Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайлары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

І.тарау. Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... . 6

1.1. Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу ... ... ... ... .. 6
1.2 Жергілікті экологиялық проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
1.3 Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағыттары мен негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
1.4 Мемлекеттік экологиялық мониторинг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Пайданалынған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
XXI ғасыр кезеңінде адамдар мен табиғат арақатынастары жылдан жылға шиеленісіп, қоғамның дамуының табиғатпен үйлесімділігі өзекті мәселеге айналды. Бұған себеп жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен ғылыми- техникалық жаңалықтардың өнеркәсіп пен шаруашылыққа енгізілуі, мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамытуы. Соның салдарынан табиғат қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп, адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зияны үнемі көбейіп келеді. Нәтижесінде пайдалы кендер қорының жақын арада таусылуы, өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлердің толықтай жоғалуы,қоршаған ортаның шамадан тыс ластану қауіпі төнуде. Өнеркәсібі дамыған бірқатар елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша, тіпті адамдардың денсаулығына кесірін тигізе бастады.
Міне, сондықтан да табиғат қорларына құнтты болу, бұзылғандарын қалпына келтіріп отыру, оларды ұтымды пайдалану, ауаға, жерге, суға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы және абройлы міндеті болып саналады.
Табиғаттағы өзгерістер өте баяу жүретін болғандықтан қоршаған ортаға келген зиян көзге көріне бермейді, бірнеше жыл өткесін ғана біліне бастайды. Осыған байланысты зиянды өзгерістерді тоқтату үшін алынған шаралар тым кеш болып нәтиже бермей , болмаса мезгіл өтіп кеткен соң көп күш, қаржы мен материал жұмсауға тура келеді. Олай болса қолда барды сақтау мен ұтымды пайдалану – бүгінгі күн талабы екенін есте ұстағанымыз жөн. Табиғи ортаны сақтауға оны сауықтыруға және өндіріс орындарының тұрақты дамуына бағытталған кешенді және үйлесімді табиғатты пайдалану жүйесін қалыптастыру өте өзекті мәселе. Өйткені бұрынғы кеңестік жүйе біржақты табиғат ресурстарын пайдалану саясатымен және әсери қару-жарақтар сынаумен біздің территориямызда көтеген экологялық апатты жағдайлар қалдырды. Өкінішке орай, табиғатпен арақатынаста бұл талап ұмыт болып, бүгінгі пайдаға қызығып, болашақты ойламайтын болдық.
Өндіріс орындарының күрт арту кезеңінде, ғылыми-техникалық жетілдірудің дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі күннің актуалды проблемаларының бірі болып отыр. Бұл мәселелерге түсініксіздікпен селсоқ қарау мен техникалық экологиялық қате саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі организмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді. Қордаланған негізгі проблемаларды шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының арасындағы қарым-қатынастардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс дамымауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін. Қуаты энергия көздерімен және қазіргі заманғы жетілген техникамен қаруланған адамзат табиғатқа елеулі әсерін тигізе алары сөзсіз. Егер бұл әрекеттер мен табиғат заңдарын бұзу фактілері миллиондаған жылдар бойы орныққан байланыстарды бұзса, оның соңы – апаттық әкелуі мүмкін. Түптеп келгенде, адамдар қазіргі уақытта өз іс - әрекеті нәтижесінде туындаған

апаттармен арпалысып жүр. Әсіресе, адамзаттың қоршаған ортаға әсері мен оған деген орныққан көзқарастарының биосферада қалыптасқан тепе – теңдіктерді сақтаудағы орны ерекше болып отыр. Егер адамзат қоғамы биосферадағы тіршілікті сақтап қалғысы келсе, онда олар табиғат байлықтарына және оларды пайдалануғу деген көзқарастарын күрт өзгертуі қажет.
1. Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана: Казахстан-2030. Процветания, безопасность и улучшение благосостояния всех Казахстанцев. –Алматы. -1997.
2. Абдуллин А.А. Прогноз развития минерально-сырьевой базы Казахстана- основа стабильного развития республики // Вестник инженерной академии Республики Казахстан, - № 2 (10) -2004. –С. 117-118.
3. Үпішев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау: Оқулық, -Алматы.: Экономика, -2007. -480 бет.
4. Искаков Б.С. Оценка внутреннего облученич населения региона с неблагополчной радиационной обстановкой. –Медицина. 2005. № 2, С.129-131.
5. Өтепов П.Д.,Медетов Ж.Б.,Алибеков А. Шу-Сарысу уран кен провинциясында мекендейтін тұрғындардың эколого-гигиеналық проблемалары // Вестник ЮКГМА, -2008. №1(34). –С.172-175.
6. Сравнительный анализ показателей имунитета у жителей экологический неблагоприятных регионов Казахстана. // Э.Т.Битана, А.А.Шортанбаев, А.К.Жанкулов и др. // Здоровье и болезнь -2005, -№8(36), -С.50-53.
7. Абдуллин А.А. Прогноз развития минерально-сырьевой базы Казахстана- основа стабильного развития республики // Вестник инженерной академии Республики казахстан, №2 (10) 2004. –С.117-118.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Жарлығы. Алматы, 1996.
9. Қазақстан Республикасының кодекстері мен заңдары: Жер кодексі (2004); Су кодексі (2004); Орман кодексі (2004); Атмосфералық ауаны қорғау туралы заң (2003); Экологиялық сараптама туралы заң (1997): Жер қойнауы және минаралдық шикізатты ұқсату туралы заң (1992); Экологиялық сараптама туралы заң (1992); ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң (1997).
10. Қазақстан Республикасының 2005-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы. Егемен Қазақстан, №320. 2004 ж. 10 желтоқсан.
11. Қоршаған ортаны қорғау. Нормативтік актілер жиынтығы. Алматы, 2005.
12. Мұқаев С. Байлығымызды дұрыс пайдалана білейік. Ақиқат 1995, № 2.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...

І-тарау. Қазақстан аймақтарының экологиялық 6
жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... .

1.1. Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды 6
шешу ... ... ... ... ..
1.2 Жергілікті экологиялық 10
проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағыттары мен
негізгі 12
қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
1.4 Мемлекеттік экологиялық 15
мониторинг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .


Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .

Пайданалынған 20
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .

Кіріспе

XXI ғасыр кезеңінде адамдар мен табиғат арақатынастары жылдан жылға
шиеленісіп, қоғамның дамуының табиғатпен үйлесімділігі өзекті мәселеге
айналды. Бұған себеп жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен ғылыми-
техникалық жаңалықтардың өнеркәсіп пен шаруашылыққа енгізілуі,
мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамытуы. Соның салдарынан табиғат
қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп, адамдардың қоршаған ортаға тигізетін
зияны үнемі көбейіп келеді. Нәтижесінде пайдалы кендер қорының жақын арада
таусылуы, өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлердің толықтай
жоғалуы,қоршаған ортаның шамадан тыс ластану қауіпі төнуде. Өнеркәсібі
дамыған бірқатар елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша, тіпті
адамдардың денсаулығына кесірін тигізе бастады.
Міне, сондықтан да табиғат қорларына құнтты болу, бұзылғандарын
қалпына келтіріп отыру, оларды ұтымды пайдалану, ауаға, жерге, суға,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың
борышы және абройлы міндеті болып саналады.
Табиғаттағы өзгерістер өте баяу жүретін болғандықтан қоршаған ортаға
келген зиян көзге көріне бермейді, бірнеше жыл өткесін ғана біліне
бастайды. Осыған байланысты зиянды өзгерістерді тоқтату үшін алынған
шаралар тым кеш болып нәтиже бермей , болмаса мезгіл өтіп кеткен соң көп
күш, қаржы мен материал жұмсауға тура келеді. Олай болса қолда барды
сақтау мен ұтымды пайдалану – бүгінгі күн талабы екенін есте ұстағанымыз
жөн. Табиғи ортаны сақтауға оны сауықтыруға және өндіріс орындарының
тұрақты дамуына бағытталған кешенді және үйлесімді табиғатты пайдалану
жүйесін қалыптастыру өте өзекті мәселе. Өйткені бұрынғы кеңестік жүйе
біржақты табиғат ресурстарын пайдалану саясатымен және әсери қару-жарақтар
сынаумен біздің территориямызда көтеген экологялық апатты жағдайлар
қалдырды. Өкінішке орай, табиғатпен арақатынаста бұл талап ұмыт болып,
бүгінгі пайдаға қызығып, болашақты ойламайтын болдық.
Өндіріс орындарының күрт арту кезеңінде, ғылыми-техникалық
жетілдірудің дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи
ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі күннің актуалды проблемаларының бірі
болып отыр. Бұл мәселелерге түсініксіздікпен селсоқ қарау мен техникалық
экологиялық қате саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі
организмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді.
Қордаланған негізгі проблемаларды шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының
арасындағы қарым-қатынастардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс
дамымауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін. Қуаты энергия көздерімен
және қазіргі заманғы жетілген техникамен қаруланған адамзат табиғатқа
елеулі әсерін тигізе алары сөзсіз. Егер бұл әрекеттер мен табиғат заңдарын
бұзу фактілері миллиондаған жылдар бойы орныққан байланыстарды бұзса, оның
соңы – апаттық әкелуі мүмкін. Түптеп келгенде, адамдар қазіргі
уақытта өз іс - әрекеті нәтижесінде туындаған

апаттармен арпалысып жүр. Әсіресе, адамзаттың қоршаған ортаға әсері мен
оған деген орныққан көзқарастарының биосферада қалыптасқан тепе –
теңдіктерді сақтаудағы орны ерекше болып отыр. Егер адамзат қоғамы
биосферадағы тіршілікті сақтап қалғысы келсе, онда олар табиғат
байлықтарына және оларды пайдалануғу деген көзқарастарын күрт өзгертуі
қажет. Ғалымдарымыздың деректеріне көз жүгіртер болсақ, қазір жер бетінде
таза ауасы, топырағы және суы бар аймақ жоқтың қасы. Осыған орай, жаңа
эколгиялық көзқарастың мағынасы қоршаған орта және жаму жөніндегі
Халықаралық комиссияның Біздің ортақ болашағымыз атты баяндамасында
ашылды. Оның шешімдері мен ұсыныстары көптеген халықаралық конференциялрдың
(Рио-де-Жанейро – 1992, Киото – 1997, Йоханнесбург – 2003) өзегі болды.
Халықаралық қауымдастықтың және жеке елдердің табиғат ресурстарының оның
ішінде табиғат сыйымдылығының шектеулі екендігіне көздері жеткеннен кейін
тұрақты даму туралы ой-сана қалыптаса бастады және антропогендік апаттарды
болдырмайтын бірден-бір жолы деп танылды.
Қазақстанда, өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап табиғатты жоспарлы
түрде пайдалану мақсатына бағытталған экологиялық саясат қалыптасты. Бұл
мелекетіміздің табиғатты қорғау мен оның ресурстарын ұтымды пайдалануды
қолға алып отырғанын көрсетеді және дүниежүзілік қоғамға өзінің тұрақты
даму мен экологиялық қауіпсіздікті қолдайтынын әрдайым дәлелдеп келеді.
Ядролық қаруы бар мемлекеттер арасында бірінші болып олардан бас тартты.
Қалыптасқан экологиялық жағдайларды ескере отырып, табиғатты өз
қалпында тұрақтандыруды дамыту мақсатында табиғатты қорғау мен оның
ресурстарын ұтымды пайдалануды экономикалық басқару, реттеу және оған
табиғатты пайдаланушыларды ынталандыру жолдарын қарастыру мен халықтардың
табиғатпен бірлесе өмір сүру қағидаларын құру.
Бүгінге қалыптасқан экономикалық жүйеде табиғатты пайдалану
халықтардың әлеуметтік жағдайы мен денсаулығы және тән саулығымен тығыз
байланыста қарастырылмаған. Сондықтан экологиялық жағдайды халықтың
денсаулығын бағалап олардың өмір сүру әрекетімен қарастыру маңызды болып
отыр. Бұл орайда табиғатты пайдаланудың әлеуметтік қатынастарының көрінісі
болуы тиіс. Олар барлық деңгейде біртұтас қалыптасуы керек. Өнеркәсіп
аймағындағы елді мекендердің қоршаған ортаны ластануын төмендету және
оны қалпына келтіру әрекеттерін жоспарлау, қоршаған орта сапасының
көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғатты пайдалануға қойылатын
экологиялық талаптарды жетілдіру, қоршаған орта сапасын жақсарту және
қоғамның жоғарғы дәрежелі экологиялық тұрақты даму деңгейіне жеткізу
мәселелерін шешуде берілген мәліметтерді пайдалануға болады. Халықтардың
экологиялық жағдайда өмір сүру барысындағы тұрмыстық әлеуметтік
жағдайларын басқаруда сұқпаттасу арқылы обьективті және субьективті
әсерлерін зерттеу маңыздылығы айқындалады. Себебі, қоршаған ортаның
ластануынан экологиялық және әлеуметтік зияндар болуы мүмкін. Әлеуметтік
зиян- адамдардың денсаулығына, әлеуметтік тұрмысына, тіршілігіне келтіретін
зияндылық. Бүгінге, кеңес дәуірінен қалыптасып қалған жағдаймен,
елді

мекендер өнеркәсіп маңында бой көтерген, бұл елді мекеннің санитарлық
техникалық жағдайлары яғни, ауыз сумен, канализация, электр жүйелерімен,
автожолдармен т.б. қамтамасыз етуі ірі өнеркәсіптердің есебінен
жүргізілген. Бұған мысал, ретінде Қарағанды облысының қалалары: Қарағанды,
Саран, Шахтинск тас көмір өңдіру шахталарының, Теміртау, Жезқазған
қалалары металлургия комбинаттарының, Байқоңыр қаласы ғарыш кешені
маңында орналасқаны. Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар ірі өнеркәсіп
орындарының аумағында Шымкент, Кентау қалалары, Ащысай, Қыземшек, Таукент,
Сас-төбе елді мекендері бой көтерген. 600 мыңнан астам адамдар
мекендейтін Шымкент қаласының селитебтік зонасында, кеңестер одағы
тұсында фосфор заводы, қорғасын заводы толық жоба деңгейінде жұмыс
атқарған . Бүгінге Шымкентцемент ААҚ, Петро Казакстан Ойл Продакте
ААҚ, Энергоорталық-3 ААҚ жұмыс атқаруда. Шу-Сарысу уран кен провинциясы
аймағында Таукент, Қыземшек, Тайқоңыр елді мекендері бой көтерген. Аталған
елді мекендердің еңбекке жарамды халқының басым бөлігі өнеркәсіп саласында
кен өндіру және өңдеу саласында еңбек атқарады. Өнеркәсіп саласының
мамандарының бүгінгі күнге табиғатты қоғаудағы, оны сақтаудағы және ұтымды
пайдаланудағы жолдарын, басқа сала мамандарынан қарағанда жете білсе керек.
Алайда бүгінгі күнге, өнеркәсіп сала мамандарының, халықтың табиғатты
қорғаудағы шешілетін өзекті мәселелер жөнінде көзқарастары зерттеліп баға
берілмеген.
Ғылыми техникалық жетістіктер табиғатты қорғау, пайдалану, тиімділігін
арттыру жолында зор мүмкіншіліктер ашады. Бұл тенденция әсіресе, өткен
ғасырдың екінші жартысында және осы ғасырдың он тоғыз жылдық арасында
ғылыми техникалық жетістіктер арқасында табиғатты пайдалану, оның байлығын
игеру қарқыны асқан жылдамдықпен артты. Өнеркәсіп ьірнеше есе өсті,
шикізаттың жаңа түрлері іске қосылды, энергия қуатын, жер қойнауы
байлықтарын пайдалану көбейді. Осының арқасында адамдардың мүмкіншілігі,
табиғи ортаға тигізетін әсері артты. Ғылыми техникалық жетістіктердің
табиғатқа екі жақты әсер етеді. Бір жағынан, өндіріске көп мөлшерде шикізат
қолданылып, өндіріс қалдықтары көбеиіп, оның табиғи ортаға әсері артып,
табиғи орта ластанады. Екінші жағынан, өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын
шикізат мөлшері азайды, технологиялық процестер жетілдірілді, олардың
табиғатқа зиянды әсері шектелді, шикізаттың бір түрі екіншісімен
алмастырылды, қалдықтар қайта қолданылды, сонымен бірге табиғатты қорғау
шараларын ауқымды жүргізуге мүмкіндіктер ашылды. Алайда, өнеркәсіп
орындарына ғылыми техникалық жетістіктерді кеңінен ендіру барысында
қоршаған ортаға келтірілетін зиянды шығындарды зерттеу, оларды анықтау
қажеттілігі туындайды.
Қоршаған ортаның ластануынан экологиялық және әлеуметтік зияндар болуы
мүмкін. Өнеркәсіп жұмысшылары мен елді мекен халықтарының денсаулығына
әсері бағалануы қажет. Бұл орайда халықтың аурушаңдығы, еңбекке
жарамсыздығы, денсаулығының обьективті және субьективті әсермен басқаруын
зерттеу жүргізу өз орнын табады. Экологиялық зиян қоршаған
ортаның, атмосфераның, гидросфераның, флора мен фауна жағдайының
нашарлауына әкеліп соғады. Бұл орайда қалыптасқан экологиялық жағдайға баға
беру маңыздылығын табады. Қоршаған ортаның атмосфералық ауасының,
гидросферасының жағдайын, бүгінгі күнге сыналған лабороториялық әдістермен
зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оның қорытындысымен табиғатты қорғау
шараларының жобаларын жасау қажеттілігі туындайды.

І Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайлары

1. Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу

Қазақстан Республикасында XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап табиғатты
жоспарлы пайдалану мақсатына бағытталған экологиялық саясат қалыптасты.
Қазақстан өзінің тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікті қолдайтынын
әрдайым дәлелдеп келеді. Ядролық қаруы бар мемлекеттер арасында бірінші
болып олардан бас тартты. БҰҰ қоршаған орта жөніндегі (Рио-92)
конференциясының қорытынды құжаттарына қол қойды, климаттың өзгеруі,
тақырлануымен күрес, биологиялық алуандықты сақтау жөніндегі маңызды
хлықаралық конвенцияларға қосылды. Орхус және Еуропа экономикалық
трансшекаралық конвенциясын бекітті.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесі экологиялық
саясатпен тікелей байланысты. Экологиялық стратегияның негізгі мақсаты
экологиялық қолайлы орта құру үшін табиғат пен қоғамның арақатынасындағы
үйлесімділікке қол жеткізу болып табылады. Осыған байланысты төрт басым
бағыт айқындалды:
- Экологиялық қауіпсіз қоршаған орта құру.
- Табиғат ресуртарын теңдестікті сақтай отырып пайдалану.
- Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің алуан түрлулугін сақтау.
- Экологиялық білім беру.
Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық
іргелі бөлігінің бірі болып табылады. Ол экологиялық теңдестіктің
тұрақтылыгымен, табиғи ортаға шектен артық антропогендік әсерлерден
қоғамның қорғалуымен анықталады. Қазақстанда табиғи ортаның жағдайы өте
күрделі, шешілмеген мәселелер көп. Негізгі экологиялық мәселелер –
қалаларда ауаның ластануы, өндірістік және тұрмыстық қалдықтьардың күннен-
күнге көбейіп жинақталуы, ауылшаруашылықжерлерінің азуы тақырлануы, жер
бетіндегі және оның қойнауындағы су көздерінің ластануы, территориялардың
радиоактивтік ластануы, Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Талас, өзендеріне
көршілес территориялардан лас сулардың құйылуы. Әмудария және Сырдария өзен
бассейндерінде жоғарғы қарқынмен суармалы егістіктерді дамыту Арла
қасіретін туғызды. Каспий теңізінің суының көтерілуі мұнай ұңғыларын су
астында қалдырып, теңіздің биологиялық ресурстарына қауіп
төндірді.Республикамыздың аумақтарының алты уранкен табиғи провинцияларының
болуы және ол жерлерде уранды өндіру, өңдеу жұмыстары жүргізілуі,
өнеркәсіптің жаңа орындарын ашу сонымен бірге, бұрынғы әскери және сынақ
полигондарының ( Сарышаған, Капустин Яр, Азғыр және т.б.) территориялары
радиоактивті және химиялық заттармен ластанды.
Қалалар мен елді мекендерде халықтың денсаулығына теріс әсер ететін
факторлар – ауаның ластануы және сапалы ауыз судың жеткіліксіздігі. Ауасы
аса ластанған қалалар – Балқаш, Теміртау, Риддер, Өскемен, Ақтөбе,
Алматы, Зырян, Шымкент, Тараз. Ауаны негізгі ластаушы заттар: шаң, күкірт,
және азот тотықтары, көмірсутектер, металл тотықтары және т.б. Олар
жылу-энегетика
кәсіпорындары жылына атмосфераға миллион тоннаға жуық зиянды заттар
шығарады. Атмосфераның ластануына өндіріс және тұрмыс қалдықтары, олардың
үйінділері, шлактары едәуір үлес қосады. Автокөлік Республикамыздың
бірнеше ірі қалаларда ауаны негізгі ластауш көздеріне айналды.
Қазақстанда су ресурстарының тапшылығы табиғат ресурстарын ұтымды
игеріп, өндіргіш күштерді дамытып, халықтың игілігін арттыруға негізгі
кедергілердің бірі болып отыр. Қазақстанның орташа жылдық өзен-су қоры 100
км3 астам, оның 56 км3 территориямызда қалыптасады. Өзен ағыстары көлемі
бойынша Қазақстан әлемдегі сумен аз қамтамасыз етілген елдер қатарына
кіреді. Елімізде таза экологиялық ахуалды қалыптастыру үшін: су көздеріне
тазартылмаған ақаба, кәріз суларды төгуді және басқа жағымсыз әрекеттерді
тоқтату керек. Пайдаланылатын су көздерін (қоймаларын, өзендерді көлдерді
және т.б. су нысандарын) қажетті деңгейде судың тазалығын сақтайтын
құрылыстармен , құрылымдармен қамтамасыз ету керек. Халықты сапалы ауыз
сумен қамтамасыз ету үшін суды тұтынуға дайындау технологиясын жаңартып,
тиімді су тазарту құрылымдарын қолданып, су жүйелерін жетілдіру қажет
болада. Жер асты суларын пайдаланып, жайылымдарды суландыруды қолға алу
керек.
Республика территориясының жартысына жуығы (48,2 %) ауыл шаруашылығы
мақсатында пайдаланылады. Оның басым бөлігі жайылым. Өнеркәсіп аймақтарында
такен өндірісінің қалдықтары үйілген территориялар, мұнай ұңғыларының
орындары 60 мың га ауданды ластап жатыр. Еліміздің территориясының 6 %
астамын алып жатқан әскери полигондар, ғарыш айлағы, бұрынғы атом қаруын
сынаған аймақтар әр түрлі зиянды заттармен ластанған.
Қоршаған ортаны ластауға өндіріс және тұрмыстық қалдықтар да үлес
қосуда. Қазір 20 млрд. т астам қалдықтар жиналған. 14 млрд.т қара және
түсті металлургия қалдықтары 50 мың га жерді алып жатыр. Жыл сайын 14 млн.м
3 тұрмыстық және 500-700 млн.т өндірістік қалдықтар шығарылады, оның 92 млн
т улы қалдықтар. Жан басына есептегенде елімізде жылына 50 тонна тау
жыныстары өнделіп және өңделеді. Оның 95 % қалдыққа шығады.
Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының
шамамен 66 % -і түрлі деңгейде шөлейттену процестеріне бейім. Алдын ала
есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама
тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кіріс шамамен 300 миллиард
теңгені құрайды. Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің
шөлейттенуі мен тозуы прблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа
массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткізуі нәтижесінде
біртіндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкін. 2005 жылдың барысында
шөлейттенудің көлемі мен құрғақшылықтың теріс әсерінің алдын алуға және
қысқартуға,тозған жерлерді және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіруге,
ресурстық базаны сақтауды және немесе қалпына келтіруді қамтамасыз
ететін, халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтатын тұрақты жер
пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу мен енгізуге, сондай-ақ

шөлейттенумен күрес процесінде халықтың кең қауымынын хабардар болуы мен
қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен күрес жөнінде
бағдарлама әзірлеу және бекіту қажет. Бағдарламаның негізгі нәтижелері
шөлейттену процестерін болдырмау және жердің тозуы ауқымын қысқарту,
шөлейттенумен күрестің экономикалық тетіктерін енгізу. Ауылшаруашылығы
жерлерінің өнімділігін арттыру болмақ.
Қазақстан су ресурстарының үлкен жетіспеушілігі елдерінің санатына
жатады. Қазіргі уақытта су обьектілерін тау-кен өндіру, металлургия және
химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтері қарқында
ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Ертіс, Нұра, Сырдария,
Іле өзендері, Балқаш көлі неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз
етудің негізгі көзі болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.
Су обьектілеріне антропогендік салмақ пен олардың калпына келтіру
қабілетінің арасындағы теңгерімсіздік экологиялық қолайсыздықты іс-жүзінде
баолық ірі өзен бассейіндеріне тән етті, ал су шаруашылығының мұқтаждарын
жеткілікті қаржыландырмау су шаруашылық обьектілерінің барынша
қанағаттанғысыз (кей жерде апаттық) техникалық жай-күйіне және халықты ауыз
сумен қамтамасыз ету проблемаларының тым шиеленісуіне себеп болды. Бұл
проблемаларды шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21
қаңтарындағы № 71 қаулысымен су ресуртарын сақтау және ұтымды пайдалану
проблемаларын шешудің негізгі жолдары айқындалған. Экономиканың су секторын
дамытудың және Қазақстан Республикасы су шаруашылығ саясатының 2010 жылға
дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Сондай-ақ халықты жеткілікті көлемде
және кепілді сападағы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен Ауыз су
салалық бағдарламасы бекітілді, Қазақстан Республикасының Су кодексі және
Су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері туралы Қазақстан
Республикасы Заңы қабылданды, 2006-2010 жылдары негізгі су бассейндерінің
су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзірлеу
жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады. Қабылданған бағдарламалық
құжаттардың шеңберінде 2006 жылы іске асырылуы суды қажет ететін
өндірістер дамуының қарқыны мен көлемін шектеуге, су үнемдейтін
технологияларды, су пайдаланудың айналымы және тұйық жүйелерін жаппай
енгізуге, өнім бірлігіне және пайдалану шығындарына жекелей су пайдалануды
азайтуға, су шаруашылық жүйелерін есепке алу мен реттеудің казіргі заманғы
құралдарымен жарақтандыруға мүмкіндік беретін сумен қамтамасыз ету
жөніндегі республикалық мақсатты бағдарлама әзірлеу қажет. Бағдарлама су
ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемнің қолданыстағы ставкаларын саралау ,
су шаруашылық обьектілерін ұстау мен жөндеу жөніндегі шығыстарды өзін-өзі
ақтауға кезең-кезеңмен көшіре отырып, су пайдаланушыға су жеткізу жөніндегі
қызмет үшін баға белгілеуді оңтайландыру жөніндеі іс-
шараларды да дамытуға тиіс. Өзен экожүйелеріне ауырпалықты азайту
мақсатында және олардың ластануы мен қоқыстануы мен қоқыстануының алдын
алу үшін 2006-2010 жылдар барысында пайдаланылатын барлық су обьектілері
үшін су қорғау аймақтары мен жолақтарының жобалары әзірленетін болады, 2006-
2007 зиянды әсердің мүмкін болатын шекті нормативтерін және судың жай-
күйінің мақсатты көрсеткіштерін әзірлеу жөніндегі ғылыми-қолданбалы
зерттеулердің кешені жүргізіледі, ол су обьектілеріне ластаушы заттар
төгінділерін таңбалыдан жиынтық нормалауға кезекң-кезеңмен көшіруді жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі вғынды суларды тазартатын
құрылыстарды салу мен қайта жаңғырту кезінде жаңа технологияларды енгізуді
жеделдетеді. Қолда бар су ресурстарының санын ұлғайту мен сапасын жақсарту
үшін су жетіспеушілігін тартып отырған өңірлерде өзен ағынын реттеу
жөніндегі, оның ішінде бассейн аралық қайта бөлу, сондай-ақ жер асты ауыз
суларын пайдалануды жеделдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.
Трансшекаралық экологиялық проблемаларға су бөлу, трансшекаралық су
обьектілерін, атмосфералық ауа мен топырақты ластау, қауіпті
технологияларды, заттар мен қалдықтарды өткізу, пайдалы қазбалардың шектес
жатқан кен орындарын игеру, бірегей табиғи кешендерді сақтау мәселелері
жатады. Трансшекаралық экологиялық проблемалар елдің экологиялық
қауіпсіздігіне нақтылы сыртқы қатер болып табылады, оларды шешу халықаралық
шарттар шеңбернде көршілес мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарымен
қамтамасыз етіледі. 2004 жылдың басында Қазақстан Қауіпті қалдықтарды
трансшекаралық тасымалдау мен оларда аулаққа шығаруды бақылау туралы
Базель конвенциясына қосылды, бұл қауіпті қалдықтарды декларациялау
жөніндегі жаңа кеден ережелерін белгілеуге және кейіннен олардың қайталама
шикізат пен өнім түрінде республика аумағна олардың қайтадан түсуін
болдырмауға және қорғау проблемасын шешуге бірыңғай құқықтық тәсілдерді
қалыптастыруға мүмкіндік беретін Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық
өзендерді қорғау мен пайдалану жөніндегі Хельсинки конвенциясына қосылды.
Алайда, Отралық Азия өңірінің қалған елдері бұл конвенцияға
қосылмағандақтан, траншекаралық ағын сулар ағыны дұрыс та әділ пайдалануды
қамтамасыз ету, қауіпті заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық әсердің
алдын алу, ластаушы төлейді қағидатын орындау жөнінде шаралар қолданған
жоқ. Бүгінге, бұл жағдай шешуге, яғни Траншекаралық сипаттағы экологиялық
қатерлердің алдын алу және жою үшін: 2006-2007 жылдары Қазақстан мен
іргелес мемлекеттердің шекаралас аудандарын экологиялық басқару жөніндегі
бірлескен зерттеулер жүргізу; Орталық Азия мемлекеттерінің Хельсинки
конвенциясына қосылуы жөніндегі Қазақстанның бастамасын өткізу арқылы
трансшекаралық су проблемаларын шешу, бірегей табиғи кешендерді сақтау
мақсатында 2006-2007 жылдар барысында ішінде Батыс Тянь-Шань мен Алтай-Саян
өңірінде трансшекаралық биосфералық аумақтар құру қажет. Қабылданған
шаралардың нәтижелері ықтимал трансшекаралық экологиялық қатерлерді
анықтауға, азайтуға және жоюға жәрдемдесетін болады.

1.2 Жергілікті экологиялық проблемалар.

Атмосфераның негізгі ластануы түсті металлургия, жылу энергетикасы,
қара металлургия, мұнай-газ кешені кәсіпорындары мен көлік шығарындыларымен
байланысты. Атмосфералық ауаның ластануынан қатердің нақтылығы халық
денсаулығының нашарлауына да және қоршаған ортаның тозуына әсер етеді.
Атмосфералық ауаның проблемасы негізінен республика халқының жартысына
жуығы өмір сүретін ірі қалалар мен өнеркәсіптік агломераттарға тән.
Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның ішінде 8 қала ауасы жоғары
деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының жоғары
деңгейінің себебі - өндірістің ескірген технологиялары, тиімсіз тазартқыш
құрылыстар, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және
дәстүрлі емес көздерінің аз пайдаланылуы болып табылады. Кәсіпорындардың
20% -тен астамының нормативтік санитарлық-қорғау аймағының болмауы себепті
өндіріс орталықтары халқының басым бөлігі зиянды шығарындылардың әсері
жоғары аймақта тұрып жатыр. Автомобиль санының күрт көбеюі ірі қалаларда
(Алматы, Өскемен, Шымкент) көміртегі оксиді мен азот диоксиді жиналуын
ұлғайтады, мұндай заттардың орташа жалдық шоғырлануы бұл қалаларда шекті
мөлшерден асып түседі. Ауа бассейнінің ластануы, сондай-ақ көмірсутегі
шикізатының бұрынғы кен орындарын дамытумен және жаңа кен орындарын
дамытумен және кен орындарын игерумен де байланысты, бұл атмосфераның
күкіртсутегімен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседі. Алауларда ілеспе
газдың жағылуы қызған газдардың, күкірт пен азот оксидтердің едәуір көлемін
атмосфераға шығарумен қатар жүреді, кен орындарының төңірегінде жоғары жылу
аясы қалыптасады. 1993 жылдан 2000 жыдға дейін зиянды заттардың атмосфераға
шығарылуы негізінен өндіріс құлдырауының есебінен 5,1 млн. тоннадан 3,2
млн.тоннаға дейін кеміді. Соңғы жылдары экономиканың өрлеу жағдайларының
өзінде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3,2-3,4 млн.тонна деңгейінде
тұрақтандыруға міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың жаппай
енгізудің және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
жүргізудің нәтижесінде қол жеткізілді. Мүндай тетіктерді одан әрі жетілдіру
2010 жылдан кейін қоршаған ортаны мөлшерден тыс ластайтын кәсіпорындарға
қойылатын экологиялық талаптарды күшейту арқылы шығарындыларды жоспарлы
түрде төмендетуге кірісуге мүмкіндік береді. Ауа бассейнінің ластануының
жоғарылау қаупін болдырмау жөніндегі қажетті шаралар қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі қысқа мерзімді бағдармаларда көзделетін болады.
Радиоактивті ластану Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне елеулі
нақтылы қатер төндіреді. Олардың көздері мынадай негізгі төрт топқа
бөлінеді: -жұмыс істемей тұрған уран өндіруші және уран өңдеуші
кәсіпорындардың қалдықтары (уран кен орындарының үйінділері, өздігінен
төгілетін ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желілердің
бөлшектелген жабдығы);
-ядролық қаруды сынау нәтижесінде ластанған аумақтар;
-мұнай өндіру өнеркәсібі мен мұнай жабдығының қалдықтары;
-ядролық реакторлардың жұмысістеуі нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен
радиоизотоптық өнім (иондаушы сәулеленудің пайдаланудан шыққан көздері).
Қазақстанда табиғи радиоактивтіліктің жоғары деңгейін беретін уран беруші
алты ірі геологиялық өңір, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын
кеніштер, уран өндіруші кәсіпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған
жерлерде шоғырланған қалдықтар бар. Қазақстан аумағының 30 % -інде адам
денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін табиғи радиоактивті газ-радонның
жоғары бөлінуінің ықтимал мүмкіндігі орын алған. Радионуклидтермен
ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждар үшін пайдалану қауіпті
болып табылады. Қазақстанның кәсіпорындарында иондаушы сәулелердің
пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздері бар және радиациялық зерттеу
барысында 16-сы адам үшін өте қауіпті болған 700-ден астам бақылаусыз
көздер анықталып, жойылды. Халықтың радиоактивті улануын және қоршаған
ортаның ластану қаупінің алдын алу үшін: радиоактивті ластану көздерін
түгендеу жөніндегі жұмысты аяқтау және 2006 жылға дейін табиғи
радиоактивтіліктің хадықтың денсаулығына теріс әсерін зерттеуді қамтитын
бағдарлама әзірлеу, сондай-ақ құрылысқа арналған алаңдарды таңдау мен
табиғи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған орта жағдайының мониторингі
Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтарының экологиялық жағдайына баға беру, аймақтың экологиялық жағдайының тәуекел факторларын және оны басқаруды талдау
Аймақтық даму проблемасы
Аймақтық саясат
Сандықтау туристік аймағы
ӨҢІРДІҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ СИПАТЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Ландшафттарды зерттеудегі геожүйелік - бассейндік тәсілдің дамуының негізгі кезеңдері
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Қазақстан Республикасының аймақты дамытудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Пәндер