Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланыстар



1. Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланыстар
2. Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланысты арттыру мақсатындағы атқарылып жаткан іс .шаралар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
2010 жылы 11 ақпанда Түркия Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлұ Қазақстан Мемлекеттік хатшысы әрі Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесті. Кездесуде Түркия ортақ Еуразия стратегия дайындауды Қазақстанмен бірлесіп жүзеге асыратын болды. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы түрлі салалар бойынша бірлесіп қызмет ету жөніндегі ауқымды мәселелерді талқылады. Екі министр екі ел арасындағы саяси және экономикалық салалардағы байланыстардың даму қарқыны мен оның болашақ перспективаларынан сөз қозғады.
Сондай-ақ тараптар Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық ұйымы, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі, Ислам Конференциясы ұйымы мен БҰҰ сияқты өзге де бірқатар халықаралық ұйымдар аясында бірлесіп қызмет ету мәселелерін талқыға салды.
Кездесу соңында Қазақстан мен Түркияның Сыртқы істер министрлері Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мен Түркия Бас министрлігінің Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі Бас директорлығы арасындағы ынтымақтастық ниеті туралы меморандумға қол қойды. Екі ел арасында сонымен қатар Қазақстанның Статистика агенттігі мен Түркияның Статистика институты арасында өзара түсіністік пен статистика саласындағы бірлесе жұмыс істеу жөніндегі келісімдерге қол қойылды.
17 ақпан күні Түркия Бас министрі Режеп Тайып Ердоған Қазақстан делегациясын қабылдады. Қабылдауда Ердоған Қазақстанның бауырластық байланыстарымен бірге Түркияның Орталық Азиядағы ең үлкен сауда және экономикалық орталығы екенін айтты. Сонымен қатар Бас министр 2012 жылы аяқталуы жоспарланған Баку-Тбилиси-Карс теміржолы жобасының Босфор бұғазының астынан өтетін Мармарай жобасы да аяқталғаннан кейін Орталық Азия мен Кавказ елдерін Еуропамен байланыстыратын маңызды маршрут болатынын баяндады. Биыл Қазақстан мен Түркияның Еуразия кеңістігіндегі жылы болады. Сонымен қатар Түркия мен Қазақстанның халықаралық ұйымдар аясындағы әріптестік қатынастары жалғаса береді.
Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық міндетін алуы – елдің тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері өткен аз уақыт ішіндегі даму деңгейінің ең мағыналы көрсеткіші. Ауқымды қауіпсіздік пен тұрақтылық, көп бағытты ынтымақтастық, адам құқықтары, демократиялық қоғам, құқықтық мемлекет, оңтайлы басқару секілді халықаралық қатынастар мен ықпалдастықтың қазіргі таңдағы негізгі басымдықтарын Еуразия аймағында реттеуші беделді Ұйым – ЕҚЫҰ-ға төрағалық міндетінің жүктелуі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанға деген сенімін дәлелдейді. Қазақстанның осы жетістіктері Түркия үшін таңсық емес. Тәуелсіздігін алғаннан осы күнге дейін Түркия мен Қазақстан бір-бірімен әрдайым ықпалдастықта болып, тығыз және ауқымды қатынастарымыз бізге Қазақстанның барлық әлеуетін жақыннан тануға мүмкіндік берді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы 21-24 қазан күндері Түркияға жасаған сапары кезінде қол қойылған келісімдер негізінде Түркия мен Қазақстан арасындағы қатынастың стратегиялық белесі қуатталды.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланыстар
2. Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланысты арттыру
мақсатындағы атқарылып жаткан іс –шаралар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланыстар
2010 жылы 11 ақпанда Түркия Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлұ
Қазақстан Мемлекеттік хатшысы әрі Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен
кездесті. Кездесуде Түркия ортақ Еуразия стратегия дайындауды Қазақстанмен
бірлесіп жүзеге асыратын болды. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен
Түркия арасындағы түрлі салалар бойынша бірлесіп қызмет ету жөніндегі
ауқымды мәселелерді талқылады. Екі министр екі ел арасындағы саяси және
экономикалық салалардағы байланыстардың даму қарқыны мен оның болашақ
перспективаларынан сөз қозғады.
Сондай-ақ тараптар Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық ұйымы,
Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі, Ислам Конференциясы ұйымы
мен БҰҰ сияқты өзге де бірқатар халықаралық ұйымдар аясында бірлесіп қызмет
ету мәселелерін талқыға салды.
Кездесу соңында Қазақстан мен Түркияның Сыртқы істер министрлері
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мен Түркия Бас
министрлігінің Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі Бас директорлығы
арасындағы ынтымақтастық ниеті туралы меморандумға қол қойды. Екі ел
арасында сонымен қатар Қазақстанның Статистика агенттігі мен Түркияның
Статистика институты арасында өзара түсіністік пен статистика саласындағы
бірлесе жұмыс істеу жөніндегі келісімдерге қол қойылды.
17 ақпан күні Түркия Бас министрі Режеп Тайып Ердоған Қазақстан
делегациясын қабылдады. Қабылдауда Ердоған Қазақстанның бауырластық
байланыстарымен бірге Түркияның Орталық Азиядағы ең үлкен сауда және
экономикалық орталығы екенін айтты. Сонымен қатар Бас министр 2012 жылы
аяқталуы жоспарланған Баку-Тбилиси-Карс теміржолы жобасының Босфор
бұғазының астынан өтетін Мармарай жобасы да аяқталғаннан кейін Орталық Азия
мен Кавказ елдерін Еуропамен байланыстыратын маңызды маршрут болатынын
баяндады. Биыл Қазақстан мен Түркияның Еуразия кеңістігіндегі жылы болады.
Сонымен қатар Түркия мен Қазақстанның халықаралық ұйымдар аясындағы
әріптестік қатынастары жалғаса береді.
Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымына төрағалық міндетін алуы – елдің тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері
өткен аз уақыт ішіндегі даму деңгейінің ең мағыналы көрсеткіші. Ауқымды
қауіпсіздік пен тұрақтылық, көп бағытты ынтымақтастық, адам құқықтары,
демократиялық қоғам, құқықтық мемлекет, оңтайлы басқару секілді халықаралық
қатынастар мен ықпалдастықтың қазіргі таңдағы негізгі басымдықтарын Еуразия
аймағында реттеуші беделді Ұйым – ЕҚЫҰ-ға төрағалық міндетінің жүктелуі
халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанға деген сенімін дәлелдейді.
Қазақстанның осы жетістіктері Түркия үшін таңсық емес. Тәуелсіздігін
алғаннан осы күнге дейін Түркия мен Қазақстан бір-бірімен әрдайым
ықпалдастықта болып, тығыз және ауқымды қатынастарымыз бізге Қазақстанның
барлық әлеуетін жақыннан тануға мүмкіндік берді. Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың 2009 жылғы 21-24 қазан күндері Түркияға жасаған сапары кезінде
қол қойылған келісімдер негізінде Түркия мен Қазақстан арасындағы
қатынастың стратегиялық белесі қуатталды.
Түркия мен Қазақстан өздері мүшесі болып табылатын Ислам Конференциясы
Ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық ұйымы сынды әр түрлі халықаралық
ұйымдарда белсенді ынтымақтастықта екені белгілі. Шығыс-Батыс байланыс
дәлізінде орналасқан Түркия мен Қазақстанға жаңа көлік дәліздерін жетілдіру
тұрғысынан да маңызды міндет жүктелуде. Біз үшін ортақ кең аймақта тұрақты
даму жүйесінің құрылуы үшін Шығыс – Батыс байланыс дәлізін ең жоғары
деңгейде пайдалану аса қажет.
Жаңа “Жібек жолдарын” жетілдіру арқылы табиғи ресурстарды пайдалану,
әл-ауқатты жоғарылату, елдердің экономикалық құрылымдарының бір-бірін
толықтыруы, тіпті бірігу мүмкіндіктері жан-жақты пайдаланылады. Осының бәрі
2012 жылы Баку – Тбилиси – Карс темір жол желісі пайдалануға берілген
кезде жүзеге асатыны анық.
