Нашақорлық пен есірткі



Нашақорлық – бұл негізінде есірткіден психикалық және физикалық тәуелділік пайда болғаннан туатын ауру.
Есірткі – бұл ми жасушаларының жұмысын өзгерте алатын химиялқ зат, сол қасиетінің арқасында адам ағзасында жалған ләззат сезімі мен көтеріңкі көңіл-күй тудырады.
Өкінішке орай, бүгінгі таңда жастар арасында нашақорлықтың тез өсуі байқалады. Жастардың арасындағы нашақорлықтың пайда болуының негізгі себебі нашаға деген «мода» және жастардың жаңа сезімді бастан кешуге деген талпынысы.
Жасөспірімдердің есірткіге үйірлігінің негізгі себебі олардың өздерін ешкімнен тәуелсіз сезінгілері келуінде.
Көптеген жасөспірімдер есірткіні достарынан ерекшеленбеу үшін немесе олардың алдында өз беделін көтеру үшін шеге бастайды. Жастар арасындағы нашақорлықтың өршуінің тағы бір себебіне жастардың өмірлік қиыншылықтарды жеңе алмауын жатқызуға болады. Наша уақытша психикалық қысымды төмендетеді, бірақ жастар оның адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы ойламайды. Олар нашақорлықтан кез келген уақытта еш қиындықсыз бас тарта алатындарына сенеді. Бірақ нашадан психикалық және физикалық тәуелділік пайда болғаннан кейін бұл шешім кейінге шегеріне береді.
Психикалық тәуелділік тез арада пайда болады, кей жағдайда ол есірткіні тіпті бір ғана рет пайдаланғаннан кейін де пайда болады. Адамның миы есірткіні қабылдағанда пайда болатын ләззат сезімін есінде сақтап қалады да, бұл сезімнің қайталануын талап етеді. Сол себептен есірткіге үйренген адам бастапқыда пайда болған сезімді күшейту үшін оның мөлшерін күн өткен сайын көбейтуге мәжбүр болады. Кей жағдайда есітркінің мөлшерін шамадан тыс асыру мезгілсіз өлімге әкеліп соқтырады. Қабылданған есірткінің әсері басылғаннан кейін адам ағзасында психикалық және физикалық жайсыздық пайда болады. Нашақор адамдар бұл жағдайды «дененің сынуы» деп атайды. Дененің сынуы – ол адамның тоңуы, буындар мен сүйектердің, бұлшықеттердің сынып ауруы, дене бұлшықеттерінің дірілі, тартылуы, әлсіздік, тершеңдік, жүректің айнуы, адамның құсуы және ішінің өтуі, іштегі қатты ауыру сезімі, мұрынның бітелуі. Соным қатар нашақор адамда өлімнен қорқу сезімі, тынышсыздық, ұйқысыздық, галлюцинация пайда болады. Нашақор «дененің сынуын» басынан кешпес үшін есірткіні қабылдауды жалғастыруға мәжбүр.
Пайда бола бастаған нашақорлықтың белгілерінің тізімін білу ата-аналар үшін өте маңызды болып табылады. Жасөспірімдердің бойынан сіздер байқаған нашақорлықтың белгілері есірткіге тәуелділіктің алдын алуға және керекті шараларды уақытылы қабылдауға көмектеседі.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Нашақорлық - бұл негізінде есірткіден психикалық және физикалық тәуелділік пайда болғаннан туатын ауру.
Есірткі - бұл ми жасушаларының жұмысын өзгерте алатын химиялқ зат, сол қасиетінің арқасында адам ағзасында жалған ләззат сезімі мен көтеріңкі көңіл-күй тудырады.
Өкінішке орай, бүгінгі таңда жастар арасында нашақорлықтың тез өсуі байқалады. Жастардың арасындағы нашақорлықтың пайда болуының негізгі себебі нашаға деген мода және жастардың жаңа сезімді бастан кешуге деген талпынысы.
Жасөспірімдердің есірткіге үйірлігінің негізгі себебі олардың өздерін ешкімнен тәуелсіз сезінгілері келуінде.
Көптеген жасөспірімдер есірткіні достарынан ерекшеленбеу үшін немесе олардың алдында өз беделін көтеру үшін шеге бастайды. Жастар арасындағы нашақорлықтың өршуінің тағы бір себебіне жастардың өмірлік қиыншылықтарды жеңе алмауын жатқызуға болады. Наша уақытша психикалық қысымды төмендетеді, бірақ жастар оның адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы ойламайды. Олар нашақорлықтан кез келген уақытта еш қиындықсыз бас тарта алатындарына сенеді. Бірақ нашадан психикалық және физикалық тәуелділік пайда болғаннан кейін бұл шешім кейінге шегеріне береді.
