтың мысалы бола
алады.
Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы қызметінен туындайтын
халықаралық қарым-қатынас қағидатының да еңбек құқығына қатысы бар.
Қазақстан Конституцияға сәйкес халықаралық құқықтың, оның ішінде еңбекті
қолдану мәселелері бойынша құқықтық қағидаттары мен нормаларын мойындайды
және құрметтейді. Бұл қағидаттың практикалық маңыздылығы еңбек туралы
ұллттық заңнаманы Халықаралық еңбек ұйымы қабылдаған конвенциялар мен
ұсыныстар ескеріліп реформалауға байланысты. Жалпы қағидаттар ішінде
еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың құқықтық қағидаттары бар. Салааралық
қағидаттардың бұл тобы меншік түріне шаруашылық жүргізудің-ұйымдастыру
құқықтық реформаларына қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және
ұйымдарда еңбек ұйымдастырудың барлық формаларына қатысты. Еңбекті қоғамдық
ұйымдастырудың қазіргі құқықтық жүйесінің негізінде мынандай салааралық
қағидаттарды бөліп алуға болады: еңбек бостандығы, қызмет пен кәсіп таңдау
бостандығы, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігінің жағдайы, ешқандай
кемсітпеу, еңбекақы төлеу, демалуға құқықтың бірдейлігі, құқық пен
бостандықты заңда тыйым салынбаған барлық тәсілдермен қорғауға кепілдіктің
болуы, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдіктің болуы.
Салааралық қағидаттар салалық құқықтық нормаларда нақтыланады. Еңбек
құқығына байланысты мына қағидаттар салалық болып саналады: еңбек шартының
бостандығы, еңбек міндетінің айқындығы, еңбек құқығының бірлігі және
жіктелуі, еңбек жағдайының қауіпсіздігі, еңбек ақының заңда белгіленуі ең
төменгі мөлшерден аз болмауы, еңбек және демалыс режимінің қалыпты болуына
кепілдік, еңбек тәртібінің қамтамасыз етілуі, кәсіби білім алуға
кепілдіктің болуы, кәсіпкерлер одағын құруға бостандық, құқықтар мен

болуы.
Еңбек құқығының кейбір институттарының қағидаттары өте шектеулі
салаларда әрекет етеді. Олардың басқарушы ережесі еңбек құқығы саласындағы
қатынастардың белгілі бір түрлерін реттейтін құқықтық нормалардың кейбір
топтарына тән ерекшеліктерін қарастырады. Қағидаттардың бұл тобы оқулықтың
Ерекше бөлімінің тиісті тарауларында ашылады.

білдіретін ғылыми және құқықтық реттеу тетігінің мәні мен ішкі бірлігін

туралы мәселеде маңызды теориялық және практикалық мәні бар. Қағидаттардың
сақталуы еңбек құқығы номаларының дұрыс қолданылуының, еңбек қатынастарын
реформалаудың қажетті шарты, олар республикадағы әлеуметтік-экономикадағы
қайта құру процестеріне пара-пар болуға тиіс.
“Қағида” латын тілінен аударғанда “басталу”, “негіз” деген ұғымды
білдіреді. Бұл дегеніміз адамдардың жүріс-тұрмысындағы бастау, басшы идея,
негізгі ереже дегенді білдіреді.
Құқыққа қатынасты алсақ қағида ұғымы орталық ұғым болып табылады,
себебі ол барлық құқық жүйесінің негізі болып табылады. Қорытып жинақталған
түрінде қағида өзі туындаған құқықтық жүйесінің мәндік сипатын өзіне
жинақтайды. Осыған сәйкес еңбек құқығының қағидасы негізіне алынатын,
бастаушы бастама, ол осы саланың және оның институттарының құқықтық
нормаларының мәні мен ішкі үйлесімділігін білдіреді.
Қағида, еңбек құқығы жүйесінің негізгі алынатын элементі ретінде
заңнамада міндетті түрде көрсетіліп, бекітілуге тиіс. Заң ғылымында құқық
қағидаттары – құқық нормативтік-жетекші бастамасы деген пікір бар.
Құқықтық қағида дегеніміз – заңда бекітілген басқарушы ережелер.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабындағы 2-тармағы осыған (т)
дәлел, онда республика қызметінің негізгі қағидалары өз бекімін тапқан, ал
“Адам және азамат” деп аталынатын тарауда басқарушы идеялар азаматтардың
еркін еңбек ету, кәсіпті және қызметті, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына
сай келетін еңбек жағдайын таңдаған, өзін кемітпестен еңбегіне лайық ақы
алуға, демалысты пайдалануға құқығы арқылы көрініс табады.
Азаматтардың еңбекті қолдану саласындағы негізгі құқықтарын
қағидалармен теңестіруге болмайтындығын ерекше атап өткен жөн, себебі олар
саланың құқықтық жүйесіне сипаттаудың әр түрлі деңгейінде тұр. Қағидалар
азаматтардың негізгі еңбек құқығы түрінде қалыптастыру олардың өзара
ерекшеліктерін жояды. Нақты субъективтік құқық, сонымен қатар, еңбек
қатынастарын құқықтық реттеудің басқарушы ережесі де бола алмайды. Егер
қағидаттар еңбек құқығы жүйесі нормалараның мәндік қасиетімен ішкі
үйлесімін білдірсе, онда азаматтардың негізгі еңбек құқықтары мен олар
бекітілген құқықтық нормалар сол мәннің көрініс табуының сыртқы формасы
болып табылады.
Сонымен қатар еңбек құқығының қағидасын құқықтық нормадан ажырата
білуі керек. Қағида еңбек құқығы субъектілері бағытының жалпы ережесін,
жалпы мақсатын ғана анықтайды, ол жалпы мақсатын ғана анықтайды, ол
субъективтік құқықтардың мазмұнын, еңбек қатынастарына қатысушылардың заңи
міндеттерін нақтыламайды.
Құқықтық қағидаттарда құқық нормаларына тән элементтер болмайды.
Сондықтанда, құқық қағидаттарының көмегімен еңбек қатынастарын толықтай
реттеу мүмкін емес. Сонымен қатар құқықтықнормалар еңбек құқығының
жүйесіндегі басқарушы идеяға бағынуға және сәйкес келуі тиіс.
1.2. Еңбек құқығы қағидаларының қызметтік ролі
Еңбек құқығы қағидаларының қызметтік ролін мына негізгі позициялармен
сипаттауға болады: қағидалар еңбек құқығы субъектілері үшін арнайы бағдар
болады, себебі олар еңбек құқығы нормаларында бекітілген және қатысушылар
әрекетін мемлекеттің еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы құқықтық
саясатын басқарушы идеяға сай бағыттайды; қағидалар еңбек қатынастарын
құқықтық реттеу үшін бастапқы нұсқа болып табылады. Бұл ретте қағидалар
еңбек туралы күшіндегі заңның мәні мен мазмұнын және оны қолдану
практикасын алдын ала анықтайды, сондай-ақ еңбек туралы жаңа құқықтық
нормалар жасағанда бұл басқарушы идеялардың жүзеге асырылуы тетігін
қарастыру жайында заң шығарушыға бағдар береді; қағидалар еңбекті қоғамдық
ұйымдастыру ққықтық негіздеріне тұрақтылық береді. Мұның нарықтық
қатынастардың қалыптасу жағдайында маңызы зор. Еңбек ресурстарын даярлау,
бөлу және тиімді пайдалану, еңбек қорғауды ұйымдастыру мен өндіріс
қауіпсіздігі және еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың басқа элементтері
саласындағы басқарушы идеяларды заңда бекіте отырып мемлекет еңбекті
басқарудың барлық тетігі үшін іргелі құқықтық негіз, еңбек қатынастарының
тиянақты формаларын құруды қамтамасыз етеді; қағидалар құқықтық реттеудің
мәнімен және әдісімен бірге еңбек құқығын ұлттық құқықтың басқа салаларынан
ажыратудың объективтік критерийі болады, себебі құқықтың осы саласының
мәндік ретін білдіреді; қағидалар азаматтарға, мемлекеттік аппараттың
лауазымды адамдарына және басқа қызметкерлеріне, кәсіпорындардың,
мекемелердің және ұйымдардың жұмыскерлеріне тәрбиелік ықпал жасайды. Жеке
еңбек шартын жасағанда тараптар құқықтық нормалардың міндеттеулерін және
келісім жағдайларын ұстанады, өзін қалай ұстау ережесіне еркімен баынады,
бұл – күшіндегі заңнаманың мәнін анықтау және еңбек құқықтарының құқық
нормаларына кірген қағидаттарын меңгеру деген сөз.
Құқықтық қағидалардың еңбек құқығының теориясында және заң
практикасында даму алған бұл қасиеттері еңбек қатынастарын құқықтық реттеу
тетігінің мәндік негізін құрайды.
Еңбекті ұйымдастыру және қолдану саласындағы қағидалар өздерінің

институттарының қағидалары болып бөлінуі мүмкін.
Қағидалардың бұл топтары өзара байланысты, бірін-бірі толықтырады,
олар бірлесіп еңбекті қоғамдық ұйымдастыруды құқықтық реттеудің іргелі
негізін құрайды.
Жалпы (салааралық) қағидалар еңбекті және тиісінше еңбек құқығы
сааларын құқықтық реттеудің базалық қағидалары болып табылады. Олар
Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітуі олардың жалпы орталық
сипатын білдіреді. Жалпы қағидаларға мыналарды жатқызуға болады: заңдылық,
теңдік, қоғам пікірін ескеру және жариялық, халықаралық қарым-қатынас.
Заңдылық қағидасы дегеніміз – Конституцияны, республиканың күшіндегі
заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқықтарымен бостандықтарын сыйлау,
заңмен сот алдында теңдіктері.

мемлекет мүдделері алдында басымдылығы азаматтардың өздерінің құқықтарын,

мен олардың лауазымды адамдардың алдындағы артықшылығын білдіреді.

қағидатының еңбек құқығына да қатысы бар. Қазақстан Республикасы

де, өздерінің өкілдері арқылы қатысуға, сондай-ақ кез келген мәселе
бойынша, оның ішінде еңбек мәселесі бойынша мемлекеттік органдар мен
жергілікті өзін өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық шағым-арыздар
жолдакға құқылы.
Азаматтар өздерінің қабілеті мен кәсіби даярлығына қарай мемлекеттік
қызмет атқаруға тең құқыққа ие.
Аталып өткендей, еңбек құқығының қағидалары дегеніміз – салааралық
қағидалары нақтылау б.т. Салалық қағидаттардың өзіндік ерекшеліктерін
зерттеп білу еңбек құқығының теорияларын, оны басқа құқық саласынан дәл
ажырата алуды, еңбек қатынастары мен еңбек туралы заңнаманы реформалаудың
методикалық негіздерін қалыптастыруды қалайда білуді талап етеді.
Еңбек қызметін таңдау бостандығы салааралық қағида болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында бұл қағида: әркімнің еңбек
бостандығына құқығы, қызмет пен кәсіпті таңдау бостандығына құқығы арқылы
көрініс табады.
еңбек қызметін оны кез келген ұйымдастыру құқық формасында таңдауға,
жалданып жұмыс істеуге,
мемлекеттік қызметке тұру,
мердігерлік жұмыс орындау,
корпоративтік бірлестік ұйымдарға кіру,
заң тыйым салмаған кәсіпкерлік қызметпен айналысу т.б.
Бұл салааралық қағиданың мәнін азаматтардың неғұрлым көбірек және
еркін жұмысбасты болуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат
анықтайды. Халықтың жұмыс басты болуындағы мемлекеттік саясаты – республика
аумағында тұрақты тұратын азаматтарға, олардың нәсіліне, ұлтына, жынысына,
тіліне, әлеуметтік-лауазымдық және мүліктік жағдайына, тегіне, дініне,
сеніміне, қоғамдық ұйымға мүшелігіне қарамастан қызмет таңдап жұмысқа
тұруына бірдей мүмкіндіктер беру.
Еңбек құқығына қатысты алғанда еңбек бостандығы, қызмет түрімен
кәсіпті еркін таңдау, еңбек қабілетін еркін көрсете білу, еңбек шарттары
бостандығының салааралық қағидасы арқылы көрініс табады, ол азамат пен
жұмыс беруші арасындағы жұмыстың шарты мен сипаты жайғдайындағы өзара
келісімде келтіріледі.
Еңбек құқығының салалық қағидаты болып табылатын еңбек шартының
бостандығы жұмыскердің толық емес жұмыс күні жағдайында бірнеше жұмыс
берушілермен жеке еңбек шартын жасауға құқығы бар екендігін білдіреді.
Еңбек міндетінің анық болуы – еңбек құқығының ерекше қағидасы. Оның
мәні – жұмыскерді міндетті түрде кәсібіне, мамамандығына және біліктілігіне
сай пайдалану жекелеген жұмыскерлердің, еңбек ұжымдарының және жалпы
қоғамның мүдделерін дұрыс үйлестіру тұрғысынан алғанда маңызды болып
табылады.
Еңбек міндетінің анық болуы – еңбек құқығының әр түрлі институттарының
нормаларында бекімін тапқан.
Еңбек шартының бірлігі және жіктелуі. Бұл қағиданың ерекшелігі сонда –
еңбек туралы жалпы құқықтық нормалар негізінде кейбір әлеуметтік және
экономикалық салада жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін қолдану
жағдайының ерекшелігі ескеріледі. Бұған кәсіпорын, мекеме және ұйым
орналасқан жердің табиғат – ауа райы ерекшелігін, сондай-ақ шаруашылық
жүргізудің әр түрлі ұйымдастыру-құқықтық формалардағы кәсіпорындар
жұмыстарын да жатқызуға болады.
Еңбек туралы жалпы құқық нормалары еңбек құқығы жүйесінің бірлігі
қамтамасыз етеді. Жалпы еңбек заңнамасы өзінің негізінде жұмыстың қара
күшті керек етпейтін және жүйкені тоздырмайтын қалыпты еңбек жағдайын
реттеуге есептелген.
Еңбек туралы арнайы құқық нормаларын қабылдау қалыпты жағдайынан
ауытқығанда кепілдіктер мен өтем төлеуді белгілеу мақсатында,
жұмыскерлердің кейбір санаттарының еңбегін құқықтық реттеуге жекелей,
өзінше қарау қажеттігінен туындаған.
Еңбек жағдайының қауіпсіздігі. Қазақстан Республикасы Конституциясы
азаматтардың денсаулық қорғау құқығын көздейді. Ол медициналық көмекті
зауда белгіленген көлемде тегін алумен қамтамасыз етіледі.
Азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясат 1997.
12.05 “Қазақстан Республикасы заңында көрініс тапқан”. Мемлекет, сонымен
қатар, қоршаған ортаны қорғау арқылы адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы
жағдай туғызуды да мақсат тұтады. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп
төндіріп мән-жайларды лауазымды адамдардың жасырып қалуы заң алдында
жауаптылыққа әкеледі.
Заңда белгіленген ең аз мөлшерден кем емес ақы төлеу. Қазақстан
Республикасы Конституциясы азаматтарды ешқандай кемітусіз еңбек ақы алуын
көздейді. Бұл талапта жалпылама сипат бар, себебі ол еңбектегі құқықтық
қатынаста тұратын, қай салада болса да еңбек ететін барлық адамдарға
қатысты. Бұл жерде мәселе – кемсітудің қандай түріне болса да тыйым
салынғандығы.
Еңбек құқығына қатысты алғанда бұл конституциялық қағиданы салалық
қағида түрінде – еңбекақы заңда белгіленген ең аз мөлшерден төмен емес
деп келтіруге болады. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес
азаматқа еңбекақының ең аз мөлшеріне сондай-ақ басқа әлеуметтік көмекке
кепілдік берілген. Бұл қағидат нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында
жұмыскерге еңбекақы төлеуге байланысты оны әлеуметтік қорғаудың құқықтық
негізін анықтайды. Бұл қағиданың күші қандай қызметпен айналысатынына және
қай ведомоствоға бағынатынына қарамастан экономиканың мемлекеттік
сектеорының барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің
жұмыскерлеріне, сондай-ақ жеке меншік формасындағы кәсіпорындар мен
ұйымдарда жалданып жұмыс істеушілерге қатысты болады.
Осы аталған қағидаға сәйкес мемлекет республиканың барлық аумағында
барлық жұмыскерлерге өздерінің еңбекақы алу құқығын жүзеге асыруы үшін
бірдей жағдай тудырады. Бұл ретте еңбекақының ең көп мөлшері шектелмейді.
Еңбек пен демалыстың қалыпты режиміне кепілдіктің болуы – еңбек
құқығының салалық қағидасы. Қазақстан Республикасы Конституциясы
азаматтардың демалу құқығы жалпыға бірдейлігін қарастырған. Бұл қағида
кімнің қайда істейтіндігіне қарамастан барлық азаматтарға түгелдей қатысты.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге жұмыс күшінің ұзақтығы,
демалыс және мереке күндері жыл сайынғы төленетін демалыс заңда белгіленген
уақытта, апта сайынғы демалыстың және жыл сайынғы төленетін демалыстың ең
аз мөлшерін, сондай-ақ демалуға құқықты жүзеге асырудағы негізгі басқа да
жағдайларды мемлекет белгілейді.
Еңбек пен демалыстың қалыпты режиміне кепілдіктің болуы салалық қағида
ретінде жұмыскердің жұмыс күнін және жұмыс аптасын шектеу туралы және жыл
сайынғы төленетін демалыстар туралы заңдарға сәйкес демалыс алу құқығында
көрініс тапқан. Бұл қағиданың мақсатты бағыты – жұмыскердің жұмыстан бос
уақытында демалуға құқығын қамтамасыз ететін тән, жан рахатын көруі, кәсіби
және мәдени деңгейін көтеруі, сондай-ақ қоғамдық өмірге белсенді қатысуы
үшін қажетті жағдай тудыратын еңбек ұзақтығын және оның режимін белгілеуде.
Еңбек тәртібін қамтамасыз ету – еңбек құқығының салалық қағидасы. Оның
мәні – ұжымның бірлескен еңбегінің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз етуде,
жұмыскерлерді кәсіпорынның бірыңғай, орталық ережемен бекітілген ішкі еңбек
тәртібіне бағындыруда. Бұл қағида жұмыскерлердің еңбек тәртібін сақтауға
еңбектік міндеттерін дұрыс атқаруға, жұмыс берушінің мүлкіне ұқыпты қарауға
міндетті екендігінен көрініс табады.
Еңбек құқығын сақтау – жұмыскерлердің тек құқықтық ғана емес өнегелік
те міндеті.
Кәсіби білім алуға кепілдіктің болуы – еңбек құқығының салалық
қағидасы.
Жұмыскердің өзінің кәсіби біліктілігін көтеруге құқығы Еңбек туралы
заңда көрсетілген. Бұл құқық жүзеге асу үшін тікелей кәсіпорында кәсіби оқу
жүйесі ұйымдастырылады, жұмысты оқумен ұщтастыру үшін қажетті жағдайлар
тудырылады, ондай жұмыскерлер мадақталады, оқуға болатын жеңілдіктермен
демалыстар белгіленеді.
Кәсіпкер одағын құру бостандығы – еңбек құқығының салалық қағидасы.
Еңбек туралы заңға сәйкес жұмыскерлер кәсіпкер одағына немесе басқа
қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға құқылы, егер өзге заң
актілерінде басқадай көзделмесе.
Кәсіпкер одағы – азаматтардың өздерінің кәсіби мүдделерінің
орталықтағы негізінде, өз мөлшерінің еңбек құқықтарын, басқа да әлеуметтік-
экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, еңбек жағдайын
қорғау және жақсарту үшін құралы атын ерікті қоғамдық бірлестік.
Кәсіподақтың құқықтық мәртебесінің маңызды элементі – олардың
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын қалыптастыруға қатысуы.
Заңда белгіленген тәсілдер мен еңбек дауларын қараудың демократиялық
тәртіпке негізделген рәсімдері:
еңбек құқығы бұзылған жұмыскердің дауын қарайтын органға жүгіне алуы;
жұмыскердің барлық санаттарының өз еңбек құқықтарын қорғаудағы тең
жағдайы, еңбек дауларын шешудің қысқартылған мерзімі;
органдардың еңбек даулары бойынша шешімдерінің орындалуына кепілдік
беретін жүйе;
еңбек даулары бойынша шығынды төлеуден жұмыскерді босату.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыруды құқықтық реттеудің мәнін, мазмұнын және
тетігін мемлекеттік еңбек ресурстарын пайдалану саласындағы саясаты
анықтайды. Әңгіме азаматтардың еңбек және кәсіпкерлік ынтасын қолдау
көрсету, жұмысссыздықты болдырмау және азайту, еңбек ұжымдары мен жұмыс
берушілер өкілдерінің мемлекеттің жұмыспен қамтылу саясатын жүргізуге
қатысуы, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану және басқа ұйымдық-құқықтық
және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы шаралардың жүргізілуі жайында.
Халықтың жұмыспен қамтылу саясатындағы мемлекеттік саясат түсінігі және
негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасының күшіндегі заңдары, халықаралық
нормаларды ескере отырып, азаматтардың еңбекті қоғамдық ұйымдастыру
саласындағы конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық кепілдіктер
мен әлеуметтік-экономикалық негіздерін анықтайды. Жұмыспен қамтылу
қатынастарын Қазақстан Республикасының Конституциясы 2001 жвлғв 23
қаңтардағы №149-11 “Халықты жұмысқа қамту туралы” Қазақстан Республикасының
Заңы, ұжымдық шарттар мен келісімдер, басқадай нормативтік құқықтық
актілері реттейді. Жұмыспен қамтылу туралы заңнамада Қазақстан
Республикасының азаматтарына, республикада тұрақты қоныс тепкен шетелдіктер
мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты.
Нарықтық экономика жағдайында және әртүрлі меншіктер мен шаруашылық
жүргізудің ұйымдық-құқытық формаларының тең құқылы кезінде мемлекет халықты
жұмысқа тарту саласындағы өз саясатын жаңаша анықтайды, жұмыспен қамтылу
құқықтық реттеудің жұмысшы күшіне сұраным мен ұсыныстың ара қатынасына
негізделген, мүлде жаңа критерийлерін белгілейді.
ІІ ТАРАУ. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ САЛААРАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘНІ
2.1. Жұмыспен қамту саласындағы негізгі қағидалар
Жұмыспен қамтылу азаматтардың өздерінің жеке мұқтаждықтарын
қанағаттандырумен байланысты және өздеріне жалақы алып келетін, Қазақстан
Республикасының конституциясына, заңдары мен өзге құқықтық актілеріне қайшы
келмейтін қызметі.
“Өнімді жұмыспен қамтылу” деген ұғым бар, ол – тұрақты экономикалық
дамуды және әлеуметтік тиімділікті қамтамасыз ететін жұмыспен қамтылу. Бұл
ретте азаматтардың еңбек қызметі олардың кәсіп, жұмыс түрі мен сипатын
таңдауы тек олардың ықтиярына негізделеді. Заңнамада көзделген жағдайлардан
басқа реттерде азаматтарды әкімшілік жолмен немесе кез-келген басқадай
әдіспен мәжбүрлеуге жол берілмейді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сот
үкімі бойынша жаза орындағаннан және төтенше немесе соғыс жағдайларынан
басқа кездерде мәжбүрлеп жұмыс істеуге тыйым салынған.
Мемлекеттің азаматтардың жұмысқа, кәсіби делдалдыққа және қайта
дайындауға деген мұқтаждығын қанағат ету, жұмыс орындарын көбейтуге
ынталандыру, халықты жұмысқа тартудың республикалық және аймақтық
бағдарламаларын жүзеге асыру сияқты әлеуметтік-эконоикалық саясатын
пәрменді жүргізу негізінде жұмыспен қамтылу қамтамасыз етіледі.
Халықтың жұмыспен айналысатын тобына жататын адамдар қатары заңнамада
анықталған. Олар:
– жеке еңбек шарттары бойынша істейтіндер, оның ішінде толық немесе
толық емес күн жағдайында сыйақы ішінде толық атқаратындар, сондай-ақ
басқадай ақылы жұмысы бар немесе табысы бар адамдар.
– кәсіпкерлік қызметпен айналысатындар;
– өз бетінше жұмыс істейтіндер;
– қосалқы кәсіппен айналысатындар мен шарт бойынша өнім өткізетіндер;
– азаматтық-құқытық шарттар бойынша жұмыс жасайтындар, сондай-ақ
өндірістік кооператив мүшелері;
– жалақы төленетін қызметке саайланғандар, тағайындалғандар немесе
бекітілгендер;
– Қарулы күштерде, ұлттық қауіпсіздік органдарында, шекара
әскерлерінде, ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде,
Республика ұланында, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік
бөлімдерінде және басқа әскери құрамаларда қызмет атқарушылар.
Жұмыспен қамтылу азаматтардың қоғамға пайдалы қызметінің барлық
түрін қамтиды. Сонымен қатар, жұмыспен қамтуды арнайы, тар
мағынада алсақ, оны азаматтардың жеке еңбек шарты бойынша немесе
оларға ылғи жалақы немесе жұмыс жасаушылар үшін белгіленген
еңбек табысы мен жеңілдіктерін әкелетін басқадай негіздеріндегі
еңбек қызметі деп түсінеміз.
Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясат мынаған
бағытталған:
1) ҚР азаматтарына, ҚР-да тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдарға қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдауға бірдей
мүмкіндіктерді, әділ де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге, жұмысссыздықты азайтуға, жұмыс
орындарын алуға;
2) білім беру жүйесін еңбек рыногының қасиеттеріне және инвестициялық
саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау ісіне
бағдарлауы;
3) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсіпкерлік
бастамаларын қолдауға, олардың өнімді және шығармашылық еңбекке қабілетін
дамытуға жәрдемдесуге;
4) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде
нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілерді
ынталандыруға;
5) әлеуметтік орган және жеке жұмыспен қамтуды агенттік арқылы еңбек
делдалдылығын ұйымдастыруға;
6) шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-қ Қазақстан Республикасынан
шетелге жұмыс күшін шығаруға байланысты қызметті лицензиялауға;
7) шетелдік жұмыс күшін тартуға мөлшер белгілеу жағымен ішкі еңбек
рыногын қорғауға;
8) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық іс-
шараларды жергілікті атқарушы органдар қолданылатын шаралармен ұштастыруға;
9) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті экономикалық және
әлеуметтік саясаттың бсқа да бағыттарымен үйлестіру;
10) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
11) мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін
шараларды әзірлеу мен іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіріп, реттеп
отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
12) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі және шетелдіктердің
Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметіне байланысты
мәселелерді шешуді қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын
шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
13) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің
мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын
қамтамсыз ету;
14) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын
ашу ісін ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын
жүргізуге бағытталған.
Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету және оны дамыту Қазақстан
Республикасының мемлекеттік экономикалық саясатындағы басымдылық көрсететін
сала болып табылады. Сонымен, жұмыспен қамтылуды кең мағынада да, арнайы,
тар мағынада да түсінуге болады. Кең мағынада да, жұмыспен қамтылу
азаматтардың, өздеріне жалақы немесе еңбек табысын әкелетін, қоғамға
пайдалы қызметінің барлық түрлерін қамтиды; ал тар мағынада – азаматтардың
жалдану бойынша немесе еңбек құқығының нормалары реттейтін басқа негіздер
бойынша жасайтын еңбегі. Нарықтық экономика жағдайында мемлекет халықты
жұмысқа қамту саласындағы өз саясатын тіптен жаңаша жүргізеді, оған ұйымдық-
құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарт жасайды, сондай-ақ
азаматтардың еркін еңбек етуге, жұмыс түрімен кәсіпті еркін таңдауға деген
конституциялық құқығының жүзеге асырылуына заңдық кепілдік қарастырады.
Азаматтардың жұмыс бастылық өрісіндегі құқығы. Еңбек рыногын
қалыптастырылған кезде еңбек құқығының міндеттері елеулі өзгеріске
ұшырайды. Мұндай жағдай халықты жұмысқа қамтуды реттеу және ұйымдастыру
мәселелеріне де, азаматтардың еңбек өрісіндегі конституциялық құқықтарын
іске асырудың тетігін жсауға да, жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік кепілдік
және өтем төлеуді белгілеуге де қатысты. Жұмыспен қамтылу және жұмысқа
орналасу мәселелерінің шешімі 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-11 “Халықтың
жұмыспен қамтылуы туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көрініс тапқан.
Азаматтардың жұмыс орнын жұмыс берушіге, жұмыс қамтылу мәселелері
жөніндегі өкіметті органға не жеке агенттікке тікелей өтініш білдіру арқылы
еркін таңдау құқығы заңнамада бекімін тапқан. Жұмысқа қабылдау жөніндегі
шешім жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші адам арасындағы өзара келісім
негізінде қабылданады. Жеке еңбек шартын жасаудың тәртібі және жағдайы
еңбек заңдарымен реттеледі.
Республика аумағында тұратын әрбір азамат өзінше де жұмысқа тұра
аралады, сонымен қатар арнайы органдардың көмегімен де жұмысқа орналаса
алады. Еңбек делдалдығы дегеніміз халықтың жұмысқа орналасуына мемлекеттік
өкілетті органдардың, сондай-ақ жеке агенттіктердің жұмысқа тұруға
көмектесуі. Бұл жағдайда еңбек делдалдығы жұмыс табу, оның түрін таңдау
жөнінен сол жұмыс іздеп жүрген адамдарпға және кадрларға мұқтаждық көріп
отырған, оларды іздестіруші кәсіпорындарға, олардың меншік түрлеріне және
шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық формаларына қарамастан көрсетіледі.
Жұмысқа орналастыратын жеке агенттіктер азаматтарға шартты негізде
мынадай қызмет көрсете алады:
– жұмысқа тұру және еңбек туралы заңнамалар бойынша кеңес береді;
– бос жұмыс орындарына тұру мүмкіндігі туралы ақпарат береді;
– жұмыс орнын іздеуге көмектеседі;
– азаматтарды кәсіби даярлап және қайта даярлап, соңынан жұмысқа
орналастырады. Делдалдық көмек, сонымен қатар, азаматтардың
шетелдерде жұмысқа тұруына және шетелден жұмысшы жұмыс күшін
Қазақстан Республикасына тартуға байланысты көрсетіледі.
Республика аумағында тұратын азаматтардың заңды құқықтарының қатарына
олардың халықты жұмыспен қамту мәселесімен айналысатын өкілетті органдар,
жеке агенттіктерден ақыл-кеңес және ақпарат алуы, қоғамдық жұмыстарға
қатысуы және т.б. жатады. Заңнамаға сәйкес жұмыссыздар, еңбек рыногының
сұранымына қарай Республиканың және жергілікті бюджет қаржысының есебінен,
белгіленген тәртіпте кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге,
біліктілігін көтеруге; қоғамдық жұмыстарға жолдама алуға; атаулы әлеуметтік
көмек алуға құқылы.
Жұмысқа тұруға мұқтаж адамдар үшін мемлекеттік кепілдіктер көзделген.
Мысалы, мемлекет азаматтарға олардың жұмыс түрін еркін таңдауына және еңбек
құқытарын қорғауға; кемсітудің барлық формасынан қорғауға және мамандық
және жұмыс алуда бірдей мүмкіндік тудыруға; жұмыссыздықты әлеуметтік
қорғауға, өкілетті органдар арқылы жұмыс таңдауда және орналасуда
көмектесуге кепілдік береді. Сонымен қатар, заңнамада әлеуметтік
қамқорлыққа аса мұқтаж адамдар санаттары үшін қосымша кепілдіктер
белгілеген. Нысаналы топтардың құрамына мыналар кіреді: аз қамтамасыз
етілгендер; 21 жасқа дейінгілер; балалар үйінде тәрбиеленушілер, жетім
балалар, ата-аналарының қамқорынсыз қалған, 23 жасқа дейінгі балалар;
кәмілетке толмаған балаларды асырып отырған жалғызбасты, көп бабалы ата-
аналар; заңнамаға сәйкес тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет
етеді деп танылған адамдарды бағып отырған азаматтар; зейнеткер жасқа келіп
қалған адамдар; мүгедектер; ҚР Қарулы Күштерінің қатарынан бостылғандар;
бас бостандығынан айыру және, мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған
адамдар; оралмандар. Жергілікті атқару органдары еңбек рыногындағы жағдайға
және жергілікті бюджет қаражатына сүйене отырып нысаналы топтарға жататын
адамдардың қосымша тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша
шаралар белгілей алады.
Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, олардың еңбек рыногындағы құқықтарын
іске асыру мемлекеттің жастар саясатындағы маңызды бағыттарының бірі
Республика аумағында тұратын жас азаматтарға тегін кәсіби бағдар алуға,
кәсіби даярлықтан және қайта даярлықтан өтуге, бос жұмыс орны жайында
ақпарат алуға, ыңғайлы жұмыс табу және жұмысқа орналасу үшін өкілетті
органның делдалдық көмегін пайдалануға; жұмысқа қабылдаудан дәлелсіз бас
тартудан және жұмыстан шығарудан қорғауға; кәсіби даярлық, біліктілікті
көтеру кезінде әлеуметтік көмек беруге кепілдік алады. Мемлекет жастардың
еңбекке деген өз қабілетін жүзеге асыруына қажетті жағдай тудырады, жас
жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсартуға, оларды өндірісте оқытуға, т.б.
жұмыс берушілердің ынтасын тудырады. Жас адамдармен жеке еңбек шартын
жасағанда жастардың оқу, кәіәсібиғ мәдени және басқадай әлеуметтік
мүдделері ескеруге тиіс. Жастардың құқықтары мен бостандығы жұмыс берушілр
тарапынан бұзылған жағдайда ондай әрекеттерге жастардың сотқа шағынуға
құқығы бар.
Белгіленген тәртіпте жұмыссыз деп танылған адамдардың да өзінше
құқықтық мәртебесі бар. Ондайлардың қатарына жұмысы, жалақысы жоқ, қолайлы
жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа тұруға дайын адамдар жатады.
Өкілетті орган және жұмысқа тұрғызушы жеке агенттік жұмыссыздарды
тіркеп, есепке алады.
Тіркелген жұмыссыздар үшін қолайлы жұмыс іздестіру өкілетті органдар
мен жеке агенттіктердің ең алғашқы белсенді әрекеттерінің бірі болып
табылады.
Тіркелген жұмыссыздар азаматтар үшін кәсіби даярлығына, еңбек өтіліне
және бұрынғы маандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне, соңғы жұмыс орнының
жағдайларына денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көліктің қолайлылығына
сәйкес келетін жұмыс деп есептеледі. Көліктің қолайлылығын тиісті атқарушы
орын айқындайды.
Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кәсіби мамандығы жоқ, сондай-ақ
екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшін алдын\ала
кәсіптікдаярлықты талап ететін жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкін болмаған
жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшеліктерді, еңбек туралы
заңдардың талаптары ескерілетін басқа ақы төленетін жұмысты лайықты жұмыс
деп есептеуге болады. Жұмыспен қамтылу өрісіндегі азаматтардың құқытарының
жүзеге асыруы 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Халықты жұмыспен қамту туралы”
Қазақстан Республикасының Заңында көзделген басқа да мемлекеттік шаралармен
қамтамасыз етіледі, оған еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органдардың,
жеке агенттіктердің және орталық атқарушы органдардың лауазымды адамдардың
заңсыз әрекеттеріне сотқа шағымдану да жатады.
Сонымен азаматтардың жұмысқа орналасу құқығы олардың өз бетімен немесе
еңбек туралы өкілетті органдар, жеке агенттіктер арқылы жұмысқа орналасу
мүмкіндігі, еңбек рыногының сұранымына, денсаулығының жағдайына, жұмысқа
қабілеттілік деңгейіне қарай кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өту,
біліктілігін көтеруге құқығы арқылы көрініс табады.
Бұл құқықтар әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық кепілдіктер
жүйесі, халықты жұмыспен қамту өрісіндегі мемлекеттің саясаты мен арнайы
заңнамалар арқылы қамтамасыз етіледі.
Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу және ұйымдастыру.
Халықтың еркін және жемісті еңбекпен айналысуына көмектесу мақсатында
мемлекет өндіріс күштерін дамытып, оларды ұтымды орналастыруға, еңбек
ресурстарының жинақтылығын көтеруге, уақытша және өз бетімен жұмысшы
жамытуға, бар орындарды сақтауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға, жұмыстың
икемді тәртіптерін қолдауға бағытталған шараларды және басқа да шараларды
ойластырып жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекет азаматтардың заңды құқықтары
мен мүдделерін сақтау негізінде халықтың жұмыспен қамтылуын құқықтық жолмен
реттейді, тиісті мемлекеттік кепілдіктер белгілейді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқару органдары
жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерін қатыстыра отырып республиканы
әлеуметтік – экономикалық дамытуды индикативтік жоспарлары негізінде
халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жасайды және бекітеді.
Онда мыналар көзделеді: халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру;
жұмысшы күшіне сұраным мен ұсынымды теңестіру шаралары; халықтың әлеуметтік
қолдауды керек ететін нысаналы тобын жұмыспен қамтуды ұйымдастыру; қосымша
жұмыс орнын ашатын шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету және
дамыту; еңбек рыногындағы мұқтаждықты ескере отырып жұмыссыздарды кәсіби
дайындаудың және қайта дайындаудың икемді жүйесін ұйымдастыру; қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру; жұмысқа қамтуды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz