Қазақстан Республикасының кеден органдары


Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы, мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

1. 1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының

құрылымы мен жүйесі

1. 2. Қазақстан Республикасының кеден органдарының

басты мақсаты

1. 3, Қазақстан Республикасының кеден бақылау

органдарының құқықтары мен міндеттері

2. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құқықтық реттеу құралы мен кеден саласын жетілдіру жолдары болашағы

2. 1, Қазақстан Республкасының кеден органдарының

қызметінің құқықтық реттеу мәселелері

2. 2, 2007ж - 2010ж Қазақстан Республикасының кеден

қызметінің жетілдірудің болашағы

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер

Кіріспе

Дүние жүзінде қоғамдық - экономикалық процестерді жаһандану жағдайындағы кез - келген мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің проблемаларын шешу ортаға қойылады.

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының кеден қызметінің маңызы өте зор олар;

а) кеден шекарасы арқылы өткен жеке және заңды тұлғаларының экономикалық қызығушылығын;

ә) кеден төлемдермен баждармен, салықтармен және тағы басқа төлемдермен Республикалық бюджетті максималды толтыру.

б) діндік экстремизіммен терроризіммен лицензиялық емес тауарлармен салықтармен, есірткемен, қарулармен, контрабандамен күресу;

в) кеден заңнамасындағы кеден құқық бұзушылықпен күресу;

Сонымен бірге жоғарыда атап өткен кеден қызметінің мақсаты мен міндеттері көрсетілген. Ол экономикалық қауіпсіздікті сақтап қана қоймай сонымен бірге біздің мемлекетімізді, қоғамымызды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыздандырады.

1991ж тәуелсіздігімізді алғанан кейін жаңа басқару институттар пайда болып Қазақстан тарихында жаңа кеден қызметі қалыптасты.

Ғылыми тәжірибиелік зерттеудің анализі жеке мемлекетте кеден қызметінің проблемаларына қатысты келесі түсініктер «кеден саясаты», «кеден ісі», «кеден әкімшілігі», мемлекеттік реттеудегі негізгі институттар сауда-экономикалық қатынастарды мемлекет ішінде ғана емес сонымен бірге кез-келген мемлекеттің сыртқы экономикалық реттеуде маңызды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының кеден органдарының мақсаты мен міндетін, экономикалык қауіпсіздікті қамтамассыз етуде, сонымен бірге осы органдардың жүйесін, құрамын, кеден саясатын мазмұнының кеден қатынастардың құқықтық реттеуін анықталды.

Менің курстық жүмысымда арналған сұрақтар тізімі келесідей:

1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы мен жүйесі.

2. Қазақстан Республикасының кеден органдарының басты мақсаты.

3. Қазақстан Республикасының кеден бақылау органдарының құқықтары мен міндеттері.

4. Қазақстан Республкасының кеден органдарының қызметінің құқықтық реттеу негізі.

5. 2007ж - 2010ж Қазақстан Республикасының кеден қызметінің жетілдірудің болашағы.

1. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы, мақсаттары, құқықтары мен міндеттері.

1. 1, Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы.

1991 жылдың 12 желтоқсанында Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру туралы Жарлыққа қол қойды, сонымен бірге өзіне лайық әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі белгіленді. Мемлекеттің құқық саласы әрі қарай 1995 жылы 20 маусымда Қазақстан Республикасының «кеден ісі» туралы Президенттің заң күші бар жарлығы, сонымен бірге 1999 жылы 16 шілдеде Кеден ісі туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен қамтамассыздырылды.

Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін, Қазақстан Республикасының жедел іздестіру қызметі туралы заңдарына сәйкес жедел іздестіру қызметін тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар.

Кеден қызметі 12 желтоқсанның 1991жылы Қазақстан Республикасының кеден комитеті құрылғанға дейін көптеген өзгеріске ұшырады. 1992жылы қараша айында Қаржы министрлігінің басты кеден басқармасына, 1995 жылы Министр кабинетінің тұсында кеден комитеті, 1995 жылы Қазақстан Республикасының Кеден комитеті ( Үкіметтің құрамына кірмейтін бірақ бағынатын орталық органның мәртебесімен), 1997 жылдың қаңтарынан Мемлекеттік Кеден комитетіне, 1997 жылдың қазан айнан бастап Қаржы министрлігінің тұсында кеден комитеті, 1998 жылдың қазан айыда Мемлекеттік кіріс министрлігінің тұсындағы орталық кеден органы, 2002 жылдың қырқүйегінде Қазақстан Республикасының Кеден Бақылау Агенттігі ретінде құрылды, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кеден комитеті.

Кеден комитетінің құзіретінде заңды тұлға болатын территориялық органдар кіреді оларға жататындар: аймақ бойынша кеден органдарының департаменті, қала бойынша, кеден, кинологиялық орталықтар және орталық кеден зертханасы. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы құрамы бойынша халықаралық кеден құқығына, конституциялық, әкішілік, қылмыстық, қаржылық және салықтық заңдарына тіреледі. Сонымен бірге кеден заңнамаларына Қазақстан Республикасының Үкіметінің құқықтық актілері, Кеден комитетінің құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі тағы басқа орталық мемлекеттік органдарының құқықтық актілерінен тұрады.

Кеден саласы Қазақстан үшін бірден-бір мемлекеттік егемендігін және тәуелсіздігін оның экономикалық қауіпсіздігін, сыртқы саясатын оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралы болып табылады.

Қазақстан кеден саясаты жалпы түрде - саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құруды жедел іске асыруға, оның ішкі және сыртқы экономикалық мүддесін қорғауға, әрі жүзеге асыруға бағытталған саяси құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және тағы басқа шаралар жүйесі.

Қазақстан Республикасының кеден органдары өзінің құзіретін Қазақстан Республикасының кеден аймағында жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының кедендік аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық сулар(теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, содай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасының юрисдикциясында ғана болатын өзге де обьектілер құрайды.

(курстық жұмыстың соңында жоба түрінде көрсетілген 1-ші жоба) . Сонымен бірге Қазақстан Республикасының кеден аймағында еркін кеден аймақтары және еркін қоймалар болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының кеден шекарасының жалпы көлемі 13мың километрден астам оның ішінде Ресеймен - 7 мың км астам, Өзбекістанмен- 2 мың км, Туркіменістанмен - 400км, Қырғызстамен - 1мың км, Қытаймен- 1, 7 мың км, теңіз шекарасының ұзындығы 1, 7 мың км.

Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңы кеден режимдерін және кеден төлемдерін есептеу тәртібін анықтайды, тауарлар мен көлік құралдарын кеден рәсімдеудің тәртібін, кеден органдарының мәртебесін, заңды және жеке тұлғалардың арасындағы құқықтық қатынастарды реттейді.

Республиканың кеден ұйымдарының алдында республиканың ұлттық қаупсіздігін қамтамассыз ететін мынандай міндеттер тұр: қару-жарақ пен есірткіні контрабандалық жолмен өткізумен күресу, тұтынушыларды денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп туғызатын азық-түліктер мен тауарлардн қорғау, терроризмнің алдын алу,

стратегиялық және ядролық материялды материялды заңсыз әкетуді болдырмау, ұлттық рыноктың өзін-өзі қамтамассыз ету принциптеріне қайшы келмейтіндей дәрежеде импорттың көлемі мен құрылымың ұлғаюына жағдай жасау, ойшылдық және көркемөнер құндылықтарын алып өтуді болдырмау, мемлекеттің кұрылымын бұзуға, ұлттар арасында алауыздық туғызуға бағытталған ақпараттық материалдарды өткізбеу және тағы басқа шараларды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 3-тарауының 17-бабында кеден органдарының жүйесі көрсетілген.

Қазақстан Республикасының кеден органдарының бырыңғай жүйесін құрайды:

1 кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган;

2 кеден ісі әселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана ) бойынша аумақтық бөлімшелер;

3 кедендер;

4 кеден бекеттері;

5 Қазақстан Республикасының кедендік шекарасысдағы бақылау-өткізу пунктері;

6 мамандандырылған кеден мекемелері ;

Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін кеден ісімәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есеп орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерін құрады. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелер негізінде іс-әрекет жасайды. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлмшелері және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс әрекет жасайды. Кеден бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері заңды тұлғалар болып табылмайды және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды. Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңіз және ішкі су кемелерінде кеден органдарының танылып жалауын мен танылып белгісі болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлік құралдары мен әуе кемелеріне кеден органдарының танылу белгісі қойылады. Кеден органдарының танылып жалауының және танылып белгісінің сипаттамасы мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

1. 2. Қазақстан Республикасының кеден органдарының

басты мақсаты.

Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 19-шы бабында басты мақсаты анықталған.

  1. Қазақстан Республикасының кеден саясатының әзірлеуге және іске асыруға қатысуы;
  2. өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасыың егемендігі мен экономикалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  3. орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
  4. Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамассыз ету;
  5. Сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қоғау;
  6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;
  7. Кеден ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;
  8. өз құзіреті шегінде ваалюталық бақылауды жүзеге асыру;
  9. Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орыдалуын қамтамассыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзіретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  10. Біріңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
  11. өз құзіреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
  12. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу пунктерінде радиациялық бақылау жүргізу;
  13. Қазақстан Республикасы заң актілерінде көделген өзге де міндеттерді орындау болып табылады;

1. 3. Қазақстан Республикасының кеден бақылау органдарының құқықтары мен міндеттері.

Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 4-ші тарауының 23 бабында кеден органдарының құқықтары көрсетілген.

  1. өз өкілеттігі шегінде оы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;
  2. мемлекеттік органдардан және шет мемлекеттер органдарынан, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан кеден ісі саласына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді сұратуға және алуға;
  3. осы Кодексте және Қазақстан Республикасының лицезиялау туралы заңдарында белгіленген өз құзіреті шегінде лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамассыз ету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
  4. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес соттарға талап қоюға;
  5. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес құқық бұзушылықтар жасаған немесе қылмыс жасаған деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе құқық қорғау органдарының қызметтік үй жайларына жеткізуге;
  6. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес фактрлер мен оқиғаларға құжаттама жүргізуге, бейне және дыбыс жазбасын жасауға, оларды киноға және фотосуретке түсіруге;
  7. кеден органдарының ресми өкілдерін Қазақстан республикасының тиісті халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттерге жіберуге;
  8. ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірлеуге, жасауға және пайдалануға;
  9. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, тауар сатып алуға;

10) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңдарына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға құқылы;

Қазақстан Республикасының кеден органдарының міндеттері кеден кодекстің 24-ші бапта көрсетілген.

  1. сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың кеден ісі салсындағы заңды құқықтарын сақтауға және мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
  2. төмен тұрған кеден органдарының және кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне шағымдарды қарауға;
  3. өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы мен экономикасын дамытуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал етуге;
  4. тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылау жасауды жүзеге асыруға;
  5. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген тәрттіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзееге асыруға;
  6. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
  7. өз өкілеттігі шегінде сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың өз құқықтарын іске асыруынажәрдем көрсетуге;
  8. кеден төлемдердің және салықтардың толық өндіріп алынуын және бюджетке уақытылы аударылуын қамтамассыз етуге;
  9. бюджетке белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік төлемдердің және салықтардың сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны белгіленген тәртіппен өндіріп алуға;
  10. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар, шешімдер, рұқсаттар, біліктілік аттестаттарын беру туралы шешім қабылдауға;
  11. Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізуді жүзеге асыруға;
  12. мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
  13. өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын күзетуді және кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуын бақылауды қамтамассыз етуге;
  14. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін, кеден органдарының лаузымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамассыз етуге;
  15. өз құзіреті шегінде кеден органдары лауазымды адамдарының тарапынан болған құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жүргізу;
  16. кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғасдығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;
  17. өз құзіреті шегінде сот актілерін, прокурорлардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басқа да адамдарының жазбаша тапсырмаларын орындауға, оларға жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жасауға жекелеген іс жүргізу іс- әрекеттерін жасауға жәрдем көрсетуге;
  18. ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамассыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
  19. Қазақстан Республикасының салық, валюталық және өзге де заңдары саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, олардың алдын алуда және жолын кесуде салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге;
  20. сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды тұрақты негізде, оның ішінде Қазақстн Республикасының кеден заңдарындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабарландырып отыруды қамтамассыз етуге;
  21. кеден ісі саласында келіп түскен сауалдар мен ұсыныстардың уақтылы қаралуын және оларға жауап қайтарылуын немесе олардан туындайтын өзге де іс-әрекеттерді жасалуын қамтамассыз етуге;
  22. кеден ісі саласында өтеусіз кеңес беруді жүзеге асыруға;
  23. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыруға;

Кеден органдарының қызметінің принціптері кеден кодексінің 3-тарауының 18-бабында көрсетілген

Келен органдарының қызметі:

  1. заңдылық;
  2. заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамассыз ету, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;
  3. жариялық принціптерінде құрылады;

Ұлттық кеден саясатының принціптері Қазақстан Респудбликасының мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болса, кедендік заңдылық - ұлттық заңдылықтың құрамдас бөлігі; кеден саясатының қызметі: сыртқы экономикалық іс-әрекетті реттеу: кедендік реттеуде әкімшілік шара қолдану; отандық экспортты қодау мен қорғау; импорттың үйлесімділігіне жағдай жасау; сыртқы экономикалық іс-әрекетке қатысушылардың құқықтық теңдігі мен мүддесін қоғалуын қадағалау; сыртқы қызмет істеріндегі тарифтік артықшылықтар мен кедендік жеңілдіктер берудің неғұрлым басым бағыттарын мойындау.

2. Қазақстан Республикасының кеден органдарының құқықтық реттеу құралы мен кеден саласын жетілдіру жолдары және болашағы.

2. 2. Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметінің құқықтық реттеу мәселелері.

Кеден саласыныдағы құқықтық реттеудің негізгі қайнар көздері:

  1. Халықаралық келісімдер, келісім шарттар;
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  3. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдар;
  4. Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңы;
  5. Заңды күші бар Президенттің жарғысы;
  6. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы;
  7. Қазақстан Республикасының Қаржы Минисртлігінің нормативтік кесімдері;
  8. Қазақстан Республикасының Кеден Комитетінің нормативтік кесімдері; (курстық жұмыстың соңында жоба түрінде көрсетілген 2-ші жоба) .

Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес құқық бұзушылық жасаған немесе қылмыс жасаған деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе құқық қорғау органдарының қызметтік үй жайларына жеткізуге демек, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолданылады. Құзіреті шегінде кеден органдары лауазымды адамдардың тарапынан болған құқық бұзушылық тарын алдын алу анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жүргізуге. Кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауда және талдауды жүзеге асырады. Өз құзііреті шегінде сот актілерін прокурорлардың сондай-ақ құқық қорғау органдарының басқа да жазба тапсырмаларын орындауға оларға жекелеген іс жүргізу іс әрекеттерін жасауға жәрдем көрсетуге ҰҚК және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс қимыл жасай отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарсын қорғауды қамтамассыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының салық және валюталық және өзге де заңдары саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда олардың алдын алуда және жолын кесуде салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдар жәрдем көрсетуге. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа мемлекеттік органдардың құзіретіне жатқызылған құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мерзімдерде материалдары тиісті мемлекеттік органдарға беруге міндетті.

Кеден ісіндегі құқық бұзу дәрежесіне қарай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының Кеден ісі туралы заңының 36 тарауында кеден ісі саласындағы қылмыс Қазақстан Республикасының кеден органдары іс жүргізу органдары, 242 бапта Қазақстан Республикасының кеден огандардың іс жүргізу өндірісінде қылмыстық белгісі бар болған жағдайда кеден органдарының іс жүргізу құзіретіне жатады. Кеден органдары қылмыстық іс жүргізу заңдарымен басқарылады және қылмыстық іс жүргізеді. Қазақстан Республикасының қылмыстықіс жүргізу кодексінің 5-ші тарауының 2-ші бөлімінің 65-ші бабында кеден органдары контрабанда және кеден төлемдерден бас тарту істері бойынша іс жүргізе алады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 209- шы бабына сәйкес экономикалық контрабанда дегеніміз - кеден шекарасы арқылы кеден бақылауынан тысқары немесе жасырын түрде көп мөлшерде тауарлар мен басқа заттарды немесе кеден сәйкестіру құралдары мен құжаттарды алдап қолданылумен немесе кеден шекарасы арқылы алып өтілуіне арнайы ережелер бекітілген кеден шекарасынан тиым салынған заттар мен құндылықтарды алып өту.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 209-шы бабында белгіленген, егер тасымалданған тауарлардың құны 1 мың айлық көрсеткіштен асса қылмыстық іс жүргізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кеден органдар қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының кеден саласын мемлекеттік реттеу
Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар
Қазақстан Республикасының кеден саясаты
Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Кеден бақылауы органдарының рөлі. Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz