Жапония мемлекеті жайлы



1. Жер аумағы,шекаралары,жағдайы
2. Табиғи жағдайлар мен ресурстары
3. Мемлекеттің қалыптасу тарихы мен құрылымы
4. Халқы: табиғи өсу ерекшелігі, ұлттық құрамы, орналасуы
5. Шаруашылығы:XXIғ . ға барар жолда
6. Туризм дамуының жағдайы
Жапония – оңтүстік – шығыс азияда орналасқан аралды мемлекет. Жан – жағын теңіз сулары шайып жатыр: солтүстігінде Охот теңізі, шығысында Тынық мұхиты, ал оңтүстігінде Тынық мұхиты мен Шығыс – Қытай теңізі және батысында Корея бұғазы мен Жапония теңізі алып жатыр.
Жапонияның жер аумағын Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жалпы жер көлемі 377,8 мың км2. Жапония төрт ірі ( Хоккайдо, Хонсю, Кюсю, Сикоку) және Рюкю архипелагының төрт мыңдай ұсақ аралынан қоныстанған аралдар елі болып табылады. Жан – жағында шашраңқы орналасқан осы аралдары оның сыртқы экономикасына өз септігін тигізіп отыр, яғни аралдарда орналасқан порттар теңіз жолы арқылы оны АҚШ, Европа елдері және де Азия елдерімен байланыстырады.
Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады.
Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен, былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді және экономикасын әрдайым жоғарғы деңгейде ұстауына кепілдік жасайды.
Азияның ең шығыс нүктесі Жапонияның орны, сондықтан оның «Күншығыс елі» деп атауының жөні бар. Азияның шығыс бөлігіндегі ерекше дамыған экономикасымен көзге түсетін беделді бір мемлекетке айналуы, Шығыс Азияның дамуына өзінің зор үлесін қосты.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Жер аумағы,шекаралары,жағдайы
2. Табиғи жағдайлар мен ресурстары
3. Мемлекеттің қалыптасу тарихы мен құрылымы
4. Халқы: табиғи өсу ерекшелігі, ұлттық құрамы, орналасуы
5. Шаруашылығы:XXIғ – ға барар жолда
6. Туризм дамуының жағдайы

Жер аумағы, шекаралары, жағдайы

Жапония – оңтүстік – шығыс азияда орналасқан аралды мемлекет. Жан
– жағын теңіз сулары шайып жатыр: солтүстігінде Охот теңізі, шығысында
Тынық мұхиты, ал оңтүстігінде Тынық мұхиты мен Шығыс – Қытай теңізі және
батысында Корея бұғазы мен Жапония теңізі алып жатыр.
Жапонияның жер аумағын Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-
тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті
жағынан олардан мүлде өзгеше. Жалпы жер көлемі 377,8 мың км2. Жапония төрт
ірі ( Хоккайдо, Хонсю, Кюсю, Сикоку) және Рюкю архипелагының төрт мыңдай
ұсақ аралынан қоныстанған аралдар елі болып табылады. Жан – жағында
шашраңқы орналасқан осы аралдары оның сыртқы экономикасына өз септігін
тигізіп отыр, яғни аралдарда орналасқан порттар теңіз жолы арқылы оны АҚШ,
Европа елдері және де Азия елдерімен байланыстырады.
Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи
ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км)
жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен
теңестіруге болады.
Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен,
былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі
және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан
аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл
Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен
мүмкіндік береді және экономикасын әрдайым жоғарғы деңгейде ұстауына
кепілдік жасайды.
Азияның ең шығыс нүктесі Жапонияның орны, сондықтан оның Күншығыс
елі деп атауының жөні бар. Азияның шығыс бөлігіндегі ерекше дамыған
экономикасымен көзге түсетін беделді бір мемлекетке айналуы, Шығыс Азияның
дамуына өзінің зор үлесін қосты.

Табиғи жағдайлар мен ресурстары

Аумағының аралдық сипаты, Шығыс Азия жағалауына жақындығы, бойлық бағытта
ұзаққа созылып жатуы, жер бедерінің күрделігі және елдің жеке
бөліктеріндегі климат айырмашылықтары Жапонияның табиғат жағдайларының
өзіндік бет – бейнесін қалыптастырады.