Психикалық тәуелділік тез арада пайда болады, кей жағдайда ол есірткіні тіпті бір ғана рет пайдаланғаннан кейін де пайда болады. Адамның миы есірткіні қабылдағанда пайда болатын ләззат сезімін есінде сақтап қалады да, бұл сезімнің қайталануын талап етеді. Сол себептен есірткіге үйренген адам бастапқыда пайда болған сезімді күшейту үшін оның мөлшерін күн өткен сайын көбейтуге мәжбүр болады. Кей жағдайда есітркінің мөлшерін шамадан тыс асыру мезгілсіз өлімге әкеліп соқтырады. Қабылданған есірткінің әсері басылғаннан кейін адам ағзасында психикалық және физикалық жайсыздық пайда болады. Нашақор адамдар бұл жағдайды дененің сынуы деп атайды. Дененің сынуы - ол адамның тоңуы, буындар мен сүйектердің, бұлшықеттердің сынып ауруы, дене бұлшықеттерінің дірілі, тартылуы, әлсіздік, тершеңдік, жүректің айнуы, адамның құсуы және ішінің өтуі, іштегі қатты ауыру сезімі, мұрынның бітелуі. Соным қатар нашақор адамда өлімнен қорқу сезімі, тынышсыздық, ұйқысыздық, галлюцинация пайда болады. Нашақор дененің сынуын басынан кешпес үшін есірткіні қабылдауды жалғастыруға мәжбүр.
Пайда бола бастаған нашақорлықтың белгілерінің тізімін білу ата-аналар үшін өте маңызды болып табылады. Жасөспірімдердің бойынан сіздер байқаған нашақорлықтың белгілері есірткіге тәуелділіктің алдын алуға және керекті шараларды уақытылы қабылдауға көмектеседі.
Есіркіні қолданудың негізгі белгілері:
-Есірткіні қолданғанда - көз қарашығы кішірейеді және жарықтың әсеріне еш жауап бермейді. Тері сұрланады. Конопляны қолданғанда - көз қарашығы үлкейеді, адамның тәбеті ашылады, және тынышсыздық пайда болады.
-Өзін мас адам сияқты ұстау - өз істеріне жауап бермеу, ұйқышылдық немесе керісінше еш себепсіз тынышсыздықтың пайда болуы.
-Еш себепсіз тез арада көңіл-күйінің өзгеруі.
-Қылықтарының өзгеруі - жұмбақшылық пайда болады, өмірге деген қызығушылық төмендейді, жаңа достар пайда болады. Тез шаршайды, сабақ үлгерімі төмендейді. Қалай болса солай киіне бастайды.
-Денсаулығының нашарлауы. Жөтелдің пайда болуы, мұрынның бітелуі.
-Көк тамырдың бойында пайда болған иненің іздері, ісіктер мен көгерулер. Нашақорлар инені қолдарына ғана емес денелерінің басқа мүшелеріне де сала береді.
-Әрқашан ақша сұрай береді. Үйдегі қымбат заттардың жоғалуы.
-Үйде әр түрлі дәрілердің қораптарының, инелердің, кішкетай қасықшалар мен шыны құтылардың, фольганың, қағаздың және полиэтиленнің тілімдерінің пайда болуы.
Нашақор адамның орта жасы - 30 жас. Нашақорлардың үштен бірі өмірмен өз ерікерімен қоштасып жатады. Нашақорлар ары қарай есірткіні шеге алмағандықтан өмірден кетіп жатады, тірідей өліп жатады. Табиғат олардан нашақорлық жолды таңдағаны үшін кек қайтарып жатқандай.
Нашақорлық - бұл әрқашан трагедия. Оның өршуі өте тез, ал аяғы белгілі - қылмыс пен өлім. Есірткіге ИЯ немесе ЖОҚ деп жауап берер алдында осыны есіңде сақта.
Нашақорлық - бұл адам-зат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселесі айқын халықаралық сипатқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нашақорлық - қылмыс бастауы
Есірткіге қарсы күрес
Нашақорлық - ғасыр дерті. Қазақстанда нашақорлықпен күрес шаралары
Нашақорлық - қоғамдық дерт
Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу шаралары
Есірткімен байланысты қылмыстармен күрес мәселесі әлем коғамдастығының назарында
Нашақорлық – тұңғиық түбі
Маскүнемдік, есірткіге әуесқой, темекі тарту денсаулығын нығайту жолдары
Есірткі заттарға және жүйкеге әсер ететін заттарға бақылауды жүзеге асыратын құқықтық шаралардың даму тарихы
Нашақорлық, оның қаупі және қауіпсіздік шаралары
Пәндер