Ұялы телефондардың алып келетін зардаптары



I. Кіріспе
II. Ұялы телефондардың алып келетін зардаптары
1. Әр елдің ғалымдарының зерттеулері
2. SAR көрсеткішінің адам денсаулығы үшін маңызы
3. Ұялы телефонның адам организіміне әсері
4. Ұялы телефонның зиянды әсерлерінен қорғану шаралары
5. Қазақстандағы бірегей Адам және жануарлар физиологиясы ғылыми зерттеу институты зерттеулері
III. Қорытынды
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда "қоңырау" деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.
15 миллион 300 мың халқы бар Қазақстанның 5 миллион 600 мың тұрғыны ұялы байланыс құралын тұтынушылар санатына кіреді. Болжамдар бойынша 2008 жылы Қазақстанда әрбір екі адамның бірі ұялы байланыс қызметін пайдаланатын болады.
АҚШ-та ұялы телефонды құнарландырудың жаңа әдісі ойлап табылды. Ол үшін енді велосипед тебу кезінде өндірілген энергия пайдаланылмақ.
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
1997 жылы әлемде ұялы желі қызметінің абоненттері 207 миллионды құраған. Бұл жаңалық өндіріске енген уақыттан жиырма жыл мерзім өткеннен соң ғана, миллиардыншы абонент тіркелген. Ал екінші миллиардыншы межеге жетуге бар болғаны үш жыл мерзім қажет болды. Wireless Intelligence зертеулер орталығының мәліметтерінше келесі 3 миллиардтық межеге 2007 жылдың соңында жететін боламыз.
Ұялы байланыс қызметі жылдам өркендеп келе жатқан елдердің алдыңғы қатарында Қытай, Үндістан, Ресей, АҚШ, Пәкістан, Украина елдері келе жатыр. Тұтынушылардың санының артуымен бірге, ұялы байланыс индустриясы да ерекше қарқын алды.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Ұялы телефондардың алып келетін зардаптары
1. Әр елдің ғалымдарының зерттеулері
2. SAR көрсеткішінің адам денсаулығы үшін маңызы
3. Ұялы телефонның адам организіміне әсері
4. Ұялы телефонның зиянды әсерлерінен қорғану шаралары
5. Қазақстандағы бірегей Адам және жануарлар
физиологиясы ғылыми зерттеу институты зерттеулері
III. Қорытынды

Кіріспе
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер
мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың
көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландықтың бұл
жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың
есімі ағылшын тілінен аударғанда "қоңырау" деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда
болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің
өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті
қолданып отыр.
15 миллион 300 мың халқы бар Қазақстанның 5 миллион 600 мың тұрғыны
ұялы байланыс құралын тұтынушылар санатына кіреді. Болжамдар бойынша 2008
жылы Қазақстанда әрбір екі адамның бірі ұялы байланыс қызметін пайдаланатын
болады.
АҚШ-та ұялы телефонды құнарландырудың жаңа әдісі ойлап табылды. Ол
үшін енді велосипед тебу кезінде өндірілген энергия пайдаланылмақ.
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың
3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин
Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде
серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату
саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі
құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы
телефон 1,15 килограмм тартатын.
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары
орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000
абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық
жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан
тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
1997 жылы әлемде ұялы желі қызметінің абоненттері 207 миллионды
құраған. Бұл жаңалық өндіріске енген уақыттан жиырма жыл мерзім өткеннен
соң ғана, миллиардыншы абонент тіркелген. Ал екінші миллиардыншы межеге
жетуге бар болғаны үш жыл мерзім қажет болды. Wireless Intelligence
зертеулер орталығының мәліметтерінше келесі 3 миллиардтық межеге 2007
жылдың соңында жететін боламыз.
Ұялы байланыс қызметі жылдам өркендеп келе жатқан елдердің алдыңғы
қатарында Қытай, Үндістан, Ресей, АҚШ, Пәкістан, Украина елдері келе жатыр.
Тұтынушылардың санының артуымен бірге, ұялы байланыс индустриясы да ерекше
қарқын алды.
Бұл үрдістен Қазақстан да шеткері қалмады. Ресейден кейін өзінің ұялы
байланыс құралын шығаруды қолға алған біздің еліміз үшін 2004 жылдың жөні
бөлек. Дәл осы жылы қазақстандық тұңғыш брендтің нарыққа шығуы іске асқан
болатын.
Ханымдар үшін арналған қазақстандық бұл өнімнің негізгі бренді Тайваньндық
компаниясына тиесілі болса-дағы, Жетілік атауын алған марканың дизайны
мен мәзірлік құрылымы отандық мамандардың қолынан шыққан. Орта класты
нарыққа арнап шығарылған Жетілік Софи маркасы Қазақстанның ұялы байланыс
индустриясына енуге жасалған алғашқы қадам еді.
Бүкіл әлемдік тәжірибе бойынша ел нарығына енген тауарлар арнайы
сараптама пен сертификациядан өтуге міндетті. Мұндай қызмет түрін ұсынушы
жүйе Қазақстанда да бар. Телекоммуникация құралдарын, арнайы сараптаудан
өткізетін Телсет орталығында шет елден келетін ұялы телефондар
компаниялар мен фирмалардың өтініші бойынша, сынақтан өткізіліп, мемлекет
бекіткен стандартқа сай сапасы анықталады. Бұл іске асқан жобада тауар
сапасы 30-ға жуық өлшемдер негізінде анықталады.
АҚШ осы жылдан бастап ұялы телефондарға арналған велосипед қозғалысы
кезінде зарядтау мүмкіндігін беретін жаңа құрылғыларын шығара бастамақ. Ол
негізінен электр энергиясы тапшы немесе велосипедтері көп үшінші әлем
елдеріне арнап жасалып отыр. Жаңа құрылғыға деген сұраныс әсіресе негізгі
көлігі велосипед болып табылатын 500 миллион қытайлықтың тарапынан болады
деген болжам бар.
АҚШ-тың бірнеше электрондық құрылғылар мен бағдарламалар жасайтын
компаниялары бірігіп, жер астынан ұялы телефонмен хабарласу мүмкіндігін
беретін байланыс жүйесін жасап шықты. Жаңа технология төтенше жағдайда
кезінде шахта қызметкерлерін қорғауға мүмкіндік береді. Жаңа жобаның
тәжірибелері Питсбургтағы шахталардың бірінде жасалды. Қазір АҚШ үкіметі
бұл жаңалықтың өндіріске енуіне рұқсат берді.
Әлемдік ІТ-саланы зерттеуші маркетологтар ұялы телефондар жайлы
қызықты ақпараттар таратты. 2005 жыл бойы әлемде ұялы телефондардан
жіберілген сәлемдемелер триллионнан асқан. Швеция ұялы телефонға
аллергияның болуын ресми мойындаған мемлекет. Егер сіздің бойыңызда осындай
сырқат анықталатын болса, швед үкіметінен өтемақы ретінде 250 000 доллар
талап етуге құқыңыз бар.

Ұялы телефондардың алып келетін зардаптары

Ұялы телефондардың адам денсаулығына әсері бірнеше жылдан бері
талқыланып келе жатқан мәселелердің бірі.
Әртүрлі зерттеулер нәтижесінде ұялы телефонды ұзақ қолдану сақтау
қабілетінің нашарлауына, ұйқының бұзылуына, шаршау, жүйке жүйесінің
нашарлауына әкеліп соқт ыруы мүмкін.
Қолданушылар ұялы телефонды әрқашан қолдану бас ауруларынан бастап
қатерлі ісік ауруларына дейін апарады деп қорқуда. Англиядағы соңғы
зерттеулер кейбір ұялы телефон қолданушылардан мидың рак ауруын тапқан.