Жер бедері, негізінен,таклы сипатта;ел аумағының 34 бөлігін құрлысы
күрделі, онша биік емес таулар мен қыраттар алып жатыр. Жапонияның ең биік
нүктесі – Фудзияма тауы (3776м). Тау шыңдарының көпшілігіжаңартауболып
табылады,олардыңжалпы саны 150,сөнбегені – 15. Құрылымы жағынан
тынықмұхиттық геосинклинальдық белдеуге енетін Жапония жерінде жылына 1,5
мыңға жуық жер сілкіну оқиғалары болады , әсіресе астанасы орналасқан
Токио шығанағы сейсмикалық жағынан қауіпті аудандар қатарына жатады.
Жазықтар мен ойпаттар, негізінен, теңіз жағалауы және өзен аңғарлары
бойымен жіңішке алап түрінде созыла орналасқан. Жағалық ойпаттар аса
қолайлы қойнаулар мен шығанақтарға ұласады.
Тау беткейлерінің тік, жартасты болып келуі, қарқынды сейсмикалық
әрекет, вулканизм көптеген таулы аудандардың шаруашылық игеруін
қиындатады. Жапония жағалауларына жақын орналасқан терең сулы шұңғымалар
аумағында жиі байқалатын су асты сілкінулері нәтижесінде апатты алып
толқындар – цунами пайда болады. Биіктігі 10 метрге дейін жететін цунами
әрекеттерінен әсіресе Хонсю және Хоккайдо аралдарының солтүстік – шығысы
көбірек зардап шегеді. Елдің жер қоры Нидерландтағы тәрізді теңізден
жаулап алынған жерлер есебінен толығуда; қазіргі кезде жасанды
алаптарда тіпті ірі кәсіпорындар мен әуежайлар салына бастады.

Жапония пайдалы қазбаларға аса бай емес, ел аумағында кездесетін
тас көмірдің, мыс пен қорғасын – мырыш кендерінің, мұнайдың қоры мардымсыз
болуымен қатар өндірісі қиындықтар тудырады. Шикізат пенотын ресурстарын
басқа елдерден сатып алуға мәжбүр Жапония соңғы жылдары Дүниежүзілік
мұхиттың ресурстарын игеруге кірісті. Мысалы, қазіргі кезде теңіз суы
құрамынан уранды бөліп алу, теңіз түбінен марганец қосындыларын өндіру
жолға қойылған. Сонымен қатар жергілікті өнеркәсіп салаларының сұранысын
қамтамасыз ететін сирек кездесетін металдардың шағын кен орындары едәуір
тиімді жұмыс істей бастады.

Жапонияның климат жағдайлары жалпы алғанда адамдардың өмір сүруі
мен шаруашылық әрекетіне қолайлы болып табылады. Жалпы алғанда, ел аумағын
3 климаттық белдеу ( қоңыржай, субтропиктік және тропиктік ) қиып өтеді.
Жапония климатын қалыптастыруда муссондардың маңызы зор. Бұған қоса Жапон
аралдары Тынық мұхиттың батысында пайда болатын тайфундардың жолында
орналасқан. Жаз айларында өтетін тайфундар тоқтаусыз нөсер жаңбырлар
әкеліп, егістіктер мен елді мекендер су астында қалады.
Оңтүстік – шығыс жағалау бойымен өтетін Куросио жылы ағысы
климатты жұмсартуға өзіндік ықпал етеді. Жапонияның орталық бөлігінде
меридиан бойымен созылып орналасқан тау тізбектері теңіз бен құрлық
арасындағы ауа алмасуына аздап та болса кедергі келтіреді. Соның
нәтижесінде құрлықтық ауа массаларының жолында жатқан батыс беткейлерде
шығысқа қарағанда әлдеқайда суық, құрғақ болады. Субтропиктік жәнетропиктік
ауыл шаруашылығына өте қолайлы, бұл белдеулерде көптеген дақылдардан жылына
екі рет өнім жинауға мүмкіндік береді.
Жер бедері мен климатының ерекшеліктеріне орай Жапония өзендері
қыска және сулы болып келеді. Ең ірі өзені – Хонсю аралындағы Синано өзені
( 367км ). Өзендер су энергиясына бай келеді, сонымен қатар өнеркәсіп пен
ауыл шаруашылығында, тұрмыстық қажеттіліктерге кеңінен пайдаланылады.
Жапон аралдарының 23 бөлігін ормандар мен бұталар алып жатыр.
Хоккайдо аралында, негізінен, қылқан жапырақты ормандар басым болса, Хонсю
аралында емен, шымшат жәнеүйеңкіден тұратын жалпақ жапырақты олрмандар, ал
оңтүстігіндегі аралдарда мәңгі жасыл ормандар таралған. Жапония
жағалауларындағы суларда балықтың 600 – ден астам түрі, былқылдақ
денелердің 1200 – ге жуық түрі мекендейді, олардың көпшілігінің кәсіптік
маңызы зор. Жер тапшылығына қарамастан Жапония жерінің 14% - ға жуығын
қорғалатын аумақтар алып жатыр, мұнда 400 – ге жуық табиғи саябақтар жұмыс
істейді.

Мемлекеттің қалыптасу тарихы мен құрылымы

Жапон жеріндегі алғашқы тайпалық бірлестіктер III ғасырда қалыптаса
бастады. Тарихи дерктерге қарағанда, IV ғасырдың ортасына қарай Ямато
тайпалық одағынан таптық негіздегі алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің
неғұрлым күшті дамыған оңтүстік – батысы VII ғасырда орталықталындырылған
жапон мемлекетінің қалыптасуына негіз болды. Алғашқы
астаналарының іргетасы Осака шығанағының жағалауында қалыптасқан. Ұзақ
уақыт бойы елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына көршілес
Қытайдың маңызы зор болды.Олардан жапондар иероглифтер жазу үлгісін,
буддизм мен конфуций діндерін, ғылыми негіздері мен шаруашылық жүргізу
тәжірбиесін қабылдады.

IX ғасырдың соңынақарай Жапония Қытаймен ресми қатнастарын үзді,
бұл жапон өркениеті сипаты қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. XII
ғасырдан бастап ел астанасының солтүстікке ығысуы, феодалдық қатнастардың
дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп шаруашылық тұрғыдан игеріле
бастауына ықпал етті. Осыған қарамастан,ұзақ уақыт бойы елдің шаруашылық
қуаты, негізінен, оңтүстікте шоғырланып келді, экономикалық орталық
қызметін Осака қаласы атқарды.
Жапонияға XVI ғасырдың соңына қарай келіп жеткен еуропалықтар
алғашқы 100 жылда өз мәдинеті мен ғылыми – техникалық жетістіктерін
қарқынды түрде енгізе бастады. 1867 – 1868 жылдары ыдырай бастаған
феодалдық қоғамда болған буржуазиялық революция императорлық билікті
қалпына келтірумен қатар, капиталистік қатнастардың дамуына негіз жасады.

XIX ғасырдыңсоңына қарай Жапония жедел капиталистік даму жолына
түсті. Ел дайын өнімді сыртқа көптеп сату арқылы ғана жергілікті отын мен
шикізат тапшылығының орнын толтыра алатын. Бұл ірі өнеркәсіп олрындарының
жағалауларында орналасуына тікелей ықпал етті. Жапонияның сыртқы саясатының
өзі елэкономикасының сыртқы нарыққа бағдарлануымен тығыз байланыста болды.
XX ғасырдың алғашқы жартысында көршіліс елдерге қатысты басқыншылық саясат
жүргізген Жапония ендігі жерде көптеген елдермен экономикалық байланыстар
орнатты. Сонымен нәтижесінде Жапония дүние жүзіндігі аса ірі экономикалық
және саяси орталыққа айналып, өз айналасындағы елдермен ынтымақтастығы арта
түсті.

Жапония – конституциялық монархия, мемлекеттің бұл құрылымы 1947
жылы қабылданған конституция негізінде анықталды. Мемлекет басшысы
император болып есептеледі, іс жүзінде мемлекетті премьер – министр
басқарады. Унитарлық мемлекет болып саналатын Жапония 10 экономикалық
ауданға және әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Елдің астанасы -
әлемдегі ірі қалалардың бірі Токио қаласы.

Халқы: табиғи өсу ерекшелігі, ұлттық құрамы, орналасуы.

Жапония халқының саны жағынан дүние жүзі елдерінің алғашқы ондығын
аяқтайды ( 128,0млн адам, 2004ж. ). Соңғы 130 жылда ел халқының саны 3,5
есеге өсті. 1875 жылы Жапонияда бар брлғаны 35 млн адам тұрған.
Алайда соңғы онжылдықтарда халқының табиғи өсу сипаты күрт өзгерді.
Қазіргі кезде туу көрсеткіші төмен ( 9‰ ), халықтың табиғи өсуі жылыны
0,16% ғана. Бұл көрсеткіш негізінде кәрі адамдардың саны көбейіп, керсінше
жас өспірімдердің саны төмендеген. Мысалы, жапон әйелдерінің
жас ұзақтығы 85 жастан асады.Жапония өсудің екінші түрінен
бірінші түріне өткен Азиядағы мемлекетке айналды.

Бұл демографиялық революция өте қысқа мерзімге өтті. Ол жапон
қоғамының аса ірі әлеуметтік – экономикалық қайта құрылуының, білім беру
мен денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуінің нәтижесінде
іске асты.
Жапония – дүние жүзінде балалар өлімінің көрсеткішінен ең
төмендігімен және өмір сүру орта жасы бойынша көрсеткішінің ең
жоғарылығымен танылған салауатты адамдар елі. Сондай-ақ оған мемлекеттік
демографиялық саясат үлкен әсер етті. Онда отбасының мәселелерін жоспарлау
жөніндегі сабақтар мектептің жоғары сыныптарында-ақ өткізіледі. Неғұрлым
кеш некелесу қатты насихатталады.
Жапония халқының ұ л т т ы қ қ ұ р а м ы мүлде бірыңғай. Бұл –
типтік бір ұлтты ел, мұнда жапондықтар халықтың 99% -ынан астамын құрайды.
Жапон тілі қте ерекше және басқа тілдік топтардың бірде-біреуіне
қосылмайды. Әрі иероглиф, әрі буындық әліппе ретінде пайдаланылатын қазіргі
жапон жазуының жүйесі де өте күрделі.
Елде ерте феодалдық кезеңнің өзінде енген екі негізгі дін бар:
синтоизм және буддизм. Дінге сенушілер бір мезетте қатар өмір сүріп жатқан
осы екі дінді де тұтынады; қайсысының әсері басым болса, соған көбірек ден
қояды.
Жапония – балаларды ең ерте жастан бастап оқытып, тәрбиелеуге үлкен
көңіл бөлетін бірден-бір жоғары мәдениетті, жаппай сауатты ел. Жапонияда
университеттердің саны бүкіл Батыс Еуропадағыдан көп. Бұл ел – байырғы
мәдениетті, әсемдікті және тұрмыс дәстүрін берік сақтаған, жапондық өмір
салты дейтін түсініктің құрамына енетін ежелден келе жатқан мәдениеттті ел.

Жапондардың ұлттық дәстүрлерінің бірі – қоршаған ортаны , ағаштар мен
гүлдерді, жануарларды аялап, қорғау дәстүрі адамдардың бойына бала жастан
сіңіп, қалыптасады. Сондықтан Жапонияда әрбір маусым бойынша табиғатта
серуендеу кең өріс алған, мысалы: көктемде жабайы шиенің (сакура) гүлдеуін,
күзде үйеңкі орманын тамашалау ұлттық мекерелердің біріне айналған. Қазір
осылардың бәрі батыстан елес бере бастады.
Экономикалық белсенді халықтың жалпыхалық санындағы үлесі өте
жоғары, ЭБХ Жапония халқының 54% құрайды. Олардың 60% - дан астамы қызмет
көрсету саласында, 22% - ы өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейді.
Х а л ы қ т ы ғ ы з д ы ғ ы н ы ң орта есебі бойынша (1 км2 –ге
340 адамнан) Жапония дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Шын
мәнінде мұнда халықтың тығыздығы едәуір жоғары, өйткені елдегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай сыртқы саясатындағы Үндістанның орны
Жапония — күн-шығыс елі
Үлкен орталық Азия идеясының мәні
Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті
Конституциялық құқықтың негіздері
Мексика Құрама Штаты
ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ
Азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі
Ұлы Морав мемлекеті
1950-1953 жылдардағы Корей соғысы: себептері, барысы, нәтижелері
Пәндер