ҚР-ғы кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру формалары



Жоспар

Кіріспе

Ι.Тарау. Кәсіпкерліктің мәні, және түрлері

1.1. Кәсіпкерліктің түсінігі және маңызы

1.2 Кәсіпкерліктің түрлері

II.Тарау. ҚР.ғы кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру формалары

2.1 ҚР.ғы кәсіпкерліктің дамуының құқықты негізі және

жолдары (бағыттары)

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.

Нарықты экономикаға өту меншікті заңды тану Қазақстанда кәсіпкерлікті жаңадан өмірге әкеліп,жандандырды. Жаңа бизнесті игеру оның қатысушыларынан жаңа професияны адамдарға жаңаша жақындасу, олардың қызметіне жаңаша араласуды қажет етеді.
Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің иэкономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Әсіресе бүгінде республика экономикасы қайта қүру ісіне, оның деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болса да олардың қосар үлесінің қомақты екені белгілі. Сонымен қатар нарықтың өрлеп өркендеуі жеке кәсіпкерліктің қызметтеріне де айтарлықтай дәрежеде тәуелді болды.
Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында үсынылған және қоғамды одан әрі демократияландырып, осы маңызды экономикалық шешімдерді шешуге бағытталған бастамалары арасында оңтайлы экономикалық жағдайлар қалыптасып, кез келген түлғаның кез келген экономикалық түрғыда негізделген бастамасы өмір сүруге, жүзеге асыруға, адамдарға материалдық және рухани игіліктер әкелуге мүмкіндіктер пайда бола бастады. Басқаша айтсақ, қоғамда кәсіпкерлік рухты арттыру және жеке меншікті қорғау жөнінде үлкен жүмыстар жүргізіліп отыр.
Қазақстан кәсіпкерлерінің 2002 жылдың қыркүйек айында өткен форумында сөйлеген сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев: " Осы кезге дейін тіпті үғымдық аппарат түпкілікті талдау жасалмаған микро бизнес деп, шағын, орташа және ірі бизнес деп нені түсіну керектігінің нақпа-нақ анықтамасының жоқтығынан статистика саласы мен заңнамада проблемалар төбе көрсетуде",- деп атап көрсеткен болатын.
Республикамыздың тәуелсіздік алған жылдарының ішінде көптеген жүмыстар, түбегейлі өзгерістер, іс-қимылдар атқарылды. Егемендік бізге жаңа өмірмен, көптеген шешілмеген жоқ мәселелерді әкелді. Мысалы, тәуелсіз ел атанған кезде бізде дайын өнім өндіретін өндірістің өте аз болғаны өзіміөге мәлім. Сондықтан мемлекет тарапынан экономикамызды дамыту үшін және халықтың әлеуметтік деңгейін көтеру үшін аса маңызды шешімдер қабылдауға тура келді. Және де нарықты экономика жағдайында кәсіпкерлік механизм! түтынушылардың қажеттіліктерін тез әрі тиімді
қанағаттандыруға бейімделуі шарт. Сондықтан да ақша-тауар қатынасына негізделген нарықты жүйе кәсіпкерліктің дамуын талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. ҚазМҰҮ «Кәсіпкерлік – ерекше экономикалық құбылыс» Е.Б. Жатқанбаева Алматы 1994
2. «Экономиканы дамыту – кәсіпкерлер қолында» Ілдебаев Т. Астана ақшамы 2003 1 қараша
3. Кәсіпорын экономикасы Жолдасбаева
4. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы Егемен Қазақстан 2004ж 19 наурыз
5. Назарбаев Н. А. «Қазақстан - 2030» Алматы 2002 г.
6. Под ред. Жатканбаева Е. Б. «Малое предпринимательство» , Алматы 2001 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Ι-Тарау. Кәсіпкерліктің мәні, және түрлері

1. Кәсіпкерліктің түсінігі және маңызы

1.2 Кәсіпкерліктің түрлері

II-Тарау. ҚР-ғы кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру формалары

1. ҚР-ғы кәсіпкерліктің дамуының құқықты негізі және

жолдары (бағыттары)

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Нарықты экономикаға өту меншікті заңды тану Қазақстанда кәсіпкерлікті
жаңадан өмірге әкеліп,жандандырды. Жаңа бизнесті игеру оның қатысушыларынан
жаңа професияны адамдарға жаңаша жақындасу, олардың қызметіне жаңаша
араласуды қажет етеді.
Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің иэкономикалық дамуының негізгі факторы
болып табылады. Әсіресе бүгінде республика экономикасы қайта қүру ісіне,
оның деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болса да олардың қосар
үлесінің қомақты екені белгілі. Сонымен қатар нарықтың өрлеп өркендеуі жеке
кәсіпкерліктің қызметтеріне де айтарлықтай дәрежеде тәуелді болды.
Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында үсынылған және
қоғамды одан әрі демократияландырып, осы маңызды экономикалық шешімдерді
шешуге бағытталған бастамалары арасында оңтайлы экономикалық жағдайлар
қалыптасып, кез келген түлғаның кез келген экономикалық түрғыда негізделген
бастамасы өмір сүруге, жүзеге асыруға, адамдарға материалдық және рухани
игіліктер әкелуге мүмкіндіктер пайда бола бастады. Басқаша айтсақ, қоғамда
кәсіпкерлік рухты арттыру және жеке меншікті қорғау жөнінде үлкен жүмыстар
жүргізіліп отыр.
Қазақстан кәсіпкерлерінің 2002 жылдың қыркүйек айында өткен форумында
сөйлеген сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев: " Осы кезге дейін тіпті үғымдық
аппарат түпкілікті талдау жасалмаған микро бизнес деп, шағын, орташа және
ірі бизнес деп нені түсіну керектігінің нақпа-нақ анықтамасының жоқтығынан
статистика саласы мен заңнамада проблемалар төбе көрсетуде",- деп атап
көрсеткен болатын.
Республикамыздың тәуелсіздік алған жылдарының ішінде көптеген
жүмыстар, түбегейлі өзгерістер, іс-қимылдар атқарылды. Егемендік бізге жаңа
өмірмен, көптеген шешілмеген жоқ мәселелерді әкелді. Мысалы, тәуелсіз ел
атанған кезде бізде дайын өнім өндіретін өндірістің өте аз болғаны өзіміөге
мәлім. Сондықтан мемлекет тарапынан экономикамызды дамыту үшін және
халықтың әлеуметтік деңгейін көтеру үшін аса маңызды шешімдер қабылдауға
тура келді. Және де нарықты экономика жағдайында кәсіпкерлік механизм!
түтынушылардың қажеттіліктерін тез әрі тиімді
қанағаттандыруға бейімделуі шарт. Сондықтан да ақша-тауар қатынасына
негізделген нарықты жүйе кәсіпкерліктің дамуын талап етеді.

Ι-Тарау. Кәсіпкерліктің мәні, және түрлері

1. Кәсіпкерліктің түсінігі және маңызы

Кәсіпкерлік - меншік иесінің өзіндік және қарыз қүралдарын пайдалана
отырып табыс табуға бағытталған тәуекелді инициативалы қызметі.
Шет елде де, біздің елде де кәсіпкерліктің жалпы қабылданган
экономикалық теориясы әлі де жасалынбаған. Кәсіпкерлік функциясының даму
теориясы "үшке бөлінеді".
Біріншісі- 18 ғасырда пайда болған, бүл кәсіпкердің тәуекелдікке
баруына аса мән берумен байланысты.
Екіншісі- ғылыми негізінде кәсіпкерліктің негізгі ерекше қасиеті
ретінде инновацияны қолданумен байланысты.
Үшіншісі- кәсіпкердің жекеленген ерекше сапалық қасиеттеріне
(қоғамдық және экономикалық жағдайлардың өзгерісін сезу, шешім
қабылдаудағы және таңдаудағы еріктілігі, басқа да басқарушылық
қабілеттері) және бір қалыпты экономикалық жүйені реттеуші кәсіпорындағы
рөліне ерекше көңіл бөледі.
Қазіргі уақытта теориялық зерттеулер тәуелсіз негізде, ерікті
қызмет жүргізу әдісі ретіндегі кәсіпкерлікке ғана емес, соньщен қатар
фирма ішілік кәсіпкерлікке немесе интрапренерствоға көңіл бөлуде.
"Интрапренер" термині кейінірек "интеркапитал" терминін енгізген
американдық зерттеуші ең алғаш қолданған.
Интрапренерствоның пайда болуы көптеген ірі өндірістік
қүрылымдардың өндірісті үйымдастыру кәсіпкерлігіне көшумен байланысты.
Кәсіпкерлік міндетті творчестволық еріктің болуын жорамалдаса, онда
өндірістік қүрылымның толық мәнді болімшесі интеркапиталдың, яғни фирма
ішілік кәсіпкерлік негізінде жатқан идеяларды іске асыруға қажетті
капиталдың болуын білдіреді.
Кәсіпкерлік экономикалық көрініс ретінде нарықтың экономикалық
( сұраныс пен ұсыныс , бәсекелестік ,құн , тб) экономикалық
заңдар мен тауарлы өндірістің айналымның барлау құралдары ретінде
кәсіпкердің басқа шаруашылық субъектілері мен қатыстардың тауарлы
мінездемесі .
Кәсіпкерлік- инновациялы кәсіпкерлік идеяға, жауапкершілікке,
ерікті инициативаға негізделген экономикалық белсенділіктің ерекше түрі.
экономикалық белсенділік индивидтің қоғамдық өндіріске қатысу түрін және
өзі мен жанүясының өмірін қамтамасыз етуге қаражат алу тәсілін
білдіреді. Индивидтің бүндай қоғамдық өндіріске қатысуы қоғамдық
функционалдық міндет немесе оның комбинациясы болып табылады. Бүл кезде
ол өзіне үнемі табыс әкелетін кез келген объектінің, мүмкіндіктің иесі
болса, өзінің еңбегін
сатушы жалдамалы жүмысшы болса, индивидуалды өндіруші, мемлекеттік
немесе жергілікті қызметкер болып табылса.
Кәсіпкерлік белсенділіктің негізгі субъектісі кәсіпкер болып
табылады. Бірақ кәсіпкер негізгі контрагент ретінде түтынушымен, сонымен
қатар түрлі жағдайларда көмекші немесе қарсылас ретінде болатын
мемлекетпен байланыста болуы керек. Тұтынушы да мемлекет те жалдамалы
жұмысшы мен бизнестегі серігі сияқты кәсіпкерлік белсенділіктің
субъектілері категориясына жатады.
Алдыменен батыс елдерінің кәсіпкерліктің маңызын анықтау жолдары
туралы айтайық. Мысалы, американ ғалымдарының түсінігінше кәсіпкерлікол-
батыл, қиын да мәнді жобаларды іске асыру қызхметінің түрі Кәсіпкерлік-
азаматтардың өз тәуекелділіктерімен және өз жауапкершілігімен атқаратын
тәуекелді істері. Кәсіпкерлік- жаңа бір нәрсе ойлап табу және қолда
барды жақсартуға үмтылысымен дәріптеледі. Ол " динализм", "инициатива",
"батылдық" сияқты түсініктермен өте тығыз байланысты қоғамда көптеген
қызықты идеяларды шындыққа айналдыратын Іюгенциалға жол ашады.
Батыс елдерінде осы заманғы кәсіпкерлік ерекше, новаторлық,
антибюрократиялық шаруашылық ету стилі ретінде сипатталады, өйткені ол
әрқашан жаңа мүмкіндіктердііздестіру, инновацияларға үйрену, қызықтыра
және алға қойған мақсаттарды шешуде түрлі ресурс көздерін пайдалана білу
негізінде жасалады. Біздіңше мұндай шешім біздің еліміздегі
кәсіпкерліктің дамуында маңызды орын алады. Бірақ, кәсіпкер өз ісін
ашып, оны дамытуда ресурс көздерін іздестіруі заңды түрде болуын айта
кеткен жөн.
Американ ғалымы Р.С. Ронстадтың пайымдауынша, кәсіпкерлік- ол
байлықты өсірудің дамымалы үрдісі. Байлық өз қаражатымен, мүлкімен,
карьерасымен тәуекелдікке баратын, өз ісін ашуда уақыт аямайтын,
түтынушыларға жаңа қызмет пен тауар үсынатын адамдармен жасалады. Бұл
тауар немесе қызмет міндетті түрде жаңа, бастысы кәсіпкер керегінше күш-
жігер, қаражат жүмсап, ол тауарға жаңа сапа беріп оның қүндылығын
көтеруі керек . Өз кезектерінде американ ғалымдары Р.Хизрич пен М.Питерс
кәсіпкерліктің бар типін қамтитын ең кең анықтама береді: Кәсіпкерлік-
ол бағалы қасиеті бар жаңа бір нәрсені жасау процесі: ол өзіне қаржылық,
моралдік және әлеуметтік жауапкершілікті алып, күш пен уақыт сиымды
процесс, көздеген мақсат орындалған жағдайда өзіндік қанағаттандырушылық
пен ақшалай табыс әкелетінпроцесс. Авторлар ары былай жалғастырады: " Өз
ісін бастауды шешкен адам өмірі, үміт пен реніш, қажымас қайрат пен
еңбексүйгіштік қасиеті бар".
Бүдан былай көптеген экономист ғалымдар көптеген әдебиеттерде түрлі
анықтамалар беріп, оның қүрылыстары мен қасиеттерін зерттеуде.
Біздіңше "кәсіпкерлік"- ол шаруашылық етуші субъектілердің
бюджеттер алдында қаржылық міндеттерді өтеу мен жекеменшік істің өзіндік
дамуын қанағаттандыру үшін түрлі қызмет аясында еркін экономикалық
шаруашылық егу, нарықтық қатынас субъектілерімен қоғамның нақты
тұтынушыларының сүраныстарын тауармен қанағаттандыру және пайда алу
мақсатындағы іс-әрекеттер.
Кәсіпкерлік- ол кәсіпорын иеленушілердің инновациялық мінез-қүлқына
негізделген, жаңа идеяларды табу және қолдану, оларды нақты кәсіпкерлік
жобаларға сіңіруге шаруашылық етудің принциптерінің жаңа түрі, Бүл
негізінен тәуекелдік іс, бірақ тәуекел етпеген адам ірі жетістіктерге
жете алмайды ғой. Кәсіпкер өз ісін ашпай түрып, өзинтуициясына беріліп,
бәсеке нарығын өте жақсы игеріп, нақты есептеулер жүргізуі керек.

1.2.Кәсіпкерліктің түрлері

Кәсіпкерлік қызметті әр түрлі міндеттемелері мен белгілері бойынша
сыныптауға болады, бірақ теория мен практикада келесі белгілері бойынша
классификациясы қалыптасқан: меншік формасы бойынша, заңдылығы, аймақ
көлемі, түрлі аймақтарға таралуы, құрушылар қүрамы, айналым көлемі,
персонал саны, табыстылық деңгейі мен осу қарқыны, жаңалықтарды пайдалану
деңгейі және т.б.
Меншік формасына келетін болсақ нарықтық экономикада кәсіпкерлік
негізінен 2 формада:
-мемлекеттік;
-жеке меншік формаларында дамып келеді. Жеке меншік:
-индивидуалды;
-коллективті формаларда көрініс табады.
Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік:
-заңды;
-заңсыз;
-алдамшы кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Алғашқы түрлері бойынша біздің түсінігіміз бар, ал алдамшы
кәсіпкерлікке анықтама беріп кетейік. Бүл кәсіпкерлік түрі азаматтарға,
үйымдарға, мемлекетке залалын тигізетін, кәсіпкерлік және банктік қызметпен
айналысу мақсаты жоқ, мақсаты: несие алу, салықтан босатылу, басқа да
мүліктік пайда алуды және заңсыз қызмет түрін жасыру үшін қүрылған
коммерциялық үйым.
Қызметінің түрлі аймақтарға таралуы бойынша:
-жергілікті;
-үлттық;
-халықаралық;
-әлемдік;
-аймақтық болып бөлінеді.
Қүрылтайшылар қүрамы бойынша:
-әйелдер;
-жасөспірімдер кәсіпкерлігі болып бөлінеді.
Көптеген елдерде әйелдер және жасөспірімдер кәсіпкерлігінің дамуына
қолдау көрсетумен айналысатын ассоциациялар қызмет етуде. Мысалы, Ресейде
Ресей кәсіпкер әйелдер ассоциациясы құрылған.
Даму қарқыны мен табыстылық деңгейі және түсімділігі бойынша
кәсіпкерлік ұйымдарды:
-қарқынды өспелі;
-даму қарқыны бәсең;
-жоғары табысты;
-рентабелділігі төмен үйьшдар деп жіктейміз.
Өзінің қызметінде инновацияларды, жаңалықтарды, жаңа технологияларды,
жаңа тауарларды өндіру мүмкіншіліктерін әрдайым іздестіру, жүмыстарды
атқару, қызмет көрсету, жаңа өткізу нарықтарын жаулау, өндіріс факторларын
жаңадан комбинирлеу негізінде жаңа сүраныс пен үсыныстың қалыптасуы
прогрессивті маркетингтің инновациялық менеджментін қолдануда кәсіпкерлік
қызмет шығармашылық-іздестірушілік, өнімді белгілі әдістер мен белгілі
еңбек өнімдерін ұдайы өндіруге бағытталған және т.б. болады.
Өз ісінің құрылтайшылар көлеміне байланысты
-жеке кәсіпкерлік .
-колективті кәсіпкер болып бөлінеді .
Жалпы персоналдық тізімі, жарғылық капиталдағы басқа да субъектілер
үлесі бойынша: шағын кәсіпкерлік. Егер кәсіпкерлер ұйымды құруда
Қазақстандық құрылтайшылармен бірге шетелдік құрылтайшылар болса, ондай
кәсіпкерлік "біріккен" деп аталадыі
Құру механизміне, құрылтайшылар санына, қызмет ету және басқару
процесіне байланысты: жай және күрделі кәсіпкерлік үйымдар деп аталады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің қызмет алаңы болып тауарлы биржалар және
сауда үйымдар деп аталады .
Тауарлы биржа-бүл сатып алушымен үлгілермен ертеректе жасалған тауардың
минималды партияларын алдын ала тексермейтін көтерме тауарлы нарықтың көп
түрлілігі. Тауарлы биржада коммерциялық делдалдар мен олардың қызметкерлері
бірлесіп келісілген ережелер бойынша сауда операцияларын жүргізу үшін өз
еріктерімен бірлеседі.
Бүл биржаның мақсаты- еркін бәсекелестіктің басқару механизмін қүру
және оның көмегімен сүраныс пен үсыныстың өзгеруі есебінен нақты нарықтық
бағаларды анықтау. Тауарлы биржа- стандарттармен сатылатын
жалпы алмастырушы тауарлардың түрақты қызмет атқарып отыратын көтерме
нарықтың едәуір жетілген формасы.
Тауарлы биржалар келесі функцияларды орындайды:
-сауда келісімдерін жасауға делдалдық қызмет көрсету;
-тауарлы сауданы, сауда операцияларын реттеу және сауда дауларын шешу;
-бағаға әсер ететін факторлар, бағалар жағдайы туралы мәліметтер жинау;
Тауарлы биржалар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық биржадағы саудаға
тек брокерлер- сатушы мен сатып алушы ортасына түсетін биржалық делдалдар
қатыса алады, ал ашық биржадағы саудаға барлық азаматтар қатыса алады.
Кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі болып қаржылық кәсіпкерлік табылады.
Оның қызмет аясы- айналым, баға алмасулар. Қаржылық қызмет өндірістік және
коммерциялық, сонымен қатар жеке де болуы мүмкін .
Қаржылық кәсіпкерліктің негізгі қызмет алаңы болып коммерциялық банктер
мен қор биржалары табылады.
Коммерциялық банктер- бүл коммерциялық үйымдарды төлемді негізде
несиелейтін, ақшалай салымдарды қабылдаған және де басқа есепті
операцияларды клиенттер тапсырмасымен орындайтын акционерлік типтегі
қүрылым. Коммерциялық банктің табыс көзіне депозиттік және қарыз
қүралдарының пайыздық ставкаларының айырмасынан түскен түсім жатады.
Коммерциялық банк операциялары 3 топқа бөлінеді:
-пассивті;
-активті;
-коммиссиялы-делдалдық;
Қор биржасы- капитал мобилділігінің жоғарлауына әсер етіп, активтердің
нақты қүнын шығаруға септесетін ылғи қызмет атқарып тұратын, үйымдасқан-
әрленген бағалы қағаздар нарығы түсіндіріледі. Қор биржасының қызмет ету
принцип! үсыныс пен сүранысты оперативті реттеуге негізделген.
Қор нарығында бағалы қағаз катировкасы жүргізіледі. Олар биржадан
өтетін барлық бағалы қағаздар үшін сатып алушылар мен сатушылар
биржаларының бағамдары бойынша әрдайым арнайы мамандармен бағаланып
отырады. Ағымдаға бағамдар әрдайым арнайы формулалар
бойынша есептеліп, биржалық белсенділік индексін алуға негіз болып, сол
уақытта белгілі акцияларды сатып алуға болатындығын корсегеді.
Сондай-ақ айта кететін бір жайт мемлекеттік-монополистік капитализм
жағдайында бағалы қағаздарды сатуда биржа рөлі біршама төмендеді. Мүның
басты себебі бағалы қағаздарды сатудың үлкен үлесін өздеріне шоғырландырған
мықты несие-қаржылық институттардың қүрылуы болды. Бағалы қағаздарды сатуда
мемлекеттік облигациялар-ң ұлғаюы да әсер етті.
"Консультант" сөзі латынның "кеңес беруші" дегенінен шыққан. Бұл сөз
белгілі бір салада өз мамандығы бойынша сауалдарға кеңес беруші маман
екенін түсіндіреді. Шетелдік практикада басқару сұрақтарына коммерциялық
ақылы кеңес беру "консалтинг" деп аталады.
Нарықты экономикалы өнеркәсібі дамыған елдерде консул ыациялық қызмет
формасындағы интелектуалды капиталға салымдар жаңа жабдықтар мен озық
технологияға салымдарға қарағанда тиімдірек деп есептелінеді.
Консалтінгтік қызметтер ауызша бірлік кеңестер формасында болуы мүмкін.
Бірақ олар жиі-жиі консалтингтік жобалар түрінде үсынылып, келесі негізгі
этаптардан түрады:
-проблеманың анықталуы;
-жобаның шешімдерін дайындау;
-жобаның жүзеге асырылуы;
Қорытынды этап жоба көлеміне тәуелді, бірнеше айға созылуы мүмкін.
Кеңес беру әдістері әр түрлі болуы мүмкін, неғүрлым кең қолданылатын 3 түрі
бар:
-эксперттік;
-үрдістік;
-баулашы;
Экспертік кеңес беруші- консалтингтің неғүрлым белсенді емес формасы.
Мүнда кеңес беруші өзі диагностика жасап, шешімдерді дайындап оларды ендіру
туралы түсінік береді, ал клиент кеңес берушіні қажетті ақпараттармен
қамтамасыз етеді.
Үрдісті кеңес беруде- кеңес беруші фирма мамандары жобаның дайындалуының
барлық кезеңдерінде клиентпен озара белсенді қызмет атқарады. Оган өз
идеяларын айтуга мүмкіндік береді.
Баулушу кеңес беруде мамандардың басты мақсаты идеялардың тууына,
шешімдердің табылуына қолайлы жағдай дайындау арқылы барлық .
теоретикалық және практикалық ақпараттарды үсынады.
Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп айтуға болады.
Мүнда өнім, тауар, жүмыстар, қызметтер, белгілі рухани қүндылықтар
жасалады.Бірақ нақ осы қызмет аясы нарықтық экономикаға өтуде: шаруашылық
байланыстар-ң құлауы, материалды-техникалық жабдықтардың бүзылуы, өнім
өткізудің күрт төмендеуі, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауы
секілді негативті өзгерістерді бастан өткерді.
Өндірістік қызметпен айналысқысы келген әр кәсіпкер ең алдымен қандай
тауар өндіруді және қандай қызмет түрін көрсеткісі келетінін анықтап алуы
тиіс. Содан соң бүл кәсіпкер маркетингтік зерттеугу кошеді. Тауарға
сүранысты анықтау үшін ол тікелей түтынушылырмен, тауарды сатып
алушылармен, когерме және бөлшек сауда үйымдарымен байланысқа түседі. Бүл
келіссөздерің формальді аяқталуы болып кәсіпкермен келешек тауар сатып
алушы арасында жасалған келісім шарт табылады. Мұндай келісім шарт
кәсіпкерлік тәуекелділікті минимумдауға септеседі.
Өндірістік кәсіпкерліктің келесі сатысы өндіріс факторларын жалға алу
немесе иемдену. Өндіріс факторлары қатарына: өндірістік қорлар, жүмысшы
күші, ақпарат және т.б. жатады. Өндірістік қорлар өз кезегінде негізгі және
айналым қорларына бөлінеді.
Негізгі өндіріс қорларына: қүрылыс, ғимараттар, машиналар мен
жабдықтар, өлшеуіш жіне реттеу қүралдары, өндірістік инвентарь және басқада
негізгі қорлар.
Өндірістік айналым қорларын шикізаттар, негізгі және көмекші
материалдар, жанармай және энергетика ресурстары, күны аз тез тозатын
қүралдар және ремонтқа қажетті бөлшектер қүрайды.
Қаржы қүралдарына және оның есебі кәсіпкерлік істі жүзеге асыру ақшалай
шығындармен байланысты өндірістік кәсіпкерлік қызметте ақшаға жалпы
қажеттілікті мынандай формуламен есептеуге болады:
Акг= Аж+Ам+Ажқ+Аа+Ақк, мүндағы: Аж-жалдамалы жүмысшыларга төленетін
еңбек ақы. Ам-шикізат, материал, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік мәні және түрлері
Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибелері
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру формалары
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ҚР-ғы кәсіпкерлік қызметі
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Кәсіпкершілік - шаруашылық әдіс ретінде және оның негізгі түрлері
ТУРИЗМДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы
Пәндер