Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Мемлекет шығыстарының жалпы түсінігі
1.1 Мемлекет шығыстарының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Мемлекет шығыстарын ұйымдастырылуы және сыныпталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

II. Мемлекет шығыстарының құрамы
2.1 Мемлекет шығыстарының құрамы, түрлері ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Бюджет шығыстарын қалыптастыру негіздері ... ... ... ... ... .19


III. Бюджет шығыстарын қайта құрылымдаудың негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Бұл курстық жұмыстың мақсаты мемлекет шығыстарының мән-мағынасын, түрлерін және де бюджет шығыстарының құрылымын ажыратып білуге яғни оның мәнін, құрлымын біршама түсіндіруге бағытталады.
Сонымен, курстық жұмыста мемлекет шығыстарының теориялық жағын қарастырып қоймай, практикалық жақтарын қамтиды. Мемлекеттік шығысқа байланысты сауалдардың бәрі, олардың маңыздылығы мен қаншалықты атқарылғандығына байланысты қаралады, себебі әрбір бөлініс үдеріс кезеңінде бұлардың экономикалық қарым-қатынастардағы орны өзгеріп отырған. Нарық жағдайында ақша, несие және қаржы шаруашылығында көптеген құрлымдық өзгерістер болып жатыр. Осының бәрі өндіріс құрал-жабдықтарына әртүрлі меншіктің пайда болуы негізінде іске асырылып жатыр. Осының нәтижесінде мемлекеттік шығындардың өзара салмағы басқаша қалыптасты, әлеуметтік сфералардың жұмыс әрекеттері де өзгерді. Бұрын шаруашылық жүйесінде әр мемлекет әлсіз әлеуметтік сфераларды мүмкіндігінше қаржыландыруды қарастырған, ал қазір сол жүйелердің тиімсіз тармақтарына қаржыны азайтып, тиімді жақтарын қаржыландыру үстінде.
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттердің қаржылық жүйесінің қалып күйімен анықталады . Валюталық бағам, төлем балансы , инфлияция және жұмыссыздық деңгейі , ЖІӨ өсімі секілді макроэкономикалық көрсеткіштердің оптималды деңгейіне жету, дегенмен, мемлекеттік дамуда бюджеттік , несиелік, қаржылық қатынастардың мәні мен рөліне байланыстылығы анық.
Қазір Қазақстан Республикасы дамыған 50-елдің қатарынан орын алу үшін әр түрлі жүйелерді орындауға тырысуда. Мемлекет шығыстарын ұйымдастырып, орындалуында да біршама нәтижелерге жетті. Соның өзінде әртүрлі қаржыландыру үстіндегі сфералар ішінде жемқорлық жалғасуда. Бұл үшін күреске мемлекет әр түрлі іс-шаралар жүргізуде. Мемлекет өз экономикасын көтеру үшін әр түрлі ресурс (табиғи, ақшалай т.б.) көздерін тиімді пайдалану жақтарын дамытып және олардың бөліну,атқарылу процесінде қатты қадағалаушылық орнатуы қажет.
Осыған орай бұл курстық жұмыста мемлекет шығындарының өзгеруі, қысқартылуы туралы, ҚР Мемлекеттік бюджеттің атқарылу қызметтері мен оларды дамыту жолдары жазылған.
Курстық жұмыс 3-негізгі бөлімнен және бірнеше бөлімшелерден тұрады.
Бірінші бөлімінде мемлекеттік шығыстың мәні, қалыптасуы және де жалпы сыныпталуы туралы қарастырылған.
Екінші бөлімінде мемлекет шығыстарының құрамы, түрлері және бюджеттік шығыстардың қалыптасу негіздері алынады.
Үшінші бөлімінде экономикалық жіктеу ерекшеліктері бойынша мемлекеттік шығындар есебін қалыптастыру тәртібі жазылған.
1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист 2004
2. Қазақстан: қазіргі заманғы аймағы және ғаламдық экономикалық талаптар. Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ –дың Экономика және бизнес факультетінің жас ғалымдардың 6-шы ғылыми теоретикалық конференцияның материалдары: Банктік сектордың даму болашағы.
3. Сейітқасымова Ғ.С. «Ақша, Несие Банктер» Оқулық ; «Экономика» Алматы 2004.
4. «Егемен Қазақстан» Жалпыұлттық Республикалық газет, Сәуір 2005ж
5. Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. «ЖЕДЕЛ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАР» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары \/-бөлім; Алматы 2005 ж.
6. Өтебаев Б.С. /Мемлекеттік бюджет /Оқулық /Алматы «Экономика» 2006ж.
7. М.Н. Нәдіров, Д.Б. Қалыбекова /Шет мемлекеттер қаржысы/ Алматы «Экономика» 2006ж.
8. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев / Қаржы/оқулық – Алматы 2005ж.
9. Ілиясов Қ.Қ., Сатқалиева В.А., ж/е тб. «Государственный Бюджет: оқулық.-Алматы:РИК, 1994ж.
10. Мельников В.Д., Ілиясов Қ.Қ., Қаржы. – Алматы : Қаржы-қаражат, 2001.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. Рысқұлов атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қаржы кафедрасы

КУРС ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы : Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны

Қаржы пәнінен

Орындаған:Абылханов Дастан
Қаржы мамандығы
2-курс студенті
202а-группа

Тексерген: кафедра
оқытушысы: Жаппасовва

Алматы 2007 ж
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .3

I. Мемлекет шығыстарының жалпы түсінігі
1.1 Мемлекет шығыстарының
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Мемлекет шығыстарын ұйымдастырылуы және
сыныпталуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 6

II. Мемлекет шығыстарының құрамы
2.1 Мемлекет шығыстарының құрамы, түрлері ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Бюджет шығыстарын қалыптастыру негіздері ... ... ... ... ... .19

III. Бюджет шығыстарын қайта құрылымдаудың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .31

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2

Кіріспе

Бұл курстық жұмыстың мақсаты мемлекет шығыстарының мән-мағынасын,
түрлерін және де бюджет шығыстарының құрылымын ажыратып білуге яғни оның
мәнін, құрлымын біршама түсіндіруге бағытталады.
Сонымен, курстық жұмыста мемлекет шығыстарының теориялық жағын қарастырып
қоймай, практикалық жақтарын қамтиды. Мемлекеттік шығысқа байланысты
сауалдардың бәрі, олардың маңыздылығы мен қаншалықты атқарылғандығына
байланысты қаралады, себебі әрбір бөлініс үдеріс кезеңінде бұлардың
экономикалық қарым-қатынастардағы орны өзгеріп отырған. Нарық жағдайында
ақша, несие және қаржы шаруашылығында көптеген құрлымдық өзгерістер болып
жатыр. Осының бәрі өндіріс құрал-жабдықтарына әртүрлі меншіктің пайда болуы
негізінде іске асырылып жатыр. Осының нәтижесінде мемлекеттік шығындардың
өзара салмағы басқаша қалыптасты, әлеуметтік сфералардың жұмыс әрекеттері
де өзгерді. Бұрын шаруашылық жүйесінде әр мемлекет әлсіз әлеуметтік
сфераларды мүмкіндігінше қаржыландыруды қарастырған, ал қазір сол
жүйелердің тиімсіз тармақтарына қаржыны азайтып, тиімді жақтарын
қаржыландыру үстінде.
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттердің қаржылық жүйесінің қалып
күйімен анықталады . Валюталық бағам, төлем балансы , инфлияция және
жұмыссыздық деңгейі , ЖІӨ өсімі секілді макроэкономикалық көрсеткіштердің
оптималды деңгейіне жету, дегенмен, мемлекеттік дамуда бюджеттік ,
несиелік, қаржылық қатынастардың мәні мен рөліне байланыстылығы анық.
Қазір Қазақстан Республикасы дамыған 50-елдің қатарынан орын алу үшін әр
түрлі жүйелерді орындауға тырысуда. Мемлекет шығыстарын ұйымдастырып,
орындалуында да біршама нәтижелерге жетті. Соның өзінде әртүрлі
қаржыландыру үстіндегі сфералар ішінде жемқорлық жалғасуда. Бұл үшін
күреске мемлекет әр түрлі іс-шаралар жүргізуде. Мемлекет өз экономикасын
көтеру үшін әр түрлі ресурс (табиғи, ақшалай т.б.) көздерін тиімді
пайдалану жақтарын дамытып және олардың бөліну,атқарылу процесінде қатты
қадағалаушылық орнатуы қажет.
Осыған орай бұл курстық жұмыста мемлекет шығындарының өзгеруі,
қысқартылуы туралы, ҚР Мемлекеттік бюджеттің атқарылу қызметтері мен оларды
дамыту жолдары жазылған.
Курстық жұмыс 3-негізгі бөлімнен және бірнеше бөлімшелерден тұрады.
Бірінші бөлімінде мемлекеттік шығыстың мәні, қалыптасуы және де жалпы
сыныпталуы туралы қарастырылған.
Екінші бөлімінде мемлекет шығыстарының құрамы, түрлері және бюджеттік
шығыстардың қалыптасу негіздері алынады.
Үшінші бөлімінде экономикалық жіктеу ерекшеліктері бойынша мемлекеттік
шығындар есебін қалыптастыру тәртібі жазылған.

I. Мемлекет шығыстарының жалпы түсінігі
1.1 Мемлекет шығыстарының мәні
Мемлекеттік шығынның маңызы мен сипаты мемлекеттік мақсатпен тығыз
байланыста. Кейбір тарихи кезеңдерде капиталдың дамуы, мемлекеттің рөлі,
оның бағдарламасы өзгеріп, тиісті эволюциялық шығындарға тап болады.
Мемлекеттік функцияларын іске асыру мүмкін, егерде олар материалдық
құралдармен қамтамасыз етілсе , себебі мемлекеттің іс-әрекеті мемлекеттік
құралдардың тікелей шығыстармен тікелей байланысты . Шығыстар нақты нақты
шығындардың көлемін көрсетеді. Сондықтан , бюджеттердің барлық деңгейлері
бойынша мемлекеттік шыңыстарының бір-бірімен өзара байланысты нақты
түрлерінің жиынтығы әрбір мемлекеттің бюджет шығыстар жүйесі болып
табылады. Шығыстар жүйесін құру- құралдардың арнаулы бағыттау үнемі
режимімен мемлекеттік құралдарды жұмсаудың қайтып оралмас принціптеріне
негізделеді.
Мемлекеттік шығыстар мақсаты белгілеулер бойынша қатар іске асыруға
тиіс, яғни бюджетте қарастырылған бағыттар бойынша. Қорларының қайтып
оралмас принципі негізінде әлеуметтік саланы қаржыландыруда пайдаланады ал
егерде , экономиканың дамуын қаржыландыру құралдары жөнінде айтсақ, онда
нәтижелік инвестициялау орын алады, яғни бұл арада бөлінген бюджеттік
құралдарды қайтару принціпі әрекетте болады . Үнемі режимін сақтау приціпі-
ол өз алды бюджет шығыстарының төмендету формалар мен әдістерінің жүиесі.
Бұл жүие бюджет ресурстарын нәтижлі және тиімді пайдалануды іске асыруға
мүмкіншілік береді.
Мемлекеттік бюджет шығыстары жүйесі бірнеше факторлармен шарттанады,
олардың ішінде негізгі болып мемлекеттің табиғи мен функциялары, елдің
әлеуметті –экономикалық даму деңгейі, мемлекеттің әкімшілік –аумақтық
жайластырушылығы, бюджеттік құралдар беру формалары саналады. Мемлекеттік
бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы олардың экономикалық мазмұны жәе
жалпы ішкі өнімді бөлу жөніндегі мемлекет алдында тұрған мақсаттармен
анықталады. Бюджет шығыстарының ел экономикасындағы рөлімен мәнін анықтау
мақсатпен олар әр түрлі бегілер бойынша жіктеледі. Бюжет кодексіне бюджет
жүйесінің барлық деңгейлері бойынша әректі бар бюджет шығыстарының жіктеуі
тағайындаған.
Мемлекеттің барлық шығыстары негізінде мемлекеттік бюджетте
шоғырланған құралдар арқылы қаржыландырлады. Бұл шығыстарды қоғамдық қайта
өндірістегі рөліне байланысты келесі екі топқа бөлуге болады:
- өндірістік қорларды ұлғайту мен өндірістің үздіксіз процесін қамтамасыз
ету үшін;
- қоғам мүшелерінің әлеуметтк- мәдениеттік мұқтаждықтарын қанағаттандыру
үшін;
Бірінші топқа - мемлекеттік бюджетті эономиканы қаржыландыруға
бағытаплған шығыстар жатады. Екінші топқа- әлеуметі-мәдениеттік шараларды,
білім беруді, ғылым, қорғаныспен, мемлекетті басқаруды қаржыланжыру үшін
арнайы бюджет шығыстары жатады .
Осы екі топ арасындағы арқатынас бюджеттің тиімділіген анықтайды.
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі дамуға бағытталған шығындардың деңгейі
қаншалықты жоғары және бюджеттің тұтынушылық шығындары соған сәкес төмен
болса, соғұлым бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі жоғары болады.Әрине,
бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі бұл арда мемлекеттік бюджеттің
шығыстарын қалыптастыру әдістеріне , мемлекеттің жүргізіп жаттқан
әлеуметтік саясатына және елдің бүгінгі күнгі әлеуметті –экономикалық
ахуыалына байланысты.
Мемлекет жаулап алу және әскери қорғануда, оған дайындалғанда белгілі бір
экономикалық және әлеуметтік багыттарды атқара отырып, капиталистік қанауға
жағдай жасап, оны қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде қоғамдық өмірдің барлық
салаларында мемлекеттің рөлі өсіп, оның ықпалы артып отыр.
Мемлекеттік-монополистік капиталдың өсуі жаңа тарихи жағдайда мемлекет
алдында жаңа мақсаттар қойып отыр. Мемлекет ірі жекеменшік иелікке,
инвесторға, өндіріске араласуына, тұтыну мен табысты бөлуге айналады. Кең
көлемде қоғамдық мемлекеттің рөлі артып, қаржы олигархтардың мүддесін
экономикаға араласуымен қорғап нығайтып келеді.
Соңғы кездерде мемлекеттің әскери бағыттары белгілі бір эволюцияға
ұшырап, қарусыздандыру процестері бағынышты рөл атқарып отыр.
Мемлекеттің шығыстары — бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша
шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып,
жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты
экономикалық қатынастарды біддіреді.
Мемлекеттің шығыстары — мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға
байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының
өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты
мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б.
функцияларымен тікелей байланысты.
"Шығыстар" ұғымының қос мағынасы бар:
1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни
ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда
шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын
өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының,
халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру
қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы
шығыстарды ажырата білген жөн, бүл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады:
жалпымемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын
мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып
табылады.
Бұл екі аспект "шығыстар" ұғымының оның "шығындар" ұғымына түрленген
кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер "шығыстар"
түпкілікті рәсуаны, тұтынуды ("табыстарға" қарама-қарсы) қажет ететін
болса, "шығындар" "есепке жатқызылатын" алдымен, келешектегі табысты немесе
пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-әміршіл)
және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның
функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес
мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп
отырады.

1.2 Мемлекет шығыстарын ұйымдастырылуы және сынып- талуы
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды
қаржыландыру мен қаражатгарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы
қол жетеді. Сондықтан мемлекетгің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының
бірі жоспарлылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы
дамыту және халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет
жалпы қоғамдық өнім мен ұлтгық табысты өндірістік және өндірістік емес
сфералар, салалар, экономикалық аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге
қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдіс
болып табылады.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің
қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның
негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда
үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті
айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса
маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген
ресурстарды (кредит механизмінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап
етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар
қолданылады (мысалы, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік
қоры); бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.
Даму жоспарларының (болжамдарының) орындалуына қарай қаржыландыру қаржы
ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды
экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде
бөлуді қажет етеді.
Ресурстарды пайдалануда үнем режімін сақтау — мемлекеттің шығыстарын
ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға,
өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет
қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға
бғытталған.
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың
бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып табылады.
Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны
жағынан бірыңғай (бір тексті) емес. Шығындарды қаржыландырудың
көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған
байланысты болады.
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі
материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы
болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны
бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:
1) материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға
жататын шығыстар;
2) қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
3) мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары; Шығыстардың бірінші тобы
мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен
байланысты.
Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттілікгерді қанағаттандыру
үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес сфераға
жұмсалынатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау
мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, түрғын үй және мәдени-
тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге
қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет
сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және
мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.
Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына
түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес
сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның
тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды
даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс
сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
есебінен қол жетеді.
Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу
мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылады.
Қорлану қоры мен түтыну қорының арасалмағы өзгерді: соңғы жылдары тұтыну
қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті. Тұтыну мен
қорлануға пайдаланылатын ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы
Қазақстанда 86 пайызға жуығын құрайды.
Үшінші топтың мемлекет шығыстары — мемлекеттік резервтерді жасау мен
толықтыруға жұмсалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей
апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес сфералардың
қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыптарын өтеуге және кәсіпорындарды,
мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды
қамтамасыз етуге арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған
тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды
жасаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырылмалы
төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді.
Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикаға,
әлеуметтік-мәдени шараларға, гылымға, қарғаныс пен басқаруға жұмсалатын
шығыстарға бөлінеді.
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық аймақтар
бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және
ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға
мүмкіндік береді.
Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мейлекеттің
шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шарушалығына, көлік пен байланысқа,
саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді;
өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене
шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс,
басқару шығындары болып бөлінеді.
Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған
жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс.
Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын
мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі болады:
1. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті
ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджет
қаражаттары есебінен жасалынады;
2. Сметалық-бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен ерекше
құжаттардың — сметалардың негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік
билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары қаржыландырылады.
Сметалық тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп
аталады.
Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және
кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол- ақшасыз) эмиссиялық қаржыландыру
қолданылады.
Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғау-ды қамтамасыз
етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық
көмектің нысаны - бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады:
демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.
Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен
бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-
ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы
өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың
әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың
зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын
ішінара өтеу түрінде тараған болатын.
Субвенциялар — халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөңіндегі
бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің
қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар
қайтарылуға жатады.
Субсидиялар — үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржылаңдыруға
бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша жөне
заттай нысандағы жәрдемақылар.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік
қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен
және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін
қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз жөне қайтарусыз беруді
айтады, Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша
төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және
т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.

II. Мемлекет шығыстарының құрамы
2.1 Мемлекет шығыстарының құрамы, түрлері
Мемлекеттік бюджеттегі бекітілген шығындар заңды түрде қарастырылады.
Жергілікті қаржыда шығынның негізгі бөлігі әлеуметтік шараларға
бағытталынған. Оның ішіне муниципалдық құрылыстарды қаржыландыру, қоғамдық
автокөліктерді, білімді, денсаулық мекемелеріне, тұрмысқа қажет мекемелерін
қаржыландыру кіреді.
Шығынның бір бөлігі экономикалық процесс кезінде шаруашылықты дамытуға,
капитализмге тән қарама-қайшылықтарға жұмсалады.
Жергілікті қаржыны жалпы мемлекеттік мақсаттарды шешуге тарту, олардың
қаржы олигархтарына бағыныштылығы, жергілікті бюджеттің шығындарын
көбейтуге және оның рөлін арттыруға әкеп соқтырады.
Мемлекеттік кәсіпорынның қаржысына жататын шығын екі шығынның түрін
қамтиды, күнделікті сол кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуіне байланысты және
сол кәсіпорынның дамуына негізгі капиталдың ұлғаюына кететін инвестиция.
Мемлекеттік кәсіпорынның басты бөлігін жоғарғы капиталдық шығыны бар
кәсіпорын құрайды. Мысалы: отын-энергетика, металлургия, байланыс.
Күнделікті шығындарда негізгі орын алатын - ол еңбекақы. Содан кейін өнім
өндіруге кететін шығындардың түрлері және көрсетілген қызмет. Инвестиция
ішінде көп кететін шығындар жататыны құрал-жабдықтарға және құрылыс жөндеу
жұмыстарына кететін шығындар.
Мемлекеттік кәсіпорынның шығындары қоғамдық капиталды дамытуға
монополияның қосымша пайда алынуы ынталандыру үшін бағытталған. Үкіметтің
арнаулы қорлары осы шығындарға да жұмсалады.
Бұған жататындар әлеуметтік қамсыздандыру шығыны, несиелік-заем
айналымдарын қамтамасыз ету шығыны, әр түрлі экономикалық шараларға кететін
шығын. Сонымен қатар мемлекет бұл қорды уақытша қаржы ресурстарға
жетпегенде жабу үшін пайдаланады.
Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік
бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік
және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді1.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:
1) өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
2) ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым
капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
3) бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;
4) көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) толық айналымымен
байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру
(өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады

1Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет оқулық Алматы Экономика 2006ж.
("шығындар" терминінің мағынасы).
Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші
жөне үшінші топтарын қамтиды.
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік
меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен
анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік
процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және
бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет
шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін
қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында
мемлекеттік сектордың үлесі шүғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл
үлес 30-40% шегінде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай
келеді. Сондықтан "мемлекеттің шығыстары" категориясы тұрақты экономикалық
қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.
Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшіліктері олардың
арнаулары мынада жатыр. Сондықтан, бюджет түрлері бойынша шығыстарды
қалыптастырғанда келесі негізгі факторларды есептеу қажет:
-басқару органдар арасындағы функцияларды шектеу;
-мекемелердің бағынушылығы;
-мекемелердің іс-әрекет шекарасы;
-шығыстардытиісті бюджеттке апару.
Республикалық бюджеттің шығыстары келесі бағыттар бойынша қаржыландыру
үшін қалыптасады:
-жалпы сипаттағы мемлекеттік қызыметтер;
-қорғаныс, соттық, құқық қорғау қызметтері;
-білім беру;
-денсаулық сақтау;
- әлуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету;
-мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі;
-тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы;
-ауыл, орман, су, балық шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау және жер
қатынасы;
-өнеркәсіп , құрылыс және жер қорларын пайдалану;
-көлік және комуникация;
-басқада бағыттар.
Осыған сәйкес, бірақ тиісті әкімшілігі аумақтарға арналған шығыстар
бағыттары төмен тұрғанбюджеттер деңгейлері бойыншада қалыптасаады.
Жергілікті бюджеттер шыңыстарының қалыптастыру Бюджет кодексімен, нормативі-
құқықтық актілермен және тиісті мәслихаттар шешімдермен реттеледі.
Биліктің жергілікті органдарына аумақтардың экономикалық және қаржылық
базаларын пайдалану жөнінде өкілеттілікюеріілген. Әрбір бөлек әкімшілік-
аумақтардың экономикалық базасы ретінде жегілікті тұрғындардың әлеуметті-
экономикалық мұқтаждықтарын қатамасыз ету үшін қажетті кірістер көздері
болатын меншікті мүлікпен оларға берілген объектілер саналады. Ал қаржылық
база болып меншікті бюджеттік құралдар мен жоғары тұрған бюджеттерден
берілетін ресми трансферттерден қалыптасатын қаржылық ресурстар табылады.
Бюдет жүйесінің әрбір деңгейінің шығыстар құрамы мен қалыптасу
әрекеттері заңнамалық актілермен , тиісті аумақ бойынша қаржыландыру қажет
нақты объектілер және олардың іс-әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті
шығындармен анықталады.

- Мемлекеттік мекемелердің қызметін
қамтамасыз ету шығ-ры;
- тұрақты сипаты жоқ іс шараларды
ұйымдастыру мен өткізуге байланысты
шығындар;
- мемлекеттік тапсырысқа арналған
шығыстар;
- жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер;
- заңи тұлғаларға субсидиялар;
- ресми трансферттер;

Мемлекеттік
шығындар:

*Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және
қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге
бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени
мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің
инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет
көрсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың
нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен
қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін
қанағаттандыруы тиіс.
Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің
жиынтыгы мемлекет шыгыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым
бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік
көсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен
жүргізіледі.
Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация
сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік
капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады.
Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін
түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет
шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістіқ капиталдарды көбейту және
жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін
банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.

*Құлпыбаев С., Қ .Қ. Ілиясов Қаржы оқулық Алматы 2005 ж. 261-290 б

Бюджет кодексіне сәйкес бюджет құрылымы:

кірістер Шығындар;
-салықтық түсімдер операциялық сальдо
-салық-қ емес түсімдер таза бюджеттік кредит беру:
-негізгі капит-ы сатудан - бюджеттік кредиттер
түскен т-р - бюджеттік кредиттерді өтеу
-Ресми трансферттер қаржы активтерімен жасалатын
түсімдері опер-р бойынша сальдо:


- мемлекет-ң қаржы қаржы актив-н сатып алу;
активтерін сатудан түскен
түсімдер
бюджет тап-н қаржыландыру: бюджет тапшылығы
қарыздар түсімі
қарызды өтеу
бюджет қаражаты
қалдықтарының қозғалысы

Экономикалық жіктеудің ерекшеліктері бойынша шығындар есебін қалыптастыру
тәртібі
Республикалық және жергілікті бюджеттердің келесі қаржылық жыл жобасын
жасау үшін мемлекеттік мекемелер бағдарламалар әкімшіліктеріне шығыстардың
экономикалық жіктеуінің әрбір ерекшеліктері бойынша бюджеттік шығындардың
есептемелерін ұсынады. Мұндай есептемелерді құру үшін мемлекеттік мекемелер
келесілерді қолданады:
• бірыңғай бюджеттік жіктеуді, оның ішінде шығындардың экономикалық
жіктеуін;
• бюджет шығындарының экономикалық жіктеу ерекшеліктерінің
құрылымын;
• орташа мерзімдік әлеуметті-экономикалық даму жоспарға сәйкес тиісті
кезеңнің болжамдық көрсеткіштерін;
• заңнамалық және нормативтік актілермен белгіленген әрекеттегі
нормалармен және нормативтермен.
Экономикалық жіктеу ерекшеліктері бойынша шығындар есептемелері, мысалы,
келесі формалар арқылы құрылады:
• 01-111 форма мемлекеттік бюджет арқылы ұсталатын мемлекеттік органдар
жұмыскерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады;
• 10-111 форма прокуратура органдары қызметкерлерінің негізгі еңбекақы
шығындарын есептеу үшін арналады;
• 11-111 форма құқық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет,
Қаржы полиция агенттігі органдарының және кеден қызметі жұмыскерлерінің
негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады;
• 12-111 форма әскери қызметкерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын
есептеу үшін арналады.
Осы формалар бойынша есептемелер үшін ҚР Президенттінің Әскери
қызметкерлер, кұқын қорғау органдар, мемлекеттік өртке қарсы қызмет,
Төтенше жағдайлар агенттігі органдарының және прокуратура органдары
жүмыскерлерінің категориялары бойынша қызмет тізілімдемелерін бекіту
жөніндегі және Мемлекеттік бюджет арқылы ұсталатын республикалық органдар
жүмыскерлерінің бірыңғай еңбекақы жүйесі жөніндегі Жарлықтары (2001ж. 25
на-урыз №575 және №576) негіз болады.
Әскери қызметкерлер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің жинақтаушы
зейнетақы қорларға аударылатын міндетті зейнетақы жарнамаларын есептеу үшін
01-114 форма арналады. Мемлекеттік мекемелер жүмыскерлерінің әлеуметтік
салык телеу шығындарын есептеу үшін 01-121 форма қолданылады. Бұл формада
салық салынатын еңбекақы қоры, әлеуметтік салық мөлшерлемесі мен жылғы
салық сомасы белгіленеді. Ал баланстарында автокөлік құралдары бар
мемлекеттік мекемелер сол автокөлік құралдарының иелері ретіндегі азаматты-
құқықтық жауапкершіліктік міндетті сақтықтың жарнамаларын есептеу үшін 01-
125 форманы пайдаланады.
Денсаулық сақтау мекемелерішн басқа мемлекеттік мекемелер барлық
шығындардың ішінде тамаққа арналған шығындарын есептеу үшін 01-131 форманы
толтырады. Бұл формада тамақ азыктарын алушылардың атауы, азық нормасы және
азыктанатындардың орта-ша жылдық саны көрсетіледі. Мысалы, білім беру
мекемелерінде азыктанатындар болып оқушылардың орташа жылдық саны есепте-
леді, әлеуметтік камтамасыз ету мекемелерде -түрғындардың орта-ша жылдық
саны, әскери және оған теңестірілген органдар мекеме-лерінде - әскери
қызметкерлердін орташа жылдық саны.
Әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарының кызметкер-лері, әскери оқу
орындарының курсанттары және тағы басқа теңестірілген қызметкерлер
мемлекеттік бюджет құралдары арқылы арнайы киім-кешек және басқа да заттық
мүлік бүйымдарымен қамтамасыз ету қаржыландырылады. Осыларды сатып алуға,
тігуге және жөндеуге арналған шығындарды есептеу үшін тиісті мемлекеттік
мекемелер 01-134 формасын пайдалана-ды. Бұл формада киім-кешек пен басқа да
арнайы заттық мүлікті алушылардың атаулары мен олардыц орташа жылдық саны,
белгі-ленген норма мен шығындардың барлық сомасы көрсетіледі.
Мемлекеттік бюджет күралдары арқылы қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелердің барлық шығындары жоғарыда көрсе-тілген экономикалық жіктеудің
ерекшеліктеріне сәйкес арнайы формалар толтыру бойынша есептеледі. Сол
формалар бойынша шығындарды есептеу мемлекеттік мекемелердің іс-әрекеттерін
реттейтін әр түрлі нормативтік актілер ережелеріне негізде-леді. Мысалы, ел
ішіндегі қызметтік іссапарларға бағытталған шығындарды есептеу үшін 01-136
форма толтырылады. Бұл арада есептемелер негізі ретінде Мемлекеттік бюджет
арқылы үстайтын мемлекеттік мекемелер жүмыскерлерінің ҚР шегінде-гі
қызметтік іссапарлар Тәртібін бекіту жөніндегі Үкімет өкімі (2000 ж. 22
қырқүйек №1428) қолданылады. Ал егерде қызметтік іссапар шетелге
бағытталса, онда мемлекеттік мекеме 01-137 фор-маны толтырады және шығындар
есептеуі Шетел валютасында іссапарлық шығындарды өтеу женіндегі Қаржы
министрлігінін бұйрығына (1998 ж. 16 қараша №534) негізделеді.
Мемлекеттік мекемелерге сырттан көрсетілген әр түрлі қыз-меттерді өтеуге
арналған шығындарын есептеу үшін де арнайы формалар белгіленген. Мысалы,
байланыс қызметтерін өтеу үшін шығындар 01-142 форма арқылы есептеледі, ал
көлік қызметтерін өтеуге арналған шығындар сомасын есептеу үшін 01-143
форма толтырылады. Сондай-ақ, завды және жеке тұлғалар мемлекеттік
мекемелерге атқарылған жүмыстар мен көрсеткен қызметтерді өтеуге
бағытталған шығындар сомасын есептеуге 01-149 фор-ма арналған. Бұл формада
жасалған есептемелер шығындардын жалпы сомасымен бірге олардың негізгі
түрлері бойынша келесі көрсеткіштер арқылы келтіріледі:
1. Заңды тұлгалар үшін;
• қызмет көрсету мен жұмыс атқаруға қатынасқан жүмыс-керлердің
еңбекақысы;
• іссапарға арналған шығындар;
• бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер;
• баска да салықтар;
• материалдармен мүліктену;
• электроқуат пен жылудан басқа коммуналдық қызметтер;
• электроқуат;
• жылу;
• байланыс қызметі;
• көлік қызметі;
• негізгі қүралдардың ағымдагы жөндеуі;
• ғимараттарды ұстау мен күту;
• басқа да шығындар.
2. Жеке тұлгалар үшін:
• қызмет көрсету мен жүмыс атқаруға қатынасқан жүмыс-керлердің
еңбекакысы, сондай-ақ оның еқбекақысынан үсталатын жеке табыс салығы,
жинақтаушы зейнетақы қорға міндетті төлем;
• іссапарға арналған шығындар;
• материалдармен мүліктену;
• көлік қызметі.
Тағы бір арнайы форма – ол заңды тұлғалардың залалын өтеуге оларға
бағытталған ағымдағы трансферттер бойы шығындарын есептеуге арналған үш
бөлімнен қалыптасатын 01-311 форма.
Бірінші бөлімде – заңды тұлғаның шарушылық әрекетін іс ке асырудан
алынатын табыстарының жалпы сомасы.
Екінші бөлімде – ағымдағы сипаттағы шығындардың негізгі түүрлері бойынша
есептелген барлық шығындардың жалпы сомасы көрсетіледі. Үшінші бөлімде –
заңды тұлғаның табысбарынан алып түскен шығындар сомасы, яғни бюджет
құралдары арқылы өтелетін шығындар көрсетіледі.
Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар — бұл өндіріс көлемінің тұрақты
өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын ақша
қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды
жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; арнаулы
қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың
барлық салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын
күрделі жұмсалымдар — материал, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы
алады. Күрделі жұмсалымдардың құрамына:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;
2) жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
3) өзге күрделі жұмыстар мен шығындар (жобалау-іздестіру, геологиялық-
барлау және бұрғылау жұмыстары, жер учаскелерін кесіп беру және қоныс
аудару бойынша және т.б);
4) жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға жұмсалатын
шығындар кіреді.
Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;
2) банктердің ұзақ мерзімді кредиттері;
3) халықтың жинақ ақшасы (тұрғын үй құрылысына);
4) бюджеттен Қаржы бөлу.
Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға — оқу-
ағартуға, ақпарттық қызметтер көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату.
және теледидар), мәдениетке, өнерге, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен
спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға
жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.
Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:
1) білім беру және кадрларды кәсіпке даярлау;
2) мәдениет, өнер, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары;
3) денсаулық сақтау;
4) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек.
Мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландырудың көздері мыналар болып
табылады:
ұзақ мерзімді экономикалық нормативтер бойынша бөлінетін республикалық
және жергілікті бюджеттердің қаражаттары;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерінен аударылатын аударымдар,
министрліктің, ведомстволардың және басқарудың басқа органдарының мақсатты
субсидиялары;
арнаулы бағдарламалар бойынша халықаралық ұйымдардың қаражаттары;
республикалық және жергілікті валюта қорларынан белінетін валюталық
қаржы;
жұмыс берушілерге нормативтерден тыс медициналық және басқа қызметтер
көрсетуді орындағаны үшін және ақылы қызметтер мен шаруашылық қызметтің
басқа түрлерін көрсеткені үшін алынған медициналық мекемелердің
қаражаттары;
ұйымдар мен азаматтардың, соның ішінде басқа мемлекеттердің қайырымдылық
салымдары.
Халықты әлеуметік қорғау шығыстары
Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған
және төтенше оқиғаға байланысты белгілі бір объектіні сақтандыру мен
әлеуметтік қамсыздандыру (сақтандыру) сияқты екі оқшауланған нысанада іс-
әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоспағанда
әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен — халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен
тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының азаматы
жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған
жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең
төмен мөлшерлеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді.
Нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесіне орай әлеуметтік қорғау
жүйесі мемлекеттік, мемлекеттік емес құрылымдардың (жекешені қоса),
қоғамдық бірлестіктердің көп жақты жауаптьшығының негізінде құрылады.
Әлеуметтік шығыстар зейнетақы төлеудің Мемлекеттік орталығы, қазіргі
кезде мемлекеттік бюджетке қамтылған Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры,
өлеуметтік қорлар немесе шаруашылық субъектілерінің тұтыну қорлары арқылы
жүзеге асырылады. Төлемақыларды халықты әлеуметтік қорғау органдары,
шаруашылық субъектілері, өндірістік емес сфера ұйымдары жасап жүргізеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік сақтандыруды кәсіподақ комитеттері
қадағалап отырады.
Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы құжаттарында,
жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеуметтік қамсыздандыру және
әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар ретінде қамтып көрсетіледі. Халықты
әлеуметтік қорғау санатына қосылатын ұғымдардың айырмашылықтары бар.
Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау кезеңдерге
және, тиісінше, ғылыми-техникалық зерттеулерге байланысты, соның ішінде:
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, жобалау-конструкторлық
зерттемелер, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті және
басқаруды ұйымдастырудың әдістерін енгізу.
Ғылым жалпы нарықтық қатынастарға бағдарлана алмайтын қызмет сферасына
жатады: мәселен, іргелі ғылым түгелдей коммерциялық критерийлерге түсіп
кетпейді, сондықтан экономиканың маңызды секторларындағы технологияны
революцияландыра алатын іргелі зерттеулер мен келешектегі зерттемелерді
қаржыландырудың міндетін мемлекет өзіне алады. Мемлекеттік ғылыми-
техникалық, инвестициялық, экологиялық, ізгіліктілік және өзге де
бағдарламалар саласында келісілген саясат жүргізу
Ғылыми зерттеулерді қалыпты қамтамасыз ету ғылыми орталықтарда күштерді
біріктіруді, осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны туралы
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны және сыныптамасы
Республикалық және жергілікті шығыстарды талдау арқылы ондағы туындаған мәселелерді анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру
Қазақстанның бюджет жүйесі
Әлеуметтік сфераны бюджеттік қаржыландыру
Мемлекет шығыстарының мазмұны
Мемлекеттік шығыстардың түрлері және қызметі
Мемлекет шығындарын шектеудің аса маңызды критерийлері
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Мемлекеттік бюджет шығындары және оны реттеу механизмі
Пәндер