ҚР-дағы білім беру жүйесі және мемлекеттер өқілеттіліктер жүйесі



Кіріспе
І.ТАРАУ. ҚР.дағы білім беру жүйесі және мемлкеттер өқілеттіліктер жүйесі

1.1 Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік.экономикалық тұрғыдан қарастыру.
1.2 Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен шаралар.
1.3 Білім беру саласындағы әлеуметтік.экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану.
1.4 Білімді жастардың болашағы . жоғарыға өрлететін жол.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
1. «Жастар болашағы маңызды мәселелердің бірі»; Ембергенов Қ.С. Қазақстан заман; 8 наурыз, 2002 жыл, 3 бет.
2. «Жастар құқығын қорғау»; Егеменді Қазақстан; 10 қаңтар, 2005 жыл, 7 бет.
3. «Білім беру деңгейінің көрсеткіштері»; Ембергенов Қ.С. Қазақстан заман; 22 ақпан, 2002 жыл, 6 бет.
4. «Білімді жастардың болашағы – жоғарыға өрлететін жол»; Орталық Қазақстан; 6 қаңтар, 1998 жыл, 2 бет.
5. «Жастар біздің болашағымыз»; Егеменді Қазақстан; 14 қыркүйек, 2005 жыл, 5 бет.
6. «Молодеж в современном мире»; Деловая неделя; 20 марта, 2006 год, 9 стр.
7. Энциклопедия социальной работы. Т. 1-3. – м., 1993г.
8. Гершунский Б.С. Философия образования для ХХІ века. – М., 1998г
9. Кларин М.В. Инновации в мировой педогогике. – Рига, 1995г
10. Оброзование в мире на пороге ХХІ века. – М., 1991.
11. Гусинский Б.С. Образование личности. – М., 1994 г
12. Иванов С.П. Современное образование и психологическая культура педагога. – Псков, 1999 г
13. «Жастар бостандығы мен құқығы»; Заң газеті; 25 наурыз, 2005 жыл, 3 бет

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе

І-ТАРАУ. ҚР-дағы білім беру жүйесі және мемлкеттер өқілеттіліктер жүйесі

1.1 Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан
қарастыру.
1.2 Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар
мен шаралар.
1.3 Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен
шара қолдану.
1.4 Білімді жастардың болашағы – жоғарыға өрлететін жол.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы
мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз
әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол
жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен
ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам
ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі
өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына
барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды
талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында
іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы
болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру
кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық
базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру
мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне
құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға
бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген
жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының
жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.

І-ТАРАУ. ҚР-дағы білім беру жүйесі және мемлкеттер өқілеттіліктер жүйесі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке
дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Ал,
Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12
бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18,7%)
өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұранысының өсуі мен осы
сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды
(1 кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-
ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық
бала мектепке дейінгі ұйымға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы
127 мың бала мектеп алды бағдарламамен қамтылуға тиіс.
1 кесте. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Жылдар Желі Контингент
2000 1144 135287
2001 1167 146375
2002 1162 153965
2003 1156 160708

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек
етуде, олардың 38,7%-ының жоғары білімі, 52,8%-ының арнаулы орта
педакогикалық білімі, 6,4%-ының аяқталмаған жоғарғы педагогикалық білімі
бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің 40%-ының ғана жоғары және
бірінші санаттары бар, ал 31,2%-ының санаты жоқ.
1999 жылы Қазақстанда балалардың міндетті мектепалды дайындығы
еңгізілді, бұл балаларды мектепалды дайындық бағдарламасын қамтуға әсер
етеді (1 диаграмма).

1 диаграмма. Балалардың мектепалды дайындықпен және мектепке дейінгі
оқытумен қамту көрсеткіштері

Жалпы орта білім беру. Жалпы білім беретін мектептегі реформалардың
шетелдік тәжірибесі оқытудың мерзімін 12-13 жылға дейін ұзартуды, жоғарғы
сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кәсіби оқытуды сыртқы бағалау
жүйесін еңгізуді көздейді.
Қазақстанның жалпы орта білімі жалпы білім беретін мектептер санының
көбеюімен әрі демографиялық және көші-қон процестеріне орай жекелеген
өңірлерде шағын жинақталған мектептердің өсуіне ықпал еткен оқушылар
контингенттінің азаюымен сипатталды (2 кесте).
2 кесте.Жалпы орта білім беру
Оқу жылы Мектептер саны Оқитындар контингенті
20002001 8109 3043,3
20012002 8171 3019,5
20022003 8164 3095,6
20032004 8260 3026,2

Бастауыш және орта кәсіптік білім беру. Дамыған елдердегі кәсіптік
білім беру жағдайына жасалған талдау кадрларды даярлау процессіне қатысу
үшін жұмыс берушілерді көтермелеу тетіктерінің, сондай-ақ кәсіптік білім
берудің сапасын реттеудің институтционалдық негізінің бар екенін және
кәсіптік бағдарламалардың аса ұтқырлығы мен кірігуін айғақтайды. Қазақстан
Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі 722 оқу
орнынан, оның ішінде жалпы оқушылар контингенті 341,3 мың адам 307 кәсіптік
мектеп пен 415 колледжден тұрады.
Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарында оқитындардың
контингенті 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін 10,3 мың адамға ұлғайды.
4 кесте. Бастауыш пен орта кәсіптік білім беру
Оқу жылы КМ (КЛ) Оқитындардың Мембюджет қаражаты
саны контингенті есебінен оқитындардың саны
20002001 306 88,3 75,4
20012002 312 88,1 72,1
20022003 312 89,6 82,3
20032004 307 98,7 91,3

Жоғарғы оқу орнындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы
құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 10000
тұрғынға шаққандағы студенттердің саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан
2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан (5 кесте).
5 кесте. Жоғарғы оқу орнында білім беру
Оқу жылы Жоғарғы оқу Оқитындардың Мемлекеттік тапсырыс
орындар саны контингенті
20002001 181 440715 21970
20012002 182 514738 25265
20022003 173 590982 25465
20032004 180 655661 26465

2000 жылы қабылданған Білім мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
барысында жоғарғы білім беру мамандықтарының жіктеуіші жетілдірілген. Оқу
процесінің технологиялы болуын қамтамасыз еткен бастауыш курстардың
біріздендірілген білім беру бағдарламалары мен қоса жоғарғы білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары әзірленді. Жоғарғы білімге
даярлық мамандықтары мен бағыттарының пәндері 7000 үлгі оқу
бағдарламаларымен қамтамасыз етілді.
Педагок кадрларды даярлау, кайта даярлау және біліктілігін арттыру.
Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар
контингенті 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалім
шығаратын 34 жоғарғы оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізді.
Педагогтерді даярлауға арналған мектепттік білім беру тапсырысы: 2001 жылғы
5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейін өсті.

1. Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын айқындайтын негізгі
мемлекеттік құжаттар

Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын айқындайтын негізгі
мемлекеттік құжаттарға Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы,
Жоғарғы білім туралы заң, Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы
және т.б. заңдар жатады.
Бұл құжаттарда орта, арнайы және жоғары оқу орындарында берілетін
білім бағдарламалары жазылған. Осы заңдар басшылыққа алына отырып, барлық
жлғары оқу орындарындағы оқу, білім беру процесі жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7 бабында: Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып табылады. Ал ресми
және ұлтаралық қатынастар тілі – орыс тілі демекші Қазақстанның барлық
білім беру мекемелерінде оқу негізінен қазақ және орыс тілдерінде
жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 10- бабы бойынша:
Мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқыту қазақ және орыс тілдерінде
жүргізіледі, мұның өзі тиісті оқу бөлімшелерінің қажетті санын, сондай-ақ,
олардың жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Басқа
тілдерде мамандар даярлау республиканың қажетіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарында тілдің (тілдердің) оқытылуын
Білім беру министлігінен келісім бойынша олардың құрылтайшылары белгілейді.
Көріп отырғанымыздай, білім беруге байланысты мемлекеттік құжаттарды
жоғары оқу орындарында Конституцияға сәйкес білім беру негізінен екі тілде
жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы 3-тарау, Білім беру
бағдарламалары мен білім деңгейлері деп аталатын тарауындағы 11-бап Білім
беру бағдарламаларына сәйкес білім беру бағдарламалары тиісті деңгейлермен
олардың сатыларының білім беру мазмұнын айқындайды. ҚР жалпы білім беру
(негізгі және қосымша) және кәсіптік (негізгі және қосымша) болып бөлінетін
білім беру бағдарламалары іске асырылады.
Білім туралы заңның 8-бабына сәйкес білімнің мазмұнын нақтыландыру
жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестері бекітетін жұмыс оқу жоспарларымен
және бағдарламаларымен белгіленеді.
Сонымен, бұл қарастырылған мемлекеттік заңдарда білім беруге
байланысты барлық мәселелер қарастырылған.

2. Білім мазмұнын таңдау

ХVІІІ ғасырдың аяғы – ХІХ ғасырдың басында білім беру мазмұнының
ғылыми теориялары қалыптаса бастаған. Алғашында материалдық сипатта,
дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деген атпен белгілі
болды. Я.А. Коменский өз еңбектерінде дидактикалық материализм тұрғысынан
қарастырған.
Білім мазмұнының формльды теориясын ұстанушылар: Гераклит, Цицерон,
Конт, Песталоцци болды. Ол ұстаным бойынша оқытудың негізі мақсаты
оқушылардың дұрыс ойлау қабілеттерін жақсарту. А. Дистервег Неміс
оқытушыларына басшылық еңбегінде білім беру мазмұнын қарастыру арысында
оқушылардың танымдық қызығушылық іс-әрекетіне көңіл бөлу, ақыл-есі, ойлау
қабілеттерін ескеру қажет деді.
Білім беру мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастыру барысындағы
адам балысынң іс-әрекет тәсілдерін меңгере отырып, жүйелі түрде білім алуы,
іскерлік пен дағдысын, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру және ақыл-ойы
мен сезімін дамыту. Білім беру мазмұнын әске асыру барысында тәжірибелерді,
болашақ ұрпаққа меңгерту, негізгі теорияларды, заңдылықтарды үйрету болып
табылады.
Қоршаған ортаға, алған білімен байланысты әрбір адамның құндылық
дүниесі қалыптасады. Қоршаған ортаға, қарым-қатынас нормасы негізінде өзіне-
өзі көзқарасы қалыптасады. Білім беру – білім алушының оқылаын пәндер
бойынша меңгерген білім, білік, дағдылары. Білім берудің мазмұнын
қалыптастырудың негізгі көзі мәдениет пен әлеуметтік тәжірибе болып
табылады. Білім беру мазмұны жеке тұлғаның қоғамдағы орнын табуға
көмектесуге бағытталады. Оның негізгі компоненттері – білім, білік, дағды.

3. Білім беруге байланысты мақалаға талдау

Білім беруге байланысты “Оқыту технологияларының білім сапасын
көтерудегі ықпалы” деп аталатын Б.Әбдікәрімов пен М. Соколованың “Қазақстан
жоғарғы мектебі” журналының 2004 жылғы 1 санына жарияланған мақаласы аралық
бақылау жұмысымыздың нысанасына алынып отыр.
Қазақстанның жоғарғы кәсіби мектептерінде жүзеге асыру үшін жоғары оқу
орындарында жаңа ақпааттық ехнологияларды, оқыту әдістері мен түрлерін,
заманға сай білім беруде енгізу қажет. Жаңа оқыту технологиялары білім
сапасын көтеруге ықпалын тигіңзіп қана қоймай, жоғары оқу орнына білім беру
қызметіндегі бәсекеде өзінің мүммкіншілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоғары оқу орындарындағы білім беру үрдісіне жаңа ақпараттық
технологияларды, оқыту әдісі мен түрлерін енгізу ақпараттық өнімдердің,
құралдардың негізінде педагогикалық үрдістерді қайта құруға байланысты
шаралар кешенін қабылдауда, яғни білім беруді ақпараттандыруды жүзеге
сарыду талап етеді. Білім беруді ақпараттандыру үрдісін жүзеге асыруға
барлық білім жүйесін, ең алдымен педагогтарды дайындау қажет (Қазақстан
жоғарғы мектебі. № 1, 2004. – 58 б.).
Мақалада айтылып отырған мәселе бүгінгі таңда біздің еліміздегі ең
өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бірақ бұл мәселенің өзіндік қырлары
мен сырлары да баршылық. Яғни, елімізді дамытуға басты нысанға алынып
отырған мәселе не? Ол еліміздің экономикалық жағдайын көтеру. Әрине,
экономикалық жағдайды көтеру де маңызды, бірақ бағыт жан-жақты болуы керек.
Яғни, педагог мамандарды даярлау мықтап қолға алынуы керек.
Қазақстанның жоғарғы білім беруіндегі қазіргі заманғы ақпарат
үрдістері ерекше проблеманы – білім беруді технологяландыру мен
ақпараттандыру саласындағы зерттеушілік ісін оқыту практикасымен
үйлестіретін оқытушыға көшу проблемасын тудырды. Жоғарғы мектеп педагогын
білім беруді ақпарттандыруға сай оқыту оның біліктілік деңгейін өзгертеді,
бұл оның қызметінің ерекше сипаты болып табылады. Педагогикалық үрдіс
технологиялық негізде құрылса, кәсіби педагогтың міндеті бұл үрдісті
технологияға сай барынша нақты жүзеге асыруы жатады (Көрсетілген еңбек. –
58 б.).
Педагог технологияларды барынша білім беру барысында пайдалануы тиіс
екендігі белгілі. Бірақ соған сәйкес педагог дайындалуы керек. Ол үшін жаңа
технологияларды тиімді пайдалана отырып, бұл мәселелерді жүзеге асырылуы
қажет. Яғни, ең алдымен педагог дайындалмас бұрын технологиялық жабдықталу
керек және педагог арнайы дайындап, немесе дайын педагогтарды қайта
дайындау керек. Кәсіби педагогтық қызмет белгілі бір алгоритмдермен жүзеге
асырылады. Ал оған алынған педагогикалық-психологиялық білімдер,
педагогикалық дағдылары, педагогикалық ой-таным әсер етеді.
Қазіргі заманғы технология аясындағы жаңашыл оқу үрдісін жүргізу
педагогтың қалыптасқан стереотиптерден бас тартуды талап етеді. Кәсіби
бағдарды өзгерту оның жекелеген және кәсіби ерекшеліктерін де ескеруді
талап етеді. Зерттеулер педагогтың арнайы емес ұйымдастырылған жағдайларда
жаңа оқыту технологияларына толығынан бейімделуі 3-4 жылдан соң ғана мүмкін
болатындығын көрсетті. Бұл жоғары оқу орнына қолайсыз, себебі жаңа
технолгияларды қолдану және пайдалану қысқа мерзімді қажет етеді.
Кәсіби даярланған педагогты даярлау үшін 3-4 жыл уақыт қажет деп күтіп
отырмай, оны жұмыс барысында пайдалану, қолдану және жүзеге асыру керек.
Өйткені барлығы да тәжірибе барысында игерілмек.
Қайта даярлау барысында оқыту үшін материалдық база құрылады, яғни
әдістемелік әдебиеттерді, компьютерлік техникаларды, интернет желісін емін-
еркін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әдістемелік кабинет,
лингафон кабинеттерін безендіру жатады. Педагогтардың жаңашыл тақырыптағы
мерзімді басылымдарды, жинақтарға жариялана алу конференцияларға қатысуға
мүмкіндік алады. Педагогтың ынталану деңгейін көтеру бірінші кезектегі
мәселе болып табылады.
Жаңаша технологияларды игерген, меңгерген педагогтарды даярлау бүгінгі
күннің өзекті мәселесі және келешектің нәтижесі. Педагог дайындалмай, оқу
процесінен тиімді нәтижелер күту – келеңсіз жағдай. Мақалада айтылып
кеткендей педагогтың ынталану деңгейін көтерудің бірінші кезекке қойылуы -
өте маңызды болып табылады. Әрбір адам ынталандырмай, оның пдегогикалық
деңгейінің көтерілуі әрине, өте жай, баяу жүзеге асырылуы мүмкін. Жаңаша
технологиялармен қамтамасыз етілген жоғары оқу орындарында біріншіден,
педагогтардың кәсіби деңгейін көтеру жылдам жүзеге асады, екінші жағынан,
педагогтар оқи отырып, студенттерді де оқытады. Жаңаша технологияларды
игеруге уақыт аз жұмсалады. Ал жоғары оқу орындарындағы жабдықьалу
деңгеціне келер болсақ, біздің қазіргі жағдайымыз мәз еме. Америка Құрама
Штаттанрында жоғары оқу орынжары түгілі, мектептерде де оқушылар барлық
тапсырмаларын компьютерде орындас, интернет желісін оқушылар жасқы
меңгерген. Әрине Қазақстанды Америка Құрама Штаттарымен салыстыруға
болмайды, дегенмен ең болмаса жоғары лқу орындары да жабдықталса нұр үстіне
нұр болар еді.
Менің байқауымша педагогтар түгілі жас буын студенттердің де интернет
желісі, компьютерді меңгеруі нашарлау. Оның бәрі технологиямыздың
деңгейінің сын көтермейтіндігінде. Сонымен педагогтардың кәсіби білім
сапасын көтермеуге барлық күш-жігерімізді салып, болашақ жастарымыздың
ертеңі үшін, қазақ деген халқымыздың болашағаы үшін аянбай атсалысуымыз
керек.
Жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық шеберлігінің моделі

Жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық шеберлігінің моделі

Кәсіби маман Теориялық Студентпен
жоғары білімді санаса, түсіне білетін

Жоғары мектеп оқытушысы

Педагогикалық Соңғы ғылыми және т.б. Жақсы адам
шеберлікті жаңалықтардан хабардар
меңгерген

1. Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан
қарастыру.

Жақында ғана еліміз алғашқы мүше жасын атап өтті. Бірнеше жылдар
бойы аңсаған егемендікке қолымыз жетіп, бүгінгі ұрпаққа оның қиындығы мен
қуанышын көру бұйырған. Сонымен қатар мемлекетіміздің жеке отау болып,
іргетасын қалап, алаулаған жалауын көтеру мен бірге, сол туды құлатпай,
бүкіл әлемге паш етіп, дамыған елдер алдында бас имей, ғасырлар бойы әрбір
шаршы метр жерін шоқпарымен қорғаған ата-бабалар аруағына кір келтірмей,
елімізді алға апарар ұрпақ өсіріп, тәрбиелеу міндеті қоса жүктеліп отыр.
Атам қазақ ел болам десең, бесігіңді түзе деген екен. Ендеше сол
келешегіміз, егемендігіміздің болашақ қорғаны, халқымыздың көш бастар
серкелі – жастарымыздың бүгінгі күніне бір үңіліп көрейікші. Бұл жағдай
сұрасаң, мен оны айтсам, сен де жылайсың, мен де жылаймын дегендей. Ауруын
жасырған өледі демекші, ащы да болса шындыққа бойлап, ой салып сараптап
көрелік, біздің елде білім беру дәрежесі төмен десек те қателеспейміз. Оған
бізде бірнеше себептер бар соның бірі қаржыландыру мәселесі. Әрине, қаражат
мәселесін министірлік ұсынысымен Үкімет шешуі тиіс. Менің жеке ойым, сол
министрлікте тиісті бағдарлама жасалынып есептеп, талдау жасап отырған
мамандар жоқ сияқты. Себебі, қарапайым есеппен, Үкімет басшысына, Мәжіліске
мәселе қойып шықса, сол жердегі жауапты басшылар мен депутатардың
барлығының отбасы, балалары бар, ешқайсысы қарсы болмас деп ойлаймын.
Сонымен қатар, нарықтық жағдайда кез келген өндірістік, әлеуметтік
қарым-қатынастардың шешуін табатын алуан алуан әдістер мен амалдар бар. Тек
жауаптық қызметте отырған белсенділердің жауапкершілік пен шешім қабылдау
батылдығы керек. Мысалы, заманның ауыр кезеңінде кейбір облыстар қысқарып
жатқанда, қазіргі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов Атырау
облысын екі-үш жыл ішінде, өткен Одақтың бірінші хатшылары мен өзіне деген
әкімдерін халық ісін істемеген қыруар шаруаларын шешіп еліне деген
махаббаттың нарықтық істер мен дәлелдеп жергілікті тұрғындар кеңесіне
кенелді. Ал министр болғанда, айлап-жылдап, күндіз-түні отырып жазған қол
жазбаларын баспаға бере алмай қаражатсыз қиналып жүрген жүздеген ақын,
жазушыларға қолұшын беріп бүкіл қазақ еліне керекті, заманымыздың әдеби
мұра болатын кітаптарын шығарып берді. Бұл не көрсетеді? Демек, елім-халқым
деген басшылар болса тап біздің Қазақстанның байлығы, мүмкіндігі азынаулақ,
15 миллионнан сәл асқан халқына дамыған басқадай мемлекеттер сияқты
толықтай жағдай жасап, еңбек етіп, білім алуына мүмкіндік туғызуға болады.
Өкінішке орай, кейбір шенеуніктер ел жағдайын өзінің отырған жайлы
орнымен және бала шағасының қарыны тоқтығымен өлшейтін сияқты. Осыдан
келіп, Президент айтқандай, тегіс жерден күрделі мәселе тудырып, қарапайым
халықтың жанын қинап, басын ауыртар адам естімеген, естісе сенбейтін
жағдайлар туады.
Бұл мәселенің шешуін басқа деңгейде, жергілікті жағдайда қарастырып
көрелік. Алматы қаласына жан-жақтан тіпті басқа мемлекеттерден келіп еңбек
етіп отбасыларын асырап, жағдайларын жөңдеп жүрген адамдар көп, ол баршаға
аян. Ауылдан келген студенттер де Сейфуллин, Рысқұлов даңғылдарына шығып
біреудің ауласын тазалап , үйін жөндеп, үй-мүлкін көшіріп немесе
күзетшілік, даяшылық, тағы сол сияқты жұмыстарды өз беттерімен тауып,
күнделікті тамағына, азын-аулақ киім-кешегіне қаражат тауып, жоғарғы оқу
орындағы оқуларын жалғастырып келеді. Олай болса, қалада жұмыс күшіне
сұраныс жеткілікті, яғни, оны сол жоғарғы оқу орнының әкімшілігі жергілікті
мемлекеттік атқару органдары мен бірлесе отырып сол жастардың көмегімен
белгілі бір жүйеге келтіріп, ретке салуға болатын сияқты. Ондай жүйеде
салған, біріншіден, студентердің жұмыс іздеуге кетер уақытын үнемдеп,
екінші жағынан олардың еңбегін алдамай, ақысының дұрыс төленуіне бақылау
жасау үшін керек. Нарықта осы жобаны іске асыру үшін төмендегідей жүйенің
жобасын қарастыруға болады.
Қалалық әкімшілік жанындағы Орта және шағын кәсіпкершілікті
қолдайтын департамент жанында қала бойынша күндіз-түні істейтін
диспетчерлік орын құрылып, ол қала ішіндегі уақытша және тұрақты
тапсырыстар қабылдап, олармен істелетін жұмыс көлемін уақытын, оның керекті
құрал-саймандарымен жабдықталуын, материалдармен қамтамасыз етілуін және
төлейтін еңбекақысымен келісіп, жоғарғы оқу орындарында құрылған өздерінің
филиалдары арқылы, студенттерден құрылған еңбек күштері мен атқарып отырса
болар еді.
Бұл жобаны, тапсырыс берушілер үшін де артықшылығы бар. Өйткені,
баршаға аян өз отбасының хал-жағдайын, мүмкіндігін сырт адамдардың
білмегенін қалайсың, себебі көптеген үй тонау, отбасына шапқыншылық жасау
мүмкіндігі көп мезгілде өзінің бұрын білмейтін, сырттан келген адамдарды
жұмысқа алу өте қауіпті. Ал әлгіндей жүйе болса, кез келген қала тұрғыны өз
үйінде отырып орталық диспетчерге телефон соғып, тапсырыс берер еді.
Тағы бір артықшылығы, бүкіл дүниеде үрей туғызып отырған бізден
бетін аулақ қылсын, әр түрлі бағыттардағы ұйымдар мүшелерінің қарапайым
жұмысшы ретінде қалаға еніп, лаң салу мүмкіндігін азайтады. Осы тұрғыда сол
жоғарғы оқу орындарында да өздерінің студенттеріне жағдай жасауына бірнеше
мүмкіндіктер бар.
1. Әсіресе, ұлттық және мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында
білім алу үшін төленіп отырған қаражат қалай пайдаланылып
отыр, бұл осы уақытқа дейін шешуін таппаған және өте мұқият
тексеріспен талдау жасауды керек етіп отырған мәселе.
2. Сол оқу орындарының көптеген алаңдар мен бөлмелерін,
шеберханалары мен жатаханалары оқу бағдарламасына үш
қайнаса сорпасы қосылмайын жеке тұлғаларға, іскерлерге
жалға беріліп отыр. Ал одан соң жерде еңбек етіп отырған
мұғалімдер мен студенттер нендей пайда көріп келеді, егер
жылма жыл оқу бөлмелерін сол мұғалімдер өз есебімен, өз
күштерімен жөндеуден өткізіп, тіпті керекті оқу құралдарын
да айлығына сатып алып отырса.
Сол себепті осындай жоғарғы оқу орындарын басқару және қаржыландыру
жүйелері қайта құрылып ашық айқын бір тәртіпке келтіріп тез арада шешім
табуы керек ететін үлкен бір мәселе. Сонымен қатар министрлік арқылы әрбір
оқу орындарын сол жердегі оқытушылар мен студенттерге сабақтан тыс
уақыттарында, қосымша халық тұтынатын әр түрлі құрал-саймандар, күнделікті
үй тапсырмасына керекті жабдықтар жасап қарапайым тұтынушылардан тапсырыс
алып, пайда табуын ұйымдастыру керек.
Ол үшін сол жоғарғы оқу орындарындағы барлық мүмкіндіктер соларға
жасалынып қолдау берілуі тиіс және сырттан ешбір адамға, заңды тұлғаларға
жалға беруді немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ: БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МЕХАНИЗМІ
Аймақтық басқару – жалпы басқару саласы ретінде
Қазіргі таңда аймақтық саясатты жүргізу мәселелері
Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі
Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары
Жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына жан-жақты талдау жасау
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы және мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың ғылыми-практикалық және теориялық-методологиялық аспектілерін зерттеу
Адам құқықтарының концепциясы: салыстырмалы сараптама
Мемлекеттік қызмет әлеуметтік институт ретінде
Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы
Пәндер