Корпоративтік басқару



1.Кіріспе бөлім.
2.Негізгі бөлім:
2.1.Корпоративтік басқарудың теориялық негіздері, қалыптасуы,
қажеттілігі.
2.2.ҚР.дағы корпоративтік басқарудың қазіргі жағдайын талдау.
2.3.Корпорациялық секторды мемлекеттік реттеу.
3.Қорытынды.
Қазіргі таңда еліміздің ұзақ мерзімді экономикасын дамытуды нығайтуда халықаралық бизнес пен экономикалық даму проблемасы тұрғысынан қарағанда корпоративтік басқару үлкен маңызға ие болып және қызы,ушылық тудыруда. Алайда бұған дейін корпоративтік басқару ұғымы көп қолданылмағанымен де, әлемдік жаһандану ғасырында айтарлықтай дәрежеде жеке ұйымдардың тағдырын және толық экономикалық жүйелерін анықтауда қажеттілігі артып отыр.
Қазақстанның бизнес қоғамдастығы корпоративтік басқарудың озық халықаралық стандарттарын іске асыруға нық сеніммен қадам жасап отыр. Алайда іс жүзінде корпоративтік басқару жүйесін енгізу әлі де көптеген мәселелерді туғызып келеді, мұның өзі тиісті түсініктер жасауды талап етеді.
Корпоративтік басқару жүйесі компаниялар арқылы елімізге инвестиция тартуға, ұзақ мерзімді экономикалық даму негізін нығайтуға және ел межесі болып отырған елуліктің қатарына қосатын бәсекелестік қабілеттілікті арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, активтерден қисынды пайда алуға кепілдік беретін болғандықтан жеке компанияларға ғана емес, мемлекеттік кәсіпорындарға да ауадай қажет.
Корпоративтік басқаруды ендіру басқару мен менеджерлерге компания қызметін тиімді басқару стратегияларын, фирманы басқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тиімді қызмет істеуі олармен таңдап алынған корпоративтік басқару жүйесіне байланысты. Корпорациялық менеджмент басқарушылық қызметкерлер кәсіпқойлығына жоғары талап қояды.
Еліміздегі бизнес саласын дамытуда, әсіресе, корпорациялар мен компанияларда ақпараттың ашықтығына, айқындылықтың орын алуына бірден бір септігін тигізетін де корпоративтік басқару жүйесі болып табылады.
Корпоративтік басқару—нарықтық экономика үшін өмірлік маңызы зор бірегей құрылым. Еліміздің экономикасының ерекшелігін ескеретін болсақ, Қазір Қазақстанда корпоративтік басқарудың таңдаулы практикасына көшетін кез келді.
1. Журнал РЦБК/№7-8/ 2007 жыл Оценка корпоративного управления. Берч Канет А., стр 34-37.
2. Журнал РЦБК /№3/ 2007 жыл. О важности эффективного корпоративного управления. Карл Бах, стр 33-37.
3. Вестник УМБ Сарсенова Н.Г. стр 91-99.
4. РЦБК /№6/ Влияние корпоративного управления на инвестиционный климат Казахстана стр 29-33.
5. «Корпорациялық басқару» . О.А. Яновская, Н.В. Никифорова. Оқулық. Алматы. Экономика баспасы. 2006 жыл.
6. Интернет беттері . www.inform.kz, www.gov.kz сайттары.
7. Журнал Экономика негіздері /№5-6/ 2007 жыл . Вопросы корпоративного управления.
8. Қазақстан Республикасының Статистика агентігінің мәлметтері.
9. «Менеджмент корпораций». Оқулық. Иванов В.И. 17-20 беттер.
10. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1.Кіріспе бөлім.
2.Негізгі бөлім:
2.1.Корпоративтік басқарудың теориялық негіздері,
қалыптасуы,
қажеттілігі.
2.2.ҚР-дағы корпоративтік басқарудың қазіргі жағдайын
талдау.
2.3.Корпорациялық секторды мемлекеттік реттеу.
3.Қорытынды.

Кіріспе.

Қазіргі таңда еліміздің ұзақ мерзімді экономикасын дамытуды
нығайтуда халықаралық бизнес пен экономикалық даму проблемасы тұрғысынан
қарағанда корпоративтік басқару үлкен маңызға ие болып және қызы,ушылық
тудыруда. Алайда бұған дейін корпоративтік басқару ұғымы көп
қолданылмағанымен де, әлемдік жаһандану ғасырында айтарлықтай дәрежеде жеке
ұйымдардың тағдырын және толық экономикалық жүйелерін анықтауда қажеттілігі
артып отыр.
Қазақстанның бизнес қоғамдастығы корпоративтік басқарудың озық
халықаралық стандарттарын іске асыруға нық сеніммен қадам жасап отыр.
Алайда іс жүзінде корпоративтік басқару жүйесін енгізу әлі де көптеген
мәселелерді туғызып келеді, мұның өзі тиісті түсініктер жасауды талап
етеді.
Корпоративтік басқару жүйесі компаниялар арқылы елімізге
инвестиция тартуға, ұзақ мерзімді экономикалық даму негізін нығайтуға және
ел межесі болып отырған елуліктің қатарына қосатын бәсекелестік
қабілеттілікті арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, активтерден қисынды пайда
алуға кепілдік беретін болғандықтан жеке компанияларға ғана емес,
мемлекеттік кәсіпорындарға да ауадай қажет.
Корпоративтік басқаруды ендіру басқару мен менеджерлерге
компания қызметін тиімді басқару стратегияларын, фирманы басқару сапасын
арттыруға мүмкіндік береді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тиімді қызмет істеуі
олармен таңдап алынған корпоративтік басқару жүйесіне байланысты.
Корпорациялық менеджмент басқарушылық қызметкерлер кәсіпқойлығына жоғары
талап қояды.
Еліміздегі бизнес саласын дамытуда, әсіресе, корпорациялар мен
компанияларда ақпараттың ашықтығына, айқындылықтың орын алуына бірден бір
септігін тигізетін де корпоративтік басқару жүйесі болып табылады.
Корпоративтік басқару—нарықтық экономика үшін өмірлік маңызы
зор бірегей құрылым. Еліміздің экономикасының ерекшелігін ескеретін болсақ,
Қазір Қазақстанда корпоративтік басқарудың таңдаулы практикасына көшетін
кез келді.

2.1. Корпоративтік басқарудың теорилық негіздері.
2.1.1. Корпоративтік басқару: мәні, ұғымы, белгілері және ерекшеліктері.
Өтпелі экономикадағы біріктірілген корпоративтік құрылым
шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайда болуы олардың түрлендіру
жағдайында әкімшіл-әміршіл экономиканың нарықтық экономикаға айналғандағы
қалыптасатын қоғамдық өндірістегі мәні мен орнын теориялық түсіндіру
қажеттілігін туындатады.
Ең алдымен қазіргі жағдайда ірі кәсіпорынның кең тараған және
маңызды нысаны бірнеше тұлғалардың акционерлік қатысушылығы негізінде
құрылған корпорация терминіне тоқталып өтсек.
Корпорация латын тілінде corporatio бірлестік, одақ, қоғам
деген мағынаны білдіреді. Корпорациялар негізінен орта ғасырларда пайда
болды да, қазіргі мағынасында ол нарықтық экономика жағдайында тауарлар мен
қызмет көрсетулердің ірі ауқымды өндірісін ұйымдастырудың оңтайлы нысанын
білдіреді.
Корпорация—бірлескен қызметті жүзеге асыратын және өзіндік құқық
субъектісін, заңды тұлғаны құрайтын ортақ мақсатқа жету үшін біріккен
тұлғалар жиынтығы. Көбіне корпорация акционерлік қоғам ретінде
ұйымдастырылады. Корпорация бір тұрпатты өнімнің негізгі өндірушілерін
біріктіреді. Бұл өндірісті монополияландыруға алып келеді. Корпорациялар
инвестициялық ақуалдың шоғырлануына жәрдемдеседі. Ғылыми- техникалық дамуды
қамтамасыз етеді және өндірістің дамуна және өнімнің техникалық деңгейін
көтеруге және бәсекелестікке қажеттілігін қамтамасыз етуге әсер етеді.
Корпорация дамыған елдерде кең тараған кәсіпқой басшылардың
жоғарғы экономикасының қолына үлестік меншікті заңды мәртебені және басқару
қызметінің жинақталуын қарастыратын кәсіпкеллік қызметті ұйымдастыру
нысаны.
Корпорация—Акционерлік қоғамдар мен әртүрлі саладағы басқа
фирмалардың бірігуі жолымен құрылатын компанияның ауқымды интеграциясы
болып табылады. Ол көпсалалы қызметтің үйлескен саясатын жетілдіру
мақсатымен құрылады.
Корпорация—бұл күрделі өндірістік- техникалық және
әлеуметтік- экономикалық жүйе.
Корпорация құрылым ретінде.
1-кесте

№ Жүйе бөліктері Негізгі қызметтері, мазмұны
1. Ұйымдық- құқықтық Белгілі бір құқықтық мәртебені заңды тұлғаның құқығын,
белгілі бір ұйымдық құқық нысанын иеленеді.
2. Ұйымдық- құрылымдықКорпорацияның құрылымдық бірлігінің ирархиялық және
қызметтік байланысы.
3. Мүліктік Белгілі бір материалдық- техникалық құндылықтар мен
жеке меншік қатынастар.
4. Өндірістік Белгілі бір қызмет түрлері тауар жеткізушілер,
тұтынушылар, бәсекелестер, серіктестер және т.б.
5. Бизнес жүйесі Бизнес өнімдерін шығару мен пайда алуға бағытталған
бизнес үдеріс жүйесі.
6. Қаржы Капитал, инвестиция, инвесторлар, қарыз алушылар, несие
берушілер және т.б.
7. Әлеуметтік Мамандар, қызметкерлерді басқару, әлеуметтік саясат,
қызметкерлерді дайындау.

Корпоративтік басқаруды компания менеджерлері арасындағы және
олардың иелері арасындағы, сонымен қатар, басқа да мүдделі жақтары үшін
өзара қарым- қатынас жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Корпоративтік басқару – бұл экономикалық- әлеуметтік мақсаттар
арасында, жеке және жалпы мүдделер арасындағы тепе- теңдік орнайтын үдеріс.
Корпоративтік шаруашылық бірліктері, яғни мемлекеттік органдарды
қосқанда арасындағы болатын мүдделерді үйлестіру мақсатындағы басқару
қатынастары жүйесін қалыптастырады.
2-кесте
Инвестициялар
Сайлау Бақылау Есеп беру

Корпорацияның Директорлар Кеңесі
Тағайындау Бақылау Есеп беру

Корпорация менеджменті

Менеджмент қызметі

Корпоративтік басқарудың мәнін терең түсіну үшін корпоративтік
қатынастардағы қатысушылардың қызметі мен мүдделеріне назар аудару қажет.

3-кесте
№ Корпоративтік қатысушылар Қызметтері мен міндеттері
тобы
1. Акционерлер Корпорация инвесторлары болып табылады.
Дивиденттер алу мен акцияны сату кезеңіндегі
жоғарғы бағалауға мүдделі.
2. Жалдамалы менеджерлер Менеджменттің барлық маңызды қызметтері.
3. Компания қызметкерлері Компанияның барлық шаруашылық қызметін жүзеге
немесе персоналы асырады. Корпорацияның және өзінің жеке
жағдайының тұрақтылығына мүдделі.
4. Мемлекеттік басқару Корпоративтік қатынастардың нормалы құқықтық
органдары базасын құрайды. Компанияның тұрақтылығына,
олардың салық төлеу қабілеті мен жұмыс орнын
құруға мүдделі.
5. Несие берушілер Компанияның өндіріс шаруашылық қызметін
қаржыландыруға қатысады, компанияның
тұрақтылығына, олардың келісім шарт бойынша
пайыздары және алынған қаражатты қайтара алу
қабілетіне мүдделі.

Корпоративтік басқару корпоративтік мүдделерді қамтамасыз етуді
білдіреді және корпоративтік бақылаудан көрінеді: Сондықтан корпоративтік
басқару техникалық үш негізгі бағытты қарастырады:
1. Капитал мен меншікті басқару;
2. Ақшалай ағындарды, капитал мен пассивтерді басқару;
3. Техникалық үдерісті өлшемді өтікізумен қоса алғанда басқару.
Корпоративтік басқарудың негізгі мәселелерінің бірі барлық мүдделі
топтардың акционерлердің, менеджер лер мен қатардағы компания
қызметкерлерінің, мемлекеттік басқару органдарының, несие берушілердің
мүдделер теңдігін сақтау болып табылады. Бұл көптеген елдер үшін және
Қазақстан үшін принцип болып табылады. Оның ішінде Қазақстан Республикасы
1999 жылы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ) бекіткен
корпоративтік басқару қағидасы негізінде өзекті мәселелермен жұмыс жасауды
жүзеге асыруда.
Корпоративтік басқарудың негізгі қағидалары 4-
кесте

№ Қағидалар Мазмұны
1. Акционерлердің құқығын Меншік құқығын тіркеудің сенімді әдістері:
сақтау Акционерлердің жалпы жиналыстағы дауыс
беруге қатысуы;
Корпорация туралы ақпараттың жетткіліктігі;
Компанияның жетекші органдарын сайлауға
қатысуы;
Компанияның табысына үлестік қатысуы;
Акцияны келесі акционерге беруге құқығы.
2. Акционерлердің тең құқығы Бір категориялы акционерлерге деген біркелкі
қатынас;
Жас акционерлер мына форма бойынша дауыс
береді бір акция—бір дауыс береді

3. Корпорация жетекшілігінің Компания менеджері болып табылмайтын
бақылауда болуы директорлар кеңесінің сайлануы;
Акционерлер алдындағы директорлар кеңесі мен
менеджерлердің есеп берушілігі;
Компанияның бақылау органдарының
тәуелсіздігі



4. Корпорация айқындылы Меншік құрылымының айқындылығы;

Қаржы туралы ақпараттардың ашықтылығы;
Өндірістік шаруашылық қызыметінің және
қабылданған шешімнің айқындылығы;
5. Адал, ниеті түзу Корпорация жұмыс істейтін елдің заңын
(лояльность) орындау;
Мемлекеттік басқару органдарымен
қызметтестік .

2.1.2.Корпорациялық құрылымдардың қалыптасуы.

Біріктірілген корпорациялық құрылымдарды қалыптастыру
проблемасын зерделеу жалпы теориялық-әдістемелік негізі олардың күрделілігі
бойынша жүйелік тәсілдеме немесе жүйелік зерттеу болып табылады.
Корпоративтік басқару, корпорация деген ұғымдар жаңадан кепіп
қосылған ұғымдар емес, тарихы тереңде жатқан, ең алғаш рет 1600 жылы
Ұлыбритания және Нидерланды елдерінде East India Company компаниясы
Директорлар Кеңесін құрып, корпоративтік басқару қағидаларын қолданған.
Қазақстандағы Корпоративтік басқару туралы хронологиялық
кестеге тоқталып өтсем:
❖ 1994 жыл: Қазақстан Республикасында Азаматтық Кодекс бекітілді;
❖ 1998 жыл: Акционерлік қоғам туралы Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданды (қазір заңдық күшін жойған );
❖ 2002 жыл: “Қазақстанның акционерлік компанияларында корпоративтік
басқарудың қағидаларын қолдану жөнінде” Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің басшылығымен бекітілді;
❖ 2003 жыл:”Акционерлік қоғам туралы” Қазақстан Республикасының Заңы
қалынданды;
❖ 2004 жыл: Қазақстан Қаржыгер Ассоциациясының қолдауымен корпоративтік
басқару жұмыстары жөнінен топ құрылды;
❖ 2005 жыл: Қазақстан Қаржыгерлер Ассоциациясы мен Эмитенттер
Кеңесінің басшылығымен “Корпоративтік басқару Кодексі” енгізілді;
❖ 2007 жыл: ҚР ның Президентінің Жарлығымен 30 корпоративтік көшбасшы
атты мемлекеттік бағдарлама қабылданды.
❖ 2007 жыл: CGRK Қазақстандағы корпоративтік басқару атты арнайы
жоба әзірленді.
Осы хронологиялық кестенің өзінен соңғы жылдары, әсіресе 2007
жылы корпоративтік басқару саласында бірқатар іс- шаралардың жүргізіліп
жатқанын көруімізге болады. Бұл өте қуантарлық жағдай, өйткені біздің
еліміздегі корпора-
циялар және компаниялар, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар
корпоративтік басқарудың қағидаларын қолданып, осы бағытты алдыңғы
қатарға қоятын болса, ҚР- сы озық экономикалық елге айналар еді.

2.1.3. Корпоративтік басқару жүйесінің қажеттілігі.
Корпоративтік басқару – бизнесті ұйымдық – құқықтық басқару, оның
ұйымдық құрылымын оптимизациялау және компанияның алдына қойған
мақсаттарына сәйкес ішкі және фирмааралық қатынастарды құру жүйесі.
Корпоративтік басқарудың моделінің негізгі компаненттері
төмендегідей:
✓ арнайы қатысушылар құрамының болуы;
✓ қызығушылық танытатын жақтардың болуы;
✓ Директорлар Кеңесінің құрамы және құзыреті;
✓ акционерлік қоғамдар қатысушыларының арақатынас механизімі;
✓ заңнамалық және нормативтік шектеулер;
✓ листингке кіретін корпорация үшін ақпараттарды ашуғақойылатын
талаптар;
✓ басты қатысушылар арасындағы өзара іс- қимыл тетігі;
✓ Акционерлік қоғам туралы ақпараттың ашықтылығы.
Корпоративтік басқарудың тиімділігі мынадай жағдайға байланысты:
компания иегерлері компанияның менеджментін бақылай алмаған жағдайда,
иелік ету құқығын тиімді бөлу және менеджерлердің жұмысын басқарудың
тиімді механизімін құру мүмкіндігі.
Корпоративтік басқару механизімі екі модельге бөлінеді

Сыртқы модель
Ішкі модель

Әр елдің өзіне тән, дәлірек айтқанда, Корпоративтік басқару
Кодексіне сәйкес корпоративтік басқару жүиесі болады.
Сыртқы модель АҚШ, Ұлыбритания және т.б. елдерде қолданылады.
Сонымен қатар кәсіпорынды қор рыногы арқылы белсенді қаржыландыратын
елдерде қолданылады.
Сыртқа модельдің ерекшелігі:
• Инстуционалдық инвесторлардың көбеюі;
• Қаржылық операциялардан пайда табуға
ұмтылушылардың көбеюі;
• Биржалық акциялар бағасынан пайда
табушылардың көбеюі.

Ішкі модельдің ерекшелігі:
• Акционерлік капиталдың жоғарғы
концентрациясы;
• Басқару қызметкерлерінің жұмысын
жақсарту шараларын күшейту.
Мынадай сұрақ тууы мүмкін, Ең алғаш рет корпоративтік басқару не
себептен пайда болды? Корпоративтік басқару жүйесінің пайда болуы
компанияның менеджментін акционерлер тарапынан бақылауды күшейту
қажеттегінен туындады.
Қысқамерзімді және ұзақмерзімді пайда табатын компаниялар және
корпорациялар өз жұмысын тиімді жүргізуіне әсер етуші негізгі фактор, ол,
компания құрамындағы акционерлердің менеджерлермен және қатардағы
қызметкерлермен жақсы қарым- қатынаста болуы және мүдделерінің ортақ болуы.
Ал олардың арасындағы қарым- қатынасты реттейтін жүйе корпоративтік
басқару болып табылады. Бұл механизм әсіресе, өтпелі экономикалы елдер
үшін өте өзекті.
Ал егер керісінше, бір компанияның акционерлерінің мүддесі сол компания
менеджерлерінің мүддесіне сәйкес келмейтін болса, жоспарлау, ынталандыру,
ұйымдастыруға әсер ете келіп, соңынан компания қызметінің құлдырауына алып
келеді.
Қазақстанда тиімді нарықтық экономиканың тұрақтануы саны аз
оңтайлы ұйымдастырылған ірі шаруашылық жүйелерінің болуымен ғана емес,
сондай – ақ саны өте аз өнеркәсіптегіғ агроөнеркәсіп кешеніндегі және де
басқа да салалардағы тауар өндірушілердің болуымен күрделенеді.
Қазақстанда жалпы компанияларды екі топқа бөлуге болады

Ірі қаржылық өндірістік топтар Орта
деңгейдегі компаниялар

Қазақстанда осындай компаниялардағы акционерлер мен
менеджерлердің арасындағы қарым – қатынасқа тоқталсақ, көптеген
акционерлік қоғамдарда қызмет еру жүйесі жабық түрде болады. Ол
акционерлік қоғамдар туралы ақпарат алу өте қиын, көп жағдайларда мүмкін
емес. Сонымен қатар компанияның басым көпшілігінде компания басшысы
( иегері ) жалдамалы менеджерлік қызмет атқарады.
Сондықтан корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін әзірлей
отырып, оны барлық компанияларда қолдану қажет. Соған сәйкес
төмендегі жағдайларға көңіл бөлу қажет:
❖ компанияны басқару және меншік құрылымын, яғни
транспоренттілікті көтеру;
❖ айқындылық қағидасын ұстану, бұл қағидасыз компанияның тәуелділік
дәрежесін анықтау және компанияның корпоративтік дәрежесін
анықтау мүмкін емес.
Корпоративтік басқарудың қазіргі жүйесінде әр компанияда тиімді
корпоративтік мәдениет болуы қажет. Корпоративтік басқарудың маңызды
элементі болып табылатын корпоративтік мәдениеттің берік әрі дұрыс
қалыптасуы әрбір компания үшін өте тиімді.
Корпоративтік мәдениет-- өзіңді және қоршаған ортаны
қабылдағанда іс-қимылдан, өзара әрекетте көрінетін бір компанияға
тән, оны жеке тұлға ретінде және өзін және басқа да әлеуметтік
және заттық ортада қабылдауда крінетін бір-бірімен өзара
әрекеттесетін материалдық және рухани құндылықтар жүйесі.
Жалпы айтқанда, корпоративтік басқару акционерлік қоғамдарда
басқару бөлімі мен акционерлер және менеджерлер мүдделерін теңестіре
отырып, заңға сәйкес максималды пайда табуға ұмтылу.
Корпоративтік басқару Жалпы Акционерлер Кеңесі, Бақылау
Кеңесі, Басқару және ревизиялық комиссия арқылы құқықтық (
корпорацияішілік құқық), қаржылық, маркетингтік, кадрлық, ұйымдық
және техникалық мәселелерді жүзеге асырады.
Корпоративтік басқарудың негізгі міндеттері:
➢ акционерлік қоғамның ағымдағы және стратегиялық басқарудың
тиімді талдау механизмдерін құру, басқару шешімдерін қабылдау
және бақылауды ұйымдастыру;
➢ барлық акционерлердің арасында бірыңғай және әділетті қарым-
қатынас орнату және барлық жағдайда өз құқықтарын әділетті
қорғаудың тиімді жүйесін құру;
➢ акционерлердің, менеджерлердің, қатардағы қызметкерлердің,
клиенттердің, партнерлердің, жабдықтаушылардың және тағы басқа
қызығушылық танытатын жақтардың, мемлекеттің және қоғамның
мүдделерін теңестіру.

1-сурет. Корпоративтік басқарудың негізгі ерекшеліктері.

2.2. Корпорациялық секторды мемлекеттік реттеу.

Біріктірілген корпорациялық құрылымдар ең алдымен, ұлттық
экономика жағдайына өзінің әсер ету дәрежесімен ерекшеленеді: олардың
қызметі макроэкономикалық көрсеткіштерді салыстыруға сандық нәтижесінде
болады. Олар өндіріс қызметінің маңызды мәселелерін шешуге стандарттар
өндірісінің орталығы болып табылады. Біріктірілген корпорациялық құрылымдар
стратегиясын және олардың жұмыс істеуін ауқымды дәрежеде ұлттық
экономиканың даму тетіктері мен бағытын алдын ала анықтайды.
Өтпелі кезеңдерде экономикадағы мемлекет рөлін күшейту мына
себептер бойынша қажет:
▪ ресми емес нарықтық институттар құрылмайынша және реформаларды
құқықтық қамтамасыз етпейінше мемлекет негізгі нарықты өз
құрылымдары мен агенттіктері арқылы реттеп өндірісті белсенді
қолдауға тиіс ;
▪ мемлекет экономикасын басқарудан кеткендердің орнын сол сағатта-ақ
қылмыстық іс құрылымдары басады, мұны барлық ТМД елдерінің, соның
ішінде Қазақстанның да өкінішті тәжірибесі растайды ;
▪ мемлекеттік қолдауынан болмауынан кәсіпорындар мен салалардың
жоғалуы ауқымды және қайтымсыз сипат алады, тіпті жаңа
технологиялардың, бірегей өндірістің және ғылыми мектептердің
қайтымсыз жоғалуына алып келуі мүмкін ;
“Кез-келген мемлекеттің миссиясы – деп жазды Л.И.Абалкин, -
кедейлікті қысқартуға әкелетін бәрін қамтитын тұрақты дамудың болуы мүмкін
болмайтын басты іргелі міндеттерді орындауға негізделген:
- заңдылық негізін бекіту ;
- бұрмалауға ұшырамаған баланстандырылған саясаттық жағдайды қолдау ;
- базалық әлеуметтік қызметтер мен инфрақұрыламды қаржыландырды ;
- қоршаған ортаны қорғау ;
Экономиканы мемлекеттік реттеу нарықтық шаруашылық жағдайында
әлеуметтік-экономикалық жүйені түрлі және өзара байланысты экономикалық
реттеуіштердің кешкені бар өзгеретін жағдайларға тұрақтандыру мен бейімдеу
мақсатында құқықтық өкілеттігі бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық
ұйымдар жүзеге асыратын заңдық, атқарушы және бақылаушы сипатындағы үлгі
шаралар жүйесін білдіреді.
“Реттеуді, - деп жазды А.Г.Аганбегян, - жүйе сипатын қалған
траекторияда немесе жақын жерде ұстау жөніндегі қызмет ретінде үш түрлі
үлгіде жүзеге асуы мүмкін: біріншіден, жүйенің дамуындағы ауытқуларды
түзету жолымен; екіншіден, сыртқы ортада осы ауытқуларды туындататын
факторлар әрекетін жою немесе жеңілдету жолымен; үшіншіден, жүйені
ауытқудан жартылай оқшауландыру жолымен.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты өзгеріп
жатқан жағдайларға экономикалық және әлеуметтік тұрақталу мен бейімделуді
жасау болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында әр түрлі міндеттерді
шешеді:
➢ экономикалық өсуді ынталандыру;
➢ еңбекпен қамтуды реттеу;
➢ салалық және аймақтық құрылымдағы үдемелі ілгерілеуді көтеру;
➢ экспортты қолдау;
Мемлекеттік реттеудің енгізгі бағыттары, нысандары мен ауқымдары
экономикалық және әлеуметтік мәселелердің сипатымен және шиеленісуімен
анықталады.
Мемлекеттік реттеудің субъектілері :
❖ шаруашылық мүдделердің иелері ;
❖ көрінушілері ;
❖ атқарушылары болып табылады.
Ал объектілері ретінде салалар, аймақтар, сондай-ақ қазір шешілуі
тиіс, бірақ өздігінен шешілмейтін немесе болашақта шешілетін қиындықтар,
проблемалар туындағанда немесе туындауы мүмкін болғанда елдің әлеуметтік-
экономикалық өміріндегі ахуалдар, құбылыстар және жағдайлар көрінеді.
Бір елде дағдарысқа кіру және одан шығу кезеңінде, сондай-ақ төтенше
жағдайлар кезеңінде экономикалық тіршілік әрекетіне орналастыруды
қамтамасыз ететін күш қажеттілігі туындайды, ал тұрақтану кезеңінде
нарықтың мемлекеттік реттеу түрі өзгеруі және әлсіреуі мүмкін.
Көптеген дамыған елдерде шаруашылық жүргізудің нарықтық тетігінің
арақатынасы мемлекеттік сектор үлесіне, тарихи ерекшеліктері мен дәстүріне,
қалыптасқан діліне, мерзімінде шешілетін міндеттердің сипатына тәуелді
болатын мемлекеттік реттеу құралдарымен толықтырылады.Американдық нарық
кәсіпкерліктің классикалық үлгісіне, француздық – мемлекеттік дирижизге,
германдық - әлеуметтік нариқтық шаруашылыққа, жапондық – “корпорациялық
қамқоршылдыққа” ұмтылады.
Бірақ, барлық аталған елдерде нарықты жалпы белгілердің,
айырықшылықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративтік басқарудың жапондық моделі
Қазақстанда корпоративтік басқаруды дамыту
Ұйымдарды корпоративтік басқару
КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІНІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
Корпоративтік басқарудың жалпы принциптері
Корпоративтік басқару туралы
Өндірістік кооперативтегі корпоративтік құқықтық қатынастардың мәселелері
Корпоративтік ақпараттық жүйелер
Корпоративтік басқару жайлы
Корпоративті мәдениет
Пәндер