Интернет клуб


Бизнес жоспар
Интернет клуб
Тексерген:
Орындаған:
Алматы-2009
Мазмұны :
- Фирма мүмкіншілігі (Резюме)
- Кәсіпорынның және саланың сипаттамасы
- Өнімнің сипаттамасы
- Нарықтық анализ
- Персонал және басқару
- Өндірістік жоспар
- Маркетингтік жоспар
- Тәуекел және сақтандыру
- Қаржылық жоспар және стратегия
ЖШС “Ғарыш”интернет клуб
Мекен-жайы: ҚР Алматы қаласы Абай даңғылы 18-А
Тел: 8-3272-2557977
Факс: 8-3272-2557976 Е-mail: гарыш_777@mail. ruwww. garish. ru
1. Фирма мүмкіншілігі (Резюме)
Интернет клуб Ғарыш халыққа интернет қолданудың барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі. Компанияның маркетингтік зерттеуі бойынша (интернет клубтарға) мындай нарықтардың потенциялы жоғары, сонымен қатар интернет қызметтеріне деген сұраныс күннен күнге өсіп келеді, тексерістер бойынша бұл сұраныс әлі де 5-7 жылдар аралығында биік деңгейлерде болады.
Бірінші кезеңде біз қала бойынша бір ғана интернет клубын ашуды ұсынамыз. Қабылдаған тұжырымдама бойынша клиенттер арқылы бізге интернет клуб компаниясының санын өсіруге және нарықтың жаңа сегменттерді игеруге мүмкіндік береді.
Біздің бизнестің негізгі идеясы бұл балаларға да, ата-аналарға да бірдей ұнайтын интернет клубты құру.
Бизнес жоспардың басты мақсаты - ұсынылған қызметтерді маркетингтік тұрғыдан қарастыру және берілген жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларды тарту.
Кәсіпорынның есептеуі бойынша, тұтынушылар тобына мыналар жатады:
1оқушылар
2студенттер
3басқа да категориялардағы адамдар
Біздің Ғарыш интернет клубқа келетін қала тұрғындарына және олардың қонақтарына қолайлы жерде орналастыруы керек. Сонымен қатар бізбен бәсекелестердің орналасқан жерін, олардың баға деңгейі, қамтылған клиенттер көлемін, орналасқан алаңдарын ескеруіміз керек. Бізге ең тиімді орналасу жеріміз қала орталығы болып табылады, бірақ мұның өзі бір кемшілік болып отырб яғни ол бәсекелестерімізбен жақын жерде орналасуымыз қауыпы бар.
Жалға 160 кв метр көлемінде бөлме алу көзделеді, ал біздің компаниямыздың қаржылық жоспарын құрғанда, бизнестің жақсы дамуы үшін 6, 000, 000 теңге керек болып тұр, осы қаржылық құралдардың көп мөлшері инвестор арқылы алуды көздеп отырміз.
Алынған ақшалар бастапқы қаржылық маркетингке және компанияның негізгі капиталының жасалуына қолданылады. Біздің қаржыларымыз кәсіпорынды тіркеуге керекті рұқсаттарды алуға және жарғылық капиталдың енуіне қолданылады.
Біздің инвесторларымыз (жарғылық капиталға салған) біздің жұмысқа тікелей қатыса алады және кірістен белгілі бір соманы, сондай-ақ фирманың стратегиялық құрылымдарына қатысуға құқылы. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін 3-ші жылы несиені қайтару жоспарланылады. 2. Кәсіпорынның және саланың сипаттамасы
Біздің кәсіпорыны ақпараттық коммуникалды және ойын-сауық саласында мамандандырылады. Компания компьютерлік технологиямен жұмыс жасайды, сондықтан біз клиенттерге интернет жүйесіне шығуға және тағы басқакомпьютерлік технологиямен байланысты қызметтерді, ойын-сауық қызметтерін ұсынамыз.
Соңғы 10 жылдықта интернет жүйесіне шығу дүниежүзі бойынша кең көлемде таралды. Дүниежүзілік интернет жүйесі бұл бүкіл әлемдік паутина, яғни бұл бізге керекті ақпараттарды, жаңалықтарды, әртүрлі қызметтерді, жұмыстар, танысуға, сөйлесуге, хат жазуға, жарнама жасауға және тауарды сатуға, сатып алуға мүмкіндіктер береді.
Бірақ та, қазіргі кезде Қазақсатнда, яғни біздің қалада әркімнің интернет жүйесін пайдалануға мүмкіншілігі жоқ. Біреулер интернетті үйлеріне қоса алмайды, ал кей біреулерде тіпті компьютерде жоқ. Бірақ көбі түсінеді, яғни жаңа өмір интернетсіз мүмкін емес немесе жақын арамызда осылай болады. Сондықтан да біз клиенттерімізге бұл мәселені шешуге, көмектесуге әзірміз.
Нарықтық қызметте интернет клубтың пайда болуы өсіп келеді. Сала сала бойынша бәсекелестік өз шыңына жеткен жоқ, бірақ та тұтынушылар таңдауға мүмкіншіліктері бар. Қазіргі кезде интернет кафе, ойын клубы және тағы сол сияқты қызметтер көбейіп келеді. Солай бола тура біздің болжамы бойынша мынадай қызметтерге деген сұраныс біздің салада өзінің дәрежесінде қалады және 5-7 жыл ішінде әліде жақсырақ дамиды.
2006 жылы қалада 8 иинтернет кафе тіркелді. Бұндай салаға сұраныс әліде жоғары, бірақ қазір клиенттер өнімнің сапасына, пайдаланып отырған техниканың мүмкіншілігіне қатты көңіл бөледі. Ескірген құрал жабдықтарды пайдаланған біздің бәсекелестер өздерінің клиенттерін жоғалта бастады, себебі бұл компьютерлер тұтынушылардың талабын қанағаттандыра алмады.
Қазіргі уақытта ең негізгі сәттілік критериясы, клубтарды жаңа заманға сәйкес жабдықтау және оның орналасқан жері маңызды болып отыр. Тұтынушылар қазір көбінесе үйінің қасындағы немесе мектепке, колледжіге, институтқа жақын орналасқан клубтарды қалайды. Жобаны құрғанда біз барлығын зерттеп бірдей шешімге келдік. Яғни біздің клубымыз қаланың орталығында орналасуы керек.
Біз өзімізге ыңғайлы бөлмені таңдадық және бұл бөлмені орналастыруға қажетті құрал жабдықтарды санадық. Бізге бір жеңіл болып отырғаны бұл біздің аламыз деп отырған бөлмеге күрделі жөндеу қажет емес, тек бөлменің интерьеры үшін жеңіл жөндеу жасауды жоспарлап отырмыз.
3. Өнімнің сипаттамасы
Біз интернет клуб “Ғарыш”-ді ашамыз деп шештік. Мұндағы қызмет бұл интернет, ең алдымен мұнда компьютерлік жүйелік ойындар және тағы басқа қызметтермен компьютерді қамтамасыз ету керек. Біздің бизнестің негізгі идеясы бұл балаларға және олардың ата-аналарына бірдей көңілдерінен шығатын интернет клубын ашу.
Біздің клубтың атқаратын қызметтеріне мыналар жатады: 1Инетернет жүйесіне шығу - бұл қызметпен барлық жастағы адамдар қолданыла алады. Бірақ бір ғана айырмашылық бар, бұл кейбір жүйелерге балалар шығуға тыйым салынады. Бұл тәртіпке клубтың администраторы көз салып отырады. Интернет жүйесінен алған барлық ақпараттарды дискетке немесе принтер арқылы шығарып алуға болады.
Жүйелік ойындар - бұл интернет жүйесі арқылы және жергілікті жүйе арқылы түрлі ойындар ойнау, мұндай қызметтерге әсіресе жастар көп қолданады.
Дербес компьютерлер арқылы бағдарламалар пакетін пайдалану, дискетке және дискілерге жазу - бұл қызмет әсіресе үйлерінде жеке компьютері жоқ адамдарға арналған. Біздер тұтынушыларға қалаған уақыттарында келіп, реферат, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстарын жазуға немесе фаилдарын біздің архивке сақтауға болады. Қалаулары бойынша біздің клубтың администрациясынан кеңес және мамандық көмек алуға болады.
Мини-бар қызметі - біз мини-бардағы құрамында алкоголь бар сусындарды алып тастадық, себебі біздің негізгі тұтынушылардың басым бөлігі балалар болғандықтан, олардың ата-аналары алкогаль сусыны бар клубтарға жібермеуі мүмкін, сондықтан да біз ондай сусындарды алып тастадық, бізде тек қана салқындатылған сусындар, шырындар, шай, кофе және жеңіл тамақтарды (олардың қатарында бутер-бродтар, чипсы, сухарика, тәттілер кіреді ) тұтынушыларға ұсынамыз. Болашақта біз бұл қызметті дамытқымыз келеді, яғни кафе ашу бұған тек клубтың тұтынушыларына емес, басқада қалауы бойынша келетін тұтынушыларға да қызмет көрсетеміз, бұл біздің клиенттерімізді және клубтың табысын өсіреді.
Қосымша қызметтер - мысалға күзетшілер мен администратордың жұмыс орынының қасында бір бөлме арнайы балаларын күтуші ата-аналарға арнаймыз. Олар балаларын күтіп отырғанда, жұмсақ жиһазда отырып әртүрлі кітаптар, жүрналдар, газеттер оқуға болады немесе кофе, шай және салқындатылған сусындар ішуге болады.
Интернет клубта 30 жұмыс компьютерлер, 17 мониторларымен орналастырылады.
4. Нарықтық анализ
Интернет клубтың тұтынушылары, әсіресе ер адамдар болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай орындарға әйел адамдар өте азболып келеді, оны пайызбен есептегенде 5-10%. Көбінесе әйел адамдар интернетті үйде пайдаланғанын қалайды.
Компанияның есептеуі бойынша, басты тұтынушылар тобына мыналар жатады:
- Оқушылар
- Студенттер
- Басқада категориялардағы адамдар
Үйлерінде компьютерлері бар көпшілік оқушылар, өздерінің бос уақыттарын компьютермен ойындар ойнайтыны құпия емес. Көбінесе ойыншылардың жастары 13-15 жасқа дейінгілер. Бұлар интернет клубтың басты негізгі тұтынушылары болып табылады. Біздің қызметті тұтынушылар тек дербес компьютері жоқ балалар емес, сонымен бірге компьютерлері бар балаларда қосылады. Біздің зерттеу бойынша, көптеген балалар жүйелік ойындарды қалайды және интернет клубтың бұл топ тұтынушылары шамамен 60%-ді құрайды
1Кесте. Сату көлеміндегі болжам
Біздер бұданда үлкен 18-30 жастағы адамдар келеді деп есептейміз. Бұл үшін біздің талдауымыз басқаша. Яғни біз бұны “тұтыну нарық”кестесінен көре аламыз.
2- кесте. “тұтыну нарық”кестесі
Біздің бәсекелестер 3 жақтан кездесуі мүмкін. Мысалға: жақын орналасқан интернет клубтар, ойын автоматтары және бұрыннан бар интернет кафелер. Бірақ та біз жаңа техникамызбен, ұсынылған қызметтерімізбен және төменірек бағамызбен бәсекелестерді жеңеміз деген үміттеміз.
Әсіресе жүйелік ойын клубтары біздің басты бәсекелес болуы мүмкін, себебі олардың құрал-жабдықтары жеткілікті болғандықтан олар бізді нарықтан тез шығарып жібере алады. Осыған орай біз анализ жүргізгенде, бірінші кезекте олар біздің бизнеске өте көп қауып төндірмейді.
3-кесте. “басты бәсекелестер”
SWOT- анализ кестеде көріп отырғандай бұл жобадағы басты бәсекелестік басымдылықтар: жоғары сапалы жаңа құрал-жабдықтар, әртүрлі жеңілдіктер ұйымдастыру және клиенттердің әрқайсысына жеке-жеке қызмет көрсету болып табылады.
4- кесте. Басты бәсекелес бойынша SWOT- анализ
- Персонал және басқару
5-кесте. Штаттық кесте
6- кесте. Еңбекақылар, қосымша ақылар және сыйақылар
7- кесте. Интернет клубтың жұмыс уақыттары
- Өндірістік жоспар
Жобаны жүзеге асыру үшін 150 кв. метр қажет. Керектк құрал-жабдықтар жергілікті лидер кәсіпорыны ЖШС“Высокие технологии”дан көтерме бағамен сатып алынады. Өндірістік қызметтердің шығындары: зерттеулер бойынша ұйымның ашылуына біз шығындық бағаларды құрдық.
8- кесте. Бөлімге кеткен шығындар
9-кесте. Арнайы құрал-жабдықтарға мұқтаждық
Компьютерлік құрал-жабдықты 6 айға несиеге аламыз. Әкелуші кәсіпорын әкелінген құрал-жабдыққа 18 айға кепілдеме береді және алдағы уақытты қажетті жағдайларда әкелінген компьютерлік техникаларға модернизация қызметін ұсынады.
Интернет-провайдер-кәсіпорын “Омега”қызметтер бойынша нақты төлем.
Сусындар және жеңіл желпі тамақтар біздің мини-барға келісімшарт бойынша әкелушілер 50% алдын-ала төлеммен алып келеді. Әкелінген тауарларға толық төлемдер 15 күннен кейін төленеді.
10-кесте. Қызметкерлердің еңбекақысы
11-кесте. Еңбекақы төлемдеріне шығындардың араласуы
7. Маркетингтік жоспар
Маркетингтің стратегиясы
Біздің кәсіпорынның стратегиясы бұл― қосылып отырған қызметтер жоғарғы сапалы, төменірек баға және де қызметтік ассотименттерді кеңейту. Бұдан кейін маркетингтік стратегия, баға саясаты, сату көлемі, ұйымның жақсы имиджсін құру болып табылады.
Баға қою туралы біздің кәсіпорынның 1-ші жылы орташа бағаны ұстайды, ал 2-ші жылы 10-15%-ға көтереді. Себебі біздің қызметіміз бәсекелестерге қарағанда жоғары болады және күнделікті тұтынушыларға, соның ішінде барлық жанұяға, және де демалыс, мейрам күндері клубтың карталарды қолдануды кеңейтуді болжамдап отырмыз, және біз клубтардың филиалдарын ашуды ойлап отырмыз.
Жарнамалық қызметтердің жылжуы
Жарнамалық кәсіпорындар мынадай жарнамаларды қосады:
- Интернет жүйесі арқылы жарнама
- Стикерлер
- Әртүрлі ақпараттар
4. Директ-маркетинг
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz