«ҚазТрансОйл» АҚ



1. КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
2. «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ АКТИВТЕРІ
3. ҚҰРЫЛЫМ
4. ФИЛИАЛДАР
5. ТАРИФТІК САЯСАТ
Мұнай тасымалдау, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты мен импорты мәселелерінде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі №461 қаулысымен мемлекет жарғылық қорына 100 пайыз қатысатын «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ) құрылды.
2001 жылы «ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы №591 қаулысына сәйкес құрылған «Мұнай және Газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жарғылық қорына берілді.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2001 жылғы 22 маусымдағы №159 бұйрығына сай «ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ «ҚазТрансОйл» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазТрансОйл» ЖАҚ болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы №811 Жарлығымен «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» мен «Мұнай және Газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамдарының бірігу жолымен қайта құрылуы негізінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды, ол «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-тың бірден-бір акционері.
2004 жылғы 31 мамырда «ҚазТрансОйл» ЖАҚ «ҚазТрансОйл» АҚ болып қайта аталды.
Компанияға Қазақстанның қазіргі бар барлық магистральды мұнай құбырлары мен суағызғылары берілді. «ҚазТрансОйл» АҚ құрылған кезде Қазақстан аумағынан 6 мың шақырымға жуық магистральды мұнай құбырлары өтетін.
Республикада қалыптасқан құбыр жүйесі Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне толық көлемде жауап бере алмағандықтан жаңадан құрылған кәсіпорынның жұмысы отандық мұнай құбыры көлігін жақсарту, нығайту және дамыту жөніндегі жедел шараларды талап етті.
Компанияның топ-менеджерлері өте қысқа мерзім ішінде компанияны басқарудың бірыңғай жүйесін әзірледі және құрды, іс-әрекеттің тиімділігін арттыру, шетелдік компаниялар тәжірибесінен таңдаулысын алу және енгізу, сондай-ақ құбыр көлігі мамандарын дайындауға арналған отандық негіз жасау мақсатында қызметшілерді оқытудың кеңейтілген бағдарламасы жүргізілді.
Сонымен қатар қазіргі бар құбыр жүйесін жақсарту және жаңғырту жөнінде кешенді шаралар жүргізілді, соның нәтижесінде мұнай құбырларының қызмет ету қабілеті сақталды, көрсетілетін қызметтердің тиімділігі, олардың қауіпсіздігі мен сенімділігі артты.
Жаңа мұнай тасымалдау объектілерінің құрылысы, тасымалдау схемаларын ұйымдастыру жөніндегі күрделі жұмыстарды жүргізу басталды. Қысқа мерзім ішінде тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қазіргі бар мұнай құбыры жүйесі шеңберінде тұтынушыларға кең қызмет аясын көрсету, экспорттық бағыттардың әзірленуін ескере отырып, мұнай көлігі бағытын әртараптандыру қамтамасыз етілді.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:
ҚазТрансОйл АҚ

Тексерген: Оңдаш А..
Орындаған: 4 курс, УиА06к2
топ студенті Кереева Б.Б.

Алматы 2009 жыл
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Мұнай тасымалдау, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты мен импорты
мәселелерінде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау мақсатында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі №461 қаулысымен
мемлекет жарғылық қорына 100 пайыз қатысатын ҚазТрансОйл мұнай тасымалдау
жөніндегі ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі –
ҚазТрансОйл МТҰК ЖАҚ) құрылды.
2001 жылы ҚазТрансОйл МТҰК ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакеті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы №591 қаулысына
сәйкес құрылған Мұнай және Газ көлігі ұлттық компаниясы жабық
акционерлік қоғамының жарғылық қорына берілді.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің 2001 жылғы 22 маусымдағы №159 бұйрығына сай ҚазТрансОйл
МТҰК ЖАҚ ҚазТрансОйл жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚазТрансОйл
ЖАҚ болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы №811
Жарлығымен Қазақойл ұлттық мұнай-газ компаниясы мен Мұнай және Газ
көлігі ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамдарының бірігу жолымен
қайта құрылуы негізінде ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы жабық акционерлік
қоғамы құрылды, ол ҚазТрансОйл ЖАҚ-тың бірден-бір акционері.
2004 жылғы 31 мамырда ҚазТрансОйл ЖАҚ ҚазТрансОйл АҚ болып қайта
аталды.
Компанияға Қазақстанның қазіргі бар барлық магистральды мұнай
құбырлары мен суағызғылары берілді. ҚазТрансОйл АҚ құрылған кезде
Қазақстан аумағынан 6 мың шақырымға жуық магистральды мұнай құбырлары
өтетін.
Республикада қалыптасқан құбыр жүйесі Қазақстан Республикасының
экономикалық мүдделеріне толық көлемде жауап бере алмағандықтан жаңадан
құрылған кәсіпорынның жұмысы отандық мұнай құбыры көлігін жақсарту, нығайту
және дамыту жөніндегі жедел шараларды талап етті.
Компанияның топ-менеджерлері өте қысқа мерзім ішінде компанияны
басқарудың бірыңғай жүйесін әзірледі және құрды, іс-әрекеттің тиімділігін
арттыру, шетелдік компаниялар тәжірибесінен таңдаулысын алу және енгізу,
сондай-ақ құбыр көлігі мамандарын дайындауға арналған отандық негіз жасау
мақсатында қызметшілерді оқытудың кеңейтілген бағдарламасы жүргізілді.
Сонымен қатар қазіргі бар құбыр жүйесін жақсарту және жаңғырту жөнінде
кешенді шаралар жүргізілді, соның нәтижесінде мұнай құбырларының қызмет ету
қабілеті сақталды, көрсетілетін қызметтердің тиімділігі, олардың
қауіпсіздігі мен сенімділігі артты.
Жаңа мұнай тасымалдау объектілерінің құрылысы, тасымалдау схемаларын
ұйымдастыру жөніндегі күрделі жұмыстарды жүргізу басталды. Қысқа мерзім
ішінде тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қазіргі бар мұнай
құбыры жүйесі шеңберінде тұтынушыларға кең қызмет аясын көрсету, экспорттық
бағыттардың әзірленуін ескере отырып, мұнай көлігі бағытын әртараптандыру
қамтамасыз етілді.
Компанияның ағымдағы қызметін қаржыландырудың жеткілікті көлемін
қамтамасыз ету үшін, пайдаланылатын капиталды жалпы арзандату және
акционерлік капиталға тұрақты және орынды қайтарылуын қамтамасыз ету үшін
Компанияның қаржылық құрылымын тұрақтандыру және оңтайландыру жөніндегі іс-
шаралар ойдағыдай аяқталды.
АСПиР баға саясаты комитеті 1998 жылғы 5 маусымда ҚазТрансОйл ЖАҚ
жүйесімен мұнай тасымалдауға арналған тарифтерді есептеу әдістемесін
бекітті, ол мұнай тасымалдауға арналған бағаларды белгілеудің
транспаренттік механизмін айқындаудың алғашқы қадамы болды. Жаңа әдістеме
жалпыға бірдей қағидатта және баға қалыптастырудың икемді ұстанымын
қамтамасыз ете отырып, тұтынушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын егжей-
тегжей ескере отырып, қазіргі бар құбыр жүйесін мейлінше пайдалануға жағдай
тудыра отырып жасалды.
Қазақстандық құбырлар жүйесін қалпына келтіру және жаңғырту жөнінде
жүргізілген жұмыстардың басты нәтижесі деп оның жұмыс қабілеті мен
сенімділігін сақтауды, көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыруды
айтуға болады.
1998 жылдың өзінде ҚТО-да 24 104 мың тонна мұнай тасымалданды. Мұнай
тасымалдау көлемінің артуы жүйе бойынша жүк айналымының 15 337 млн. тонна-
шақырымға артуына қол жеткізуге мүмкіндік берді. 1998 жылдан бастап қазіргі
бар магистральды құбырлар жүйесімен мұнай тасымалдау тұрақты түрде артуда.
1998 жылы ҚазТрансОйл ЖАҚ бюджетке 2 998 млн. теңге төледі. ҚТО-ның
даму серпіні жұмыстың жаңа бағыттарын игеру қажеттігін және осы заманғы
өркен жайған инфрақұрылымы әрі қуатты қаржылық қамтамасыз етілген Холдинг
құру қажеттілігін көрсетті. Осы экономикалық құрылым көмірсутек шикізатын
тасымалдау, оның экспорты мен импорты мәселелерінде Қазақстан
Республикасының экономикалық мүдделерін нығайтуға бағытталған жаңа
стратегиялық міндеттер мен басымдылықтарды шешуге тиіс.
Қазіргі бар жүйелерді жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске
жарату мен көлемді бағдарламаларды жүзеге асыру жобалық қаржыландыру
түрінде, сондай-ақ еурооблигациялар шығару арқылы ұзақ мерзімді
инвестициялардың елеулі көлемін тартуды талап етеді.
2001 жылы ҚазТрансОйл АҚ жалпы сомасы 150 миллион АҚШ долларына 2006
жылы өтеу мерзімімен еурооблигацияларды шығару және орналастыру жолымен
әлемдік нарыққа шықты. Осы шығарылым Компанияның бағалы қағаздар
шығарылымының басы және халықаралық капитал нарығында қазақстандық
компаниялардың арасында топтық облигациялар шығарылымының алғашқысы болды.
Бір жыл бұрын 30 миллион АҚШ доллары сомасына 3 жыл мерзіммен ішкі
облигациялар шығарылды (банк кредитіне қарағанда неғұрлым арзан
қаржыландыпруды тарту мақсатында). Қаражат жалпы топтық мақсатқа жұмсалды.
Компанияның 1998 – 2001 жылдарға арналған индикативті даму жоспарына
сәйкес қойылған барлық басым міндетті Компания іс жүзінде мерзімінен бұрын
озық орындауға қол жеткізді, бұл 2000 жылдың өзінде Үкіметтің қаулысымен
бекітілген жаңа 2000 – 2005 жылдарға арналған индикативті жоспар әзірлеуге
мүмкіндік берді.
Ағымдағы және келешек қызметті қаржыландырудың жеткілікті көлемі үшін
қаржылық құрылымды тұрақтандыру және оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар
ойдағыдай аяқталды.
Осындай нәтижелер негізінен ең алдымен Компания менеджменті деңгейінде
күшті қайта бөлу, барлық ұжымның үйлесімді жұмысы, Компанияны басқару
әдісіндегі оң өзгерістер, жаңаша ойлайтын, жан-жақты тәжірибесі және білімі
бар мамандарды тарту арқылы мүмкін болды. Сыртқы жағдайдың да оң
өзгерістерінің маңызы зор.
Акционерлік қоғамдар туралы 2004 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес ҚазТрансОйл компаниясының ұйымдық-құқықтық
нысанын акционерлік қоғам етіп қайта тіркеу жүзеге асырылды.

Біздің қағидат – барлық жүк жөнелтуші үшін
магистральды құбыр жүйесіне тең қолжетімділік

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда жұмыс істеп тұрған магистральды
мұнай құбырларының бәсекеге қабілеттілігін және сенімділігін арттыруға
бағытталған үлкен жұмыс жүргізілді және мұнайды тасымалдау мен ауыстырып
тиеуге арналған жаңа қуаттар салынды, сондай-ақ жол үсті мемлекеттер аумағы
арқылы мұнай тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарттық негіз
жасалды.
Аталған кезең ішінде жаңадан Кеңқияқ – Атырау, Әлібекмола – Кеңқияқ,
Солтүстік Бозащы – Қаражанбас, Атасу – Алашаңқай мұнай құбырлары іске
қосылды, Атырау – Самара мұнай құбырының, Ақтау кемежайының, бірқатар темір
жол қотару және құю терминалының қуаты кеңейтілді.
АК Транснефть ААҚ, Укртранснафта ААҚ, Гомельтранснефть РУП,
Новополоцк Дружба мұнай тасымалдау кәсіпорны сияқты мұнай құбыры жүйелері
операторларымен келісімдерге қол қойылды.
2001 жылы Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) Теңіз – Новороссийск мұнай
құбыры пайдалануға берілуі Қазақстанның мұнай өнеркәсібі тарихындағы елеулі
оқиға болды.
КҚК өткізу қуаттарына құқығы бар бірқатар мұнай компаниясы бұл арнаға
тікелей шыға алмайтындығы себепті ҚазТрансОйл АҚ өзінің Атырау мұнай
айдау стансасында Өзен – Атырау, Кеңқияқ – Атырау, Мартыши – Атырау мұнай
құбырлары арқылы және темір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚазТрансОйл АҚ тарифтік, әлеуметтік саясаты мен даму стратегиясын талдау
ҚазТрансОйл АҚ-ның өндірістік-шаруашылық қызметі
ҚАЗТРАНСОЙЛ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
«ҚазТрансОйл» АҚ-на жалпы сипаттама
ҚазТрансОйл-дың жылдық есебі
Қазақстан мұнайын тасымалдау келешегі
Жеке қаржылық операция тәуекелі
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Компанияның инвестициялық портфелін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында ұлттық компаниялардың дамуын басқару
Пәндер