Қазақстан Республикасының экология құқығы



§1. Экология құқығының объектілері
§2. Экология құқығының принциптері
§ 3. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
§4. Табиғи ресурстарды пайдалану мен айналадагы табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі
§5. Айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдаланудың мазмүны
§6. Айналадагы табиғи ортаны пайдалану мен қоргауды мемлекеттік бақылау
§ 7. Экология заңдарын бұзудың түсінігі мен белгілері.
§8. Қазақстан Республиқасының жер қорының түсінігі және оның қүрамы, жерді қоргау объектілері, жер құқықтық қатынастары және оның объектілері мен субъектілері
§9. Қазақстан Республикасының су құқықтық ережелері.
§10. Орманның құқықтық ережелері
§ 11. Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін құқықтық қоргау
§12. Қазақстан Республикасындагы атмосфералық уаның жағдайы
§13. Айрықша қорғалатын табиғат объектілерінің түсінігі және қүрамы
Қоғам мен табиғаттың қатар өмір сүруі бір-біріне тығыз байлананысты заңдылық.
Егемендік алған аз уақыттың ішінде Республикада осындай шараларды жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Ол – барлық басқа зандардың түпнұсқасы. Айналадағы табиғи ортаны қорғау, Жер, Жер қойнауы жэне минералдық шикізатты ұқсату, Су, Орман кодекстері, Жануарлар дүниесін қоргау, оның өсімін молайту және пайдалану туралы заңдар қабылданды.
Осы және басқа да экологиялық заңдар экология құқығының мақсаттары мен міндеттеррін белгілеумен бірге, адамның денсаулығы мен өміріне экологиялық колайлы жағдайлар жасауға, табиғатты жаңғыртуға, оны тиімді пайдалануға, қоргауға, тәртіпті нығайтуғы және заңдылықты орындауға қызмет етеді.
Экология ( грекше oikos – үй, мекен, logos - ғылым ) – жанды организмдердің тіршілік ортасы мен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам арақатынастарын зерттейтін ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей ортаны қоргау ісіне кеңінен мән беріліп отыр,
«Қазақстан Республикасының экология құқығы» - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экология құқығының негізгі такырыбы табиғат ре-сурстарын тиімді пайдалану, ұдайы молайту және қорғау салаларындағы қатынастар болып табылады. Ол қатынастар белгілі бір принциптерде жүзеге асырылады. Бүл ретте табиғат қорларын пайдалануды оны қорғаудан, табиғатты қорғауды оны пайдаланудан бөліп алып қарауға болмайды. Бірақ, кейде табиғат қорларының объектілерін пайдаланудың, жаңғыртудың немесе қорғаудың басымдылығы да болуы мүмкін.
Экология қүқығының жүйесі экологиялық қатынастарды ғылыми түрде салаларға бөліп қараудан туындайды. Оның әр саласы зерттеу тақурыбы институ-тын құрайды.
Экология құқығының жүйесі әдістемелік жагынан екіге бөлінеді — жалпы бөлім және ерекше бөлім.
Қазақстан Республикасыньщ мемлекеттік экология қызметі оның табиғатты қорғау шаралары жүйесінде қаралады. Олардың ішінде табиғат қорларын есепке алу, бағалау, айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдалануды басқарудың экономикалық тетіктерін белгілеу (жоспарлау, қаржыландыру, ақы төлеу т.б.), экологиялық заң актілерін қабылдау және оларды

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан республикасының экология құқығы

Қоғам мен табиғаттың қатар өмір сүруі бір-біріне тығыз байлананысты
заңдылық.
Егемендік алған аз уақыттың ішінде Республикада осындай шараларды
жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасының
Конституциясы қабылданды. Ол – барлық басқа зандардың түпнұсқасы.
Айналадағы табиғи ортаны қорғау, Жер, Жер қойнауы жэне минералдық шикізатты
ұқсату, Су, Орман кодекстері, Жануарлар дүниесін қоргау, оның өсімін
молайту және пайдалану туралы заңдар қабылданды.
Осы және басқа да экологиялық заңдар экология құқығының мақсаттары мен
міндеттеррін белгілеумен бірге, адамның денсаулығы мен өміріне экологиялық
колайлы жағдайлар жасауға, табиғатты жаңғыртуға, оны тиімді пайдалануға,
қоргауға, тәртіпті нығайтуғы және заңдылықты орындауға қызмет етеді.
Экология ( грекше oikos – үй, мекен, logos - ғылым ) – жанды
организмдердің тіршілік ортасы мен арақатынасын зерттейтін биологиялық
ғылым.
Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам арақатынастарын зерттейтін
ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей ортаны қоргау
ісіне кеңінен мән беріліп отыр,
Қазақстан Республикасының экология құқығы - айналадағы табиғи ортаны
қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің
жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экология құқығының негізгі такырыбы табиғат ре-сурстарын тиімді
пайдалану, ұдайы молайту және қорғау салаларындағы қатынастар болып
табылады. Ол қатынастар белгілі бір принциптерде жүзеге асырылады. Бүл
ретте табиғат қорларын пайдалануды оны қорғаудан, табиғатты қорғауды оны
пайдаланудан бөліп алып қарауға болмайды. Бірақ, кейде табиғат қорларының
объектілерін пайдаланудың, жаңғыртудың немесе қорғаудың басымдылығы да
болуы мүмкін.
Экология қүқығының жүйесі экологиялық қатынастарды ғылыми түрде салаларға
бөліп қараудан туындайды. Оның әр саласы зерттеу тақурыбы институ-тын
құрайды.
Экология құқығының жүйесі әдістемелік жагынан екіге бөлінеді — жалпы
бөлім және ерекше бөлім.
Қазақстан Республикасыньщ мемлекеттік экология қызметі оның табиғатты
қорғау шаралары жүйесінде қаралады. Олардың ішінде табиғат қорларын есепке
алу, бағалау, айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдалануды басқарудың
экономикалық тетіктерін белгілеу (жоспарлау, қаржыландыру, ақы төлеу т.б.),
экологиялық заң актілерін қабылдау және оларды
§1. Экология құқығының объектілері

Табиғатта Күн, оның сәулесі, Ай, оның жарығы, алып су қоймалары (мұхит,
Каспий сияқты теңіздер), олардың табаны, минералды заттары, жануарлар мен
өсімдіктер дүниесі, Арктика мен Антарктида, жел және басқа байлықтар бар.
Егер мемлекет сондай су қоймаларының жағасында болса, континентті қайраң
аумағында олардың жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін гайдалану
құқығына ие бола алады. Ал алып су қоймаларындағы Арктика мен Антарктида-
дағы табиғат байлықтарын пайдалану тек халықаралық келісім бойынша
жүргізіледі.
_Мемлекет аумағындағы табиғат байлықтары дүние жүзі немесе Жер шары
байлықтарының иемденген бір бөлігі болғандықтан, оларды табиғи ресурстар
дейміз.
Экология құқығының объектілері — айналадағы та-биғи ортаны қүрайтын,
адамның тіршілік қажеттіктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамның
экологиялық денсаулығы мен өмірі.
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарына — мемлекет аумағындағы жер,
жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі,
табиғаттың көрікті жерлері мен ескерткіштері және басқа осы сияқты
байлықтар жатады.
Республиканың жер көлемі батыста — Еділ өзенінің төменгі ағысынан,
шығыста — Алтайға дейін 3000 шақырымға созылып, Батыс Сібір кеңістігінен
Тянь-Шань тауларына дейінгі 1600 шақырым қашықтықты алып жатыр. Бұл аумаққа
(2 717,3 мың км2) Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Швеция,
Норве-гия және Финляндия мемлекеттері түгелімен сыйып ке-теді. Пайдалы
қазбалардың Менделеев кестесінде көрсетілген барлық элементтері Қазақстан
Республика-сының аумағында кездеседі. Оның ішінде, әсіресе ол мұнай, газ,
түсті металл қазыналарына бай.
Орман қоры республика аумағының бар болғаны 3 процентін алып жатыр. Ол
көлемі жағынан бұрынғы Кеңестер Одағында Ресейден кейінгі екінші орын ала-
тын. Оның көлемі 21775 мың гектарға жуық. Еліміздің аумағында құстың 475,
аңның 152 түрі, 6 мыңнан ас-там су қоймасында балықтар бар.
Осы қысқаша шолудың өзінен-ақ Қазақстан Респуб-ликасында табиғи ресурстар
мол екені аңғарылады. Олар халықтың сан алуан қажеттіліктерін
қанағаттавдыру үшін пайдаланылады.
"Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ор-таны қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының заңында құқықтық реттеуге жататын жоғарыда
көрсетілген табиғи ресурстардың түрлері аталған. Солар-дың ішінде жер, жер
қойнауы, су, орман, сан алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі,
дағдылы және сирек кездесетін ландшафтар (өңірлер), табиғи қорық-тар,
табиғи заказниктер, ұлттық табиғи парктер, та-биғат ескерткіштері, жердің
климаты мен озонды қабаты, сондай-ақ атмосфералық ауа, табиги экология-лық
жүйелер мен биосфераның құрамдас бөлігі ретінде өзге де табиғи объектілер
бар.
Құқықтық қорғалуға тиісті объектінің ерекше түріне адамның денсаулығы мен
өмірі де жатады. Адамның денсаулығы мен өміріне айналадағы табиғи ортаның
қолайлы болуы, шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды ықпалына жол бермеу
сияқты экологаялық қатынастар экологая құқығының объектісі бола алады.
Аталған табигат объектілері мемлекет меншігіне айналған және оған
жатпайтын объектілер болып бөлінеді. Мемлекет меншігіне жататындар — жер,
оның қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі. Олардың ішінде
кешенді табиғат объектілері де табиғи қорықтар, табиғи заказниктер,
ландшафтар, үлттық парктер және табиғат ескерткіштері бар. Бұл табиғат
объектілері тек қана мемлекеттің меншік объектілері болып саналады. Жердің
климаты, озонды қабаты, атмосфералық ауа, биосфераның құрамдас бөліктері
табиғат объектілері болғанымен, мемлекеттік меншік объектісі емес.
Қазақстан Республикасының меншік туралы заңында ауа кеңістігі тек қана
мемлекеттің меншігі болып табы-лады. Себебі ауа кеңістігі — ұшақтар, тік
ұшақтар және басқа ұшатын аппараттар үшін табиғи орта және республика
аумағының аспандағы биосфера қабаты. Бірақ Қазақстан Конституциясында және
"Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау ту-ралы" заңьшда
ауа кеңістігі мемлекеттің меншігі және табиғат объектісі есебінде
көрсетілмеген.
Қазақстан Республикасының ауа кеңістігі туралы ар-найы қабылданған заңы
да жоқ. Сондықтан Қазақстан Республикасының ауа кеңістігін экология
құқыгының объектісі деуге қазірше заңды негіз де жоқ.
Табиғат қорларына заңдарда құқықтық мәні бар қосымша нышандар беріледі.
Мысалы, жер қорғалатын табиғат объектісіне оның жоғарғы қабаты, құнарлы то-
пырағы және теңіздердің, көлдердін, өзендердің табандары жатады. Жер
қойнауына шаруашылыққа пайдаланатын табиғи ортаның бір бөлігі — жер асты
мен пайдалы қазбалары жатады. Су көзіне — жер үстіндегі және жер астындағы
сулар мен табиғи мұздақтар, ормандарға табиғи ағаштар мен бүталы алқаптар
жатады.
Табиғи ресурстар — азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім, құрылыс материалдары,
тағы басқа пайдалы заттар алы-натын байлық көздері.
Табиғи ресурстар қалпына келетін, жанартылатын, қалпына келмейтін,
жаңартылмайтын, сарқылатын, сарқылмайтын түрлерге бөлінеді. Мысалы,
топырақтың қүнарлылығы, орман қалпына келтірілетінге, жаңартылатынға, кен
қалпына келмейтін және су сарқылатын байлықтарға жатады. Сондықтан табиғи
*ре-сурстарды тиімді пайдалану және оны қорғау экология-лық қүқықтың негізі
болып табылады.
Айрықша қорғалатын табиғат объектілеріне қорықтар, ұлттық, тарихи, табиғи
және мемориалдық парктер, заказниктер, табиғат ескерткіштері, қорық
аймақтары, ботаникалық және зоологиялық бақтар, де-ндрарийлер, сондай-ақ
Қызыл кітапқа енгізілген жану-арлар мен өсімдіктер, курортты және
рекреациялық аймақтар жатады.

§2. Экология құқығының принциптері

Экология құқығының принциптері — мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет
орындарының, ұйымдардың және басқа құрьшымдардың, лауазымды адамдар мен
азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы түпкі бастамасы.
"Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ор-таны қорғау туралы"
заңында айналадағы табиғи орта-ның жай-күйіне ықпал ететін шаруашылық,
басқару және өзге де қызметті өкімет органдарының, ми-нистрліктер мен
ведомстволардың, кәсіпорындар, мекеме-лер мен ұйымдардың, сондай-ақ
азаматтардың мынадай принципте жүзеге асыруын қарастырған:
— адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басқа да қызмет түрінен
басымдылығы, айналадағы табиғи ор-таның тұрмыс, еңбек және демалыс үшін
қолайлы болуына азаматтар құқығының нақты кепілдіктерін
қамтамасыз ету;
— қоғамның экологиялық және экономикалық мүдделерін, соңғысына басымдық
бере отырып, ғылыми түрғыдан негіздеп ұштастыру;
— айналадағы табиғи ортаға ұқыпты қарау және айналадағы табиғи ортаға
зиянды зардаптар жасалуын шектеу;
— табиғатты жалпы тегін пайдалану;
— табиғатты ақы төлеп арнайы пайдалану;
— табиғатты қорғау және табиғатты қалпына келтіру тиімділігін арттыруға
бағытталған шараларды көтермелеу;
— шаруашылық және өзге де қызмет міндеттерін шешудегі жариялылық;
— қоғамдық ұйымдармен және халықпен тығыз бай-ланыстыру;
— айналадағы табиғи ортаны қорғау саласында ұлттық және халықаралық
мүдделерді ұштастыру;
— табиғат қорғау зандарын бұзу арқылы айналадағы табиғи ортаға,
кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, сондай-ақ азаматтарға келтірілген
зиянды толық өтеу;
— шаруашылық және өзге де қызметтің айналадағы табиғи ортаға жасайтын
ықпалын нормалап отыру;
— табиғи ресурстарды үнемдеу және айналадағы та-биғи ортаны қорғау
мәселелерін кешенді түрде шешу;
— айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заң та-лаптарын қатаң сақтау,
оны бүзғаны үшін жауапқа тартуды қадағалау;
— айналадағы табиғи ортаға ықпал ететін шаруашы-лық және өзге де
қызметтің кез келген түрлсрінс міндетті түрде экологиялық сараптама жасау
және оны ғылыми негізде жүзеге асыру.
Аталған принциптер "Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы", табиғи
ресурстар туралы және басқа да табиғат туралы заңдарда көрініс тапқан. Олар
— заңның принциптік ережелері.

§ 3. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы

Табиғи ресурстарды пайдалану — қоғам мен табиғат арасындағы негізгі
қатынастар. Онда қоғам мүшелері — адамдар өздерінің экологиялық,
экономикалық, мәдени-сауықтыру, эстетикалық қажеттіктерін өтеу үшін табиғат
объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.
Қазақстан Республикасында "Айналадағы табиғи орта-ны қорғау туралы" занда
табиғатты пайдалану ұғымын кеңінен қолданады. Ал, шын мәніңце, онда табиғи
ресур-,старды пайдалану жөнівде сөз болады. Оны табиғи объ-ектілердің
құқықтық жағдайы, аталған заңның табиғи ресурстарды пайдалануға беру
ережелері айқывдайды.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы зандарда жан-жақты қарастырылған.
Онда табиғи ресурстарды пайдала-ну оларды қорғаумен тығыз байланысты
болғандықтан, табиғатты қорғау, соның ішінде табиғатты пайдалану-шылардың
оны қорғау міндеттері де қамтылды.
Бұл табиғатты қорғау заңдарының ғана емес, ол Қазақстан Республикасы
Конституциясының да талабы.
Онда "Қазақстан Республикасы азаматының құқығы мен бостандығының жүзеге
асырылуын оның міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды, бұл міндеттердің
орындалуы жеке, қоғамдық және мемле-кеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін
қажет" деп көрсетілген (28-бап).
Ал табиғат қорғау заңында көрсетілген азаматтардың жалпы айналадағы
табиғи ортаны қорғау саласындағы міндеттері мынадай:
1. Қазақстан Республикасының Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы және
Қазақстан Республи-касының өзге де табиғат қорғау, табиғи ресурстар
жөніндегі заңдар талаптарын қатаң сақтау.
2. Еңбек қызметінде және тұрмыста табиғатқа және оның объектілеріне
үқыпты қарауды қаматамасыз ету.
3. Табиғат қорғау органдары мен қоғамдар қызметкерлерінің занды
талаптарын мүлтіксіз орындау.
4. ӨзГнің кінәсінен айналадағы табиғи ортаға келтірілген зиявды толық
көлемінде өтеуге міндетті.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: та-биғатты пайдалану құқығы —
табиғи ресурстарды пай-даланушылардың заңда көрсетілген құқығы мен
міндеттерінің жиынтығы.
Табиғат ресурстарын пайдалану барысында оларды орынсыз, тиімді
пайдаланбағандықтан, оның принцип-терін сақтамағандықтан, сапасын
бұзғандықтан, улы, зиянды қалдықтармен ластағандықтан табиғи ортаның
нашарлап, адамдардың денсаулығына және өміріне қауіпті жағдайлар тууы
мүмкін. Сондықтан табиғат қорғау заны табиғи ресурстарды пайдаланумен қатар
адамның өмірі мен денсаулығына айналадағы табиғи ортаның ыңғайлы болуы
құқығын экология құқығының объектісі деп санайды.
Табиғатты шаруашылық және өзге де қызметтің зи-янды ықпалынан қорғау
ресурстарды пайдаланудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығын мақсатына қарай екіге бөлуге болады.
Б і р і н ш і с і — табиғи ресурстарды экономика-лық, экологаялық
сауықтыру, өнегелі-эстетикалық қажеттіктер үшін пайдалану қүқығы.
Е к і н ш і с і — табиғи рссурстарды адам өмірі мен денсаулығы үшін
пайдалану құқығы.
Бірінші топтағы табиғи ресурстарды пайдалану құқығы табиғи қорлардың
белгілі бір түрін немесе түрлерін заңдарда көрсетілген мақсаттарға тиімді
пайда-лануды және оларды қорғауды көздейді.
Екінші топтағы табиғи ресурстарды пайдалану құқығы атмосфералық ауаның
тазалығын, климатқа, жерге, орманға, суға, тағы басқа табиғат объектілеріне
табиғи немесе жасанды апаттың болмауын талап етеді.

§4. Табиғи ресурстарды пайдалану мен айналадагы табиғи ортаны қорғауды
мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі

Табиғаттың негізгі ресурстарын пайдалану мен айна-ладағы табиғи ортаны
қорғауды мемлекеттік басқару — қоғамды әлеуметтік басқарудың бір саласы,
яғни ол мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады.
Экологая саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болагын үш
жағдай бар.
Б і р і н ш і — Қазақстан Республикасы — табиғи ресурстардың жеке дара
меншік иесі.
Е к і н ш і — Қазақстан Республикасы — ха-лықтың ресми өкілі.
Ү ш і н ш і — айналадағы табиғи ортаны қорғау, оның адамның өмірі мен
денсаулығына қолайлы болуын қамтамасыз ету қызметін атқаратын мемлекет,
оньщ ор-гандары мен лауазымды адамдары заң жүзіндебелгіленген өкілеттіктері
шегінде жүзеге асыру құқына ие болады.
Мемлекеттік экологаялық басқару табиғи ресурстарды — жер, су, орман, жер
қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануы,
қорғалуы, табиғи ортаның, оның адам өмірі мен денсау-лығына қолайлы болуы
саласындағы бағдарламалардын, жоспарлардың және шаралардың орындалуын
ұйымдас-тыру, іске асыру болып табылады.
Бүл салада мемлекеттік экологиялық басқарудың құқықтық негіздері —
Қазақстан Республикасының Кон-ституциясы, Қазақстан Республикасында
"Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" заң, Жер кодексі, Жер қойнауы және
минералдық шикізаттарды ұқсату туралы, Су, Орман _ кодекстері, жануарлар
мен өсімдіктер дүниесі, атмосфералық ауаны қорғау туралы және басқа
экологиялық зандар мен зандық актілер.
Басқарудың нысандарына заң шығарушылық, құқық қолданушылық, құқық
орындаушылық және құқық корғаушылық қызметтері жатады.
Басқарудың мақсаты — экологиялық бағдарламалар-дын, жоспарлардың және
шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, айналадағы табиғи ортаны қорғау, та-
биғи қорларды тиімді пайдалануды және осы салалар-дағы заңдар ережелерінің
бүзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығьша табиғи ортаңың
қолайлы болуына жағдай жасау.
Басқарудың осы аталған әдістеріне экологиялық қатынастарды реттеп отыру,
түсіндіру, тәрбиелеу, білім беру, экономикалық ынталандыру, экологиялық
тәртіп пен ережелерді бүзғаны үшін жазаларды қолдану шара-лары жатады.
Экологиялық басқарудың мақсаты мен әдістсрі осы саладағы экологиялық
заңдардың негізгі арқауы және қатынастарды реттейтін ережелердің мазмүны
болып та-былады. Басқарудың жүзеге асырылуы мемлекеттік және қоғамдық
құрылымдардың, лауазымды адамдар мен аза-маттардың іс-әрекетіне, қызметіне
және олардың қүқықтары мен міндеттерінің заңдарда толық қамтылуына
байланысты болады. Экологиялық басқарудың мақсаттарын басшылыққа ала
отырып, атқарылатын экологиялық қызметті мынадай түрлерге бөлеміз:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологи-ялық бағдарламасын,
облыстардың, қалалардың, аудандардың бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге
асыру.
2. Айналадағы табиғи ортаны қорғау мен оны пай-далануды басқарудың
экономикалық тетігін белгілсу (айналадағы табиғи ортаны жоспарлау,
экологиялық бағдарламаларды және оны қоргау жөніндегі шараларды
қаржыландыру).
3. Табиғи ресурстарды пайдалануға бсру және ақы төлеу тәртіптерін
белгілеу.
4. Табиғи ресурстарды есепке алу, бағалау, олардың кадастрларын жүргізу.
5. Жалпыға бірдей экологиялық тәрбис мен білім беруді ұйымдастыру.
6. Айналадағы табиғи ортаның сапасын нормалау.
7. Табиги қорларды пайдаланудың экологиялық нор-мативтерін, лимиттерін
белгілеу.
8. Ластайтын заттарды айналадағы табиғи ортаға шығару мен ластаудың жәнс
қалдықтарды орнала-стырудың тәртібін бекіту.
9. Республикалық • табиғат қорғау қорын қүру және оның жұмсалу тәртібін
белгілеу.
10. Айналадағы табиғи ортаны пайдала'ну мен қорғауға мемлекеттік
қадағалау және оған бақылау жүргізу.
11. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу.
12.Төтеншс экологиялық жағдай және экологиялық апат аймақтарын белгілеу.
13. Айналадағы табиги ортаны қорғау саласында ха-лықаралық
ынтымақтастықты үйымдастыру.
14. Айналадағы табиғи ортаны коргау, табиғи ресурстарды
пайдалану және қоргау, айналадағы табиғи ортаның
адам өмірі мен дснсаулығына қолайлы болуына жағдай жасау
туралы заңдар мен заң актілерді дайындау және кабылдау.
Қазақстан Республикасының экология туралы зандарын-да
экологиялық қызметтін басқа да түрлсрінің қаралуы және қызмет-тердің
мазмұнына өзгертулер мен толыктырулар енгізілуі мүмкін. Аталған
экологиялық қызметтер басқару және'өкілетті органдардың, лауазымды
адамдардың занда көрсетілген күзыреті мен
өклеттілігі шегіндс жүзсге асырылады.

§5. Айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдаланудың мазмүны

Айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдаланудың мазмүны республикалық,
облыстық, қалалық және аудандық бағдарламалар мен жоспарларда қаралған ша-
ралар, табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудың, қаржыландырудың, оны
пайдаланғаны үшін ақы төлеудің, сонан келген зиянды өтеудін, пайдалануды
шсктеудің, нормативтердің, жаңғыртуды көтермелеудің ережелерін, табиғатты
қорғау заңдарын бүзғаны үшін жауаптылық және басқа экологиялық қызметтердін
ерсжелсрін камтиды.
Айналадағы табиғи ортаны қорғауды жоспарлау қоғамның экологиялық және
экономикалык, мүдделерін ғылыми негізде үштастыруды қамтамасыз етіп,
соңғысына басымдық беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикалық және
әлеуметтік дамуының мемлекеттік экологиялық бағдарламасы негізінде,
Қазақстан Республикасының және онын жекелеген аймақтарынын, табиғи қорлары
мүмкіндіктерін, табиғат қорғау зандарының талаптарын сақтауды ескере отырып
жүзеге асырылады.
Айналадағы табиғи ортаны қорғау саласындағы рес-публикалық және салалық
жоспарлау аумақтық жоспар-лаудың көрсеткіштері негізінде іскс асырылады.
Айналадағы табиғи ортаның сапасын мөлшерлеу ха-
лықтың экология жағынан кауіпсіздігіне кепілдік бс-
рстін, атмосфсралык, ауаны, суды, жерді, өсімдіктер мен
жануарлар дүниссін ластаудан қорғауды, шаруашылык
және өзгс дс қызмст нәтижссінде табиғи рссурстарды
тымды пайдалану мсн жакғыртуды камтамасыз стетін,
жол беруге болатын шскті нормаларын белгілеу
мақсатымсн жүргізіледі.

§6. Айналадагы табиғи ортаны пайдалану мен қоргауды мемлекеттік бақылау

Айналадағы табиғи ортаны пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау
өзінің алдына шаруашылық және өзге де қызметтің ықпалымен сол ортаның жайы
мен өзгерістеріне бақылауды, оны қорғау және сауықтыру, табиғи ресурстарды
ұтымды пайдалану туралы заңдардың талаптары мен оның сапалық нормативтерін
сақтау жөніндегі жоспарлар мен шаралардың орындалу-ын тексеруді міндет етіп
қояды.
Осы міндеттерден табиғи ортаны пайдалануды және қорғауды бақылау — бұл
құқықтық қорғауды іске асы-ратын өзіндік жүйесі бар, дербес мемлекеттік
қызмет екені айқындалады. Оның объектілері жалпы айналадағы табиғи ортаны
қорғауды бақылау міндеттерінен туын-дайды.
Айналадағы табиғи ортаны пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік
бақылау жүйесі мемлекеттік, ведомствольтқ өндірістік және қоғамдық
бақылаудан тұрады.
Мемлекеттік бақылауды барлық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының
экология және биоресурстар жөніндегі министрлігінің органдары және арнайы
уәкілдік берілген өзге де органдар өздерінің құзыреті шегінде жүзеге
асырады.
Ведомстволық бақьшауды министрліктер, ведомство-лар жүзеге асырады және
өзіне айналадағы табиғи ор-таны қорғау, табиғи ресурстарды үтымды пайдалану
мен жаңғырту, айналадағы табиғи ортаны сауықтыру жөніндегі жоспарлар мен
шаралардың орындалуын тек-серуді, табиғи орта сапасы нормативтерінің
сақталуын, табиғат қорғау заңдары талаптарының, Экология және биоресурстар
жөніндегі министрлік пен арнайы уәкілдік берілген өзге де органдар
бүйрықтарының орындалуын тексеруді міндет етіп қояды.

§ 7. Экология заңдарын бұзудың түсінігі мен белгілері.

Экология зандарын бұзу – белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және
табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы келетін кінәлі әрекет немесе
әрекетсіздік.
Экологиялық тәртіп — адамның өз өмірі мен денсау-лығы үшін айналадағы
табиғи ортаның қолайлы болуы-на қүқығын қамтамасыз етудің, қазіргі және
болашақ үрпақтың мүдделері үшін айналадағы табиғи ортаны қорғаудың, адам
қызметінің осы ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеудің, табиғи тепе-
теңдікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың ережелері мен негізгі
түпкі бастамаларының (принциптерінің) жүйесі.
Табиғи ортаға зиян келтіру — табиғат объектілеріне, оның адам өмірі мен
денсаулығына қолайлы болуына немесе табиғатты пайдалануда заңсыз залалды
әрекеттер жасаудың экологаялық және экономикалық салдарынан туындайды.
Экологаялық салдарға табиғи ортаның таза болмауы, бүзылуы, адам қызметіне
және денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болмауы жатады.
Экономикалық салдарға табиғи қорлардьщ сарқьшуы, бүзьшуы, табиғаттан
алынатын табыстардың азаюы не-месе болмауы, табиғатты қалпына келтіру
шығындары жатады.
Экология заңдарының (жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны және
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және басқа табиғатты қорғау
завдарының) тиісті бабтарында қүқықтық жауаптылық түрлері көрсетілген.
Жер кодексінің XXXV тарауы — "Жер завдарын бұзғандық үшін жауаптылық",
"Жер қойнауы және ми-нералдық шикізатты !үқсату туралы" кодексінің XV
бөлімі — "Жер қойнауы жэне минералды шикізатты ұқсату туралы заңдарының
бүзылғаны үшін жауапты-лық", Су кодексінің XXVI тарауы — "Су зандарын
бұзғаны үшін жауаптылық", Орман кодексінің 75-бабы — "Орман зандарын
бүзғандық үшін жауаптылық" деп аталады.
Осындай тараулар мен баптар "Атмосфералық ауаны қорғау туралы",
"Жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін арттыру және пайдалану туралы"
заңдарда да бар.
Экологиялық заңдарда қүқықтық жауаптылықтың қылмыстық, әкімшілік,
материалдық (аззматтық) тәртіптік түрлері көрсетілген. Айналадағы табиғи
ортаны қорғау туралы заңның 69-бабында тәртіптік және мате-риалдық
жауаптылықтың, 70-бабында әкімшілік жауап-тылықтың, 71-бабында қылмыстық
жауаптылықтың қандай әрекет қемесе әрекетсіздіктің нәтижесінде туын-дайтын
түрлері көрсетілген.
Экологаялық тәртіпті бұзудың төрт белгісі бар: тәртіпті бұзушының кінәсы,
заңға қарсы бағыт, заңды бүзудан келген зиянның себепті байланысы, табиғи
ор-таға, адамның денсаулығына (өміріне) келген зиян не-месе ондай залалдын
сөзсіз болу қаупі. Тәртіп бұзушының кінәсы: қасақана немесе абайсызда болуы
болуы мүмкін. Заңға қарсы бағыт табиғи ортаны қорғау немесе тиімді
пайдалачу туралы занды қасақана бүзады. Мүндай занды бүзушылықты 3 топқа
бөлуге болады.
Бірінші топқа — табиғи ресурстарды заңда көр-сетілген реттерде алуға-
сатуға, сыйға тартуға, кепілдік беруге, өз бетімен айырбастауға және осы
сияқты жер-ге, жер қойнауына, суға, орманға, жануарлар мен өсімдіктер
дүниесіне мемлекет меншігі қүқығын тікелей немесе жасырын түрде бүзатын
әрекеттер жатады.
Екінші топқа — жер, оның қойнауы, су, орман, барлық сан алуан түрлері
бойынша алғанда жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, дағдылы және сирек
кездесетін ландшафтар, табиғи қорықтар, табиғи заказниктер, үлттық табиғи
парктер, табиғат ескерткіштері, жердін климаты мен озонды қабаты, сондай-ақ
атмосфералық ауа және табиғи экологиялық жүйелер мен биосфера-ның
компоненттері (сыңарлары) ретінде өзге де табиғи объектілерін қорғау,
пайдалану қүқығына қарсы жою, ластау және өзге де үтымсыз әрі салдыр-салақ
пайдала-ну әрекет немесе әрекетсіздіктер жатады.
Үшінші топқа — адамдардың деңсаулығы мен өміріне, сондай-ақ мүлкіне
табиғи жағдайлар мен ша-руашылық жәңе өзге де қызметтің зиянды ықпал ететін
заң бүзушылықтарының түрлері жатады.
Табиғатты пайдалану және қорғау туралы заңдарын аталған үш топқа бөлгенде
айналадағы табиғи ортаны қорғауға тиісті объектілер ескеріліп отыр. Егер
мемле-кеттік мүддесін басшылыққа алсақ, онда табиғат қорғау заңдарын
бүзғаны үшін жауаптшіықтың түрлерін мем-лекеттің қоғамдық мүдделеріне,
экологаялық және экономикалық мүдделеріне қарсы бағытталған түрлеріне
бөлуге болады.

§8. Қазақстан Республиқасының жер қорының түсінігі
және оның қүрамы, жерді қоргау объектілері, жер құқықтық қатынастары және
оның объектілері мен субъектілері

Жерді құқықтық қорғау дегеніміз — жердің қүнарлылығын сақтау, арттыру,
иемдену және пайдала-ну ережелерін сақтау, жерді ұтымды пайдалануды
қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық және басқа да кешенді шаралардың
жиынтығы.
Жерді құқықтық қорғау шаралары жер туралы заңның негізгі мазмұнын
қүрайды. Олардың көпшілігі жер иемденушілер мен пайдаланушылардың, өкілді
және атқару органдарының құқықтары мен міндеттерінде қаралған. Жерді қорғау
ережелері өндірісті шаруашы-лықты реттейтін завдарда да кездеседі.
Жер қатынастары мәселесінде, жер және табиғат қорғау зандарын бұзғаны
үшін ескерту, өндірісті тоқтатып қою, кінәлы лауазымды адамдарды және жеке
тұлғаларды жауаптылыққа тарту шаралары жүзеге асы-рылады. Мұндай шаралар
табиғатты, оның ішінде қорғау рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы,
қорықтар мен табиғи заказниктер, курорттар туралы зандар арқылы да жүзеге
асырылады.

Қазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз — мемлекет меншігіндегі,
оның аумағын түгел қамтитын жер шарының қүрлықтағы бір бөлігі. Бүл
анықтамада жер қорының аумағына су мен мүз асты және орманды жерлер де еске
алывған. Совдықтан жердің астындағы немесе жердің үстіндегі басқа табиғи
объектілер жер қорының сипатын өзгерте алмайды. Жердің белгілі бір мақсатқа
пайдаланылуы, оның қүрамын белгілейді. Сондықтан Қазақстан Республикасының
жер қоры нысана-лы мақсатка сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:
1. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер;
2. Елді мекендердің (қалалардың, жүмысшы поселке-лерінің және селолық
елді мекендерінін) жері;
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге мақсаттағы жер;
4. Табиғат қорғау, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы
жер;
5. Орман қорының жері;
6. Су қорының жері;
7. Запастағы жер.
Жерді екінші Санатқа көшіру оны негізгі нысаналы мақсаты өзгерген ретте
жүргізіледі. Жерді санаттарға жатқызуды және оны бір санаттан екіншісіне
көшіруді осы жерді беру туралы шешім қабылдаған орган жүргізеді (Жер
кодексінін 4-5-баптары),
Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын Жер кодексі және соған
сәйкес қабылдаған басқа да Қазақстан Республикасының заң актілері ретгеп
отырады.
Жердің құқықтық қатынастары дегеніміз — жер зандары ережелерімен
реттелетін жерді иемдену, пайда-лану және қорғауға байланысты, яғни жер
заңының ережелеріне сәйкес пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТАҚЫРЬІБЫ
ҚР табиғатты қорғау туралы заңдары
Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі
Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі
Экология құқығы түсінігі
Экологиялық құқықтық қатынастар және олардың субъектілері мен объектілері
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
«Экологиялық – құқықтық реттеудің түсінігі, мәні. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы.»
Экология құқығының объектілері
Пәндер