Осылайша, Еуропа, Кавказ өңірі, Орталық Азия, Қиыр Шығыс және Оңтүстік
Азия арасында жылдам және қауіпсіз халықаралық темір жол тасымалының
күретамырына ие боламыз. Алайда, байланыс дәлізінің қызметі экономикамен
шектеліп қалмауы тиіс. Байланыс дәлізін мәдениетаралық үнқатысуды арттыруда
пайдалануда да табандылық көрсетуіміз қажет – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Түркия мен Қазақстан Еуразиядағы жаһандық проблемаларға бірдей тең тұрғыда
қарайды.
Мысалы, Ирак пен Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз
етуге бағытталған бастамаларға екі ел де өз үлестерін қосуда. Елдеріміз
алдымен энергетика, одан кейін экономика мен сауданың көптеген салаларында
ынтымақтасып келеді. 2009 жылы қол қойылған Нахчыван келісім-шартымен
құрылған Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі 2010 жылы ресми түрде
қызмет ете бастады.
Нахчыван саммитінде Президент Назарбаевтың ұсынысы бойынша Астанада
Түркі академиясын құру туралы шешім қабылданды. Осы жобаны жүзеге асыру –
қазіргі таңда Түркия мен Қазақстан үшін маңызы зор басым жобалардың бірі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға ресми сапар барысында, Түркия
Президенті Абдулла Гүлмен, Премьер-Министр Режеп Тайып Ердоғанмен және
Парламент төрағасы Мехмет Әли Шахинмен кездесіп екі елдің арасындағы ғылыми-
техника, туризм, білім беру, экология мәселесіне қатысты құжаттарға қол
қойды.
Елбасы бұл сапарында қос елдің арасындағы сыйластық пен сенімділіктің,
тұрақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстың жандана
түсуіне айрықша мән берді. Абдулла Гүл өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың
қос елдің арасындағы қарым-қатынасты дамытуға, түркі әлемін түлетуге қосқан
еңбегін жоғары бағалайтынын айта келе, Елбасын Түркияның жоғары мемлекеттік
наградасымен марапаттады.
Жақында біздер Әзірбайжанда өткен саммитте Нұрсұлтан Назарбаевтың
Түркі кеңесін және Түркі академиясын құру туралы бастамасы қолдау тапты.
Бұл ұсыныс түркі әлемін сөзсіз жақындастыра түсетініне сенімдімін, – деді
Абдулла Гүл келіссөздердің қорытындылары бойынша өткен баспасөз
мәслихатында. Ол Астанада Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал
Ататүрік монументінің ашылғанын және оның ашылу салтанатына Нұрсұлтан
Назарбаевтың қатысқанын зор құрметпен атап өтті. Баспасөз мәслихатында
Нұрсұлтан Назарбаев: Түркия Еуропа пен Азияның аралығындағы транзитті ел.
Осы дәлізбен қазақстандық мұнай мен газ өтсе, бұл Түркия мен Қазақстанға
тиімді болады, – деді.
Елбасы Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты тауар айналымы 3
миллиард долларды құрайтынын және оны ұлғайтуға деген үлкен мүмкіндік бар
екенін айтты. Елбасы кеңейтілген құрамдағы кездесулерден соң, Премьер-
министр Реджеп Тайып Ердоғанмен, Парламент төрағасы Мехмед Әли Шахинмен,
Республикалық халық партиясының төрағасы Дениз Байкалмен, Ұлттық қозғалыс
партиясы төрағасы Девлет Бахчелимен және осы елдің тоғызыншы президенті
Сүлеймен Демирелмен кездесу өткізді. Екіжақты кездесулерде сауда-
экономикалық қарым-қатынасын дамыту, Қазақстан мен Түркияның заң шығарушы
органдарының түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы аясындағы
ынтымақтастығын нығайту, саяси партиялардың елдегі тұрақтылықты қамтамасыз
етуде атқаратын қызметі мен осы бағытта өзара тәжірибе алмасуы сияқты
мәселелер бойынша әңгіме қозғалды.
Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев осы елдің Парламентіне келіп,
депутаттар алдында сөз сөйледі. Академияға түркі тарихы мен мәдениеті,
Түркі тілдерін үйрену жөніндегі орталық, Түркі кітапханасы және
Жалпытүркілік мұражай енген болатын. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы ТҮРКСОЙ
жанындағы қаржы қорын құру туралы Түркия мен Әзірбайжанның бастамаларын оң
бағалады. Бұл жобаны қолданысқа тезірек енгізу керек, – деді Елбасы.
Түркия депутаттары алдында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей Самсун
– Жейһан мұнай құбырының құрылысына қатысуға әзір екенін жеткізді.
Кезінде біздер Баку – Жейһан мұнай құбырын қолдағанымыз сияқты,
қазір де Ресеймен бірлесе отырып Самсун – Жейһан мұнай құбырының жобасына
қатысуға дайынбыз. Қазір Қазақстан жылына 70 млн. тонна мұнай өндіре алатын
қуатты елге айналып отыр. Сондықтан біздер мұнай тасымалдайтын қосымша
бағыттардың болғанын қалаймыз, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Парламентінде сөйлеген сөзінде 2010 жылы
Қазақстан – Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымын, ал, Түркия
Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары кеңесін басқаратын болады.
Осылайша, еуразиялық қауіпсіздікті нығайтуға бірлесіп күш жұмсауға
мүмкіндік туып отыр, – деді.
Сапар аясында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев
Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан Түркия Республикасымен ғылым және
техника саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. Келісім-
шарт шеңберінде екі елдің ғалымдары бірлескен ғылыми-зерттеу және
техникалық жобаларды жүзеге асыратын болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары
ТҮРКСОЙ-дың штаб-пәтері мен №1 Анкаралық индустриялық аймақта жалғасты.
Нұрсұлтан Назарбаев Ыстамбұлдың Чираган Сарайында Окан университетінің
басшылығымен де кездесу өткізіп, аталған университеттің Құрметті докторы
атағына ие болды.
Атақ Қазақстан мен Түркия арасындағы достықты дамытуға, еуразиялық
аймақ аумағында бейбітшілікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін, сондай-
ақ, Қазақстанның экономикасын нығайтудағы орасан еңбегі үшін берілді, –
деді аталмыш жоғары оқу орнындағы Қамқоршылық кеңесінің президенті Бекир
Окан. Алдағы уақытта білім ордасында көзге түскен студенттерге Н.Назарбаев
атындағы шәкіртақы беріле бастайды.
Өз кезегінде Елбасы келесі жолы доктор ретінде осы университетте дәріс
оқитынын айтты. Бұдан соң Нұрсұлтан Назарбаев Чираган Сарайында Түркияның
жетекші кәсіпкерлерімен кездесті. Түркияның TUSKON бизнесмендер мен
өнеркәсіпшілер конфедерациясына мүше 1700 түрік бизнесмені форумға қатысуға
қатты қызығушылық танытқан. Кездесуге құрылыс, энергетика, сауда, қаржы
қызметі, фармацевтика, металлургия, мұнай-газ секторында және тоқыма
өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін холдингтердің басшылары қатысты.
Мемлекет басшысы түркиялық бизнеске ауылшаруашылығында, мұнай-химия
өнеркәсібінде, инфрақұрылым саласында, сондай-ақ құрылыс материалдарын
өндіру саласында бірлескен жобаларды іске асыруды ұсынды.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда экономиканың түрлі
салаларында 2 мың бірлескен Қазақстан – Түркия кәсіпорындары жұмыс істейді.
Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға жасаған сапары өте табысты болды.
Түркия Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне, жеңіл өнеркәсіп пен
тамақ өнеркәсібін дамытуына, бизнес жобаларды ұйымдастыруына көп көмегін
тигізеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда
ресми сапармен жүрген Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен
кездесті. Түркия Президенті Қазақстанға сапары бағдарламасын барлық түркі
халқына қасиетті орын болып табылатын Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи
кесенесіне барудан бастап отыр. Қазақстан мен Түркияның ұзақ кезеңдерге
арналған, сондай-ақ екіжақты қатынастардың дамуын сапалы жаңа сатыға
көтеруге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылдың қазанында
Түркияға жасаған ресми сапары тікелей ұйытқы болды.
Қазақстан басшысының сол сапарында Қазақстан мен Түркия арасындағы
Стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойылды. Мемлекеттердің өзара
ынтымақтастығы АӨСШК, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИКҰ, тағы басқа да халықаралық ұйымдар
аясында жарасым тапқан. Президенттердің екеуара кездесуінде Қазақстан
басшысы Түркия Қазақстанның жетекші экономикалық әріптесі екендігін атап
өтті. Қазіргі кезде елімізде түрік бизнесі белсенді жұмыс істеуде. Бұған
соңғы жылдары келісімдік-құқықтық базаның едәуір жақсарғандығы тікелей
ықпал етті.
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс екі ел арасындағы тауар айналымын
төмендеткенімен, тараптардың бірлескен жобаларды жүзеге асыра бастағаны
Қазақстан – Түркия қатынастарының болашағы зор екенін көрсетеді. Елбасының
атап өткеніндей, Қазақстан Президентінің 2009 жылдың қазан айында Түркияға
жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген стратегиялық әріптестік
туралы алты келісім мемлекеттер арасындағы бұрыннан қалыптасқан тығыз
ынтымақтастықты әрі қарай тереңдете береді.
Түркия Президентінің бұл сапары екі елдің арасындағы қарым-қатынасты,
келісілген саяси-экономикалық және мәдени байланыстарды барынша дамытуға
тың серпін береді. Екі мемлекет іскерлерінің бизнес-форумына Түркия
тарапынан келген бизнес өкілдерінің ауқымды екені біз үшін үлкен қуаныш.
Жаһандық қаржы дағдарысы Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымын
біршама төмендетті. Енді соны қайтадан қалпына келтіріп, әрі қарай
арттыруымыз қажет.
Сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға байланысты Қазақстан
Президенті бірқатар мәселелерді ортаға салды. Оның ішінде Қазақстан мен
Түркия арасындағы үкіметаралық комиссияның жұмыс тиімділігін арттыру
қажеттігіне назар аударды. Өйткені, 2008 жылы екі мемлекет арасындағы тауар
айналымы 2 миллиард 900 миллион долларды құраған болса, өткен жылы бұл 1
миллиард 400 мил­лион долларға дейін төмендеген. Екіжақты қатынастарда
энергетика, қуат ресурстарын тасымалдау, ауыл шаруашылығы, құрылыс,
денсаулық сақтау, туризм және спорт салаларының перспективалы екендігі
аталды.
Келіссөз барысын­да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия
Президентіне түркиялық инвесторлардың Қазақстанның жаңа индустрияландыру
жоспарын жүзеге асыруға қатысу үшін Бірлескен экономикалық бағдарлама
дайындауды ұсынды. Келіссөз соңында тараптар Түркия Президентінің ресми
сапарының нәтижесі Қазақстан-Түркия стратегиялық әріптестігін сапалы жаңа
деңгейге көтеретініне сенім білдірді. Сонымен қатар, келіссөздерде екі ел
арасындағы сауда айналымын болашақта 10 миллиард АҚШ долларына жеткізуге
уағдаласылғанын жеткізді. Бүгінде Қазақстанда түркиялық капиталдың
қатысуымен ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып келеді, деп жалғастырды сөзін
Қазақстан Президенті.
Түркияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 2,5 миллиард
долларды құраса, Қазақстанның Түркия экономикасына салған инвестициясы 1
миллиард доллардан асып отыр. Түрік президенті, сондай-ақ Қазақстанның
төрағалығымен ЕҚЫҰ бүгінде табысты жұмыс істеп келе жатқанын, Ұйымның
жоғары деңгейдегі саммитін өткізу жөніндегі Қазақстанның бастамасын
қолдайтынын, 1999 жылы Түркия Ұйымның саммитін табысты өткізгендігін,
Қазақстан да жоғары дәрежеде өткізетініне сенімді екендігін білдірді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Абдулла Гүл
қазақ-түрік бизнес-форумының жұмысына қатысты. Кәсіпкерлер форумының
жұмысына Қазақстан мен Түркияның 500-ден астам компаниясы қатысты.
Ол компаниялар құрылыс және құрылыс материалдары өндірісі, ауыл
шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, мәшине жасау саласы, орман шаруашылығы,
тоқыма және дайын киімдер өндірісі, мал шаруашылығы, кеме жасау құрылысы,
мұнай-химия тәрізді салаларға мамандандырылған. Сауда-экономикалық өзара іс-
қимылдың көп бағыттары бойынша біз едәуір нәтижеге қол жеткіздік. Бүгінде
Қазақстанда 1,5 мыңға жуық түркиялық компания табысты жұмыс істеуде.
Түркиялық капиталдың қатысуымен құрылыс секторындағы, тоқыма және
металлургия салаларындағы жобалардың едәуір бөлігі іске асырылды.
Биылғы жылы наурызда Шымкентте керамогранит шығаратын бірлескен
кәсіпорын жұмысын бастады. Түркиялық “Кибар Холдинг” компаниясымен бірлесіп
Павлодар қаласында алюминийді одан әрі өңдеу жөніндегі кәсіпорын құрылуда.
Қазақстанда 2020 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
іске асуда. Осы бағдарлама аясында биылғы жылы құны 5 миллиард доллардан
астам қаражатты құрайтын 144 жоба аяқталатын болады және құны 26 миллиард
долларды құрайтын 47 жаңа жоба басталады. Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның
іскер топтарының өкілдерін осы жобаларды жүзеге асыруға қатысуға шақырды.
Ол сондай-ақ Қазақстан, Беларусь және Ресей Кеден одағының құрылуымен
түркиялық инвесторлар үшін мүмкіндіктер ашылатынына назар аударды. Бұл –
170 миллионға жуық адамы бар, жалпы ішкі өнімінің жиынтығы 2 триллион
долларды құрайтын бірыңғай тауарлы рынок, – деп атап өтті Н.Назарбаев.
Түркия Президенті сондай-ақ, түркиялық бизнесмендерді Қазақстан
экономикасына қаржылай инвестиция салуға және қазақстандық кәсіпкерлерді
Түркия экономикасына инвестиция салуға шақырды. Астананың Тәуелсіздік
сарайында Түркітілдес елдердің сәулет өнері мен қала құрылысы бойынша ІІІ
халықаралық құрылтайы және “Қазақстанның қала құрылысы – 2010” атты форумы
басталды. Форумның төралқасына Түркісойдың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов,
Ыстамбұл қаласының мэрі Кадыр Топбаш және Түркия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркия Республикасының тоғызыншы
Қазіргі таңдағы Қазақстан - Түркия арасындағы экономикалық қарым - қатынастары
Қазақстан мен Түркия арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық
Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы қарым қатынас деңгейін көтерудегі рөлін көрсету
Қазақстан-Туркия елдері арасындағы мәдени байланыстардың орнатылуы
Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ – түрік әдеби-мәдени байланыстары
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасысының қарым-қатынасы қазіргі заманғы өркениетті мемлекеттер байланысының үлгісі (М.К.Ататүріктен – Н.Ә.Назарбаевқа дейін)
Түрік-қазақ саяси және экономикалық байланыстары бүгінгі кезеңде
Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық мәселелері
Қазақстан мен Түркияның қазіргі кезеңдегі экономикалық және мәдени байланыстары
Пәндер