Майнц(Германия) клиникасының лабораториясындағы зерттеулер
радиотелефонның электромагнитті толқындары ұйқының бұзылуына, мидың түс
көру фаздарына, есте сақтау қабілетінің бұзылуына әкеліп соқтыратыны туралы
нәтиже берген. Ал, электромагниттік сәлелерді еркек крысаларға түсіргенде,
олардың сперматогенез ритмінің бұзылып, өлі ұрпақ туады екен.
Бұл зерттеулерде ұялы телефоннан көп сәулелер пайдаланылған, бірақ бүгінгі
күні денсаулыққа зиянды сәуленің шектік мәнін айту қиын.
Харьков медициналық университетінің базасында 137 ұялы телефон
қолданушы адамдардан сұрау жүргізілген. Төрт жылдан артық ұялы телефон
қолданған адамдарда, әсіресе белбеу тұсында ұстаған адамдарда қалыпты
жыныстық белсенділіктің төмендеуі байқалған.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау организациясыныңадам денсаулығын және
қоршаған ортаны радиациядан қорғау комитетінің координаторы Майк Репачоли
электромагниттік толқындар және оның адам денсаулығына зияны жөнінде проект
жүргізуде. Оларды ұялы терминалдармен және базалық станциялары арқылы
шығарылатын радиожиілік диапазон қызықтьырады. Базалық станциядағы
радиожиілік диапазон радио мен телевизорға қарағанда жоғары. Бірақ сегіз
жылғы зерттеулер радиожиілік дапазонның зиянды әсерін байқамаған. Адамға
одан гөрі қауіптірек автокөлікте отырып сөйлесу. Автокөлік ішінде ұялы
телефонмен сөйлесу адам ағзасына қауіпті. Себебі аппараттың антеннасы
автокөліктің темір корпусы ішінде резонатор қызметін атқарып, сіңірілген
сәуленің мөлшерін бірнеше есе күшейтеді.
Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі бас санитарлы дәрігер Геннадий
Онищенко ұялы телефондардың адам ағзасына зиянды әсері барын айтады. Ол
телефонның жиілік сипаттамасы мен қорғалғандығына байланысты дейді.
Басқа тұрмыстық техникадан гөрі ұялы телефонның зияны көбірек деп
айтуға болады. Өйткені ол антеннасымен қоса сөйлесу кезінде, басқа жақын
орналасқан кезде өте көп мөлшерде электромагниттік толқындар ағынын
тудырады. Құлақтың бірнеше миллиметр ғана қашық жерден шығарылған
электромагниттік энергияның бөлігі миға берілетіні сөзсіз.
Швед ғалымдары өз зерттеулерінің соңғы нәтижелерін шығарды. Доктор
Лейф Сэлфорд ойынша, ұялы телефоннан шығатын сәуле есте сақтау және оқуға
деген қабілеттілікке жауап беретін мидың маңызды клеткаларын бұзады. Дәл
осы клеткалардың өлуі Альцгеймер ауруына әкеліп соқтырады. Бұл аурумен
жылына 65 жастан асқан 400-дей адам ауырады. Доктор Сэлфордтың ойынша бұл
ауру жақында жастар арасында да шығуы мүмкін.
Жапониялық ғалымдардың айтуы бойынша әдеттегі режимде телефонның
адамға зияны жоқ. Ал ұялы телефонда байланыс жоғалған кезде өте қауіпті
болады, өйткені өзінің арнайы "Поиск сети" режимін қосады – бұ кезде
әртүрлі бағытталған электромагниттік импульстер ағынын шығарады. Осы кезде
әдеттегі режимге қарағанда іздеу сигналының қуаты мен жиілігі айтарлықтай
жоғары.
Егер де бұрын телефон сәулесінің тек есту және бас миының қабығына
зияндылығы айтылса, қазіргі кезде оның жыныс белсенділігіне, жүрекке,
танымдық функцияға және ұйқыға әсері туралы айтылуда.
Статистикалық мәліметтер келтіретін болсақ, ең жаңа елдімекендер
бойынша адам басына келетін телефон саны туралы мәліметтерді Халықаралық
телекоммуникация союзі (International Telecommunication Union) береді.
Соңғы нақты рейтенгтер 2004 жылмен беріледі. Қазіргі уақытта бұл сандар
өзгерді. Сонымен ең көп адам басына шаққандағы телефон саны еуропа елдері
мен технологиясы жақсы дамыған Азия елдеріне тиесілі. Рейтенгтің бірінші
орнында Тайвань. Бұл елде ұялы телефон саны тұрғылықты халық санынан асып
түседі(10645 телефон 10000 адам басына). Екінші орында Люксембург(10000
адам басына 10134 ұялы телефон). Алдыңғы үштікті тағы бір Азия елі –
Гонконг аяқтайды(10000 адамға 9298 телефон).
Ұялы байланыстың жұмыс жасау принципі кәдімгі бал арасының ұясының
құрылымына ұқсайды. Әрбір аймақта орналасатын базалық станциялар сіздің
үздіксіз байланыста болуыңызға мүмкіндік береді. Сіздің өзге абоненттермен
сөйлесуіңіз, сәлемдеме жіберуіңіз, ІК-порт немесе Bluetooth жүйесінде
мәлімет қабылдауыңыз немесе күту режиміндегі телефон электромагниттік
толқындардың өрісімен қатар жүріп отырады.
Біздің барлық сөйлесуіміз толқын жима тудыратын тербелістің төңірегінде
жүреді. Қазіргі таңда ұялы телефондар 1800-1900 Мегагерц жиілігінде жұмыс
істей бастады, бұл дипазонда толқындар аса күшті болады. Олардың сәулесі
адам денесіне еніп, оны қыздырады. Осыдан толқындардың адам ағзасының
тіндеріне әсері пайда болады. Электромагниттік сәулеленудің қуатының
шамамен 20 пайызы адам миына жетеді екен. Бірақ ұялы телефондардан шығатын
жиіліктер аса қауіпті деңгейде емес.
Адам ағзасы кез-келген материя тәрізді, белгілі бір тербеліс жиілігіне ие.
Организмнің әр бөлігі әртүрлі жиілікке ие. Сырттан келетін кез-келген
жиілік ағза үшін бөгде саналады. Бірінші экзотикалық жағдайлардан
бастайтын болсақ. Көп жағдайда найзағай болған кезде телефонмен сөйлесіп
тұрған адамға түсу мұмкіндігі жоғары. Пекин университетінің
қызметкерлерінің ойынша электромагниттік толқын шығарушы телефон электрдің
өтуіне жағдай жасайды. Жай адамға найзағай түскен жағдайда заряд бүкіл дене
бойына тарайды және де ол адамның сау қалуына мүмкіндік береді. Ал ұялы
телефонды адамға түскен кезде белгілі бір орынға түседі.
SAR (немесе Specific Absorbtion Rate)- ұялы телефонмен сөйлесу
кезіндегі адам денесімен жұтылатын максимальді шекті қуатының өлшем
бірлігі. Максимумды зиянсыз меже 2,0. Қазіргі кезде ұялы телефондар 0,5ден
1,0 ге дейінгі SAR. SAR өлшем бірлігі ватт бөлінген килограмм. Солтүстік
Америкада, сонымен қатар Тынықмұхиттық Азия елдерінде SAR ауқымы 1г тері.
Бұл жағдайда SAR максимум мәні 1,6Вткг тең. Ал Еуропа мен басқа елде SAR
ауқымы 10г. Бұл жерде SAR-дың максимум мәні 2Вткг болады. SAR туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
Қолданбалы бағдарламалар пакеті
Ұялы телефон дүкен администраторының жұмысын автоматтандыру жүйесін құру
Табиғи ластану
Ұялы телефон
Ұялы телефондардың тарихы
Ұялы телефондарды зарядтау құрылғысы
Екі негізгі компоненттің жазықтығына зерттелетін телефондардың жобасы
Ұялы телефондардың зияны
Компьютермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік. ұялы телефон қауіпсіздігі
Пәндер