Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны формалары және түрлері
1.1. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері.
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.
ІІ. Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирманың) қызметі мен мінез.құлқы.
2.1 Шағын кәсіпкерлік . ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты.
2.2 Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір – бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік болса – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш адам. Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.
Яғни айтқанымызда кәсіпкерлік дегеніміз – бұл адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Тағы айта кететін жайт, кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде мынадай екі жағдайға мән бері керек: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуде; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетіге тікелей қатысты.

1. А.Қ.Мейірбеков., Қ.Ә.Әлімбетов., «Кәсіпорын экономикасы» Алматы. Экономика-2003.
2. А.Е.Карлик «Управление экономикой предприятия»., Финансы и статистика. 1999.
3. В.В.Ковалев, О.М.Волкова «Анализ хозяйственной деятельности предприятия» .М. Проспект-2000.
4. Н.П.Любушкин «Анализ финансово-экономической деятельности предприятия» Юнити-2000.
5. Е.Б.Жатқанбаев «Аралас экономика негіздері» Алматы-1996.
6. Ө.Қ.Шеденов., Е.Н.Жүнісов «Жалпы экономикалық теория» Алматы-2004.
7. «Экономикалық анализ» Алматы. Экономика-1999.
8. «Экономический анализ» Финансы и статистика-2000.

Тақырыбы: Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары.
ҚР кәсіпкерліктің дамуы
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны формалары және түрлері
1.1. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері.
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске
қатысудағы өзгешеліктері.
ІІ. Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирманың) қызметі мен
мінез-құлқы.
2.1 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты.
2.2 Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің
бағдарламасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард
университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп
айтқан Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу. Екінші жағынан
кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы
француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: Кәсіпкер – адамдарды
өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам.
Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы
Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында
табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама
түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір – бірімен
баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген
қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік болса – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол
өнертапқыш адам. Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас
тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғымда бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу
қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе
бермейді.
Яғни айтқанымызда кәсіпкерлік дегеніміз – бұл адамдар мен олар құрған
бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Тағы айта кететін
жайт, кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде мынадай екі жағдайға мән бері керек:
біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен
дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді
жеңе білуде; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен
жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетіге тікелей қатысты.
Тарау – 1. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны формалары және түрлері
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері.
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда рынок
атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін
экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда
алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік
жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен,
дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық
қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің
белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі
ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері) және
мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген
түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, иннновациялық, кеңес беру
қызметтері, бағалы қағаздарымен операциялар бола алады.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да
болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме
сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б.
коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар
бола алады:
- Қазақтанның азаматтары
- Шетел мемлекеттерінің азаматтары
- Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлік ұжымы).
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден
өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері
ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен
реттелетіндер:
- кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар
үшін қажетті мүліктер сатып алу;
- барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және
табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
- меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан
кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
- кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
- кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
- нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар
өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі,
кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап
ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске
қатысудағы өзгешеліктері.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай,
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық және
сақтандыруболып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі,
өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті
өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және
ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер
жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны
іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп
мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім
өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының
мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары
жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге
– байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды.
Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта мәселелерді
іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме
сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай
болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшалығы – тауар болып
есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар,
вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшалады сату тікелей
немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтанқаржылық кәсіпкерлік –
бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық
мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек
тауар-қаржы активі болып саналады.
Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын
қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс
алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған жарнасын алып отыратын
қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік
табысты құрайды.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған.
Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.
Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасай – кәсіпкер қызметінің
қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.
1. Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
2. Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
3. Жаңа өткізу рыногына шығу;
4. Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
5. Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.
Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мүмкін.
Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация
жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А.Смиттің тұжырымын
толықтырған Ж.Б.Сей назар аударды.
Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық,
қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы
мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық
меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады.
Алайда қарыз капиталын пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады.
Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі
өседі.
Монополия мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметке құқ
тек қана мемлекетте болды. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызмет үшін тек
қана мемлекетке ғана емес, сонымен бірге әрбір кәсіпорынға, әрбір жеке
адамға мүмкіндік ашты, бұл жағдай нарық экономикасының тұтынушылар
қажеттіліктері мен ҒТП-ке жедел түрде қарауын қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік құру - өтпелі кезеңде мемлекеттің алдында тұрған басты
міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым, халықты барынша
жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейін көтеруге
Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін
қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мынна
түрде бөлуге болады:
- масштабы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;
- кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі
қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерін, біріккен
адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер,
акционерлік қоғамдар, холдингтер мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік
бола алады.
Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешені және көп деңгейлі
сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін
экономикалық базис болып табылады.
Атақты неміс ғалымы, экономист Йозефа Аиза Шумппетердің (1883-1950
жылдары) пікірі бойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті жасауға немесе осы
немесе басқа игіліктің жаңа сапасын жасауға өндірістің жаңа жаңа әдісін
ендіруге, жаңа өткізу нарығын игеруге, шикізат немесе жартылай
фабрикаттардың жаңа көздерін табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге
бағытталған.
Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуелсіздікке өз
бетінше жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау
мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді
кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбрінде ұқсамайды және әлеуметтік-
экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды
мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.
Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік
ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын
мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып
табылады.
Атақты ағылшын ғалымы, экономисі Альфред Маршалл атап көрсеткендей,
нарық экономикасының негізгі қасиеті – кәсіпкерлік пен өндірістің
еркіндігі. А. Маршаллдың бойынша - кәсіпкер – экономикалық процестерді
жеделдетуші.
Нарық экономикасына өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық
мәселелерді шешкен жоқ. Оларды шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.
Тарау – 2. Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирманың)
қызметі мен мінез-құлқы.
Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты.
Нарықтық экономикада кәсіпорынның (фирманың қызмет жасауы үнемі
айқынсыздықпен және тәуекелмен байланысты. Сондықтан да кәсіпорын жайлы
мыңдаған мінез-құлық теорияларынан ерекше мәнге ие теориялар – ол нарықтық
тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқын қарастыратындары болып
табылады.
Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқы. Кәсіпкерлік
қызметте тәуекелсіз нәтижеге жету мүмкін емес. Егер басшы тәуекелге бой
ұрмаса, онда ол түбінде банкрот болады. Менеджментте, егер кәсіпкер
тәуекелділік шешімнен қашқақтайтын болса, онда оны ұйым үшін қауіпті әрі
тоқырауға алып барады деп есептеген.
Тәуекелдің әр түрлі анықтамалары бар. Бір жағдайда ол келешекпен
салыстырғанда анықталмағандық ретінде түсіндірілсе, екіншісінде – оның
дефинициялануы мүмкін болатын салдарларды қоысп алады, үшіншісінде - өзінше
тәукелді жүзеге асырушы жаңалық ретінде түсіндіріледі. Өте дәлелденген және
ыңғайлы деп мына анықтаманы айтуға болады: тәуекелділік – қоғамдық пайдалы
нәтижеге мақсаттылықпен жету үшін құқылы қауіптілікті жасау, себебі кәдімгі
және тәуекелсіздік құралдырымен қол жеткізу мүмкін емес.
Тәуекел, айтып өткендей, кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.
Тәуекел – жоспар немесе болжауды қарастырылған вариатпен салыстырғанда
табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдылығы. Тәуекелдің бірнеше
түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, пайыздық.
Өндірістік тәуекел – кез келген өндірістік қызмет түрін жүзеге
асырумен байланысты түсіндіріледі. Өндірістік тәуекелдің басты себептері –
межеленген өндіріс және өткеру көлемін мүмкіндігінше төмендету, материалдық
яғни басқа да шығындардың өсуі, көтеріңкі төлем мен салықтарды және т.б.
төлеу.
Коммерциялық тәуекел – кәсіпкерлерге бекітілген тауар мен қызмет
көрсету процесін өткергенде туындайды. Қазіргі уақытта коммерциялық
тәуекелдің кең тараған түріне-тауардың сатып –алу бағасының өсуін, сатып-
алу көлемінің ойламаған жерден төмендеуін, айналым процесіндегі тауардың
жоғалуын, айналымдағы шығынның көтерілуін, өткерілу көлімінің төмендеуін
және т.б. жатқызуға болады.
Кәсіпкерліктегі қаржылық тәуекел заем қорларының барлық кәсіпорындағы
қаржы қорларына қатынасымен байланысты болады.
Пайыздық тәуекел – пайыз нормасының өсуіне қарай, бағалы қағаздарға
бағаның төмендеу мүмкіндігімен байланыстырылады.
Несие тәуекелінің пайда болуы заемщиктің қарызды төлемегендігімен
түсіндіріледі.
Жоғалту мөлшеріне байланысты тәуекелдің даулы облысы мен зонасын
ерекше бөліп қараймыз.
Жоғалту болмайтын облысты тәуекелсіздік зонасы дейміз және оған нолдік
жоғалту тән.
Облыстың жіберуге болатын тәуекелділік зонасы деп, сол шеңбердегі
кәсіпкерлік қызмет түрінің өзінің экономикалық мақсаттылығын сақтайды яғни
жоғалту бар, бірақ олар күткен пайдадан төмен. Жіберуге болатын зона
тәуекелділігі шекарасының жоғалту деңгейіне сай келуі және ол кәсіпкер
қызметінің есептелінген пайдасына теңбе-тең.
Сыңдарлы тәуелділік зонасы – бұл сондай облыс, кәсіпкерліктен күткен
түсім мөлшерінен артықтау жоғалту мүмкіндігімен сипатталады және ол шығын
мен пайда сомасын көрсетеді. Басқаша айтар болсақ, сыңдарлы тәуелділік
зонасы жоғалту қауіптілігімен сипатталады, сондықтан да күткен пайдадан
артықтау және кәсіпкердің іске жұмсаған барлық қаржысын жоғалтуына алып
келуі мүмкін. Қарастырған соңғы жағдайда кәсіпкер атқарған іс-әрекеттен
ешқандай табыс таба алмай ғана қалмайды, бірақ барлық жарамсыз шығындар
сомасында тақырға отырады.
Қауіп-қатерлі тәуекелдік зонасы жоғалту облысында кәсіпкердің мүлік
жағдайына сай мөлшеріне жетуін байқатады. Қауіп-қатерлі тәуекелділік
кәсіпорынды күйретуге, банкроттыққа, толық құлауына алып келуге қабілетті,
оны жауып, мүлкін саттырады. Сондықтан қауіп-қатерлі тәуекелділік
категориясына мынандай тәуекелділік жатады: тікелей адам өмірін деген
қауіптілік пен байланысты немесе қауіп-қатердің тууымен.
Тәуекелділікті басқару саласында білікті квалификациялы жұмыс жүргізе
отырып, оны азайтуға болады. Ол үшін - өзін-өзі сақтандыруды қолданады,
тәуекелділіктің бір бөлігін хеджирование жолымен басқа жеке тұлғаға немесе
ұйымға береді, опциондар., сақтандырулар жүргізіледі. Тәуекелділіктің
азайуына тиімді болжау мен жоспарлау, лимиттеу ықпал етеді.
Хеджирование дегеніміз не? Хеджирование – бұл фьючерлік іс-әрекет
жасағында тәуекелділіктен сақтандарылудың түрі. Хеджирование банктік,
биржалық, коммерциялық практикада қолданылады. Биржада ол фьючерлік
контракта ретінде жүзеге асады. Биржада хеджирование жасаған кезде іс-
әрекетке қатысушылар өзін бағаның ыңғайсыз келісімінің өзгеруінен және
басқа операциялардан сақтандыру мүмкіндігіне ие болады, сөйтіп келешекте
тауарларды алып келуді ескереді. Хеджированиенің кең тараған түрі – жедел
валюталық іс-әрекетті жасау. Біздің елімізде хеджирование тіпті
қолданылмайды, ал әлемдік практикада ол кең тараған.
Өзін-өзі сақтандыруды қолдану арқылы фирма өзінің кеткен шығынын
кемітуі мүмкін. Ол арнайы резервтік қордың құрылуымен байланысты немесе
шеккен зияндарын өзінің айналмалы қаржы қорының бір бөлшігімен жабады. Өзін-
өзі сақтандыру логикаға жататын нәрсе, себебі сақтандыру мүлігінің құны
бизнестегі барлық мүлік және қаржы параметерлерімен салыстырғанда аса үлкен
емес.
Кәсіпорынды өзін-өзі сақтандырудың және бір түрі опциондарды шығару
болып табылады. Опцион – алдағы келісім бойынша, сонда көрсетілген жағдайға
қарай, сатып алушының сатып алу құқығы. Опцион – мерзімі көрсетілген
қосымша тауар мөлшері, сол уақыт кезеңінде бір жағынан екінші жаққа өзінің
құқығын пайдаланатынын хабарлауы керек.
Әлемдік практикада қымбат жұмыстардың басқа компанияларда жүзеге
асқанында қаржылық тәуекелділіктің бір бөлігін аудару кең тараған, себебі
барлық жоба сәтсіздікке ұшыраған жағдайда қаржы шығынының бір бөлігін өзі
көтереді.
Тәуекелдің мүмкін деңгейі осы қызметке қатысатын адамдардың санына
кері тәеулді деген көзқарас бар. Көбінесе тәуекел сақтандыру
кәсіпкерлігімен шұғылданатын мекемелерде сақтандырылады.
Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:
- статистикалық, мұнда бұрынғы шығындар статистикасына қарап
болашаққа болжау жасайды.
- Эксперттік, мұнда мамандар мен тәжірибелі бизнесмендер көзқарастары
зерттеледі.
- Есептік талдау математикалық тәсілдерге негізделеді.
Жоғарыда атап кеткеніміздей кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады,
сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде
қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда
кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Шаруашылық серіктесі жайлы және
Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық
серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің
жауапкершілігі жүктеледі;
- коммандитті – аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және
басқаның салынған салымымен);
- қосымша жауапкершіліпен, өзінің салымдарымен және оған жататын
мүлікпен қосымша жауапкершілік мойына алынады;
- өндіріс және тұтыну кооперативтері;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар;
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылақты
жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына
негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады:
таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық
есеп.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі
болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай кәсіпорын мен фирма
ұғымын боламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен айырмашылығы бар:
фирма термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс
енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға біржақты, бір өнімді өндіретін процесті
жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын
өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуды: ал барлық
халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық
тұрғадан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдымен меншік түрімен
айқындалмақ. Олар мынадай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы
мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайлық
негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне
негізделеді:
- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер
меншігінің негізінде қызмет жасайды;
- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік
міндеттерді шешу үшін құрылады;
- құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар
құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.
Кәсіпкерліктің жаңашылдықсыз болуы мүмкін емес. Осыған байланысты
кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық.
Біріншісінің мәні мынада, бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар
ресурстармен максималды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады.
Екінші модель өзінде бар ресурсын ғана емес, сондай-ақ сыртқы
ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және
сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуының тиімді
варианттарымен шұғылданады.
Кәсіпкерлік әртүрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі
белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі.
Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып
бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз:
ұлттандару кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал
жекешелендіру оларды тарылтады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы
жоғары, - себебі, үкісеттің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан
қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар
артықшылықарға ие:
- түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін.
- Бизнес көлемі шектелмеген.
- Қатаң бағамен шектелмейді.
Кәсіпкерлікте үш түрді бөліп алады:
- жеке тұлғалар,
- серіктестік (жолдастық)
- корпороция (акционерлік қоғам)
Жеке кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның
жауапкершідігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке
кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.
Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген
өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация
үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету
саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің
т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.
Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлісіп айналысатын
бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің
артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту
жеңіл. Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып
келе жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін,
мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма
табысында немесе зиянындағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады.
Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен
фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады.
Корпорация деп кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар
жиынтығы аталады. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөліктерге
бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация
акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысына корпорацияға салынған
салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерліктің формасы Қазақстанда жиі
кездеседі.
Корпорация артықшылықтарына мыналар жатады:
- акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда
шектелмейтін мүмкіндіктер;
- басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
- корпорация қызмет етуінің тұрақтылығы, өйткені акционерлерінің біреуінің
қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Бизнесті корпоротивті формада ұйымдастырудың кемшіліктеріне
төмендегілер жатады:
- корпорация табысының акция ұстаушаларға дивиденд түрінде төленетін
бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының бір
бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының бөлігі
ретінде. Кіші корпорациялардың иелері үшін екі жақты салық салудың
ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бұндай фирмаларға S корпорациялары
(small business conporation) статусын алуға рұқсат етеді. Бұндай жағдайда
корпорация табысы олардың иетерінің табысы болып саналады және тек табыс
салығы алынады;
- экономикалық теріс пайдаланушылыққа қолайлы мүмкіндіктер. Ешқандай нақты
құны жщқ акцияларды шығару және сату мүмкіндіктері;
- меншік және бақылау функцияларының бөлінуі. Акциялары көптеген иелер
арасында орналыстырылған корпорацияларда бақылау функциясы меншік
функциясынан ажырайды. Акция иелері көп дивиденд алуға ұмтылады, ал
менеджерлер ақшалай айналымға жіберу мақсатында дивидендтерді азайтуға
тырысады.
Корпорацияның басқа да кемшіліктері бар, бірақ олардың орнын
артықшылықтары толтырады.
Кәсіпкерлік көліміне қарай: кіші, орташа және ірі бизнеске бөлінеді.
Франчайзинг – ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқ алу
үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау
үшін келісім шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны
төмендету, тауарларды жеткізуге, құрал-жабдықты сатып алуға, кредит алуға
көмек түрлерінде жеңілдіктері бар.
Ұсақ фирмалар ірі компаниялар өнімдерінің бөлшек сатушылары болып
қалыптасады. Бұндай келісімдер екі жаққа да пайдалы: ұсақ фирмалар ірі
корпорациялардан сауда запасын, кредит алады және олардың қамқорлығына
енеді, ал корпорациялар өз өнімдерін өткізуге шығын жұмсамайды., сондай-ақ
өз қамқорлығындағылардан ұдайы төлем алып отырады.
Венчурлық фирма – ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын
коммерйиялық ұйымдар. Венчурлық кәсіпорындар жаңалықтармен бизнес жасайды.
Жаңа өнімнің рынок талаптарына сай келмей қалуының мүмкін болуына
байланысты күйіп кетуге тәуекел етеді. Сондықтан венчурлық фирмалар бір
өніммен жұмысты бітіріп, тезірек екіншісіне көшуге тырысады. Венчурлық
кәсіпкерліктің отаны АҚШ болып табылады және ол екінші дүниежүзілік
соғыстан соң кең дамыды. Бүгінгі күні венчурлық фирмалар Қазақстанда да
құрылып қызмет ете бастады.
Орта бизнес елеулі роль атқармайды. Ол бәсекеде мықты емес, себебі
оның ірі де кіші де кәсіпкерлікпен бәсекелуіне тура келеді, осының
нәтижесінде ол ірі кәсіпкерлікке айналады немесе мүлдем өмір сүруін
тоқтатады. Бұл жерде әңгіме қандай да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz