Горошко Ярослав Павлович



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Капитан Горошко Ярослав Павлович.
2. Өмірбаяны мен әскери лауазымы.
3 Соғыстағы ерлігі. Ауғанстаннан кейінгі қызметі.
III. Қорытынды
Тарихта ұлы адамдар аса маңызды оқиғалар мен өте күрделі бетбұрыс кезеңдерде айқын көрінетіні белгілі. Өйткені олар белгілі бір тарихи дамулардағы ірі өзгерістерге белсене қатынаса отырып, оқиғалардың даму барысының жетегінде кетпейді, керісінше өзгерістердің тез немесе баяу болуына, оқиғалардың объективті даму, өрбу бағытына өзіндік жеке рөлін қосады. Олардың қоғам дамуына қосқан үлесі неғұрлым ауқымды, неғұрлым терең болса, соғұрлым олардың есімі халықтың тарихи санасында өшпестей болып сіңіп, уақыт өте ұрпақтар алдында биікке көтеріле береді. Осындай оқиғалар барысында адамзат тарихында өшпестей үлкен із қалдырып кеткен соғыстар туралы сөз қозғамасақ қате болар еді. Солардың бірі Ауған соғысы. Осы соғыста талай бүкіл кеңес одағы, қазақстандықтар бар күш-жігерін аямай соғысты.
Сол Ауғанда талай досты жерледік,
Қарлы шыңға күн түн демей өрледік.
Сұрапылда ерледік те шерледік,
Намыс туын қолдан бірақ бермедік. -, деп жауға қарсы тұрды.
Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 ж. қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демократиялық партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. “Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 ж. мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 ж. 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 ж. қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар және Әлемдік экономика кафедрасы

СӨЖ
Тақырып: Горошко Ярослав Павлович

Орындаған: ӘЭ 51қ І курс студенті
Қабылдаған: т.ғ.д., профессор Сайлан Б. С.
Алматы, 2015ж.
Жоспары:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Капитан Горошко Ярослав Павлович.
2. Өмірбаяны мен әскери лауазымы.
3 Соғыстағы ерлігі. Ауғанстаннан кейінгі қызметі.
III. Қорытынды

Тарихта ұлы адамдар аса маңызды оқиғалар мен өте күрделі бетбұрыс кезеңдерде айқын көрінетіні белгілі. Өйткені олар белгілі бір тарихи дамулардағы ірі өзгерістерге белсене қатынаса отырып, оқиғалардың даму барысының жетегінде кетпейді, керісінше өзгерістердің тез немесе баяу болуына, оқиғалардың объективті даму, өрбу бағытына өзіндік жеке рөлін қосады. Олардың қоғам дамуына қосқан үлесі неғұрлым ауқымды, неғұрлым терең болса, соғұрлым олардың есімі халықтың тарихи санасында өшпестей болып сіңіп, уақыт өте ұрпақтар алдында биікке көтеріле береді. Осындай оқиғалар барысында адамзат тарихында өшпестей үлкен із қалдырып кеткен соғыстар туралы сөз қозғамасақ қате болар еді. Солардың бірі Ауған соғысы. Осы соғыста талай бүкіл кеңес одағы, қазақстандықтар бар күш-жігерін аямай соғысты.
Сол Ауғанда талай досты жерледік,
Қарлы шыңға күн түн демей өрледік.
Сұрапылда ерледік те шерледік,
Намыс туын қолдан бірақ бермедік. -, деп жауға қарсы тұрды.
Ауған соғысы (27.12.1979 -- 15.02.1989) -- КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "халықтық-демократяиылық үкіметті" қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, "интернационалдық әскери жәрдем береміз" деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл "қырғи қабақ соғыс" кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 ж. қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демократиялық партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. "Хальк" тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал "Парчам" тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 ж. мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 ж. 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 ж. қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, "парчамшылдарды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, М.А. Суслов, Д.Ф. Устинов, А.А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 ж. 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Осы соғыста өз ізін қалдырған Кеңес Одағының батыры Я. П. Горошко.

Ярослав Павлович Горошко
10.04.1957 - 08.06.1994
Кеңес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясының тарихы
Гендер саласындағы шетелдік зерттеулер
Қалпына келетін жүйенің сенімділігін есептеу
Бөлек қосалқыланған жүйенің сенімділігін есептеу
Қосалқыланбаған жүйенің сенімділігін есептеу
Чехов әңгімелеріне талдау
VII-IX ғғ. Ресей тарихы
Шығыс Славяндардың ертедегі тарихы
Мақал-мәтелдердің лингвомәдени аспектіде зерттелуі
11-12 ғасырлардағы Русь
Пәндер