Қазақстандағы франчайзинг. Франчайзингтің даму және құрылу ерекшеліктері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Франчайзинг

Негізгі ұғымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Франчайзинг артықшылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1.1 Франчайзор еншісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.1.2 Франчайзи еншісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.2 Франчайзинг кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.2.1 Франчайзор не ұтылады? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.2.2 Франчайзи не ұтылады? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2. Қазақстандағы франчайзинг. Франчайзингтің даму және құрылу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1 Мәмілеге қатысушыларға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1.1. Франчайзорға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1.2 Франчайзиге қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Франчайзингтік келісім.шарт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2.1 Франчайзингтік келісім.шарттың негізгі элементтері ... ... ... ... ...22
2.2.2 Үш фаза ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.3 Қатынастардың даму фазалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

3. Франчайзингтегі психологиялық фактор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3.1 Идеалды франчайзор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
3.2 Идеалды франчайзи ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Кіріспе
Қазір кез келген кәсіпкер өз тауар маркасын дүниеге алып келіп, оны заңи тіркей алады. Бірақ тауар маркасын брендке айналдырып, оны қоғамға танымал ету үшін қыруар қаражат керек. Сонымен қатар коммивояжерлердің белсенді жұмысы, жарнамалық кампания, тағы басқа рухани және материалдық ресурстарды қажет ететін жұмыстар жасалуы керек. Мұндай инвистицияны Қазақстан кәсіпкерлерінің басым бөлігінің қалтасы көтермейді. Сондықтан, қазіргі кезде кәсіпкерлерге франчайзинг арқылы танымал тауар маркасын қолдану құқығын сатып алған өте ыңғайлы. Бұл жағдайда ірі компания-франчайзор кәсіпкерге қажетті технологиямен қамтамасыз етіп, қызметкерлерді оқытуға кепілді. Ал кәсіпкер болса, тек осы компанияның тауар маркасын қолдануға міндетті (көбінесе халықаралық деңгейде).
Қазақстанда франчайзинг жаңадан ғана дамып келе жатыр, бірақ оны тұтыну нарығына оңды енгізу тәжірибесі баршылық. Отандық сауда жүйелері франчайзинг элементтерін сауда жұмысын ұйымдастыруда белсенді түрде қолдануда.
Франчайзингтің барлық елде анықтамасы бір болғандығына қарамастан, әр елде оның дамуының өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан курстық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстандағы франчайзингті сипаттау, ерекшеліктерін талдау және кәсіпкерліктегі алатын орнын талдау болып табылады. Ал зерттеу аясы – Қазақстан және аталған жүйе дамыған елдер нарығындағы франчайзинг.
Жалпы курстық жұмыс міндетіне тоқталатын болсақ, франчайзингтік кәсіпкерлікпен айналысқысы келген бастауыш бизнесменге франчайзинг табиғатын, кемшіліктері мен артықшылықтарын, жүйеде жиі кездесетін көкейтесті мәселелерді ашу және франчайзингке қажетті моральді және материалды қажеттіліктерді айқындау болып табылады.
Сонымен, жұмыс барысында франчайзинг несімен ұтымды?, оның ерекшеліктері қандай?, кемшіліктері мен артықшылықтары қандай?, франчйзингтік келісім-шарт деген не? деген сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
Қолданылған әдебиет тізімі:
1. «Франчайзинг. Интегрированные формы организации бизнеса»; Д. Н.Земляков, М. О. Макашев, Юнити-Дана, 2003 г.
2. «Франчайзинг»; Жерар Дельтей; Нева, 2003 г.
3. «Новости малого бизнеса» газеті, № 2(245) от 16.01.2004 (электрондық таратылым), «ФРАНЧАЙЗИНГ: «ЗА» И «ПРОТИВ»».
4. «Сауда газеті» № 78-79 от 10.11.2003 (электрондық таратылым), «7 ИЗ 8 ФРАНШИЗНЫХ ПРЕДПРИЯТИЙ ПРЕУСПЕВАЮТ», Елена Финько.
5. Газет «Маркетинг и практика предпринимательства», № 20(88) от 30.09.2002 (электрондық таратылым(), «ГОСУДАРСТВО ФРАНЧАЙЗИНГ».
6. «Сауда газеті», № 5-6(99-100) от 28.01.2004 (электрондық таратылым), «С ПОКУПКОЙ БРЕНДА ВЫ ПОЛУЧАЕТЕ ЗАЩИТУ», Феликс Даниловский.
7. Интернет, www.rarf.ru
8. Интернет, www.zanger.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Франчайзинг
Негізгі
ұғымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Франчайзинг
артықшылықтары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 9
1.1.1 Франчайзор
еншісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...10
1.1.2 Франчайзи
еншісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .11
1.2 Франчайзинг
кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .13
1.2.1 Франчайзор не
ұтылады? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

1.2.2 Франчайзи не
ұтылады? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
15 2. Қазақстандағы франчайзинг. Франчайзингтің даму және құрылу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1 Мәмілеге қатысушыларға қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1.1. Франчайзорға қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1.2 Франчайзиге қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Франчайзингтік келісім-шарт ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2.1 Франчайзингтік келісім-шарттың негізгі
элементтері ... ... ... ... ...22
2.2.2 Үш
фаза ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...23
2.3 Қатынастардың даму
фазалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

3. Франчайзингтегі психологиялық
фактор ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..27
3.1 Идеалды
франчайзор ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 27
3.2 Идеалды
франчайзи ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .31

Кіріспе
Қазір кез келген кәсіпкер өз тауар маркасын дүниеге алып келіп, оны
заңи тіркей алады. Бірақ тауар маркасын брендке айналдырып, оны қоғамға
танымал ету үшін қыруар қаражат керек. Сонымен қатар коммивояжерлердің
белсенді жұмысы, жарнамалық кампания, тағы басқа рухани және материалдық
ресурстарды қажет ететін жұмыстар жасалуы керек. Мұндай инвистицияны
Қазақстан кәсіпкерлерінің басым бөлігінің қалтасы көтермейді. Сондықтан,
қазіргі кезде кәсіпкерлерге франчайзинг арқылы танымал тауар маркасын
қолдану құқығын сатып алған өте ыңғайлы. Бұл жағдайда ірі компания-
франчайзор кәсіпкерге қажетті технологиямен қамтамасыз етіп, қызметкерлерді
оқытуға кепілді. Ал кәсіпкер болса, тек осы компанияның тауар маркасын
қолдануға міндетті (көбінесе халықаралық деңгейде).
Қазақстанда франчайзинг жаңадан ғана дамып келе жатыр, бірақ оны тұтыну
нарығына оңды енгізу тәжірибесі баршылық. Отандық сауда жүйелері
франчайзинг элементтерін сауда жұмысын ұйымдастыруда белсенді түрде
қолдануда.
Франчайзингтің барлық елде анықтамасы бір болғандығына қарамастан, әр
елде оның дамуының өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан курстық жұмыстың
негізгі мақсаты – Қазақстандағы франчайзингті сипаттау, ерекшеліктерін
талдау және кәсіпкерліктегі алатын орнын талдау болып табылады. Ал зерттеу
аясы – Қазақстан және аталған жүйе дамыған елдер нарығындағы франчайзинг.
Жалпы курстық жұмыс міндетіне тоқталатын болсақ, франчайзингтік
кәсіпкерлікпен айналысқысы келген бастауыш бизнесменге франчайзинг
табиғатын, кемшіліктері мен артықшылықтарын, жүйеде жиі кездесетін
көкейтесті мәселелерді ашу және франчайзингке қажетті моральді және
материалды қажеттіліктерді айқындау болып табылады.
Сонымен, жұмыс барысында франчайзинг несімен ұтымды?, оның ерекшеліктері
қандай?, кемшіліктері мен артықшылықтары қандай?, франчйзингтік келісім-
шарт деген не? деген сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.

1. Франчайзинг – кәсіпкерлік түрі ретінде

Негізгі терминдер мен ұғымдар

Франчайзинг – технологияны, лицензияны, ноу-хауды иемденетін ірі
фирманың (франчайзердің) өзінің серіктесіне (франчайзиге) сауда мен
қызметтер саласын таңдауда, жарнама компаниясын өткізуде, қызмет көрсетуші
қызметкерлерді кәсіпке даярлауда т.б. көмек көрсету және ақыл-кеңес беру
жөніндегі қызметі. Франчайзи франчейзер қойған бизнес жұмыс жүргізу
талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс. Франчайзер талаптарына келіскен
франчайзи компанияның тауар маркасын қолдану құқығына, оның репутациясына,
өнім өндіруге немесе қызмет көрсету құқығына, маркетинг технологиясына,
экспертизаға т.б. ие болады. Осылайша франчайзи франчизердің талаптарын
орындап, тұтыну нарығында өз пайдасын кепілді, тәуеклсіз ала алады. Бірақ
бұл құқықтарға ие болу үшін, кәсіпкер ірі компанияға бастапқы қаржы
төлемдерін жүзеге асырып қана қоймай, ай сайын белгілі бір мөлшерде қаражат
төлеп отыруы шарт. Мұны аренданың бір түрі ретінде қарастыру керек, себебі
франчайзи тауар маркасының толық иесі болмайды және жоғарыда айтылған
құқықтарға тек ай сайынғы төлемдерді төлеу мерзіміне ғана ие болады. Ал
төлемдердің көлемі франчайзигтік келісім-шартта белгіленеді. Франчайзингтік
пакет (франчайзер беретін бизнес жүргізудің толық жүйесі) франчайзиге
кәсіпкерлік тәжірибесіз, бұл кәсіпкерлік түріндегі білімісіз-ақ пайдалы
бизнес жүргізуге мүмкіндік береді.
Франчайзор - өз тауар маркасын қолдану құқығын немесе лицензиясын, ноу-
хау және операциялық жүйелерді сататын ірі, танымал компания. Мысалы,
франчайзор нарықта берік тұрған бір тауар сатады немесе қызмет көрсетеді
делік. Айталық – тез тамақтандыру ресторан жұмысының ерекше стилі.
Франчайзор бизнесін дамытып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді; бизнесінің алға
жылжуына қаражат салады; тауар маркасының жағымды, танымал имиджін
қалыптастырады (брэнднэймг атаулы). Кез келген ірі компания өзінің бизнес
концепциясын, тиімді өндірісі мен нарықтағы жұмыскер қабілетңн
дәләлдегеннен кейін, кәсіпкерлерге франшиза сата алады.
Франчайзи – франчайзордан бизнесті қалыптастыру және кәсіптік оқыту
көмегіне ие болатын адам немесе компания. Ол франчайзорға сервистік
төлем(роялти), яғни тауар белгісін қолдануға, ноу-хауға және франчайзордың
іс жүргізу жүйесіне ақылай қаражат төлейді. Франчайзи бизнесін
қалыптастыруға өз есебінен қаражат жұмсайды. Франчайзордың негізгі
материалдарға (материалдарға т.б. шығындық заттарға) жеңілдіктер жасау
мысалдары жиі кездеседі. Бұл жеңілдіктер франчайзиге франчайзордан шығын
материалдарын төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Осылайша,
франчайзинг арқылы басталған бизнес, франчайзингсіз бастағанға қарағанда
арзанырақ түседі. Франчайзи бастапқы төлемақыны бизнесті ашуға немесе
қалыптастыруға көмек ретінде франчайзорға төлейді. Франчайзи ай сайын
франчайзорға тауар белгісі мен бизнес жүргізу жүйесін қолдануға, оқыту мен
консалтингке, қолдауға қаражат төлеуге міндеттеледі. Бәрі ойдағыдай болған
жағдайда, франчайзи жемісті бизнес жүргізіп, оның пайдасы шығынынан басым
болады.
Франшиза – бұл, франчайзордың франчайзиге сататын толық бизнес жүйесі.
Басқаша айтқанда, бұл - франчайзингтік пакет. Оның құрамына жұмыс жүргізу
толық тетіктері және т.б. франчайзор иелігіндегі маңызды материалдар
кіреді.

Ірі компания үшін франчайзинг – бұл, бизнесті ауқымдандыру құралы. Ал
кәсііпкерлер үшін франчайзинг – табысты бизнес иесі болу мүмкіншілігі.
Қазақстан секілді дамушы нарықты ел үшін, бұл - табысты бизнес үшін қажетті
тәжірибелік стандарттарға кәсіпкерді үйрету құралы болып табылады.
Франчайзигті ірі және кіші бизнестің комбинациясы ретінде де қарастыруға
болады. Себебі франчайзингте шағын кәсіпкердің міндеттемелері мен
энергиясы, ал ірі компанияның ресурстары, коммерциялық қуаты және бай
тәжірибесі бар. Егер екеуін қоссақ, жандануға үлкен мүмкіндігі бар ұтымды
комбинация, энергия, жауапкершілік, күш, ресурс аламыз. Әлем кәсіпкерлері
франчайзингті қазір келесі көрсеткіштер бойынша ұтымды деп санайды:

• Кез келген адамға жеке бизнес жүргізуге көмек;
• Әкімшілік комплекске көп шығындалмай, корпаративті кәсіпорындардың
кең жүйесін басқару мәселелерісіз-ақ ірі компанияның ауқымды кеңею
мүмкіншілігі;
• Ірі компаниялардың жұмысына берік жұмысшылары бар, пайдалы кәсіп
істейтін қуатты бизнес ордасына айналу мүмкіншіліктері.

Бизнестің кез-келген түрін франшизаға айналдыруға болады. Халықаралық
франчайзинг бірлестігі шаруашылықтың 70 саласында франчайзинг үлгісін
қолдануға болатындығын атап өтті. Олардың барлығын толық айту орынсыз, ал
бастыларына тоқталатын болсақ, олар: бухгалтерлік есеп, автожөндеу, кітап
дүкендері, балалар киімі және бүлдіршіндерді оқыту, құрылыс, кішігірім
сауда дүкендері, косметикалық тауар дүкендері, білім беру, жұмысқа тұрғызу
қызметтері, ресторан бизнесі, қонақ үй бизнесі, тазалау мен киім өңдеу
қызметтері, жеке пошталық жәшіктер, фотоорталықтар, риэлторлық компаниялар,
туризм мен тиімді уақыт өткізу қызметтері, қоғамдық игіліктердің жалдау
қызметтері және туристік агенттіктер.
Франчайзингтік қарым-қатынас екі жаққа да тиімді болып табылады.
Франчайзи максималды сатуға, минималды шығындалуға мүдделі. Франчайзи
франшизада белгіленген бизнесті жүргізу ережелеріне сүйене отырып,
франчайзинг жүргізетін жарнамалық және маркетингтік кампанияларына қатысуы
тиіс. Франчайзор негізгі ресурстарын компаниясының бәсекеде көшбасшы
болуына жұмсайды, ал оны франчайзи жалғыз жүргізе алмайды. Яғни франчайзи
күнделікті қарапайым операцияларды, басты мәсәлелерге қапаланбай-ақ, істей
береді.
Франчайзер мен франчайзидің арасындағы қарым-қатынас осындай деңгейге
жетуі үшін, оларда ерекше байланыс орнауы тиіс. Мұндай байланыстың орнауы
оңай емес, бірақ бұны барлық маңызды мәселелерді шешуде бір топ сарапшылар
көмектесетін елбасының жағдайымен теңестіруге болады. Яғни, елбасы – бұл
франчайзи. Елбасы бизнеске жауапты субъект, дегенмен ол абсолютті барлық
кәсіп білімгері емес. Елбасында әрқашан техникалық мәселелерде хабардар
сарапшылары болады. Тәжірибесі мен беделі баршылық сарапшылар, елбасының
оларға құлақ түретіндігіне сенімді. Елбасы болуы үшін франчайзи келесі жеті
шартты орындауы тиіс:

• Бұл бизнестегі франчайзордың мақсатын, ойын және құндылықтарын толық
қабылдау;
• Франчайзорға сенуі және оны сыйлауы, сонымен қатар өзіне байланысты
осындай қатынасқа ұмтылу;
• Франчайзингтік келісім-шартта белгіленген барлық ережелер мен
міндеттемелерді толық ұғыну, себебі құжатқа қол қойылғаннан кейін оған
ешқандай толықтырулар мен өзгертулер енгізуге болмайды;
• Франчайзи мен қызметтес болып, онымен дұрыс диалог құру;
• Бизнестегі міндеттемелермен байланысуы, оған жақсы да, қиын да кездері
берік болуы;
• Франчайзер қойған операциялық процедуралар мен стандартарды бұлжытпай
орындауы;
• Бизнеске франчайзордың келісімімен жаңа идеялар енгізу арқылы, жүйенің
мүшесі ретінде қалвптасуы және бизнеске әрдайым күш салуы;

Мұндай қарым-қатынастың оны қанағаттандыратындығын, кез- келген
франшиза сатып алушға мүдделі кәсіпкер ұғынуы қажет. Франчайзор франчайзиге
қатысты өз міндеттемелерін алып, кәсіпкерді франчайзи ретінде қабылдаған
кезде, келесі (шартты түрде) ойларын айтады: -Мен сізге сенемін, сіз біз
үшін тиімді салымсыз және мен сіздің франшиза заңдарын орындайтыныңызға
сенімдімін. Егер сіз франшиза заңдарын толық орындап, компанияның білімі
мен тәжірибесін дұрыс қабылдасаңыз, сіздің кәсібіңізді қорғап, бизнесіңізді
тиімді етіп, сіздің бай-бақуатты болуыңызға кепілденеміз.
Франчайзи болу үшін рұқсат алудың бірнеше жолдары бар, солардың
ішіндегі көп тараған түрлері төмендегідей:

Тікелей франчайзинг. Франчайзордың франшизаны жергілікті кәсіпкерге
(франчайзиге) тікелей сатуы. Бұл франчайзор мен франчайзи арасындағы жақсы
байланысты орнатудың ең тиімді жолы болып табылады. Халықаралық франчайзинг
тұрғысынан қарайтын болсақ, бас компания мен жергілікті кәсіпорынның арасы
алшақ болуына байланысты франчайзи кәсіптенетін жер ерекшеліктеріне тиісті
назардың аударылмауы-кемшілік болуы мүмкін. Көптеген шағын франчайзорлар
франчайзингтің бұл түрімен көп шұғылдана бермейді, себебі мұндай
франчайзиді қолдау көп уақыт пен күш жұмсауды талап етеді. Ал ірі
франчайзорлар, сол ел нарығы мен бизнес жүргізу шарттарын зерттеу
мақсатында, атаулы жүйені қолданады. Ірі франчайзорлар белгілі бір елде,
алдымен, 1 франшиза сатып, оның даму үрдісін зерттейді, содан кейін, бәрі
оптималды болған жағдайда, басқа кәсіпкерлерге де сата бастайды. Өйткені
бірден бір елде бірнеше франшиза сату өте тәуекелді болып табылады.
Шебер франшиза. Шебер франшиза қатынастары халықаралық франчайзор
франчайзиге ерекше құқық сатқан кезде пайда болады. Ол құқық бойынша, бір
франчайзи белгілі бір ел территориясы бойынша франчайзинг жүйесін дамытуға
мүмкіндік алады. Франчайзидің мұндай түрі шебер лицензиясы қожайыны деп
аталады. Осылайша, франчайзи бір ел аумағында басқа кәсіпкерлерге франшиза
сатып, олардан қызмет ақы (роялти) жинайтын франчайзорға айналады. Мұндай
истеблишмент франшизаға сұраныс мол кезде жиі кездеседі. Бұндай жағдайда,
франчайзор ісінің оңды не кері әсерлі болатынына уайымдамайды. Оның орнына,
халықаралық франчайзор ұйымдастырушы ресурстары бар жергілікті кәсіпкерге
шебер лицензиясын сатса, оның жүйесі бүкіл ел аумағында тиімді жүзеге
асатындығына сенімі мол болады.

2. Артықшылықтары мен кемшіліктері

2.1 Франчайзинг артықшылықтары

Өзінің бизнесіне құқықты сату франчайзорға не үшін қажет?
Франчайзиді тарту үшін, өз бизнесінің белгілі бір дәрежеде билігін жоғалту
франчайзиге не үшін қажет? Неліктен франчайзор өз бизнесі туралы еш хабары
жоқ адамдарды ынтымақтастыққа шақырады? Қандай мақсатпен франчайзор
франчайзингті дамытқысы келетіндігі туралы дау – дамай сұрақтар өте көп.
Франчайзингтік өнеркәсіпке инвестициялау аясында франчайзиде де біраз
сұрақтар туындайды. Мұның бәріне жауап бір, ол – пайда.

2.1.1 Франчайзор еншісі

Франчайзор ол – жұмыс істеуші бизнесті дүниеге алып келген адам. Бұл
бизнес оған жақсы табыс әкеледі. Бизнес моделінің бұл түрі тиімді қайталану
үрдісіне оңай берілуі тиіс. Яғни, бизнес моделі франчайзордікіндей
құрылатын, басқа да кәсіпорындар ашу тиімді болуы әбден мүмкін. Франчайзор
бизнесі уқытпен дәлелденген тұтынушылар нарығына және бағалы репутацияға
әрдайым ие. Бизнесінің табыстылығымен өміршеңдігін дәлелдегенінен кейін,
франчайзор өз ісінің кеңейгендігін қалайды. Бұл орайда екі жол бар: табысты
инвистициялау арқылы бизнесті дамыту немесе франчайзинг жүйесін қолдану.
Франчайзинг жүйесін пайдалану мен қолдануда, бизнес өкілдері бес позиңияны
ұстанады:
1. Бизнесты кеңейтуде франчайзинг қосымша табыс әкеледі.
Егер компания аумақтық, ұлттық немесе халықаралық деңгейде дамуды
көздесе, даму бағдарламасына қосымша қаражат керек. Ал бұл қорды франчайзи
көмегімен толықтыруға болады. Алғашқы қаржы салымын жүзеге асырып,
франчайзи франчайзингтік пакет сатып алады. Франчайзимен бірнеше келісім-
шартқа қол қойып, франчайзор консалтинг пен маркетингте ерекше қолдау
сияқты басқа да басқару қызметі көмектерін сата алады. Барлық мәмілелер
(франшиза және арнайы қызметтерді сату) франчайзордың қосымша қаражат
көздері болып табылады.
2. Франчайзи франчайзор беретін қолдау қызметтеріне қосымша ақша
төлейді. Барлық жұмыс істеуші франчайзилер ай сайын қосымша қызметтер үшін
төлем төлейді. Бұл ақшаның бір бөлігі ғана қосымша қызмет көрсету
(қызметкерлерді оқыту, консалтинг т.б.) шығынына кіреді.
3. Франчайзинг жаңа нарықта тез арада кеңеюге, ал қызмет етуші нарықта
өз репутациясын күшейтуге мүмкіндік береді. Франчайзиден түсетін қомақты
төлемдердің көбеюі, франчайзордың нарықта тез әрі жан-жақты дамуына жол
ашады. Франшиза атауын жаңа нарыққа франчайзи алып келетіндігін есте сақтау
қажет. Франчайзи жаңа нарықта тез кеңейіп, жаңа қалалардағы бизнесті
инвестициялағандықтан кең бизнес жүйесі пайда болады, соның арқасында,
мұндай бизнес жүйесін жалғыз жүзеге асыруға ешқашан ақшасы жетпейтін
франчайзор, үлкен ұтымға ие болады.
4. Франчайзинг тұтынушыларға өнім немесе қызмет түрі туралы толық
ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жаңа кәсіпорын ашылғаннан кейін,
тұтынушылар өнім туралы көбірек ақпаратқа ие болады. Бұл өте маңызды,
себебі жаңа франшиза нарықта танымал бола бастайды. Көптеген ерекше
нарықтағы франчайзингтік кәсіпорындар БАҚтағы үнемді жарнамаға жол ашады.
Нәтижесінде өнім немесе қызмет тұтынушылар арасында тез танымал болады.
5. Жаңа бизнес концепциясын қолданудағы франчайзингтік жүйенің
пайдалылығы. Франчайзингтік компанияның табысы тәжірибемен тексерілген және
табысты бизнес концепцияға тәуелді. Яғни франчайзор жаңа бизнес
концепциясын бірнеше франчайзидің біреуінде тексеріп, ұтымды болған
жағдайда, басқа объектілерде қолдануына болады.

2.1.2 Франчайзи еншісі

Жеке франчайзиге берілетін қолдаулар материалдарды франчайзор
франшизаны күшейту мен дамыту үшін береді. Нақты артықшылықтарды атап
айтсақ: материалдар, оқыту мен консалтинг. Бірақ кеңірек қарасақ, ең басты
франчайзи үшін маңызды – франчайзор мен франчайзи арасындағы қарым-қатынас.
Франчайзинг – сізде жеке бизнес бар, бірақ мәселелерді шешу мен
тәуекелдермен бірге-бір емессіз деген сөз. Франчайзи франчайзингтік
кәсіпорынға ақша салуға келіссе де, тәуелсіз бизнес иесі болвп қалады. Бұл
тәуелсіздік франчайзидің ешқашан жұмысынан қуылмайтындығының кепілі.
Франчайзи франчайзордан маман қолдауын алады. Бұл қолдаулар франчайзиге
басқа кәсіпкерлер шалдыққан қателіктерге ұшырамауына мүмкіндік береді.
Франчайзинг – бұл бизнесті тез әрі қарқынды ашу. Франчайзингтік жүйе
франчайзиге бизнес ашуға лайықты жер табуға, дизайн жасауға және бизнесінің
тура жолда екендігін тексеруге қажетті ақпарат береді. Франчайзи өзінің
бизнес бастамасына уайымдамауы тиіс, себебі онда франчайзордың тәжірибесі
бар.
Франчайзор франчайзиге бизнес ашылмауынан бұрын қолдау көрсетеді.
Франчайзи берілген салада жылдар бойы оқып немесе жұмыс істемей-ақ, ісінің
шебері бола алады. Білім, тәжірибе және басқару жүйесін дамыту
операцияларын дұрыстау амалдары франчайзор оқытатын арнайы бағдарламалар
арқылы келеді. Бұл бағдарламаларды франчайзор франчайзиге және басты
қызметкерлерге береді. Бизнес басталмас бұрын, франчайзор мен франчайзи бір-
бірімен біраз уақыт жұмыс істеуі қажет. Мақсаты - берілген кәсіп саласында
франчайзи білімін тереңдету.
Франчайзинг - әрдайым қолдау. Франчайзи франчайзингтік бизнесін
ашқаннан кейін де франчайзордан күнделікті бизнес жүргізу мен маркетингтік
көмектер қабылдап отырады. Франчайзиде ерекше мәселелер туындауы мүмкін.
Мұндай жағдайда франчайзорға телефон шалып, оның тәжірибесіне сүйене
отырып, мәселені тез арада шеше алады. Тәуелсіз кәсіпкер жаңа бизнес ашқан
кезде мұндай мәселелерді өз бетімен шешуі тиіс болады.
Франчайзинг франчайзордың тауар маркасы мен беделін қолдануға
мүмкіндік береді. Франчайзингтік келісім-шарт орындалғанда, франчайзи
франчайзордың тауар маркасын қолдану құқығына ие болады. Тек қана берілген
франшиза жүйесінде қызмет етуші франчайзи франчайзор тауар белгісін қолдану
ерекше құқығына ие бола алады. Сондықтан егер сіз McDonald-s франшизасының
иесі болсаңыз, сізді халықаралық деңгейде танымал тауар маркасы өкілі
ретінде біледі. Ресторан ашылмай жатып, тұтынушылар қызметтің өте жоғары
деңгейде болатындығына сенімді. Ал сізге қарағанда бастаушы кәсіпкер
алғашқы күндерден бастап өнімінің сатылуын ғана емес, ешкім естімеген тауар
белгісінің беделі мен танымалдығын ойлай бастайды. Франчайзи франшизамен
бірге репутаңия сатып алады. Жеке кәсіпкер тауар белгісінің әлемге танылуы
екі талай, ал франчайзи франчайзордың дүниежүзі мойындаған брэндін
қолдануда.
Франчайзинг бизнес жүргізудің нақты территориясын белгілейді.
Франчайзор франчайзиге нақты бизнес жүргізу аумағын анықтайды. Бұл аумақ
франчайзингтік келісім-шартта анықталған. Территорияны алғаннан кейін,
франчайзи бизнесін анықталған жерде өз бизнесін жүргізеді. Бұл басқа осы
франшиза иелерінің бәсекесінен қауіпсіздендіреді. Бірақ басқа жеке
кәсіпкерлерге нарық ашық болады.

2.2 Франчайзинг кемшіліктері

Бизнес концепция ретінде франчайзинг франчайзи мен франчайзерге көп
артықшылықтар ұсынады. Бірақ кемшіліктер де бар. Франчайзингке келгенде,
оның артықшылықтарымен қатар, кемшіліктерін де қарастырған жөн. Мәмілеге
қатысушы екі жақ төмендегідей негізгі кемшіліктерге назар аударуы тиіс.

2.2.1 Франчайзор не ұтылады?

Жүйе ережелерін ұстанбайтын ұстанбайтын франчайзимен қарым-
қатынасты өз еркімен доғара алмайтындығы. Франчайзингтік келісім-шарт екі
жақ қарым-қатынасының табиғатын анықтайды. Ол келісім-шартта франчайзи
мүддесін қорғайтын бірнеше баптар бар. Осы баптардың бірінде франчайзор
франчайзимен өз еркімен қарым-қатынасты тоқтата алмайтындвғв жазылады.
Сондықтан франчайзингтік келісім-шарт франчайзордың бизнес ережелерін
орындамайтын франчайзиді жүйеден шығаруын қиындата түседі.
Франчайзи франчайзордың жұмысшысы емес. Франчайзи тәуелсіз бизнес
иесі болып табылады. Франчайзингтік келісім-шарт бар болса да, франчайзидің
бизнесіндегі мәмілелерін қадағалау өте қиын.
Сапасыз өнім өндіретін немесе қызмет көрсететін франчайзи
кәсіпорындарының кері әсері. Тұтынушылардың басым бөлігі франчайзилік
кәсіпорынды бір тауар белгісіндегі жалпы жүйенің бөлімшесі ретінде
қарастырады. Сондықтан, егер бір франчайзи сапасыз жұмыс істейтін болса, ол
барлық жүйеге негативті ой тудыруы әбден ықтимал.
Франчайзидің төлем ақыларын кешіктіріп немесе толық бермеу. Франчайзи
кәсіпорындарының өнім сату көлемінің пайыз мөлшерлемесі негізінде,
франчайзор қолдау сервисі үшін ақы алады. Франчайзи, сервистік ақы алу
үшін, франчайзорға сату көлемі бойынша есеп беруі тиіс. Сондықтан
франчайзи, сервистік төлемді азайту мақсатында, есбін толық емес беруі
мүмкін.
Коммерциялық құпияның сақталуының қиындығы. Кез келген франчайзингтік
жүйенің жұмысы франчайзордың интеллектуалдық меншігі болатын белгілі бір
қағидаттар мен стандарттарға сүйенеді. Бұл қағидаттар мен стандарттар
франчайзордың интеллектуалдық меншігі болып табылады және бизнестің оңды
болуының негізгі себепкері болып табылады. Франчайзор бағдарламасы бойынша
оқығанында, франчайзи коммерциялық құпияны біліп алады. Франчайзингтік
келісім-шарт құпияның таралуына тиым салса да, тәжірибеде мұндай жағдай жиі
кездеседі. Франчайзорға мұнымен күресу қиынға түседі, сондықтан оған
құпияның таралуына жол бермес үшін тиімді әдістер қолдану керек. Әйтпесе
франчайзингтік жүйе кері кетуі мүмкін.
Жақсы жқмыс істейтін франчайзилердің франчайзингтік жүйеден шығып
кетуі. Франчайзи франчайзингтік жүйенің шектеулері өте жоғары деп, бұл
бизнеске мүддесі жоғалуы мүмкін. Франчайзорлық келісіп шартты жабып,
франчайзорға тікелей бәсекелес болатын кәсіпорын ашуы әбден мүмкін.
Осындай қиындықтарға ұшырамас үшін, франчайзор франшиза сататын
кәсіпкерлерді өте абай таңдауы тиіс. Франчайзор әр кандидатпен жеке
интервью жүргізіп, жұмыстың қауіпсіз болуы үшін кәсіпкердің жеке
қасиеттерін сынауы керек. Франчайзи франчайзинг жүйесінің бөлігі болғаннан
кейін, франчайзор оның жұмысын қатаң қадағалауы шарт. Сонымен қатар,
франчайзор франчайзи фолындағы мәселелерді тез әрі дұрыс шеше білуі керек.
Франчайзор франчайзимен тығыз қарым-қатынаста болып, оның жаңа идеялары мен
мәселелерді шешудің жаңа жолдарын біліп отыруы тиіс. Франчайзимен тығыз
жұмыс істеуі негізінде, франчайзор бүкіл франчайзинг жүйесіне кері әсер
тигізетін мәселелерді дер кезінде шеше алады.

2.2.2 Франчайзи не ұтылады?

Франчайзингтік келісім-шарттың орындалмауы. Франчайзи
франчайзингтік келісім-шарт ережелерін орындауы тиіс. Бұл ережелер
франчайзингтік келісім-шартта көрсетілген, оны әр-бір франчайзи бұлжытпай
орындауы тиіс. Фракнчайзи өз жаңашыл идеяларын ұсына алады, бірақ
франчайзингтік келісім-шартты өзгерте алмайды.

Франчайзингтік жүйе - франчайзи белсенділігін шектейтін жүйе ретінде.
Франчайзингтік келісім шарттан тыс, франчайзи күнделікті операцияларды
орындауда және тауар белгісін қолдауда басқа да арнайы ережелерді ұстанып
отыруы тиіс. Мұның барлығы франчайзиді оқыту бағдарламасында дазылған.
Мұндай шектеулер жұмыс сағаттарына, шекаралық территорияға, тұтынушыға
сатылатын өнім мен қызмет ассортиментіне байланысты болуы мүмкін. Франчайзи
жұмысқа кіріспес бұрын осындай шектеулердің барлығына келісімін беруі
керек.
Басқа да франчайзилермен тығыз қарым қатынаста болуы. Франчайзи жеке
тәуелсіз бизнес иесі болса да, барлық франчайзинг жүйеге қатысушылар
арасындағы байланыс элементі болып табылады. Әр франчайзи басқа
франчайзимен бизнес жолдас болады. Нарыққа бірдей тауар мен қызмет
шығаруына қарамастан, олар бір-біріне бәсекелес бола алмайды.
Франчайзор тарапынан қолдаудың болмауы. Әлеуетті франчайзи,
франчайзор менеджментпен жұмыс жүргізуге байланысты қолдау көрсету-
көрсетпеуін білу үшін, франчайзинг ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франчайзер үшін артықшылықтар
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Франчайзинг жүйесі
Франчайзинг – кәсіпкерлік түрі ретінде
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауы
Қазақстандағы франчайзинг
Франчайзингтік келісім - шарт
Постдағдарыстан кейінгі Қазақстан Республикасында франчайзингті жетілдіру жолдары
Мұнай компанияларында франчайзингтік жүйенің дамуы
Франчайзингтың теориялық аспектілері
Пәндер