Афина мемлекеті



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Афина мемлекетінің пайда болуының алғышарттары. Тезей реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Солон және Клисфен реформалары кезіндегі Афина мемлекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3. Афина мемлекетінің демократиялық саяси кұрылысы ... ...16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Б.э.д. VІІІ — VІІ ғасырларда Грекияда рулық құрылым жойылып құлиеленушілік қоғам мен мемлекет қалыптаса бастаған. Грекия біртұтас мемлекет болмаған және мұнда бірдей халықтар өмір сүрмеген. Ол дербес қала – мемлекеттер, полистерден құралған. Ежелгі Грекияның кұлиеленушілік қоғамына тән негізгі мемлекеттердің қатарынан Афины мен Спартаны атауға болады.
Афина мемлекеті демократиялық құл иеленушілік мемлекет болып саналды. Оның даму тарихы Тезей, Солон және Клисфен реформаларымен байланысты. Осы реформалар кезінде Афина мемлекетінің қоғамдық, саяси, әлеуметтік құрылымы өзгеріп отырды.
Жалпы Афина мемлекетінің құрылуын үш кезеңге бөліп қарастырамыз, ол бірінші – Тезей реформасы кезіндегі Афина мемлекеті, екінші – Солон реформасы кезіндегі Афина мемлекеті, үшінші – Клисфен реформасы кезіндегі Афина мемлекеті.
Курстық жұмыста Афина мемлекетінің қоғамдық құрылысы, саяси құрылымы және оның әртүрлі реформалардан кейінгі мемлекеттік және құқықтық жүйесі қарастырылады. Грекия Балқан түбегі мен Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан. Грекияның өзі Фракия мен Македониядан оңтүстікке қарай созылып жатыр. Грекия 3-ке бөлінеді: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Грекия немесе Пелопонесс. Грекия аймақтары тау тізбектерімен бөлінеді. Афины қаласы теңізден 5 шақырым ғана қашықтықта орналасқан, теңіз қарақшыларынан сенімді жасырылып, сыртқы қауіптен қорғануы қамтамасыз етілген болатын.
1. ” Всеобщая история государства и права” под ред. К.И. Батыра М.,1995.
2. З.М. Черниловский “Всеобщая история государства и права” М.,1995.
3. Мұхтарова А.Қ. “Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы” А.,1999.
4. “История государства и права зарубежных стран” под ред. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенинникова М., 1988.
5. З.М. Черниловский. “Хрестоматия по всеобщей истории государства и права” М.,1996.
6. З.М. Черниловский. “Всеобщая история государства и права”. М.,1983.
7. “История государства и права зарубежных стран” под редакцией П.Н. Галанза. М.,1963.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 3

1. Афина мемлекетінің пайда болуының алғышарттары. Тезей
реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...4

2. Солон және Клисфен реформалары кезіндегі Афина
мемлекеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...8

3. Афина мемлекетінің демократиялық саяси кұрылысы ... ...16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 22

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
3

Кіріспе

Б.э.д. VІІІ — VІІ ғасырларда Грекияда рулық құрылым жойылып
құлиеленушілік қоғам мен мемлекет қалыптаса бастаған. Грекия біртұтас
мемлекет болмаған және мұнда бірдей халықтар өмір сүрмеген. Ол дербес қала
– мемлекеттер, полистерден құралған. Ежелгі Грекияның кұлиеленушілік
қоғамына тән негізгі мемлекеттердің қатарынан Афины мен Спартаны атауға
болады.
Афина мемлекеті демократиялық құл иеленушілік мемлекет болып саналды.
Оның даму тарихы Тезей, Солон және Клисфен реформаларымен байланысты. Осы
реформалар кезінде Афина мемлекетінің қоғамдық, саяси, әлеуметтік құрылымы
өзгеріп отырды.
Жалпы Афина мемлекетінің құрылуын үш кезеңге бөліп қарастырамыз, ол
бірінші – Тезей реформасы кезіндегі Афина мемлекеті, екінші – Солон
реформасы кезіндегі Афина мемлекеті, үшінші – Клисфен реформасы кезіндегі
Афина мемлекеті.
Курстық жұмыста Афина мемлекетінің қоғамдық құрылысы, саяси құрылымы
және оның әртүрлі реформалардан кейінгі мемлекеттік және құқықтық жүйесі
қарастырылады.

1. Афина мемлекетінің пайда болуының алғышарттары. Тезей реформалары

Грекия Балқан түбегі мен Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан.
Грекияның өзі Фракия мен Македониядан оңтүстікке қарай созылып жатыр.
Грекия 3-ке бөлінеді: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Грекия немесе
Пелопонесс. Грекия аймақтары тау тізбектерімен бөлінеді. Афины қаласы
теңізден 5 шақырым ғана қашықтықта орналасқан, теңіз қарақшыларынан сенімді
жасырылып, сыртқы қауіптен қорғануы қамтамасыз етілген болатын.
Афины мемлекетінін пайда болуы - б.э.д. VІ ғ. аяқталған ұзақ
процесс. Оның алғашқы кезеңі ретінде базилеевс Тезейдің реформаларын атауға
болады, ол синойкизм деп аталатын төрт тайпаның бірлестігін ұйымдастырған
және Афинаның еркін халқын сословиелерге бөлген: эвпатридтар — ақсүйектер,
геоморлар — жер өңдеушілер, демиургтар — колөнершілер және феттер —
кедейлер.Бүкіл Афин халқын біріктірген Тезей деген базилевс, ол барлық
белгілі рулардың басын қосты. Тезейдің саясаты "синойкизм" деген терминмен
аталды, бұл сөз "біріктіру" деген мағынаны білдіреді. Гректердің төрт
руының қосылуына объективтік себептер бар. Оңтүстіктен гректерге
дорийцтардың соғыс ашу қаупі төнген еді.
Тезейдің ІІ реформасынан бұрын Афины қалаларын басқару өз бетінше
жүргізілді, тек соғыс уақытында болмаса, барлығының бас қосуы сирек
болатын. Бүкіл Аттиканың бірлесуі ХІ-Х ғасырлар. Жаңа бірлескен өкіметтің
басында рулардың ақсүйектері тұрды.
Афинаның халқы: эвпатридтар, геоморлар және демиургтар болып үш
бөлікке бөлінді.
Эвпатридтар - ақсүйектердің балалары, олардын әкесі де, атасы да
ақсүйек әулетіне жататын. Ақсүйектерді біріктіретін олардың байлығы, бәрі
де ірі жер иелері еді.
Геоморлар - жер иеленушілер де, демиургтар - қолөнершілер.
Аттиканың бірігуі және эвпатридтардың күшеюі олардың жаңа органға
ұйымдасуына себеп болды. Оның аты - Ареопаг, Арес соғыс құдайының аты.
Ареопаг Арес тауында жиналды. Бұл кезеңде Афинаның рулық құрылысы өзгеріп,
ол енді 4 филаға бөлінді, әрбір фила 3 фратрияға бөлінді, фратрия 30 рудан,
бір ру 30 еркек адамнан тұратын болды. Афина құдайы бүкіл Аттиканың құдайы
дсп саналды.
VII ғасырда Афины өкіметі 12 навкарияға болінді, әрбір навкария со-ғыс
уақытында бір кеме жабдықтайтын. Бұл да мемлекет болудың белгісі еді.
Афинада ең жоғарғы орган болып халық жиналысы саналды. Бірақ оның атқаратын
рөлі төмендей бастады да, бірінші орынға Ареопаг шықты. Ареопагты рулардың
ақсүйектері қолдады. Археопагтың қолында сот билігі, әкімшілік билігі, дін
әкімшілігі болды. Сотты былай өткізетін: айыптаушы кешірмеу тасына тұрып
айыптайтын сөзін айтса, айыпкер өкпе тасына тұрып сөзін айтады. Екі жақ та
шындығын айтып тұрғаны туралы құдайға ант береді. Ареопагтың мүшелері
өздерінің дауыстарын екі урнаға: қайырым ету урнасына және ажал урнасына
бөліп салатын.
Бұрын бүкіл халыққа тиісті күш енді тек қана евпатридтердің қолына
көшті де, солардың нарықтық жағдайын қорғады. VIII ғасырда бүкіл Афин
аумағы 48 навкарияларға бөлінді, әрбір навкария үкіметке бір кеме беретін
болды және архонттар мен навкариялар кеңесі деп аталатын жаңадан екі алқа
құрылды.
Бұл сала аумақтык бөліске жататын дербес мемлекеттік белгіге айналған
еді. Ареопагтан басқа архонттың жаңа кызметі де мемлекет құрамына
енгізілді, олар атқарушы үкімет болды. Бұл кызметке алынған адамдар 10
жылға сайланатын еді. Уақыт өте келе олар бір жылға сайланатын болды.
Архонттардың саны тоғызға жетті: архонт-эпоним, архонт-базилевс,
архонт-полемарх, калған алты архонт-фесфометтер кызметін істейтін, осы
архонттардың бәрі ареопагқа кірді. Б.д.д. 621 жылы Афинде архонт-фесфомет
Драконт жазған құқық нормалары халыққа жарияланды. Олар тарихқа "Драконт
заңдары" деген атпен енді де, кейін ол жалпы шектен тыс қатал заңдардың
теңеуі болып кетті.
Драконт заңдарының шектен тыс қаталдығы алдымен ұрлық үшін берілетін
жазаға қатысты байқалды. Қандай да болмасын ұрлық жасаған адам өлім
жазасына тартылатын. Ұрлық үшін жазалаудың қаталдығы тек Драконт заңдарына
ғана тән емес, ол жалпы ежелгі замандағы таптық қоғамның заңдарына тән
нәрсе. Ол қауымдық меншіктің орнына келген жеке меншіктін, қалыптасу және
нығаю процесін көрсетеді. Драконт заңдары қанға қан алатын кекшілдікке шек
койды. Өлген кісіні жерлеген уақытта моласына найзаны жерге қадаса, өлген
кісінің балалары оған жаудан кек алатынын көрсеткені.
Бірақ Драконт заңы кісі өлтірушіні азаптауға тыйым салды. Бұл заң
қастықпен әдейі өлтіру және абайсыз өлтірудің айырмашылығын айтқындауды
қажет деп санайды. Дегенмен Драконттың ауызша қарапайым құқықты кағазға
түсіріп жазуы, қанға қан алатын кекшілдікке шек қойып, жеке меншікті
қорғауы, сот ісінің барысын анықтап, айқындауы өз кезеңі үшін прогрессивтік
болды.
Заңның қағазға түсіріліп, қабылдануы демос пен евпатридтер арасындаты
қайшылықтарды тоқтата алған жоқ. Өйткені ол демостың нарықтық жағдайның
қандай да болмасын дәрежеде айтарлықтай өзгерте алмады. Оның бұрынғысынша
құқықсыз қалған жағдайы тіпті ескерілген де жоқ. Ал демостың күші барған
сайын арта түсті. Тұрғылықты демос басқа полистерден келген гректермен
толықтырылып отыратын.

2. Солон және Клисфен реформалары кезіндегі Афинаның мемлекеттік құрылысы

Афина мемлекетінің қалыптасу тархына Солон реформалары да ереше
үлес қосты. Б. д. дейінгі 630 жылы эвпатридтерге қарсы Килон қуғын-сүргіні
болып өтті. Бірақ ол жеңіске жете алған жок. Б. д. дейінгі 594 жылы архонт
болып Солон сайланды. Оның алдында екі мақсат тұрды: Афина полисін басқару
және Саламин аралын жаулап алып, Мегара қаласын Афинаға бағындыру. Саламин
аралы Афинаның Пирей шығанағына кіретін жолын бақылауға қолайлы
орналасқан, сондықтан оны өзіне қаратудың Афина үшін маңызы ерекше болды.
Солон Кодрид даңқы елге жайылған Афина базилевсі. Бірақ мүліктік жағдайы
бойынша Солон іс жүзінде демостың орта жігіне жататын, өйткені ол саудамен
айналысатын (сол саудадан байыған) Солон жіберген афин отряды бұл
тапсырманы орындады. Ол саяси тақырыпқа өлеңдер шығаратын елге белгілі
ақын әрі философ еді. Солон өзінің реформалары үшін шығарған заңдарын
өлеңмен жазған. Бұндай талант Солонның атағын, халық алдындағы беделін
жоғары көтерді. Солонның істеген елеулі жұмыстарының бірі - заң кабылдау.
Солонның реформаларын нарықтық және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы
ретінде Солон селолық негізінен ауқатты қалалық демостың және оларға
қосылған евпатридтердің мүддесін жақсы сезініп, нарықтық мәселелерді айқын
түсінетін.
Бірінші шешілуге тиісті мәселе - салық және жер болды. Евпатридтер
өзінің көршісіне қарыз берген кезінде оның жер үлесіне қарыздың бағасы
көрсетілтен тас бағана қоятын. Жер үлесінің иесі алған егіннің алты-дан
бірін евпатридке тапсыруға тиісті болды. Ал егер оған шамасы келмесе, оның
жері қарыз берген қожаның қолына өтуі шарт. Одан кейін қарызды өтей
алмайтын адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салып, ұзақ мерзімге
қарыздарын өтей алмаған үшін құлдыққа түскен.
Мұндай жағдайда ол шетелдерге сатылып кетуі де мүмкін еді. Солон бұл
проблеманы шешу үшін "сисахфия" деген реформа өткізді. "Сисахфия" ол "ауыр
жүкті сілкіп тастау" дегенді білдіреді. Ол бойынша жер учаскесінде
орнатылатын бағаналар жойылды. Сөйтіп, шаруалардың қарыздары жойылды,
қарыз үшін құлдыкқа түсу дегенді де өмірбақи жойды. Солон шетелге қарыз
үшін сатылған құлдарды іздестіріп, оларды қайтадан сатып алып, отанына
қайтарып отырған.
Оның "сисахфия" реформасына бірде бір тап риза болған жоқ.
Евпатридтар оған кедейлер қарызын төлемеді деп ренжіді, ал кедейлер жерді
қайтадан халық арасында бөлмеді деп наразылық білдірді.
Солон Аттикадан астықты сыртқа шығаруға тыйым салды да, басқа азық-
түлік өнімдерін (жүзім, бау-бақша шаруашылығын) сатуға рұқсат етті.
Қолөнер мен сауданы өркендету мақсатында Солон мынадай заң шығарды:
егер кезінде әкесі баласына мамандық беріп, қолөнерге үйретпесе, баласы
әкесі қартайғанда жәрдем көрсетуден бас тарта алады.
Солон бүкіл елге ортақ өлшем енгізіп, ақша реформасын жүргізді. Бұл
реформа бойынша жаңа жеңіл плебей таланты қарым - қатынасқа енгізілді.
Солон Аттиканың нарыктық өмірін жандандырып, нысапсыздыққа қарсы
күресті. Ол сый-сияпатпен жерлеуді, қымбат мазарларды салуды және тасаттық
беруді тыйды. Солон қарыз берушіге 9 проценттен артық өсім белгілеуге тыйым
салды. Солон өткізген нарықтық реформалардан кейін кұлдарды тек кана
шетелден әкелетін болды. Аттиканың азаматтарын құл ету мүлде тоқтатылды.
Солонның нарықтық реформасы саяси реформалармен толықтырылып отырды.
Ол генократияны ("генос"-ру) - рулық аристократтардың билігін жойып, оны
тимократиямен ("тиме"- баға, құн), яғни, дүние, мүлік цензісіне негізделген
билікпен алмастырды. Ол осы арқылы ақсүйектерді рулық құрылыстың ескі әдет-
ғұрыптарымен байланысы ерекше жеңілдіктерден айырды. Ареопагпен қатар Солон
400 кеңесі деп аталатын жаңа орган шығарды. Бүкіл Аттиканың азаматтары
елдегі дүние-мүлік цензісіне қарай топтарға бөлінді. Оның негізіне егін
шаруашылығынан алынатын натуралдық табыс алынды. Бірінші топқа өзінің
жерінен астық түрінде немесе сұйық өнім түрінде 500 медимнен кем табыс
алмайтын азаматтар жатқызылды. Бұл тап бес жүздік деп аталды.
Екінші топқа өзінің жерінен 300 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар
кірді. Оларды салт аттылар деп атады, өйткені олар өзінін өскери атымен
атты әскер қатарына өтуі керек болды.
Үшінші топқа өзінің жерінен 200 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар
кірді. Оларды зевгиттер деп атады, яғни, олар өз өгіздерін жегетіндер, олар
жаяу әскер жасағында қызмет етуге және жеке өзінің ауыр қару-жарағын
иеленуге міндетті еді.
Төртінші топқа табысы 200 медимнен аз азаматтар жатқызылды. Олар
феттер деп аталды. Әскери қызметте олар қосымша жұмыстар атқарды.
Ең бай топты Афины азаматтары-әскери кемелерді жасақтап, оларды
қалыпты жағдайда ұстап тұруға тиісті болды. Солон Ареопагты әлсіретті, ол
оның құзыретінен халық жиналысында қаралатын істерді дайындау міндетін
тартып алып, төртжүздік кеңесінің қарамағына берді.
Бұл істерді әзірлеу үшін Солон Бүле (400 кеңесі) деп аталатын жаңа
мемлекеттік орган құрды. Ол ертеден келе жатқан рулық төрт филаларының
жиналысында 1, 2, 3, топтардың азаматтарынан сайланатын болды.
Халық жиналысы Солон реформаларының нәтижесінде Аттиканың өмірінде
бұрынғыдан әддеқайда белсенді рөл атқара бастады. Онда ағымдағы саяси
мәселелер талқыланып, архонттар және басқа да жоғарғы қызмет адамдары
сайланатын. Кейін олардың бәрі өз жұмысы жөнінде жиналыс алдында есеп
беретін болды. Халық жиналысына азаматтардың бәрі де қатынасты.
Гелиэя - жоғарғы сот. Демек ант берген қорғаушылардың 6000 адамынан
жаңа жоғарғы сот құрылды. Бұған барлық төрт топтың азаматтары қатыса алатын
болды. Гелиэя он комиссиядан құрылды, оның әрқайсысында 501 адамнан болды,
қалғаны запастағылар есебінде болды.
Солонның саяси реформасынан кейін, жоғарыда ескертілгендей, азаматты
оның шыққан тегіне қарай бағалау өлшемі, енді дүние-мүлкіне қарай
бағалаумен ауыстырылды. Архонттарды бірінші дүние-мүлікті топтан ғана
сайлауға болатын еді, ал 1-3 топтың азаматтары төртжүздік кеңестің мүшесі
бола алатын. Барлық төрт топтардың азаматтары халық жиналысына және
гелиэяға қатыса алатын болды.
Солонның реформалары ру аксүйектері-евпатридтердің билігін тежеп, ру-
тайпалық ескі әдет-ғұрыптарды жоюға бағытталған еді. Евпатридтер енді
оларды қанай алмайтын болды. Бұл реформалар шетелдерден құлдарды сатып
әкелу негізіне сүйенген құлиеленуші шаруашылығының дамуына әкеліп
соқтырды.
Тұтас алғанда Солонның реформалары белгілі дәрежеде компромистік
реформалар еді. Ол ареопагқа оның заң шығару және бақылау функцияларын
қалдырды. Аттиканың ескі ру-тайпаға бөлінуіне, төрт рулық тайпаға, филаға
бөлінуіне тиген жоқ. Ал оның бер жағында Аттикада аумақтық ру-тайпаға
бөліну принципі Солонның реформасына дейін-ақ бұзылған болатын. Барлық
халықтан соғыс кемелерін жасауға қаржы жинау үшін Аттика 48 навкария деген
округтерге бөлінді. Солон реформаларының Аттиканың онан әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Афина мемлекетінің пайда болуының алғышарттары. Реформалары
Спарта мемлекетінің құрылысы
Солон реформалары
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дірістер
Ежелгі Грекия және Театр өнері
Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы
Солон, Клисфен, Ликург және Сервий Туллий реформалары
Грециядағы Афина қаласында өткен 2004 жылғы Олимпиада ойындары
Гректің классикалық дәуірінің мәдениеті
Антика мәдениеті жайлы
Пәндер