Дэвид Ллойд Джордж-ағылшын қайраткерінің саяси өмірбаяны


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Ғылым және Білім министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет

Реферат

Дэвид Ллойд Джордж-ағылшын қайраткерінің саяси өмірбаяны

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 2007 жыл

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім: Д. Ллойд Джрдждың саяси мәнсабының

қалыптасуы.

а) Л. Джордждың либералдар кабинетіндегі қызметі

ә) Л. Джордж Ұлыбритания премьер-министрі

б) Премьер - министр қызметіндегі Л. Джордж саясатының

негізгі бағыттары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Дэвид Ллойд Джорджты XX ғасырдың ірі мемлекет қайраткерлерінің қатарына енгізуге болады. Дэвид Уэльстің аграрлы аймағында саясаткер болып қалыптасқан болатын. Ол өмірінің көптеген жылдарын туған мекенінің мәселелеріне көңіл бөле өтті. Ол қарапайым бұқара халықтың мүддесін қорғаушы деген атаққа ие болды.

Ғасырлар тоғысқан кезде Ллойд Джордж үлкен саяси аренаға шығып, 1905 жылы билік басына келген ағылшын Либерал партиясының көшбасшыларының бірі болды. Бұл кезеңде Ллойд Джордж білікті саясаткер және стратег болып көрінді. Либералдар Кабинетінің қабылдаған әлеуметтік реформалардың негізін қалаушы.

1916 жылдың желтоқсан айында Дэвид Ллойд Джордж Ұлыбританияның премьер-минстрі болып тағайындалады. Осы кезде оның аты әлемге әйгілі саяси көшбасшы ретінде танылады.

Менің бұл жұмысымда қарапайым ауыл отбасынан шығып, консервативті Англияның саяси аренасына құдіретті тұлғаға айналған Ллойд Джорджтың ішкі қасиеттерін сипаттай отырып суреттеуге тырысамын.

Жұмыстың өзектілігі-тұлғаның тарихтағы роліне өмірлік ғылыми қызығушылық.

Тақырыбы- ірі ағылшын қайраткері Дэвид Ллойд Джорджтың саяси биографиясы.

Д. Л. Джорджтың биографиясына көптеген Батыстың және Ресейдің тарихшылары өз еңбектерін арнаған. Д. Л. Джорджтың өмірі мен қызметі тек қана тарихшыларды ғана емес, сонымен қатар саясаттанушылар мен заңгерлердің де қызығушылығын тудырды. Тіпті, оған қоса, әдебиеттанушылар да Ллойд Джорджтың ағылшын империялизмі тарихында қалдырып кеткен 10 еңбегін зерттеумен қызыға айналысты.

Ллойд Джорджтың осындай сәтті қызметі Батыс публицистері мен тарихшыларының қызығушылығын шақырды. Ллойд Джорджтың билік басындағы қызметі кезінде Г. Дю-Парк пен Х. Эдварс оның толық шығармашылык өмірбаянын баяндайтын еңбектерін арнаған болатын.

I дүниежүзілік соғыс кезінде Ллойд Джорджқа арналған 1916 жылы Стокгольмде тарихшы Л. Нордстремнің еңбегі басылып шығады. Ол ағылшын Кабинет қызмет орнындағы министрлердің жұмыстарын сараптап, өз Үкіметіне әлеуметтік реформалардың жағымды жақтарын қабылдауды ұсынды. Сол жылы орыс тарихшысы Мыйскийдің Л. Джорджке арнаған еңбегі шығады, ол өз еңбегінде саяси мінездеме бере отырып, П. А. Столыпиннің саясатына кейбір ұқсастығының барлығын ескертіп кетеді.

Соғыстан кейін франсуз авторы Ж. Бордудың «Ллойд ДЖордж және Франция» атты еңбегі шығады. Бұл еңбекте автор сол кезеңдегі Англия мен Францияның саяси және дипломатиялық қатынастарын айқын көрсеткен.

1948 жылы Ллойд Джорджтың айтарлықтай «ресми» биографиясы шығады. Бұл еңбектің авторы ағылшын тарихшысы М. Томсон ағылшын саясаткерінің қызметінің барлық жақтарын объективті түрде ашып көрсетеді.

Кеңес Үкіметінің деректануында Ллойд Джорджтың тұлғасы маңызды орын алады. Англияға, соның ішінде Д. Л. Джорджтың қызметін зерттеген көптеген Ресей тарихшыларының ішінде ерекше орын алатын К. Б. Виноградов болып табылады. Ол өзінің «Дэвид Ллойд Джордж» атты еңбегінде саяси мансабының қалыптасуының басынан бастап соңына дейін зерттеп, ашып айтуға тырысты.

Ллойд Джордж «Әскери мемуарлар», « Бейбітшілік келісім шарттар жөнінде ақиқат» атты мемуарларында коалициялық Кабинеттің қалыптасуы жөнінде сонымен қатар, министрлікке ұсынылып отырған кандидаттардың қасиеттеріне мінездеме беріп, министрлердің қызметтерін баяндайды. Ллойд Джордж сонымен қатар, Британияның саясаты, әр түрлі саяси партиялар арасындағы қарым-қатынастар туралы өзінің пікірінше сарапаттап, ашып айтады. Ғасырлар арасындағы кезеңде болған ағылшын - бург соғысындағы өз позициясын ұстанғанын суреттейді.

Ллойд Джорджтың парламент арқылы қабылдаған негізгі заңдары А. Молок пен В. Орловтың редакциясы бойынша басылған Жаңа Заман тарихы Хрестоматиясының екінші бөлімінде көрсетілген.

Сол кезеңдегі Англияның сыртқы саясатын « 1870-1918 жылдардағы Халықаралық қатынастар» атты құжаттар жинағында анық баяндалған.

Ллойд Джорджтың хронологиялық шегі XIX ғасырдың 70 жылдары оның көзқарасының қалыптасуы мен Ұлыбританиядағы 1916-1918 жылдардағы премьер-министр қызметін атқарған кезеңді қамтиды.

Ллойд Джорджтың саяси көзқарастарының қалыптасуы.

Сол кездегі Англияның әлеуметтік жағдайы қарапайым халық үшін өте қолайсыз еді. Айтарлықтай жердің үлкен көлемі ағылшын помещиктерінің иелігінде болды. Ллойд Джорджтың туған өлкесі Уэльсте бұқара халық өмір сүру мүмкіншіліктері болмағандықтан, туған жерлерін тастап, тіршілік етуге қолайлы жерлерді іздеп көшіп жатты. Оның үстіне сол кезде діни салттың да кері ықпалы күшті болды. Англияда тыйым салынған ескі салық жүйесі, жер салығы- шіркеу десятинасы салынып отырылды.

Сол кездегі Ұлыбританиядағы екі партияның либералдар партиясын Уэльс халқы қолдаушы еді. 1968 жылғы парламент сайлауында Уэльс аймақтарының басым бөлігінде либералдар партиясы жеңіскежеткен болатын.

Жас Дэвид Криччитке барып газеталар алып келіп, сауатсыз халыққа оқып беретін. Соңында жергілікті саясаткерлердің «дебатына» қатысатын болды. дэвид көп оқитын. Ол Диккенс пен Теккердің романдарын, виг тарихшыларының Галлам мен Маколейдің еңбектері мен танысып, Генри Джорджтың шу болған романы « Прогресс және кедейшілікті» оқып шығады. Бұл роман Америка президенті Авраам Линкольнге арналған болатын. Ллойд Джордж 17 жасында «брут» деген лақап атпен мақала жазады, онда ол консерванттың Ауғаныстандағы саясатына наразылық білдіреді.

Ллойд Джорджтың либералдар кабинетіндегі қызметі.

1905 жылға таман Ұлыбританияда қызулы жағдай қалыптасты: жұмысшылар партиясының ықпалы өсіп, екі партиялы жүйге қауіп төніп тұрды. 1905-1906 жылдары Англияның жағдайы күрделі болып қала берді. Консерванттар үкіметі Жапониямен одақтасып, Франциямен жақындасу әрекеттері сәтті өтті. Антантаның құрылуы да Германия мен Англия арасындағы қарсыластығын жою үшін қолданған шара болатын. Әлеуметтік саладағы мәселелер шешілмей қала берді. Сөйтіп, Ұлыбританияның алдында мынадай екі партияның қайсысы мемлекетті әлемдік масштабтағы соғысқа әскери - саяси жағынан және идиологиялық жағынан дайындап, сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық, саяси өміріне жаңа бағыт өзгерістер әкелуге қабілетті деген мәселе тұрды.

Осы кезде консерванттар үкіметі өздерінің министрлік мансап орындарынан кететіндерін түсіне бастады. Ллойд Джордж парламентте оларға қарсы астыртын әрекеттер жасап, олардың үкіметтен кетуін тездетуіне өз ықпалын тигізді. Осы кезден бастап Ллойд Джордж мықты саясаткер ретінде таныла бастады. Дэвид Бэкингем сарайына әр түрлі салтанатты кештерге шақырыла бастады. Сөйтіп, 1905 жылғы « жұмыссыздар туралы заң» консерванттар кабинетін құлатып, орнына либералдар үкіметі құрылды. Сол кезде либералдар үкіметінің құрамында үш болашақ премьер-министрлер: Асквит, Ллойд Джордж және Черчилль болды.

Жаңа кабинеттің құрылуы қарсаңында Ллой Джорджтың қандай министрлікке басшылық етенін ағылшын көпшілігі баламақ болды, бірақ ішкі істер министрі болғысы келген Ллойд Джордж оған ұсынылған сауда министрі орнынан бас тартқан жоқ. Ллойд Джорджтың сауда министрлігіне келгеніне дейін ешқандай заң жобалары шығарылмаған еді, сондай-ақ мемлекет экономикасына, көлік қатынаына, байланыс саласына өзгерістер алып келетін заң дар қабылданбаған еді. Атап айтқанда Ллойд Джордж дәл осы сауда министрі ролінде өзін асып түсетін ұйымдастырушы етіп көрсетті. Ллойд өзінің әрбір жұмыс күнінде кәсіпкерлермен, кеме иелерімен, акционерлермен кездесулер жүргізіп отырды. Оның мақсаты қазынаға неғұрлым кіріс түсіру.

Дэвид Ллойд Джорд өзінің міндетінен басқа да жұмыстармен айналыса бастайды. Ол бүкілбритандық масштабта әлеуметтік реформалар жүргізуді ұсынады. Сонымен қатар, Ллойд Джордж темір жол жұмысшылары тарапынан шыққан наразылық шерулерін басу мәселелерін шешеді. Осыдан кейін ол әлемге әйгілі болады. Король мен королева да өз құштарлылын білдіреді және кайзер Вильгельм II Ллойд Джорджпен ұзақ әңгімеден кейін Германияға құрметті кездесуге шағыраындығын айтты. 1907 жылдың аяғына таман Ллойд Джорджтың көмегі тағы да мемлекетке пайдалы болады. Ол Манчестердегі мақта өнеркәсібімен дауды шешіп береді. Бірнеше айдан кейін сауда министрі Ллойд Джордж Солтүстік Шығыс Англияның механик-кемесалушыларымен қақтығысынан құтқарады.

Сөйтіп, Ллойд Джордж 1906-1907 жылдары Англия үкіметінде алдыңғы ролде болды.

1908 жылы Англияның сол кезегі премьер-министрі Кэмпбелл Банерман биліктен кетеді. Одан кейін жаңа билікті Асквит құрады. Ал Ллойд Джордж қазына канцлері болып тағайындалады. Ллойд Джордж дереу өз жұмыстарына кірісе кетті. Ол енді 1909 жылдың бюджетін қарастыруға кірісті. Сол кезде оны мемлекет қазынасына қаншалықты және қалай кіріс түсіремін деген ой мазалады. Бұл заңда кәрі жасқа келген жұмысшыларға зейнет ақы беру туралы бап болды. Сол кезде зейнет ақы Жаңа Зеландия және Австралия Одағының екі провинция беріле бастаған болатын. Зейнет ақыны 70 жасқа толған азаматтар ғана алуға құқылы юолды. Бұл әлеуметтік реформалардан кәсіпкерлер мен коммерсанттар сескене бастады, бірақ Ллойд Джордж оларды бұл реформалардан қорқатын ешбір себептің жоқтығын мәлімдеді. Алайда, «1909 жылғы бюджет» атты Ллойд Джорджтың шығарған заңы парламентте ұзақ уақыт талқылауда жатты. Төменгі палата өзінің келісімін берсе де, жоғарғы лордтар палатасы бұл заңды қабылдаудан бас тартты. Олар лордтар, ірі жер иеленушілер, помещиктер бұл заң бойынша қойылатын жаңа салық жүйесіне қарсы болды. Сондықтан да үкімет қауым палатысының қолдауымен қабылдаған заң бойынша лордтар палатасының ұстанған бұл позициясы конституцияға қайшы келеді деп таныды. Сөйтіп, Асквит 3 желтоқсанда парламентті таратады.

Дэвид Ллойд Джордж лордтарға қарсы ұйымдастырылған митингілерде лордтарға қарағанда салықтарды төлеп, онда ешқандай қорқыныш жоқ екіндігін білген бизнесмен достары туралы айтты. Бірақ, ол жаңадан құрылған парламентте де көмегін тигізбеді. Жаңа парламентте дауыс беруде лейбористер 275 депутаттың дауысын жинаса, консерванттар273 дауыс жинады, енді шешуші дауыс 82 ирландық депутаттарының дауысы еді.

Сөйтіп, 1910 жылдың 28 сәуірінде бюджетті лордтар палатасы қабылдады. Лордтардың алдындағы саяси жеңіске жеткеннен кейін, енді Ллойд Джордж Асквитті консерванттардың көмегімен болса да премьер-министр орнынан түсіру мақсатын қояды. Осы жылдары Ллойд Джордж достарының қатарында әр түрлі партияларды қолдайтын әрә бизнесмендер көбее бастайды. Солардың ішінде: қаржы маманы Айзекс, газет магнаты Риддел, Канададан келген миллионер Эйткен болды. 1910 жылы Ллойд Джордж премьер министрге «әскери кеңес» құру жөнінде ресми түрде ұсыныспен келді. Бірақ, Асквит өзінің қауіп тұрғанынна мән бермей демалысқа кетіп қалады. Консервант министрлер мансап орнынан түсу мүмкін екені туралы жариялайды. Бұл жағдайды тез арада кабинетті қайта құрып құтқаруға болатын. Алайда, Асквиттің кабинетті Ллойд Джордж пен Бонар Лоусыз қайта құруға болмайтынына көзі жетіп отырды. Сонымен, 5 желтоқсанда Асквит корольға өзінің билік басынан кететіні жөнінде ұсыныс береді.

Ллойд Джордж Ұлыбритания премьер министрі

Дәстүр бойынша либералдар партиясы биліктен кеткеннен кейін кабинетті құру жұмысы екінші үлкен партияның көшбасшысы Бонар Лоуға ұсынылады. Бірақ Бонар лоу Дэвид Ллойд Джорджпен бәсекеге түсуді ойлаған жоқ. Консерванттар көшбасшылары Ллойд Джорджпен бірігіп жүргізетін тактика жасап шығарады. 6 желтоқсанда Ллойд Джордж корльдің үкімет құру жөнінде ресми тапсырысты қабылдады.

Ллойд Джордж премьер министрі орнына келгенмен, әлі өте әлсіз саясаткер билеуші еді. Бірақ, бұл мынадай жауапты міндетті орындау барысында ол мықты саясаткер, билеуші, ұйымдастырушы болып көзге түсті. Ол кабинеттің құрамын айтарлықтай, түбімен өзгертті. Бұрыңғы жиырма бес министрден тұратын кабинетті, бес министрге дейін қысқартып, оны әскери сипатта жасады. Алғашқы әскери кабинет Ллойд Джордж- төраға, лорд Керзон, Гендерсон, лорд Милнер және Бонар Лоудан тұрды.

Ллойд Джордж либералдардың кабинет құрамына енетіні жөнінде келген шешімінде либералдар партиясының үкіметке әсерін барынша әлсіретті. Себебі, либералдар отырысында премьер министрдің тапсырыстарын орындаудан бас тартатын резолюция қабылдаған болатын. Премьер министр Ллойд Джордж либералдардың үш өкілін ғана министр орнына қойды, олар: Асквит, бірақ ол өзі премьер болмаған кабинетте жұмыс істегісі келмеді, либералдар партиясының маңызды мүшесі болған Эдвин Монтегью және үшінші либералдық Уинстон Черчилль деп көрді. Ллойд Джордж кабинетке тағы екі маңызды министрліктер енгізді. Олардың бірі зейнетағы министрлігі және екіншісі еңбек министрлігі.

Дэвид Ллойд Джорджтың жаңа үкіметке енді бір енгізген жаңалығы ол кабинеттің секретариатын құру. Бұл орган кабинеттің қабылдап отырған шешімдер жөнінде протоколдар жүргізіп отырады. Алғашқы секретарьі болып Морис Ханки тағайындалды.

Өткен ғасырдың бірінші жартысында Ллойд Джордж жасаған Үкіметтің құрылысы Ұлыбританияның қазіргі кездегі кабинетінде өз күшін жоғалтқан жоқ, сондықтан да ағылшындықтар үшін Ллойд Джорджтың тұлға ретінде маңызды екенін ескердеді. Сөйтіп, сол кездегі Ллойд Джорджтың үкіметі мамандандандырылған, дарынды, кең тәжрибелі министрлер үкіметтің сәтті жұмысын қамтамасыз етті.

Премьер министр кезіндегі Ллойд Джорджтың саясатының негізгі бағыттары.

Премьер министрлік орнында Ллойд Джордж басынан бастап жаңа үкіметті жалпы ұлттық етіп көрсеткісі келді. Шындығында да жаңа кабинеттің құрамында әр түрлі саяси көзқарастағы әр түрлә әлеуметтік топтардағы азаматтар болды. Оларды жұмысына деген қызығушылық пен премьер министрге деген адалдығы ғана біріктіріп отырды. Премьер министр өзінің жұмыс барысында бірнеше қиыншылық мәселелерімен кездесті. Англияның ішкі мәселелері сол кездегі мемлекет ішіндегі ереуілдер саны көбейіп кетті және сыртқы саясаттағы мәселелер Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Англия соғыста бірде жеңіп, бірде жеңіліп қатысып отырды.

1916 жылдың желтоқсан айынан бастап үкімет бірінен соң бірін жаңа заңдар қабылдай бастады. Айрықша үкім бойынша сыра шығару көлемі қысқартылды. Азық түлік пен сауданы реттелу үшін бағытталған заңдар шығарылды.

1917 жылдан бастап шахтерлар мен әскери зауыттардың жұмысшыларының жалақылары көтерілді. 1918 жылдыңақпан айында сайлаушылардың санын кеңейтетін заң қабылданды. Бұл заң бойынша дауыс беруге 21 жастан жоғары барлық ер азаматтар, әскери қызметкерлер мен әйел азаматтар 30 жастан бастап сайлауға кең құқылы қатыса алатын болды. Кабинеттің өндіріс пен сауда, қаржы мен теңізде жүзуді, жұмысшылар мен батрактардың жағдайын, денсаулық сақтау мен тұрғын үй салуды реттейтін арнайы бөлімдер мен комитеттер құрылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлыбритания туралы қысқаша мағлұмат
Лойд Джордждың ішкі және отарлық саясаты
1918-1939 жылдарындаѓы Ұлыбритания
Бірінші лейбористік үкімет
Ұлыбритания жайлы
Шығыс елдері Версаль- Вашингтон халықаралық қатынастар жүйесінде
Париж бейбіт конференциясы
Париж бітім конференциясындағы ақш позициясы
Халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа принциптерді қалыптастыру
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі Версаль-Вашингтон жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz